Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы бұйымын
сатып алуға бел байлағаныңыз үшін үлкен
рахмет айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып, сонымен
қатар сапаны қамтамасыз ету жөніндегі
барлық қажетті шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің көңіліңізден
шығуы үшін және оны еш кедергісіз
қолдануыңыз үшін біз қолымыздан келгеннің
барлығын істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты сұрақтар
туындаса, өз дилеріңізге немесе біздің өткізу
компаниямызға жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
1Қолдану нұсқаулығына
1.1Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған суреттердегі
барлық нышандардың анықтамасы, осы
қолдану нұсқаулығында келтірілген.
1.2Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат алудың,
сонымен қатар күрделі материалдық
нұқсанның қаупі жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
1.3Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық машиналарды
және құрылғыларды одан әрі әзірлеумен
ұдайы айналысуда; сондықтан пішін, техника
және жабдықтар бойынша жеткізілімнің
толымдаушыларына барлық өзгерістерді
енгізу құқығын өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және суреттеріне
қатысты ешқандай кінәраттар тағыла
алмайды.
2Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Осы құрылғымен жұмыс істеген
кезде, айрықша қауіпсіздік ісшараларын сақтау қажет болады,
себебі жұмыс барысында кескіш
құрал-саймандар өте жоғары
жылдамдықта айналады және
электр тоғы қолданылады.
Алғаш рет қолданысқа енгізген
кезде, пайдалану нұсқаулығымен
мұқият танысып алыңыз және
кейіннен пайдалану үшін сенімді
жерге сақтап қойыңыз. Пайдалану
Түпнұсқалық қолдану нұсқаулығы
0000006799_015_KZ
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары бар, қағазды қайта өңдеуге
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
нұсқаулығын сақтамау өмірге қауіп
төндіруі мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты жергілікті
ережелерді, мысалы кәсіподақтардың,
әлеуметтік сақтандыру қорларының, еңбекті
қорғау жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Құрылғымен алғаш рет жұмыс істейтін әрбір
адам: оны қалай қауіпсіз қолдану керектігі
туралы сатушыдан немесе басқа маманнан
нұсқау алуы керек – немесе арнайы оқу
курсынан өтуі қажет.
Бақылауда болып, оқытылып жатқан
16 жастан асқан жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға құрылғымен
жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде адамдар
алшақ жерде болуы тиіс.
Егер де құрылғы қолданылмаса, оны ешкімге
қауіп төндірмейтіндей етіп қойған жөн.
Құрылғыны рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз,
штепсельді айырды суырыңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар үшін
немесе басқа адамдарға немесе олардың
мүлкіне төнетін қауіп үшін жауапты болады.
Құрылғыны, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға жақсылап
үйретілген адамдарға ғана беруге немесе
жалға беруге рұқсат етіледі – әрқашан
пайдалану нұсқаулығын көрсетіңіз.
Физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі тұлғалар, құрылғымен тек
жауапты тұлғаның бақылауымен немесе
нұсқауларымен ғана жұмыс істей алады.
Қатты шуыл шығаратын құрылғының
қолданылуы ұлттық және жергілікті
ережелермен уақыт бойынша шектелуі
мүмкін.
Жұмысты әрбір рет бастаудың алдында,
құрылғының күйі нұсқауларға сай келетінін
тексеру керек. Біріктіруші сымға, штепсельді
айырға және қауіпсіздік құралдарына айрықша
назар аударуыңыз қажет.
Құрылғыны тарту немесе тасымалдау үшін
біріктіруші сымды қолдануға болмайды.
Құрылғымен кез-келген жұмыстарды, мысалы
тазарту, техникалық қызмет көрсету,
бөлшектерін ауыстыру жұмыстарын
орындаудың алдында – штепсельді айырды
суырыңыз!
Құрылғының қорғанысы пайдаланушыны
кескіш құрал-сайманнан лақтырылатын
барлық заттардан (тастар, шыны, сым және
т.б.) қорғай алмайды. Бұл заттар, қандай да
бір жерде рикошет жасап ыршып түсіп,
пайдаланушыға тиюі мүмкін.
Құрылғыны тазарту үшін ешқандай жоғары
қысымды жуғыш қолданбаңыз. Судың қатты
ағыны агрегаттың бөлшектерін бүлдіре
алады.
Құрылғыға су шашыратпаңыз.
