WHIRLPOOL ADGI 862 FD User Manual [kk]

Page 1
347
ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған кезде төмендегі сақтық шараларын орындаңыз:
ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ
НҰСҚАУЛАР
• Бұл құрылғы жерге қосылуға тиіс. Дұрыс жұмыс істемеген немесе бұзылған жағдайда, жерге тұйықтау электр тоғы өтіп кететін қосымша сымды қамтамасыз ету арқылы электр тоғы соғу қатерін азайтады. Бұл құрылғы жерге тұйықтау ашасы мен жерге тұйықтау сымы бар қуат сымымен жарақталған.
• Аша жергілікті стандарттар мен ережелердің барлығына сай орнатылған жəне жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануға тиіс.
• Ұзартқыш сымды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Жерге тұйықтау ашасын дұрыс пайдаланбау электр тоғы соғу қатеріне əкелуі мүмкін.
• Құрылғының жерге дұрыс тұйықталған­тұйықталмағаны туралы күмəніңіз болса, білікті электршіге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғымен бірге жеткізілген аша розеткаға дəл келмесе, оны өзгертпеңіз. Білікті электрші маманға дұрыс желілік розетканы орнаттырып алыңыз.
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ
• Аспапты орнатып болғаннан кейін оны электр желісінен ағыту мүмкін болуға тиіс.
• Ыдыс жуғыш машинаның есігін немесе сөресін қате пайдалануға, оған отыруға немесе үстіне шығуға болмайды.
• Ыдыс жуғыш машинаның ішіндегі барлық панельдер орнында болмаса, оны іске қосуға болмайды. Ыдыс жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда, есікті өте абайлап ашыңыз, себебі сыртқа су шашырау қатері бар.
• Есігі ашық тұрғанда оның үстіне ауыр зат қоюға немесе тұруға болмайды. Құрылғы алға қисаюы мүмкін.
• Жуылатын заттарды салған кезде:
1) Өткір заттарды есіктің тығыздағышын бүлдірмейтіндей етіп орналастырыңыз;
2) Ескерту: Пышақтар жəне басқа да үшкір заттарды ас құралдарына арналған себетке өткір ұштарын төмен қаратып салып, не болмаса көлденең жатқыза салу қажет.
• Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған кезде, пластмассадан жасалған заттардың қыздырғыш элементке тиюіне жол бермеу керек. (Бұл
нұсқаулық тек көрінетін қыздырғыш элементі бар машиналарға қолданылады).
• Ыдыс жуу циклы аяқталғаннан кейін жуғыш зат салатын бөлімшенің бос екенін тексеріңіз.
• Пластмассадан жасалған заттардың ыдыс жуғыш машинаға жарамды деген немесе соған баламалы таңбасы болмаса, оларды жумаңыз. Ондай таңбасы жоқ пластмасса бұйымдардың өндірушісінің ұсыныстамаларын қараңыз.
• Тек автоматты ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат пен шайғыш үстемелерді қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға сабынды, кір жуғыш ұнтақты немесе қол жуатын затты пайдалануға болмайды. Осы заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Тазартқыш жəне шайғыш заттарды балалардан аулақ ұстаңыз, ыдыс жуғыш машинаның ашық есігіне балаларды жолатпаңыз, ішінде жуғыш зат қалып қоюы мүмкін.
• Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
• Балалардың құрылғымен ойнамауын үнемі қадағалап отыру керек.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар аса сілтілі келеді, жұтып қойса, аса қатерлі болуы мүмкін. Тері мен көзге тигізбеңіз жəне есігі ашық тұрған кезде, балаларды ыдыс жуғыш машинаға жолатпаңыз.
• Есігін ашық қалдыруға болмайды, себебі бұл сүрініп кету қатерін арттыруы мүмкін.
• Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уəкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
• Ескі ыдыс жуғыш машинаны қолданыстан алғанда немесе тастағанда, жуғыш бөлімшесінің есігін ағытып алыңыз.
• Орауыш материалдардан дұрыс арылыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаны тек өзінің мақсатында ғана пайдаланыңыз.
• Орнату кезінде қуат сымын шектен тыс немесе қатерлі түрде июге немесе жаншуға болмайды. Басқару тетіктерін өз бетіңізбен ашпаңыз.
• Құрылғыны су құбырына жаңа түтіктердің көмегімен жалғау керек жəне ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
• Атаулы кернеу: АТ 220-240 В/ 50 Гц.
• Жуылатын ас құралдары жинағының ең көп саны – 9.
• Құйылатын судың рұқсат етілетін ең үлкен қысымы – 1 МПа.
• Құйылатын судың рұқсат етілетін ең кіші қысымы – 0,04 МПа.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ОСЫ АҚПАРАТТЫ ОҚЫҢЫЗ ДА, МҰҚИЯТ ОРЫНДАҢЫЗ ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
Page 2
348
• Осы құрылғы қайта өңделетін немесе қайта пайдаланылатын материалдан жасалған. Қоқысқа тастауды қалдықтан арылу бойынша жергілікті ережелерге сəйкес іске асыру қажет. Қоқысқа тастардан бұрын құрылғыны қайта пайдалану мүмкін болмау үшін электр сымын қиып тастаңыз.
• Осы құрылғыны қолдану мен қайта өңдеу туралы толық ақпарат алу үшін тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаумен айналысатын жергілікті құзырлы мекемеге немесе осы құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
ОРАУЫШЫН ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
• Орауышты 100% қайта өңдеуге болады, бұл қайта өңдеу белгісі арқылы расталады. Орауыштың əр түрлі бөліктерін қоршаған ортаға шашып тастауға болмайды, оларды жергілікті құзырлы мекеменің ережелеріне сəйкес қоқысқа тастау керек.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
• Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) туралы 2002/96/EC еуропалық нұсқауларға сəйкес таңбаланған.
• Осы құрылғыдан дұрыс арылуды қамтамасыз ету арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адамдардың денсаулығына келтірілетін ықтимал кері əсерді азайтуға көмектесесіз.
• Құрылғыдағы немесе құрылғымен бірге келген құжаттардағы таңбасы құрылғыны тұрмыстық қалдық ретінде тастамау керек екенін, электрлік жəне электрондық аспаптар сақталатын жəне қайта өңделетін жергілікті қалдық жинау орнына тапсыру керек екенін көрсетеді.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Ыдыс жуғыш машинаның орауыш материалынан дұрыс арылыңыз. Барлық орауыш материалдарды қайта өңдеуге болады. Пластмасса бөлшектері стандартты халықаралық қысқартулар арқылы таңбаланады:
• PE – полиэтилен, мысалы, үлдірмен орайтын материал
• PE – полистирол, мысалы, толтырма материал
• POM - полиоксиметилен, мысалы, пластмасса қысқыштар
• PP – полипропилен, мысалы, тұз салғыш
• ABS – акрилонитрил-бутадиен-стирол, мысалы, басқару панелі.
• Орауыш материалдар балаларға қатерлі болуы мүмкін!
• Орауыш материалдар мен құрылғыдан арылу үшін қайта өңдеу орталығына барыңыз. Ол үшін
қуат көзіне қосу сымын қиып тастаңыз да, есікті жабатын тетікті пайдалануға жарамсыз етіңіз.
• Картон орауыш қайта өңделген қағаздан жасалады жəне оны қайта өңдеу үшін қағаз
қалдықтарын жинау орнына тапсыру қажет.
• Осы құрылғыны тиісті жерге дұрыс тастау арқылы аталмыш құрылғы дұрыс тасталмаған
жағдайда қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына зиянды əсер ететін жағдайлардың орын алуына жол бермейсіз.
• Осы құрылғыны қайта өңдеу туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін жергілікті қала
əкімшілігіне жəне тұрмыстық қалдықтарды тастау қызметіне хабарласыңыз.
ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ: Осы өнімді сұрыпталмайтын қалалық қалдық түрінде тастамаңыз. Осындай қалдықтарды арнайы кəдеге жарату үшін бөлек жинау қажет.
АРЫЛУ
ЕСКЕРТУ:
Page 3
349
МАҢЫЗДЫ. Ыдыс жуғыш машина барынша жақсы жұмыс істеуі үшін оны бірінші рет пайдаланар алдында пайдалану бойынша барлық нұсқауларды оқыңыз.
Басқару панелі
Ыдыс жуу функциялары
1 Үстіңгі себет 2 Ішкі түтік 3 Астыңғы себет
4 Тұз сауыты 5 Диспенсер 6 Шыныаяқ сөресі
7 Бүріккіш түтіктер 8 Сүзгі жинағы 9 Ішкі түтік
ағытпасы
10 Су төгетін түтік
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
Алдынан қарағандағы көрінісі
Артынан қарағандағы көрінісі
44 3 2 1
1 Қосу/Өшіру түймешігі: Қуат көзіне
қосу/ажырату үшін.
2 Кешіктіріп бастау түймесі: Кешіктіріп
бастау үшін осы түймені басыңыз.
3 Бағдарлама түймесі: Жуу бағдарламасын
таңдау үшін осы түймені басыңыз.
4 Бейнебет экраны: қате кодын, кешіктіріп
бастау уақытын т.с.с. көрсету үшін
- Шайғыш зат индикаторы, Тұз қосу индикаторы: Диспенсерді қайта толтыру керек екенін көрсетеді.
- Кешіктіріп бастау уақыты немесе қате кодтары индикаторы:
- Бағдарлама индикаторлары:
1
6
2
3 4
7
8
5
9
10
Page 4
350
Ыдыс жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдаланбас бұрын:
A. Су жұмсартқышты орнатыңыз B. Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұздан 1,5 кг салыңыз да, тұз сауытына су толтырыңыз C. Шайғыш зат диспенсерін толтырыңыз D. Жуғыш затты салыңыз
A. Су жұмсартқыш
Су жұмсартқышты қолдан баптау керек, ол үшін су кермектігі тетігін пайдаланыңыз. Су жұмсартқыш құйылатын судың құрамындағы машинаға зиян келтіретін немесе оның қызметінің тиімділігін төмендететін минералдар мен тұздарды кетіру үшін жасалған. Осы минералды заттар мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары болады. Су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сəйкес баптау керек. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігі туралы мəліметтерді жергілікті су шаруашылығын басқаратын мекемеден ала аласыз.
