Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• 3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды жұмыс
істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.
• Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
• Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны қосу керек.
• Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Ең көп 6 кг салмақ көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
• Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа)
аралығында болуы керек.
2
• Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем, төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
• Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа
түтік жинағын қолданып қосу керек.
• Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
• Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
• Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
• Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Тасымал болттарын сенімді жерде
сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде,
ішкі бөліктеріне зақым келмес үшін
барабанды бекіту үшін оларды қайта салу
керек.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге
орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылған еден тегіс, орнықты,
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында тиісті орын
қалдыру үшін өзгермелі тіректерді реттеңіз.
• Құрылғыны құрылғының қақпағы толық
ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласып біліңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау
желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету
орталығы жүзеге асыруға тиіс.
3
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
СУҒА ҚОСУ
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған түтіктерді орнату алдында,
жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан
кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза
және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе
бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су
ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу және өрт қаупі,
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Бұл үйде ғана қолдануға арналған құрылғы.
• Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың
алынғанына көз жеткізіңіз.
• Май немесе басқа да майлы заттар қатты
ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір
жуғыш машинаның резеңке бөліктерін
зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір
жуғыш машинаға салар алдында, алдын
ала қолмен жуыңыз.
СЕРВИС
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр және сумен жабдықтау
желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары барабанға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
ағытып алыңыз.
• Құрылғыны Ескірген электр және
электроника құрылғыларын тастауға
(WEEE) арналған жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз.
4
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3
1
4
5
2
90°
60°
40°
30°
1200
1000
800
Отложенный старт
Вкл/Выкл
Синтетика
Хлопок
Деликатная
Освежить 20 мин
Шерсть / Ручная стирка
Хлопок ЭКО
Микс 20°
ч
ч
ч
Интенсивная
Полоскание
Отжим/Слив
Легкая
глажка
Быстрая
7 8621345
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
Басқару панелі
1
Қақпақ
2
Қақпақтың тұтқасы
3
Құрылғыны деңгейлеуге арналған тіректер
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1
2
Вкл/Выкл түймешік
Бағдарлама таңдайтын сенсорлық
түймешік
3
Температураның сенсорлық түймешігі
4
Айналдыру режимін таңдау түймешігі
Параметрлерді таңдайтын сенсорлық
5
түймешік
6
Бастау/Үзіліс сенсорлық пернесі
Индикаторлар:
7
Бала қауіпсіздігінің индикаторы
Қосымша шаю индикаторы
5
Есік құлыптаулы индикаторы
БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
8
Кешіктіріп бастау сенсорлық пернесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
30'@30°
30°C
Хлопок
90°C - Суық
Хлопок
1)
Эко
60°C - 40°C
Синтетика
60°C - Суық
Деликатная
40°C - Суық
Шерсть/Ручная
стирка
40°C - Суық
Освежить 20
мин
40°C - 30°C
Микс 20°
20°C
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын, 6 кг салмаққа
арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына
сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы
бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
2) Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған
сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін.
3) Ешбір температура индикаторы қосулы емес
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
2 кг
800 мин/айн
6 кг
1200 мин/айн
6 кг
1200 мин/айн
2,5 кг
1200 мин/айн
2,5 кг
1200 мин/айн
1 кг
1200 мин/айн
1 кг
1200 мин/айн
2,5 кг
1200 мин/айн
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін
синтетика және нәзік заттарға арналған қысқа
цикл.
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты және
шамалы ластанған кір.
Ақ және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты
кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу
бағдарламасының уақыты ұзарады.
Синтетика немесе аралас матадан жасалған
заттар. Қалыпты кірлеген.
Акрил, вискоза, полиэстер сияқты биязы
матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар
Шамалы кірлеген немесе бір рет ғана киілген мақтамата және синтетика заттарға арналған өте қысқа
цикл.
Шамалы кірлеген мақта матаға, синтетикаға және
аралас маталарға арналған арнайы бағдарлама.
Қуат мөлшерін азайту үшін осы бағдарламаны
орнатыңыз. Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу
үшін, жуғыш заттың төмен температураға
арналғанын тексеріңіз3).
