Сүзгіні салу .................................................. 203
Сүзгіні шығару ............................................. 203
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК .......................................203
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ ...................204
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ .....................................207
185
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕСКЕРТУЛЕР
• Бұл құрылғыны қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі
немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер
мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау
берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады.
• Балалардың құрылғымен ойнамауы керек.
• Құрылғыны ешқашан суға батыру арқылы тазаламаңыз.
• Бұл тек үйде пайдалануға арналған құрылғы. Оны мынадай
жерлерде пайдалануға болмайды: дүкендердегі, офистердегі
және басқа жұмыс орталарындағы қызметкерлер тамақтанатын
орындарда; фермаларда; қонақүйлердегі, мотельдердегі және
басқа қонақ күту орталарындағы клиенттерге; төсек және таңғы
ас беретін орталарда.
• Егер ашалы қосқыш немесе сым зақымданса, барлық қауіпқатерлердің алдын алу үшін оны тек тұтынушыларды қолдау
қызметтері ауыстыруы керек.
ТЕК ЕУРОПАЛЫҚ НАРЫҚҚА АРНАЛҒАН:
• Құрылғы қараусыз қалатын кезде және оны құрастыру, оның
бөлшектерін шешу немесе тазалау алдында оны әрқашан
розеткадан ажыратып жүріңіз.
• Бұл құрылғымен балалар ойнамаулары керек. Құрылғыны және
оның сымын балалардан аулақ ұстаңыз.
• Бұл құрылғыны қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі
немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер
мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау
берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады.
• Балалардың құрылғымен ойнамауы керек.
Осы таңбамен белгіленген беттер пайдалану барысында ыстық
болады (бұл таңба тек кейбір үлгілерде ғана бар).
186
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Осы нұсқаулықта пайдаланылған таңбалар
Маңызды ескертулер осы таңбалармен
анықталады. Осы ескертулерді құрметтеу өте
маңызды болып табылады.
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу
салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды
кеңесті немесе ақпаратты білдіреді.
Қауіпті!
Бұл – электрлік құрылғы, сондықтан ол электр
тогына түсуге себеп болуы мүмкін.
Сондықтан, осы қауіпсіздік туралы ескертулерді
ұстануыңыз керек:
• Құрылғыны ылғал қолдарыңызбен немесе
аяқтарыңызбен түртпеңіз.
• Сымды ешқашан ылғал қолмен ұстамаңыз.
• Розетканың құрылғыны қажет кезде
ажыратуға болатындай оңай қол жеткізетін
жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
• Тек ашалы қосқыштан ұстап ажыратыңыз.
Ешқашан сымнан ұстап тартпаңыз, себебі
оны зақымдауыңыз мүмкін.
• Құрылғыны толық ажырату үшін, оны
розеткадан ажыратуыңыз керек.
• Егер құрылғы ақаулы болса, оны жөндеуге
тырыспаңыз. Оны өшіру үшін розеткадан
ажыратыңыз және тұтынушыны қолдау
қызметтерімен хабарласыңыз.
• Құрылғыны тазаламас бұрын, оны әрқашан
розеткадан суырыңыз да, суытып қойыңыз.
Маңызды:
Барлық орам (пластик қалталар, полистирен
көбігі) материалдарын балалардан аулақ ұстаңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Бұл құрылғы ыстық су шығарады және пайдалану
барысында ол бу қалыптасуы мүмкін.
Су шашырандыларынан немесе ыстық будан
абай болыңыз.
Құрылғы қолданып жатқан кезде, кесе текшесі
(A6) өте ыстық болуы мүмкін.
Пайдалану мақсаты
Бұл құрылғы кофе және ыстық сусындар
дайындауға арналған.
Кез келген басқа қолданыс дұрыс емес және
қауіпті болып есептеледі. Өнім жасаушысы
құрылғыны дұрыс пайдаланбаудан туындайтын
зақым үшін жауапты емес.
Пайдалану нұсқаулығы
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Мұндай
пайдалану нұсқауларын елемеу күйіп қалуға
немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы
мүмкін.
Өнім жасаушысы осы нұсқауды елемеуден
туындайтын зақым үшін жауапты болмайды.
