Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы бұйымын
сатып алуға бел байлағаныңыз үшін үлкен
рахмет айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып, сонымен
қатар сапаны қамтамасыз ету жөніндегі
барлық қажетті шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің көңіліңізден
шығуы үшін және оны еш кедергісіз
қолдануыңыз үшін біз қолымыздан келгеннің
барлығын істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты сұрақтар
туындаса, өз дилеріңізге немесе біздің өткізу
компаниямызға жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
1Қолдану нұсқаулығына
1.1Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған суреттердегі
барлық нышандардың анықтамасы, осы
қолдану нұсқаулығында келтірілген.
1.2Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат алудың,
сонымен қатар күрделі материалдық
нұқсанның қаупі жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
1.3Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық машиналарды
және құрылғыларды одан әрі әзірлеумен
ұдайы айналысуда; сондықтан пішін, техника
және жабдықтар бойынша жеткізілімнің
толымдаушыларына барлық өзгерістерді
енгізу құқығын өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және суреттеріне
қатысты ешқандай кінәраттар тағыла
алмайды.
2Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Осы құрылғымен жұмыс істеген
кезде, айрықша қауіпсіздік ісшараларын сақтау қажет болады,
себебі жұмыс барысында кескіш
құрал-саймандар өте жоғары
жылдамдықта айналады және
электр тоғы қолданылады.
Алғаш рет қолданысқа енгізген
кезде, пайдалану нұсқаулығымен
мұқият танысып алыңыз және
кейіннен пайдалану үшін сенімді
жерге сақтап қойыңыз. Пайдалану
Түпнұсқалық қолдану нұсқаулығы
0000006799_015_KZ
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары бар, қағазды қайта өңдеуге
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
нұсқаулығын сақтамау өмірге қауіп
төндіруі мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты жергілікті
ережелерді, мысалы кәсіподақтардың,
әлеуметтік сақтандыру қорларының, еңбекті
қорғау жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Құрылғымен алғаш рет жұмыс істейтін әрбір
адам: оны қалай қауіпсіз қолдану керектігі
туралы сатушыдан немесе басқа маманнан
нұсқау алуы керек – немесе арнайы оқу
курсынан өтуі қажет.
Бақылауда болып, оқытылып жатқан
16 жастан асқан жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға құрылғымен
жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде адамдар
алшақ жерде болуы тиіс.
Егер де құрылғы қолданылмаса, оны ешкімге
қауіп төндірмейтіндей етіп қойған жөн.
Құрылғыны рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз,
штепсельді айырды суырыңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар үшін
немесе басқа адамдарға немесе олардың
мүлкіне төнетін қауіп үшін жауапты болады.
Құрылғыны, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға жақсылап
үйретілген адамдарға ғана беруге немесе
жалға беруге рұқсат етіледі – әрқашан
пайдалану нұсқаулығын көрсетіңіз.
Физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі тұлғалар, құрылғымен тек
жауапты тұлғаның бақылауымен немесе
нұсқауларымен ғана жұмыс істей алады.
Қатты шуыл шығаратын құрылғының
қолданылуы ұлттық және жергілікті
ережелермен уақыт бойынша шектелуі
мүмкін.
Жұмысты әрбір рет бастаудың алдында,
құрылғының күйі нұсқауларға сай келетінін
тексеру керек. Біріктіруші сымға, штепсельді
айырға және қауіпсіздік құралдарына айрықша
назар аударуыңыз қажет.
Құрылғыны тарту немесе тасымалдау үшін
біріктіруші сымды қолдануға болмайды.
Құрылғымен кез-келген жұмыстарды, мысалы
тазарту, техникалық қызмет көрсету,
бөлшектерін ауыстыру жұмыстарын
орындаудың алдында – штепсельді айырды
суырыңыз!
Құрылғының қорғанысы пайдаланушыны
кескіш құрал-сайманнан лақтырылатын
барлық заттардан (тастар, шыны, сым және
т.б.) қорғай алмайды. Бұл заттар, қандай да
бір жерде рикошет жасап ыршып түсіп,
пайдаланушыға тиюі мүмкін.
Құрылғыны тазарту үшін ешқандай жоғары
қысымды жуғыш қолданбаңыз. Судың қатты
ағыны агрегаттың бөлшектерін бүлдіре
алады.
Құрылғыға су шашыратпаңыз.
2.1Жұмыс істеуге талап етілетін
физикалық дайындық
Құрылғымен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және дене
күшінің жағдайы жақсы болуы қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша жүктеме
түсіруге болмайтын адамдар, құрылғымен
жұмыс істей алатындығы туралы дәрігерден
кеңес алуы тиіс.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе есірткіні
тұтынғаннан кейін құрылғымен жұмыс істеуге
болмайды.
2.2Құрал-жабдықтар мен
қосалқы бөлшектер
Осындай кескіш құрал-саймандарды немесе
STIHL компаниясы тарапынан осы құрылғыға
рұқсат берілген немесе өзінің технологиялық
сипаттамасы жағынан ұқсас болып келетін
құрал-жабдықтарды ғана қолданыңыз. Қандай
да бір сұрақтар туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы құралсаймандарды немесе керек-жарақтарды ғана
қолданыңыз. Олай болмаған жағдайларда,
жазатайым оқиғалардың орын алу қаупі
немесе құрылғының бұзылу қаупі төнеді.
STIHL компаниясы STIHL компаниясының
түпнұсқалы құрал-саймандарын және керекжарақтарын қолдануға кеңес береді. Олар
өздерінің сипаты жағынан агрегатпен
оңтайлы түрде келістірілген және
пайдаланушының талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да бір
өзгерістерді енгізбеңіз, бұл жағдайда
қауіптілік төнуі мүмкін. STIHL компаниясы
қолданысқа рұқсат етілмеген аспалы
құрылғыларды қолданудың салдарынан
0458-282-9721-A3
Page 4
қазақ2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
адамға және мүлікке келтірілген нұқсан үшін
жауапты болмайды.
Тозуға төзімді материалдан
(мысалы, теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын киіңіз.
2.3Қолданылу саласы
Құрылғы – қолданылатын кескіш құралсайманға байланысты – тек шөп шабу үшін,
сондай-ақ қаулап өскен өсімдіктерді кесу үшін
немесе осыған ұқсас жолмен қолдану үшін
ғана пайдаланылуы тиіс.
Құрылғыны мақсатына сай қолдану қажет,
керісінше жағдайда, жазатайым оқиғалар
орын алуы немесе құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының құрылымына қандай да бір
өзгеріс енгізуге тыйым салынады, себебі осы
жағдайда, жазатайым оқиғалар орын алуы
немесе құрылғы бүлінуі мүмкін.
2.4Киімдер мен жарақтар
Белгіленген киім мен жабдықтауды
қолданыңыз.
