Zanussi ZWY61023CI User Manual

GETTING STARTED?
EASY.
User Manual
ZWY61023CI
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 20

ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде
пайдалану керек, мысалы:
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының ас үйлерінде;
2
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас қонақжайлары
мен басқа резиденциялық жерлерде;
коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын жерлерде.
Ең көбі 6кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама кестесі"
тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем, төсеніш
немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОРНАТУ

Жергілікті стандарттарға сәйкес етіп орнату керек.
• Барлық орам материалдарын және тасымал болттарын, пластик тығыздағышы бар резеңке төлкесін алыңыз.
• Тасымал болттарын сенімді жерде сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде, ішкі бөліктеріне зақым келмеу үшін барабанды бекіту үшін оларды қайта салу керек.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан
• Құрылғы орнатылатын еден тегіс, орнықты,
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
іске қоспаңыз.
нұсқауларын орындаңыз.
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
3
• Құрылғы мен еден арасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан кейін, ватерпас арқылы деңгейінің әбден дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше реттеңіз.
• Құрылғыны едендегі су ағатын арықшаның үстіне тура орнатпаңыз.
• Құрылғыға су шашпаңыз және шамадан тыс көп ылғалдың әсер етуіне жол бермеңіз.
• Құрылғыны құрылғының қақпағы толық ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды құю үшін жабық сауыт қоймаңыз. Қолданылатын керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып біліңіз.

ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ

ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

СУҒА ҚОСУ

• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт қолданылмаған түтіктерді орнату алдында, жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік тым қысқа болса ұзартқыш түтікті қолданбаңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Су төгетін түтіктен судың ағып тұрғанын көруге болады. Бұл құрылғыны зауытта суды пайдаланып сынақтан өткізгенге байланысты.
• Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге ұзартуға болады. Басқа су төгетін түтік алу не оны ұзарту үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ПАЙДАЛАНУ

ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың алынғанына көз жеткізіңіз.
• Май немесе басқа да майлы заттар қатты ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір жуғыш машинаның резеңке бөліктерін зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір жуғыш машинаға салар алдында, алдын ала қолмен жуыңыз.

СЕРВИС

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ

ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр және сумен жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары барабанға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
4
• Құрылғыны Ескірген электр және
5
2
3
1
4
90°
60°
40°
30°
Хлопок
Шерсть Ручная стирка
Полоскание Микс 20°
Синтетика
Хлопок +Предв. cтирка
Слив
Отжим
Легкая глажка
Освежить
20 мин
Джинсы
Хлопок Эко
Тонкие ткани
Быстрая
Температура Старт/Пауза
3ч 6ч 9ч
Отложенный
старт
Отжим
1
2 3
4567
электроника құрылғыларын тастауға
(WEEE) арналған жергілікті ережелерге сәйкес тастаңыз.

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ

Басқару панелі
1
Қақпақ
2
Қақпақтың тұтқасы
3
Құрылғыны деңгейлеуге арналған тіректер
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5

БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Бағдарлама түймешесі
1
Отложенный старт түймешігі
2
Индикаторлар:
3
Негізгі жуу циклы
Қосымша шаю циклы
4
5
6
Циклдың соңы Старт/Пауза түймешігі
Быстрая түймешігі
Отжим таңдау түймесі
5
Температура таңдау түймесі
7

ИНДИКАТОР ШАМДАРЫ

Жуу циклы
Индикатор Бастау түймесін басқаннан кейін жанады. Бұл құрылғының жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Экстра шаю
Индикатор құрылғы қосымша шаю циклын орындағанда жанады.

БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ

Ең үлкен
Бағдарлама
Температура ауқымы
Хлопок 90°C - Суық
Хлопок + Предв. стирка 90°C - Суық
Хлопок Эко
60°C - 40°C
Синтетика 60°C - Суық
Тонкие ткани 40°C - Суық
Шерсть/Ручная стирка
40°C - Суық
1)
салмақ
Базалық
айналдыру
жылдамдығ
ы
6 кг 1000 мин/айн
6 кг 1000 мин/айн
6 кг 1000 мин/айн
2,5 кг 1000 мин/айн
2,5 кг 700 мин/айн
1 кг 1000 мин/айн
Циклдың соңы
Индикатор бағдарлама аяқталғанда жанады.
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты, қатты
немесе аздап кірлеген.
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қатты және қалыпты кірлеген.
Ақ және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу бағдарламасының уақыты ұзарады және жақсы жуу нәтижелерімен қамтамасыз етеді.
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Баппен жууды қажет ететін акрил, вискоза және аралас маталарға арналған. Қалыпты
кірлеген.
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар, машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар2).
6
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен
салмақ
Базалық
айналдыру
жылдамдығ
ы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Mикc 20° 20°C
2,5 кг 1000 мин/айн
Шамалы кірлеген мақта мата, синтетика және аралас матадан жасалған заттарға арналған арнайы бағдарлама. Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін осы бағдарламаны таңдаңыз. Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін жуғыш затты төмен температурада
пайдалануға болатынына көз жеткізіңіз3).
Полоскание 2,5 кг
1000 мин/ айн
4)
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік матадан басқа.
Айналдыру жылдамдығын матаның түріне қарай азайтыңыз.
Слив 6 кг Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық
маталар.
Отжим 6 кг
1000 мин/айн
Легкая глажка 60°C - Суық
1 кг 900 мин/айн
Ocвeжить 20 МИН 30°C
1 кг 900 мин/айн
Джинсы 60°C - Суық
3 кг 1000
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге арналған. Жүн мата мен өте нәзік маталардан
басқа барлық маталар.
Баппен жууды қажет ететін синтетикалық заттар. Қалыпты және шамалы ластанған кір.
5)
Синтетика және нәзік мата заттар. Шамалы
кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет ететін заттар.
Джинс және джерси заттар. Баран түсті заттарға да арналған.
мин/айн
30'@30° 30°C
1 кг 700 мин/айн
Шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін синтетика және нәзік заттарға арналған қысқа цикл.
1) 6кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
2) Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан мүлдем айналмай немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы бағдарлама үшін қалыпты жағдай
3) Судың температурасы 20°C градустан төмен болса, құрылғы қысқа жылыту циклын орындайды. Құрылғы температура параметрін "суық" етіп көрсетеді
4) Әдепкі айналдыру жылдамдығы 700 мин/айн.
5) Бұл цикл кірдің мыжылуын азайту үшін судың температурасын реттеп, баппен жуу және
айналдыру циклын орындайды. Құрылғы бірнеше шаю циклдарын қосады.
7
Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі
1)
Бағдарлама
Отжим
Хлопок
Хлопок + Предв. стирка
Хлопок Эко
Синтетика
Тонкие ткани
Шерсть/Ручная стирка
Mикc 20°
Полоскание
Слив
Отжим
Легкая глажка
Ocвeжить 20 МИН
Джинсы
30'@30°
1) Бұл функцияны орнатқан кезде кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Кірді толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі қанағаттанарлық болмайды. Ұсынылатын салыным: мақта мата: 3 кг, синтетика және нәзік мата: 1,5 кг.
Быстрая
Отложенный старт

ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ

Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар көмегімен алынған. Әр түрлі себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері және түрі, қоршаған ортаның температурасы. Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін судың температурасы жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
8
Бағдарламалар
Мақта мата 60°C 6 1,10 56 180
Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы
Мақта мата 40°C 6 0,65 54 150
Синтетика 40°C 2,5 0,45 46 105
Нәзік мата 40°C 2,5 0,55 46 90
Жүн мата/Қолмен жуу 30°C 1 0,35 50 65
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 6 кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
Жоғарғы кестеде ақпарат 1015/2010 стандартына сай ЕО Комиссиясының 2009/125/EC директивасын жүзеге асыру үшін берілген.
1)
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
Салмақ
Қуат тұтыну
(кг)
(кВт/сағ)
6 0,87 43 246
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)

ФУНКЦИЯЛАР

ТЕМПЕРАТУРА

Осы функцияның көмегімен әдепкі температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы жанады.

ОТЖИМ

Осы түйменің көмегімен келесі функциялардың бірін орнатуға болады:
Орнатылған опцияның индикаторы жанады.
Айналдыруды авт. түрде азайту
Бұл опцияны макс. айналдыру жылдамдығын жартысына дейін азайту үшін орнатыңыз, бірақ ол 400 мин/айн-нан аз болмауға тиіс. Өте нәзік маталар үшін жарамды.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы параметрді орнатыңыз. Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан ішінде су қалады. Қақпақ құлыпталып тұрады. Қақпақтың бекітпесін ашу үшін суды төгу керек. Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.

БЫСТРАЯ

Осы функция арқылы бағдарламаның уақытын азайтуға болады.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.

ДОП. ПОЛОСКАНИЕ

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға болады.
9
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы
A
бар адамдар үшін және суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
1)

ПАРАМЕТРЛЕР

ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ

Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 9, 6 немесе 3 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.
Орнатылған мәннің индикаторы жанады.

