Zanussi ZDP7202PZ User Manual

СТАРАЕТСЯ ДЛЯ МЕНЯ
Каталог сушильных машин
GETTING STARTED?
EASY.
ZDP7202PZ
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кептіргіш барабан
RU Инструкция по эксплуатации 17
Сушильный барабан
UK Інструкція 33
Сушильний барабан

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш машина
қойылып тұрса, орнату жинағын пайдаланыңыз. Уәкілетті
2
дилерден алуға болатын орнату жинағын нұсқауларда көрсетілген, керек-жарағы бірге жеткізілген құрылғыларда ғана пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің, сырғыма есіктің артына
немесе топсасы керісінше орналасқан, құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып
болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Басқа жанармай қолданылатын құрылғылардан, сондай-
ақ ашық оттан бөлінетін шығынды газдар қайта бөлмеге кірмес үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе басқа
отын түрінің шығарынды түтіндерін шығаруға арналған түтіктен шығаруға болмайды. (егер бар болса)
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Ең көп салмақ 7 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Өнеркәсіптік тазалағыш құралдармен тазаланған
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-қыбырды
тазалаңыз.
Құрылғыны сүзгісін салмай іске қоспаңыз. Пайдаланар
алдында немесе пайдаланып болғаннан кейін қыл-қыбыр сүзгісін тазалаңыз.
Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада кептірмеңіз.
3
Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин, керосин,
дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш машинада кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін қалпақтар,
су өткізбейтін текстиль, резеңкемен астарланған заттар мен киімдерді немесе резеңке толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада кептіруге болмайды.
Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды мата
жұмсартқыштың нұсқауларында көрсетілген тәрізді пайдалану керек.
Қалталардан шылым тұтатқыш және сіріңке тәрізді
заттардың барлығын алыңыз.
Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек тарап
кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан кептіру циклы аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде, киімдердің
температурасы киімдерге зақым келтірмейтін деңгейде болуы үшін қызу бөлінбейді (салқындату циклы).
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОРНАТУ

• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны температурасы 5°C градустан төмен 35°C градустан жоғары жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс, орнықты, қызуға төзімді және таза болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны үнемі тік қалыпта жылжытыңыз.
4
• Құрылғының артқы жағын қабырғаға
• Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан

ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ

• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
қаратып қою керек.
кейін, ватерпас көмегімен деңгейінің әбден дұрыс қойылғанын тексеріңіз. Деңгейі дұрыс болмаса, тіректерін реттеңіз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН! Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
қажет.
электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған. Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар. Егер қуат ашасының сақтандырғышын ауыстыру қажет болса 13 амперлік ASTA (BS 1362) сақтандырғышын пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

ПАЙДАЛАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу және өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Толтырмасы бар немесе ішіне нәрсе салынған, нұқсан келген заттарды кептірмеңіз.
• Кір кептіргіште кептіруге болатын маталарды ғана кептіріңіз. Матаның затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз.
• Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз, кептірер алдында қосымша шаю циклын орындаңыз.
• Конденсат/тазартылған суды ішпеңіз, оны тағам дайындау үшін пайдаланбаңыз. Себебі адамдар мен жануарлардың денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға болмайды.
• Суы сорғалап тұрған киімдерді кір кептіргіш машинада кептірмеңіз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
5

ОҢАЙ БАСТАУ

1 2
3
4
5
8
9
6
10
7
1 2 3 4 5 6
8
7

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

Пайдаланушы кір салынатын есікті керісінше орната алады. Бұл кірді оңай салуға және алуға көмектеседі немесе құрылғы орнатылатын жер тар болса ыңғайлы (жеке кітапшаны қараңыз).
Су сауыты
1