Киім мақсатқа сай қолданылуы тиіс
және жұмысқа кедергі келтірмеуі
қажет. Денеге тығыз тиіп тұратын
киім ұсынылады – комбинезон,
бірақ жұмыс халаты емес.
Ағашқа, қалың бұталыққа немесе құрылғының
қозғалмалы бөлшектеріне іліне алатын киімді
кимеңіз. Сонымен қатар мойынорағыш,
галстук және қандай да бір әшекей тақпаңыз.
Ұзын шашты иықтан жоғары болатындай етіп
буып, бекітіңіз.
Бұдырлы, тайғанамайтын табаны
бар мықты аяқ киім киіңіз.
Сақтандыру
Көзге жарақат келтіру қауіптілігін
төмендету үшін EN 166
стандартына сәйкес қорғаныс
көзілдірігін пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің дұрыс
орнатылғанына назар аударыңыз.
Бет қорғанысын пайдаланыңыз және оның
дұрыс орнатылғанына назар аударыңыз.
Қорғаныс бетпердесі, көзді жеткілікті
дәрежеде қорғай алатын қорғаныс бұйымы
емес.
Шуылдан қорғайтын «жеке» құралдарды,
мысалы естуді қорғауға арналған капсуланы
қолданыңыз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныш
құралдарының кең бағдарламасын ұсынады.
2.5Құрылғыны тасымалдау
Құрылғыны әрдайым сөндіріп отырыңыз және
штепсельді айырды құрылғыдан суырыңыз.
Құрылғыны аспалы белдікке ілінулі күйде
қарнаққа немесе айналмалы тұтқышқа
теңдестірілген күйде тасыңыз.
Автокөліктің ішінде: құрылғыны төңкерілуден
және зақымдалудан қорғаңыз.
2.6Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны тексеру
Құрылғының мінсіз жұмыс атқаруын
бақылаңыз және қолдану нұсқаулығындағы
тиісті бөлімге назар аударыңыз:
Қосылуды блоктау және ажыратқыш баяу
–
жұмыс істеуі тиіс, ажыратқыш
босатылғаннан соң бастапқы қалпына келуі
тиіс
Кескіш құрал-сайманның, қорғаныc
–
құралының, саптың және аспалы белдіктің
құрамдастырымы қолданысқа рұқсат етілуі
керек және барлық бөлшектер мінсіз түрде
монтаждалуы тиіс. Металдан жасалған
кескіш құрал-саймандарды қолданбаңыз –
жарақат алу қаупі бар!
Кескіш құрал-сайманның дұрыс
–
монтаждалғанын, берік орнатылғанын және
мінсіз күйін тексеріңіз
Қорғаныс құралдарының зақымдалғанын
–
немесе тозғанын тексеріңіз (мысалы, кескіш
құрал-сайманға арналған қорғаныс).
Зақымдалған бөлшектерді ауыстырыңыз.
Қорғанысы зақымдалған құрылғыны
ешқашан қолданбаңыз
Сап кірден тазартылған, таза әрі құрғақ
–
болуы қажет, бұл құрылғыны сенімді түрде
басқару үшін маңызды шарт болып
табылады
Сапты бойына қарай реттеңіз
–
Құрылғы тек қана қаупсіз қолданыс күйінде
қолданылуы қажет – жазатайым оқиғаның
туындау қаупі бар!
Құрылғының бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған және нықтап
40458-282-9721-A
Page 5
002BA117 KN
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
бекітілген болса ғана, оны қолданысқа
енгізуге болады.
Басқару элементтеріне немесе қауіпсіздік
құралдарына кез-келген өзгеріс енгізуге
тыйым салынады
Құрылғы қосылған кезде, кескіш құрал-сайман
жерге немесе қандай да бір басқа заттарға
тимеуге тиіс.
Кескіш құрал-сайманға жанаспаңыз
– жарақат алу қаупі бар!
Кескіш құрал-сайман, құрылғы
сөндірілгеннен кейін тағы біраз
уақыт бойы қозғала берсе - бұл
инерция бойынша қозғалыс!
Электр қосылымы
Тоқ соғу қаупін келесі жолмен азайтуға
болады:
Құрылғының кернеуі және жиілік көрсеткіші
–
(зауыттық тақтайшасын қараңыз) желінің
кернеуіне және жиілік көрсеткішіне сай келуі
тиіс
Біріктіруші сым, штепсельді айыр және
–
ұзартқыш сым зақымдалмағанын тексеріңіз.
Зақымдалған кабельдер, жалғастырғыштар
және штекерлер немесе талаптарға сай
келмейтін біріктіруiші сымдар
қолданылмауы тиіс
Электр қосылымы, нұсқауларға сай
–
монтаждалған штепсель розеткасына ғана
қосылады
Біріктіруші және ұзартқыш сымдардың,
–
штекердің және жалғастырғыштың
оқшаулағыштары мінсіз күйде болуға тиіс
Штепсельді айырды, біріктіруші және
–
ұзартқыш сымды, сондай-ақ электрлік
штекерлік қосылымдарды ешқашан да
ылғалды қолмен ұстамаңыз
Қолданылатын ұзартқыш сым осы қолдану
–
нұсқасына арналған нұсқауларға сай келуі
тиіс
Біріктіруші және ұзартқыш сымдарды тиісінше
өткізіңіз:
Жекелеген тоқсымдардың ең аз көлденең
–
қимасы – «Құрылғының электрлік
қосылымы» бөлімін қараңыз
Біріктіруші сымды айналадағыларға
–
зақымдамайтындай және қауіп
төндірмейтіндей етіп өткізіңіз және
таңбалаңыз – сүрініп кету қаупі бар!
Сай келмейтін ұзартқыш сымдарды
–
қолданған кезде, қауіп төнуі мүмкін. Сыртта
қолдануға рұқсат етілген және тиісінше
белгіленген, сондай-ақ жеткілікті көлденең
қимасы бар ұзартқыш сымдарды ғана
қолданыңыз
Ұзартқыш сымның штекері мен
–
жалғастырғышы су сіңірмеуі тиіс немесе
суға тимеуі тиіс
Жиекке, өткір ұшты немесе өткір заттарға
–
үйкелуге жол бермеңіз
Есік немесе терезе ойықтарында қыспаңыз
–
Кабельдер шатасса – штепсельді айырды
–
тартып, кабельді тарқатыңыз
Айналмалы кескіш құрал-сайманды
–
ұстаудан аулақ болыңыз
Қызып кетудің салдарынан өрт туындау
–
қаупі төнбес үшін кабельге арналған
атанақты әрқашан толықтай тарқатыңыз
2.7Құрылғыны қалай ұстау және
қалай жүргізу қажет
Құрылғыны әрқашан екі қолыңызбен сабынан
нықтап ұстаңыз. Әрқашан сенімді және
орнықты күйге қойыңыз.
