Aeg FAVORIT 65042WOP User Manual [ru]

FAVORIT 65042 KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
RUИнструкция по эксплуатации 20 UK Інструкція 39
www.aeg.com
2
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
4. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
11. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
13. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . 19
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Жалпы мағлұматтар менен кеңестер Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 3
1.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
1.2 Орнату
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін
www.aeg.com
4
қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
1.3 Пайдалану
• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған жерлерде қолдануға арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің және
басқа жұмыс орындарының қызметкерлерге арналған ас
бөлмелерінде – Фермадағы үйлерде – Қонақ үйлерде, мотельдер мен
басқа да тұрғынды жерлерде – Төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын! Жарақат алу қауіпі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Электр, өрт қатері пайда болуы немесе адам күйіп қалуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
1.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚ 5
13
12
11
Жұмыс алаңы
1
Ең үстіңгі бүріккіш түтік
2
Үстіңгі бүріккіш түтік
3
Астыңғы бүріккіш түтік
4
Сүзгілер
5
Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Тұз сауыты
7
10
2
1
5
9
8
6
7
Су кермектігі тетігі
8
Шайғыш зат үлестіргіші
9
Жуғыш зат үлестіргіші
10
Ас құралдары себеті
11
Астыңғы себет
12
Үстіңгі себет
13
4
3
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
2
A
BC
8
7
4
3
5
6
www.aeg.com
6
Қосу/өшіру түймешігі
1
Program түймешігі
2
Бағдарлама индикаторлары
3
Бейнебет
4
Индикатор шамдары Сипаттама
Multitab индикаторы.
ExtraHygiene индикаторы.
Жуу циклінің индикаторы.
Шаю циклінің индикаторы.
Кұрғату циклінің индикаторы.
Аяқтау индикаторы.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде осы индикатор сөніп тұрады.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде осы индикатор сөніп тұрады.
Кешіктіру индикаторы.
Есік индикаторы. Бұл индикатор есік жабылмағанда жанады.
Delay түймешігі
5
Start түймешігі
6
Индикатор шамдары
7
Option түймешігі
8
4. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Ластану дәрежесі
1)
2)
3)
4)
Кірдің түрі Барлығы
Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Қатты ластанған Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Қалыпты ластанған Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Жаңа ластанған Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Бағдарлама циклдар
Алғашқы жуу Жуу 45 °C градустан 70 °C дейін Шаю циклдары Құрғату
Алғашқы жуу Жуу 70 °C Шаю циклдары Құрғату
Алғашқы жуу Жуу 50 °C Шаю циклдары Құрғату
Жуу 60 °C Шаю
Функциялар
ExtraHygiene
ExtraHygiene
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама Ластану дәрежесі
Кірдің түрі
5)
Қалыпты ластанған Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
1)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады. Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу шамасы мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2)
Бұл бағдарламада ExtraHygiene параметрі жұмыс істейді.
3)
Бұл ең шуылсыз жуатын бағдарлама. Шуыл деңгейін азайту үшін сорғы өте төмен жылдамдықпен жұмыс істейді. Жылдамдық төмен болғандықтан бағдарлама уақыты ұзақ.
4)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
5)
Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады.
Бағдарлама циклдар
Алғашқы жуу Жуу 50 °C Шаю циклдары Құрғату
Функциялар
ExtraHygiene
Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Ұзақтық (мин)
Қуат (кВт)
Су
(л) 40 - 150 0.6 - 1.4 7 - 14 150 - 160 1.4 - 1.6 13 - 15 200 - 220 1.1 - 1.2 9 - 11
30 0.8 9 170 - 180 0.9 - 1.0 9 - 10
1)
Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтыну мәндерін судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
Сынақ институттарына арналған ақпарат Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз. info.test@dishwasher-production.com Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
Параметрлерді бағдарламаны бастамай тұрып іске қосыңыз немесе сөндіріңіз. Параметрлерді бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше параметрлер орнатылса, тиісті индикаторлардың бағдарламаларды бастамай тұрып қосылғанына көз жеткізіңіз.
www.aeg.com
8
5.1 Multitab функциясы
Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды қолданғанда ғана іске қосыңыз. Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөнеді. Бағдарламаның уақыты ұзарады.
