МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Қауіпсіздікке қатысты ескертулер
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына
түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін
жарақатқа себеп болуы мүмкін.
- Қыздырғыш аяқтарымен
бірге пайдаланылған
кезде, оны ваннаға,
раковинаға, душтарға және
бассейндерге өте жақын
жерде пайдаланбаңыз.
- Егер құрылғыны қабырғаға
бекіткіңіз келсе, қосқыш
пен басқа да басқару
элементтерін жуынатын
бөлмедегі немесе душтағы
басқа адамдар ұстамаулары
керек.
- Егер қуат кабелі зақымданса,
барлық қауіп-қатерлердің
алдын алу үшін оны өнім
жасаушысы, техникалық
қызмет орталығы немесе
сол сияқты білікті маман
ауыстыруы керек.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға
немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы
мүмкін.
- Бұл құрылғыны 8 жастан
асқан балаларға, қозғалу,
сезу немесе ойлану
мүмкіндіктері шектелген
адамдарға немесе осы
құрылғыға қатысты
тәжірибесі немесе білімі
жоқ адамдарға тек оларға
ықтимал қауіп-қатерлер
мен құрылғыны қауіпсіз
жолмен пайдалану туралы
нұсқау берілгенде және
олар бақыланғанда ғана
пайдалануға болады.
Балалардың құрылғымен
ойнамауы керек. Тазалауды
және пайдаланушы
орындайтын техникалық
күтімді балаларға
бақылаусыз орындатпау
керек.
- 3 жасқа толмаған балаларды
үздіксіз бақылау болмаған
кезде аулақ ұстаңыз.
- 3 жастан асқан және 8
жасқа толмаған балалар
құрылғыны тек қалыпты
жұмыс істейтін орынға
орналастырғанда немесе
орнатқанда және олар
бақылауда болғанда
немесе құрылғыны қауіпсіз
жолмен пайдалану туралы
нұсқау берілгенде және
болуы мүмкін қауіп-қатер
туралы ақпарат берілгенде
ғана іске қосуы/ажыратуы
керек. 3 жастан асқан
және 8 жасқа толмаған
балалар құрылғыны
розеткаға қоспайды,
реттемейді, тазаламайды
немесе техникалық күтім
көрсетпейді.
ЕСКЕРТУ — Осы өнімнің
бөліктері өте ыстық болуы
және күйіп қалуға себеп
болуы мүмкін. Балалар және
мүмкіндіктері шектелген
адамдар бар жерде оларға
өте мұқият назар аудару
керек.
50
- Бұл құрылғыны бекітілген
қабырға розеткасының дәл
қасына қоймау керек.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
қауіпсіздік жүйесін
байқамай қайта орнатудан
туындайтын кез келген
қауіп-қатердің алдын
алу үшін, бұл құрылғыны
сыртқы таймермен іске қосу
керек.
- Бұл құрылғыны үздіксіз
бақылау болғанға дейін
өздері шығып кете
алмайтын адамдары
бар шағын бөлмелерде
пайдалануға болмайды.
- Құрылғыны ешбір жағдайда
оқшаулау материалымен
немесе сол сияқты
материалмен жабуға
болмайды.
- Қыздырғыш ыстық болған кезде қуат
кабелін оның үстіне қоймаңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
- АБАЙЛАҢЫЗ Осы өнімнің
бөліктері өте ыстық болуы
және күйіп қалуға себеп
болуы мүмкін. Балалар және
мүмкіндіктері шектелген
адамдар бар жерде оларға
өте мұқият назар аудару
керек.
- ЕСКЕРТУ: қызып
кетудің алдын алу
үшін ешбір жағдайда
құрылғыны пайдалану
кезінде оның бетін
бүркемеңіз, себебі бұл
қауіпті қызып кетуге себеп
болуы мүмкін.
-
Ұзартқыш сымды пайдалануды
ұсынбаймыз, себебі қыздырғышты
пайдалану барысында ұзартқыш сымның
шамадан тыс қызып кетуі мүмкін.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған
ұсыныстарды және маңызды ақпаратты
білдіреді.
- Бұл қыздырғышты жуылған киімдерді
кептіру үшін пайдаланбаңыз.
- Біз сізге қыздырғышты өтпе желі бар
жерге орналастырмауды ұсынамыз,
себебі ауаның қатты өтпе желі
құрылғының пайдалану тиімділігіне
едәуір әсер етуі мүмкін.
- Қыздырғышты тек тік бағытында
пайдаланыңыз.
- Құрылғыны тек берік және жалпақ бетте
пайдаланыңыз.
- Қыздырғышты мүліктен немесе басқа
нәрселерден кемінде 80 см алшақ
орналастырыңыз (4-5 сур. көріңіз).
- Құрылғыны бірінші рет пайдаланған
кезде, "жаңа" иісті кетіру үшін оны
термостатты барынша орнатып, 15
минутқа қосып қойыңыз. Тасымалдау
алдынғы қыздыру элементіне жағылған
қорғаныш заттың еруіне байланысты
аздап түтін шығуы мүмкін, сол үшін осы
әрекет барысында бөлмені желдетуді
ұсынамыз.