Құрылғыны әрдайым денеңізден оң жаққа
қарай бағыттаңыз.
Сол қолыңыз айналмалы тұтқышта, ал оң
қолыңыз басқару тұтқышында болуы тиіс –
осы ереже солақайға да қатысты болып
келеді.
2.8Жұмыс барысында
Біріктіруші сым зақымданған
жағдайда, штепсельді айырды
дереу суырыңыз – электр тогының
соғуы салдарынан өмірге қауіп
төнуі мүмкін!
Үстінен басып кету, жапырылу, жыртылу және
басқа жағдайлардың салдарынан біріктіруші
сымның зақымдалмауын бақылап тұрыңыз.
Штепсельді айырды розеткадан суырғанда,
біріктіруші сымнан емес, штепсельді айырдан
тарту керек.
0458-282-9721-A5
Page 6
15m (50ft)
қазақ
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
Штепсельді айыр мен біріктіруші сымды тек
құрғақ қолмен ғана ұстауға болады.
Құрылғыға ешқашан су шашыратпаңыз –
қысқа тұйықталу қаупі бар!
Жаңбыр жауған кезде, сондай-ақ
дымқыл немесе өте ылғалды
ортада құрылғымен жұмыс
істемеңіз – жетек қозғалтқышы
судан қорғалмаған – электр
тогының соғу немесе қысқа
тұйықталу қаупі бар!
Құрылғыны жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Қауіптілік төнетін болса немесе апаттық
жағдай орын алса, құрылғыны дереу сөндіру
керек – ажыратқыш пен қайта қосылуды
блоктауды босатыңыз.
Құрылғыға тек қана бір оператор қызмет
көрсетеді – жұмыс аймағында бөгде
адамдардың болуына рұқсат берілмейді.
Жұмыс орнынан алшақ жерге лақтырылатын
бөлшектер, жазатайым оқиғаның туындау
қаупін төндіре алады, сол себептен, 15 м-лік
радиуста бөгде адамдар болмауы тиіс. Осы
қашықтық, сондай-ақ заттарға (көлік
құралдары, терезе әйнектері) да қатысты
сақталуға тиіс – материалдық нұқсан келтіру
қаупі төнуі мүмкін! Тіпті 15 м-ден артық
қашықтықта да қауіп төнуі мүмкін.
Төңіректі тексеріңіз: қатты заттар –
тастар, металл бөлшектері және
тағы басқа заттар жұмыс кезінде
тіпті 15 м-лік қашықтыққа да
лақтырылуы мүмкін, сол себептен
жарақат алу қаупі бар! – және
кескіш құрал-сайманды, сондай-ақ
заттарды (мысалы, тұраққа
қойылған автокөліктер, терезелер)
зақымдауы мүмкін (материалдық
нұқсан).
Құрылғыға және кескіш құрал-сайманға
арналған тиісті қорғаныс құралдары болмай
ешбір жағдайда жұмыс істемеңіз –
лақтырылатын заттардан жарақат алу қаупі
бар!
Дымқыл шөпті шаппаңыз.
Тау еңісінде, кедір-бұдыр және тағы басқа
төңіректерде абайлаңыз – тайғанап кету қаупі
бар!
Біріктіруші сымды әрқашан құрылғының
артынан өткізіңіз – артқа қарай жүрмеңіз –
сүрініп кету қаупі бар!
Кедергілерге назар аударыңыз: томарлар,
тамырлар – сүрініп кету қаупі бар!
Тек қана жерде тұрып жұмыс істеңіз,
орнықсыз күйде, баспалдақта немесе жұмыс
тұғырнамасында ешқашан жұмыс істемеңіз.
Есту мүшелерін қорғайтын құралды
пайдаланған кезде, аса мұқият және сақ
болуыңыз керек, өйткені қауіптілік
дыбыстарын сезу қабілеті (айғайлар, дабыл
белгілері және т.б.) шектеледі.
Шаршап, шалдығуды болдырмас үшін, жұмыс
барысында уақытымен үзіліс жасап
тұрғаныңыз жөн – жазатайым оқиғаның
туындау қаупі бар!
Байсалды түрде және ойлап жұмыс істеңіз,
бірақ жарық жақсылап түсіп тұруы керек және
көрініс айқын болуы қажет. Басқа адамдарға
қауіп төндірмей, абайлап жұмыс істеңіз.
Қиын көрінетін, қалың өскен төңіректе жұмыс
кезінде аса сақ болуыңыз керек.
Қалың бұталықты, бұталардың астын және
бұталы қоршауды шапқан кезде: кескіш құралсайманның жұмыс биіктігі кемінде 15 см
болуы тиіс – жануарларға қауіп төндірмеңіз.
Кескіш құрал-сайманды үнемі, қысқа уақыт
аралықтарынан кейін және айқын өзгерістер
орын алған кезде дереу тексеріп тұрыңыз:
Құрылғыны сөндіріп, сенімді түрде ұстап
–
тұрыңыз, кескіш құрал-сайманды тежеу
үшін жерге басыңыз және штепсельді
айырды суырыңыз
Күйін және берік орнатылғанын тексеріңіз,
–
жарықтарға назар аударыңыз
Бүлінген кескіш құрал-саймандарды,
–
сондай-ақ шаштың қалыңдығындай аздаған
жарықтар пайда болған кезде де дереу
ауыстырыңыз
Кескіш құрал-сайманның бекіткішін үнемі
–
шөп пен ұсақ қопалардан тазартып
отырыңыз – кескіш құрал-сайман немесе
қорғаныс тұсындағы қоқыстарды жойыңыз
Кескіш құрал-сайманды ауыстыру үшін
құрылғыны сөндіріңіз және штепсельді
айырды суырыңыз. Қозғалтқыш байқаусыз
іске қосылған кезде – жарақат алу қаупі бар!
60458-282-9721-A
Page 7
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
жұмыс барысындағы үзіліс.
Зақымдалған немесе жарылған кескіш құралсаймандарды қолданбаңыз және жөндемеңіз
– мәселен, дәнекерлеу немесе түзету арқылы
– пішіні өзгереді (теңгерімсіздік).
Бөлінген бөлшектер немесе сынықтар үлкен
жылдамдықпен жұмысшыға немесе бөгде
адамдарға тиіп кетуі мүмкін – ауыр жарақат
алу қаупі бар!
Шапқыш жіптер рұқсат етілген ұзындықпен
шектелуі үшін тиісінше монтаждалған пышағы
бар қорғанышты ғана қолданыңыз.
Пышаққа жанаспаңыз – жарақат алу қаупі бар!
Қолмен реттеу кезінде шапқыш жіпті қосымша
түрде реттеу үшін құрылғыны міндетті түрде
сөндіріп, штепсельді айырды суыру керек –
жарақат алу қаупі бар!
