WHIRLPOOL ADGI 862 FD User Manual [kk]

347
ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған кезде төмендегі сақтық шараларын орындаңыз:
ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ
НҰСҚАУЛАР
• Бұл құрылғы жерге қосылуға тиіс. Дұрыс жұмыс істемеген немесе бұзылған жағдайда, жерге тұйықтау электр тоғы өтіп кететін қосымша сымды қамтамасыз ету арқылы электр тоғы соғу қатерін азайтады. Бұл құрылғы жерге тұйықтау ашасы мен жерге тұйықтау сымы бар қуат сымымен жарақталған.
• Аша жергілікті стандарттар мен ережелердің барлығына сай орнатылған жəне жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануға тиіс.
• Ұзартқыш сымды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Жерге тұйықтау ашасын дұрыс пайдаланбау электр тоғы соғу қатеріне əкелуі мүмкін.
• Құрылғының жерге дұрыс тұйықталған­тұйықталмағаны туралы күмəніңіз болса, білікті электршіге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғымен бірге жеткізілген аша розеткаға дəл келмесе, оны өзгертпеңіз. Білікті электрші маманға дұрыс желілік розетканы орнаттырып алыңыз.
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ
• Аспапты орнатып болғаннан кейін оны электр желісінен ағыту мүмкін болуға тиіс.
• Ыдыс жуғыш машинаның есігін немесе сөресін қате пайдалануға, оған отыруға немесе үстіне шығуға болмайды.
• Ыдыс жуғыш машинаның ішіндегі барлық панельдер орнында болмаса, оны іске қосуға болмайды. Ыдыс жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда, есікті өте абайлап ашыңыз, себебі сыртқа су шашырау қатері бар.
• Есігі ашық тұрғанда оның үстіне ауыр зат қоюға немесе тұруға болмайды. Құрылғы алға қисаюы мүмкін.
• Жуылатын заттарды салған кезде:
1) Өткір заттарды есіктің тығыздағышын бүлдірмейтіндей етіп орналастырыңыз;
2) Ескерту: Пышақтар жəне басқа да үшкір заттарды ас құралдарына арналған себетке өткір ұштарын төмен қаратып салып, не болмаса көлденең жатқыза салу қажет.
• Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған кезде, пластмассадан жасалған заттардың қыздырғыш элементке тиюіне жол бермеу керек. (Бұл
нұсқаулық тек көрінетін қыздырғыш элементі бар машиналарға қолданылады).
• Ыдыс жуу циклы аяқталғаннан кейін жуғыш зат салатын бөлімшенің бос екенін тексеріңіз.
• Пластмассадан жасалған заттардың ыдыс жуғыш машинаға жарамды деген немесе соған баламалы таңбасы болмаса, оларды жумаңыз. Ондай таңбасы жоқ пластмасса бұйымдардың өндірушісінің ұсыныстамаларын қараңыз.
• Тек автоматты ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат пен шайғыш үстемелерді қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға сабынды, кір жуғыш ұнтақты немесе қол жуатын затты пайдалануға болмайды. Осы заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Тазартқыш жəне шайғыш заттарды балалардан аулақ ұстаңыз, ыдыс жуғыш машинаның ашық есігіне балаларды жолатпаңыз, ішінде жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
• Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
• Балалардың құрылғымен ойнамауын үнемі қадағалап отыру керек.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар аса сілтілі келеді, жұтып қойса, аса қатерлі болуы мүмкін. Тері мен көзге тигізбеңіз жəне есігі ашық тұрған кезде, балаларды ыдыс жуғыш машинаға жолатпаңыз.
• Есігін ашық қалдыруға болмайды, себебі бұл сүрініп кету қатерін арттыруы мүмкін.
• Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уəкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
• Ескі ыдыс жуғыш машинаны қолданыстан алғанда немесе тастағанда, жуғыш бөлімшесінің есігін ағытып алыңыз.
• Орауыш материалдардан дұрыс арылыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаны тек өзінің мақсатында ғана пайдаланыңыз.
• Орнату кезінде қуат сымын шектен тыс немесе қатерлі түрде июге немесе жаншуға болмайды. Басқару тетіктерін өз бетіңізбен ашпаңыз.