• Option түймешігін multitab индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
• Параметр сөндіргенше қосулы тұрады. Option түймешігін multitab индикаторы сөнгенше қайта-қайта басыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab параметрін ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын
6. Шайғыш заттың қосылатын
5.2 ExtraHygiene
Бұл параметр гигиенаны сақтауға қатысты жақсы нәтижелер береді. Шаю циклі кезінде температура 10-14 минут 70 °C градуста тұрады. Option түймешігін ExtraHygiene индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз. Егер бұл параметр бағдарламада жұмыс істесе, индикатор жанбайды.
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
үлестіргішінің толы екеніне көз жеткізіңіз.
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай және ыдыс салмай орындаңыз.
жердегі судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
мөлшерін реттеңіз.
1. Су жұмсартқыштың қойылған
деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің
6.1 Су жұмсартқышты реттеу
Су қысымы
Германия
градусы
(°dH)
51 - 70 91 - 125 9.1 - 12.5 64 - 88
43 - 50 76 - 90 7.6 - 9.0 53 - 63
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
қалдықтары қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
Егер аралас жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, multitab функциясын іске қосыңыз.
Су жұмсартқыш
реттеу
Қолдан Элект
градусы
ронды тәсілм
ен
1)
2
1)
2
10
9
ҚАЗАҚ 9
Су қысымы
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
Су жұмсартқыш
Қолдан Элект
1)
2
1)
2
1)
2
1)
2 15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 1 4 11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және электрондық тәсілмен реттеу қажет.
2)
1
Қолмен реттеу
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші орынға бұраңыз.
реттеу
ронды тәсілм
ен
8
7
6
1)
5
2)
1
Электрондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/ өшіру түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз. "БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Delay және Start түймешіктерін (A), (B) және (C) индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. Program түймешігін басыңыз.
•(B) және (C) индикаторлары сөнеді.
•(A) индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Бейнебетте су жұмсартқыштың параметрі көрсетіледі. Мысалы:
= 5-ші деңгей.
5. Параметрді өзгерту үшін Program сенсорлық түймешігін қайта-қайта басыңыз.
6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
www.aeg.com
10
6.2 Тұз сауытын толтыру
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытымен бұрап жабыңыз.
6.3 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру
1.
A
B
A
X
M
2
1
3
4
+
-
C
D
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз, 'max' деңгейінен асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандыру туралы ескерту! Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін (B) 1 (ең аз мөлшер) және 4 (ең көп мөлшер) аралығына қоюға болады.
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/ сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз, "БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ" тарауын қараңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса, шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар
M
A
X
1
2
3
4
+
-
мен олардың ластану деңгейіне
7.1 Жуғыш затты қолдану
B
A
30
20
C
7.2 Бағдарламаны орнату және бастау
Параметрлерді орнату режимі
Кей әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс. Құрылғы іске қосылғаннан кейін параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанады.
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы көрсетіледі.
Бейнебетте басқа жағдай орын алса, Delay және Start түймешіктерін құрылғы параметрлерді орнату режиміне ауысқанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Құрылғының параметрлерді орнату
5. Program түймешігін орнатқыңыз
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
келген бағдарламаның индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
ҚАЗАҚ 11
қарай дұрыс орнатыңыз да, іске қосыңыз.
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Бағдарламаның алдын ала жуу циклы болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A) салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы жыпылықтайды.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының индикаторлары жанады.
6. Қаласаңыз, параметрлерді орната аласыз.
7. Start түймешігін басыңыз. Бағдарлама басталады.
• Орындалып тұрған циклдің
индикаторы ғана жанып тұрады.
• Бейнебетте 1 минутқа тең
қадаммен азайып тұратын бағдарлама ұзақтығы көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны және параметрлерді орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты (1- 24 сағат) көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау
уақыты жыпылықтайды.
• Кешіктіру индикаторы қосылады.
