
2-ҚАДАМ: Wi-Fi желісіне қосылу 3-ҚАДАМ: Wi-Fi арқылы музыка
тыңдау
Басқа әдістер
Жеке дыбыс жүйесі
Пайдалану нұсқаулары
4-592-257-72(1)
©2016 Sony Corporation Printed in Malaysia
http://www.sony.net/
SRS-ZR5
Көмекші нұсқаулық
(компьютерге/смартфонға арналған веб-құжат)
Құрылғы туралы мәліметтерді түсіндіреді; әртүрлі құрылғылармен, т.б. элементтермен желі және
BLUETOOTH® қосылым әдісі.
Wi-Fi желісі үйіңіздегі сымсыз құрылғыларға сақталған музыканы оңай тыңдауға көмектеседі.
Wi-Fi желісін пайдаланып, музыканы онлайн музыка ойнату
қызметтерінен ойнатуға немесе компьютерге не смартфонға
сақталған музыканы жоғары сапалы дыбыспен ойнатуға болады.
Сонымен бірге бірнеше бөлмеде музыканы бір уақытта тыңдауға
болады.
Құрылғыны Wi-Fi желісіне төмендегілерден қосылу жолдарын таңдаңыз;
• SongPal арқылы қосылу
Бұл құрылғыны SongPal арқылы орнатылған смартфоннан/iPhone телефонынан реттеңіз.
• Wi-Fi Protected Setup™ (WPS) арқылы қосылу
Сымсыз роутердегі WPS түймесін басып, бұл құрылғыны реттеп алыңыз.
• Компьютер арқылы қосылу
Сонымен бірге компьютеріңізден қосылуға болады. Мәліметтерді көмекші нұсқаулықтан
қараңыз.
SongPal арқылы қосылу
Қажетті заттар: Android смартфоны немесе iPhone/iPod touch, сымсыз роутер
Құрылғының Wi-Fi параметрлерін реттеу үшін SongPal орнатылған Android смартфонын немесе iPhone
телефонын пайдаланыңыз.
Музыканы Wi-Fi арқылы тыңдау үшін SongPal қолданбасын смартфонға немесе iPhone телефонына
пайдалануға кеңес беріледі.
SongPal қолданбасын смартфоныңызға/
iPhone телефоныңызға орнату
Егер SongPal орнатылған болса, бұл орнатуды өткізіп жіберіңіз. «Музыканы құрылғымен тыңдау»
бөлімін қараңыз.
1 SongPal қолданбасын смартфоныңызға/iPhone телефоныңызға орнатыңыз.
SongPal қолданбасын Google Play (Play Store) немесе App Store қызметінен іздеңіз.
2 Қолданбаны іске қосу үшін смартфондағы/iPhone телефонындағы [SongPal]
опциясын түртіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3 Оң жағынан экран көрсетілгенде, [SRS-ZR5] опциясын түртіңіз.
Wi-Fi арқылы музыка тыңдауға арналған басқа
әдістер
Көмекші нұсқаулық музыканы басқаша ойнату жолдарын түсіндіреді.
Xperia құрылғыңызға сақталған музыканы Music қолданбасымен
немесе компьютеріңізге сақталған музыканы тегін MediaGo
бағдарламасымен тыңдауға болады.
SongPal байланысы
Сымсыз динамиктерді қосу арқылы сүйікті музыкаңызды әр түрлі стильде тыңдауға болады.
Динамиктер тобын бір уақытта қосу арқылы бөлмелеріңізді музыкаға
толтырыңыз.
Қосымша Sony Sound BAR (жинаққа кірмейді) құрылғысымен көлемді
дыбыс қуатын арта түсіріңіз.*
* Үйлесімді Sony Sound BAR немесе аудио/бейне ресивері туралы төмендегі
URL сайтынан қараңыз.
http://sony.net/nasite/
http://rd1.sony.net/help/speaker/srs-zr5/h_zz/
Көмекші нұсқаулықтағы түсіндірмелер:
• Wi-Fi желісіне қосылу туралы мәліметтер
• SongPal қолданбасымен байланыстыру жолдары
• Әр компьютердің операциялық жүйесіне арналған желіге қосылу жолдары мен ойнату әдістері
• Әр түрлі құрылғыларға арналған BLUETOOTH қосылу және ойнату әдістері
• Бағдарлама жаңартулары
• Екінші және одан кейінгі құрылғыларды Wi-Fi арқылы қосу жолдары, т.б.