Тым ұзын шапқыш жіптері бар құрылғыны
дұрыс емес қолданған жағдайда,
қозғалтқыштың айналу жиілігі төмендейді.
Соның салдарынан қозғалтқыштың қызып
кетуі және зақымдалуы мүмкін.
Шапқыш жіптерді металдан жасалған сымға
ешқашан ауыстырмаңыз – жарақат алу қаупі
бар!
Егер құрылғы тиісінше пайдаланылмаған
болса (мысалы, соққы немесе құлау
нәтижесіндегі күштің әсерінен), алдағыда
жұмыс істер алдында құрылғының қолданыс
күйін тексеріңіз – «Жұмысты бастамас бұрын»
бөлімін қараңыз. Әсіресе, қауіпсіздік
құралдарының пайдаланудағы сенімділік
дәрежесін тексеріңіз. Қауіпсіз
пайдланылмайтын құрылғылармен әрі қарай
жұмыс істеуге тыйым салынады. Қандай да
бір күмән туындаса, мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Мотоқұрылғыны тым ұзақ қолданатын
болсаңыз, дірілдің себебінен қолдағы қан
айналым жүйесі бұзыла алады ("ақ саусақтар"
синдромы).
Құрылғының көпшілік мақұлдаған қолданыс
ұзақтығы анықтала алмайды, себебі оның
көптеген факторлары бар.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы келесі
шаралардың арқасында ұлғаяды:
қол қорғанышы (жылы қолғаптар);
–
–
Құрылғының қолданыс ұзақтығы келесі
себептерге орай қысқарады:
жұмысшының қан айналым жүйесі нашар
–
болса (оның белгілері мынадай болады:
саусақтар тона береді, қышып дуылдайды);
сыртқы температуралар төмен болса;
–
мотоқұрылғыны ұстау үшін көп күш-жігер
–
жұмсалса (оны қатты ұстаған кезде, қан
айналымына кедергі келтіріледі).
Мотоқұрылғыны ұдайы, ұзақ қолданған кезде
және тиісті симптомдар қайтадан пайда
болған кезде (мысалы, саусақтардың
дуылдауы) үнемі медициналық байқаудан өтіп
тұрғаныңыз жөн.
2.10Техникалық қызмет көрсету
және жөндеу
Агрегатта кез келген жұмысты бастаудың
алдында, әрдайым агрегатты сөндіріңіз және
штепсельді айырды суырыңыз. Моторды
жоспарлы түрде іске қосқан кезде – жарақат
алу қаупі төне алады!
Қозғалтқыштың агрегатына үнемі техникалық
қызмет көрсетіп отырыңыз. Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру қажет.
STIHL компаниясы, техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын тек қана STIHL компаниясының
мамандандырылған дилеріне тапсыруға
ұсыныс береді. STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері біліктілікті
арттыру курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз. Олай болмаған жағдайларда,
жазатайым оқиғалардың орын алуынан
немесе агрегаттың бұзылуынан қауіптілік төне
алады. Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL компаниясының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін қолдануға
ұсыныс береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
0458-282-9721-A7
Page 8
282BA011 KN
282BA012 KN
282BA013 KN
қазақ3 Пайдалану
Қозғалтқыштың агрегатының құрылымына
қандай да бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Біріктіруші сым мен штепсельді айырдың
сенімді түрде оқшауланғанын және ескіруін
(сынғыштығын) тұрақты түрде тексеріңіз.
Біріктіруші сым сияқты электрлік
толықтырушы бөлшектер білікті электрші
мамандар тарапынан жөнделуге немесе
ауыстырылуға тиіс.
Пластмассадан жасалған бөлшектерді
шүберекпен тазартыңыз. Тазарту кезінде
тазартқыш құрал жылтыр бөлшектерді
бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Қорғаныс қондырғылары мен кескіш құрал-
саймандағы бекіткіш бұрандалардың тығыз
отырғызылғанын тексеріңіз, қажет болғанда,
бұрап бекітіңіз.
Қажет болғанда, қозғалтқыштың шанағындағы
салқындатқыш ауаға арналған оймакілтекті
тазартқаныңыз жөн.
Агрегатты құрғақ орынжайдың ішінде сенімді
етіп сақтаңыз.
3Пайдалану
► Құрылғыны алға-артқа бірқалыпты
жылжытыңыз – шапқыш жіптің көгал бетіне
дейінгі қашықтығы кесу биіктігін анықтайды
► Дуалдарға, қабырғаларға, тастарға және
тағы басқа заттарға тигізбеңіз, себебі, бұл
жоғары дәрежеде тозуға алып келеді
3.1.1Тіреуіш дөңгелекпен шабу
Тіреуіш дөңгелекті құрылғыға бірнеше
қарапайым қадамдармен орнатуға болады
(«Тіреуіш дөңгелекті орнату» бөлімін
қараңыз).
Тіреуіш дөңгелек шапқыш жіптің жұмыс
–
аумағын шектейді
Шабу кезінде айналып тұратын шапқыш
–
жіптерден зақымдалудан қорғайды
(мысалы, сүрек қабығынан)
3.2Жиектерді кесу
3.1Шабу
Құрылғы бірнеше тәсіл арқылы жиек кескішке
► Құрылғыны екі қолмен: оң қолыңызбен –
басқару тұтқышын, сол қолыңызбен –
айналмалы тұтқышты ұстаңыз
► Тік тұрыңыз – құрылғыға күш түсірмей
ұстап, әрдайым денеңізден оң жаққа қарай
бағыттаңыз
80458-282-9721-A
айналдырылуы мүмкін («Құрылғыны жиек
кескішке айналдыру» бөлімін қараңыз).
► Құрылғыны суретте көрсетілгендей
қолданыңыз
Page 9
282BA010-A1
1
4
5
3
Schnur/LINE 2
Schnur/LINE 1
2
1
238BA016 KN
3
A
2
A
4 Кескіш аспаптың, қорғаныштың, тұтқыштың және аспалы қайыстың рұқсат
етілген құрамдастырымдарықазақ
► Шапқыш жіппен көгал шетін бойлай жүргізу
– бұл жағдайда құрылғыны еден деңгейінен
тиісті қашықтықта ұстау немесе тіреуіш
дөңгелекті орнату қажет («Тіреуіш
дөңгелекті орнату»)
3.3Кәдеге жарату
Кесілген материалды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз – кесілген
материалды компостерлеуге болады.
4Кескіш аспаптың, қорғаныштың, тұтқыштың және аспалы
қайыстың рұқсат етілген құрамдастырымдары
Кескіш құрал-сайманҚорғанысСапАспалы белдік
4.1Рұқсат етілген
5Қарнақты монтаждау
құрамдастырымдар
Кескіш құрал-сайманға қарай, кестеден дұрыс
құрамдастырымды таңдаңыз!
Сақтандыру
Басқа құрамдастырымдарға қауіпсіздік
себебінен рұқсат берілмейді – жазатайым
оқиғаның туындау қаупі бар!
Қарнағы бүгілген және айналмалы тұтқышы
бар мотошалғыларда тек шапқыш
бастиектерді (1, 2) пайдалануға болады.
4.2Кескіш құрал-саймандар
4.2.1Шапқыш бастиектер
1 STIHL AutoCut C 5‑2
2 STIHL AutoCut C 6‑2
4.3Қорғаныс
3 Шапқыш бастиектерге арналған пышағы
бар қорғаныс
4.4Сап
4 Айналмалы тұтқыш
► Қарнақтан қорғаныс қалпақшасын шешу
► Қарнақты (1) қозғалтқыш шанағына (2) сәл
Агрегатты 180°- қа бұрғаннан кейін, оны жиек
кескіш агрегат ретінде пайдалануға болады
► Тіреуіш дөңгелекті (1) тұтқышпен
қорғанысқа (4) кигізу
120458-282-9721-A
(«Қолданылуы» бөлімін қар.).
11Құрылғыны электр
желісіне қосу
Құрылғының кернеуі мен жиілігі (бұйымның
үлгісі жазылған фирмалы тақтайшаны
Page 13
238BA008 KN
1
2
4
238BA009 KN
5
3
2
1
238BA010 KN
12 Аспалы қайысты орнатуқазақ
қараңыз) желінің кернеуіне және желісіне сай
келуге тиіс.
Желіге қосылудың ең аз сақтандырғышы
Техникалық сипаттамаларда белгіленген
шамаға сай орындалуға тиіс – "Техникалық
сипаттамалар" бөлімін қараңыз.
Құрылғы; жерге ағып кеткен тоқ 30 мА-ден
асып кеткен кезде, электр қуаттағыштың
тоқсымын үзетін апаттық тоқтың қорғаныш
сөндіргіші арқылы электр қуаттының көзіне
қосылуға тиіс.
Құрылғы, IEC 60364 нормаларына және осы
елде қолданылатын нұсқауларға сай келетін
электр қуаттының көзіне қосылуға тиіс.
11.2Сымның созылуын
жеңілдетуге арналған
айлақұрал
Сымның созылуын жеңілдетуге арналған
айлақұрал біріктіруші сымды зақымдалудан
қорғайды.
11.1Ұзартатын сым
Ұзартатын сымның құрастырмасы, агрегаттың
біріктіруші сымының қасиеттеріне ие болуы
тиіс. Біріктіруші сымда белгіленген
құрастырманың таңбалауына (түрінің
белгіленуіне) назар аударыңыз.
Желінің кернеуіне және сымның ұзындығына
байланысты, ұзартқыш кабельдің келтірілген
ең аз көлденең қимасы болуы тиіс.
Сымның ұзындығыЕң аз көлденең қима
220 В – 240 В:
20 м-ге дейін
3 айдан артық пайдаланудағы кідіріс болса:
► Құрылғыны, әсіресе салқындатқыш ауаға
арналған оймакілтектерді мұқият
тазартыңыз
► Кескіш жіптері бар шарғы шанағын суырып
алып, жіптердің ұштарын шарғы шанағының
саңылауына ілу; шарғы шанағын тексеру
және тазарту
Шапқыш қыл сумен толтырылған
сыйымдылықтың ішінде сақталатын болса,
қылдың иілгіштігі, осылайша, төзімділігі
артатын болады.
► Агрегатты құрғақ әрі қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз
(мысалы, балалардың қолдануынан)
17Шапқыш бастиекке
техникалық қызмет
көрсету
17.1Мотоқұрылғыны басқа жерге
қойыңыз
15Асыра жүктеуден
қорғаныс
STIHL FSE 71 мен FSE 81 электр
мотошалғылары асыра жүктеуден қорғаныс
құрылғысымен жабдықталған.
Асыра жүктеуден қорғаныс құрылғысы жылу
немесе механикалық артық күш кезінде тоқ
бергішті сөндіреді.
Асыра жүктеуден қорғаныс тоқ берілісін
тоқтатса:
► қайта қоспас бұрын, шамамен 3 минут күту
Осы уақыт ішінде агрегатты қоспау, себебі
бұл суу уақытын айтарлықтай ұлғайтады.
Агрегатты қайта қосқаннан кейін:
► артық күшсіз шамамен 15 секунд жұмыс
істету – ол уақытта қозғалтқыш орамы
салқындайды және қорғаныс құрылғысының
артық күштіқабылдауы айтарлықтай
баяулайды
140458-282-9721-A
► Мотоқұрылғыны сөндіріңіз
► Мотоқұрылғыны айналма сабы төмен, ал
қарнағы жоғары қарап тұратындай қою
17.2Шапқыш жіпті реттеу
► Айналмалы шапқыш бастиекті шөп басып
кеткен жердің үстінде параллель күйде
ұстаңыз – жерге тигізіңіз – шапқыш жіп
шамамен 3 см-ге реттеледі
Page 15
Schnur/LINE 1
681BA021 KN
1
2
3
Schnur/LINE 1
681BA022 KN
2
4
17 Шапқыш бастиекке техникалық қызмет көрсетуқазақ
► Тым ұзын шапқыш жіптер пышақ (1) арқылы
қорғаныста (2) оңтайлы ұзындыққа кесіледі
– сол себептен бастиектің жерге көп рет
тиюін болдырмау керек!
Егер екі шапқыш жіптің ұзындығы кем дегенде
2,5 см құраса, шапқыш жіп сонда ғана
реттеледі!
Егер шапқыш жіп 2,5 см-ден қысқа болса:
Сақтандыру
Шапқыш жіпті қосымша реттеген кезде,
қозғалтқышты міндетті түрде тоқтатыңыз –
керісінше жағдайда жарақат алу қаупі бар!
► Құрылғыны төңкеріп, сенімді жерге қойыңыз
► Қақпақшаны тірекке дейін басыңыз
► Жіптің ұшын орауыштан тартыңыз
Егер орауыштағы жіп бітіп қалса, шапқыш
жіпті ауыстырыңыз.
17.3Шапқыш жіпті ауыстыру
Шапқыш жіпті ауыстырудың алдында,
шапқыш бастиектің тозуын міндетті түрде
тексеріңіз.
Сақтандыру
Тозудың айрықша белгілері анықталса,
шапқыш бастиектің жиынтығын ауыстырыңыз.
Шапқыш жіп, одан әрі қысқаша «жіп» деп
аталады.
Шапқыш бастиектің жеткізілім көлеміне,
жіптердің ауыстырылуын көрсететін
суреттелген нұсқаулық кіреді. Сол себептен
шапқыш бастиекке арналған нұсқаулықтарды
мұқият сақтау керек.