Тұз тұтыну мөлшерін реттеу
Ыдыс жуғыш машина қолданылатын судың кермектігіне қарай тұз тұтыну мөлшерін реттейтін етіп жасалған. Мұның мақсаты – тұз тұтыну деңгейін оңтайландыру жəне лайықтау. Тұз тұтыну мөлшерін реттеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Есігін жабыңыз да, құрылғыны іске қосыңыз;
2. Су жұмсартқыш параметрлері бар үлгінің жұмысын бастау үшін құрылғы іске қосылғаннан
кейін 60 секунд ішінде Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін 5 секундтан астам басыңыз (Ол орнатылған үлгіге енген кезде тұз бен шайғыш зат туралы ескерту шамдары мезгіл-мезгіл жанады).
3. Тұратын жеріңіздегі қоршаған орта жағдайларына сəйкес дұрыс параметрді таңдау үшін
Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз, параметрлер мынадай ретпен өзгереді: H1->H2­>H3->H4->H5->H6;
4. Үлгіні баптауды аяқтау үшін Power (қуат) түймешігін басыңыз.
1-ескертпе
1 dH=1,25 Кларк=1,78 fH=0,178 ммоль/л DH = неміс градусы fH = француз градусы Кларк = Британия градусы
2-ескертпе
Зауытта орнатылған параметр: H4 (EN 50242)
Құбырдағы судың кермектігі туралы ақпарат алу үшін жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласыңыз. Ескертпе: Егер бұл үлгіде су жұмсартқыш болмаса, бұл тарауды қарамауыңызға болады.
Су жұмсартқыш
Судың кермектігі əр жерде əр түрлі болады. Ыдыс жуғыш машинада кермек су қолданылса, ыдыс-аяқ пен ас құралдарына қақ тұрады. Құрылғы судың құрамындағы əк пен минералдарды кетіру үшін арнайы жасалған тұз сауытын қолданатын су жұмсартқышпен жабдықталған.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН
СУДЫҢ КЕРМЕКТІГІ
Таңдау тетігі
орналасуы
Тұз тұтыну
мөлшері
(грамм/цикл)
Автономия
(цикл/1 кг)
°dH °fH °Кларк ммоль/л
0~5 0~9 0~6 0~0,94 H1 (Жылдам) 0 /
6~11 10~20 7~14 1,0~2,0 H2 (1 сағат) 20 60 12~17 21~30 15~21 2,1~3,0 H3 (1 сағат жылдам) 30 50 18~22 31~40 22~28 3,1~4,0 H4 (шыны) 40 40 23~34 41~60 29~42 4,1~6,0 H5 (Шыны Жылдам) 50 30 35~55 61~98 43~69 6,1~9,8 H6 (Шыны 1 сағат) 60 20
Page 5
351
B. Су жұмсартқышқа тұз салу
Əрқашан ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолданыңыз. Тұз сауыты астыңғы себеттің астында орналасқан жəне оны төменде түсіндірілгендей жолмен толтыру керек:
Назар аударыңыз
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз! Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған басқа тұз түрлері, əсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа нұқсан келтіреді. Жарамсыз тұзды пайдаланудан нұқсан келтірілген жағдайда, өндіруші ешқандай кепілдік бермейді жəне кез келген нұқсан үшін жауапкершілік көтермейді.
• Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана тұз салыңыз. Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде ұзақ уақыт жатып қалып, тоттануға себеп болуына жол бермеуі үшін қажет.
A. Астыңғы себетті алғаннан кейін тұз сауытының қақпағын бұрап алыңыз. (1) B. Құйғыштың (жинаққа кіреді) ернеуін тесікке кіргізіп, шамамен 1,5 кг тұз салыңыз. C. Тұз сауытына толтырып су құйыңыз. Тұз сауытынан аздап су төгілуі мүмкін, бұл қалыпты
жағдай. (2).
D. Сауытты толтырғаннан кейін қақпағын орнына қатайтып бұраңыз. E. Тұз сауытына тұз салынғаннан кейін тұз туралы ескерту шамы жыпылықтауын
тоқтатады.
F. Тұз сауытына тұз салынғаннан кейін дереу жуу бағдарламасын іске қосу керек. Олай
етпесе, сүзгі жүйесін, сорғыны немесе машинаның басқа да маңызды бөлшектерін тұзды су бүлдіруі мүмкін. Бұл кепілдікпен қамтылмайды.
Ескертпе:
1. Басқару панеліндегі тұз туралы ескерту шамы жанған кезде ғана тұз сауытына қайтадан
тұз салу керек. Тұздың қаншалықты жақсы еруіне қарай, тұз сауыты толтырылса да, тұз туралы ескерту шамы əлі жанып тұруы мүмкін. Егер басқару панелінде (кейбір үлгілерде) тұз туралы ескерту шамы болмаса, су жұмсартқышқа тұзды қашан толтыру керек екенін ыдыс жуғыш машинаның жасаған циклдары арқылы есептеуге болады.
2. Егер тұз шашыраса, оның артығын кетіру үшін сорғыту бағдарламасын немесе жылдам бағдарламаны орындау қажет.
1
Ашу
Page 6
352
C. Шайғыш зат диспенсерін толтыру
Шайғыш зат диспенсері
Шайғыш зат соңғы шаю циклы кезінде, су тамшылары ыдыс бетіне тұрып, дақ немесе жолақ қалдыруын болдырмау үшін қосылады. Ол сондай-ақ судың ыдыстан домалап кетуі арқылы оның жақсы кебуіне көмектеседі. Ыдыс жуғыш машинаңыз сұйық шайғыш затты қолданатын етіп жасалған. Шайғыш зат диспенсері есіктің ішкі жағында, жуғыш зат диспенсері қасында орналасқан. Диспенсерді толтыру үшін қақпағын ашыңыз да, оған шайғыш зат деңгейін көрсететін индикатор қара түске енгенше шайғыш заттан құйыңыз. Шайғыш зат сауытының сыйымдылығы шамамен 110 мл.
Шайғыш заттың функциясы
Шайғыш зат соңғы шаю кезінде автоматты түрде қосылады да, ыдыс-аяқтың жақсы шайылып, дақсыз, жолақсыз кебуін қамтамасыз етеді.
Назар аударыңыз
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған фирмалық шайғыш затты ғана пайдаланыңыз. Шайғыш зат диспенсеріне басқа заттарды құюға болмайды. (мысалы, ыдыс жуғыш машинаны тазартатын зат, сұйық жуғыш зат). Бұл құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
Шайғыш зат диспенсерін қашан толтыру керек
Басқару панелінде шайғыш зат туралы ескерту шамы болмаса, оның мөлшерін қақпақтың қасында орналасқан C оптикалық деңгей индикаторының C түсіне қарап анықтауға болады. Шайғыш зат сауыты толып тұрған кезде, бүкіл индикатор күңгірт болады. Шайғыш зат азайған сайын күңгірт нүктенің көлемі кішірейе түседі. Шайғыш заттың деңгейін ешқашан 1 / 4 мөлшерінен төмендетпеңіз.
Шайғыш зат азайған сайын шайғыш зат деңгейінің индикаторының үстіндегі қара нүктенің көлемі төмендегі суреттегідей өзгереді.
Тол ы
3/4 мөлшеріне дейін
1/2 мөлшеріне дейін
1/4 мөлшеріне дейін – Дақты кетіру үшін толтыру керек
Бос
C (Шайғыш зат
индикаторы)
Page 7
353
1. Диспенсерді ашу үшін қақпағын “ашық” (сол жақ) көрсеткіге қарай бұрап, көтеріп шығарыңыз.
2. Шайғыш затты диспенсеріне ернеуінен асырмай абайлап құйыңыз.
3. Қақпақты “ашық” көрсеткісіне туралап орнына салыңыз да, “жабық” (оң жақ) көрсеткісіне
қарай бұраңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Шайғыш затты салып жатқанда төгіліп қалса, келесі жолы ыдыс жуған кезде көпіршімес үшін су тартатын матамен сорғытып алыңыз. Ыдыс жуғыш машинаның есігін жаппай тұрып, қақпағын орнына салуды ұмытпаңыз.
Шайғыш зат диспенсерін реттеу
Шайғыш зат диспенсерінің алты немесе төрт параметрі болады. Диспенсерді əрқашан “4” қалпына қойып іске қосыңыз. Ыдыста дақ қалса немесе дұрыс кеппесе, шайғыш зат үлестіргішінің қақпағын ашып, тетігін “5” қалпына қою арқылы шайғыш заттан тағы салыңыз. Егер ыдыс бəрібір дұрыс кеппесе немесе онда дақ байқалса, ыдыс-аяқтың дақтары кеткенше тетікті келесі жоғары деңгейге қоя беріңіз. Ұсынылатын параметр – “4”. (Зауыттық мəн – “4”).
ЕСКЕРТПЕ
Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су тамшылары немесе əк дақтары қалса, шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз. Ыдыс-аяқ үстінде жабысқақ ақшыл жолақтар болса немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде жəне пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Реттеу тетігі
(Шаю)
Page 8
354
D. Жуғыш зат функциясы
Құрамында химиялық құрамдастары бар жуғыш заттар кірді кетіру, оны езу жəне ыдыс жуғыш машинадан шығару үшін қажет. Тауарлық сапасы бар жуғыш заттардың көпшілігі осы мақсатқа жарайды.
Назар аударыңыз!
Жуғыш затты дұрыс қолдану. Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз. Жуғыш заттарды ескіртпей, құрғақ күйде сақтаңыз. Ыдысты жууға дайын болмасаңыз, ұнтақ жуғыш затты диспенсерге салмаңыз.