• Құрылғыны су құбырына жаңа түтіктердің көмегімен жалғау керек жəне ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
• Атаулы кернеу: АТ 220-240 В/ 50 Гц.
• Жуылатын ас құралдары жинағының ең көп саны – 9.
• Құйылатын судың рұқсат етілетін ең үлкен қысымы – 1 МПа.
• Құйылатын судың рұқсат етілетін ең кіші қысымы – 0,04 МПа.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ОСЫ АҚПАРАТТЫ ОҚЫҢЫЗ ДА, МҰҚИЯТ ОРЫНДАҢЫЗ ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
348
• Осы құрылғы қайта өңделетін немесе қайта пайдаланылатын материалдан жасалған. Қоқысқа тастауды қалдықтан арылу бойынша жергілікті ережелерге сəйкес іске асыру қажет. Қоқысқа тастардан бұрын құрылғыны қайта пайдалану мүмкін болмау үшін электр сымын қиып тастаңыз.
• Осы құрылғыны қолдану мен қайта өңдеу туралы толық ақпарат алу үшін тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаумен айналысатын жергілікті құзырлы мекемеге немесе осы құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
ОРАУЫШЫН ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
• Орауышты 100% қайта өңдеуге болады, бұл қайта өңдеу белгісі арқылы расталады. Орауыштың əр түрлі бөліктерін қоршаған ортаға шашып тастауға болмайды, оларды жергілікті құзырлы мекеменің ережелеріне сəйкес қоқысқа тастау керек.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
• Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) туралы 2002/96/EC еуропалық нұсқауларға сəйкес таңбаланған.
• Осы құрылғыдан дұрыс арылуды қамтамасыз ету арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адамдардың денсаулығына келтірілетін ықтимал кері əсерді азайтуға көмектесесіз.
• Құрылғыдағы немесе құрылғымен бірге келген құжаттардағы таңбасы құрылғыны тұрмыстық қалдық ретінде тастамау керек екенін, электрлік жəне электрондық аспаптар сақталатын жəне қайта өңделетін жергілікті қалдық жинау орнына тапсыру керек екенін көрсетеді.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Ыдыс жуғыш машинаның орауыш материалынан дұрыс арылыңыз. Барлық орауыш материалдарды қайта өңдеуге болады. Пластмасса бөлшектері стандартты халықаралық қысқартулар арқылы таңбаланады:
• PE – полиэтилен, мысалы, үлдірмен орайтын материал
• PE – полистирол, мысалы, толтырма материал
• POM - полиоксиметилен, мысалы, пластмасса қысқыштар
• PP – полипропилен, мысалы, тұз салғыш
• ABS – акрилонитрил-бутадиен-стирол, мысалы, басқару панелі.
• Орауыш материалдар балаларға қатерлі болуы мүмкін!
• Орауыш материалдар мен құрылғыдан арылу үшін қайта өңдеу орталығына барыңыз. Ол үшін
қуат көзіне қосу сымын қиып тастаңыз да, есікті жабатын тетікті пайдалануға жарамсыз етіңіз.
• Картон орауыш қайта өңделген қағаздан жасалады жəне оны қайта өңдеу үшін қағаз
қалдықтарын жинау орнына тапсыру қажет.
• Осы құрылғыны тиісті жерге дұрыс тастау арқылы аталмыш құрылғы дұрыс тасталмаған
жағдайда қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына зиянды əсер ететін жағдайлардың орын алуына жол бермейсіз.
• Осы құрылғыны қайта өңдеу туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін жергілікті қала
əкімшілігіне жəне тұрмыстық қалдықтарды тастау қызметіне хабарласыңыз.
ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ: Осы өнімді сұрыпталмайтын қалалық қалдық түрінде тастамаңыз. Осындай қалдықтарды арнайы кəдеге жарату үшін бөлек жинау қажет.
АРЫЛУ
ЕСКЕРТУ:
349
МАҢЫЗДЫ. Ыдыс жуғыш машина барынша жақсы жұмыс істеуі үшін оны бірінші рет пайдаланар алдында пайдалану бойынша барлық нұсқауларды оқыңыз.