Ескеріңіз:
Осы пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз.
Егер құрылғы басқа адамдарға берілсе, оларды
осы пайдалану нұсқаулығымен бірге беру керек.
КІРІСПЕ
Осы дәннен эспрессо және каппучино жасау
құрылғысын таңдағаныңызға рахмет.
Жаңа құрылғыңызды рахатыңызға пайдаланасыз
деп үміттенеміз. Осы пайдалану нұсқаулығын
оқып шығуға бірнеше минут бөліңіз. Бұл барлық
қауіп-қатерлер мен құрылғының зақымдануының
алдын алады.
Жақшадағы әріптер
Жақша ішіндегі әріптер 2 және 3-беттердегі
«Құрылғы сипаттамасы» бөліміндегі шартты
белгілерге сілтейді.
Ақаулықтарды жою және жөндеу
Проблемалар болған жағдайда, алдымен оларды
204-беттегі «Көрсетілетін хабарлар және SPtvбеттегі «Ақаулықтарды жою» бөлімінде берілген
ақпаратқа жүгіне отырып шешуге тырысыңыз.
Егер проблема осылай шешілмесе және қосымша
ақпарат талап етсеңіз, «Тұтынушыларды қолдау
қызметі» қосымша парағында берілген нөмірге
187
қоңырау шалу арқылы тұтынушыны қолдау
қызметімен хабарласыңыз.
Егер еліңіз берілген елдер тізімінен табылмаса,
кепілдікте берілген нөмірге қоңырау шалыңыз.
Егер жөндеу қажет болса, De’Longhi тұтынушыны
қолдау қызметтерімен ғана хабарласыңыз.
Мекенжайлар құрылғымен бірге берілген кепілдік
куәлігінде берілген.
СИПАТТАМА
Құрылғының сипаттамасы
(3-бет - A )
A1. Дәндер ыдысының қақпағы
A2. Ұнтақ кофе воронкасының қақпағы
A3. Дәндер ыдысы
A4. Ұнтақ кофе воронкасы
A5. түймесі: құрылғыны іске қосады және
өшіреді (күту режимі)
A6. Кесе текшесі
A7. Ыстық су және бу түтігінің қондырмасы
A8. Кофе шүмегі (биіктігі реттеледі)
A9. Су жиналатын науа
A10. Кесе науасы
A11. Тамшы науасындағы су деңгейінің көрсеткіші
A12. Тамшы науасы
A13. Тартылған кофе ыдысы
A14. Негізгі қосқыш (ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ)
A15. Қуат сымын жалғау ұяшығы
A16. Демдеу торының қақпағы
A17. Демдеу торы
A18. Су ыдысы
A19. Су жұмсартқыш сүзгінің корпусы
A20. Су ыдысының қақпағы
A21. Тартуды реттеу дөңгелегі
Сенсорлы экранның сипаттамасы
(2-бет - B )
Тақтадағы бірнеше белгішенің қос функциялары
бар. Ол сипаттамада жақшалардың ішінде
көрсетілген.
B1. белгішесі: ыстық су құюға арналған
(Параметрлер мәзірінде болған кезде
таңдалған элементті растау үшін басыңыз)
B2. белгішесі: параметрлер мәзірін ашуға не
одан шығуға арналған.