► Қажет болса, шапқыш бастиекті
демонтаждаңыз
► Шапқыш бастиекті нықтап ұстап тұрыңыз
және қақпақшаны (1) толықтай ала алатын
сәтке дейін сағат тіліне қарсы бағыт
бойынша бұраңыз
► Орауыш каркасын (2) жоғарғы жақтан (3)
алып шығарыңыз және жіптің қалдықтарын
жойыңыз
17.4.2Шапқыш бастиекті құрастыру
17.4STIHL AutoCut C 5‑2
17.4.1Шапқыш бастиекті бөлшектеу және
Қалыпты жұмыс барысында, шапқыш
бастиектегі жіптің қосалқы қоры толықтай
дерлік таусылады.
жіптің қалдықтарын жою
0458-282-9721-A15
Page 16
Schnur/LINE 2
681BA023 KN
5
Schnur/LINE 1
3
3
2
681BA024 KN
Schnur/LINE 2
Schnur/LINE 1
қазақ17 Шапқыш бастиекке техникалық қызмет көрсету
► Бос орауыш каркасын жоғарғы жаққа
салыңыз
Егер серіппе (4) ырғып шығып кетсе:
кедергі болғанға дейін жоғарғы жаққа (3)
қарай салыңыз – содан кейін тірелгенге
дейін салыңыз
► Серіппені, шерт еткен дыбыс шықпайынша
орауыш каркасына (2) қысыңыз
► Шапқыш бастиекті монтаждаңыз –
«Шапқыш бастиекті монтаждау» бөлімін
қараңыз
17.4.3Орауыш каркасын орау
► Жоғарғы жағын нықтап ұстаңыз
► Орауыш каркасын сағат тіліне қарсы бағыт
бойынша бұраңыз, бұл кезде сол қысқа жіп
шапқыш бастиектің ішінен шамамен 10 см-
ге (4 дюймге) шығып тұруы тиіс
► Қажет болса, аса ұзын жіпті шамамен
10 см-ге (4 дюймге) дейін қысқартыңыз
► Диаметрі 2,0 мм (0,08 дюйм) құрайтын
(жасыл түсті) жіпті қолданыңыз
Шапқыш бастиек толтырылған.
► Әрқайсысының ұзындығы 2 м (78 дюйм)
құрайтын екі жіпті қосалқы орамнан (арнайы
жабдықтар) кесіп тастаңыз
► Орауыш каркасын (2) сағат тіліне қарсы
бағыт бойынша бұраңыз, екі сілтеуіштердің
жүздері бір-біріне қарап тұруы тиіс
► Екі жіптің әрбірін тік ұшымен қаратып
төлкелердің (5) бірі арқылы бірінші сезілетін
160458-282-9721-A
Page 17
18 Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету жөніндегі нұсқауларқазақ
18Техникалық қызмет көрсету және күтім көрсету жөніндегі
нұсқаулар
Деректер қалыпты жұмыс шарттарына келтірілген. Қиын
жағдайларда (шаңның көп жиналуы және т.б.) және күн
сайын аса ұзақ қолданған кезде аталған аралықтан
тиісінше қысқарту керек.
жұмысты бастамас бұрын
ай сайын
апта сайын
бүлінген кезде
ақау болған кезде
қажет болғанда
Жалпы агрегатКөзбен шолып тексеру
Біріктіруші сымТексеруX
Ажыратқыш, қосылуды
блоктау
Салқындатқыш ауаға
арналған оймакілтектер
Қолжетімді бұрандалар мен
сомындар
Кескіш құрал-сайман
(шабатын домалақ)
Қауіпсіздік техникасы
жөніндегі ескертпесі бар
жапсырма
19Тозуды азайту және
ақаулардың алдын алу
Осы қолдану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген белгіленген өлшемдерді сақтаған
жағдайда, құрылғының мерзімінен бұрын
тозуынан және бүлінуінен қорғалатын
боласыз.
Құрылғыны қолдану, оған техникалық қызмет
көрсету және сақтау шаралары, осы қолдану
жөніндегі нұсқаулықта баяндалған сипатта
мұқият түрде жүзеге асырылуы тиіс.
1)STIHL компаниясы STIHL мамандандырылған дилерін ұсынады
0458-282-9721-A17
(жағдайын)
тазартуX
мамандандырылған дилер 1)
ауыстыруы керек
Жұмысты тексеруX
мамандандырылған дилер 1)
ауыстыруы керек
тазартуX
тартып бұрауX
Көзбен шолып тексеруX
ауыстыруX
Саңылаусыз отыруын байқау X
ауыстыруX
Қауіпсіздік техникасына, жұмысқа және
техникалық қызмет көрсетуге қатысты
нұсқауларды сақтамағандықтан барлық
бүлінген жерлер үшін пайдаланушы өзі жауап
береді. Бұл келесі жағдайларға аса көкейтесті
болып келеді:
STIHL фирмасынан рұқсат алмай
–
бұйымдарға өзгеріс енгізу,
осы құрылғымен қолдануға рұқсат
–
етілмейтін, сай келмейтін немесе сапасы
төмен болып келетін құрал-саймандарды
жұмысты аяқтағаннан кейін немесе күн сайын
X
X
XX
Page 18
9
11
13
12
7
8
3
1
2
4
5
6
#
10
282BA021 KN
қазақ20 Маңызды толымдаушылары
немесе керек-жарақтарды қолдануға
болмайды
Құрылғыны мақсатына сай қолданбау,
–
Құрылғы спорт іс-шараларында және
–
сайыстырда қолданылса,
Құрылғы ақаулы толымдаушылармен бірге
–
қолдандықтан бүлінсе.
19.1Техникалық қызмет көрсету
бөлшектердің қатарына мыналар
жатқызылады:
Кескіш аспап
–
Қорғаныс
–
Көмір қылшақтары
–
20Маңызды
толымдаушылары
жөніндегі жұмыстар
"Техникалық қызмет көрсету және күтім
көрсету жөніндегі нұсқаулар" бөлімінде атап
көрсетілген барлық жұмыстар ұдайы
орындалып тұруы қажет. Егер де техникалық
қызмет көрсету жөніндегі аталған жұмыстар
пайдаланушының тарапынан орындала
алмаса, мамандандырылған дилерге жүгіну
керек.
STIHL фирмасы техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
фирмасының сауда-агенті-маманына
тапсыруыңызға ұсыныс береді. STIHL
фирмасының мамандандырылған агенттерімамандары біліктілікті арттыру курстарына
үнемі қатысып тұрады және олардың иелігіне
техникалық ақпарат ұсынылады.