Жуғыш заттар
Жуғыш заттардың 3 түрі болады
1.Құрамында фосфат пен хлор бар
2.Құрамында фосфат бар, ал хлор жоқ
3.Құрамында фосфат та, хлор да жоқ
Əдетте бүркілетін жаңа жуғыш заттың құрамында фосфат болмайды. Сондықтан су жұмсартқышқа фосфат функциясы берілмеген. Мұндай жағдайда судың кермектігі небары 6 dH болса да, тұз сауытына тұз толтыруды ұсынамыз. Егер су кермек болғанда құрамында фосфат жоқ жуғыш заттар пайдаланылса, тəрелкелер мен стақандарда ақ дақтар жиі пайда болады. Мұндай жағдайда жақсырақ нəтижеге жету үшін жуғыш заттан көбірек қосыңыз. Құрамында хлор жоқ жуғыш заттар шамалы ғана ағартады. Күшті жəне түсті дақтар толық кетпейді. Мұндай жағдайда температурасы жоғарырақ бағдарламаны таңдаңыз.
Қойылтылған жуғыш зат
Химиялық құрамына қарай жуғыш заттарды негізгі екі топқа бөлуге болады:
• құрамында жеміргіш заттары бар əдеттегі сілтілі жуғыш заттар
• табиғи энзимдері бар төмен сілтілі қойылтылған жуғыш заттар
Қалыпты жуу бағдарламаларын қойылтылған жуғыш заттармен бірге пайдалану қоршаған ортаның ластануын азайтады жəне ыдысқа жақсы əсер етеді; осы жуу бағдарламалары қойылтылған жуғыш заттың энзимдерінің кір кетіргіш сипаттарына арнайы дəл келтірілген. Сол себептен қойылтылған жуғыш заттар пайдаланылатын қалыпты жуу бағдарламалары басқа жағдайда тек қарқынды бағдарламаларды пайдалану арқылы қол жеткізілетіндей нəтижелерге жеткізе алады.
Жуғыш таблеткалар
Түрлі маркалы жуғыш таблеткалар түрлі жылдамдықпен ериді. Сол себепті кейбір жуғыш таблеткалар қысқа мерзімді жуу бағдарламалары кезінде еріп үлгермейді жəне толық тазартқыш сипатын көрсете алмайды. Сондықтан жуғыш таблеткаларды қолданған кезде жуғыш заттардың қалдығын толық кетіру үшін ұзақ мерзімді жуу бағдарламаларын қолданыңыз.
Жуғыш зат диспенсері
Диспенсерді əр жуу циклын бастамай тұрып, жуу циклы кестесіндегі нұсқауларға сəйкес толтырып отыру қажет. Ыдыс жуғыш машинаңыз əдеттегі ыдыс жуғыш машиналарға қарағанда жуғыш зат пен шайғыш затты аз тұтынады. Əдетте қалыпты толтырылған ыдыс жуғыш машинаға тек бір ас қасық жуғыш зат салынады. Қатты ластанған ыдыс-аяқты жуу үшін көбірек жуғыш зат қажет. Жуғыш затты əрқашан ыдыс жуғыш машинаны іске қосардың алдында ғана салыңыз, əйтпесе жуғыш зат дымқылданып, дұрыс ерімеуі мүмкін.
Жуғыш заттың қолданылатын мөлшері
Ашу үшін ысырманы итеріңіз
Ұнтақ жуғыш зат Жуғыш таблеткалар
Page 9
355
ЕСКЕРТПЕ:
• Егер қақпағы жабық болса: босату түймесін басыңыз. Қақпақ серпіле ашылады.
• Жуғыш затты əрқашан да əр жуу циклын бастамай тұрып салыңыз.
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған фирмалық жуғыш затты пайдаланыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат жеміргіш болады! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш затты салу
Жуғыш зат диспенсеріне жуғыш заттан салыңыз. Таңбалама мөлшерлеу деңгейлерін оң жақта бейнеленгендей көрсетеді:
A. Негізгі жуу циклының салынған жуғыш затының орны. B. Алдын ала жуу циклының салынған жуғыш
затының орны.
Жуу заттарының қорапшасында өндірушінің пайдалану мөлшері мен сақтау туралы кеңестерін көріп шығыңыз. Қақпақшаны жабыңыз да, орнына бекігенше үстінен басыңыз. Егер ыдыс-аяқ қатты ластанған болса, алдын ала жуғыш зат камерасына жуғыш заттан тағы да қосыңыз. Жуғыш заттың бұл қосымша мөлшері алдын ала жуу кезеңінде қосылады.
ЕСКЕРТПЕ:
• Бір бағдарламаға арналған жуғыш заттың мөлшері туралы ақпаратты соңғы беттен таба аласыз.
• Ластану деңгейіне жəне судың нақты кермектігіне сəйкес айырмашылық болуы мүмкін екенін білгеніңіз дұрыс.
• Жуғыш заттың орауышында көрсетілген өндірушінің оларды ұсыныстамаларын орындаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Page 10
356
Ұсыныстама
• Ыдыс жуғыш машинаға жарамды ас құралдарын сатып алуға тырысыңыз.
• “Ыдыс-аяққа жақсы” деп көрсетілген жұмсақ жуғыш заттарды қолданыңыз. Егер қажет болса, жуғыш зат өндірушісінен қосымша ақпарат сұратыңыз.
• Белгілі бір ыдыс түрлері үшін мүмкіндігінше төменірек температураны таңдаңыз.
• Ыдысқа зақым келмес үшін, бағдарлама аяқталғаннан кейін шыны ыдыс-аяқ пен ас құралдарын ыдыс жуғыш машинадан дереу алмаңыз.
Ыдыс жуғыш машинада төмендегі ас құралдарын/ыдыс-аяқты Жууға болмайды
• Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан немесе ақықтан жасалған ас құралдары
• Отқа төзімді емес пластмасса заттар
• Отқа төзімді емес бөліктері желімделіп құрастырылған ескі ас құралдары
• Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ
• Қалайы немесе мыс бұйымдар
• Хрусталь стақан
• Тоттануға бейім болат бұйымдар
• Ағаш табақтар
• Синтетикалық талшықтан жасалған заттар
Жууға жарамдылығы шектеулі
Шынының кейбір түрлері көп рет жуғаннан кейін көмескі тартуы мүмкін Күміс жəне алюминий бөлшектер жуған кезде түсін өзгертуге бейім келеді Алтын жалатылған ыдыс-аяқ ыдыс жуғыш машинада жиі жуылса əрі кетуі мүмкін
Ыдыс жуғыш машина себеттеріне ыдыс салардан бұрын немесе кейін назар аударыңыз
(Ыдыс жуғыш машина жақсы жұмыс істеуі үшін оған ыдыс салғанда төмендегі нұсқауларды орындаңыз. Себеттер мен ас құралдары себеттерінің функциялары мен сыртқы түрі сіздің үлгіңізден өзгеше болуы мүмкін). Қалған тағамның үлкен мөлшері болса, қырып тастаңыз. Кəстрөлдерде күйген тағамның қалдықтарын жібітіңіз. Ыдыс-аяқты ағын сумен шаюдың қажеті жоқ. Ыдыс жуғыш машинаға заттарды төмендегіше салыңыз:
1. Шыныаяқ, стақан, кəстрөл/таба т.с.с. сияқты заттарды төңкеріп қойыңыз.
2. Дөңес немесе ойыс жерлері бар ыдыс-аяқтан су ағып кету үшін жантайтып қойыңыз.
3. Барлық ыдыс-аяқ аударылып кетпес үшін мықтап орналастыру керек.
4. Барлық ыдыс-аяқ жуу кезінде бүріккіш түтіктер еркін айнала алатындай етіп орналастырылады.
ЕСКЕРТПЕ: Тым ұсақ заттарды ыдыс жуғыш машинада жумау керек, себебі олар себеттен оңай
түсіп кетуі мүмкін.
• Су жиналмау үшін кəстрөлдер, стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты шұңғыл ыдыстардың ауыздарын төмен қаратып салыңыз.
• Ас құралдары ыдыс-аяқтың ішінде, не олар бірінің үстінде бірі жатпауы керек.
• Стакандар сынып кетпеуі үшін оларды бір-біріне тигізбеу керек.
• Жуылуы барынша қиын үлкен заттарды астыңғы себетке салыңыз.
• Үстіңгі себет стақан, кофе мен шай құятын шыныаяқтар сияқты нəзік əрі жеңіл ыдыс-аяқты салуға арналған
• Тігінен орналастырылған жүз ұзын пышақтар – қауіп-қатердің бірден бір көзі!
• Ұзын жəне/не ет бұзатын не турайтын өткір пышақтар тəрізді заттарды үстіңгі себетке көлденеңінен орналастыру қажет.
• Ыдыс жуғыш машинаға ыдысты шамадан тыс салмаңыз. Жақсы нəтижеге жету үшін жəне қуатты үнемді тұтыну үшін мұның маңызы зор.
Ыдыс-аяқты алып шығу
Үстіңгі себеттен астыңғы себетке су тамшыламас үшін əуелі астыңғы себетті, содан кейін үстіңгі себетті босатуды ұсынамыз.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ СЕБЕТІНЕ ЫДЫСТЫ САЛУ
Page 11
357
Ыдыс жуғыш машинаға қалыпты ыдыс-аяқ салу əдісі
Үстіңгі себетке ыдыс салу
Үстіңгі себет стақан, кофе мен шай құятын шыныаяқтар сияқты нəзік əрі жеңіл ыдыс-аяқты салуға, сондай-ақ тəрелкелерді, кішкене шаралар мен жайпақ табаларды (егер тым қатты ластанған болмаса) салуға арналған. Тəрелкелер мен таба-кəстрөлдер су бүркіген кезде жылжып кетпейтіндей етіп орналастырыңыз.