Басқару панелі

2
Құрылғының есігі
3
Бастапқы сүзгі
4
Ауа кіретін саңылаулары бар астыңғы
5
қақпақ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Астыңғы қақпаққа ешнәрсе қоймаңыз
Астыңғы қақпақты ашатын түймешіктер
6
Реттемелі тірек
7
Конденсатор есігі
8
Конденсатор есігінің бекітпелері
9
Техникалық ақпарат тақтайшасы
10
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
Қосу/Өшіру түймешігі
6
Бағдарлама таңдайтын сенсорлық
2
түймешік Құрғақ режимді таңдайтын сенсорлық
3
түймешік Параметрлерді таңдайтын сенсорлық
4
түймешік Start/Pause (Бастау/Үзіліс) сенсорлық
5
перне
6
Бала қауіпсіздігінің индикаторы
7
Delay (Кешіктіру) сенсорлық перне

БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ

8
Индикаторлар: Filter (Сүзгі) , Condenser
(Конденсатор) , Tank (Сауыт)
Сенсорлық түймешіктердің белгісі немесе функция атауы көрсетілген тұсын саусағыңызбен түртіңіз. Басқару панелін қолданған кезде қолғап кимеңіз. Басқару панелінің үнемі таза және құрғақ болуын қамтамасыз етіңіз.
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Cotton (Мақта мата)
Synthetic (Синтетика)
Mixed (Аралас)
Easy Iron (Жеңіл үтіктеу)
Wool (Жүн
4)
мата)
Duvet (Көрпе)
Кептіру деңгейі: Extra Dry (Өте құрғақ), Strong
Dry (Құрғақ), Cupboard Dry (Шкафқа) Iron Dry (Үтіктеуге)
Кептіру деңгейі: Extra Dry (Өте құрғақ), Cup‐
board Dry (Шкафқа)3), Iron Dry (Үтіктеуге)
Мақта мата және синтетика маталар. Төмен температуралы бағдарлама. Жылы ауаны пайдаланып баппен кептіретін бағдарлама.
Шамалы ғана үтіктеуді қажет ететін, көп күтім талап етпейтін маталар. Кептіру нәтижесі әр матада әр түрлі болуы мүмкін. Кірлерді құрылғыға салар алдында сілкілеңіз. Бағдарлама аяқталған кезде заттарды дереу алыңыз да, ілгішке іліңіз.
Жүн маталар. Жуылатын жүн маталарды баппен кептіру. Бағдарлама аяқталған кезде заттарды дереу алыңыз.
Бір неесе екі көрпені және жастықты кептіруге арналған (қауырсын, мамық немесе синтетика толтырылған).
3)
2)3)
Кір (макс.)1) / Мата
белгісі
,
7кг/
3кг/
3кг/
1кг (немесе 5 жейде)/
1кг
3кг/
7
Бағдарламалар Ыдысты салу түрі
Кір (макс.)1) / Мата
белгісі
Refresh (Жаңарту)
Time 30 min. (Уақыт 30 мин.)
1) Ең үлкен салмақ құрғақ заттардың негізінде берілген.
2) Бұл Cotton (Мақта мата) Cupboard Dry (Шкафқа) бағдарламасы - кәдімгі дымқыл мақта
мата бұйымдары үшін қолайлы және дымқыл мақта мата бұйымдарын қуатты тиімді пайдаланып кептіруге барынша оңтайлы “Cтандартты мақта мата бағдарламасы” болып табылады.
3) Сынақ институттарына арналған: EN 61121 құжатында көрсетілген сынақтарға арналған стандартты бағдарламалар.
4) Осы машинаның жүн матаны кептіру циклы, машинада жууға болатын жүн маталарды затбелгісіндегі нұсқауларына және кір жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларына сай жуып, кептірген жағдайда, Woolmark компаниясы тарапынан сертификатталған. M1221. Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг және Индияда Woolmark белгісі - сертификатталған сауда белгісі болып табылады.
Шкафта тұрған маталарды жаңарту. 1кг
Киімдерді жеке-жеке кептіруге арналған уақыт бағдарламасы.
1кг/

ФУНКЦИЯЛАР

DRYNESS (ҚҰРҒАҚТЫҚ)

