Zanussi ZWY50924CI User Manual [ru]

GETTING STARTED?
EASY.
User Manual
ZWY 50924CI
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 19
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса, оны
қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде
пайдалану керек, мысалы:
2
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының ас үйлерінде;
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас қонақжайлары
мен басқа резиденциялық жерлерде;
коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын жерлерде.
Ең көбі 5.5кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама кестесі"
тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем, төсеніш
немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
Жергілікті стандарттарға сәйкес етіп орнату керек.
• Барлық орам материалдарын және тасымал болттарын, пластик тығыздағышы бар резеңке төлкесін алыңыз.
• Тасымал болттарын сенімді жерде сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде,
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
ішкі бөліктеріне зақым келмеу үшін барабанды бекіту үшін оларды қайта салу керек.
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
іске қоспаңыз.
3
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еден тегіс, орнықты, қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан кейін, ватерпас арқылы деңгейінің әбден дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше реттеңіз.
• Құрылғыны едендегі су ағатын арықшаның үстіне тура орнатпаңыз.
• Құрылғыға су шашпаңыз және шамадан тыс көп ылғалдың әсер етуіне жол бермеңіз.
• Құрылғыны құрылғының қақпағы толық ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды құю үшін жабық сауыт қоймаңыз. Қолданылатын керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып біліңіз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
СУҒА ҚОСУ
• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт қолданылмаған түтіктерді орнату алдында, жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін немесе жаңа құралдарды орнатқаннан кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік тым қысқа болса ұзартқыш түтікті қолданбаңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Су төгетін түтіктен судың ағып тұрғанын көруге болады. Бұл құрылғыны зауытта суды пайдаланып сынақтан өткізгенге байланысты.
• Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге ұзартуға болады. Басқа су төгетін түтік алу немесе оны ұзарту үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың алынғанына көз жеткізіңіз.
• Май немесе басқа да майлы заттар қатты ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір жуғыш машинаның резеңке бөліктерін зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір жуғыш машинаға салар алдында, алдын ала қолмен жуыңыз.
СЕРВИС
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
4
• Құрылғыны электр және сумен жабдықтау
3
1
4
5
2
90°
60°
40°
30°
900
700
500
Отложенный старт
Вкл/Выкл
Синтетика
Хлопок
Деликатная
Освежить 20 мин
Шерсть / Ручная стирка
Хлопок ЭКО
Микс 20°
ч
ч
ч
Интенсивная
Полоскание
Отжим/Слив
Легкая глажка
Быстрая
7 8621 3 4 5
желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары барабанға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
• Құрылғыны Ескірген электр және электроника құрылғыларын тастауға (WEEE) арналған жергілікті ережелерге сәйкес тастаңыз.
Басқару панелі
1
Қақпақ
2
Қақпақтың тұтқасы
3
Құрылғыны деңгейлеуге арналған тіректер
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1
Вкл/Выкл түймешік
Бағдарлама таңдайтын сенсорлық
2
түймешік
5
3
Температураның сенсорлық түймешігі
4
Айналдыру режимін таңдау түймешігі Параметрлерді таңдайтын сенсорлық
5
түймешік
6
Бастау/Үзіліс сенсорлық пернесі
БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ
Индикаторлар:
7
Бала қауіпсіздігінің индикаторы
Қосымша шаю индикаторы
Есік құлыптаулы индикаторы
8
Кешіктіріп бастау сенсорлық пернесі
Бағдарлама
Температура
ауқымы
30'@30° 30°C
Хлопок 90°C - Суық
Хлопок
1)
Эко 60°C - 40°C
Синтетика 60°C - Суық
Деликатная 40°C - Суық
Шерсть/Ручная стирка 40°C - Суық
Освежить 20 мин 40°C - 30°C
Микс 20° 20°C
1) 5.5кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
2) Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан мүлдем айналмай немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы бағдарлама үшін қалыпты жағдай
3) Ешбір температура индикаторы қосулы емес
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
2 кг 700 мин/айн
5.5 кг 900 мин/айн
5.5 кг 900 мин/айн
2.5 кг 900 мин/айн
2.5 кг 900 мин/айн
1 кг 900 мин/айн
1 кг 900 мин/айн
2.5 кг 900 мин/айн
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін синтетика және нәзік заттарға арналған қысқа цикл.
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты, қатты
немесе аздап кірлеген.
Ақ және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу бағдарламасының уақыты ұзарады және жақсы жуу нәтижелерімен қамтамасыз етеді.
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Баппен жууды қажет ететін акрил, вискоза және аралас маталарға арналған. Қалыпты кірлеген.
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар, машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар2).
Шамалы кірлеген немесе бір рет ғана киілген мақта мата және синтетика заттарға арналған өте қысқа цикл.
Шамалы кірлеген мақта матаға, синтетикаға және аралас маталарға арналған арнайы бағдарлама. Қуат мөлшерін азайту үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін, жуғыш заттың төмен температураға
арналғанын тексеріңіз3).