АСтыңғы себетке ыдыс салу
Кəстрөлдер, табалар, қақпақтар, табақтар мен шаралар сияқты үлкен ыдысты жəне тазалануы қиын ыдыс-аяқты төмендегі суретте көрсетілгендей астыңғы себетке салуды ұсынамыз. Табақтар мен қақпақтарды үстіңгі бүріккіш түтіктің айналуына кедергі жасамау үшін сөренің бүйір жақтарына қойған дұрыс. Мыналар есіңізде болсын:
• Кəстрөл, шаралар т.с.с. заттарды аузын төмен қаратып салу керек.
• Терең кəстрөлдердің суы ағып кетуі үшін еңістеп салу керек.
• Үлкенірек кəстрөлдер мен табаларды көбірек салу үшін астыңғы себет бүктемелі тістермен жарақталған.
Үстіңгі себетті реттеу
Үстіңгі / астыңғы себетке қойылатын үлкен ыдыс­аяққа көбірек орын қалдыру үшін үстіңгі себеттің биіктігін реттеуге болады. Үстіңгі себеттің биіктігін доңғалақтарды сырғытпа жолға əр түрлі биіктікке қою арқылы реттеуге болады. Ұзын заттарды, ас құралдарын, салат қалақшалары мен пышақтарды бүріккіш түтіктің жұмысына кедергі келтірмеу үшін сөреге қою керек.
Қақпақша сөрелерді кері бүктеу
Кəстрөлдер мен табаларды қатарлап орналастыру үшін тістерді оң жақтағы суретте көрсетілгендей төмен бүктеуге болады.
Астыңғы себеттің бүктемелі тістері
Кəстрөлдер мен табаларды қатарлап орналастыру үшін тістерді оң жақтағы суретте көрсетілгендей төмен бүктеуге болады.
IN
IN
Астыңғы орын Үстіңгі орын
Доңғалақтар
Page 12
358
Ас құралдары себеті
Ас құралдарын ас құралдары себетіне саптарын төмен қаратып салу керек. Егер сөренің бүйір жағында себеттер болса, қасықтарды тиісті ұяларға бір-бірден салу керек, ерекше ұзын ыдыс-аяқты суретте көрсетілгендей үстіңгі себеттің алдыңғы жағына көлденең орналастырып салу керек.
• Себеттің астынан ешқандай зат шығып тұрмауға тиіс.
• Өткір заттарды əрқашан өткір ұштарын төмен қаратып салыңыз!
Адамдардың қауіпсіздігі үшін жəне тазалау сапасы өте жақсы болуы үшін күміс ыдысты себетке төмендегідей етіп салыңыз:
• Олар бірге жатпауға тиіс.
• Күмістен жасалған ас құралдары сабы төмен қаратылып салынады.
• Бірақ пышақтар мен басқа да ықтимал қауіпті құралдардың сабын жоғары қаратып салыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Page 13
359
Жуу циклы кестесі ЕСКЕРТПЕ
•
Мағынасы: шайғыш зат диспенсеріне
шайғыш зат құю керек.
• * Бұл бағдарлама – сынама жуу циклы. EN
50242 стандартына сəйкес салыстырымдылық бойынша төмендегі
ақпарат:
• Сыйымдылығы: 9 параметр;
• Үстіңгі себетті орналастыру: жоғарғы доңғалақтары рельсте
• Шайғыш зат параметрі: 6
• Pl: 0.49w;
• Po: 0.45w.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН БАСТАУ
Бағдарлама
Циклды таңдау туралы
ақпарат
Циклдың
сипаттамасы
Жуғыш зат:
алдын
ала/негізгі
Жұмыс
уақыты
(мин.)
Қуат
(кВт/с)Су(l)
Шайғы
ш зат
Қарқынды
Қатты ластанған қыш ыдыс
жəне қалыпты ластанған
кəстрөлдер, кірі кеуіп қалған
табалар, табақтар үшін.
Алдын ала жуу (50°C) Жуу (65°C) Шаю Шаю Шаю (65°C) Кептіру
5/22 г 135 1,3 16
Қалыпты
Кəстрөл, тəрелке, стакан
тəрізді қалыпты ластанған
заттарға жəне шамалы
ластанған табаларға
арналған.
Алдын ала жуу (45°C) Жуу (55°C) Шаю Шаю (65°C) Кептіру
5/22 г 155 1,07 13
* EN 50242
Бұл стандартты
бағдарлама, қалыпты
ластанған ас ішетін ыдысты
жууға жарайды жəне бұл –
ас ішетін ыдыстың сондай
түрі үшін қуат пен суды
бірге тұтыну жағынан
барынша тиімді
бағдарлама.
Алдын ала жуу Жуу (50°C) Шаю (65°C) Кептіру
5/22 г 175 0,78 9
Шыны
Шамалы ластанған қыш
ыдыс пен шыныға арналған.
Алдын ала жуу Жуу (40°C) Шаю Шаю (60°C) Кептіру
5/22 г 110 0,7 13
1 сағат
Аса жақсы кептіруді қажет
етпейтін, шамалы ластанған
ыдыс-аяққа арналған.
Алдын ала жуу (50°C) Жуу (60°C) Шаю (55°C) Кептіру
5/22 г 60 0,85 9
Жылдам
Шамалы ластанған ыдыс-
аяқты жылдам жууға
арналған қысқа цикл.
Жуу (40°C) Шаю Шаю (45°C)
20 г 40 0,45 10
Құрылғыны іске қосу
Жуу циклын бастау
1. Астыңғы жəне үстіңгі себеттерді тартып шығарыңыз да, ыдыс-аяқты салып, орнына қайта итеріңіз.
Ыдыс-аяқты əуелі астыңғы себетке, содан кейін үстіңгі себетке салуды ұсынамыз (“Ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салу” атты тарауды қараңыз).
2. Жуғыш затты құйыңыз (“Тұз, жуғыш зат жəне шайғыш зат” атты тарауды қараңыз).
3. Ашаны розеткаға сұғыңыз. Қуатпен жабдықтау: 220-240 В АТ /50 Гц, розетканың техникалық
сипаттамасы: 10 А 250 В АТ. Сумен жабдықтау құбырының толық қысыммен қосулы екенін тексеріңіз.
4. Есігін жабыңыз да, ON/OFF (қосу/өшіру) түймесін басыңыз, сонда ON/OFF (қосу/өшіру) шамы жанады.
5. Бағдарлама түймесін басыңыз, жуу бағдарламасы төмендегі бағытта өзгереді: Intensive->Normal->ECO->Glass->1 Hour->Rapid;
Бағдарлама таңдалса, соған сай келетін шам жанады. Содан кейін Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз, ыдыс жуғыш машина жұмысын бастайды.
Page 14
Бағдарламаны өзгерту …
Үй-жай:
1. Орындалып жатқан циклды тек сəл уақыт жұмыс істегеннен кейін ғана өзгертуге болады. Əйтпесе, жуғыш зат əлдеқашан құйылып, құрылғыдағы ыдыс жуылған су əлдеқашан төгілген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жуғыш зат диспенсеріне қайтадан жуғыш заттан салу керек (“Жуғыш затты салу” атты тарауды қараңыз).
2. Машинаны тоқтату үшін есігін ашыңыз, Program (бағдарлама) түймесін 3 секундтан астам басыңыз, машина күту режимінде тұрады, содан кейін бағдарламаны қалаған цикл параметріне өзгертуге болады (“Жуу циклын бастау” атты тарауды қараңыз …”).
Ыдыс-аяқты салуды ұмытып кеттіңіз бе?
Ұмыт қалған ыдысты жуғыш заттың қақпағы ашылғанша кез келген сəтте қосуға болады.
1. Есікті сəл ғана ашыңыз.
2. Бүріккіш түтіктердің жұмысы тоқтағаннан кейін есікті толық ашуға болады.
3. Ұмытылған ыдыс-аяқты салыңыз.
4. Есікті жабыңыз.
5. Ыдыс жуғыш машина 10 секундтан кейін жұмыс істейді.
Жуу циклының соңында
Жуу циклы аяқталғаннан кейін ыдыс жуғыш машина 8 секунд ызылдаған дыбыс шығарады да, тоқтайды. ON/OFF (қосу/өшіру) түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, су құбырын жабыңыз да, ыдыс жуғыш машинаның есігін ашыңыз. Ыдыс-аяқ пен ас құралдары əлі ыстық болып, сынып кетуге бейім тұрғанда оларды ұстамау үшін ыдыс жуғыш машинаны босатпас бұрын бірнеше минут күте тұрыңыз. Жəне де олар жақсырақ кебеді.
• Ыдыс жуғыш машинаны өшіру Тек бағдарлама шамы жанып, бірақ жыпылықтамай тұрған жағдайда ғана бағдарлама аяқталады.
1. ON/OFF (қосу/өшіру) түймесін басу арқылы ыдыс жуғыш машинаны ажыратыңыз.
2. Су құятын шүмекті жабыңыз!
• Есікті абайлап ашыңыз. Ыстық ыдыс-аяқ тиіп кетсе морт сынғыш келеді. Сондықтан ыдыс-аяқты құрылғыдан алып шықпас бұрын шамамен 15 минуттай суытып алу керек. Машинаның есігін ашыңыз, ыдыс-аяқты шығармас бұрын есікті жартылай ашқан күйі бірнеше минут күтіңіз. Осылай еткенде ыдыс-аяқ салқындайды жəне жақсырақ кебеді.
• Ыдыс жуғыш машинаны босату Ыдыс жуғыш машинаның ішінің су болуы қалыпты жағдай. Əуелі астыңғы себетті, содан кейін үстіңгі себетті босатыңыз. Сонда үстіңгі себеттен астыңғы себеттегі ыдыс-аяққа су тамып кетпейді.