2.1Жұмыс істеуге талап етілетін
физикалық дайындық
Құрылғымен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және дене
күшінің жағдайы жақсы болуы қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша жүктеме
түсіруге болмайтын адамдар, құрылғымен
жұмыс істей алатындығы туралы дәрігерден
кеңес алуы тиіс.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе есірткіні
тұтынғаннан кейін құрылғымен жұмыс істеуге
болмайды.
2.2Құрал-жабдықтар мен
қосалқы бөлшектер
Осындай кескіш құрал-саймандарды немесе
STIHL компаниясы тарапынан осы құрылғыға
рұқсат берілген немесе өзінің технологиялық
сипаттамасы жағынан ұқсас болып келетін
құрал-жабдықтарды ғана қолданыңыз. Қандай
да бір сұрақтар туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы құралсаймандарды немесе керек-жарақтарды ғана
қолданыңыз. Олай болмаған жағдайларда,
жазатайым оқиғалардың орын алу қаупі
немесе құрылғының бұзылу қаупі төнеді.
STIHL компаниясы STIHL компаниясының
түпнұсқалы құрал-саймандарын және керекжарақтарын қолдануға кеңес береді. Олар
өздерінің сипаты жағынан агрегатпен
оңтайлы түрде келістірілген және
пайдаланушының талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да бір
өзгерістерді енгізбеңіз, бұл жағдайда
қауіптілік төнуі мүмкін. STIHL компаниясы
қолданысқа рұқсат етілмеген аспалы
құрылғыларды қолданудың салдарынан
0458-282-9721-A3
қазақ2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
адамға және мүлікке келтірілген нұқсан үшін
жауапты болмайды.
Тозуға төзімді материалдан
(мысалы, теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын киіңіз.
2.3Қолданылу саласы
Құрылғы – қолданылатын кескіш құралсайманға байланысты – тек шөп шабу үшін,
сондай-ақ қаулап өскен өсімдіктерді кесу үшін
немесе осыған ұқсас жолмен қолдану үшін
ғана пайдаланылуы тиіс.
Құрылғыны мақсатына сай қолдану қажет,
керісінше жағдайда, жазатайым оқиғалар
орын алуы немесе құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының құрылымына қандай да бір
өзгеріс енгізуге тыйым салынады, себебі осы
жағдайда, жазатайым оқиғалар орын алуы
немесе құрылғы бүлінуі мүмкін.
2.4Киімдер мен жарақтар
Белгіленген киім мен жабдықтауды
қолданыңыз.
Киім мақсатқа сай қолданылуы тиіс
және жұмысқа кедергі келтірмеуі
қажет. Денеге тығыз тиіп тұратын
киім ұсынылады – комбинезон,
бірақ жұмыс халаты емес.
Ағашқа, қалың бұталыққа немесе құрылғының
қозғалмалы бөлшектеріне іліне алатын киімді
кимеңіз. Сонымен қатар мойынорағыш,
галстук және қандай да бір әшекей тақпаңыз.
Ұзын шашты иықтан жоғары болатындай етіп
буып, бекітіңіз.
Бұдырлы, тайғанамайтын табаны
бар мықты аяқ киім киіңіз.
Сақтандыру
Көзге жарақат келтіру қауіптілігін
төмендету үшін EN 166
стандартына сәйкес қорғаныс
көзілдірігін пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің дұрыс
орнатылғанына назар аударыңыз.
Бет қорғанысын пайдаланыңыз және оның
дұрыс орнатылғанына назар аударыңыз.
Қорғаныс бетпердесі, көзді жеткілікті
дәрежеде қорғай алатын қорғаныс бұйымы
емес.
Шуылдан қорғайтын «жеке» құралдарды,
мысалы естуді қорғауға арналған капсуланы
қолданыңыз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныш
құралдарының кең бағдарламасын ұсынады.
2.5Құрылғыны тасымалдау
Құрылғыны әрдайым сөндіріп отырыңыз және
штепсельді айырды құрылғыдан суырыңыз.
Құрылғыны аспалы белдікке ілінулі күйде
қарнаққа немесе айналмалы тұтқышқа
теңдестірілген күйде тасыңыз.
Автокөліктің ішінде: құрылғыны төңкерілуден
және зақымдалудан қорғаңыз.
