Aeg FAVORIT 65042IM0P User Manual [ru]

FAVORIT 65042 I
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА ИНСТРУКЦИЯ ПО
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 38
НҰСҚАУЛАРЫ
ЭКСПЛУАТАЦИИ
19
2
www.aeg.com
2
4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР 6 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 7 БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
8 БАҒДАРЛАМАЛАР 10 ФУНКЦИЯЛАР 11 БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН 13 ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ 15 АҚЫЛ-КЕҢЕС 16 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ 17 АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ 18 ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардың барлығын таба аласыз...
ҚАЗАҚ
3
интернеттегі мына дүкенге барыңыз: www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға тиіс. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
www.aeg.com
4
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл­есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
ОРНАТУ
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған жерлерде қолдануға арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде – Фермадағы үйлерде – Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғынды жерлерде – Төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын! Жарақат алу қауіпі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Электр, өрт қатері пайда болуы немесе адам күйіп қалуы мүмкін.
ҚАЗАҚ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
5
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
www.aeg.com
6
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
12
11
10
Ең үстіңгі бүріккіш түтік
1
Үстіңгі бүріккіш түтік
2
Астыңғы бүріккіш түтік
3
Сүзгілер
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Тұз сауыты
6
Су кермектігі тетігі
7
Шайғыш зат үлестіргіші
8
Жуғыш зат үлестіргіші
9
Ас құралдары себеті
10
Астыңғы себет
11
Үстіңгі себет
12
1
7
8
9
6
4
5
3
2
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
ҚАЗАҚ
7
Қосу/өшіру түймешігі
1
Program түймешігі
2
Бағдарлама индикаторлары
3
Бейнебет
4
2
8
C
B
A
Индикатор шамдары Сипаттама
Multitab индикаторы.
ExtraHygiene индикаторы.
Жуу циклінің индикаторы.
Шаю циклінің индикаторы.
Кұрғату циклінің индикаторы.
Аяқтау индикаторы.
4
3
7
Delay түймешігі
5
Start түймешігі
6
Индикатор шамдары
7
Option түймешігі
8
5
6
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде осы индикатор сөніп тұрады.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде осы индикатор сөніп тұрады.
Кешіктіру индикаторы.
Есік индикаторы. Бұл индикатор есік жабылмағанда жанады.
www.aeg.com
8
БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Ластану дәрежесі
Кірдің түрі
1)
Барлығы Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
2)
Қатты ластанған Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен
Бағдарлама циклдар
Алғашқы жуу Жуу 45 °C градустан 70 °C дейін Шаю циклдары Құрғату
Алғашқы жуу Жуу 70 °C Шаю циклдары Құрғату
Функциялар
ExtraHygiene
табалар
3)
Қалыпты ластанған Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Алғашқы жуу Жуу 50 °C Шаю циклдары Құрғату
4)
Жаңа ластанған Фарфор ыдыс-аяқ
Жуу 60 °C Шаю
ExtraHygiene
пен ас құралдары
5)
Қалыпты ластанған Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Алғашқы жуу Жуу 50 °C Шаю циклдары
ExtraHygiene
Құрғату
1)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады. Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу шамасы мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2)
Бұл бағдарламада ExtraHygiene параметрі жұмыс істейді.
3)
Бұл ең шуылсыз жуатын бағдарлама. Шуыл деңгейін азайту үшін сорғы өте төмен жылдамдықпен жұмыс істейді. Жылдамдық төмен болғандықтан бағдарлама уақыты ұзақ.
4)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
5)
Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады.
Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Ұзақтық (мин)
Қуат (кВт)
Су (л)
40 - 150 0.6 - 1.4 7 - 14 140 - 160 1.4 - 1.6 13 - 14 200 - 220 1.1 - 1.2 9 - 11 30 0.8 9 160 - 180 0.8 - 0.9 9 - 10
1)
Бағдарламаның ұзақтығы мен тұтыну мәндерін судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз. info.test@dishwasher-production.com Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
ҚАЗАҚ
9
www.aeg.com
10
ФУНКЦИЯЛАР
MULTITAB ФУНКЦИЯСЫ
Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды қолданғанда ғана іске қосыңыз. Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөнеді. Бағдарламаның уақыты ұзарады.
• Option түймешігін multitab индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
• Параметр сөндіргенше қосулы тұрады. Option түймешігін multitab индикаторы сөнгенше қайта-қайта басыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab параметрін ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай және ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
Параметрлерді бағдарламаны бастамай тұрып іске қосыңыз немесе сөндіріңіз. Параметрлерді бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше параметрлер орнатылса, тиісті индикаторлардың бағдарламаларды бастамай тұрып қосылғанына көз жеткізіңіз.
EXTRAHYGIENE
Бұл параметр гигиенаны сақтауға қатысты жақсы нәтижелер береді. Шаю циклі кезінде температура 10-14 минут 70 °C градуста тұрады. Option түймешігін ExtraHygiene индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз. Егер бұл параметр бағдарламада жұмыс істесе, индикатор жанбайды.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
ҚАЗАҚ
11
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі
тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
Егер аралас жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, multitab функциясын іске қосыңыз.
СУ ЖҰМСАРТҚЫШТЫ РЕТТЕУ
Су қысымы
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
51 - 70 91 - 125 9.1 - 12.5 64 - 88
43 - 50 76 - 90 7.6 - 9.0 53 - 63
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 1 4 11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және электрондық тәсілмен реттеу қажет.
Су жұмсартқыш
Қолдан Электр
2
2
2
2
2
2
1
реттеу
1)
1)
1)
1)
1)
1)
2)
онды
тәсілме
н
10
9
8
7
6
1)
5
2)
1
Қолмен реттеу
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші орынға бұраңыз.
www.aeg.com
12
Электрондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз. "БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ" тарауын қараңыз.