Жуу кезінде есікті ашу өте қауіпті, өйткені ыстық суға күйіп қалуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
360
Page 15
361
Сүзгі жүйесі
Сүзгі тағамның үлкен қалдықтары мен басқа заттардың сорғыға түсіп кетуіне жол бермейді. Қалдықтар сүзгіні бітеп тастауы мүмкін, мұндай жағдайда оларды алып тастау керек. Сүзгі жүйесі ірі торлы сүзгіден, жайпақ (негізгі сүзгі) жəне шағын торлы сүзгіден (ұсақ торлы сүзгі) тұрады.
Негізгі сүзгі 1
Осы сүзгі ұстап қалған тағам мен қоқыс түйірлері астыңғы бүріккіш түтіктен шығатын арнайы су ағынымен шайылады да, су төгетін түтік арқылы шығарылады.
Ірі торлы сүзгі 2
Сүйек не шыны кесектері сияқты, су төгетін түтікке кептелуі мүмкін үлкен заттар ірі торлы сүзгі арқылы ұсталады. Осы сүзгі ұстап қалған қоқысты алу үшін сүзгінің үстіндегі тығындарды еппен қысыңыз да, сүзгіні шығарып алыңыз.
Ұсақ торлы сүзгі 3
Бұл сүзгі тұндырғыштың маңайында жиналған қоқыс пен тағам қалдықтарын ұстайды жəне жуу циклы кезінде ыдыста қайта тұруына жол бермейді.
Сүзгі жинағы
Сүзгі тағам қалдықтарын ыдыс жуатын судан жақсы кетіреді де, цикл кезінде судың айналуына мүмкіндік тудырады. Сүзгілер жинағы жақсы жұмыс істеуі үшін оны үнемі тазалап отыру керек. Сол себепті əр жуу циклынан кейін жартылай дөңгелек сүзгі мен қақпағын ағып тұрған сумен шайып, тұрып қалған тағамның үлкен қалдықтарын кетірген дұрыс. Сүзгі құрылғысын алып шығу үшін қақпақтың тұтқасынан ұстап жоғары қарай тартыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаны ешқашан да сүзгісіз пайдалануға болмайды.
• Сүзгіні дұрыс орнатпасаңыз, құрылғы жұмысына нұқсан келуі жəне ыдыс-аяқ пен ас құралдары бүлінуі мүмкін.
1-ҚАДАМ: Сүзгіні сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2-ҚАДАМ: сүзгі жинағын жоғары көтеріңіз
ЕСКЕРТПЕ
1-қадамнан бастап 2-қадамды орындаған кезде, сүзгі жүйесі алынады; 2-қадамнан бастап 1-қадамды орындаған кезде, сүзгі жүйесі орнатылады.
КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
1
2
Ашу
1
2
3
ЕСКЕРТУ:
Page 16
362
Ескерімдер:
• Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған сайын сүзгілердің бітелмегенін тексеріңіз.
• Ірі торлы сүзгіні бұрап алу арқылы сүзгі жүйесін шығарып алуға болады. Тағам қалдықтарын алыңыз да, сүзгілерді ағып тұрған сумен жуыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бүкіл сүзгілер жинағын аптасына бір рет тазалап отыру керек.
Сүзгіні тазалау
Ірі торлы сүзгі мен ұсақ торлы сүзгіні тазалау үшін тазалағыш шөткені қолданыңыз. Соңғы бетте көрсетілгендей, сүзгінің бөлшектерін қайта жинақтаңыз да, бүкіл жинақты орнына қондырып, жəне төмен қарай баса отырып, ыдыс жуғыш машинаға қайта салыңыз.
Сүзгілерді тазалаған кезде оларды қақпаңыз. Əйтпесе сүзгілер майысып, ыдыс жуғыш машинаның жұмыс сапасы төмендеуі мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаны күтіп ұстау
Басқару панелін сəл дымқыл шүберекпен тазалауға болады. Тазалап болғаннан кейін əбден кептіріңіз. Сыртын құрылғыны жылтырататын жақсы балауызбен тазалаңыз. Ыдыс жуғыш машинаның бөлшектерін өткір заттармен, қырғыш жөкемен не қатты тазартқыштармен тазаламаңыз.
Есікті тазалау
Есіктің жиегін айналдыра тазалау үшін тек жұмсақ, жылы, дымқыл шүберекті қолданыңыз. Есіктің бекітпесі мен электрлік құраластарына су кіріп кетуіне жол бермеу үшін ешқандай бүріккіш тазартқышты қолданбаңыз.
• Есіктің панелін тазалау үшін бүріккіш тазартқышты қолдануға болмайды, себебі ол есіктің бекітпесі мен электрлік құраластарын бүлдіруі мүмкін.
• Тот баспайтын болаттан жасалған беткі қабатына сызат түсуіне немесе дақ қалуына жол бермес үшін түрпілі заттар мен кейбір қағаз сүзгілерді пайдалануға болмайды.
Мұз қатуынан қорғау
қыста ыдыс жуғыш машинаға мұз қатуына қорғайтын шараларды қолданыңыз. Жуу циклдарынан кейін əр кез төмендегі қадамдарды жасаңыз
1. Ыдыс жуғыш машинаға жалғанған электр тоғын ағытыңыз.
2. Су құятын шүмекті жауып, су құятын түтікті су клапанынан ажыратыңыз.
3. Су құятын түтік пен су клапанындағы суды ағызыңыз. (Суды жинау үшін кəстрөлді
пайдаланыңыз)
4. Су құятын түтікті су клапанына қайта жалғаңыз.
5. Науаның түбіндегі сүзгіні алып шығыңыз да, тұндырғыштағы суды жөкемен сорғытып алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ыдыс жуғыш машина мұздың кесірінен жұмыс істемесе, кəсіпқой техник
мамандарға хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
Page 17
363
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Кермек судағы химиялық заттар бүріккіш түтіктің саңылаулары мен мойынтіректерін бітеп тастамас үшін оларды жиі тазалап отыру керек. Үстіңгі бүріккіш түтікті алу үшін сомыннан ұстап тұрып түтікті сағат тілінің бағытымен бұрап алыңыз. Астыңғы бүріккіш түтікті алу үшін бүріккіш түтікті жоғары қарай тартыңыз. Түтіктерді сабын сумен жуып, саңылауларын жұмсақ шөткемен тазалаңыз. Əбден шайғаннан кейін орнына салыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаны қалпында ұстау жолдары
• Əр жуу циклынан кейін
Əрбір жуу циклынан кейін құрылғыға құйылатын суды жауып, ылғал немесе жағымсыз иіс тұрып қалмас үшін есігін сəл ашыңқырап қойыңыз.
• Ашаны суыру
Тазалау немесе күтіп ұстау жұмыстарына кіріспес бұрын, əрқашан ашаны розеткадан суырыңыз.
• Еріткіш немесе түрпілі заттармен тазалауға болмайды
Ыдыс жуғыш машинаның сырты мен резеңке бөлшектерін тазалау үшін еріткіш немесе түрпілі заттарды ешқашан қолданбаңыз. Тек шүберек пен жылы сабын су ғана пайдаланыңыз. Құрылғының ішкі бетіндегі дақтар мен таңдақтарды аздаған сірке суы немесе ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат қосылған суға матырылған шүберекпен тазалаңыз.
• Ұзақ пайдаланылмаған кезде
Жуу циклын ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салмай орындап, содан кейін оның ашасын розеткадан суыруды, су құятын шүмекті жауып, құрылғы есігін сəл ашық күйі қалдыруды ұсынамыз. Бұл есік тығыздағыштарының ұзаққа шыдауына көмектеседі жəне құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.
• Құрылғыны жылжыту
Егер құрылғыны жылжыту қажет болса, оны тік қалыпта ұстауға тырысыңыз. Егер қайткенде де қажет болса, оны шалқасынан қоюға болады.
• Тығыздағыштар
Ыдыс жуғыш машинадан иіс шығуының бір себебі тығыздағыштарда тағамның қалып қоюы болып табылады. Дымқыл жөкемен мерзімді түрде тазалап тұру мұндай жағдайды болдырмайды.
Ашу
Page 18
364
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ Құбырлар мен электр жабдығын тек білікті мамандар ғана орнатуға тиіс.
Электр тоғы соғу қатері
Ыдыс жуғыш машинаны орнатпас бұрын электр қуатын ажыратыңыз. Олай етпеген жағдайда, қазаға ұшыратуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін.
Орнатуға дайындау
Ыдыс жуғыш машинаны су құятын құбырға жəне ақаба су құбырына, электр желісіне жақын орналастыру керек. Ыдыс жуғыш машинанының су төгетін түтіктерін жалғауды оңайлату үшін ас үй жиһазының бір жағын таңдау керек.
ЕСКЕРТПЕ: орнату үшін қажетті қосымша керек-жарақтарды түгендеп алыңыз (панельге арналған ілгек, бұранда)
Орнату туралы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Ыдыс жуғыш машина жиһазының өлшемдері мен құрылғыны орнату тəсілі Ыдыс жуғыш машинаны орнататын жерге əкелмей тұрып, дайындық жұмыстарын жүзеге асыру керек.
1. Су құятын жəне төгетін түтіктерді орнату жұмыстарын жеңілдету үшін раковинаға жақын жерді таңдаңыз (1-суретті қараңыз).
2. Егер ыдыс жуғыш машина ас үй жиһазының бұрышына орнатылса (2-суретте көрсетілген), есік ашылатын орын қалдыру керек.
ЕСКЕРТУ:
ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
1-сурет Корпустың өлшемдерi
Ыдыс жуғыш машинаның үсті мен корпусының жəне корпусқа тураланған сыртқы есіктің арасында 5 мм-ден аз.
Электр желісі,
су төгетін жəне
сумен жабдықтау
желілері кіретін жер
Корпусының түбі
мен еденнің
аралығы
Page 19
365
2-сурет
Есік ашылғанда қалатын ең кем бос орын.