2.6Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны тексеру
Құрылғының мінсіз жұмыс атқаруын
бақылаңыз және қолдану нұсқаулығындағы
тиісті бөлімге назар аударыңыз:
Қосылуды блоктау және ажыратқыш баяу
–
жұмыс істеуі тиіс, ажыратқыш
босатылғаннан соң бастапқы қалпына келуі
тиіс
Кескіш құрал-сайманның, қорғаныc
–
құралының, саптың және аспалы белдіктің
құрамдастырымы қолданысқа рұқсат етілуі
керек және барлық бөлшектер мінсіз түрде
монтаждалуы тиіс. Металдан жасалған
кескіш құрал-саймандарды қолданбаңыз –
жарақат алу қаупі бар!
Кескіш құрал-сайманның дұрыс
–
монтаждалғанын, берік орнатылғанын және
мінсіз күйін тексеріңіз
Қорғаныс құралдарының зақымдалғанын
–
немесе тозғанын тексеріңіз (мысалы, кескіш
құрал-сайманға арналған қорғаныс).
Зақымдалған бөлшектерді ауыстырыңыз.
Қорғанысы зақымдалған құрылғыны
ешқашан қолданбаңыз
Сап кірден тазартылған, таза әрі құрғақ
–
болуы қажет, бұл құрылғыны сенімді түрде
басқару үшін маңызды шарт болып
табылады
Сапты бойына қарай реттеңіз
–
Құрылғы тек қана қаупсіз қолданыс күйінде
қолданылуы қажет – жазатайым оқиғаның
туындау қаупі бар!
Құрылғының бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған және нықтап
40458-282-9721-A
002BA117 KN
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
бекітілген болса ғана, оны қолданысқа
енгізуге болады.
Басқару элементтеріне немесе қауіпсіздік
құралдарына кез-келген өзгеріс енгізуге
тыйым салынады
Құрылғы қосылған кезде, кескіш құрал-сайман
жерге немесе қандай да бір басқа заттарға
тимеуге тиіс.
Кескіш құрал-сайманға жанаспаңыз
– жарақат алу қаупі бар!
Кескіш құрал-сайман, құрылғы
сөндірілгеннен кейін тағы біраз
уақыт бойы қозғала берсе - бұл
инерция бойынша қозғалыс!
Электр қосылымы
Тоқ соғу қаупін келесі жолмен азайтуға
болады:
Құрылғының кернеуі және жиілік көрсеткіші
–
(зауыттық тақтайшасын қараңыз) желінің
кернеуіне және жиілік көрсеткішіне сай келуі
тиіс
Біріктіруші сым, штепсельді айыр және
–
ұзартқыш сым зақымдалмағанын тексеріңіз.
Зақымдалған кабельдер, жалғастырғыштар
және штекерлер немесе талаптарға сай
келмейтін біріктіруiші сымдар
қолданылмауы тиіс
Электр қосылымы, нұсқауларға сай
–
монтаждалған штепсель розеткасына ғана
қосылады
Біріктіруші және ұзартқыш сымдардың,
–
штекердің және жалғастырғыштың
оқшаулағыштары мінсіз күйде болуға тиіс
Штепсельді айырды, біріктіруші және
–
ұзартқыш сымды, сондай-ақ электрлік
штекерлік қосылымдарды ешқашан да
ылғалды қолмен ұстамаңыз
Қолданылатын ұзартқыш сым осы қолдану
–
нұсқасына арналған нұсқауларға сай келуі
тиіс
Біріктіруші және ұзартқыш сымдарды тиісінше
өткізіңіз:
Жекелеген тоқсымдардың ең аз көлденең
–
қимасы – «Құрылғының электрлік
қосылымы» бөлімін қараңыз
Біріктіруші сымды айналадағыларға
–
зақымдамайтындай және қауіп
төндірмейтіндей етіп өткізіңіз және
таңбалаңыз – сүрініп кету қаупі бар!
Сай келмейтін ұзартқыш сымдарды
–
қолданған кезде, қауіп төнуі мүмкін. Сыртта
қолдануға рұқсат етілген және тиісінше
белгіленген, сондай-ақ жеткілікті көлденең
қимасы бар ұзартқыш сымдарды ғана
қолданыңыз
Ұзартқыш сымның штекері мен
–
жалғастырғышы су сіңірмеуі тиіс немесе
суға тимеуі тиіс
Жиекке, өткір ұшты немесе өткір заттарға
–
үйкелуге жол бермеңіз
Есік немесе терезе ойықтарында қыспаңыз
–
Кабельдер шатасса – штепсельді айырды
–
тартып, кабельді тарқатыңыз
Айналмалы кескіш құрал-сайманды
–
ұстаудан аулақ болыңыз
Қызып кетудің салдарынан өрт туындау
–
қаупі төнбес үшін кабельге арналған
атанақты әрқашан толықтай тарқатыңыз
2.7Құрылғыны қалай ұстау және
қалай жүргізу қажет
Құрылғыны әрқашан екі қолыңызбен сабынан
нықтап ұстаңыз. Әрқашан сенімді және
орнықты күйге қойыңыз.