6
Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі
Бағдарлама
1)
Быстрая
Интенсивная
30'@30°
Хлопок
Хлопок Эко
Синтетика
Деликатная
Шерсть/Ручная стирка
Освежить 20 мин
Микс 20°
1) Бұл функцияны орнатқан кезде кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Кірді толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі қанағаттанарлық болмайды. Ұсынылатын салыным: мақта мата:
2.75 кг, синтетика және нәзік мата: 1.5 кг.
Полоскание
Легкая глажка
Отжим/Слив
ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ
Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар көмегімен алынған. Деректерді әр түрлі себептер өзгертуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі және қоршаған ортаның температурасы. Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін судың температурасы жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бағдарламалар
Мақта мата 60°C 5.5 1,20 55 150
Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы
Мақта мата 40°C 5.5 0,70 55 120
Синтетика 40°C 2.5 0,55 45 103
1)
Салмақ
Қуат тұтыну
(кг)
(кВт/сағ)
5.5 0,77 44 224
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
7
Бағдарламалар
Нәзік мата 40°C 2.5 0,50 45 80
Жүн мата/Қолмен жуу 30°C 1 0,35 50 70
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 5.5кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
Жоғарғы кестедегі ақпарат 1015/2010 стандартына сай, ЕО Комиссиясының 2009/125/EC директивасын жүзеге асыру үшін берілген.
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
ФУНКЦИЯЛАР
ТЕМПЕРАТУРА
Осы функцияның көмегімен әдепкі температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы жанады.
АЙНАЛДЫРУ
Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
• Барлық айналдыру циклдарын болдырмау үшін осы функцияны орнатыңыз. Су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
• Тиісті индикатор жанады.
• Бұл функцияны өте нәзік маталар үшін орнатыңыз.
• Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
• Кірлер мыжылып қалмас үшін осы параметрді орнатыңыз.
• Тиісті индикатор жанады.
• Бағдарлама аяқталған кезде барабан ішінде су қалады.
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл­мезгіл айналып тұрады.
• Қақпақ құлыпталып тұрады. Қақпақты ашу үшін суды міндетті түрде төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.
БЫСТРАЯ
Осы функция арқылы бағдарламаның уақытын азайтуға болады.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
ИНТЕНСИВНАЯ
Осы функцияның көмегімен қатты кірлеген кірді жууға болады.
Осы функцияны қосқанда, жуу циклы ұзағырақ болады.
Тиісті индикатор жанады.
ЛЕГКАЯ ГЛАЖКА
Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін абайлап жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын азайтады, суды көбірек пайдаланады және бағдарламаның уақытын кірдің түріне лайықтап қолданады.
8
Тиісті индикатор жанады.
ПОЛОСКАНИЕ
Осы функцияның көмегімен, таңдалған жуу бағдарламасындағы ең соңғы шаю режимін орындауға болады.
Сонымен қатар Қосымша шаю ( ) функциясын орнатсаңыз, құрылғы екі немесе көп шаю циклдарын қосады.
Тиісті индикатор жанады.
ОТЖИМ/СЛИВ
Осы фунцияның көмегімен айналдыру және су төгу циклдарын орындай аласыз.
Айналдыру циклы орнатылған жуу бағдарламасына сай келеді.
Сонымен қатар, Айналдырмау циклын орнатсаңыз, құрылғы тек суды төгеді.
ПАРАМЕТРЛЕР
ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 9, 6 немесе 3 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.
Орнатылған мәннің индикаторы жанады.
ҚОСЫМША ШАЮ
Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы бар адамдар үшін және суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
1)
ТҰРАҚТЫ ҚОСЫМША ШАЮ
Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
• Осы функцияны қосу/сөндіру үшін және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Осы функцияның көмегімен балалар басқару панелімен ойнауға жол бермейсіз.
• Осы функцияны қосу/сөндіру үшін,
және түймешіктерін индикаторы жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
Бұл функцияны түймешігін басқаннан кейін іске қосыңыз: түймешіктер бұғатталған
( түймешігінен басқа) .
ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда қосылады:
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
және түймешіктерін 4 секунд қатар басыңыз.
Бұл функция құрылғыны сөндіргеннен кейін де жұмыс істеп тұрады.
Егер дыбыстық сигналдарды сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау пайда болған кезде қосыла береді.
ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
1) Осы функцияны іске қосуға қатысты ақпаратты "Параметрлер" тарауынан қараңыз.
4. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып ешбір кір салмай жуыңыз.
9
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар
A
болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРДІ САЛУ
1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймесін басыңыз.
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Құрылғының есігін
жабар алдында, барабанның дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ САЛЫНАТЫН БӨЛІКТЕР
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
АБАЙЛАҢЫЗ MAX деңгейінен асырмаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ
Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін Вкл/ Выкл түймешікті басыңыз.
Құрылғы іске қосылған кезде дыбыстық сигнал естіледі.
БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ
1. Бағдарлама түймешігін басып,
бағдарламаны орнатыңыз:
түймешігінің индикаторы баяу жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температура мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз немесе қолжетімді параметрлерді қосыңыз. Параметрді қосқан кезде орнатылған параметрдің индикаторы жанады.
Қандай бір параметрді дұрыс
орнатпасаңыз, түймешігінің индикаторы үш рет қызыл түспен жыпылықтайды.