Ыдыс жуғыш
машина
Ыдыс жуғыш
машинаның
есігі
Корпус
Кемінде 50 мм
бос орын
Панельдің өлшемдері жəне оны орнату
1. Ағаш панельді 3-суретке сəйкес орнатуға болады.
3-сурет
Панельді суретте көрсетілген өлшемдерге сəйкес орнату керек.
Құрылғы: мм
Page 20
366
2. Ағаш панельдің ілгегін орнатыңыз да, ілгекті ыдыс жуғыш машинаның сыртқы есігіндегі саңылауға салыңыз (4a-суретті қараңыз). Панельді орнатқаннан кейін, оны сыртқы есікке бұранда мен болттардың көмегімен бекітіңіз (4b-суретті қараңыз)
4a-сурет
Панельді орнату.
4b-сурет
Ағаш панельді орнату
1. төрт қысқа бұранданы алып тастаңыз
2. төрт ұзын бұранданы сұғыңыз
Төрт қысқа бұранданы алып тастаңыз
Төрт ұзын бұранданы сұғыңыз
Page 21
367
Есік серіппесінің тартылуын реттеу
Есік серіппелері зауытта сыртқы есікке дұрыс тартылып тұратындай етіп орнатылады. Егер ағаш панельді орнату қажет болса, есік серіппесінің тартылуын реттеу керек. Болат сымды қатайтып тарту немесе босату үшін реттегіш бұранданы бұрау арқылы реттегішті бұраңыз (5-суретті қараңыз).
5-сурет
Есік серіппесінің тартылуын реттеңіз.
Су төгетін түтіктерді жалғау
Су төгетін түтікті диаметрі кем дегенде 4 см ақаба су құбырына жалғаңыз немесе түтікті майыстырмай, бүкпей раковинаға ағатын етіңіз. Түтіктің үстіңгі жағы 1 000 мм-ден аз болуы керек.
ЕСКЕРТПЕ Түтіктің үстіңгі жағы 1 000 мм-ден аз болуы керек.
Су төгетін құбыр
Санауыш
Алды
СУ ТӨГЕТІН ТҮТІКТІ A, B, СУРЕТІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕНДЕЙ ІЛІҢІЗ
6-сурет
Page 22
368
Ыдыс жуғыш машинаны орнату қадамдары
1. Жиһаздың есігін ыдыс жуғыш машинаның сыртқы есігіне бірге жеткізілген қапсырма арқылы
орнатыңыз. Қапсырманы орнату үшін қосымша кітапшадағы суретті қараңыз.
2. Есік серіппелерінің тартылуы алты қырлы кілттің көмегімен реттеңіз, сағат тілінің бағытымен бұрап, сол жəне оң жақ серіппелерді қатайтыңыз. Бұлай істемеген жағдайда ыдыс жуғыш машинаға нұқсан келуі мүмкін (2-сурет).
3. Су құятын түтікті суық су жүйесіне жалғаңыз.
4. Су төгетін түтікті жалғаңыз. Суретті қараңыз. (6-сурет).
5. Қуат сымын жалғаңыз.
6. Бекіткіш таспаны корпустың жұмыс бетінің астына бекітіңіз. Бекіткіш таспаның ұшының жұмыс
бетінің шетіне дəл келетініне көз жеткізіңіз.
7. Ыдыс жуғыш машинаны орнына қойыңыз. (4-сурет)
8. Ыдыс жуғыш машинаның деңгейін реттеңіз. Артқы тіреулерін ыдыс жуғыш машинаның
алдыңғы жағынан, ыдыс жуғыш машинаның тұғырының ортасындағы алты қырлы бұранданы алты қырлы кілтті пайдалану бұрау арқылы (5A-сурет) реттеуге болады. Алдыңғы тіреулерін реттеу үшін жайпақ бұрағыштың көмегімен, ыдыс жуғыш машина орныққанша алдыңғы тіреулерін бұраңыз (5B-сурет).
9. Ыдыс жуғыш машина орнында мығым тұруға тиіс. Оны мығым орнатудың екі тəсілі бар: A. Қалыпты жұмыс беті: Орнатқыш ілмекті бүйір панельдің саңылауына сұғыңыз да, жұмыс бетіне ағаш бұрандалардың көмегімен бекітіңіз (6-сурет). B. Мəрмəрдан немесе граниттен жасалған жұмыс беті: Бүйірін бұрандамен бекітіңіз. (7-сурет).
Жиһаздың есігі
Бекіткіш таспа
7-сурет
Page 23
369
Ыдыс сөрелері дұрыс жұмыс істеп, ыдыс дұрыс жуылуы үшін ыдыс жуғыш машинаның деңгейін реттеу керек.
1. Ыдыс жуғыш машина деңгейінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін есік пен құрылғы ішіндегі сөреге спирттік деңгей құралын қойыңыз.
2. Ыдыс жуғыш машинаның үш тіреуін жеке-жеке реттеу арқылы деңгейлеңіз.
3. Ыдыс жуғыш машина деңгейін реттеген кезде, ыдыс жуғыш машинаның аударылып кетпеуін абайлаңыз.
Алдынан
артына
деңгейлен
уін
тексеру
Бір бүйірінен екіншісіне деңгейленуін тексеру
Электр желісіне жалғау туралы
Адамдардың қауіпсіздігі үшін:
• ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫ ҮШІН ҰЗАРТҚЫШ СЫМ НЕМЕСЕ ӨТПЕЛІК АШАНЫ ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
• ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ ІСТІКШЕСІН ҚУАТ СЫМЫНАН КЕСІП НЕМЕСЕ АҒЫТЫП АЛМАҢЫЗ.
Электрмен жабдықтауға қойылатын талаптар
Атаулы кернеуді білу үшін техникалық ақпарат тақтайшасын қараңыз да, ыдыс жуғыш машинаны лайықты қуат желісіне жалғаңыз. Қажетті 10 амперлік сақтандырғышты, ұсынылатын кеш қосылатын сақтандырғышты немесе айырып-қосқышты қолданыңыз жəне тек осы құрылғыға арналған жеке желіні қамтамасыз етіңіз.
Қолданар алдында құрылғының жерге дұрыс тұйықталғанын тексеріңіз
Электр желісіне қосу
Кернеу мен қуат жиілігінің техникалық ақпарат тақтайшасындағы мəндерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Ашаны тек жерге дұрыс тұйықталған розеткаға ғана жалғаңыз. Егер құрылғыны қосқыңыз келген розеткаға құрылғы ашасы сай келмесе, өтпелік қолданудың орнына розетканы ауыстырыңыз, себебі өтпелік қолданғанда шамадан тыс қызып кету немесе күйіп қалу қаупі бар.
Жерге тұйықтауға қатысты нұсқаулар
Бұл құрылғыны жерге тұйықтау керек Дұрыс жұмыс істемеген немесе бұзылған жағдайда, жерге тұйықтау электр тоғы өтіп кететін қосымша сымды қамтамасыз ету арқылы электр тоғы соғу қатерін азайтады. Бұл құрылғы жерге қосу ашасы мен жерге қосу сымы бар қуат сымымен жарақталған. Аша жергілікті стандарттар мен ережелердің барлығына сай орнатылған жəне жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануға тиіс.
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
8-сурет
Тіреулерін реттеуді көрсету. ЕСКЕРТПЕ: Тіреулерін ең көбі 50 мм биіктікке реттеуге болады.
Page 24
370
Жерге тұйықтау ашасын дұрыс пайдаланбау электр тоғы соғу қатеріне əкелуі мүмкін. Құрылғының жерге дұрыс тұйықталған-тұйықталмағаны туралы күмəніңіз болса, білікті электршіге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғымен бірге жеткізілген аша розеткаға дəл келмесе, оны өзгертпеңіз. Білікті электрші маманға дұрыс желілік розетканы орнаттырып алыңыз.
Су құбырына жалғау
Суық су құюға арналған түтікті бұрамасы 3/4 (дюйм) ағытпаға жалғап, оның орнына мықты қатайтып бұралғанын тексеріңіз. Су құбырына қосу түтіктері жаңа болса немесе ұзақ уақыт қолданылмаған болса, судың əбден тазарғанына көзіңіз жеткенше ағызып қойыңыз. Бұл сақтық шарасы су келетін құбырдың бітеліп қалып, құрылғыны бүлдіруіне жол бермеу үшін керек.
Пайдаланып болғаннан кейін гидрантты жабыңыз.
Құрылғыны орналастыру
Құрылғыны қалаған жерге орналастырыңыз. Құрылғының артқы жағын қабырғаға тақатып, екі жағын жапсарлас жиһаздың немесе қабырғаның бойымен орнатыңыз. Ыдыс жуғыш машинаны орнату оңай болуы үшін оның оң не сол жағына орналастыруға болатын су құятын жəне төгетін түтіктермен жабдықталған.
Түтіктерде қалған суды қалай ағызу керек
Егер раковина еденнен 1000 мм биік орналасса, түтіктердегі артық суды раковинаға тура ағызу мүмкін емес. Қалған суды раковинаның сыртында немесе одан төмен қойылған тегешке немесе қолайлы ыдысқа ағызу керек.
Су ағатын құбыршек
Су төгетін түтікті жалғаңыз. Су ағып кетпес үшін төгетін түтікті дұрыс орнату керек. Су ағатын түтіктің бұратылып не жаншылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ұзартқыш түтік
Егер ұзартқыш төгу түтігі керек болса, дəл сондай төгу түтігін пайдаланыңыз. Ол 4 метрден артық болуға тиіс; əйтпесе ыдыс жуғыш машинаның тазартатын қабілеті азаяды.
Сифонды жалғау
Су төгетін түтікті диаметрі кем дегенде 4 см ақаба су құбырына жалғаңыз немесе түтікті майыстырмай, бүкпей раковинаға ағатын етіңіз. Түтіктің үстіңгі жағы 1 000 мм-ден аз болуы керек.