Құрылғыны әрдайым денеңізден оң жаққа
қарай бағыттаңыз.
Сол қолыңыз айналмалы тұтқышта, ал оң
қолыңыз басқару тұтқышында болуы тиіс –
осы ереже солақайға да қатысты болып
келеді.
2.8Жұмыс барысында
Біріктіруші сым зақымданған
жағдайда, штепсельді айырды
дереу суырыңыз – электр тогының
соғуы салдарынан өмірге қауіп
төнуі мүмкін!
Үстінен басып кету, жапырылу, жыртылу және
басқа жағдайлардың салдарынан біріктіруші
сымның зақымдалмауын бақылап тұрыңыз.
Штепсельді айырды розеткадан суырғанда,
біріктіруші сымнан емес, штепсельді айырдан
тарту керек.
0458-282-9721-A5
15m (50ft)
қазақ
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
Штепсельді айыр мен біріктіруші сымды тек
құрғақ қолмен ғана ұстауға болады.
Құрылғыға ешқашан су шашыратпаңыз –
қысқа тұйықталу қаупі бар!
Жаңбыр жауған кезде, сондай-ақ
дымқыл немесе өте ылғалды
ортада құрылғымен жұмыс
істемеңіз – жетек қозғалтқышы
судан қорғалмаған – электр
тогының соғу немесе қысқа
тұйықталу қаупі бар!
Құрылғыны жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Қауіптілік төнетін болса немесе апаттық
жағдай орын алса, құрылғыны дереу сөндіру
керек – ажыратқыш пен қайта қосылуды
блоктауды босатыңыз.
Құрылғыға тек қана бір оператор қызмет
көрсетеді – жұмыс аймағында бөгде
адамдардың болуына рұқсат берілмейді.
Жұмыс орнынан алшақ жерге лақтырылатын
бөлшектер, жазатайым оқиғаның туындау
қаупін төндіре алады, сол себептен, 15 м-лік
радиуста бөгде адамдар болмауы тиіс. Осы
қашықтық, сондай-ақ заттарға (көлік
құралдары, терезе әйнектері) да қатысты
сақталуға тиіс – материалдық нұқсан келтіру
қаупі төнуі мүмкін! Тіпті 15 м-ден артық
қашықтықта да қауіп төнуі мүмкін.
Төңіректі тексеріңіз: қатты заттар –
тастар, металл бөлшектері және
тағы басқа заттар жұмыс кезінде
тіпті 15 м-лік қашықтыққа да
лақтырылуы мүмкін, сол себептен
жарақат алу қаупі бар! – және
кескіш құрал-сайманды, сондай-ақ
заттарды (мысалы, тұраққа
қойылған автокөліктер, терезелер)
зақымдауы мүмкін (материалдық
нұқсан).
Құрылғыға және кескіш құрал-сайманға
арналған тиісті қорғаныс құралдары болмай
ешбір жағдайда жұмыс істемеңіз –
лақтырылатын заттардан жарақат алу қаупі
бар!
Дымқыл шөпті шаппаңыз.
Тау еңісінде, кедір-бұдыр және тағы басқа
төңіректерде абайлаңыз – тайғанап кету қаупі
бар!
Біріктіруші сымды әрқашан құрылғының
артынан өткізіңіз – артқа қарай жүрмеңіз –
сүрініп кету қаупі бар!
Кедергілерге назар аударыңыз: томарлар,
тамырлар – сүрініп кету қаупі бар!
Тек қана жерде тұрып жұмыс істеңіз,
орнықсыз күйде, баспалдақта немесе жұмыс
тұғырнамасында ешқашан жұмыс істемеңіз.
Есту мүшелерін қорғайтын құралды
пайдаланған кезде, аса мұқият және сақ
болуыңыз керек, өйткені қауіптілік
дыбыстарын сезу қабілеті (айғайлар, дабыл
белгілері және т.б.) шектеледі.