- Бұл құрылғының астындағы ауа кіру
торына заттардың кептелуіне жол
бермес үшін, оны түгі ұзын кілемдерге
қоймаңыз.
- Құрылғының төменгі жағындағы ыстық
ауа шығатын саңылау немесе ауа кіру
торлары жабылып қалмасын.
- Құрылғыны тіпті ол орнатылғаннан
кейін де ашаға және розеткаға оңай
қол жеткізуге болатындай етіп
орналастырыңыз.
- Бұл құрылғыны ауданы 4 м2 кем болатын
бөлмелерде пайдаланбаңыз.
- Құлау қауіпсіздігі құрылғысы
51
құрылғы құлап кеткен жағдайда
немесе қауіпсіздікті төмендетуге
әкеп соқтыратын жолмен дұрыс
орнатылмаған жағдайда құрылғыны
ажыратып тастайды. Құрылғы дыбысты
сигнал шығарады және дисплейде нүкте
жыпылықтайды. Құрылғыны тігінен
қайта қойған соң құрылғы бірнеше
секундтан соң жұмысын жалғастырады.
Ақаулықтарды жою сеансын көріңіз.
- Бұл құрылғы абайсызда шамадан тыс
қызып кету салдарынан құрылғыны
ажырататын қауіпсіздік құрылғысымен
жабдықталған. Ондай жағдайдан кейін
құрылғыны қалыпты күйге келтіру
үшін, ашаны қуат розеткасынан бірнеше
минутқа суырып қойыңыз, шамадан тыс
қызу себебін жойыңыз да, құрылғыны
розеткаға қайта жалғаңыз. Егер осы
қалыпты емес жағдай бірнеше рет
қайталанса, тұтынушыларды қолдау
қызметімен хабарласыңыз.
- Желдеткіштермен жабдықталған
құрылғылар үшін желдету және ауа
шығару жүйесі орнату нұсқаулығына сай
қамтамасыз етіледі.
СИПАТТАМА
A Қуат индикаторының шамы
B ON/STAND-BY (ҚОСУ/КҮТУ РЕЖИМІ)
түймесі
C +/- реттеу түймелері
D MODE (РЕЖИМ) түймесі (пайдалану
режимдерін таңдайды)
E "ECO plus" түймесі
F Таймер түймесі
Қауіпсіздікке қатысты негізгі
ұсыныстар
Құрметті тұтынушы, осы құрылғыдағы аша
қолдану барысында "қызады" және бұл –
қалыпты нәрсе. Бұл құрылғы біздің жоғарғы
стандарттарымызға арналған ЖОҒАРҒЫ
ҚУАТТЫ ҚЫЗДЫРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ, бірақ
кездейсоқ шамадан тыс қызудың алдын алу
үшін қабырғадағы розеткалар жақсы күйде
тұрғанын және ашаның дұрыс енгізілгенін
тексеріңіз. Егер қыздырғыш ұзақ уақыт
бойы қолданылса, онда ашаны ЖӘНЕ
РОЗЕТКАНЫ тұрақты түрде тексеріп
отырған жөн, егер күдіктенсеңіз,
электршімен хабарласыңыз.
Жалпы нұсқаулар
Қыздырғышты орамынан алыңыз.
Тасымалдау барысында қыздырғыштың
немесе қуат кабелінің зақымданбағанын
тексеріңіз. Зақымдалған болса,
қыздырғышты пайдаланбаңыз.
Құрылғыдағы барлық жарнамалық
материалдарды алып тастаңыз. Құрылғы
бос қойып немесе қабырғаға орнатып
пайдалануға ыңғайлы. Қабырғаға орнатылса,
аяқтарын құрастырмаңыз.
Электр желісіне қосу
- Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын
үйіңіздегі желінің кернеуі құрылғыдағы
мәліметтер тақтасында көрсетілген
кернеуге сай екенін және берілетін қуат
мәліметтер тақтасында көрсетілген
қуат тұтыну (Ватт) мөлшеріне шыдай
алатынын тексеріп алыңыз.
- Егер бір уақытта бірнеше құрылғы
пайдаланылса, электрлік құрылғының
көрсетілген қуат талаптарына сәйкестігін
тексеріңіз.
Аяқтарды орнату
Құрылғының бетін сырып алмас
үшін оны кілемге немесе жұмсақ
нәрсеге төңкеріп қойыңыз.
Аяқтарды құрылғыға берілген
4 бұрандамен бекітіңіз (1-сур.
көріңіз), әр аяқта 2 бұранда
болады.
Ескеріңіз: тек берілген бұрандаларды
қолданыңыз.
Қабырғаға орнату
Қабырғаға орнату құралдарына мыналар
жатады:
4 металл кронштейн ( 2/3 A сур.)
2 дана 4,8x13 PH бұрандасы (2 B сур.)
4 дана 4,5x25 PH бұрандасы (3 С сур.)
4 пластик 6x30 дюбелі (3 D сур.)
52