Ыдыс жуғыш машинаны іске қосу
Ыдыс жуғыш машинаны іске қосардың алдында төмендегіні тексеру қажет.
1 Ыдыс жуғыш машинаның деңгейі дұрыс əрі орнықты болуы 2 Су құятын түтік клапанының ашық екені 3 Су өтетін қосылымдардан су ағуы 4 Сымдардың мықтап жалғанғаны 5 Электр желісіне қосылғаны 6 Су құятын жəне төгетін түтіктердің бұратылып қалмағаны 7 Орам материалдары мен қағаздардың барлығын ыдыс жуғыш машинадан алу керек
Назар аударыңыз: Орнатып болғаннан кейін осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Осы
нұсқаулықта жазылған мəлімет пайдаланушылар үшін өте пайдалы.
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
Page 25
371
Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын
Төмендегі беттердегі кестелерді қарап шығу қызмет көрсету орталығына хабарласпауға көмектесуі мүмкін.
Техникалық ақаулықтар
АҚАУЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Ақаулық Ықтимал себептері Не істеу керек
Ыдыс жуғыш машина іске қосылмайды
Сақтандырғыш күйіп кеткен немесе қысқа тұйықтағыш қосылып кетті
Сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе қысқа тұйықтағышты қайта орнатыңыз. Ыдыс жуғыш машинамен бір тұйықтағышты ортақтасатын басқа құрылғыларды алып тастаңыз
Электр қуатымен жабдықтау іске қосылмаған
Ыдыс жуғыш машинаның іске қосылғанын жəне есігінің мықтап жабылғанын тексеріңіз. Қуат сымының қабырғадағы розеткаға дұрыс сұғылғанына көз жеткізіңіз.
Судың қысымы төмен Сумен жабдықтау желісіне дұрыс жалғанғанын жəне су
құбырының ашылғанын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машинаның есігі дұрыс жабылған жоқ.
Есікті дұрыстап жабыңыз да, бекітіп қойыңыз.
ыдыс жуғыш машинадан су сорылмайды
Су төгетін түтік бұратылып қалған
Су төгетін түтікті тексеріңіз.
Сүзгі бітеліп қалған Ірі торлы сүзгіні тексеріңіз (“Сүзгіні тазалау” атты тарауды
қараңыз)
Ас үйдегі раковина бітеліп қалған
Ас үйдегі раковинадан судың жақсы ағатынын тексеріңіз. Егер мəселе ас үйдегі раковинадан су кетпейтінінде болса, ыдыс жуғыш машина жөндейтін техник емес, сантехник керек болуы мүмкін.
Жалпы ақаулар
Ақаулық Ықтимал себептері Не істеу керек
Науада сабын қалады
Дұрыс емес жуғыш зат
Сабын қалмас үшін ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш затты ғана пайдаланыңыз. Мұндай жағдай орын алса, сабын буланып ұшуы үшін ыдыс жуғыш машинаны ашыңыз. Науаға 1 галлон суық су құйыңыз. Ыдыс жуғыш машинаны жауып, бекітіңіз де, кез келген циклды таңдаңыз. Ыдыс жуғыш машинадан су бірден ағып кетеді. Су кетуі тоқтағаннан кейін есікті ашыңыз да, сабынның жоғалып кеткенін тексеріңіз. Қажет болса осыны қайталаңыз.
Төгілген шайғыш зат Төгілген шайғыш затты əрқашан дереу сүртіп алыңыз.
Науаның ішкі жағына дақ түскен
Құрамында бояғышы бар жуғыш зат қолданылған
Жуғыш заттың құрамында бояғыш жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Ыдыстың ішкі бетінде ақшыл қабат түзілуі
Кермек су минералдары Ішкі жағын ыдыс жуатын жуғыш зат құйылған дымқыл жөкемен
тазалаңыз жəне резеңке қолғап киіңіз. Көбік немесе сабын түзілмес үшін ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттардан басқа құралдарды ешқашан қолданбаңыз.
Ас құралдарында тот дақтары болуы
Тот басқан бұйымдар тот басуына төзімді емес.
–
Ыдыс жуғыш машина тұзы қосылғаннан кейін бағдарлама жұмыс істемеді. Болмашы тұз жуу циклы кезінде түсіп кеткен.
Ыдыс жуғыш машина тұзын қосқаннан кейін машинаға ыдыс салмастан жəне Турбо функциясын (егер болса) қоспастан, əрқашан да жылдам жуу бағдарламасын орындаңыз.
Жұмсартқыштың қақпағы босап кеткен
Қақпақты тексеріңіз. Жақсы бекітілгенін тексеріңіз.
Page 26
372
Шуыл
Ақаулық Ықтимал себептері Не істеу керек
Жуғыш бөлімшеде тарсылдаған шуыл бар
Бүріккіш түтікше себеттегі ыдысқа соғылып жатыр
Бағдарламаны тоқтатыңыз да, бүріккіш түтікшеге кедергі жасап тұрған бұйымдарды басқаша орналастырыңыз.
Жуғыш бөлімшеде дырылдаған шуыл бар
Қыштан жасалған бұйымдар жуғыш бөлімшенің ішінде бос жатыр
Бағдарламаны тоқтатыңыз да, қыш бұйымдарды басқаша орналастырыңыз.
Су құбырларында тарсылдаған шуыл бар
Мұның себебі орнына орналастыру немесе құбырлардың шатысып қалуы болуы мүмкін.
Бұл ыдыс жуғыш машинаның жұмысына əсер етпейді. егер күмəніңіз болса, тиісті сантехникке хабарласыңыз.
Жуу нəтижесі қанағаттанғысыз
Ақаулық Ықтимал себептері Не істеу керек
Ыдыс-аяқ таза емес Ыдыс-аяқ дұрыс салынған
жоқ.
“Ыдыс жуғыш машинаның себеттеріне ыдыс салу” таруындағы ескертпелерді қараңыз.
Бағдарламаның күші жеткілікті болған жоқ.
Қарқындырақ бағдарламаны таңдаңыз. “Жуу циклы кестесі” тарауын қараңыз.
Жеткілікті жуғыш зат бөлінген жоқ.
Жуғыш затты көбірек пайдаланыңыз немесе оны ауыстырыңыз.
Ыдыс-аяқ бүріккіш түтіктердің жолын бөгеп тұр.
Бүріккіш еркін айнала алуы үшін ыдыс-аяқты басқаша орналастырыңыз.
Жуғыш бөлімшенің табанындағы сүзгілер жинағы таза емес немесе дұрыс орнамаған. Бұл бүріккіш түтіктің тесіктерінің бітелуіне себеп болуы мүмкін.
Сүзгілер жинағын тазалаңыз жəне (немесе) дəлдеп келтіріңіз. Бүріккіш түтіктің тесіктерін тазалаңыз. «Бүріккіш түтіктерді тазалау» тарауын қараңыз.
Шыны ыдыстың салтақ болуы
Тұщы су мен тым көп жуғыш заттың қосындысы.
Тұщы су қолданылған жағдайда, жуғыш затты азырақ пайдаланыңыз, шыны ыдыс таза жуылуы үшін ең қысқа жуу циклын таңдаңыз.
Ыдыс-аяққа қара не сұр дақ түскен
Алюминийден жасалған бұйымдар ыдыс-аяқты үйкеген.
Мұндай дақтарды жұмсақ түрпілі заттармен тазалаңыз.
Үлестіргіш сауыттарда жуғыш зат қалып қойған
Ыдыс-аяқ жуғыш заттың қақпағын бітеп тастаған.
Ыдыс-аяқты дұрыстап салыңыз.
Page 27
373
Кептіру нəтижесі қанағаттанғысыз
Ақаулық Ықтимал себептері Не істеу керек
Ыдыс-аяқ кеппейді Ыдыс-аяқты дұрыс салмау Ыдыс жуғыш машинаға ыдысты нұсқауларда ұсынылғандай
салыңыз.
Шайғыш зат тым аз Шайғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз/шайғыш зат диспенсерін
қайта толтырыңыз.
Ыдыс-аяқты тым тез алып шығасыз
Ыдыс жуғыш машинаны жуып болғаннан кейін дереу босатпаңыз. Бу шығып кетуі үшін есікті сəл ғана ашыңыз. Ыдыс-аяқ ұстауға едəуір жылы болғанда ғана ыдыс жуғыш машинаны босатуға кірісіңіз. Əуелі астыңғы себетті босатыңыз. Бұл үстіңгі себеттегі ыдыс-аяқтан су тамшылауына жол бермейді.
Қате бағдарлама таңдалған
Қысқа бағдарламада жуу температурасы төменірек болады. Бұл да тазалау нəтижесін нашарлатады. Жуу уақыты ұзағырақ төменірек бағдарламаны таңдаңыз.
Жалатылған қабатының сапасы төмен ас құралдарының пайдаланылуы
Осындай бұйымдардан су ағуы қиынырақ болады. Осындай ас құралдары немесе ыдыс-аяқ ыдыс жуғыш машинада жууға жарамайды.
Қате кодтары
Жұмысында ақаулықтар пайда болғанда, құрылғыда қате кодтары көрсетіліп, төмендегіні ескертеді:
• Егер су асып төгілсе, техниктерді шақырмас бұрын негізгі сумен жабдықтау құбырын жабыңыз.
• Егер толып кетуден немесе азғана су жылыстауынан түпкі науада су жиналса, ыдыс жуғыш машинаны іске қосардан бұрын суды кетіру керек.
ЕСКЕРТУ:
Кодтар Мағынасы Ықтимал себептері
“Жылдам” шамы тез жыпылықтайды
Су ұзақ уақыт құйылып жатыр. Шүмектер ашылмаған, немесе су келуі шектелген немесе
судың қысымы тым төмен.
“Шыны” шамы тез жыпылықтайды
Асып төгілу. Ыдыс жуғыш машинаның бір элементінен су жылыстайды.