Шаршап, шалдығуды болдырмас үшін, жұмыс
барысында уақытымен үзіліс жасап
тұрғаныңыз жөн – жазатайым оқиғаның
туындау қаупі бар!
Байсалды түрде және ойлап жұмыс істеңіз,
бірақ жарық жақсылап түсіп тұруы керек және
көрініс айқын болуы қажет. Басқа адамдарға
қауіп төндірмей, абайлап жұмыс істеңіз.
Қиын көрінетін, қалың өскен төңіректе жұмыс
кезінде аса сақ болуыңыз керек.
Қалың бұталықты, бұталардың астын және
бұталы қоршауды шапқан кезде: кескіш құралсайманның жұмыс биіктігі кемінде 15 см
болуы тиіс – жануарларға қауіп төндірмеңіз.
Кескіш құрал-сайманды үнемі, қысқа уақыт
аралықтарынан кейін және айқын өзгерістер
орын алған кезде дереу тексеріп тұрыңыз:
Құрылғыны сөндіріп, сенімді түрде ұстап
–
тұрыңыз, кескіш құрал-сайманды тежеу
үшін жерге басыңыз және штепсельді
айырды суырыңыз
Күйін және берік орнатылғанын тексеріңіз,
–
жарықтарға назар аударыңыз
Бүлінген кескіш құрал-саймандарды,
–
сондай-ақ шаштың қалыңдығындай аздаған
жарықтар пайда болған кезде де дереу
ауыстырыңыз
Кескіш құрал-сайманның бекіткішін үнемі
–
шөп пен ұсақ қопалардан тазартып
отырыңыз – кескіш құрал-сайман немесе
қорғаныс тұсындағы қоқыстарды жойыңыз
Кескіш құрал-сайманды ауыстыру үшін
құрылғыны сөндіріңіз және штепсельді
айырды суырыңыз. Қозғалтқыш байқаусыз
іске қосылған кезде – жарақат алу қаупі бар!
60458-282-9721-A
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
жұмыс барысындағы үзіліс.
Зақымдалған немесе жарылған кескіш құралсаймандарды қолданбаңыз және жөндемеңіз
– мәселен, дәнекерлеу немесе түзету арқылы
– пішіні өзгереді (теңгерімсіздік).
Бөлінген бөлшектер немесе сынықтар үлкен
жылдамдықпен жұмысшыға немесе бөгде
адамдарға тиіп кетуі мүмкін – ауыр жарақат
алу қаупі бар!
Шапқыш жіптер рұқсат етілген ұзындықпен
шектелуі үшін тиісінше монтаждалған пышағы
бар қорғанышты ғана қолданыңыз.
Пышаққа жанаспаңыз – жарақат алу қаупі бар!
Қолмен реттеу кезінде шапқыш жіпті қосымша
түрде реттеу үшін құрылғыны міндетті түрде
сөндіріп, штепсельді айырды суыру керек –
жарақат алу қаупі бар!
Тым ұзын шапқыш жіптері бар құрылғыны
дұрыс емес қолданған жағдайда,
қозғалтқыштың айналу жиілігі төмендейді.
Соның салдарынан қозғалтқыштың қызып
кетуі және зақымдалуы мүмкін.
Шапқыш жіптерді металдан жасалған сымға
ешқашан ауыстырмаңыз – жарақат алу қаупі
бар!
Егер құрылғы тиісінше пайдаланылмаған
болса (мысалы, соққы немесе құлау
нәтижесіндегі күштің әсерінен), алдағыда
жұмыс істер алдында құрылғының қолданыс
күйін тексеріңіз – «Жұмысты бастамас бұрын»
бөлімін қараңыз. Әсіресе, қауіпсіздік
құралдарының пайдаланудағы сенімділік
дәрежесін тексеріңіз. Қауіпсіз
пайдланылмайтын құрылғылармен әрі қарай
жұмыс істеуге тыйым салынады. Қандай да
бір күмән туындаса, мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Мотоқұрылғыны тым ұзақ қолданатын
болсаңыз, дірілдің себебінен қолдағы қан
айналым жүйесі бұзыла алады ("ақ саусақтар"
синдромы).
