Aeg FAVORIT 65410 VI User Manual [ru]

0 (0)

FAVORIT 65410 VI

Қолдану туралы

Ыдыс жуғыш

нұсқаулары

машина

Инструкция по

Посудомоечная

эксплуатации

машина

Інструкція

Посудомийна

 

машина

2 Мазмұны

Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға алғысымызды білдіреміз.

Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете меңгеріп,онынеғұрлымтиімдіпайдалануғамүмкіндікбереді.Қажет жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.

Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.

Мазмұны

Пайдалану туралы нұсқаулар

3

 

"Multi-Tab" функциясы

18

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

3

 

"Multi-Tab" функциясын белсенді

19

 

Дұрыс пайдалану

3

 

күйге көшіру/ажырату

 

 

Жуу бағдарламалары

20

 

Жалпы қауіпсіздік туралы

 

 

 

мағлұматтар

4

 

Жуу бағдарламасын таңдау және

21

 

Бала қауіпсіздігі

4

 

бастау

 

Орнату

4

 

 

 

 

 

Ыдыс жуғышты ыдыстардан босату

 

Өнім сипаттамасы

5

 

 

22

 

Басқару панелі

6

 

 

 

 

Күтім және тазалау

23

Параметрлерді орнату күйі

7

 

 

Сүзгілерді тазалау

23

 

Дыбысты сигналдар

7

 

 

 

Бүріккіш түтіктерді тазалау

24

Ең алғаш рет пайдалану

8

 

 

Сыртын тазалау

24

Су жұмсартқышты баптаңыз

8

 

Ішін тазалау

24

 

 

 

 

Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау

 

 

Қолмен баптау

9

24

 

Электрондық тәсілмен баптау

 

 

 

 

9

 

Мұздап кетуден сақтау

25

 

 

 

 

 

 

Машинаны көшіру

25

Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды

 

 

Төмендегі жағдайларда не істеу

 

қолдану

10

 

керек ...

25

 

11

 

Шайғыш затты пайдалану

 

 

 

 

 

Техникалық ақпарат

27

Шайғыш заттың қосылу мөлшерін

 

 

Орнату туралы нұсқаулар

28

 

баптау

12

 

Күнделікті пайдалану

12

 

Орнату

28

Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды

12

 

Іргелес орналасқан заттарға

28

салу

 

жанастыра бекіту

 

 

 

 

Тіктеп орнату

28

 

Астыңғы себет

14

 

 

Су құбырына қосылу

29

 

Ас құралдарына арналған қорапша

 

 

 

Қорғауыш клапаны бар су

 

 

 

14

 

 

 

 

 

қабылдайтын түтік

29

 

Үстіңгі себет

15

 

 

 

Жуынды суды жіберетін түтікті қосу

 

Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу

 

 

 

16

 

 

30

 

 

 

 

 

 

 

Электр желісіне жалғау

31

 

Жуғыш заттарды пайдалану

17

 

 

 

Қоршаған орта мәселелері

31

Жуғыш затты салу

17

 

 

 

 

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

 

3

 

 

Буып-түйетін материал

32

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

Пайдалану туралы нұсқаулар

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Ыдыс жуғыш машинаны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңізбенқұрылғыныдұрысқолданумақсатында,пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оның пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және ыдыс жуғыш машинаны басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.

Дұрыс пайдалану

 

• Бұл ыдыс жуғыш машина тек қана ыдыс жуғышта жууға болатын

 

тұрмыстағы ыдыс-аяқтарды жууға арналған.

 

• Ыдыс жуғыш машинаға ешқандай еріткіштерді салмаңыз. Ол

 

құрылғының жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.

 

• Пышақтар және басқа да үшкір заттарды ас құралдарына арналған

 

себетке олардың өткір ұштарын төмен қаратып салып, не болмаса

 

үстіңгі себетке көлденең жатқыза салу қажет.

 

• Ыдыс жуғыш машинада пайдалануға арналған өнімдерді (жуғыш

 

ұнтақтарды, тұзды және шайғыш заттарды) ғана қолданыңыз.

 

• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, оның есігін ашпаңыз, ыстық бу

 

шығып кетуі мүмкін.

 

• Ыдыс жуу циклы аяқталғанға дейін ешбір ыдысты ыдыс жуғыш

 

машинадан алуға болмайды.

 

• Құрылғыны пайдаланып болғаннан соң, оны электр желісінен

 

ажыратыңыз да оған су беруді тоқтатыңыз.

 

• Бұл өнімге қызмет көрсетудітек қызметкөрсетугеарналған рұқсатқаие

022009

уәкілетті маман жүзеге асыру керек, және құрылғының нағыз өз

бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.

• Құрылғыны ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген

00-

жөндеу жұмыстары құрылғыға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс

жұмыс істемеуіне алып келеді. Жергілікті қызмет көрсету орталығына

-

117954640

хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма шығарған бөлшектерді

пайдалануды талап етіңіз.

4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ойдеңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің аздығына байланысты қолдана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда) пайдаланбауға тиіс. Олар пайдалану туралы ерекше нұсқаулар алуға не өз қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауында болуға тиіс.

Тазалауға арналған заттар көз бен ауыз қуысын және қолқаны химиялық күйікке шалдықтыруы мүмкін. Бұндай жағдай өміріңізге қатер төндіреді! Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды өндірушінің қауіпсіздік туралы нұсқауларын орындаңыз.

Ыдыс жуғыш машинадағы су ішуге жарамсыз. Құрылғының ішінде жуғыш зат қалдықтары әлі де бар болуы мүмкін.

Егер құрылғының ішіне ыдыстарды салып, не оларды алып жатпасаңыз, ыдыс жуғыш машина есігі әрдайым жабық болуы керек. Осылайша, кез келген адамның ашылып тұрған есікке сүрініпшалынып, бір жерін жарақаттап алуына жол бермейсіз.

Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға болмайды.

Бала қауіпсіздігі

Бұл машина тек ересек адамдардың пайдалануға арналған. Балаларға ыдыс жуғыш машинаны үлкендердің бақылауынсыз пайдалануға рұқсат бермеңіз.

Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.

Барлық жуғыш заттарды балалар жете алмайтын жерде сақтаңыз.

Ыдыс жуғыш машина есігі ашық тұрған кезде, балалардың жақын келуіне жол бермеңіз.

Орнату

Ыдыс жуғыш машинаны көлікпен тасымалдау барысында, оның ешбір жеріне нұқсан келмегенін тексеріңіз. Бұзылған құрылғыны ешқашан электр желісіне қоспаңыз. Ыдыс жуғыш машина бұзылып қалса, осы құрылғыны сатушымен хабарласыңыз.

Пайдаланар алдында оның барлық орауыштары мен қорабын алып тастау қажет.

Осы құрылғыны орнатуға қатысты электрлік және су жіберу мен қанализация жүйесіне қосу жұмыстарын, осы салада маманданған және білікті адам жүзеге асыруға тиіс.

Қауіпсіздік мақсатында осы құрылғының техникалық сипаттарына өзгерістер кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да бір болмасын жолмен өзгертуге болмайды.

Өнім сипаттамасы

 

5

 

 

Электр кабелі ақаулыққа ұшырағанда немесе су түтігі бұзылған жағдайда; немесе басқару панелі, үстіндегі жұмыс алаңы, не ең астыңғы қатары бұзылып қалып, оның ішкі жағы ашық қалған жағдайда машинаны ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп-қатердің алдын алу үшін, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Гидравликалық және электрлік құрамдас бөліктерге зиян келтірмес үшін, ыдыс жуғыш машинаның қабырғаларын ешқашан бұрғымен теспеңіз.

