WHIRLPOOL FRR12451 Health Safety & Environmental [kk]

KK
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулық үшін жауапты емес.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас балаларды (3­8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балалардың тазалау және жөндеу жұмыстарын орындауына болмайды.

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ

АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралы сияқты алмастыру қондырғысымен пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және сол сияқты қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
Машинаны ақпарат тақтасында белгіленген максималды сыйымдылықтан (кг құрғақ қиіммен) жоғары жүктемеңіз.
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
Ешқандай еріткішті (мысалы, скипидар, бензин), құрамында еріткіші бар сұйықтықтар, қырғыш ұнтақ, шыныға немесе жалпы қолданысқа арналған тазартқыштар немесе тұтанғыш сұйық заттарды пайдаланбаңыз; ерітінділер
немесе тұтанғыш заттар сіңген маталарды кір жуғышта жумаңыз.

ОРНАТУ

Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек - жарақат алу қатері. Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
Егер кіржуғыштың үстіне құрғатқыш құрылғыны қойғыңыз келсе, алдымен біздің қызмет орталығымызбен немесе өзіңіздің арнайы дилеріңізбен хабарласып, олай ету мүмкіндігінің бар-жоғын біліп алыңыз. Кептіргішті кір жуғышқа бекіту үшін, біздің қызмет орталығымыздан немесе өз дилеріңізден алуға болатын тиісті орнату құралдар жиынтығы көмегімен бекітуге ғана мүмкіндігі бар.
Құрылғыны жылжытқанда үстінен немесе
қақпағынан ұстап көтеруге болмайды.
Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды (егер болса) және электр сымдарын жалғауды білікті техник маман жүзеге асыруы керек. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса. Құрылғы орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақаулық орын алса, дилерге немесе маңайдағы тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек - тұншығып қалу қатері. Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату барысында құрылғының қуат сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
Құрылғыны төмендегідей қолайсыз жағдайларға ұшырайтын жерлерге орнатпаңыз: нашар желдетілу, 5°C-тан төмен немесе 35°C-тан жоғары температура.
Құрылғыны орнату барысында төрт аяғының мықты және еденге тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз, қажет болса оларды реттеп, деңгейді өлшеу құралымен құрылғының түзу тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы ағаш еденге немесе паркет немесе ламинат сияқты "орнықсыз" еденге орнатылатын болса, еденге 60 х 60 х 3 см (кем дегенде) фанера төсеп, құрылғыны соның үстіне орнатыңыз.
Су келетін құбыршектерді су құбырына
Өндіруші Whirlpool EMEA S.p.A. осы Indigo радио жабдығы бар тұрмыстық аспап үлгісінің D432 2014/53/UE директивасына сай келетінін мəлімдейді.
Сəйкестілік декларациясының толық мəтіні мына веб­сайтта келтірілген: docs.whirlpool.eu
Радиожабдық 2,4 ГГц ISM жиілік ауқымында жұмыс істейді, берілетін ең үлкен радио жиілік қуаты 20 дБм мəнінен аспайды (e.i.r.p.).
Бұл өнімнің құрамында мына өндіруші əзірлеген, ашық қолданыстағы кейбір бағдарламалық жасақтама бар. Ашық қолданыстағы лицензияны пайдалану туралы мəлімдеме мына веб-сайтта бар: docs.whirlpool.eu
өзіңіз тұратын жердегі сумен жабдықтау мекемесінің ережелеріне сәйкес жалғаңыз.
Тек суық сумен жұмыс істейтін үлгілер үшін: ыстық су құбырына жалғауға болмайды.
Тек ыстық сумен жұмыс істейтін үлгілер үшін: кіріс ыстық су температурасы 60 °C-тан аспауы керек.
Тасымалдау кезінде кір жуғыш машинаға нұқсан келмеуі үшін ол тасымалдау болттарымен бекітіледі. Машинаны пайдалану алдында тасымалдау болттарын босату қажет. Оларды алып тастаған соң, тесіктерді берілген 4 пластик қақпақпен жабыңыз.
Құрылғыны орнатқан соң іске қоспас бұрын бөлме жағдайларына бейімделуі үшін бірнеше сағат күтіңіз.
Кір жуғыш машинаның түбіндегі (егер үлгіңізде болса) желдету саңылауларын кілемнің немесе басқа материалдың жауып тастамауын қадағалаңыз.
Құрылғыны су көзіне жалғау үшін тек жаңа құбыршектерді пайдаланыңыз. Ескі шлангілер жиыны қолданылмауы керек.
Судың қысымы 0,1 - 1 мПа ауқымында
болуға тиіс.

ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР

Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы немесе электр сымдар жүйесі ережесімен бойынша ол розеткадан қажет.
Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. ч. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Аяғыңыз су болса немесе жалаң аяқ болсаңыз, құрылғыны пайдалануға болмайды. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз.
Егер ұзартқыш зақымдалса, қауіпке жол бермеу үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету делдалы немесе сол сияқты білімді тұлғалары соған ұқсас ұзартқышпен алмастыруы тиіс - электр тоғының соғу қаупі.

ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ

ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден бұрын құрылғының өшіріліп, қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз - электр тоғымен зақымдану қаупі бар; бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз - электр тоғымен зақымдану қаупі бар.

ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ

Орам материалы 100% қайта өңделеді және ол қайта өңдеу таңбасымен белгіленген . Орамның әр түрлі бөліктері
қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес және жауапкершілікпен өткізілуі қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛЫП БОЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ

Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдардан жасалған. Оны жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес қоқысқа тастаңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларын қолдану, қалпына келтіру және қайта пайдалануға тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін құзыретті жергілікті билік органына, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз. Бұлқұрал электрлік жәнеэлектрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық директивасына сай белгіленген. Бұл өнімнен дұрыс арылу арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына теріс әсердің салдарының алдын алуға көмектесесіз. Құрылғыдағы
немесе онымен берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғының үй қоқыстарымен бірге тасталмай, электрондық
және электрлік құрылғыларды қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау орнына өткізу керектігін көрсетеді.

СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫ

Loading...
+ 2 hidden pages