Құрылғының көпшілік мақұлдаған қолданыс
ұзақтығы анықтала алмайды, себебі оның
көптеген факторлары бар.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы келесі
шаралардың арқасында ұлғаяды:
қол қорғанышы (жылы қолғаптар);
–
–
Құрылғының қолданыс ұзақтығы келесі
себептерге орай қысқарады:
жұмысшының қан айналым жүйесі нашар
–
болса (оның белгілері мынадай болады:
саусақтар тона береді, қышып дуылдайды);
сыртқы температуралар төмен болса;
–
мотоқұрылғыны ұстау үшін көп күш-жігер
–
жұмсалса (оны қатты ұстаған кезде, қан
айналымына кедергі келтіріледі).
Мотоқұрылғыны ұдайы, ұзақ қолданған кезде
және тиісті симптомдар қайтадан пайда
болған кезде (мысалы, саусақтардың
дуылдауы) үнемі медициналық байқаудан өтіп
тұрғаныңыз жөн.
2.10Техникалық қызмет көрсету
және жөндеу
Агрегатта кез келген жұмысты бастаудың
алдында, әрдайым агрегатты сөндіріңіз және
штепсельді айырды суырыңыз. Моторды
жоспарлы түрде іске қосқан кезде – жарақат
алу қаупі төне алады!
Қозғалтқыштың агрегатына үнемі техникалық
қызмет көрсетіп отырыңыз. Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру қажет.
STIHL компаниясы, техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын тек қана STIHL компаниясының
мамандандырылған дилеріне тапсыруға
ұсыныс береді. STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері біліктілікті
арттыру курстарына үнемі қатысып тұрады
және олардың иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз. Олай болмаған жағдайларда,
жазатайым оқиғалардың орын алуынан
немесе агрегаттың бұзылуынан қауіптілік төне
алады. Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL компаниясының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін қолдануға
ұсыныс береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
0458-282-9721-A7
282BA011 KN
282BA012 KN
282BA013 KN
қазақ3 Пайдалану
Қозғалтқыштың агрегатының құрылымына
қандай да бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Біріктіруші сым мен штепсельді айырдың
сенімді түрде оқшауланғанын және ескіруін
(сынғыштығын) тұрақты түрде тексеріңіз.
Біріктіруші сым сияқты электрлік
толықтырушы бөлшектер білікті электрші
мамандар тарапынан жөнделуге немесе
ауыстырылуға тиіс.
Пластмассадан жасалған бөлшектерді
шүберекпен тазартыңыз. Тазарту кезінде
тазартқыш құрал жылтыр бөлшектерді
бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Қорғаныс қондырғылары мен кескіш құрал-
саймандағы бекіткіш бұрандалардың тығыз
отырғызылғанын тексеріңіз, қажет болғанда,
бұрап бекітіңіз.
Қажет болғанда, қозғалтқыштың шанағындағы
салқындатқыш ауаға арналған оймакілтекті
тазартқаныңыз жөн.
Агрегатты құрғақ орынжайдың ішінде сенімді
етіп сақтаңыз.
3Пайдалану
► Құрылғыны алға-артқа бірқалыпты
жылжытыңыз – шапқыш жіптің көгал бетіне
дейінгі қашықтығы кесу биіктігін анықтайды
► Дуалдарға, қабырғаларға, тастарға және
тағы басқа заттарға тигізбеңіз, себебі, бұл
жоғары дәрежеде тозуға алып келеді
3.1.1Тіреуіш дөңгелекпен шабу
Тіреуіш дөңгелекті құрылғыға бірнеше
қарапайым қадамдармен орнатуға болады
(«Тіреуіш дөңгелекті орнату» бөлімін
қараңыз).
Тіреуіш дөңгелек шапқыш жіптің жұмыс
–
аумағын шектейді
Шабу кезінде айналып тұратын шапқыш
–
жіптерден зақымдалудан қорғайды
(мысалы, сүрек қабығынан)
3.2Жиектерді кесу
3.1Шабу
Құрылғы бірнеше тәсіл арқылы жиек кескішке
► Құрылғыны екі қолмен: оң қолыңызбен –
басқару тұтқышын, сол қолыңызбен –
айналмалы тұтқышты ұстаңыз
► Тік тұрыңыз – құрылғыға күш түсірмей
ұстап, әрдайым денеңізден оң жаққа қарай
бағыттаңыз
80458-282-9721-A
айналдырылуы мүмкін («Құрылғыны жиек
кескішке айналдыру» бөлімін қараңыз).
► Құрылғыны суретте көрсетілгендей
қолданыңыз
Loading...
+ 16 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.