Назарыңызда болсын!

Электр желісіне және су құбырына қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.

Өнім сипаттамасы

 

Үстіңгі себет

1

2

Су кермектігінің дискісі

3

Тұз сауыты

4

Жуғыш зат үлестіргіші

5

Шайғыш зат үлестіргіші

6

Техникалық сипаттар тақтайшасы

7

Сүзгілер

8

Астыңғы бүріккіш түтік

9

Үстіңгі бүріккіш түтік

6 Басқару панелі

Басқару панелі

1 On/off (Қосу/Өшіру)түймешігі

2 Сандық бейнебет

3 Кідіртіп бастау түймешігі

4 Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер

5 Анықтағыш шамдар

6 Функция түймешіктері

Анықтағыш шамдар

MULTITAB

Тұз

Multi-tab функциясының қосылғанын/ ажыратылғанын көрсетеді (Multi-tab функциясы тарауын оқыңыз)

Арнайы тұз таусылғанда жанады. 1)

Шайғыш зат

Шайғыш зат бітіп қалғанда жанады. 1)

1) Тұз және шайғыш заттың анықтағыш шамдары, жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде, тіпті тұз және/немесе шайғыш затты салу қажеттігі туған жағдайда да жанбайды.

Сандық бейнебетте:

су жұмсартқышы орнатылған су кермектігінің деңгейі,

орындалып тұрған бағдарламаның аяқталуына дейін қалған уақыт,

шайғыш затты үлестіргішті белсенді күйге көшіру/ажырату ( ТЕК "Multi tab" функциясы қосылулы тұрғанда ғана),

жуу бағдарламасының соңы (сандық бейнебеттен 0 көрсетіліп тұрады),

кідіртіп бастау параметрінің кері санағы,

машинаның дұрыс жұмыс жасамауына байланысты ақаулық кодтары,

дыбысты сигналдарды белсенді күйге көшіру/өшіру көрсетіледі.

Басқару панелі

 

7

 

 

Функция түймешіктері

Осы түймешіктер арқылы келесі функцияларды орнатуға болады:

су жұмсартқышты орнату,

жуу бағдарламасын немесе орындалып тұрған "кідіртіп бастау" функциясын болдырмау,

"Multi tab" функциясын қосу/тоқтату

"Multi-tab"функциясықосылыптұрғанкезде,шайғышзаттыүлестіргішті белсенді күйге көшіру/ажырату,

дыбысты сигналдарды белсенді күйге көшіру/өшіру.

Параметрлерді орнату күйі

Барлық бағдарлама шамдары жанып тұрғанда, машина параметрлерді орнату күйінде болады.

Келесі әрекеттерді орындап жатқанда әрқашан есіңізде болсын:

жуу бағдарламасын таңдағанда

су жұмсартқышты баптағанда,

шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіргенде/ажыратқанда,

дыбысты сигналдарды белсенді күйге көшіргенде/ажыратқанда

құрылғы міндетті түрде параметрлерді орнату күйінде болуға ТИІС .

Егер бағдарлама шамы жанып тұрса, бұл соңғы орындалған бағдарлама әлі де орнатылып тұр дегенді білдіреді.

Осы жағдайда параметрлерді орнату күйіне қайтып оралу үшін, бағдарламаны біржола тоқтату керек.

Орындалып жатқан бағдарламаны немесе орнатылған бағдарламаны болдырмау үшін : RESET жазуының үстіндегі екі бағдарлама түймешігін барлық бағдарлама шамдарының түйшектері жанғанша қатар басып ұстап тұрыңыз. Бағдарлама тоқтатылып, машина енді параметрлерді орнату күйіне көшірілді.

Дыбысты сигналдар

Машина қай операцияны орындап жатқанын оңай анықтау үшін дыбысты сигналдар енгізілген:

су жұмсартқышты орнатқанда

бағдарламаның соңы

құрылғы дұрыс жұмыс істемеген кезде, ескерту сигналының іске қосылады.

Зауытта орнатылған параметр: дыбысты сигналдар белсенді күйге көшірілген.

Функция түймешіктері арқылы естілетін сигналдарды ажыратып қоюға болады.

1.Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина параметрлерді орнату күйінде тұруға тиіс.

2.A , B және C шамдары жыпылықтай бастағанға дейін, B және C функция түймешіктерін бір уақытта басып ұстап тұрыңыз.

8Ең алғаш рет пайдалану

3.C функция түймешігін басыңыз, A және B түймешіктерінің шамы өшеді де, C функция түймешігінің шамы жанып-сөніп тұра береді. Сандық бейнебетте ағымдық параметр пайда болады.

= Дыбысты сигналдар ажыратылған

= Дыбысты сигналдар қосылған

4.ПараметрдіөзгертуүшінCфункциятүймешігінқайтабасыңыз:сандық бейнебетте жаңа параметр пайда болады.

5.Операцияны ыдыс жуғыш машинаның жадына енгізу үшін оны ажыратыңыз.

Ең алғаш рет пайдалану

Ыдыс жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдаланбас бұрын:

Электр желісіне және су жүйелеріне қосу жұмыстарының құрылғыны орнату нұсқауларына сай жүзеге асырылғанын тексеріңіз.

Құрылғының ішінен барлық орауыштарды алыңыз

Су жұмсартқышты баптаңыз

Тұз сауытының ішіне 1 литр су құйып, содан кейін ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды салыңыз

Шайғыш зат үлестіргішті толтырыңыз

Егер таблетка пішіндес, келесі көрсетілгендегідей құрама жуу заттарын пайдалансаңыз: "3 in 1", "4 in 1", "5 in 1" және т.б., "Multi-tab" функциясын орнатыңыз ("Multi-tab" функциясы тарауын оқыңыз).

Су жұмсартқышты баптаңыз

Бұл ыдыс жуғыш, қосылатын судың құрамындағы машинаға зиян келтірерлік немесе оның қызметінің тиімділігін төмендетерлік минералдар мен тұздарды алып тастауға лайықтап жасалған суды жұмсартқышпен жабдықталған.

Осы минералды заттар мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі да соғұрлым жоғары болады. Су кермектігі балама өлшемдер арқылы өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH), Францияның өлшемі (°TH) және ммоль/л (бір литрдегі миллимоль - су кермектігін өлшейтін халықаралық өлшем).

Су жұмсартқыш аймағыңыздағы су кермектігіне сәйкес бапталу керек. Аймағыңыздағы су кермектігі туралы мәліметтерді жергілікті су шаруашылығын басқаратын мекемеден ала аласыз.

Су жұмсартқыш екі тәсіл бойынша бапталынады: су кермектігі деңгейін өзгертетін сандық диск арқылы қолмен және электрондық тәсілмен.