2)
6
Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі
Бағдарлама
1)
Быстрая
Интенсивная
30'@30°■■■■
Хлопок■■■■■■■■■■
Хлопок Эко■■■■■■■■
Синтетика■■■■■■■■■■
Деликатная■■■■■■■■■
Шерсть/Ручная
стирка
Освежить 20 мин■■■■■■
Микс 20°■■■■■■■
1) Бұл функцияны орнатқан кезде кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Кірді толтыра салуға
болады, бірақ жуу нәтижесі қанағаттанарлық болмайды. Ұсынылатын салыным: мақта мата: 3
кг, синтетика және нәзік мата: 1,5 кг.
■■■■■■
Полоскание
Легкая глажка
Отжим/Слив
ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Осы кестеде орташа мәндер көрсетілген. Түрлі айнымалы шамалар деректерді
өзгертуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және қоршаған ортаның
температурасы.
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата 60°C61,1056180
Мақта мата, үнемді 60 °C
бағдарламасы
Мақта мата 40°C60,6554150
Синтетика 40°C2,50,4546105
Нәзік мата 40°C2,50,554690
1)
60,8047246
7
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Жүн мата/Қолмен жуу 30°C
1) 6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» үшін EEC 92/75
стандарттарына сай қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде берілген
бағдарлама.
Сөндіру режимі (Вт)Қосулы режим (Вт)
0,480,48
Жоғарыдағы кестеде берілген ақпарат 2009/125/EО директивасын жүзеге асыру үшін ЕО
Комиссиясының 1015/2010 стандартына сай берілген.
10,355065
ФУНКЦИЯЛАР
ТЕМПЕРАТУРА
Осы функцияның көмегімен әдепкі
температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы
жанады.
АЙНАЛДЫРУ
Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру
жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы
жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
• Барлық айналдыру циклдарын болдырмау
үшін осы функцияны орнатыңыз. Су төгу
циклы ғана жұмыс істейді.
• Тиісті индикатор жанады.
• Бұл функцияны өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
• Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы
көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
• Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
• Тиісті индикатор жанады.
• Бағдарлама аяқталған кезде барабан
ішінде су қалады.
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгілмезгіл айналып тұрады.
• Қақпақ құлыпталып тұрады. Қақпақты ашу
үшін суды міндетті түрде төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
БЫСТРАЯ
Осы функция арқылы бағдарламаның
уақытын азайтуға болады.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе
жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін
қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
ИНТЕНСИВНАЯ
Осы функцияның көмегімен қатты кірлеген
кірді жууға болады.
Осы функцияны қосқанда, жуу циклы ұзағырақ
болады.
Тиісті индикатор жанады.
ЛЕГКАЯ ГЛАЖКА
Құрылғы кір қыжымданып қалмас үшін баппен
жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын азайтады,
суды көбірек пайдаланады және
бағдарламаның уақытын кірдің түріне
лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.
8
ПОЛОСКАНИЕ
Осы функцияның көмегімен, таңдалған жуу
бағдарламасындағы ең соңғы шаю режимін
орындауға болады.
Сонымен қатар Қосымша шаю (
функциясын орнатсаңыз, құрылғы екі немесе
көп шаю циклдарын қосады.
Тиісті индикатор жанады.
ОТЖИМ/СЛИВ
Осы фунцияның көмегімен айналдыру және су
төгу циклдарын орындай аласыз.
Айналдыру циклы орнатылған жуу
бағдарламасына сай келеді.
Сонымен қатар, Айналдырмау ()
циклын орнатсаңыз, құрылғы тек
суды төгу циклын ғана орындайды.
)
ПАРАМЕТРЛЕР
ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 9,
6 немесе 3 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға
болады.
Орнатылған мәннің индикаторы жанады.
ҚОСЫМША ШАЮ
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға
болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы
бар адамдар үшін және суы тым тұщы
жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
1)
ТҰРАҚТЫ ҚОСЫМША ШАЮ
Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама
орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты
орнатылып тұрады.
• Осы функцияны қосу/сөндіру үшін
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Осы функцияның көмегімен балалар басқару
панелімен ойнауға жол бермейсіз.