B3. Дисплей
B4. белгішесі: сүтті кофе жасауға арналған
(параметрлер мәзірінде болған кезде, мәзір
тармақтары бойынша жылжу үшін басыңыз)
B5. дәм таңдау белгішесі: кофе дәмін
таңдауға арналған
болған кезде, мәзір тармақтары бойынша
жылжу үшін басыңыз)
B6. белгішесі: көрсетілген параметрлермен 2
кесе кофе жасауға арналған
B7. белгішесі: көрсетілген параметрлермен 1
кесе кофе жасауға арналған
B8. MILK MENU белгішесі: сүт негізіндегі
қол жетімді сусындарды таңдауға арналған
(КАФЕЛАТТЕ, МАКИАТО, ФЛЭТ-УАЙТ, СҮТ)
B9. КАППУЧИНО белгішесі: каппучино құюға
арналған
B10.белгішесі: ЛОНГ кофесін жасауға
арналған
B11.белгішесі: бір ДИППО+ кофесін жасауға
арналған
(параметрлер мәзірінде
Керек-жарақтар сипаттамасы
(2-бет - C )
C1. Ұнтақ кофе өлшеуіші
C2. Тазалау щеткасы
C3. Ыстық су шүмегі
C4. Су жұмсартқыш сүзгі (*кейбір үлгілерде ғана
бар)
C5. «Жалпы қаттылықты тексеру» көрсеткішінің
қағазы
C6. Қақ тазартқыш
C7. Қуат сымы
Сүт ыдысының сипаттамасы
(2-бет - D )
D1. Сүт ыдысының қақпағы
D2. Көпіршікті реттеу және ТАЗАЛАУ дөңгелегі
D3. Сүт ыдысы
D4. Қақпақты шығару түймесі
D5. Көпіршітілген сүт шүмегі (реттеледі)
D6. Сүт сору түтігі
ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН
Құрылғыны тексеру
Орамды ашқан соң, құрылғы бөлшектерінің
түгелдігін, зақымданбаған және барлық керекжарақтардың болуын тексеріңіз. Егер құрылғының
зақымданғаны көрініп тұрса, оны пайдаланбаңыз.
De’Longhi тұтынушыларды қолдау қызметтерімен
хабарласыңыз.
188
Құрылғыны орнату
Маңызды!
Құрылғыны орнатқан кезде, мына қауіпсіздік
туралы ескертулерге назар аударуыңыз керек:
• Бұл құрылғы қызады. Құрылғыны
пайдаланылатын жерге орналастырған
соң, құрылғының беттері мен бүйірдегі және
арттағы қабырға арасына 3 см, ал құрылғының
үстіне 15 см бос орын қалдырыңыз.
• Кофе құрылғысына кірген су оны зақымдауы
мүмкін. Құрылғыны шүмектерге немесе
раковиналарға жақын қоймаңыз.
• Құрылғыдағы су қатып қалса, ол
зақымдануы мүмкін. Бұл құрылғыны
температурасы нөлден төмен түсуі мүмкін
бөлмеге орнатпаңыз.
• Сымды қыры өткір немесе беті ыстық заттарға
тимейтіндей етіп жүргізіңіз (мысалы, электрлік
ыстық плиталар).
Құрылғыны жалғау
Маңызды!
Розетка қуаты кернеуінің құрылғы астындағы
мәліметтер тақтасында көрсетілген кернеуге
сәйкестігін тексеріңіз.
Құрылғыны тек жерге тиімді жолмен тұйықталған
және ток қуаты кемінде 10 А болатын розеткаға
қосыңыз.
Егер розетка қуаты құрылғыдағы қуатқа сай
болмаса, тиісті розетка түрін білікті маманға
ауыстыртыңыз.
Құрылғы параметрлерін орнату
Ескеріңіз:
• Құрылғыны зауытта тексерген кезде кофе
пайдаланылды, сондықтан, кофе тартқышта
кофе іздері қалса, бұл – қалыпты нәрсе.
Дегенмен, бұл құрылғының жаңа екеніне
кепілдік беріледі.
• Судың қаттылығын «Су қаттылығын реттеу»
бөліміндегі нұсқауларға жүгіне отырып, тез
арада реттеңіз.
1. Қуат сымының жалғағышын құрылғының
артқы жағындағы ұяшыққа енгізіңіз және
құрылғыны розеткаға қосыңыз (1-сурет).
Негізгі қосқыштың басылғанын тексеріңіз
(2-сурет).
2. Су ыдысын шығарыңыз (3-сурет), қақпақты
(4-сурет) ашыңыз, MAX жолағына дейін таза
сумен толтырып, қақпақты қайта жауып,
ыдысты құрылғыға қайта салыңыз.
Алдымен немесе (5-сурет)
көрсеткілерімен алға не артқа жылжу немесе
тілдер дисплейде 3 секунд сайын жылжуын күту
арқылы тілді таңдауыңыз керек:
3. English (Ағылшын) жазуы пайда болған
кезде, белгішесін (6-сурет) ENGLISH set
(Ағылшын тілі орнатылды) жазуы шыққанша
бірнеше секунд басып тұрыңыз.