 

 

 

 

Су жұмсартқышты баптаңыз

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су кермектігі

 

Су кермектігіның

Тұзды

 

 

 

 

 

параметрін баптау

қолдану

 

°dH

°TH

ммоль/л

қолмен

Электронд

 

 

 

 

 

 

 

 

ық

 

 

 

 

 

 

 

 

тәсілмен

 

 

 

 

51 - 70

91 - 125

9,1 - 12,5

2

10-шы

иә

 

 

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

 

43 - 50

76 - 90

7,6 - 8,9

2

9-шы

иә

 

 

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

 

37 - 42

65 - 75

6,5 - 7,5

2

8-ші деңгей

иә

 

 

29 - 36

51 - 64

5,1 - 6,4

2

7-ші деңгей

иә

 

 

23 - 28

40 - 50

4,0 - 5,0

2

6-шы

иә

 

 

 

 

 

 

деңгей

 

 

 

 

19 - 22

33 - 39

3,3 - 3,9

2

5-ші деңгей

иә

 

 

15 - 18

26 - 32

2,6 - 3,2

1

4-ші деңгей

иә

 

 

11 - 14

19 - 25

1,9 - 2,5

1

3-ші деңгей

иә

 

 

4 - 10

7 - 18

0,7 - 1,8

1

2-ші деңгей

иә

 

 

< 4

< 7

< 0,7

1

1-ші деңгей

жоқ

 

Қолмен баптау

Ыдыс жуғыш машинаның өндіруші орнатқан деңгейі - 2.

1. Ыдыс жуғыш машинаның есігін ашыңыз.

2. Ыдыс жуғыш машинадан астыңғы себетті шығарыңыз.

3. Су кермектігі дискісін 1-ші немесе

2-ші орынға орнатыңыз (кестеге қараңыз).

4. Астыңғы себетті орнына қойыңыз.

Электрондық тәсілмен баптау

Ыдыс жуғыш машинаның әдепкі деңгейі - 5.

1.Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина параметрлерді орнату күйінде тұруға тиіс.

2.A , B және C түймешіктерінің шамы жыпылықтай бастағанға дейін, B және C түймешіктерін қатар басып ұстап тұрыңыз.

3.A түймешігін басыңыз, B және C түймешіктерінің шамы өшеді де, A түймешігініңшамыжанып-сөнгенкүйітұрабереді.Сандықбейнебетте ағымдық деңгей пайда болады да, үзік-үзік сигналдар естіледі. Мысалдар:

10 Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану

пайда болса, 5 үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі де үзіліс орын алады, т.б. = 5-деңгей

пайда болса, 10 үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі де үзіліс орын алады, т.б. = 10-деңгей

4.Деңгейді өзгерту үшін A түймешігін басыңыз. Түймешікті басқан сайын деңгей өзгереді (жаңа деңгейді таңдау үшін суретке қараңыз).

Мысалдар: егер ағымдық деңгей 5-те тұрса, A функция түймешігін бір рет басу арқылы 6-шы деңгей таңдалады. егер ағымдық деңгей 10-да тұрса, A функция түймешігін бір рет басу арқылы 1-ші деңгей таңдалады.

5.Осы амалды құрылғы жадына енгізу үшін, On/Off түймешігін басып, ыдыс жуғышты ажыратыңыз.

Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану

Назарыңызда болсын!

Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз. Ыдыс жуғышқаарналмағанбасқатұз түрлері,әсіресе,астұзысужұмсартқышқа зиян келтіреді. Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана тұз салыңыз. Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде ұзақ уақыт жатып тоттануды болдырмауы үшін қажет.

Толтыру үшін:

1.Есікті ашыңыз да астыңғы себетті алып, тұз сауытының қақпақшасын сағат бағытына қарсы айналдырып ашыңыз.

2.Сауыт ішіне 1 литр су құйыңыз (ең алғаш рет тұзбен толтырғанда ғана осылай істеңіз) .

3. Берілген құйғышты пайдалана отырып, сауытқа әбден толтыра тұз салыңыз. 4. Қақпақшаны орнына салып,

қақпақшаның бұранда жолақтарында немесе тығыздағышында тұздың тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.

5. Қақпақшаны сағат тілінің бағытына қарай "сырт" етіп

тоқтағанға дейін бұрай отырып, өз орнына келтіріп нықтап жабыңыз.

Сауытқатұзсалыпжатқанда,сушетіненасыптөгілсе,абыржымаңыз,бұл қалыпты жағдай.

Шайғыш затты пайдалану 11

Басқарупанеліндегітұзшамы,егерыдысжуғышмашинақосылулытұрса, тұз салынған соң, 2 сағаттан 6 сағатқа дейін жанып тұрады. Егер ұзақ еритін тұзды пайдалансаңыз, бұл уақыт шамасы да арта түседі. Машинаның жұмысына кері әсерін тигізбейді.

Шайғыш затты пайдалану

Назарыңызда болсын!

Тек ыдыс жуғыштарға арналған сапалы шаю заттарын ғана пайдаланыңыз.

Шайғыш зат сауытына ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс жуғышты тазалағышзат,сұйықтазалағышзаттар)салмаңыз.Бұлқұрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Шайғыш зат, ыдыс-аяқтардың әбден шайылып, дақсыз, жолақсыз құрғатылуын қамтамасыз етеді.

Шайғыш зат ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады.

1. Ашуға арналған (A)түймешікті басып, сауытты ашыңыз.

2.Сауыт ішіне шайғыш заттан салыңыз. "max" таңбаламасы шайғышзаттысалумөлшерініңең шегін көрсетеді.

Шайғыш зат сауыты осы заттың қосылу мөлшеріне байланысты 16-40 жуу бағдарламасына жетерлік, 110 мл жуық шайғыш затты сыйғыза алады.

3. Әрбір толтырудан соң қақпақшаның жабылғанына көз жеткізіңіз.

12

Күнделікті пайдалану

 

Келесі жолы ыдыс жуған кезде көпіршімес үшін, шайғыш затты салып

 

жатқанда төгілген затты су тартатын матаға сіңіріп алыңыз.

Шайғыш заттың қосылу мөлшерін баптау

 

Жуужәнеқұрғатунәтижелерінеқарапүлестірілетіншайғышзатмөлшерін

 

6 орынды таңдауыш арқылы баптаңыз. (1=ең аз, 6=ең көп қосу мөлшері).

 

Үлестірілу мөлшерінің өндіруші орнатқан деңгейі - 4.

 

Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су

 

тамшылары немесе әк дақтары қалса,

 

шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.

 

Ыдыс-аяқүстіндеақшылжолақтарболса

 

немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде және

 

пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар

 

қалса,шайғышзатмөлшеріназайтыңыз.

Күнделікті пайдалану

Шайғыш зат не тұзбен толтыру қажеттігінің бар-жоғын тексеріңіз.

Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.

Ыдыс жуғышқа жуғыш заттан салыңыз.

Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды жууға сай келетін жуу бағдарламасын таңдаңыз.

Жуу бағдарламасын бастаңыз.

Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу

Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін және кез келген су сорғыш затты ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.

Ыдыс-аяқты салар алдында:

Тамақ қалдықтары мен басқа қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз.

Жанып жабысып қалған тағам қалдықтарын қазаншаларға салып жібітіп алыңыз

Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу 13

Ыдыс-аяқпенасқұралдарынмашинағасалғанкезде,келесікеңестерге назар аударыңыз:

Ыдыс-аяқ пен ас құралдары айналып тұратын бүріккіш түтіктерге кедергі жасамауы керек.

Су жиналмау үшін кәстрөлдер, стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты шұңғыл ыдыстардың ауыздарын төмен қаратып салыңыз.

Ас құралдары ыдыс-аяқтардың ішінде, не олар бірінің ұстінде бірі жатпауы керек.

Стакандарға зиян келтірмеу үшін, олар бір-біріне тимеуі керек.

Кішкентай заттарды ас құралдарына арналған себетке салыңыз.

Отқа төзімді пластмасса заттардың және кәстрөлдердің қабырғалары су тамшыларын ұстап қалуға бейім келеді; бұл заттар фарфор немесе темір заттар сияқты тез құрғамайды.

Жеңіл заттар (пластик сауыттар, т.б.) үстіңгі себетке салынып, қозғалмайтындай етіп орналастырылуы керек.

Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын

 

жууға болмайды:

 

сыймайтын:

Сабы ағаштан, мүйізден,

Керамикалық заттарды, тек қана

 

фарфордан немесе ақықтан

 

өндірушінің нұсқаулығында ыдыс

 

жасалған ас құралдары.

 

жуғышта жууға болады деп

• Отқа төзімді емес пластик заттар.

көрсетілген жағдайда ғана жуыңыз.

• Отқа төзімді емес ескі және бөліктері

Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс

 

желімделіп құрастырылған ас

 

жуғыш машинада жиі жуылса әрі

 

құралдары.

 

кетуі мүмкін.

• Байлаулы ас құралдары немесе

• Күміс және алюминий бөлшектер

 

ыдыс-аяқ.

 

жуған кезде, түсін өзгертуге бейім

• Қалайы немесе мыс заттар.

 

келеді: Қыша, жұмыртқаның ағы мен

Қорғасынды хрусталь.

 

сарысы сияқты қалдықтар, көп

• Тоттануға бейім темір заттар.

 

жағдайлардакүмісзаттардыңтүсінің

Ағаш табақтар.

 

өзгеруіне себеп болады. Сондықтан

Синтетикалық талшықтардан

 

жууды кейінге қалдырсаңыз, күміс

 

жасалған заттар.

 

ыдыс-аяқтардан тамақ қалдықтарын

 

 

 

дереу тазалаңыз.

Ыдыс-аяқтарды салу үшін есікті ашып, себеттерді сырғытып шығарыңыз.

Aeg FAVORIT 65410 VI User Manual

14 Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу

Астыңғы себет

Астыңғы себет кәстрөлдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді, салат табақтарын және ас құралдарын салуға арналған.

Ыдыс-аяқтар және үлкен қақпақтар, бүріккіш түтіктер кедергісіз айналу үшін себеттің шет жағын жағалата орналастырылуы керек.

Кәстрөлдер, шыны аяқтар мен табақтарды оңай салу үшін, астыңғы себеттің үстіндегі ілгек қатарларын төмендетуге болады.

Ас құралдарына арналған қорапша

Назарыңызда болсын!

Тігінен орналастырылған ұзын жүзді пышақтар - қауіп-қатердің бірден бір көзі. Ұзын және/не болмаса, ет бұзатын не турайтын өткір пышақтар тәрізді заттар, үстіңгі себетте көлденеңінен орналастырылуы қажет. Пышақ тәрізді өткір заттарды салу немесе шығару кезінде абай болғаныңыз жөн.

Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу

15

Ас құралдарының қорапшасындағы барлық заттарға су жақсы тию үшін

келесіні орындаңыз:

 

1. Торды ас құралдары себетіне

 

орналастырыңыз.

 

2. Шанышқылар мен қасықтарды ас

 

құралдары қорапшасына

 

саптарын төмен қаратып

 

салыңыз.

 

Піскіш тәрізді үлкенірек

 

құралдардысалуүшін,тордыңбір

 

бөлігін шығарып тастаңыз.

 

Ас құралдары салынатын қорапшаны

кеңейтіп алуға болады.

Оны ыдыс жуғыштан алар кезде, екі

бөліктен тұратын ұстағышының екі

бөлігін де қолыңызбен қапсыра

ұстауды ұмытпаңыз.

1. Асқұралыныңқорапшасынүстелне

жұмыс алаңына қойыңыз.

2. Екі бөліктен тұратын ұстағышты

жазып ашыңыз.

3. Ас құралдарын алыңыз.

Үстіңгі себет

Үстіңгі себет тәрелкелер (десерт тәрелкелері, табақшалар, диаметрі 24

см дейінгі ас тәрелкелері), салат табақтары, шыны аяқтарға және

стакандарға арналған.

Шыныаяқ сөрелеріндегі және олардың астындағы ыдыс-аяқтарды,су

барлық жерлеріне жақсылап тиерліктей орналастырыңыз.

Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне

төңкеріп орналастыруға болады.

Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ

ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға

болады.

Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне

төңкеріп орналастыруға болады.

16 Ас құралдарын және ыдыс-аяқтарды салу

Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға болады.

Есікті жабар алдында бүріккіш түтіктердің айналуына ешнәрсенің кедергі жасамайтындығына көз жеткізіңіз.

Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу

Егер үлкен тәрелкелерді жуғыңыз келсе үстіңгі себетті жоғары көтергеннен кейін, оларды астыңғы себетке салыңыз.

Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі:

 

үстіңгі себет ішінде

астыңғы себет ішінде

Үстіңгі себетті

20 см

31 см

көтергенде

 

 

Үстіңгі себетті түсіргенде

24 см

27 см

Жоғарыға көтеру үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.Себет тоқтағанға дейін оны сыртқа қарай тартыңыз.

2.Механизмі өз орнына орнығып себет тұрақтанғанға дейін оның екі

жағынан еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз.

Себетті бастапқы орнына түсіру үшін келесі әркеттерді орындаңыз:

1.Себет тоқтағанға дейін оны сыртқа қарай тартыңыз.

2.Екі жағынан еппен ұстап жоғары қарай жылжыта отырып, механизмді сүйемелдей отырып, жаймен өз орнына қондырыңыз.

Себетті ешқашан тек бір жағынан ғана ұстау арқылы көтеруге немесе түсіруге болмайды.

Себет көтерілген соң, ыдыс-аяқ ілгектерін пайдалана алмайсыз.

Назарыңызда болсын! Ашық тұрған есік қауіп көзі

болғандықтан оны, ыдыс-аяқтарды салғаннан кейін әрқашан жауып отырыңыз.

Жуғыш заттарды пайдалану 17

Жуғыш заттарды пайдалану

Ыдыс жуғыш машинада пайдалану үшін арнайы шығарылған жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.

Жуғыш заттар орамында көрсетілген, өндірушінің оларды пайдалану мөлшері мен сақтау жөніндегі ұсыныстарын орындаңыз.

Жуғышзаттыкөрсетілгенмөлшерденартықпайдаланбауарқылызиянды заттардың бөлініп, қоршаған ортаны ластамауына өз үлесіңізді қосасыз.

Жуғыш затты салу

1. Қақпақшаны ашыңыз.

2.Жуғыш зат сауытына (1) жуғыш заттан салыңыз. Таңбаламалар жуғыш затты қосу мөлшерін көрсетеді:

20 = шамамен 20 г жуғыш затқа тең

30 = шамамен 30 г жуғыш затқа тең.

3. Алдын ала жуу кезеңінен тұратын барлық бағдарламалар үшін алдын ала жуғыш зат сауытына

(2) жуғыш заттың қосымша(5/10 г)мөлшерін салу керек.

Жуғыш заттың бұл қосымша мөлшері алдын ала жуу кезеңінде қосылады.

18 "Multi-Tab" функциясы

4. Таблетка тәрізді жуу заттарын пайдаланғанда оларды қорапшаға (1) салыңыз

5. Қақпақшаны қойыңыз да жабылғанға дейін үстінен басыңыз.

Таблетка пішіндес жуу заттары

Әртүрлі өндірушілер өндірген

таблетка тәрізді жуу заттарының еру

уақыты да әртүрлі болады. Сол

себепті, қысқа мерзімдік жуу

бағдарламалары қолданылғанда

кейбір таблетка пішіндес заттарды

пайдалану күткен нәтижеге

жеткізбейді. Сондықтан,таблетка пішіндес жуу заттарын қолданған кезде

жуу заттарының қалдығы әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу

бағдарламаларын қолданыңыз.

"Multi-Tab" функциясы

Бұйым "Multi-Tab" құрама жуу таблеткаларын пайдалануға мүмкіндік беретін, "Multi-Tab" функциясымен жабдықталған.

Бұлар - жуу, шаю және тұзбен жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын бір өзінде қамтыған жууға арналған заттар. Таблетка пішіндес жуу заттарының ("3in1", "4in1", "5in1", т.с.с.) қандай түрін қолданып отырғаныңызға байланысты, олардың құрамында басқа да қасиетке ие заттардың бар болуы мүмкін.

Бұл жуу өнімдерінің судың кермектігіне сай келер-келмесін тексеріңіз. Өндірушінің нұсқауларын оқыңыз.

Бұл параметрді барлық жуу бағдарламалары үшін таңдауға болады. Бұл функция таңдалғанда, шайғыш зат мен тұздың сәйкес сауыттардан қосылуы автоматты түрде тоқтатылады және шайғыш зат мен тұздың шамдары да өшеді.

"Multi-Tab" функциясын, жуу бағдарламасын бастамай тұрып таңдаңыз. Параметр таңдалғаннан соң, (көрсеткіш шамы жанады) ол келесі жуу бағдарламалары үшін қолдануға да белсенді бола береді.

"Multi-Tab" функциясынқолданғанкезде, циклұзақтығыдаөзгеруімүмкін. Бұл жағдайда сандық бейнебеттен көрсетіліп тұрған жуу бағдарламасының орындалу уақыты автоматты түрде жаңартылып көрсетіледі.

Бағдарлама басталғаннан соң, "Multi-Tab" функциясын өзгертуге БОЛМАЙДЫ. Егер "Multi-Tab" функциясын ажыратқыңыз келсе, бағдарлама параметрін біржола тоқтатып, содан соң "Multi-Tab" параметрін тоқтатуыңызға болады.

Бұндай кезде, жуу бағдарламасын (және қалаған параметрлерді) қайтадан орнатуыңыз қажет.

"Multi-Tab" функциясы 19

"Multi-Tab" функциясын белсенді күйге көшіру/ажырату

"Multi-Tab"функциясыныңшамыжанғанғадейін,екі"Multi-Tab"түймешігін (D және E)қатар басып ұстап тұрыңыз . Бұл функцияның қосылулы тұрғандығын білдіреді.

Бұл функцияны біржола тоқтату үшін, осы түймешіктерді қайтадан "MultiTab" шамы өшкенше қатар басып тұрыңыз.

Егер құрғату нәтижелері ойдағыдай болмаса, біздің берер кеңесіміз:

1.Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.

2.Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіріңіз.

3.Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 2-ші орынға қойыңыз.

Шайғыш зат үлестіргішін тек "Multi-Tab" функциясы қосылулы тұрған кезде ғана белсенді күйге көшіруге/ажыратуға болады.

Шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажырату

1.Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина параметрлерді орнату күйінде тұруы керек.

2.A , B және C түймешіктерінің шамдары жыпылықтай бастағанға дейін, B және C түймешіктерін қатар басып ұстап тұрыңыз.

3.В функция түймешігін басыңыз, A және С түймешіктерінің шамдары өшеді, бірақ В функция түймешігінің шамы жанып-сөнген күйі тұра береді. Сандық бейнебеттен ағымдық параметр көрсетіледі:

= Шайғыш зат үлестіргіші ажыратылған.

= Шайғыш зат үлестіргіші белсенді күйде.

4.Параметрді өзгерту үшін B түймешігін қайтадан басыңыз, сандық бейнебетте жаңа параметр пайда болады.

5.Осы амалды құрылғы жадына енгізу үшін, On/Off түймешігін басып, ыдыс жуғышты ажыратыңыз.

Егер қайтадан жуу заттарын қолданудың стандартты жүйесіне көшкіңіз келсе, біздің берер кеңесіміз:

1."Multi-Tab" функциясын ажыратыңыз.

2.Тұз бен шайғыш зат сауыттарын қайтадан толтырыңыз.

3.Су кермектігінің ең жоғарғы деңгейін орнатып, қалыпты жууға арналған 1 бағдарламаны ыдыс-аяқсыз орындаңыз.

4.Су кермектігінің параметрін аймағыңыздағы су кермектігіне сай орнатыңыз.

5.Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеңіз.

20 Жуу бағдарламалары

Жуу бағдарламалары

Бағдарлам

Кірдің

Ыдысты

Бағдарлама сипаттамасы

а

ауқымы

салу түрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Алдын ала шаю

Негізгі жуу

Аралық шаю

Соңғы шаю

Құрғату

INTENSIV

Аса

Ыдыс-

 

 

2x

 

 

CARE 70°

ластанға

аяқтар,

 

 

 

 

 

 

н

ас

 

 

 

 

 

 

 

құралда

 

 

 

 

 

 

 

ры,

 

 

 

 

 

 

 

кәстрөлд

 

 

 

 

 

 

 

ер мен

 

 

 

 

 

 

 

табалар

 

 

 

 

 

Тұтыну параметрлері 1)

Ұзақтығы(минут)

Қуат (кВт/с)

Су (литр)

116-126

1,7-1,9

19-21

AUTOMATI

Араласқ

Ыдыс-

C 2)

ан

аяқтар,

 

қалыпты

ас

 

және

құралда

 

қатты

ры,

 

ластану

кәстрөлд

 

 

ер мен

 

 

табалар

30 МИН. 3)

Аз

Ыдыс-

 

кірленге

аяқтар

 

н

мен ас

 

 

құралда

 

 

ры

ECO 50° 4)

Қалыпты

Ыдыс-

 

кірленге

аяқтар

 

н

мен ас

 

 

құралда

 

 

ры

GLASS

Қалыпты

Морт

 

кірленге

сынғыш

 

н

ыдыс-

 

 

аяқтар

 

 

мен

 

 

шыны

 

 

ыдыстар

1/2x

-110

-1,4

- 21

 

85

0,8

11

 

30

0,8

8

 

160-170

0,8-0,9

12-13

 

65-75

0,6-0,7

11-13

1) Тұтыну параметрлері жалпылама ұсыныс ретінде берілген және олар судың қысымы мен температурасына, электр қуатының өзгеріп тұруына, сондай-ақ ыдыс-аяқтың санына байланысты.

Жуу бағдарламасын таңдау және бастау 21

2) Автоматты жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда ыдыс-аяқтардың ластану деңгейі судың қаншалықты лайланғанына қарап анықталады. Бағдарламаның ұзақтығы, тұтынылатын су мен қуаттың көлемі де әртүрлі болуы мүмкін; бұл жуғыштың толықтай не жартылай толтырылғандығына, ыдыс-аяқтардың жеңіл-желпі не аса қатты ластанғанына байланысты. Судың температурасы автоматты түрде 50°C мен 65°C аралығында орнатылады.

3)Жартылайтолтырылғаныдысжуғышмашинаүшінтамашажарайды. Бұлтаңертеңгіжәне кешкі астан қалған ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғысы келетін, 4 адамнан тұратын жанұяның мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған, күнделікті колдануға жарайтын тамаша бағдарлама.

4)Сынақ өткізетін мекемелерге арналған сынақ бағдарламасы.

Жуу бағдарламасын таңдау және бастау

Жуу бағдарламасы мен кідіртіп бастау функциясын құрылғының есігі сәл ашылыңқырап тұрғанда таңдаңыз. Бағдарлама немесе "кідіртіп бастау" функциясының кері санағы, есік жабылғаннан кейін ғана басталады.

Бұған дейін орнатылған параметрлерді өзгертіп үлгеруге болады.

1.Себеттердің дұрыс толтырылғандығын тексеріп, бүріккіш түтіктердің еркін айналуына ешнәрсенің кедергі келтірмейтіндігін тексеріңіз.

2.Су құбырының шүмегінің ашық тұрғандығына көз жеткізіңіз.

3.Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина параметрлерді орнату күйінде тұруға тиіс.

4.Қажетті бағдарламаға сәйкес келетін түймешікті басыңыз ("Жуу бағдарламалары" кестесіне қараңыз). Есікті жабыңыз, бағдарлама автоматты түрде басталады.

Бағдарламаға "кідіртіп бастау" функциясын қосып орнату және баптау

1.Жуу бағдарламасын таңдағаннан кейін, сандық бейнебетте бағдарламаны кешеуілдету уақытының сандық мәні пайда болғанша "кідіртіп бастау" түймешігін басып тұрыңыз. Таңдалған бағдарламаны 1-ден 19 сағатқа дейін кідіртіп бастауға болады.

2.Машинаның есігін жабыңыз, кері санақ автоматты түрде басталады.

3.Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп отырады.

4.Есікті ашу кері санақты кідіртеді. Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған жерінен әрі қарай жалғасады.

5.Кері санақ аяқталғаннан кейін бағдарлама автоматты түрде басталады.

Жуубағдарламасыбасталғаннансоң,ыдыс-аяқжуғышесігініңастындағы еденде нүкте пішіндес оптикалық шам пайда болады.

Бұл оптикалық шам, жуу бағдарламасының соңына дейін жанып тұрады. Егер машина жиһаздың ішіне биіктетіле орнатылса, онда оптикалық шам көрінбей қалуы мүмкін.

22 Ыдыс жуғышты ыдыстардан босату

Назарыңызда болсын!

Орындалып тұрған жуу бағдарламасын ТЕК аса қажетті жағдайда ғана тоқтатыңыз не болдырмаңыз. Назар аударыңыз! Есік ашылған кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Есікті абайлап ашыңыз.

Орындалып тұрған жуу бағдарламасын не кідіртіп бастау функциясын болдырмау

RESET жазуының үстіндегі екі бағдарлама түймешігін барлық бағдарлама шамдарының түйшектері жанғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.

"Кідіртіп бастау" функциясын біржола тоқтатсаңыз, орнатылған жуу бағдарламасыдабіржолатоқтайды.Бұлжағдайда,жуубағдарламасын қайтадан орнатуыңыз қажет.

Егер жаңа жуу бағдарламасын таңдау қажет болса, жуғыш зат сауытында жуғыш заттың бар-жоғын тексеріңіз.

Орындалып тұрған жуу бағдарламасын тоқтату

Машинаның есігін ашыңыз; бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз; бағдарлама тоқтаған жерінен әрі қарай жалғаса түседі.

Жуу бағдарламасының соңы

Машина автоматты түрде тоқтайды және естілерлік сигнал жуу бағдарламасының аяқталғандығынан хабардар етеді.

Жуу бағдарламасы соңына жеткен соң, машина есігінің астындағы оптикалық шам өшеді.

1.Ыдыс жуғыш машинаның есігін ашыңыз.

Жаңа аяқталған бағдарламаның анықтағыш шамы жанған күйінде тұра береді.

2.Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басып, машинаны ажыратыңыз.

3.Машинаның есігін ашыңыз да ыдыс-аяқтарды шығармас бұрын есікті жартылай ашқан күйде бірнеше минут күтіңіз; осылайша ыдыс-аяқтар суыңқырап,құрғату нәтижесі де жақсара түседі.

Жуу бағдарламасы аяқталған соң ыдыс жуғыш машинаны электр желісінен ажыратып, су құбырының шүмегін жауып қоюды ұсынамыз.

Ыдыс жуғышты ыдыстардан босату

Ыстық ыдыс елеусіз салмақ әсер етсе де морт сынғыш келеді. Сондықтан ыдыс-аяқты жуғыштан шығармас бұрын, суытып алу керек.

Ең алдымен, астыңғы себетті, содан соң үстіңгі себетті босатыңыз; сонда төмендегі ыдыс-аяққа үстіңгі себеттен су тамып кетпейді.

Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға қарағанда біртіндеп суып басылатындықтан, ыдыс жуғыш машинаның қабырғалары мен есігі булануы мүмкін.

Күтім және тазалау 23

Сақтандыру туралы ескерту!

Жуу бағдарламасы аяқталған соң ыдыс жуғыш машинаны электр желісінен ажыратып, су құбырының шүмегін жауып қоюға қенес береміз.

Күтім және тазалау

Сүзгілерді тазалау

Сүзгілерді мезгіл-мезгіл тексеріп және тазалап отыру керек. Кірленген сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді.

Назарыңызда болсын!

Сүзгілерді тазалауға кіріспес бұрын машинаның ажыратылып тұрғандығына көз жеткізіңіз.

1.Есікті ашып, астыңғы себетті шығарып алыңыз.

2.Ыдыс жуғыш машинаның сүзгілер жүйесі, ( A )ірі көзді сүзгіден,( B )

микро-сүзгіденжәнетегіссүзгіден тұрады. Сүзгі жүйесін микросүзгінің үстінде орналасқан тұтқаның көмегімен ашыңыз.

3. Тұтқаны сағат бағытына қарсы 1/4 бұрап, сүзгіштер жүйесін шығарып алыңыз.

4. ( А ) ірі көз сүзгіні, тесігі бар ұстағышынан ұстап, ( B ) микросүзгіден шығарып алыңыз.

5. Барлық сүзгілерді ағып жатқан суға ұстап тұрып, мұқият тазалаңыз.

24 Күтім және тазалау

6. Тегіс сүзгіні жуу бөлімінің түп жағынан шығарып алып, екі жағын жақсылап жуыңыз.

7. Тегіс сүзгіні қайтадан жуу бөлімінің түбіндегі орнына орналастырыңыз және оның өз орнына дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз.

8. ( A )Ірі көзді сүзгіні микро-сүзгінің ( B ) ішіне салып, екеуін бірге басыңыз.

9.Құрама сүзгілерді әдепкі орнына орналастырып, ұстағышын сағат бағытына қарай тоқтағанша

бұраңыз. Осы кезде тегіс сүзгінің жуу бөлімінің үстінен шығып қалмасына көз жеткізіңіз.

Назарыңызда болсын!

Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерсіз ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Егер сүзгілерді дұрыс орнатпасаңыз, жуу нәтижелері қанағаттанғысыз болып, нәтижесінде машинаға нұқсан келуі мүмкін.

Бүріккіш түтіктерді тазалау

Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып тастауға әрекет жасамаңыз.