3. Start түймешігін басыңыз. Кері санақ басталады.
• Бейнебетте 1 сағатқа тең
қадаммен азаятын кешіктіріп
www.aeg.com
12
бастау уақытының кері санағы көрсетіледі.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының индикаторлары сөнеді.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама басталады.
– Орындалып тұрған циклдің
индикаторы жанады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
Delay түймешігін келесі жағдай орын алғанша қайта-қайта басыңыз:
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
• Цикл индикаторлары жанады.
• Бағдарлама басталады.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Delay және Start түймешігін келесі жағдай орын алғанша басып ұстап тұрыңыз:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанады.
• Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй жолағы көрсетіледі.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте "соңы" индикаторы жанады және 0 көрсетіледі.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/өшіру түймешігін баспасаңыз, бірнеше минуттан кейін Auto Off құралы құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс­аяққа қарағанда тез салқындайды.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі мүмкін минералдар өте көп мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды бейтарап етеді. Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды. Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан маңызды.
Бұл су жұмсартқыштың ыдыс жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
8.2 Себеттерді толтыру
Себеттерді толтыру мысалдары көрсетілген парақшаны қараңыз.
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Күйіп жабысып қалған тағамды оңай тазалау үшін кәстрөлдер мен табаларды құрылғыға салмай тұрып, суға салып жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
8.3 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды, шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай құрғатуға көмектеседі.
ҚАЗАҚ 13
• Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және басқа қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің орамындағы нұсқауларды қараңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып қалмас үшін жуғыш таблеткаларды пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың орамындағы нұсқауларды қараңыз.
8.4 Бағдарламаны бастау
алдында
Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып тұрғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде қолданылғанын.
• Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш заттың (егер аралас жуғыш таблетканы қолданбасаңыз) бар екенін.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап жабылғанын.
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді. Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.
www.aeg.com
14
9.1 Сүзгілерді тазалау
C
1.
Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап алыңыз.
C
B
A
A1
A2
9.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
2.
(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және (A2) бөліктерін ажыратыңыз.
3.
(B) сүзгісін алыңыз.
4.
Сүзгілерді сумен жуыңыз.
5.
(B) сүзгісін әдепкі орнына салыңыз. Сүзгінің екі бағыттағыштың (C) астына дұрыс кірігіп орналасқанына көз жеткізіңіз.
6.
(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіндегі орнына қойыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
9.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады. Қызмет көрсету орталығына хабарласпай тұрып, ақаулықты
шешуге қатысты ұсыныстарды орындаңыз. Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте ескерту кодтары көрсетіледі:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
ҚАЗАҚ 15
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын! Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі Бағдарлама
басталмай тұр. Құрылғының есігі ашық
Қуат ашасы розеткаға сұғылмаған.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Құрылғы есігін жабыңыз.
тұр. Start басылмаған. Start түймешігін басыңыз. Сақтандырғыш
блогындағы
Сақтандырғышты
ауыстырыңыз. сақтандырғышқа нұқсан келген.
Кешіктіріп бастау
функциясы орнатылған.
Кешіктіріп бастау
функциясын біржола
тоқтатыңыз немесе кері
санақ аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су құйылмай тұр.
Судың қысымы тым
Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті
ашыңыз.
Жергілікті сумен төмен.
жабдықтау мекемесіне
хабарласыңыз.
Су құйылатын шүмек
бітелген немесе оған қақ
Су құятын шүмекті
тазалаңыз. тұрған.
Су құятын түтіктегі сүзгі
Сүзгіні тазалаңыз. бітеліп қалған.
Су құятын түтік майысып
немесе бастырылып қалған.
Тасқынға қарсы құрал
қосулы. Құрылғының ішіне су аққан.
Түтіктің дұрыс
орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз
да, қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыдан су ақпай тұр.
Су төгетін түтік майысып
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады. Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бейнебетте басқа ақаулық кодтары көрсетілсе, Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Раковинаның түтікшесі бітеліп қалған.
немесе бастырылып қалған.
Раковинаның түтікшесін
тазалаңыз.