Егер де аталған жұмыстар орындалмаса
немесе тиісті түрде орындалмаса, соның
салдарынан зақым пайда болса, оған
пайдаланушы өзі жауап береді. Басқаларды
қоспағанда, оларға мыналар қатысты болып
келеді:
Дер кезінде немесе толық шамада
–
көрсетілмеген техникалық қызметтің
салдарынан (мысалы, ауа салқындатқыш
жүйе толық шамада тазартылмаған кезде)
электр моторының бұзылуы
Дұрыс емес орындалған электр
–
қосылымының салдарынан (кернеу, өткізгіш
тоқсымдардың өлшемдері дәлме-дәл
таңдалмаған кезде)
Дұрыс емес сақтаудың салдарынан тоттану
–
және басқа да бүліну белгілері
Сапасы төмен қосалқы бөлшектерді
–
қолданудың салдарынан құрылғының
бұзылуы
19.2Тозатын бөлшектер
Қозғалтқыштың агрегатының кейбір
бөлшектері, тіпті мақсатына сай қолданылып
жатса да, қалыпты тозу үрдісіне бейім болып
келеді, сонымен қатар қолданылатын түріне
және ұзақтығына байланысты уақытында
ауыстырылып тұруы қажет. Осындай
тесіктер
4 Ажыратқыш
5 Қосылуды блоктау
6 Салмақ түсетін ілмек
7 Айналма сап
8 Қарнақ (қорғаныс қабы)
9 Шапқыш бастиек
10 Кесікті өңдеуші пышақ
11 Қорғаныс
12 Тіреуіш дөңгелек (жеткізілім көлеміне кіреді
немесе арнайы құрал-жабдықтар ретінде
алынуы мүмкін)
13 Сымның созылуын жеңілдетуге арналған
айлақұрал
# Зауыттық нөмірі
Page 19
21 Техникалық сипаттамаларқазақ
Қорғаныш көзілдірігі
Қорғаныш көзілдірігі жеткізілім
көлеміне кіреді.
Саны: 1 дана
21Техникалық
сипаттамалар
21.1Қозғалтқыш
21.1.1FSE 60
Номинал кернеуі:230 В
Жиілігі:50 Гц
Номинал тоқ күші:2,3 A
Қуаты:540 Вт
Шапқыш жіп шеңберінің
диаметрі 350 мм болған
кездегі айналымдардың
номинал саны:
Сақтандырғыш:ең азы 10 A
Қорғаныс класы:
21.1.2FSE 71
Номинал кернеуі:
Жиілігі:50 Гц
Номинал тоқ күші:2,3 A
Қуаты:540 Вт
Шапқыш жіп шеңберінің
диаметрі 350 мм болған
кездегі айналымдардың
номинал саны:
Сақтандырғыш:ең азы 10 A
Қорғаныс класы:
21.1.3FSE 81
Номинал кернеуі:230 В
Жиілігі:50 Гц
Номинал тоқ күші:4,3 A
Қуаты:1000 Вт
Шапқыш жіп шеңберінің
диаметрі 350 мм болған
кездегі айналымдардың
номинал саны:
Сақтандырғыш:ең азы 10 A
Қорғаныс класы:
21.2Ұзындығы
FSE 60:1530 мм
FSE 71:1530 мм
FSE 81:1530 мм
21.3Салмағы
Кескіш құрал-сайманмен және қорғаныспен бір
жиынтықта
FSE 60:3,9 кг
FSE 602):
FSE 71:4,0 кг
FSE 712):
FSE 81:4,7 кг
1)
Австралия үшін нұсқасы: 240 В
2)
Ұлыбритания үшін 10 м біріктіруші сымымен нұсқасы
0458-282-9721-A19
7400 1/мин
II, E
1)
230 В
7400 1/мин
II, E
7400 1/мин
II, E
4,5 кг
4,6 кг
FSE 812):
21.4Дыбыс және діріл көрсеткіші
Дыбыс деңгейі және діріл көрсеткішін
анықтаған кезде, нақтылы ең үлкен
айналымдар санының жұмыс күйі ескерілді.
Жұмыс берушілерге арналған 2002/44/EG
дірілдер деңгейіне қатысты директиваның
талаптарын сақтауға қажетті деректер
төменде келтірілген, www.stihl.com/vib
сайтынан қараңыз
21.4.1
FSE 60:83 дБ(А)
FSE 71:82 дБ(А)
FSE 81:83 дБ(А)
21.4.2EN 50636‑2‑91 талаптарына сәйкес
FSE 60:94 дБ(А)
FSE 71:93 дБ(А)
FSE 81:93 дБ(А)
21.4.3EN 50636‑2‑91 талаптарына сәйкес
Сол жақ сапОң жақ
FSE 60:
FSE 71:
FSE 81:
Дыбыс қысымының деңгейі және дыбыс
қуатының деңгейі үшін K‑мағынасы
RL 2006/42/EG = 2,0 дБ(А) шамасына сай
келеді; діріл көрсеткіші үшін K‑мағынасы
RL 2006/42/EG = 2,0 м/с2 шамасына сай
келеді.
Lp дыбыс қысымының деңгейі
EN 50636‑2‑91 талаптарына сәйкес
Lw дыбыс қуатының деңгейі
ahv діріл көрсеткіші
2
3,9 м/с
2
3,3 м/с
2
2,9 м/с
21.5REACH
REACH дегеніміз химикаттарды тіркеуге,
бағалауға және жіберуге арналған ЕҚ
қаулысы дегенді білдіреді.
REACH (ЕҚ) № 1907/2006 қаулысын
орындауға арналған ақпаратты www.stihl.com/
reach сайтынан қараңыз
21.6Белгіленген қолданыс кезеңі
Белгіленген қолданыс кезеңі: 30 жылға дейін.
Белгіленген қолданыс кезеңі уақытында,
қолдану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына
сәйкес тұрақты техникалық қызмет және күтім
көрсетіледі.
5,3 кг
сап
3,6 м/с
2,9 м/с
2,2 м/с
2
2
2
Page 20
000BA073 KN
қазақ22 Жөндеу бойынша нұсқаулар
22Жөндеу бойынша
нұсқаулар
Аталған құрылғының пайдаланушылары, осы
қолдану жөніндегі нұсқаулықта сипатталған
техникалық қызмет көрсету және күтім жасау
жұмыстарын ғана орындай алады. Жөндеу
жұмыстарының қалған түрлерін
мамандандырылған дилерлер ғана жүзеге
асыра алады.
STIHL фирмасы техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
фирмасының сауда-агенті-маманына
тапсыруыңызға ұсыныс береді. STIHL
фирмасының мамандандырылған агенттерімамандары біліктілікті арттыру курстарына
үнемі қатысып тұрады және олардың иелігіне
техникалық ақпарат ұсынылады.
Жөндеген кезде, аталған моторланған
құрылғыға арналған STIHL компаниясымен
рұқсат етілген толымдаушыларды немесе
техникалық тең сипаттағы толымдаушыларды
монтаждауға болады. Жоғары сапалы
қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз. Олай
болмаған жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алу қаупі немесе
құрылғының бұзылу қаупі төне алады.
STIHL фирмасы STIHL фирмасының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін қолдануға
ұсыныс береді.