1-ҚАДАМ: Айнымалы ток розеткасына
қосу
Құрылғыны электр розеткасына берілген AC қуат сымы арқылы жалғаңыз. AC қуат сымы құрылғыға мықтап
қосылғанын тексеріңіз.
SongPal қолданбасын смартфоныңызға немесе iPhone телефонына орнатыңыз. Құрылғыны Wi-Fi
желісіне қосу үшін қолданбаның экрандағы нұсқауларын орындаңыз.
SongPal қолданбасын Google Play™ (Play Store) немесе App Store қызметінен іздеңіз.
• Смартфонды немесе iPhone телефонын бұл құрылғыға BLUETOOTH арқылы қосыңыз. Қоспай тұрып,
смартфондағы немесе iPhone телефонындағы BLUETOOTH мүмкіндігін орнатыңыз.
• Кейбір сымсыз роутерлерде бірнеше SSID болады. Құрылғы мен смартфонды немесе iPhone
телефонын бір SSID портына қосыңыз.
Музыка ойнату үшін 3-ҚАДАМҒА өтіңіз
Wi-Fi Protected Setup™ (WPS) арқылы қосу
Қажетті зат: Wi-Fi Protected Setup™ (WPS) түймесі бар сымсыз роутер
1 Құрылғыны сымсыз роутерге жақын
қойып, құрылғыны қосу үшін (қуат)
түймесін басыңыз.
(қуат) индикаторы жана бастайды.
Индикаторы жануды тоқтататынын
күтеді. Бұл 30 секундтай уақыт алады.
2 Құрылғының UPDATE/WPS түймесін
дыбыс шыққанша (шамамен екі
секунд) басып тұрыңыз.
UPDATE/WPS индикаторы
жыпылықтағанда, оның түймесі WPS
функциясы үшін істемейді.
Жыпылықтап
тұр
Жанып
тұр
Музыканы осы құрылғыдан SongPal арқылы
тыңдау
Қажетті элементтер: SongPal орнатылған Android смартфоны/iPhone/iPod touch
1 SongPal қолданбасымен музыканы смартфонда/iPhone телефонында
ойнату үшін смартфонды/iPhone телефонын түртіңіз.
SRS-X99
SRS-X99
2 Музыканы таңдаған соң, ойнатуды іске қосып, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Музыканы осы құрылғыдан Google Cast арқылы
тыңдау
Қажетті элементтер: SongPal орнатылған Android смартфоны/iPhone/iPod touch
1 Google Cast функциясын реттеңіз.
Google Cast технологиясына сай келетін қолданба орнатылып қойса,
2-қадамға өтіңіз.
a. SongPal мүмкіндігін қолдану арқылы музыканы смартфонда/iPhone
құрылғысында ойнату үшін смартфонды/iPhone құрылғысын түртіңіз.
b. [Settings] опциясын түртіңіз.
c. [Google Cast] опциясын түртіңіз.
d. [Learn how to cast] опциясын түртіңіз.
e. Қызметті қалай пайдалану керектігін және Google Cast қызметіне сәйкес
келетін қолданбаны тексеріңіз, сосын қолданбаны таңдап орнатыңыз.
2 Google Cast технологиясына сәйкес келетін орнатулы қолданбаны іске
қосыңыз.
Кеңірек, стерео дыбыс жасау үшін екі динамикті жұптастырыңыз.
Ескертпелер
• Wireless Surround функциясын немесе Wireless Stereo функциясын пайдалануға моделі бірдей екі динамик
қажет.
• Дыбыс жолағымен, үй кинотеатры жүйесімен, т.б. топтастыруды орнату үшін осы жабдықтың
бағдарламалық құралын және құрылғыны ең соңғы нұсқасына жаңартыңыз.
Төмендегі жалғау жолдары, ойнату әдістері туралы қосымша мәліметтерді және басқа ақпаратты көмекші
нұсқаулықтан қараңыз.
BLUETOOTH
Музыканы BLUETOOTH құрылғысынан сымсыз байланыс арқылы тыңдауға болады.
BLUETOOTH функциясын пайдаланудың алдында BLUETOOTH құрылғысын тіркеу үшін жұптастырыңыз.