Басқару панелі
Ыдыс жуу функциялары
1 Үстіңгі себет 2 Ішкі түтік 3 Астыңғы себет
4 Тұз сауыты 5 Диспенсер 6 Шыныаяқ сөресі
7 Бүріккіш түтіктер 8 Сүзгі жинағы 9 Ішкі түтік
ағытпасы
10 Су төгетін түтік
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
Алдынан қарағандағы көрінісі
Артынан қарағандағы көрінісі
44 3 2 1
1 Қосу/Өшіру түймешігі: Қуат көзіне
қосу/ажырату үшін.
2 Кешіктіріп бастау түймесі: Кешіктіріп
бастау үшін осы түймені басыңыз.
3 Бағдарлама түймесі: Жуу бағдарламасын
таңдау үшін осы түймені басыңыз.
4 Бейнебет экраны: қате кодын, кешіктіріп
бастау уақытын т.с.с. көрсету үшін
- Шайғыш зат индикаторы, Тұз қосу индикаторы: Диспенсерді қайта толтыру керек екенін көрсетеді.
- Кешіктіріп бастау уақыты немесе қате кодтары индикаторы:
- Бағдарлама индикаторлары:
1
6
2
3 4
7
8
5
9
10
350
Ыдыс жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдаланбас бұрын:
A. Су жұмсартқышты орнатыңыз B. Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұздан 1,5 кг салыңыз да, тұз сауытына су толтырыңыз C. Шайғыш зат диспенсерін толтырыңыз D. Жуғыш затты салыңыз
A. Су жұмсартқыш
Су жұмсартқышты қолдан баптау керек, ол үшін су кермектігі тетігін пайдаланыңыз. Су жұмсартқыш құйылатын судың құрамындағы машинаға зиян келтіретін немесе оның қызметінің тиімділігін төмендететін минералдар мен тұздарды кетіру үшін жасалған. Осы минералды заттар мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары болады. Су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сəйкес баптау керек. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігі туралы мəліметтерді жергілікті су шаруашылығын басқаратын мекемеден ала аласыз.
Тұз тұтыну мөлшерін реттеу
Ыдыс жуғыш машина қолданылатын судың кермектігіне қарай тұз тұтыну мөлшерін реттейтін етіп жасалған. Мұның мақсаты – тұз тұтыну деңгейін оңтайландыру жəне лайықтау. Тұз тұтыну мөлшерін реттеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Есігін жабыңыз да, құрылғыны іске қосыңыз;
2. Су жұмсартқыш параметрлері бар үлгінің жұмысын бастау үшін құрылғы іске қосылғаннан
кейін 60 секунд ішінде Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін 5 секундтан астам басыңыз (Ол орнатылған үлгіге енген кезде тұз бен шайғыш зат туралы ескерту шамдары мезгіл-мезгіл жанады).
3. Тұратын жеріңіздегі қоршаған орта жағдайларына сəйкес дұрыс параметрді таңдау үшін
Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз, параметрлер мынадай ретпен өзгереді: H1->H2­>H3->H4->H5->H6;
4. Үлгіні баптауды аяқтау үшін Power (қуат) түймешігін басыңыз.
1-ескертпе
1 dH=1,25 Кларк=1,78 fH=0,178 ммоль/л DH = неміс градусы fH = француз градусы Кларк = Британия градусы
2-ескертпе
Зауытта орнатылған параметр: H4 (EN 50242)
Құбырдағы судың кермектігі туралы ақпарат алу үшін жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласыңыз. Ескертпе: Егер бұл үлгіде су жұмсартқыш болмаса, бұл тарауды қарамауыңызға болады.