Page 28
374
ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
Биіктігі 815 мм
Ені 448 мм
Тереңдігі 550 мм (есік жабық тұрғанда)
Қуатпен жабдықтау Техникалық ақпарат тақтайшасын қараңыз
Сыйымдылығы 9 кісіге арналған ыдыс-аяқ жинағы
448
550
815
1150
Page 29
375
Себеттерге ыдысты En 50242 стандарттарына сəйкес салу
Үстіңгі себет
Астыңғы себет
Ас құралдары себеті
EN 50242 стандартына сəйкес салыстырымдылық сынақтары бойынша ақпарат Сыйымдылығы: 9 кісіге арналған ыдыс-аяқ жинағы Үстіңгі себеттің орналасуы: төменірек орналастыру Programma: ECO Шайғыш зат параметрі: 6 Жұмсартқыш параметрі: H4
Шыныаяқтар
Кішкене тəрелкелер
Стақандар
Кішкене шара
Орташа шара
Үлкен шара
Десерт тəрелкелер
Таяз тəрелкелер
Шұңғыл тəрелкелер
Сопақ табақ
➡ IN
1 Көже қасықтар
2 Шанышқылар
3 Пышақтар
4 Шай қасықтар
5 Десерт қасықтар 6 Үлестіргіш
қасықтар
7 Үлестіргіш шанышқылар
8 Тұздық ожаулар
Page 30
376
Өндіруші WHIRLPOOL
Стандартты ыдыс-аяқ жинағы 9
Қуат тиімділігі класы 1) A+
Жылдық қуат тұтыну көлемі 2) 222 кВт/сағ.
Стандартты тазалау циклының қуат тұтыну көлемі
0,78 кВт/сағ.
Өшірулі режимінің қуат тұтыну көлемі 0,45 Вт
Қосулы қалдыру режимінің қуат тұтыну көлемі 0,49 Вт
Жылдық су тұтыну көлемі 3) 2520 литр
Кептіру тиімділігі класы 4) A
Стандартты тазалау циклы 5) ECO 50°C
Стандартты тазалау циклы бағдарламасының ұзақтығы
175 мин.
Шуыл деңгейі 48/50 Дб(A) - 1 пВт
Құрастыру Бөлек тұрады
Биіктігі 81,5 см
Кіріктіріп орнатуға болады Иə
Ені 44,8 см
Тереңдігі (қосылымдармен бірге) 55 см
Қуат тұтыну көлемі 1930 Вт
Атаулы кернеу / жиілігі АТ 220-240 В / 50 Гц
Судың қысымы (төмен қысым) 0,4-10 бар = 0,04-1 МПа
Техникалық ақпарат парағы
EU Directive 1059/2010 нұсқауларына сəйкес тұрмыстық ыдыс жуғыш машинаның парағы:
ЕСКЕРТПЕ
1
) A+ + + (тиімділігі ең жоғары) – D (тиімділігі ең төмен)
2
) Суық су құйылатын стандартты 280 жуу циклының жəне төмен қуатты режимді тұтынудың
негізінде қуат тұтыну көлемі жылына 222 кВт/сағатты құрайды. Іс жүзіндегі қуат тұтыну көлемі құрылғының қалай пайдаланылатынына байланысты болады.
3
) Стандартты 280 жуу циклының негізінде су тұтыну көлемі жылына 2520 литрді құрайды. Іс
жүзіндегі су тұтыну көлемі құрылғының қалай пайдаланылатынына байланысты болады.
4
) A (тиімділігі ең жоғары) – G (тиімділігі ең төмен)
5
) Бұл бағдарлама қалыпты ластанған ас ішетін ыдысты жууға жарайды жəне бұл – ас ішетін
ыдыстың сондай түрі үшін қуат пен суды бірге тұтыну жағынан барынша тиімді бағдарлама. Бұл құрылғы жеткізілген сəтіндегі еуропалық стандарттар мен директиваларға сай келеді:
- LVD 2006/95/EC
- EMC2004/108/EC
- ErP 2009/125/EC Жоғарыдағы мəндер көрметілген жұмыс жағдайларында стандарттарға сəйкес өлшенді. Нəтижелері ыдыс-аяқтың мөлшері мен ластану дəрежесіне, судың кермектігіне, жуғыш заттың мөлшеріне т.с.с. сəйкес əр түрлі болуы мүмкін. Нұсқаулық Еуропа Одағының стандарттары мен ережелеріне негізделген.
Page 31
377
ЖЫЛДАМ ЖҰМЫС БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Жұмыс əдісі туралы егжей-тегжейлі мəліметті нұсқаулықтың тиісті беттерінен қараңыз.
Құрылғыны іске қосу
Құрылғыны іске қосу үшін есігін ашыңыз да, On/Off (қосу/өшіру) түймесін басыңыз.
Құрылғыны өшіру
Жуу циклы аяқталғаннан кейін ыдыс жуғыш машина 8 рет ызылдаған дыбыс шығарады да, тоқтайды. On/Off (қосу/өшіру) түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз.
Су құятын шүмекті жабу жəне себеттерді босату
Ескерту: ыдыс-аяқ пен ас құралдары əлі ыстық болып, сынып кетуге бейім тұрғанда оларды ұстамау үшін ыдыс жуғыш машинаны босатпас бұрын бірнеше минут (шамамен 15 минут) күте тұрыңыз. Жəне де олар жақсырақ кебеді. Астыңғы себеттен бастап құрылғыдан ыдыс-аяқты алыңыз.
Жуғыш зат диспенсерін толтыру
A бөлімшесі:
Əр жуу циклында.
B бөлімшесі:
Тек алдын ала жуу функциясы бар бағдарламалар үшін. (Пайдаланушы нұсқауларын орындаңыз!)
Шайғыш зат деңгейін тексеру
Механикалық C индикаторы.
Басқару панеліндегі электр индикаторы (егер болса).
Қалпына келтіретін тұз \ деңгейін тексеру
Тек су жұмсартқыш жүйесі бар үлгілер үшін). Басқару панеліндегі электр индикаторы (егер болса). Егер басқару панелінде (кейбір үлгілерде) тұз туралы ескерту шамы болмаса, су жұмсартқышқа тұзды қашан толтыру керек екенін ыдыс жуғыш машинаның жасаған циклдар саны арқылы есептеуге болады.
Себеттерге ыдыс­аяқ салу
Қалған тағамның үлкен мөлшері болса, қырып тастаңыз. Кəстрөлдерде күйген тағамның қалдықтарын жібітіңіз, содан кейін себеттерге ыдыс-аяқ салыңыз. Ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салу туралы нұсқауларды қараңыз
Бағдарлама таңдау
Есікті жабыңыз, таңдалған бағдарлама шамы жанғанша Programme (бағдарлама) түймесін басыңыз. (“Іске пайдалану бойынша нұсқаулар” атты тарауды қараңыз)
Ыдыс жуғыш машинаны іске қосу
Су ағатын шүмекті ашыңыз. Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз, машина шамамен 10 секундтан кейін жұмысын бастайды.
Бағдарламаны өзгерту
1. Орындалып жатқан циклды тек сəл уақыт жұмыс істегеннен кейін ғана өзгертуге болады. Əйтпесе, жуғыш зат əлдеқашан құйылып су əлдеқашан төгілген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жуғыш зат диспенсерін қайта толтыру керек.
2. Жууды тоқтату үшін Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз да, орындалып тұрған бағдарламаны болдырмау үшін бағдарлама түймесін 3 секундтан астам басыңыз.
3. Жаңа бағдарламаны таңдаңыз.
4. Ыдыс жуғыш машинаны қайтадан іске қосыңыз.
Ұмытылған ыдыс­аяқты ыдыс жуғыш машинаға салыңыз.
1. Ыдыс жуғыш машинаны тоқтату үшін есігін сəл ғана ашыңыз.
2. Бүріккіш түтіктердің жұмысы тоқтағаннан кейін есікті толық ашуға болады.
3. Ұмытылған ыдыс-аяқты салыңыз.
4. Есікті жабыңыз, 10 минут өткенде ыдыс жуғыш машина жұмысын қайтадан бастайды.
Егер құрылғы жуу циклы кезінде өшіп қалса.
Егер құрылғы жуу циклы кезінде өшіп қалса, қайтадан іске қосылғанда, жуу циклын қайтадан таңдаңыз да, ыдыс жуғыш машинаны бастапқы ”Қуат қосулы” күйіне сəйкес пайдаланыңыз).
ЕСКЕРТУ!
Есікті абайлап ашыңыз. Есік ашылған кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін
 
   
 
Page 32
378
ЕСКЕРТУ
Дайындаушы үнемі бұйымды жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізеді және алдын ала ескерту жасаусыз өзгерту енгізу құқығына ие. Тауардыңқызмет мерзімі 10 жыл.
WHIRLPOOL EUROPE s.r.l. - Viale Guido Borghi, 27 - 21025 COMERIO (Varese) ITALY
Виерлпул Юроп с.р.л. - Виале Гвидо Борги, 27 - 21025, Комерио (Варезе) ИТАЛИЯ
Зауыт: Фошан Шуньдэ Midea Вошинг Апплаенсис МФГ Ко Лтд Мекен-жайы: № 9 Вэйе Роад, Бейджао, Шунде ауданы, Фошань қаласы, Гуандун провинциясы, Қытай
Ресей және Кедендік одақ елдері үшін: «Виерлпул Си-Ай-Эс» ЖШҚ 117105, Мәскеу қаласы, Варшава тасжолы, 9-үй, 1Б-құрылыс, 3-қабат. Ресей Федерациясындағы жедел желі телефоны: 8-800-100-57-31
Қытайда жасалған
Дайындалған күні заттаңбасында келесі үлгіде көрсетілген: жылдың аптасы (2 сан)/ жыл (2 немесе 4 сан)
Қаптамалық заттаңбадағы белгі кез-келген қаптамалық бөлшектің тағаммен жанастыруға арналмағандығын білдіреді.
Loading...