Құрылғы дисплейінде көрсетілген мына
нұсқауларды орындаңыз:
4. INSERT WATER SPOUT (СУ ШҮМЕГІН
ЕНГІЗІҢІЗ): түтік қондырмасына ыстық су
шүмегінің енгізілгеніне көз жеткізіп, ішінде
кемінде 100 мл суы бар ыдысты шүмектің
астына орналастырыңыз (7-сурет).
5. HOT WATER Press OK (ЫСТЫҚ СУ ҮШІН ОК
белгішесін басыңыз) хабары көрсетіледі;
6. Растау үшін белгішесін басыңыз (6-сурет).
Бұл құрылғы суды шүмектен автоматты түрде
ағызады және тоқтатады.
Кофе жасау құрылғысы енді әдеттегідей
пайдалануға дайын.
Ескеріңіз:
• Құрылғыны орнатқан кезде, ол
қанағаттанарлық нәтижені 4-5 кесе кофе
немесе 4-5 каппучино жасағаннан кейін
береді.
• Алғашқы 5-6 каппучиноны жасап жатқан
кезде, қайнап жатқан судың дыбысы естілсе,
бұл – қалыпты жағдай. Одан кейін дыбыс
бәсеңдейді.
• Кофенің рахатын одан бетер күшейту және
құрылғының тиімділігін жақсарту үшін, біз «Су
жұмсартқыш сүзгі» бөлімінде сипатталғандай,
су жұмсартқыш сүзгіні орнатуды ұсынамыз.
Егер сіздегі үлгі сүзгімен келмесе, оны
De’Longhi тұтынушыларды қолдау
орталығынан талап ете аласыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ
Ескеріңіз!
• Құрылғыны іске қоспас бұрын, негізгі
қосқыштың қосылғанын тексеріңіз (2-сурет).
• Құрылғы іске қосылған сайын, ол кедергі
жасауға болмайтын алдын ала қыздыру және
шаю циклін автоматты түрде орындайды.
Құрылғы тек осы цикл аяқталған соң ғана
пайдалануға дайын болады.
189
Күйіп қалу қаупі бар!
Шаю барысында кофе шүмегінен шамалы
су шығады және төмендегі тамшы науасына
жиналады. Су шашырандыларынан абай
болыңыз.
• Құрылғыны іске қосу үшін түймесін
(8-сурет) басыңыз. Heating up, Please wait
(Қызуда, күте тұрыңыз) хабары көрсетіледі.
Қызып болған соң, хабар «Rinsing» (Шаю)
хабарына ауысады. Ыстық су айналымының
әсерінен су қайнату бөлігімен қоса, бұл ішкі ағын
түтіктерін де қыздырады.
Кофенің дәмі мен мөлшерін көрсететін
хабар пайда болған кезде құрылғының тиісті
температурада болғаны.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРУ
Құрылғы кофе жасау үшін пайдаланылғаннан
кейін кез келген уақытта ол автоматты шаю
процесін орындайды.
Күйіп қалу қаупі бар!
Шаю барысында кофе шүмектерінен аздап ыстық
су шығады және төмендегі тамшы науасына
жиналады. Су шашырандыларынан абай
болыңыз.
• Құрылғыны өшіру үшін түймесін (8-сурет)
басыңыз.
• Құрылғы шаю циклін орындайды, сосын
Turning off Please wait... (Өшірілуде...Күтіңіз)
хабары көрсетіледі де, құрылғы ажыратылады
(күту режимі).
Ескеріңіз!
Құрылғыны біраз уақыт бойы пайдаланбайтын
босаңыз, розеткадан ажыратыңыз:
• алдымен құрылғыны түймесін (8-сурет)
басу арқылы өшіріңіз;
• құрылғының бүйіріндегі негізгі қосқышты
басыңыз (2-сурет).
Маңызды!
Құрылғы іске қосулы болған кезде негізгі қосқышты
ешқашан баспаңыз.
Шаю
Бұл функцияны кофе шүмегінен (A8) және
ыстық су шүмегінен (С3) ыстық су ағызу үшін
пайдаланыңыз, ал енгізілген болса, құрылғының
ішкі айналымын тазалау және қыздыру үшін
пайдаланыңыз. Ыстық су және кофе шүмектерінің
астына ең аз сыйымдылығы 100 мл болатын
ыдысты қойыңыз.