• Осы функцияны қосу/сөндіру үшін,
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
Бұл функцияны түймешігін басқаннан
кейін іске қосыңыз: түймешіктер бұғатталған
( түймешігінен басқа) .
ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
және түймешіктерін 4 секунд қатар
басыңыз.
Бұл функция құрылғыны
сөндіргеннен кейін де жұмыс істеп
тұрады.
Егер дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла береді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар
болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.
1) Осы функцияны іске қосуға қатысты ақпаратты "Параметрлер" тарауынан қараңыз.
9
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
A
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРДІ САЛУ
1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймешігін басыңыз.
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Құрылғының есігін
жабар алдында, барабанның
дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп
алыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған
бөлік (мата жұмсартқыш,
крахмал).
АБАЙЛАҢЫЗMAX
деңгейінен
асырмаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ
Құрылғыны іске қосу немесе сөндіру үшін Вкл/
Выкл түймешігін бірнеше секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Құрылғы іске қосылған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ
1. Бағдарлама түймешігін басып,
бағдарламаны орнатыңыз:
•
түймешігінің индикаторы баяу
жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температура мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз немесе
қолжетімді параметрлерді қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде орнатылған
параметрдің индикаторы жанады.
Қандай бір параметрді дұрыс
орнатпасаңыз, түймешігінің
индикаторы үш рет қызыл түспен
жыпылықтайды.
ЖУҒЫШ ЗАТ САЛЫНАТЫН БӨЛІКТЕР
Жуу циклына арналған жуғыш
зат бөлігі.
10
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
түймешігін басыңыз.
•
түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы
тұрады.
• Бағдарлама басталып, қақпақ
құлыпталады да, индикаторы
жанады.
Су сорғысы жуу циклының
басында шамалы уақыт жұмыс
істейді.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ БАР
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Бағдарламаны 9, 6 немесе 3 сағатқа дейін
кешіктіріп бастауға болады.
1. Кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін
түймешігін басыңыз.
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытының
индикаторы жанады.
2.
түймешігін басыңыз:
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Орнатылған кешіктіріп бастау
уақытының мәнін түймешігін
түртпей тұрып болдырмауға
немесе өзгертуге болады.
түймешігін түрткеннен кейін
кешіктіруді болдырмайтын ғана
мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау
үшін:
1. Құрылғыны үзіліске қою үшін
түймешігін түртіңіз.
2. түймешігін орнатылған кешіктіру
индикаторы сөнгенше басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін
түймешігін қайта түртіңіз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ ЖӘНЕ
ПАРАМЕТРЛЕРДІ ӨЗГЕРТУ
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып
өзгертуге болады.
1. түймешігін басыңыз.
Осы түймешіктің индикаторы жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ
1. Бағдарламаны біржола тоқтатып
құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін осы түймешікті
қайта басыңыз. Енді жаңа жуу
бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау
алдында құрылғының суы төгіледі.
Бұл жағдайда, жуғыш зат
үлестіргіште жуғыш заттың әлі бар
екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ
болса қайтадан толтырыңыз.
ҚАҚПАҚТЫ АШУ
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс
істеп тұрғанда, құрылғының қақпағы бекітулі
тұрады. индикаторы жанады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның
ішіндегі судың температурасы мен
деңгейі өте жоғары болса,
қақпақты аша алмайсыз.
Қақпақты циклдың бастапқы 10 минутында
және кешіктіріп бастау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда ашыңыз:
1. Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
2. Қақпақ бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3. Қақпақты ашуға болады.
4. Қақпақты жауып,
басыңыз. Бағдарлама (немесе кешіктіріп
бастау функциясы) жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
қақпақты ашу:
1. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін Вкл/Выкл қалпына бұраңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының қақпағын ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, бағдарламаны қайта
орнатыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы
тұрса).
• түймешігінің индикаторы сөнеді.
• Қақпақ құлпының индикаторы
(қақпақтың құлпы ашылғанда) жыпылықтап,
содан кейін сөнеді.
• Қақпақты ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос
екеніне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны сөндіру үшін
бірнеше секунд басыңыз.
• Судың шүмегін жабыңыз.
түймешігін қайта
түймешігін
11
Loading...
+ 25 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.