3. Delay және Start түймешіктерін (A), (B) және (C) индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. Program түймешігін басыңыз.
ТҰЗ САУЫТЫН ТОЛТЫРУ
•(B) және (C) индикаторлары сөнеді.
•(A) индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Бейнебетте су жұмсартқыштың параметрі көрсетіледі. Мысалы:
5-ші деңгей.
5. Параметрді өзгерту үшін Program сенсорлық түймешігін қайта-қайта басыңыз.
6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытымен бұрап жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.
=
ШАЙҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІН ТОЛТЫРУ
A
B
A
X
M
2
1
3
4
+
-
1.
2.
3.
4.
C
D
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз, 'max' деңгейінен асырмаңыз.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін (B) 1 (ең аз мөлшер) және 4 (ең көп мөлшер) аралығына қоюға болады.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
M
A
X
1
2
3
4
+
-
ҚАЗАҚ
13
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз, "БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ" тарауын қараңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
B
A
30
20
C
1.
2.
3.
4.
5.
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Параметрлерді орнату режимі
Кей әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс. Құрылғы іске қосылғаннан кейін параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары
жанады.
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы
көрсетіледі. Бейнебетте басқа жағдай орын алса, Delay және Start түймешіктерін құрылғы параметрлерді орнату режиміне ауысқанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
түймешігін басыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса, шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс орнатыңыз да, іске қосыңыз.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз. Бағдарламаның алдын ала жуу циклы
болса, құрылғы есігінің ішкі бөліміне жуғыш заттан аздап салыңыз.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A) салыңыз.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
4. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. Program түймешігін орнатқыңыз келген бағдарламаның индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
жыпылықтайды.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының
индикаторлары жанады.
6. Қаласаңыз, параметрлерді орната аласыз.
7. Start түймешігін басыңыз. Бағдарлама басталады.
• Орындалып тұрған циклдің индикаторы
ғана жанып тұрады.
• Бейнебетте 1 минутқа тең қадаммен
азайып тұратын бағдарлама ұзақтығы көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны және параметрлерді орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты (1- 24
www.aeg.com
14
сағат) көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты жыпылықтайды.
• Кешіктіру индикаторы қосылады.
3. Start түймешігін басыңыз. Кері санақ басталады.
• Бейнебетте 1 сағатқа тең қадаммен
азаятын кешіктіріп бастау уақытының кері санағы көрсетіледі.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының
индикаторлары сөнеді.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады. – Орындалып тұрған циклдің индикаторы
жанады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
Delay түймешігін келесі жағдай орын алғанша қайта-қайта басыңыз:
• Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
• Цикл индикаторлары жанады.
• Бағдарлама басталады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/өшіру түймешігін баспасаңыз, бірнеше минуттан кейін AUTO OFF құралы құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез салқындайды.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Delay және Start түймешігін келесі жағдай орын алғанша басып ұстап тұрыңыз:
• Барлық бағдарламалардың индикаторлары жанады.
• Бейнебетте 2 көлденең қалып-күй жолағы көрсетіледі.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте "соңы" индикаторы жанады және 0 көрсетіледі.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ҚАЗАҚ
15
СУ ЖҰМСАРТҚЫШ
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі мүмкін минералдар өте көп мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды бейтарап етеді. Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды. Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ
Себеттерді толтыру мысалдары көрсетілген парақшаны қараңыз.
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай құрғатуға көмектеседі.
• Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және басқа қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің орамындағы нұсқауларды қараңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып қалмас үшін жуғыш таблеткаларды пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың орамындағы нұсқауларды қараңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ АЛДЫНДА
Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып тұрғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде қолданылғанын.
• Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш заттың (егер аралас жуғыш таблетканы қолданбасаңыз) бар екенін.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап жабылғанын.
ТҰЗ, ШАЙҒЫШ ЗАТ ЖӘНЕ ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды, шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
www.aeg.com
16
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
C
B
A1
A2
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді. Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.
1.
Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап алыңыз.
2.
C
A
(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және (A2) бөліктерін ажыратыңыз.
3.
(B) сүзгісін алыңыз.
4.
Сүзгіні сумен жуыңыз.
5.
(B) сүзгісін әдепкі орнына салыңыз. Сүзгінің екі бағыттағыштың (C) астына дұрыс кірігіп орналасқанына көз жеткізіңіз.
6.
(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіндегі орнына қойыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ҚАЗАҚ
17
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады. Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Болмаса, Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте ескерту кодтары көрсетіледі:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын! Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі Бағдарлама
басталмай тұр.
Қуат ашасы розеткаға сұғылмаған.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұр. Құрылғы есігін жабыңыз. Start басылмаған. Start түймешігін басыңыз. Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғышқа нұқсан
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
келген.
Кешіктіріп бастау функциясы
орнатылған.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатыңыз немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғыға су
Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті ашыңыз.
құйылмай тұр. Судың қысымы тым төмен. Жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласыңыз.
Су құйылатын шүмек бітелген
Су құятын шүмекті тазалаңыз.
немесе оған қақ тұрған.
Су құятын түтіктегі сүзгі бітеліп
Сүзгіні тазалаңыз.
қалған.
Су құятын түтік майысып
немесе бастырылып қалған.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Құрылғының ішіне су аққан.
Түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыдан су ақпай тұр.
Су төгетін түтік майысып
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады. Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бейнебетте басқа ақаулық кодтары көрсетілсе, Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Раковинаның түтікшесі бітеліп қалған.
немесе бастырылып қалған.
ЕГЕР ЖУУ ЖӘНЕ ҚҰРҒАТУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Раковинаның түтікшесін тазалаңыз.
Түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Loading...
+ 39 hidden pages