Бұл функцияны іске қосу үшін, мына әрекеттерді
орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін белгішесін (B2)
басыңыз;
2. немесе түймесін (5-сурет) Rinsing
(Шаю орындалуда) хабары көрінгенше
басыңыз;
3. белгішесін (6-сурет) басыңыз, сол
кезде Conrm? (Растау керек пе?) хабары
көрсетіледі;
Маңызды! Күйіп қалу қаупі бар.
Ыстық су құю барысында құрылғыны ешқашан
қараусыз қалдырмаңыз.
4. белгішесін басыңыз. Бірнеше секундтан
соң, алдымен кофе шүмегінен ыстық су ағады,
сосын барып ыстық су шүмегінен ағады (егер
ол енгізілген болса), ол құрылғының ішкі
айналымын тазалайды және қыздырады.
Ескеріңіз!
• Құюды кез келген уақытта тоқтату үшін, кез
келген белгішені басыңыз.
• Егер құрылғы 3-4 күн бойы пайдаланылмаған
болса, құрылғыны іске қосқан кезде, оны
пайдаланбас бұрын 2-3 рет шаюды қатаң
ұсынамыз.
Қақ тазалау
Қақ тазалау туралы нұсқауларды 200-беттен
көріңіз.
Сүзгіні орнату
Сүзгіні орнату әдісі туралы нұсқауды «Су
жұмсартқыш сүзгі» (201-бет) бөлімінен көріңіз.
МӘЗІР ПАРАМЕТРЛЕРІ
Параметрлер мәзірін ашу үшін белгішесін
басыңыз (В2). немесе түймесін (5сурет) басу арқылы мәзір арқылы жылжыңыз.
Қақ сүзгісін ауыстыру (орнатылған болса)
Сүзгіні орнату әдісі туралы нұсқауды «Сүзгіні
ауыстыру» бөлімінен көріңіз (201-бет).
190
Уақытты реттеу
Дисплейдегі уақытты реттеу үшін, мына әрекетті
орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін белгішесін (B2)
басыңыз;
2. немесе түймесін (5-сурет) Adjust
time (Уақытты реттеу) хабары көрінгенше
басыңыз;
3.
белгішесін басыңыз (3-сурет). Дисплейде
сағат жыпылықтайды;
4. Сағатты өзгерту үшін немесе
түймесін басыңыз;
5. Растау үшін белгішесін басыңыз. Минут
жыпылықтайды;
6. Минутты өзгерту үшін немесе
түймесін басыңыз;
7. Растау үшін белгішесін басыңыз.
Бұл уақытты орнатады. Мәзірден шығу үшін
белгішесін басыңыз
.
Авто бастау
Кофені қалаған уақытта дереу жасау мақсатында
құрылғыны белгілі бір уақытта (мысалы, таңертең)
дайын болатындай ету үшін авто бастау уақытын
орната аласыз.
Ескеріңіз!
Осы функцияны іске қосу үшін, уақыт дұрыс
орнатылған болуы керек.
Авто бастау функциясын іске қосу үшін, мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін белгішесін (B2) басыңыз.
2. немесе түймесін (5-сурет) Autostart (Авто бастау) хабары көрінгенше
басыңыз;
Авто өшіру уақытын құрылғы 15 не 30 минуттан
немесе 1, 2 немесе 3 сағаттан кейін өшірілетін
етіп өзгертуге болады. Авто өшіру функциясын
бағдарламалау үшін, мына әрекеттерді
орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін (B2) белгішесін (B2)
басыңыз;
2. немесе түймесін (5-сурет) Auto-off
(Авто өшіру) хабары көрінгенше басыңыз;
3. белгішесін басыңыз (6-сурет);
4. немесе түймесін қажетті жұмыс
істеу уақыты (15 немесе 30 минут немесе 1, 2
не 3 сағат) көрсетілгенше басыңыз;
5. Растау үшін белгішесін басыңыз;
6. Мәзірден шығу үшін белгішесін басыңыз.
Авто өшіру бағдарламаланды.