Бұл функция кірді барынша кептіре түсуге көмектеседі. Қолжетімді функцияның 4 түрі бар:
Extra Dry (Өте құрғақ)
Strong Dry (Құрғақ) (мақта матаға ғана арналған)
Cupboard Dry (Шкафқа)
Iron Dry (Үтіктеуге)

ANTICREASE 90' (МЫЖЫЛУДАН САҚТАУ 90')

Кептіру циклының соңында стандартты мыжылудан сақтау циклын (30 минут) 60
минутқа дейін созады. Бұл функция кірді мыжылып қалудан сақтайды. Мыжылудан сақтау циклы кезінде кірді алуға болады.

TIME 60 MIN. (УАҚЫТ 60 МИН.)

Time 30 min. (Уақыт 30 мин.) бағдарламасын 30 минутқа дейін ұзартады.

DELICATE (НӘЗІК МАТА)

Осы функцияның көмегімен төмен температурасы бар баппен кептіру бағдарламасын орнатуға болады.
Затбелгісінде белгісі бар (мысалы, акрил, вискоза) маталар үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
8

ФУНКЦИЯЛАР КЕСТЕСІ

A B C D FE
Бағдарламалар
Cotton (Мақта мата)
Synthetic (Синтетика)
Mixed (Аралас)
Easy Iron (Жеңіл үтіктеу)
Wool (Жүн мата)
Duvet (Көрпе)
Refresh (Жаңарту)
Time 30 min. (Уақыт 30 мин.)
Anticrease
90'
(Мыжылу
дан
сақтау 90')
Time 60
min.
(Уақыт 60
мин.)

ПАРАМЕТРЛЕР

Delicate
(Нәзік
мата)
A) Қосу/Өшіру түймешігі B) Бағдарлама таңдайтын сенсорлық
түймешік
C) Құрғақ режимді таңдайтын сенсорлық
түймешік
D) Параметрлерді таңдайтын сенсорлық
түймешік
E) Start/Pause (Бастау/Үзіліс) сенсорлық
перне
F) Delay (Кешіктіру) сенсорлық перне

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ФУНКЦИЯСЫ

Бұл параметр бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде, балаларға құрылғымен ойнауға жол бермейді. Бағдарлама тетігі мен сенсорлық түймешіктер бұғатталады.
Қосу/сөндіру түймешігі ғана бұғатталмай тұрады.
9

Бала қауіпсіздігі функциясын қосу:

1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (C) және (D) сенсорлық түймешігін бірге
басып ұстап тұрыңыз. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жанады.
Бала қауіпсіздігі функциясын бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде ажыратуға болады. Сол сенсорлық түймешіктерді бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы сөнгенше бірге басып ұстап тұрыңыз.

СИГНАЛ ҚОСУЛЫ/СӨНДІРУЛІ

Дыбыстық сигналдарды сөндіру немесе қосу үшін (B) және (C) сенсорлық түймешіктерін шамамен 2 секунд бірге басып ұстап тұрыңыз.

КІРДЕ ҚАЛҒАН ЫЛҒАЛДЫҢ ДЕҢГЕЙІН РЕТТЕУ

Кірде қалған ылғалдың әдепкі деңгейін реттеу үшін:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Шамамен 8 секунд күтіңіз.
3. (B) және (D) түймешіктерін бірге басып
ұстап тұрыңыз.
Осы индикаторлардың бірі жанады:
• Tank (Сауыт)
• Filter (Сүзгі) - барынша құрғақ кір
• Condenser (Конденсатор) құрғақ кір
4. (E) түймешігін дұрыс деңгейдің
индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.
5. Параметрдің өзгергенін растау үшін (B) және (D) түймешіктерін шамамен 2 секунд бірге басып ұстап тұрыңыз.

ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА

- өте құрғақ кір
- қалыпты
Құрылғыны ең алғаш пайдаланар алдында мына әрекеттерді орындаңыз:
• Кір кептіргіш машинаның барабанын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАҢЫЗ

1. Кірді дайындап, құрылғыға салыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ! Есікті жапқан кезде
құрылғының есігі мен резеңке тығыздағышының арасына кір қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
3. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және функцияларын орнатыңыз.
4. Start/Pause (Бастау/Үзіліс) сенсор пернесін
басыңыз.
Бағдарлама басталады.
• Дымқыл кірлерді салып қысқа бағдарламаны (мысалы, 30 минут) бастаңыз.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ БАР БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

1. Кірдің түріне қарай дұрыс жуу
бағдарламасын және функцияларын орнатыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін қажетіне
қарай қайта-қайта басыңыз.
Бағдарламаны 3, 6 немесе 9 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.
3. Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін
басыңыз.
LED индикаторлары (9H, 6H, 3H) әр 3 сағат сайын өзгереді.

БАҒДАРЛАМАНЫ ӨЗГЕРТУ

1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз.
10

БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ

Бағдарлама аяқталған кезде:
• Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі.
• Filter (Сүзгі) және Tank (Сауыт) индикаторлары жанады.
• Start/Pause (Бастау/Үзіліс) индикаторы жанады.
Құрылғы тағы да 30 минут мыжылып қалуға жол бермейтін циклды қосып, жұмысын жалғастырады.
Мыжылып қалуға қарсы цикл кірдің бырысын жазады.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл аяқталмай тұрып алуға болады. Нәтижесі жақсы болу үшін кірді цикл аяқталған кезде немесе аяқталуға жақын қалған кезде алуды ұсынамыз.
Кірді мыжылып қалуға қарсы цикл аяқталған кезде:
• Filter (Сүзгі) және Tank (Сауыт) индикаторлары жанады.

АҚЫЛ-КЕҢЕС

• Start/Pause (Бастау/Үзіліс) индикаторы өшеді.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Құрылғының есігін ашыңыз.
3. Кірді алып шығыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз.
Бағдарлама аяқталған кезде сүзгіні әрқашан тазалаңыз және су сауытын босатыңыз.

КҮТУ РЕЖИМІ

Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін, бұл функция құрылғыны келесі жағдайларда автоматты түрде сөндіреді:
• Егер бағдарламаны бастамасаңыз 5 минуттан кейін.
• Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5 минут өткен кезде.

КІРДІ ДАЙЫНДАУ

• Тартқыштарын жабыңыз.
• Көрпе тыстарының түймелерін салыңыз.
• Галстук немесе бантиктерді (мысалы, фартук бауларын) бос салмаңыз. Оларды бағдарламаны бастамай тұрып байлаңыз.
• Қалталардағы заттардың барлығын алыңыз.
• Егер заттың ішкі қабаты мақта матадан жасалса, астарын сыртқа аударыңыз. Мақта матадан жасалған жағының сыртқа қарап тұрғанына көз жеткізіңіз
• Біз құрылғыға салынған маталардың түріне сай келетін дұрыс бағдарламаны орнатуды ұсынамыз.
Матаның
затбелгісі
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір. Стандартты температурасы бар бағдарламаны орнатыңыз.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кір. Төмен температурасы бар бағдарламаны орнатыңыз.
Кір кептіргіш машинада кептіруге болмайтын кір.
• Бояуы қатты шығатын маталарды ашық түсті маталармен бірге салмаңыз. Қанық бояулар ағып кетеді.
• Мақта мата джерсиі немесе тоқылған заттарды жууға сай келетін бағдарламаны пайдаланыңыз, бұл заттар отырып қалуы мүмкін.
• Кірдің салмағының бағдарлама кестесінде көрсетілген ең үлкен салмақтан аспайтынына көз жеткізіңіз.
• Кір кептіргіш машинада кептіруге болатын кірлерді ғана кептіріңіз. Заттардың матасындағы затбелгіні қараңыз.
Сипаттама
11

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

1
2
2
1
1
1
2
1
1
2

СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ

1
5 6

СУ САУЫТЫН БОСАТУ

1 2 3 4
2 3 4
7
Су сауытындағы суды тазартылған судың орнына (мысалы, булап үтіктеу үшін) пайдаланыңыз. Суды пайдаланар алдында қалдықтарын сүзгімен тазалаңыз.

КОНДЕНСАТОРДЫ ТАЗАЛАУ

1
12
2
3 4
5 6
2
2
1
7 8

БАРАБАНДЫ ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны тазалар алдында тоқтан ағытыңыз.
Барабанның ішкі беті мен барабанның қырларын тазалау үшін стандартты бейтарап сабынды жуғышты қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ! Барабанды тазалау
үшін жеміргіш материалдарды немесе темір жүн жөкені қолданбаңыз.

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ МЕН КОРПУСЫН ТАЗАЛАУ

Басқару панелі мен корпусын тазалау үшін стандартты, бейтарап сабынды жуғышты қолданыңыз.
Тазалау үшін дымқыл шүберекті қолданыңыз. Тазаланған бетті жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ! Құрылғыны жиһаз
тазалайтын заттармен немесе тот бастыратын жуғыш заттармен тазаламаңыз.

АУА ШЫҒАТЫН САҢЫЛАУЛАРЫН ТАЗАЛАУ

Ауа шығатын саңылаулардағы қыл-қыбырды тазалау үшін шаңсорғышты пайдаланыңыз.

АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз
Сақтандырғыш қорабындағы (үй желісіндегі)
Бағдарлама басталмай тұр. Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз
Құрылғының есігі жабылмайды. Сүзгінің дұрыс орнатылғанына көз
Құрылғының есігі мен резеңке
жеткізіңіз.
сақтандырғышты тексеріңіз.
басыңыз.
жеткізіңіз.
жеткізіңіз.
тығыздағышының арасына кір қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
13
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғы жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады. Су сауытының бос екеніне көз жеткізіңіз.
Кептіру циклы әдеттен тыс ұзаққа созылады.
Сүзгінің таза екеніне көз жеткізіңіз.
Кір өте дымқыл. Кірді кір жуғыш машинаға
Бөлме температурасының өте жылы емес
Кептіру циклы бағдарлама басталғаннан кейін дереу аяқталып қалады.
1) Ең көбі 5 сағат өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде аяқталады
Егер кептіру нәтижелері қанағаттанарлық болмаса
• Дұрыс бағдарлама орнатылмаған.
• Сүзгі бітеліп қалған.
• Конденсатор бітеліп қалған.
• Құрылғыға өте көп кір салынған.
1)
Бағдарламаны қайта бастау үшін Start/ Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.
Кірдің салмағының бағдарлама уақытына сай келетініне көз жеткізіңіз.
салып қайта айналдырыңыз.
екеніне көз жеткізіңіз.
Time Drying (Уақыт) немесе Extra Dry (Өте құрғақ) бағдарламасын орнатыңыз.
• Барабанның іші лас.
• Өткізгіштік сенсорының параметрі дұрыс емес.
• Ауа шығаратын саңылаулар бітелген.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

Биіктігі x Ені x Тереңдігі 850 x 600 x 540 мм (ең көбі 610 мм)
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі макс. тереңдігі
Құрылғының есігі ашық тұрған кездегі макс. ені
Реттеуге болатын биіктік 850 мм (+ 15 мм - тіректерді реттеу)
Барабанның сыйымдылығы 104 л
Кірдің макс. салмағы 7 кг
Кернеу 230В
Жиілік 50 Гц
Қажетті сақтандырғыш 10 A
Жалпы қуаты 2250 Вт
Қуат тиімділігі санаты B
Қуатты тұтыну
Жылдық пайдаланылатын қуат көлемі
1)
2)
1030 мм
950 мм
4,30 кВт/сағ
504 кВт/сағ
14
Loading...
+ 35 hidden pages