Егер кір қалдықтары су бүріккіштерінің тесіктерін бітеп қалса, оларды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

Сыртын тазалау

Машинаның сыртын және басқару панелін дымқыл жұмсақ матамен тазалаңыз. Егер қажет болса, нейтрал жуғыш затты пайдаланыңыз. Сырты тегіс емес сызаттандыратын заттарды, түрпілі тазалағыштарды немесе еріткіштерді (ацетон, трихлорэтилен, т.с.с.) пайдаланбаңыз.

Ішін тазалау

Есік айналасындағы тығыздағыштарды, жуғыш және шайғыш зат сауыттарын мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап тұрыңыз.

Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып, аса кірлеген ыдыс-аяқтарды жууға арналған бағдарламаны ешбір ыдыс-аяқсыз орындап тұруды ұсынамыз.

Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау

Егер машинаны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз:

1.Машинаны электр желісінен ажыратып, содан кейін суды өшіріп тастаңыз.

2.Жағымсыз иіс пайда болмас үшін, есікті ашыңқырап қойыңыз.

3.Машинаның ішін тазалап қойыңыз.

Төмендегі жағдайларда не істеу керек ... 25

Мұздап кетуден сақтау

Машинаны температурасы 0°C төмен болатын жерге қоймаңыз. Егер ондай жағдайға мүмкіншілік жоқ болса машинаны босатыңыз да оның есігін жауып, су қабылдайтын түтігін ажыратып, оны босатыңыз.

Машинаны көшіру

Егер машинаны көшіру қажет болса, (көшу себептеріне байланысты,

т.с.с.):

1.Электр желісінен ажыратыңыз.

2.Су құбырының шүмегін жабыңыз.

3.Су қабылдайтын және жуынды суды жіберетін түтіктерін ажыратыңыз.

4.Машинаны түтіктерімен бірге шығарып алыңыз.

Тасымалдау кезінде машинаның аударылып кетуіне жол бермеу керек.

Төмендегі жағдайларда не істеу керек ...

Ыдыс жуғыш машина жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады. Кейбір мәселелер қарапайым техникалық қызмет көрсетілмегендіктен не бақылаудың жеткіліксіздігінен пайда болатындықтан, оларды арнаулы маманды шақырмай, кестедегі нұсқауларды қолданып шешуге болады.

Ыдыс жуғыш машинаны ажыратыңыз да, келесі реттеуші әрекеттерді орындаңыз.

 

Қателер коды және дұрыс істемеу

Мүмкін себептері және шешетін

 

 

 

жолдары

 

 

 

орындалып тұрған бағдарлама

• Су құбырының шүмегі толып қалған

 

шамының ұзақ уақыт жанып-сөнуі

немесе оған қақ тұрған.

• нүкте пішіндес оптикалық шам

Су құбырының шүмегін тазалаңыз.

жанып-сөніп тұр

пайда

• Су құбырының шүмегі жабық тұр. Су

Сандық бейнебетте

құбырының шүмегін ашыңыз.

болады.

 

• Су жіберу құбырының клапанындағы

естілерлік үзік-үзік сигнал

сүзгіш (онымен жабдықталған

Ыдыс жуғыш машинаға су

 

жуғыштарда) бітеліп қалған.

толтырылмай тұр.

 

Түтіктегі сүзгіні тазалаңыз.

 

 

 

• Сутүтігідұрысорналаспағаннемесе

 

 

 

ол қысылып, суды жібермей тұр.

 

 

 

Жуынды су түтігінің дұрыс қосылған

 

 

 

не қосылмағанын тексеріңіз.

26 Төмендегі жағдайларда не істеу керек ...

 

Қателер коды және дұрыс істемеу

Мүмкін себептері және шешетін

 

 

 

жолдары

 

 

 

орындалып тұрған бағдарлама

• Раковинаның түтікшесі бітеліп

 

шамының ұзақ уақыт жанып-сөнуі

қалған.

• нүкте пішіндес оптикалық шам

Раковинаның түтікшесін тазалаңыз.

жанып-сөніп тұр

пайда

• Жуынды суды ағызатын түтік дұрыс

Сандық бейнебетте

орналаспаған немесе ол майысып

болады.

 

суды ағызбай тұр.

естілерлік үзік-үзік сигнал

Жуынды су түтігінің дұрыс қосылған

Ыдыс жуғыш машинадан су кетпей

не қосылмағанын тексеріңіз.

жатыр.

 

 

 

орындалып тұрған бағдарлама

• Су құбырының шүмегін жауып,

 

шамының ұзақ уақыт жанып-сөнуі

жергілікті қызмет көрсету

• нүкте пішіндес оптикалық шам

орталығына хабарласыңыз.

 

жанып-сөніп тұр

 

 

Сандық бейнебетте пайда болады.

естілерлік үзік-үзік сигнал

Су тасқынына қарсы құрал белсенді күйге көшірілген.

Бағдарлама басталмай тұр.

Ыдыс жуғыш машина есігі дұрыс

 

 

жабылмаған. Есікті жабыңыз.

 

• Аша электр желісіне қосылмаған.

 

Ашаны электр желісіне қосыңыз.

 

Үйдегі сақтандырғыштар

 

 

қорапшасындағы сақтандырғыш

 

 

күйіп кеткен.

 

Сақтандырғышты ауыстырыңыз.

 

Бағдарлманы кідіртіп бастау

 

 

функциясы орнатылған.

 

 

Егер ыдыс-аяқтарды дереу жуу

 

 

қажет болса, "кідіртіп бастау"

 

 

функциясын біржола тоқтатыңыз.

Егер машина шкафтардың ішіне, яғни оған жиһаздалған есік орнатылса, оптикалық шамның жанып-сөнгені көрінбей қалуы мүмкін.

Осы тексерулер өткізілгеннен соң, машинаны қосыңыз: бағдарлама тоқтап қалған жерінен әрі қарай жалғасады.

Егердұрысжұмысістемеунеақаулықкодтарықайтакөрсетілсе,жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, машинаның үлгісін (Mod.), өнімнің нөмірін (PNC) және сериялық нөмірін (S.N.) мәлім етіңіз. Бұл мәліметті ыдыс жуғыш машинаның қабырғасында орналасқан техникалық дерек тақтайшасынан табуға болады.

Осы нөмірлер әрдайым алдыңызда болуы үшін, оларды мына жерге жазып қоюға кеңес береміз:

Үлгі (Mod.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

PNC (өнім нөмірі): . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Сериялық нөмірі (S.N.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

 

 

Техникалық ақпарат

 

 

 

 

27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес

 

Ыдыстар таза емес

Сай келерлік бағдарламадан басқа

 

 

 

бағдарлама таңдалған.

 

 

• Ыдыс-аяқтар су олардың барлық

 

 

 

жерлеріне біркелкі тимейтіндей

 

 

 

орналастырылған. Себеттерге

 

 

 

белгіленгенмөлшерденартықыдыс-

 

 

аяқ салуға болмайды.

 

 

Ыдыс-аяқ дұрыс қаланбағандықтан,

 

 

 

бүріккіш түтіктер еркін айнала алмай

 

 

 

тұр.

 

 

• Жуу бөлімінің астыңғы жағындағы

 

 

 

сүзгілер кірленген не дұрыс

 

 

 

орнатылмаған.

 

 

• Жуғыш зат өте аз мөлшерде

 

 

 

салынған немесе мүлдем

 

 

 

қолданылмаған.

 

 

• Ыдыс-аяққа қақ тұрып қалған

 

 

 

жағдайда; тұз сауыты бос немесе

 

 

 

суды жұмсартқыштың дұрыс деңгейі

 

 

 

орнатылмаған.

 

 

• Жуынды суды ағызатын түтік дұрыс

 

 

 

қосылмаған.

 

 

• Тұз сауытының қақпақшасы дұрыс

 

 

 

жабылмаған.

 

Ыдыс-аяқ сулы және түсі жақсы емес

Шайғыш зат қолданылмаған.

 

 

• Шайғыш зат үлестіргіші босап

 

 

 

қалған.

 

Ыдыс-аяқтарға жолақ-жолақ сызаттар

Шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.

 

мен ақшыл таңдақтар түскен немесе

 

 

 

 

шыны ыдыстардың үсті көкшіл тартқан

 

 

 

 

Стакандар мен ыдыс-аяқтарда құрғап

Шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.

 

қалған су тамшыларының іздері бар

Бұның себебі жуу заттары болуы

 

 

 

мүмкін. Жуғыш затты өндірушінің

 

 

 

тұтынушыларға қолдау көрсету

 

 

 

бөліміне хабарласыңыз.

Егер осы тексерулерді өткізгеннен соң, ақаулық тағы да орын алса, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Техникалық ақпарат

Өлшемдер

Ені - биіктігі - тереңдігі

44,6 x 81,8-89,8 x 55,5

 

(см)

 

 

 

Электржелісінеқосылым

Электр желісіне қосылу туралы мәліметті, ыдыс

- Кернеу - Жалпы қуат -

жуғыш машинаның қабырғасындағы техникалық

Сақтандырғыш

ақпарат тақтайшасынан табуға болады.

28 Орнату

Құйылатын судың

Ең аз - Ең көп (МПа)

0,05 - 0,8

қысымы

 

 

 

 

 

Өнімділік

Орын параметрлері

9

 

 

 

Макс. салмақ

кг

35

Орнату туралы нұсқаулар

Орнату

Назарыңызда болсын!

Осы машинаны орнатуға қажет электр және су, канализация жүйесіне қосужұмыстарынтекқанабіліктіэлектрик,сантехникнемесебіліктімаман атқаруы керек.

Машинаны орналастырмас бұрын,орам материалдарының барлығын алыңыз.

Мүмкін болса, машинаны су құбырының шүмегі мен канализацияға қосылатын жердің қасына орналастырыңыз.

Бұл ыдыс жуғыш машина ас үй жиһазының ішіне, не үстелдің астында орналастыруға лайықтап жасалған.

Назар аударыңыз! Ыдыс жуғыш машинаны жиһаздың ішіне орнатып, жиһаз панелін орналастыру туралы қосымша үлгіде берілген нұсқауларды мұқият сақтаңыз.

Суды беру, суды канализацияға жіберу және электр желісіне қосу сияқты негізгі жүйелерді жиһаз қабырғасынан сыртқа өткізетін тесіктерден басқа ешбір тесікті ойып орнатудың қажеті жоқ.

Жуғыштың биіктігін орнату үшін аяқтарын пайдаланыңыз. Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас бөлшектеріне қатысты жұмыстар жүргізілгенде, оны электр желісінен ажыратыңыз.

Машинаны кіргізіп орналастырмас бұрын, су беретін және жуынды суды канализацияға жіберетін түтіктердің, электр желісіне қосатын кабельдің шиеленісіп, не жаншылып қалмағандығына көз жеткізіңіз.

Іргелес орналасқан заттарға жанастыра бекіту

Ыдыс жуғышты жантаюдан сақтаңыз.

Сондықтан да, ыдыс жуғыш машина жиһазының іргелес жатқан жиһаздарға(көршілес ас үй бөлімдері, қабырға немесе шкаф) берік жанастырыла бекітілгенін тексеріңіз.

Тіктеп орнату

Машинаныңесігіжақсыжабылуүшіноныдұрыстіктепорнатудыңмаңызы зор. Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның есігі ашылғанда, шкафтың екі жағы тұтылып қала бермейді. Егер есік дұрыстап жабылмаса, өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны жөндеп тіктеп қойыңыз.

Орнату 29

Су құбырына қосылу

Машинаны суық су жүйесіне қосуға кеңес береміз. Егер ыстық суды пайдалансаңыз,судың рұқсат етілген ең жоғарғы температурасы - 60°C. Ыстық су қосу аса кірленген ыдыстарды жуу кезінде әрқашан тиімді бола бермейді, себебі бұл жуу бағдарламасының ұзақтығын әжептәуір қысқартып жібереді.

Тығырық су құбырына қосылымды жүзеге асыру үшін, машинаның су беретін түтігіне лайықтап жасалған,әрі ¾ бұралып түтікке түйістіруге немесе жедел жалғастыратын шүмекке қосуға арналған.

Су қысымы "Техникалық деректер" бөлімінде берілген шектер шегінен аспауы тиіс. Аймағыңыздағы су құбырларындағы орташа қысым туралы мәліметті жергілікті сумен қамтамасыз ететін орыннан ала аласыз.

Су беретін түтікті қосып жатқанда ол майысып, жаншылып, не шиеленісіп қалмаған болуы керек.

Ыдыс жуғыш машинатың функциялары,контргайканың көмегі арқылы солға не оңға қарай бұрыла алатындай етіп орнатылған түтіктерді сумен толтырып және жуынды судан босатып беріп отырады.

Су ағып кетудің алдын алу үшін контргайка дұрыс орнатылуы керек. (Назар аударыңыз! Ыдыс жуғыштардың барлық модельдері бірдей контрагайкамен жабдықталған су беру және жуындыны жіберу түтіктеріменҚАМТАМАСЫЗЕТІЛМЕГЕН.Аталмышжуғыштабұлқұрылғы қарастырылмаған). Егер бұл бұйым жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт пайдалануда болмаған құбырларға қосылмақ болса, су қабылдайтын түтікті қоспас бұрын, суды бірнеше минут ағызып қойыңыз.

Ескі машиналарда қолданылған түтіктерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.

Бұлбұйыматалмышмашинадақолданылғансудыңтазаауызсужүйесіне қайта барып қосылуынан сақтандыратын қауіпсіздік құралымен жабдықталған. Бұл бұйым қолданыстағы сантехникалық ережелерге сай келеді.

Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын түтік

Қос қабатты су қабылдайтын түтікті қосып болғаннан соң, қорғауыш клапан шүмектен кейін орналасады. Сол себепті су беретін түтік су ағып тұрған сәтте ғана қысымды болады. Суды қабылдайтын түтіктен су кетсе, қорғауыш клапан су беруді тоқтатады.

Су қабылдайтын түтікті орнатқан кезде, келесі кеңестерге назар аударыңыз:

Қорғауыш клапанға келетін электр тоғының сымы қос қабатты түтіктің ішіне енгізілген. Су қабылдайтын түтікті немесе қорғауыш клапанды суға батырмаңыз.

Егер су қабылдайтын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бұзылса, машинаны электр желісінен ажыратып қойыңыз.

Қорғауышклапаныбарсуқабылдайтынтүтіктіжергіліктіқызмет көрсету орталығының қызметкері ауыстырып беруі керек.

Су қабылдайтын түтік ешқашан қорғауыш клапанның астыңғы жағынан жоғары орналаспау керек.

Loading...
+ 67 hidden pages