Су жұмсартқыш
Судың кермектігі əр жерде əр түрлі болады. Ыдыс жуғыш машинада кермек су қолданылса, ыдыс-аяқ пен ас құралдарына қақ тұрады. Құрылғы судың құрамындағы əк пен минералдарды кетіру үшін арнайы жасалған тұз сауытын қолданатын су жұмсартқышпен жабдықталған.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН
СУДЫҢ КЕРМЕКТІГІ
Таңдау тетігі
орналасуы
Тұз тұтыну
мөлшері
(грамм/цикл)
Автономия
(цикл/1 кг)
°dH °fH °Кларк ммоль/л
0~5 0~9 0~6 0~0,94 H1 (Жылдам) 0 /
6~11 10~20 7~14 1,0~2,0 H2 (1 сағат) 20 60 12~17 21~30 15~21 2,1~3,0 H3 (1 сағат жылдам) 30 50 18~22 31~40 22~28 3,1~4,0 H4 (шыны) 40 40 23~34 41~60 29~42 4,1~6,0 H5 (Шыны Жылдам) 50 30 35~55 61~98 43~69 6,1~9,8 H6 (Шыны 1 сағат) 60 20
351
B. Су жұмсартқышқа тұз салу
Əрқашан ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолданыңыз. Тұз сауыты астыңғы себеттің астында орналасқан жəне оны төменде түсіндірілгендей жолмен толтыру керек:
Назар аударыңыз
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз! Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған басқа тұз түрлері, əсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа нұқсан келтіреді. Жарамсыз тұзды пайдаланудан нұқсан келтірілген жағдайда, өндіруші ешқандай кепілдік бермейді жəне кез келген нұқсан үшін жауапкершілік көтермейді.
• Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана тұз салыңыз. Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде ұзақ уақыт жатып қалып, тоттануға себеп болуына жол бермеуі үшін қажет.
A. Астыңғы себетті алғаннан кейін тұз сауытының қақпағын бұрап алыңыз. (1) B. Құйғыштың (жинаққа кіреді) ернеуін тесікке кіргізіп, шамамен 1,5 кг тұз салыңыз. C. Тұз сауытына толтырып су құйыңыз. Тұз сауытынан аздап су төгілуі мүмкін, бұл қалыпты
жағдай. (2).
D. Сауытты толтырғаннан кейін қақпағын орнына қатайтып бұраңыз. E. Тұз сауытына тұз салынғаннан кейін тұз туралы ескерту шамы жыпылықтауын
тоқтатады.
F. Тұз сауытына тұз салынғаннан кейін дереу жуу бағдарламасын іске қосу керек. Олай
етпесе, сүзгі жүйесін, сорғыны немесе машинаның басқа да маңызды бөлшектерін тұзды су бүлдіруі мүмкін. Бұл кепілдікпен қамтылмайды.
Ескертпе:
1. Басқару панеліндегі тұз туралы ескерту шамы жанған кезде ғана тұз сауытына қайтадан
тұз салу керек. Тұздың қаншалықты жақсы еруіне қарай, тұз сауыты толтырылса да, тұз туралы ескерту шамы əлі жанып тұруы мүмкін. Егер басқару панелінде (кейбір үлгілерде) тұз туралы ескерту шамы болмаса, су жұмсартқышқа тұзды қашан толтыру керек екенін ыдыс жуғыш машинаның жасаған циклдары арқылы есептеуге болады.
2. Егер тұз шашыраса, оның артығын кетіру үшін сорғыту бағдарламасын немесе жылдам бағдарламаны орындау қажет.
1
Ашу
352
C. Шайғыш зат диспенсерін толтыру
Шайғыш зат диспенсері
Шайғыш зат соңғы шаю циклы кезінде, су тамшылары ыдыс бетіне тұрып, дақ немесе жолақ қалдыруын болдырмау үшін қосылады. Ол сондай-ақ судың ыдыстан домалап кетуі арқылы оның жақсы кебуіне көмектеседі. Ыдыс жуғыш машинаңыз сұйық шайғыш затты қолданатын етіп жасалған. Шайғыш зат диспенсері есіктің ішкі жағында, жуғыш зат диспенсері қасында орналасқан. Диспенсерді толтыру үшін қақпағын ашыңыз да, оған шайғыш зат деңгейін көрсететін индикатор қара түске енгенше шайғыш заттан құйыңыз. Шайғыш зат сауытының сыйымдылығы шамамен 110 мл.
Шайғыш заттың функциясы
Шайғыш зат соңғы шаю кезінде автоматты түрде қосылады да, ыдыс-аяқтың жақсы шайылып, дақсыз, жолақсыз кебуін қамтамасыз етеді.