ТҰРАҚТЫ ҚОСЫМША ШАЮ

Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін
Отжим және Быстрая түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.

ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА

Құрылғыны орнату кезінде немесе алғаш рет қолданар алдында оның ішінен суды байқайсыз. Зауытта толық функционалды сынақтан кейін қалған құрылғының ішінде қалдық су, тұтынушыға оның қалыпты жұмыс істеу жағдайында жеткізілуіне мүмкіндік береді және ешқандай алаңдаушылық туғызбайды.
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
4. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.

КІРДІ САЛУ

1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймесін басыңыз.
1) Бұл опцияны қосу жолдарын "Параметрлер" тарауынан қараңыз.
10
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Құрылғының есігін
жабар алдында, барабанның дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.

ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТ САЛЫНАТЫН БӨЛІКТЕР

Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
АБАЙЛАҢЫЗ MAX деңгейінен асырмаңыз.
Алдын ала жуу опциясын орнатқанда, алдын ала жуу циклына арналған жуғыш затты барабанға тура салыңыз.

БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ

1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
2. Қажет болса, айналдыру жылдамдығын
өзгертіңіз не қолжетімді опцияларды қосыңыз. Параметрді қосқан кезде орнатылған параметрдің индикаторы жанады.
Егер дұрыс параметр орнатылмаса, Старт/Пауза индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

Старт/Пауза түймесін басыңыз.
• Бұл түйме индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
• Бағдарлама басталып, қақпақ құлыпталады да, ағымдық циклдың индикаторы жанады.
• Су сорғысы жуу циклының басында шамалы уақыт жұмыс істейді.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ БАР БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

1. Орнатқыңыз келген кешіктіру уақытын
орнату үшін Отложенный старт түймесін басыңыз.
Орнатылған кешіктіріп бастау уақытының индикаторы жанады.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз:
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама автоматты түрде басталады.
Орнатылған кешіктіріп бастау опциясынан Старт/Пауза түймесін баспай тұрып бас тартуға не өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау үшін:
1. Құрылғыны үзіліске қою үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
2. Отложенный старт түймешігін орнатылған
кешіктіріп бастау уақыты сөнгенше басыңыз. Бағдарламаны дереу бастау үшін Старт/ Пауза түймешігін қайта басыңыз.

БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ ЖӘНЕ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ӨЗГЕРТУ

Кей функцияларды ғана басталмай тұрып өзгертуге болады.
1. Старт/Пауза түймесін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
11

ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ

1. Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау алдында құрылғының суы төгіледі. Бұл жағдайда, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың әлі бар екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ болса қайтадан толтырыңыз.

ҚАҚПАҚТЫ АШУ

Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының қақпағы бекітулі тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның ішіндегі судың температурасы мен деңгейі өте жоғары болса, қақпақты аша алмайсыз.
Қақпақты циклдың бастапқы 10 минутында және кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп тұрғанда ашыңыз:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
2. Қақпақты бірнеше минут күте тұрғаннан
кейін ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, Старт/Пауза түймесін
қайта басыңыз. Бағдарлама (не кешіктіріп бастау) жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда қақпақты ашу:
1. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына бұраңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының қақпағын ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, бағдарламаны қайта
орнатыңыз.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ

• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Старт/Пауза түймесінің индикаторы сөнеді.
индикаторы жанады.
• Қақпақты ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз. Судың шүмегін жабыңыз.
• Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қалпына бұраңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін қақпақты сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл­мезгіл айналып тұрады.
Старт/Пауза түймесінің индикаторы жыпылықтайды. Қақпақ құлыпталып тұрады.
• Қақпақты ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. "Суды төгу" не "Айналдыру"
бағдарламасын орнатыңыз. Қажет болса, айналдыру жылдамдығын азайтыңыз.
2. Старт/Пауза түймесін басыңыз. Құрылғы
суды төгеді де, айналдыру кезеңін орындайды.
3. Қақпақты бағдарлама аяқталғаннан кейін
бірнеше минут өткенде ашуға болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына бұраңыз.

АҚЫЛ-КЕҢЕС

КІР САЛУ

• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті, синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын орындаңыз.
• Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып, тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен
12
батырма түймешіктерді салыңыз. Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды ашыңыз.
• Көп қабатты матадан, жүн матадан және сурет салынған киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
• Қатып қалған дақтарды арнайы жуғыш затпен тазалаңыз.
• Қатып қалған дақтары бар заттарды барабанға салу алдында жуыңыз және дағын алдын ала кетіріңіз.
Loading...
+ 28 hidden pages