Жалғанған компоненттер
LAN кабелі қосылмағандығын тексеріңіз.
Сымды және сымсыз қосылым бір уақытта
қосылмайды.
Сымсыз байланыс үшін 2-ҚАДАМҒА өтіңіз
3 90 секундтың ішінде роутердің Wi-Fi
Protected Setup™ (WPS) түймесін
басыңыз.
Жыпылықтап
тұр
Сымсыз роутерге байланысты Wi-Fi Protected Setup (WPS) түймесін бірнеше секунд басып тұрыңыз.
Мәліметтер алу үшін роутерді пайдалану нұсқауларын қараңыз.
LINK индикаторы сарғылт-қызыл болып жанғанда, Wi-Fi желісіне қосылу ақяталады.
Жанып
тұр
Музыка ойнату үшін 3-ҚАДАМҒА өтіңіз
3 Cast белгішесін түртіп, [SRS-ZR5] опциясын таңдаңыз.
4 Қолданбада ойнатуды іске қосып, дыбыс деңгейін дұрыстаңыз.
Осы құрылғыдағы USB портына қосу арқылы музыканы смартфоннан, портативті музыка ойнатқышынан
немесе USB флэш жадынан тыңдауға болады. Немесе осы құрылғыдағы AUDIO IN ұясына жалғап, музыканы
портативті музыка ойнатқышынан тыңдауға болады.
Егер HDMI кабелін (берілмейді: жоғары жылдамдықты түрі) теледидардың HDMI IN ARC портына және осы
құрылғыдағы HDMI ARC TO TV портына жалғасаңыз, осы құрылғыдан теледидар дыбысын тыңдай аласыз.
HDMI ARC TO TV
* ARC – теледидар дыбысын теледидардың HDMI кіріс портынан HDMI кабелі арқылы аудио-видео құрылғысына
жіберетін функция.
USB
AUDIO IN
USB флэш жадында сақталған музыканы тыңдау
Қажетті элементтер: SongPal орнатылған Android смартфоны/iPhone/iPod touch
USB флэш жадында сақталған музыканы ойнатуға болады.
1. USB флэш жадын осы құрылғыдағы USB портына жалғаңыз.
2. FUNCTION түймесін басыңыз, сонда USB индикаторы жанады.
3. Музыканы таңдау және ойнатуды бастау үшін, SongPal қолданбасын пайдаланыңыз.

Бөлшектер мен
басқару жүйесі
(қуат)/ PAIRING түймесі/индикаторы
VOLUME / түймелері
FUNCTION түймесі
L R индикаторы
LINK индикаторы
UPDATE индикаторы
NETWORK индикаторы
BLUETOOTH индикаторы
HDMI индикаторы
USB индикаторы
AUDIO IN индикаторы
N таңбасы
(USB) порты
AUDIO IN ұясы
UPDATE/WPS түймесі
SET UP түймесі
STEREO PAIR түймесі
AC IN терминалы
LAN порты
HDMI ARC TO TV порты
Қабырғаға бекітуге арналған бұранда
саңылауы*
*1 Құрылғыны қабырғаға бекіту үшін саңылауларды
пайдаланыңыз. Мәліметтер алу үшін көмекші
нұсқаулықты қараңыз.
Индикатор жанып немесе жыпылықтап
тұрғанда
Жану/жыпылықтау түсі параметрлердің күйін
көрсетеді. Мәліметтерді көмекші нұсқаулықтан
қараңыз.
Wi-Fi сигналының күшін (қабылдау
сезімталдығы) тексеру үшін
VOLUME түймесін басып тұрыңыз және SET
UP түймесін түртіңіз/басыңыз. Сигналдың күшіне
қарай - индикаторлар жанады. Жанып
тұрған индикаторлардың саны сигналдың күшіне
қатысты. Егер сигнал әлсіз болса, ешқандай
индикатор жанбайды. Толық ақпаратты көмекші
нұсқаулықтан қараңыз.
Индикатор жанып немесе
жыпылықтап тұрғанда
(қуат) индикаторы
Индикатор күйі
(түрлі түсті)
Жанып тұр (жасыл) Құрылғы қосулы.
Жанып тұр
(сарғылт-қызыл)
Өшірулі Құрылғы желілік күту
Жыпылықтауда
(жасыл)
Жыпылықтауда
(қызыл)
1
Құрылғы күйі
Құрылғы BLUETOOTH/желілік
күту режимінде тұр.