Түтіктің дұрыс
орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
www.aeg.com
16
10.1 Егер жуу және құрғату нәтижелері қанағаттанарлықтай болмаса
Стакандар мен ыдыстарда ақ жолақтар немесе көк дақтар пайда болған.
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылады. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және кепкен су тамшыларының ізі қалған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Бұл жуғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
Ыдыстар су болып тұр
• Кептіру циклы жоқ немесе төмен температурада кептіру циклы бар бағдарлама таңдалған.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
• Бұл аралас жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен аралас жуғыш таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
Басқа ықтимал себептерді "АҚЫЛ-КЕҢЕС" тарауынан қараңыз.
Мultitab функциясы қосулы тұрғанда шайғыш зат үлестіргішін іске қосу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/ өшіру түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз. "БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Delay және Start түймешіктерін (A), (B) және (C) индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. Option түймешігін басыңыз.
•(A) және (C) индикаторлары
сөнеді.
•(B) индикаторы жыпылықтауын
жалғастырады.
• Бейнебетте шайғыш зат
параметрі көрсетіледі.
Өшіру
Қосу
5. Параметрді өзгерту үшін Option түймешігін басыңыз.
6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
7. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
8. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
11. ОРНАТУ
Назарыңызда болсын! "ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ" тарауын қараңыз.
11.1 Ас үй қаптамасының астына орнату
570-600 mm
820 mm
600 mm
1
2
1.
2.
3.
4.
5.
ҚАЗАҚ 17
Құрылғы орнатылатын қаптаманың ішкі өлшемі, суреттегі өлшемдерге сай екендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны су ағатын шүмек пен ақаба құбырға жақын орналастырыңыз.
Құрылғының жұмыс алаңын алыңыз.
Құрылғының деңгейін реттемелі тіректерді босатып немесе қатайтып реттеп орнатыңыз.
Құрылғының деңгейі дұрыс реттелсе, есік дұрыс, әрі нығыз жабылады.
Құрылғыны ас үй қаптамасының астына орнатыңыз.
3
4
www.aeg.com
18
11.2 Су төгетін жүйеге қосу
max. 850 mm
max. 4000 mm
min. 400 mm
A
Су төгетін түтікті:
• Раковинаға жалғаңыз. Су төгетін түтікті ас үй қаптамасының астына жалғаңыз. Бұл раковинадан ағатын лас судың құрылғыға қайта құйылуына жол бермейді.
• Желдеткіш саңылауы бар тік құбыр. Ішкі диаметрі кем дегенде 40 мм болуға тиіс.
Құрылғының суы төгіліп тұрғанда раковинаның тығынын алыңыз. Бұл судың құрылғыға қайта құйылуына жол бермейді. Су төгетін түтікті ұзарту үшін қолданылатын түтік 2 м-ден қысқа болуға тиіс және диаметрі су төгетін түтіктің диаметрімен бірдей болуға тиіс.
Су төгетін түтікті раковина астындағы қалқаншалы түтікке қоссаңыз, пластик (A) қалқанды алыңыз. Қалқан толық алынбаса, түтікше бітеліп қалуы және су дұрыс ақпауы мүмкін. Бұл құрылғы лас судың құрылғыға қайта құйылуына жол бермейтін "қайтармайтын" клапанмен жабдықталған. Раковина түтікшесінде қайтармайтын клапан бар болса оны, құрылғы суының дұрыс ағуын қамтамасыз ету үшін алып қойыңыз.
12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Өлшемдері Ені / Биіктігі / Тереңдігі
Электртоғына қосу Техникалық ақпарат тақтайшасына қараңыз. Кернеу 220-240 В Жиілік 50 Гц Сумен жабдықтау
қысымы
Сумен жабдықтау Сыйымдылығы Орналастыру
(мм)
Ең аз / ең көп (бар / мПа) (0.5 / 0.05 ) / (8 / 0.8 )
1)
Суық су немесе ыстық су
параметрлері
596 / 850 / 610
2)
макс. 60 °C
12
Loading...
+ 42 hidden pages