Қуат үнемдеу
Бұл функцияны қуат үнемдеу мүмкіндігін қосу
немесе өшіру үшін пайдаланыңыз. Бұл функция
іске қосылған кезде, Еуропалық ережелерге сай
қуат тұтыну мөлшері азаяды.
Қуат үнемдеу мүмкіндігін ажырату (немесе іске
қосу) үшін, мыналарды орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін белгішесін (B2)
басыңыз.
2. немесе түймесін (5-сурет) Energy
Saving (Қуат үнемдеу) хабары көрінгенше
басыңыз;
3. белгішесін басыңыз (6-сурет). Disable?
(Ажыратылсын ба?) хабары көрсетіледі
(немесе функция ажыратылған болса Enable?
(Іске қосылсын ба?) хабары көрсетіледі);
4. Қуат үнемдеу режимін ажырату (немесе іске
қосу) үшін белгішесін басыңыз;
191
5. Мәзірден шығу үшін белгішесін басыңыз.
Бұл функция іске қосулы болған кезде құрылғы
біраз уақыт бойы пайдаланылмаса, Energy saving
(Қуат үнемдеу) хабары көрсетіледі.
Ескеріңіз!
• Қуат үнемдеу режимінде болған кезде, бірінші
кофе, каппучино немесе сүт негізіндегі кофе
құйылғанша бірнеше секунд өтеді, себебі
құрылғы қайта қызуы керек.
• Кез келген сусынды дайындау мақсатында
қуат үнемдеу режимінен шығу үшін кез келген
белгішені басып, жасағыңыз келген сусынға
қатысты белгішені басыңыз.
• Сүт ыдысы салынса, Energy saving (Қуат
үнемдеу) мүмкіндігі іске қосылмайды.
Температураны орнату
Кофе жасау үшін пайдаланылатын судың
температурасын өзгерту үшін, мыналарды
орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін белгішесін (B2)
басыңыз.
2. немесе түймесін (5-сурет) Set
temperature (Температураны орнату) хабары
көрінгенше басыңыз;
3. белгішесін басыңыз (6-сурет);
4. немесе түймесін қажетті
температура (●=ең төменгі;
жоғарғы) көрсетілгенше басыңыз;
5. Растау үшін белгішесін басыңыз;
6. Мәзірден шығу үшін белгішесін басыңыз.
●●●●
=ең
Су қаттылығын орнату
Су қаттылығын орнату туралы нұсқауларды
202-беттен көріңіз.
Тілді орнату
Дисплей тілін өзгерту үшін, мына әрекетті
орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін белгішесін (B2)
басыңыз;
2. немесе түймесін (5-сурет) Set
language (Тілді орнату) хабары көрінгенше
басыңыз;
3. белгішесін басыңыз (6-сурет);
4. немесе түймесін қажетті тіл
көрінгенше басыңыз;
5. Растау үшін белгішесін басыңыз;
6. Орнатылған тілді растайтын хабар көрінеді;
7. Мәзірден шығу үшін белгішесін басыңыз.
Сигнал
Бұл құрылғы белгішесі немесе түймесі басылған
сайын немесе керек-жарақ енгізілген/шығарылған
сайын құрылғыдан шығатын дыбысты іске қосады
немесе ажыратады. Сигналды ажырату немесе
қайта іске қосу үшін, мыналарды орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін белгішесін (B2)
басыңыз;
2. немесе түймесін (5-сурет) Beep
(Сигнал) хабары көрінгенше басыңыз;
3. белгішесін (6-сурет) басыңыз, Disable?
(Ажыратылсын ба?) хабары көрсетіледі
(немесе функция ажыратылған болса Enable?
(Іске қосылсын ба?) хабары көрсетіледі);
4. Сигналды іске қосу немесе ажырату үшін
белгішесін басыңыз;
5. Мәзірден шығу үшін белгішесін басыңыз.
Әдепкі мәндер (қалпына келтіру)
Бұл барлық мәзір параметрлері мен
бағдарламаланған мөлшерлерді әдепкі мәндерге
қалпына келтіреді (орнатылған күйінде қалатын
тілден басқа).
Әдепкі мәндерді қалпына келтіру үшін, мына
әрекеттерді орындаңыз: