Aeg S72700DSW0 User Manual [ru]

S72700DSW0
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ-МҰЗДАТҚЫШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
RU ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
UK ХОЛОДИЛЬНИК-
МОРОЗИЛЬНИК
НҰСҚАУЛАРЫ ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ ІНСТРУКЦІЯ 43
2
www.aeg.com
2
МАЗМҰНЫ
4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР 7 ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ 8 ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
9 ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР 11 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ 13 НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... 16 ОРНАТУ 21 ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың барлығын таба аласыз...
ҚАЗАҚ
3
интернеттегі мына дүкенге барыңыз: www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға тиіс. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
www.aeg.com
4
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
БАЛАЛАР МЕН ӘЛСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
• Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
• Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
• Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
• Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
• Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы әдеттегі үй жағдайларында тамақты және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.
• Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
• Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
• Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
• Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса: – жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
• Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын! Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының қақпағы (егер бар болса) жабылмаса іске қосуға болмайды.
• Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.
• Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн сәулелерінің астына қоймаңыз.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы шамдар (егер бар болса) ғана қолданылған. Олар үйді жарықтандыру үшін қолдануға жарамайды.
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
• Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз.
• Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
• Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса)
• Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мұздатуға болмайды.
• Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай сақтаңыз.
ҚАЗАҚ
• Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
• Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
• Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
• Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз.
• Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл­мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса, табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының астыңғы жағына жиналады.
ОРНАТУ
Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
• Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
• Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
5
www.aeg.com
6
• Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
• Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер суға қосу қажет болса).
ҚЫЗМЕТ
• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге жарайды.
белгішесімен
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
ҚАЗАҚ
7
ҚОСУ
Ашаны розеткаға сұғыңыз. Температура түймешесін сағат бағытымен бұрай отырып орташа температураға қойыңыз.
ӨШІРУ
Құрылғыны өшіру үшін температура түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАПТАУ
Температура автоматты түрде қойылады. Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура түймешесін суықтың төменгі деңгейіне қарай бұраңыз.
• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін температура түймешесін суықтың максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін құрылғының ішіндегі температураның төмендегі жағдайларға:
• бөлме температурасына
• есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
• сақталатын тағамның мөлшеріне
• құрылғы орнатылған жерге байланысты екендігін есте ұстау қажет.
Егер бөлме температурасы жоғары болса не тағам тоңазытқыш ішіне толтыра салынса және құрылғы төменгі температурада тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін. Бұндай жағдайда түймешені жоғары температураға қойып,құрылғы мұзын қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап нейтрал сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
www.aeg.com
8
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖАҢА ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды. Жаңа тағамды мұздату үшін орташа температураны өзгертудің қажеті жоқ. Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз келсе, температура түймешесін максимум суықтыққа қою үшін жоғары параметрге қойыңыз.
Бұндай жағдайда, тоңазытқыш камерадағы температура 0°C градустан төмен түсіп кетуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура түймешесін жылырақ параметрге әкеліп қойыңыз.
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ САҚТАЙТЫН КАМЕРА
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде, камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
ЖЫЛЖЫМАЛЫ СӨРЕЛЕР
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет.
ЖІБІТУ
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме температурасында жылытуға болады. Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қалауыңызша орналастыруға арналған бірнеше бағыттауыш бар.
ЕСІКТІҢ СӨРЕЛЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі биіктікке қоюға болады. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз: сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен тартып шығарыңыз да, қажетті орынға қойыңыз.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ҚАЗАҚ
9
ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ЕСТІЛЕТІН ШУЫЛ
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да, компрессордан сырылдаған, сондай-ақ дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл дұрыс.
• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде, кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық феномен емес. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде, температура түймешесінің ақырын "сырт" еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
• Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура регуляторын құрылғы электр қуатын үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
ЖАҢА ТАҒАМДЫ ТОҢАЗЫТУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
• тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
• тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз
ТОҢАЗЫТУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ­КЕҢЕС
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз. Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек. Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген сөреге қоюға болады. Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет. Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет. Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға қою қажет. Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС
Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген:
• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында берілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
• тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
• тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;
• тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
• жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан мұздаған тағамға, оның температурасы көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын азайтады;
• мұз текшелерін мұздатқыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі мүмкін;
• Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір жеке орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;
www.aeg.com
10
ТОҢАЗЫТЫЛҒАН ТАҒАМДАРДЫ САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ­КЕҢЕС
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде жеткізіңіз;
• егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу түсе бастайды және оны қайта мұздатуға болмайды;
• тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ҚАЗАҚ
11
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
МЕЗГІЛІМЕН ТАЗАЛАП ОТЫРУ
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
• іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз.
• шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не бүлдірмеңіз. Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады. Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ МҰЗЫН-ҚЫРАУЫН ЕРІТУ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде шығарылады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады. Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды. Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су ағатын тесіктен аласыз.
www.aeg.com
12
МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРА МҰЗЫН ЕРІТУ
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі камераның айналасына белгілі бір мөлшерде ылғи қырау жиналып тұрады.
Қырау қабатының қалыңдығы шамамен 3-5 мм жеткен кезде мұздатқышты жібітіңіз.
Қырауды тазалап алу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Құрылғыны өшіріңіз.
2.
Ішінде сақталып тұрған тағамды алып, бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын жерге қойыңыз.
3.
Есікті ашық қалдырыңыз.
4.
Құрылғы мұзы жібіп болғаннан кейін, оның ішін мұқият құрғатыңыз да, ашасын розеткаға сұғыңыз.
5.
Құрылғыны қосыңыз.
6.
Температура түймешесін максимум суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы параметрде тұрған қалпы екі немесе үш сағат қосыңыз.
7.
Алдында алып қойған тағамдарды қайтадан камераға салыңыз.
Буландырғыштың қырауын ешқашан өткір металл құралдарды пайдаланып қырмаңыз,оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Өндіруші ұсынған тәсілден басқа әдіспен, механикалық құралды қолданып немесе жасанды жолмен мұзды жылдам ерітуге әрекеттенбеңіз. Құрылғы мұзын еріту барысында орамдағы тағамдардың температурасының жоғарылауы, олардың сақталатын мерзімін қысқартуы мүмкін.
Егер құрылғыны қосып қалдыратын болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНБАҒАН КЕЗДЕ
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1.
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
2.
барлық тағамдарды шығарыңыз
3.
құрылғыны жібітіп, оны керек­жарақтарымен қоса тазалаңыз
4.
Жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/ есіктерді ашық қалдырыңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
ҚАЗАҚ
13
Назарыңызда болсын! Ақаулық себебін іздестірмес бұрын ашаны розеткадан суырып алыңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулық түрін тек білікті маман не білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Құрылғы қалыпты режимде жұмыс жасап тұрғанда біраз шуыл (компрессор, салқындатқыш сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Құрылғыдан шуыл
шығады
Құрылғы дұрыс орнықпаған Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс)
Құрылғы жұмыс істемей
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
тұр. Шам жанбай тұр. Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада ток жоқ.
Ашаны розеткаға дұрыстап сұғыңыз.
Розеткаға басқа электр құрылғысын қосып көріңіз. Электрші маманға
хабарласыңыз. Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз. Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз. Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс орнатылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз. Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз. Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз. Тағамның температурасы
тым жоғары.
Сақтауға қоярдан бұрын
тағамның температурасын
бөлме температурасына дейін
азайтыңыз. Бөлме температурасы тым
жоғары.
Су тоңазытқыштың артқы тақтасына қарай ағады.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту барысында еріген су артқы тақтаға ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп қалған.
Тағамдар судың су жинағыш
науаға құйылуына кедергі
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Бұл дұрыс.
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
жасайды.
www.aeg.com
14
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су компрессордың үстіндегі
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
буландырғыш науаға ақпайды.
Құрылғының ішіндегі температура тым төмен.
Құрылғының ішіндегі температура тым
Температураны реттеу тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
Температураны реттеу тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Төменірек температураға
қойыңыз. жоғары.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз. Тағамның температурасы
тым жоғары.
Сақтауға қоярдан бұрын
тағамның температурасын
бөлме температурасына дейін
азайтыңыз. Бір мезгілде тым көп тағам
сақтауға қойылған.
Тоңазытқыштың ішіндегі температура тым
Құрылғының ішінде суық ауа айналымы жоқ.
жоғары. Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым
Тағамдар бір-біріне өте жақын қойылған.
Бір мезгілде сақталатын тағам
мөлшерін азайтыңыз.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Тағамдарды суық ауа айнала
алатындай етіп сақтаңыз. жоғары.
Қырау тым көп қатқан. Тағам дұрыс оралмаған. Тағамды дұрыстап ораңыз. Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз. Температураны реттеу тетігі
дұрыс мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
1.
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2.
Шамның қақпағындағы бұранданы алыңыз.
3.
Шамның қақпағын алыңыз (суретке қараңыз).
4.
Қолданылған шамның орнына қуат параметрі дәл осындай және тұрмыстық құрылғыларға арналған шамды салыңыз. (қуат параметрінің ең үлкен мәні шамның қақпағында көрсетілген).
5.
Шамның қақпағын орнына қойыңыз.
6.
Шамның қақпағын бұрандамен қатайтыңыз.
7.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
8.
Есікті ашыңыз. Шамның жанатындығын тексеріңіз.
ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ
1.
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2.
Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату" тарауын қараңыз.
3.
Қажет болса, зақым келген тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ
15
www.aeg.com
16
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын! Құрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.
ОРНАЛАСТЫРУ
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілетін (гараж немесе қойма) тәрізді жабық жерге орнатуға болады, бірақ құрылғының жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны,
АРТҚЫ ТЫҒЫЗДАҒЫШТАР
1
A
2
45°
45°
2
температурасы құрылғының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген ауа-райы санатына сай келетін жерге орнатыңыз:
Ауа-
Бөлме температурасы райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін N +16°C бастап + 32°C дейін ST +16°C бастап + 38°C дейін T +16°C бастап + 43°C дейін
Нұсқаулық салынған қалтаның ішінде, суретте көрсетілгендей орнатылатын екі тығыздағыш бар.
1.
Әуелі тығыздағыштарды тесіктерге салыңыз. Көрсеткінің (A) суретте көрсетілгендей орналасуын қамтамасыз етіңіз
2.
Тығыздағыштарды орындарына салғанша сағат тілінің бағытына қарсы 45° градустан асырып бұраңыз.
ДЕҢГЕЙІН КЕЛТІРУ
Құрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады.
ОРНАЛАСУЫ
100 mm
15 mm 15 mm
ҚАЗАҚ
Құрылғыны қыздырғыш, бойлер, күн көзінен тура түсетін сәуле т.с.с. тәрізді қызу көздерінен барынша алыс қою керек. Құрылғының артқы жағында ауа еркін айналып тұруға тиіс. Құрылғының барынша жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін, егер оны аспалы құрылғының астына қойсаңыз, аспалы құрылғы мен екеуінің арасында кем дегенде 100 мм орын болуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады. Егер құрылғы бұрышқа қойылып, оның топсалары бар жағы қабырғаға қарап тұрса, оның есігін еркін ашып, ішіндегі сөрелерді алу үшін қабырға мен құрылғы арасындағы қашықтық кем дегенде 10 мм болуға тиіс.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны электр желісінен ағытатындай етіп орналастыру керек; сондықтан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.
17
ЕСІКТІҢ АШЫЛАТЫН ЖАҒЫН ӨЗГЕРТУ
Есіктің ашылатын бағытын өзгерту үшін мына қадамдарды жасаңыз: Ашаны розеткадан суырыңыз Мұздатқыштың есігін ашыңыз. Топсасын босатыңыз.
Төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру үшін, құрылғының есіктерін мықтап ұстап тұруға көмектесетін тағы бір адамның болуын ұсынамыз.
www.aeg.com
18
Есіктерді тартып шығарыңыз және топсасын алыңыз.
2
3
1
Қарсы жақтағы тесік тығындарын алыңыз.
Екі реттелмелі тіректі және астыңғы есіктің бұрандаларын ағытыңыз. Астыңғы есіктің топсасын алып, екінші жағына орнатыңыз.
1
2
ҚАЗАҚ
Астыңғы ең шеткі бұранданы босатып алыңыз да, екінші жаққа орнатыңыз.
Үстіңгі есіктің білікшесін ағытыңыз.
Білікшені екінші жаққа бұрап салыңыз.
19
2
1
www.aeg.com
20
Есіктерді білікшелерге салып, есіктерді орнатыңыз. Топсаны орнатыңыз.
2
3
1
Тесік тығындарын қарсы жағына орнатыңыз. Топсаны қатайтып бұраңыз. Есіктердің деңгейлерінің реттелгеніне көз жеткізіңіз. Тұтқаны (егер бар болса) алып, екінші жаққа орнатыңыз. Құрылғыны орнына қойыңыз, деңгейін реттеңіз, кем дегенде төрт сағат уақыт өткеннен кейін электр желісіне жалғаңыз.
Төмендегілерді тексеріңіз:
• Барлық бұрандалардың қатайтып бұралғанын.
• Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын.
Егер бөлме температурасы салқын болса (мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз. Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз келмесе, жақын жерде орналасқан қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктің орнын төлемақыға ауыстырып береді.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз. Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз. Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады. Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
Loading...
+ 44 hidden pages