Назар аударыңыз
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған фирмалық шайғыш затты ғана пайдаланыңыз. Шайғыш зат диспенсеріне басқа заттарды құюға болмайды. (мысалы, ыдыс жуғыш машинаны тазартатын зат, сұйық жуғыш зат). Бұл құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
Шайғыш зат диспенсерін қашан толтыру керек
Басқару панелінде шайғыш зат туралы ескерту шамы болмаса, оның мөлшерін қақпақтың қасында орналасқан C оптикалық деңгей индикаторының C түсіне қарап анықтауға болады. Шайғыш зат сауыты толып тұрған кезде, бүкіл индикатор күңгірт болады. Шайғыш зат азайған сайын күңгірт нүктенің көлемі кішірейе түседі. Шайғыш заттың деңгейін ешқашан 1 / 4 мөлшерінен төмендетпеңіз.
Шайғыш зат азайған сайын шайғыш зат деңгейінің индикаторының үстіндегі қара нүктенің көлемі төмендегі суреттегідей өзгереді.
Тол ы
3/4 мөлшеріне дейін
1/2 мөлшеріне дейін
1/4 мөлшеріне дейін – Дақты кетіру үшін толтыру керек
Бос
C (Шайғыш зат
индикаторы)
353
1. Диспенсерді ашу үшін қақпағын “ашық” (сол жақ) көрсеткіге қарай бұрап, көтеріп шығарыңыз.
2. Шайғыш затты диспенсеріне ернеуінен асырмай абайлап құйыңыз.
3. Қақпақты “ашық” көрсеткісіне туралап орнына салыңыз да, “жабық” (оң жақ) көрсеткісіне
қарай бұраңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Шайғыш затты салып жатқанда төгіліп қалса, келесі жолы ыдыс жуған кезде көпіршімес үшін су тартатын матамен сорғытып алыңыз. Ыдыс жуғыш машинаның есігін жаппай тұрып, қақпағын орнына салуды ұмытпаңыз.
Шайғыш зат диспенсерін реттеу
Шайғыш зат диспенсерінің алты немесе төрт параметрі болады. Диспенсерді əрқашан “4” қалпына қойып іске қосыңыз. Ыдыста дақ қалса немесе дұрыс кеппесе, шайғыш зат үлестіргішінің қақпағын ашып, тетігін “5” қалпына қою арқылы шайғыш заттан тағы салыңыз. Егер ыдыс бəрібір дұрыс кеппесе немесе онда дақ байқалса, ыдыс-аяқтың дақтары кеткенше тетікті келесі жоғары деңгейге қоя беріңіз. Ұсынылатын параметр – “4”. (Зауыттық мəн – “4”).
ЕСКЕРТПЕ
Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су тамшылары немесе əк дақтары қалса, шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз. Ыдыс-аяқ үстінде жабысқақ ақшыл жолақтар болса немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде жəне пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Реттеу тетігі
(Шаю)
354
D. Жуғыш зат функциясы
Құрамында химиялық құрамдастары бар жуғыш заттар кірді кетіру, оны езу жəне ыдыс жуғыш машинадан шығару үшін қажет. Тауарлық сапасы бар жуғыш заттардың көпшілігі осы мақсатқа жарайды.
Назар аударыңыз!
Жуғыш затты дұрыс қолдану. Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз. Жуғыш заттарды ескіртпей, құрғақ күйде сақтаңыз. Ыдысты жууға дайын болмасаңыз, ұнтақ жуғыш затты диспенсерге салмаңыз.
Жуғыш заттар
Жуғыш заттардың 3 түрі болады
1.Құрамында фосфат пен хлор бар
2.Құрамында фосфат бар, ал хлор жоқ
3.Құрамында фосфат та, хлор да жоқ
Əдетте бүркілетін жаңа жуғыш заттың құрамында фосфат болмайды. Сондықтан су жұмсартқышқа фосфат функциясы берілмеген. Мұндай жағдайда судың кермектігі небары 6 dH болса да, тұз сауытына тұз толтыруды ұсынамыз. Егер су кермек болғанда құрамында фосфат жоқ жуғыш заттар пайдаланылса, тəрелкелер мен стақандарда ақ дақтар жиі пайда болады. Мұндай жағдайда жақсырақ нəтижеге жету үшін жуғыш заттан көбірек қосыңыз. Құрамында хлор жоқ жуғыш заттар шамалы ғана ағартады. Күшті жəне түсті дақтар толық кетпейді. Мұндай жағдайда температурасы жоғарырақ бағдарламаны таңдаңыз.