10
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
түймешігін басыңыз.
түймешігінің индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
• Бағдарлама басталып, қақпақ
құлыпталады да, индикаторы жанады.
Су сорғысы жуу циклының басында шамалы уақыт жұмыс істейді.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ БАР БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ
Бағдарламаны 9, 6 немесе 3 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.
1. Кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін
түймешігін басыңыз.
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытының индикаторы жанады.
2.
түймешігін басыңыз:
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама автоматты түрде басталады.
Орнатылған кешіктіріп бастау
уақытының мәнін түймешігін түртпей тұрып болдырмауға
немесе өзгертуге болады. түймешігін түрткеннен кейін кешіктіруді болдырмайтын ғана мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау үшін:
1. Құрылғыны үзіліске қою үшін
түймешігін түртіңіз.
2.
түймешігін орнатылған кешіктіру
индикаторы сөнгенше басыңыз.
Бағдарламаны дереу бастау үшін түймешігін қайта түртіңіз.
БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ ЖӘНЕ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ӨЗГЕРТУ
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып өзгертуге болады.
1.
түймешігін басыңыз.
Осы түймешіктің индикаторы жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
түймешігін қайта басыңыз.
3.
Бағдарлама жалғасады.
БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ
1. Бағдарламаны біржола тоқтатып
құрылғыны сөндіру үшін түймешігін бірнеше секунд басыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін осы түймешікті
қайта басыңыз. Енді жаңа жуу бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау алдында құрылғының суы төгіледі. Бұл жағдайда, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың әлі бар екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ болса қайтадан толтырыңыз.
ҚАҚПАҚТЫ АШУ
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының қақпағы бекітулі
тұрады.
Қақпақты циклдың бастапқы 10 минутында және кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп тұрғанда ашыңыз:
1. Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
2. Қақпақ бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3. Қақпақты ашуға болады.
4. Қақпақты жауып, түймешігін қайта
басыңыз. Бағдарлама (немесе кешіктіріп бастау функциясы) жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда қақпақты ашу:
1. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін Вкл/Выкл қалпына бұраңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да, содан
кейін құрылғының қақпағын ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, бағдарламаны қайта
орнатыңыз.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы тұрса).
индикаторы жанады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның ішіндегі судың температурасы мен деңгейі өте жоғары болса, қақпақты аша алмайсыз.
11
түймешігінің индикаторы сөнеді.
• Қақпақ құлпының индикаторы (қақпақтың құлпы ашылғанда) жыпылықтап, содан кейін сөнеді.
• Қақпақты ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны сөндіру үшін бірнеше секунд басыңыз.
• Судың шүмегін жабыңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін қақпақты сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл­мезгіл айналып тұрады.
• Суды төгу керек екенін ескерту үшін индикаторы жыпылықтайды.
• Қақпақ бұғаттаулы индикаторы жанып
тұр.
түймешігінің индикаторы жыпылықтайды. Қақпақ құлыпталып тұрады.
• Қақпақты ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу:
1. Суды төгу үшін.
түймешігін басыңыз. Құрылғы суды төгіп, таңдалған жуу бағдарламасының ең үлкен айналдыру жылдамдығымен айналдырады.
• Балама ретінде, айналдыру
жылдамдығын өзгерту үшін
түймешігін түртіп, содан кейін түймешігін басыңыз. Құрылғы суды
түймешігін
төгеді де, айналдыру кезеңін
орындайды. Егер параметрін орнатсаңыз, құрылғы тек суды ғана төгеді.
2. Бағдарлама аяқталып, бірнеше минуттан
кейін қақпақ бұғаттаулы индикаторы көрінбей кеткенде, қақпақты ашуға болады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан кейін суды автоматты түрде төгеді және айналдырады (Жүн мата бағдарламаларынан басқа бағдарламаларда).
AUTO-OFF ОПЦИЯСЫ
AUTO-OFF күте тұру опциясы пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Төмендегі жағдайда барлық индикаторлар сөнеді:
түймесін басу алдында құрылғыны 5 минут пайдаланбасаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін түймешігін басыңыз.
• Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін 5 минут өткен соң.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін түймешігін басыңыз.
Жаңа цикл орнатқыңыз келсе түймесін басыңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
КІР САЛУ
• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті, синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын орындаңыз.
• Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып, тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен батырма түймешіктерді салыңыз. Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды ашыңыз.
12
• Көп қабатты матадан, жүн матадан және сурет салынған киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
• Қатып қалған дақтарды арнайы жуғыш затпен тазалаңыз.
• Қатып қалған дақтары бар заттарды барабанға салу алдында жуыңыз және дағын алдын ала кетіріңіз.
• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін алыңыз да, перделерді кір жуатын торға немесе жастықтың тысына салыңыз.
• Көмкерілмеген немесе кесілген жерлері бар заттарды құрылғыда жумаңыз. Кішкене заттарды жуу үшін (мысалы, сым өткізілген төс тартқыш, белдіктер, колготкилер, т.с.с.) кір жууға арналған торды пайдаланыңыз.
Loading...
+ 28 hidden pages