режимінде тұр.
• Құрылғыны қосқан кезде,
индикатор жасыл болып
баяу жыпылықтайды да
жанып қалады.
• VOLUME / түймелерін
бассаңыз, дыбыс деңгейін
реттеуге байланысты,
индикатор бір рет немесе
үш рет жыпылықтайды.
Бағдарламалық құрал
жаңартылмады немесе
құрылғы қорғау режимінде
тұр.
LINK индикаторы
Индикатор күйі
(түрлі түсті)
Жанып тұр
(сарғылт-қызыл)
Жанып тұр (қызғылт) Құрылғы сымды желіге
Жыпылықтауда
(сарғылт-қызыл)
Жыпылықтауда
(қызғылт)
Жыпылықтауда
(қызыл)
Жанып тұр (қызыл) Желіге қосылмады немесе
Құрылғы күйі
Құрылғы Wi-Fi желісіне
қосылған.
қосылған.
Құрылғы Wi-Fi желісіне
қосылып жатыр.
Құрылғы сымды желіге
қосылып жатыр.
Желіге қосылмады.
желіні реттеу аяқталғанымен
қосылмады.
NETWORK индикаторы
Индикатор күйі
(түрлі түсті)
Жанып тұр (ақ) Құрылғы NETWORK
Құрылғы күйі
режимінде тұр.
Жанған/жыпылықтап тұрған индикатордың түсі
қосылған музыка қызметіне қарай өзгереді. Толық
ақпаратты көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
UPDATE индикаторы
Индикатор күйі
(түрлі түсті)
Жанып тұр
(сарғылт-қызыл)
Жыпылықтауда
(сарғылт-қызыл)
Құрылғы күйі
Құрылғы интернетке қосылған
кезде, ең соңғы
бағдарламалық құрал
анықталады.
Құрылғы бағдарламалық
құралды жаңартып жатыр.
Жаңартып жатқан кезде
құрылғыны қоса алмайсыз.
Құрылғыны пайдаланудың алдында мына
нұсқаулықты толық оқып шығып, оны кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт қаупін төмендету үшін құрылғының желдету
саңылауын газеттермен, дастарханмен,
пердемен, т.б. заттармен жаппаңыз.
Құрылғыны ашық жалын көздеріне (мысалы,
жанып тұрған шамдарға) жақындатпаңыз.
Құрылғыны кітап сөресі немесе кірістірілген
корпус сияқты шектеулі орынға қоймаңыз.
Розеткаға қосылып тұрғанда, құрылғының өзі
өшірілген болса да, құрылғы электр желісінен
ажыратылмайды.
AC қуат сымын желіден ажырату үшін AC қуат
сымының желілік штепселі
пайдаланылатындықтан, оны оңай қол жеткізуге
болатын розеткаға жалғаңыз. Ондағы ақауды
байқасаңыз, оны дереу розеткадан ажыратыңыз.
Су шашыратпаңыз, бұл өнім суға төзімді емес.
Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупін
азайту үшін құрылғыға тамшылар мен су
шашырандыларын тигізбеңіз және құрылғыға
сұйықтық толтырылған вазалар сияқты заттарды
қоймаңыз.
Бұл құрылғы тек ғимарат ішінде пайдалануға
арналған.
Дайындаушы: Сони Корпорейшн
Мекен-жайы: 1-7-1 Конан, Минато-ку, Токио
108-0075, Жапония
Малайзияда жасалған
Кеден одағы жеріндегі шетелден әкелуші
«Сони Электроникс» АҚ, Ресей, 123103, Мәскеу,
Карамышевский өтпе көшесі, 6
Қазақстан жеріндегі тұтынушылардың шағымталаптарын қабылдауға уәкілетті ұйым: «Сони
Электроникс» АҚ Қазақстандағы Өкілдігі, 050010,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық
даңғылы, 117/7 үй
Шығарылған күні құрылғының астыңғы жағында
және қаптамасының штрихкодында мына
форматпен көрсетілген: «MM-YYYY», мұндағы
MM - ай, ал YYYY - шығарылған жыл.