Қойылтылған жуғыш зат
Химиялық құрамына қарай жуғыш заттарды негізгі екі топқа бөлуге болады:
• құрамында жеміргіш заттары бар əдеттегі сілтілі жуғыш заттар
• табиғи энзимдері бар төмен сілтілі қойылтылған жуғыш заттар
Қалыпты жуу бағдарламаларын қойылтылған жуғыш заттармен бірге пайдалану қоршаған ортаның ластануын азайтады жəне ыдысқа жақсы əсер етеді; осы жуу бағдарламалары қойылтылған жуғыш заттың энзимдерінің кір кетіргіш сипаттарына арнайы дəл келтірілген. Сол себептен қойылтылған жуғыш заттар пайдаланылатын қалыпты жуу бағдарламалары басқа жағдайда тек қарқынды бағдарламаларды пайдалану арқылы қол жеткізілетіндей нəтижелерге жеткізе алады.
Жуғыш таблеткалар
Түрлі маркалы жуғыш таблеткалар түрлі жылдамдықпен ериді. Сол себепті кейбір жуғыш таблеткалар қысқа мерзімді жуу бағдарламалары кезінде еріп үлгермейді жəне толық тазартқыш сипатын көрсете алмайды. Сондықтан жуғыш таблеткаларды қолданған кезде жуғыш заттардың қалдығын толық кетіру үшін ұзақ мерзімді жуу бағдарламаларын қолданыңыз.
Жуғыш зат диспенсері
Диспенсерді əр жуу циклын бастамай тұрып, жуу циклы кестесіндегі нұсқауларға сəйкес толтырып отыру қажет. Ыдыс жуғыш машинаңыз əдеттегі ыдыс жуғыш машиналарға қарағанда жуғыш зат пен шайғыш затты аз тұтынады. Əдетте қалыпты толтырылған ыдыс жуғыш машинаға тек бір ас қасық жуғыш зат салынады. Қатты ластанған ыдыс-аяқты жуу үшін көбірек жуғыш зат қажет. Жуғыш затты əрқашан ыдыс жуғыш машинаны іске қосардың алдында ғана салыңыз, əйтпесе жуғыш зат дымқылданып, дұрыс ерімеуі мүмкін.
Жуғыш заттың қолданылатын мөлшері
Ашу үшін ысырманы итеріңіз
Ұнтақ жуғыш зат Жуғыш таблеткалар
355
ЕСКЕРТПЕ:
• Егер қақпағы жабық болса: босату түймесін басыңыз. Қақпақ серпіле ашылады.
• Жуғыш затты əрқашан да əр жуу циклын бастамай тұрып салыңыз.
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған фирмалық жуғыш затты пайдаланыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат жеміргіш болады! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш затты салу
Жуғыш зат диспенсеріне жуғыш заттан салыңыз. Таңбалама мөлшерлеу деңгейлерін оң жақта бейнеленгендей көрсетеді:
A. Негізгі жуу циклының салынған жуғыш затының орны. B. Алдын ала жуу циклының салынған жуғыш
затының орны.
Жуу заттарының қорапшасында өндірушінің пайдалану мөлшері мен сақтау туралы кеңестерін көріп шығыңыз. Қақпақшаны жабыңыз да, орнына бекігенше үстінен басыңыз. Егер ыдыс-аяқ қатты ластанған болса, алдын ала жуғыш зат камерасына жуғыш заттан тағы да қосыңыз. Жуғыш заттың бұл қосымша мөлшері алдын ала жуу кезеңінде қосылады.
ЕСКЕРТПЕ:
• Бір бағдарламаға арналған жуғыш заттың мөлшері туралы ақпаратты соңғы беттен таба аласыз.
• Ластану деңгейіне жəне судың нақты кермектігіне сəйкес айырмашылық болуы мүмкін екенін білгеніңіз дұрыс.
• Жуғыш заттың орауышында көрсетілген өндірушінің оларды ұсыныстамаларын орындаңыз.
ЕСКЕРТУ:
356
Ұсыныстама
• Ыдыс жуғыш машинаға жарамды ас құралдарын сатып алуға тырысыңыз.