STIHL фирмасының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін STIHL толымдаушысының нөмірі,
жазбасы { және қажет болса STlHL
K толымдаушысының белгісі (кішігірім
толымдаушыларда тек қана бір белгі бола
алады) бойынша анықтап тануға болады.
23Кәдеге жарату
Кәдеге жаратқан кезде, қандай да бір елге тән
болып келетін қалдықтарды кәдеге жарату
жөніндегі нормаларды сақтау қажет.
STIHL компаниясының өнімдері тұрмыстық
қалдықтар емес. STIHL өнімі, аккумулятор,
керек-жарақ және қаптама қоршаған ортаны
ластамайтын түрде қайта кәдеге жаратылуы
тиіс.
Кәдеге жарату жөніндегі көкейтесті ақпаратты
STIHL мамандандырылған дилерінен ала
аалсыз.
24ЕО нормаларына
сәйкестік сертификаты
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Badstr. 115
D-71336 Waiblingen
Германия
келесіні өзінің жауапкершілігіне алады
Құрастырма:Электрлік
құрылғы 2011/65/EО, 2006/42/EҚ, 2014/30/EО
және 2000/14/EҚ директиваларының тиісті
ережелерін орындау жөніндегі талаптарға сай
келеді, сонымен қатар осы нұсқа өндірілген
күні жарамды болған келесі нормаларға сай
әзірленген және дайындалған:
EN 55014‑1, EN 55014‑2, EN 60335‑1,
EN 50636-2-91, EN 61000‑3‑2, EN 61000‑3‑3
Өлшенген және кепілдік берілген дыбыс
қуатының деңгейін белгілеу шарасы, 2000/14/
EҚ директивасының VIII қосымшасына сай,
ISO 11094 стандартын қолдана отырып
жүзеге асырылды.
Кепілдік берілген дыбыс қуатының деңгейі
FSE 60:96 дБ(А)
FSE 71:95 дБ(А)
FSE 81:95 дБ(А)
200458-282-9721-A
Page 21
25 Мекенжайларқазақ
Техникалық құжаттаманы сақтау:
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Produktzulassung
Өндірілген жылы, өндіруші елі және зауыттық
нөмірі құрылғыда көрсетілген.
Вайблинген, 03.02.2020
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Міндетін атқарушы
Dr. Jürgen Hoffmann
Деректер, нормалар және бұйымдарды бекіту
жөніндегі басшы
Кеден одағының техникалық нұсқаулары мен
талаптарының сақталуын растайтын EACсертификаттар мен сәйкестік декларациялары
туралы ақпарат www.stihl.ru/eac сайтында
орналастырылған, сондай-ақ STIHL
компаниясының әр елдегі өкілдіктерінде
(«Мекен-жайлар» бөлімін қараңыз) телефон
арқылы қол жетімді.
Шұғыл желі: +7 800 4444 180
Эл. пошта: info@stihl.ru
УКРАИНА
«Андреас Штіль» ЖШҚ
Антонов к-сі, 10 үйі, Чайки ауылы
08135, Киев обл., Украина
Телефон: +38 044 393-35-30
Факс: +380 044 393-35-70
Шұғыл желі: +38 0800 501 930
Эл. пошта: info@stihl.ua
25.3STIHL өкілдіктері
БЕЛАРУСЬ
Өкілдік
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
К. Цеткин к-сі, 51-11а
220004, Минск қ-сы, Беларусь
Шұғыл желі: +375 17 200 23 76
ҚАЗАҚСТАН
Өкілдік
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Шагабутдинов к-сі, 125А, кеңсе 2
050026 Алматы, Қазақстан
Шұғыл желі: +7 727 225 55 17
25.4STIHL импорттаушылары
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
«ШТИЛЬ ЗЮДВЕСТ» ЖШҚ
350000, Ресей Федерациясы,
Краснодар қ-сы, Западный обход к-сі, 36/1 үй
«ФЛАГМАН» ЖШҚ
Украинаның техникалық нормативтері мен
талаптары орындалды.
25Мекенжайлар
25.1STIHL штаб-пәтері
ANDREAS STIHL AG & Co. KG
Badstrasse 115
71336, Вайблинген
Германия
194292, Ресей Федерациясы,
Санкт-Петербург қ-сы, 3-ші Верхний тар к-сі,
16 үй, А литерасы, 38 үй-жай
«ПРОГРЕСС» ЖШҚ
107113, Ресей Федерациясы,
Мәскеу қ-сы, Маленковская к-сі, 32 үй, 2-құр.
«АРНАУ» ЖШҚ
236006, Ресей Федерациясы,
Калининград қ-сы, Мәскеу даңғылы, 253 үй,
кеңсе 4
25.2STIHL еншілес
кәсіпорындары
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
«АНДРЕАС ШТИЛЬ МАРКЕТИНГ» ЖШҚ
Тамбовская к-сі, 12 үй, В лит., 52-кеңсе
192007, Санкт-Петербург қ-сы, Ресей
0458-282-9721-A21
«ИНКОР» ЖШҚ
610030, Ресей Федерациясы,
Киров қ-сы, Павел Корчагин к-сі, 1Б үй
«ОПТИМА» ЖШҚ
620030, Ресей Федерациясы,
Page 22
қазақ25 Мекенжайлар
Екатеринбург қ., Карьерная көш., 2 үй, 1 үйжай
«ТЕХНОТОРГ» ЖШҚ
660112, Ресей Федерациясы,
15
«ЛЕСОТЕХНИКА» ЖШҚ
664540, Ресей Федерациясы,
Хомутово ауылы, Чапаев к-сі, 1 үй, 39-кеңсе
УКРАИНА
«Андреас Штіль» ЖШҚ
Антонов к-сі, 10 үйі, Чайки ауылы
08135, Киев обл., Украина
БЕЛАРУСЬ
«ПИЛАКОС» ЖШҚ
Тимирязев к-сі, 121/4 үй, 6-кеңсе
220020, Минск қ-сы, Беларусь
«Беллесэкспорт» біртұтас кәсіпорыны
Скрыганов к-сі 6.403
220073, Минск қ-сы, Беларусь
ҚАЗАҚСТАН
«ВОРОНИНА Д.И.» ЖК
Райымбек даңғ., 312 үй
050005 Алматы, Қазақстан
ҚЫРҒЫЗСТАН
«Муза» ЖШҚ
Киевская к-сі, 107 үй
720001, Бишкек қ-сы, Қырғызстан
АРМЕНИЯ
«ЮНИТУЛЗ» ЖШҚ
Г. Парпеци к-сі, 22 үй
0002, Ереван қ-сы, Армения
220458-282-9721-A
Page 23
25 Мекенжайларқазақ
0458-282-9721-A23
Page 24
www.stihl.com
*04582829721A*
0458-282-9721-A
*04582829721A*
0458-282-9721-A
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.