Қызмет мерзімі біткен электр және
электрондық жабдықты залалсыз
жою (бағыттама қалдықтарды
бөлек жинау жүйелері жұмыс
істейтін Еуроодақ және басқа
еуропа елдерінде қолданылады)
орамындағы бұл белгі бұл құрылғыны басқа
тұрмыстық қалдықтармен бірге залалсыз
жоюға болмайтынын білдіреді.
Осы жүйенің белгілі мақсаттары
SONY SRS-ZR5 — смартфондарға, планшеттерге
немесе BLUETOOTH сымсыз технологиясы бар
қандай да бір құрылғыға арналған сымсыз
динамик жүйесі. Музыканы құрылғыдан осы
динамик жүйеге сымсыз ағынмен тасымалдау
үшін BLUETOOTH технологиясын пайдалануға
болады. Одан басқа, бұл динамик жүйесі сымсыз/
сымды желі арқылы DLNA технологиясына
қолдау көрсетеді.
Құрылғыдағы немесе оның
Ақауларды жою
Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда болса,
жергілікті Sony дилерінен кеңес алудан бұрын
төмендегілерді тексеріп, туындаған мәселені
шешіп көріңіз.
• Көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
http://rd1.sony.net/help/speaker/srs-zr5/h_zz/
• Туындаған мәселе туралы ақпаратты
тұтынушыларды қолдау веб-сайтынан қараңыз.
http://www.sony.eu/support
• AC қуат сымын құрылғыдан ажыратып, қайта
жалғаңыз.
• Осы құрылғыдан теледидар дыбысын тыңдау
үшін, құрылғыны теледидардағы HDMI ARC
портына жалғаңыз.
Жоғарыдағы әрекеттердің барлығын
орындағаннан кейін де мәселе шешілмесе,
жергілікті Sony дилерінен кеңес алыңыз.
Сақтық шаралары
Қауіпсіздікке қатысты
Паспорттық тақтайша мен қауіпсіздік жөніндегі
маңызды ақпарат негізгі құрылғының төменгі
сыртқы жағында орналасқан.
MAC мекенжайы құрылғының сыртқы төменгі
жағында орналасқан.
MAC1: MAC сымды желінің мекенжайы
MAC2: MAC Wi-Fi желінің мекенжайы
• Құрылғыны пайдаланудың алдында
құрылғының пайдалану кернеуі жергілікті қуат
көзімен сәйкес келетінін тексеріңіз.
Орналастыруға қатысты
• Құрылғыны еңкейтіп қоймаңыз.
• Құрылғыны жылу көздерінің қасында немесе күн
сәулесі, шаң, ылғал, жаңбыр немесе
механикалық соққы тікелей түсетін жерде
қалдырмаңыз.
Қабырғаға орнату
• Sony дилеріне немесе лицензияланған
мердігерге орнатқызыңыз және орнату кезінде
қауіпсіздікке назар көп аударыңыз.
• Құрылғыны қабырғаға орнатар кезде, қабырға
кронштейнін (жинақта жоқ) және қабырға
материалы мен беріктігіне қолайлы
бұрандаларды (жинақта жоқ) дайындаңыз.
Сылақ қабаты әлсіз болатындықтан, кронштейн
мен бұрандаларды қабырғаның өзіне мықтап
орнатыңыз. Қабырғаның тегіс бөлігінде
бұрандалардың жалпақ басына іліп,
динамиктерді көлденеңінен орнатыңыз.
• Құрылғыны қабырғаға орнатқан кезде,
құрылғының артынан орын жеткілікті
қалдырыңыз, сонда құрылғыға басқа
құрылғыларды жалғай аласыз. Қосымша
мәліметтерді көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
• Sony дұрыс орнатпаудан, қабырғаның
әлсіздігінен, бұранданы дұрыс орнатпаудан
немесе табиғи апаттан, т.б. болған апаттарға
немесе зақымға жауапты болмайды.
Пайдалануға қатысты
• Құрылғының артындағы ұяларға немесе
желдету саңылауына қандай да бір майда
заттарды, т.с.с. заттарды салмаңыз. Құрылғы
қысқа тұйықталуы немесе бұзылуы мүмкін.
Тазалауға қатысты
• Корпусты тазалау үшін спиртті, бензинді немесе
еріткішті пайдаланбаңыз.
Басқалары
• Бұл құрылғыға қатысты нұсқаулықта
көрсетілмеген қандай да бір сұрақтарыңыз
немесе ақауларыңыз болса, жергілікті Sony
дилеріне хабарласыңыз.