• “Ыдыс-аяққа жақсы” деп көрсетілген жұмсақ жуғыш заттарды қолданыңыз. Егер қажет болса, жуғыш зат өндірушісінен қосымша ақпарат сұратыңыз.
• Белгілі бір ыдыс түрлері үшін мүмкіндігінше төменірек температураны таңдаңыз.
• Ыдысқа зақым келмес үшін, бағдарлама аяқталғаннан кейін шыны ыдыс-аяқ пен ас құралдарын ыдыс жуғыш машинадан дереу алмаңыз.
Ыдыс жуғыш машинада төмендегі ас құралдарын/ыдыс-аяқты Жууға болмайды
• Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан немесе ақықтан жасалған ас құралдары
• Отқа төзімді емес пластмасса заттар
• Отқа төзімді емес бөліктері желімделіп құрастырылған ескі ас құралдары
• Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ
• Қалайы немесе мыс бұйымдар
• Хрусталь стақан
• Тоттануға бейім болат бұйымдар
• Ағаш табақтар
• Синтетикалық талшықтан жасалған заттар
Жууға жарамдылығы шектеулі
Шынының кейбір түрлері көп рет жуғаннан кейін көмескі тартуы мүмкін Күміс жəне алюминий бөлшектер жуған кезде түсін өзгертуге бейім келеді Алтын жалатылған ыдыс-аяқ ыдыс жуғыш машинада жиі жуылса əрі кетуі мүмкін
Ыдыс жуғыш машина себеттеріне ыдыс салардан бұрын немесе кейін назар аударыңыз
(Ыдыс жуғыш машина жақсы жұмыс істеуі үшін оған ыдыс салғанда төмендегі нұсқауларды орындаңыз. Себеттер мен ас құралдары себеттерінің функциялары мен сыртқы түрі сіздің үлгіңізден өзгеше болуы мүмкін). Қалған тағамның үлкен мөлшері болса, қырып тастаңыз. Кəстрөлдерде күйген тағамның қалдықтарын жібітіңіз. Ыдыс-аяқты ағын сумен шаюдың қажеті жоқ. Ыдыс жуғыш машинаға заттарды төмендегіше салыңыз:
1. Шыныаяқ, стақан, кəстрөл/таба т.с.с. сияқты заттарды төңкеріп қойыңыз.
2. Дөңес немесе ойыс жерлері бар ыдыс-аяқтан су ағып кету үшін жантайтып қойыңыз.
3. Барлық ыдыс-аяқ аударылып кетпес үшін мықтап орналастыру керек.
4. Барлық ыдыс-аяқ жуу кезінде бүріккіш түтіктер еркін айнала алатындай етіп орналастырылады.
ЕСКЕРТПЕ: Тым ұсақ заттарды ыдыс жуғыш машинада жумау керек, себебі олар себеттен оңай
түсіп кетуі мүмкін.
• Су жиналмау үшін кəстрөлдер, стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты шұңғыл ыдыстардың ауыздарын төмен қаратып салыңыз.
• Ас құралдары ыдыс-аяқтың ішінде, не олар бірінің үстінде бірі жатпауы керек.
• Стакандар сынып кетпеуі үшін оларды бір-біріне тигізбеу керек.
• Жуылуы барынша қиын үлкен заттарды астыңғы себетке салыңыз.
• Үстіңгі себет стақан, кофе мен шай құятын шыныаяқтар сияқты нəзік əрі жеңіл ыдыс-аяқты салуға арналған
• Тігінен орналастырылған жүз ұзын пышақтар – қауіп-қатердің бірден бір көзі!
• Ұзын жəне/не ет бұзатын не турайтын өткір пышақтар тəрізді заттарды үстіңгі себетке көлденеңінен орналастыру қажет.
• Ыдыс жуғыш машинаға ыдысты шамадан тыс салмаңыз. Жақсы нəтижеге жету үшін жəне қуатты үнемді тұтыну үшін мұның маңызы зор.
Ыдыс-аяқты алып шығу
Үстіңгі себеттен астыңғы себетке су тамшыламас үшін əуелі астыңғы себетті, содан кейін үстіңгі себетті босатуды ұсынамыз.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ СЕБЕТІНЕ ЫДЫСТЫ САЛУ
Loading...
+ 22 hidden pages