• Құрылғыны қоқысқа тастаған немесе өткізген
кезде, барлық параметрлердің зауыттық
мәндеріне қойылғанына көз жеткізіңіз.
Мәліметтерді көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
Авторлық құқықтарға
қатысты
• Windows, Windows логотипі және Windows
Media — Microsoft корпорациясының Америка
Құрама Штаттарындағы және/немесе басқа
елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген
сауда белгілері.
• Бұл өнім Microsoft корпорациясының нақты
зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған.
Мұндай технологияны бұл өнімнен тыс
пайдалануға немесе таратуға, Microsoft
корпорациясының немесе өкілетті Microsoft
корпорациясының еншілес компаниясының
лицензиясынсыз тыйым салынған.
• iPhone және iPod touch — Apple Inc.
корпорациясының АҚШ және басқа елдерде
тіркелген сауда белгілері.
«Made for iPod» және «Made for iPhone»
белгілері электрондық керек-жарақты iPod
немесе iPhone құрылғысына арнайы қосу үшін
жасалғанын және тиісінше Apple
корпорациясының өнімділік стандарттарына
сәйкес келуі үшін оны әзірлеуші
сертификаттағанын білдіреді. Apple
корпорациясы бұл құрылғының жұмысына
немесе қауіпсіздік және нормативтік
стандарттарына сәйкес болуына жауапты емес.
Бұл керек-жарақты iPod немесе iPhone
құрылғысымен пайдалану сымсыз байланыстың
өнімділігіне әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.
App Store — Apple Inc. корпорациясының
қызмет белгісі.
• « » — Wi-Fi Alliance компаниясының белгісі.
• Wi-Fi®, Wi-Fi Protected Access® және Wi-Fi
Alliance® — Wi-Fi Alliance компаниясының
тіркелген сауда белгілері.
• Wi-Fi CERTIFIED™, WPA™, WPA2™ және Wi-Fi
Protected Setup™ — Wi-Fi Alliance
компаниясының белгілері.
• MPEG Layer-3 аудио кодтау технологиясына
және патенттеріне Fraunhofer IIS және Thomson
лицензия берген.
• N-Mark — Америка Құрама Штаттарындағы
және басқа елдердегі NFC Forum, Inc.
корпорациясының сауда белгісі немесе
тіркелген сауда белгілері.
• Бұл құрылғы ажыратымдылығы жоғары
мультимедиалық интерфейс (HDMI™)
технологиясын пайдаланады. HDMI және HDMI
ажыратымдылығы жоғары мультимедиалық
интерфейс терминдері және HDMI логотипі
HDMI Licensing LLC компаниясының Америка
Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі
сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері
болып табылады.
• BLUETOOTH® мәтін белгісі және логотиптері
— Bluetooth SIG, Inc. компаниясының жеке иелігі
және кез келген осындай белгілер Sony
корпорациясының лицензиясы бойынша
пайдаланылады. Басқа сауда белгілер мен
сауда атаулары тиісті иелердің меншігі болып
табылады.
• Google Play және Android — Google Inc.
корпорациясының сауда белгілері.
• Google Cast және Google Cast Badge — Google
Inc. корпорациясының сауда белгілері.
• «Xperia» және «Xperia Tablet» – Sony Mobile
Communications AB компаниясының сауда
белгілері.
• LDAC™ және LDAC logo — Sony
корпорациясының тіркелген сауда белгілері.
• DLNA™, DLNA Logo және DLNA CERTIFIED™
— Digital Living Network Alliance компаниясының
сауда белгілері, қызмет белгілері немесе
сертификатталған белгілері.
• Бұл құжатта көрсетілген құрылғы атаулары мен
өнім атаулары негізінен өндірушінің сауда
белгілері немесе тіркелген сауда белгілері
болып табылады.
™ және ® белгілері бұл құжатқа қосылмаған.
Лицензияның ескертулері
Бұл өнімде Sony корпорациясы осы авторлық
құқықтың иесінің лицензиялау келісімі
бойынша пайдаланатын бағдарламалық
жасақтама бар. Бағдарламалық жасақтаманың
авторлық құқық иесінің талабы бойынша
келісімнің мазмұны жайында тұтынушыларға
хабарлауға міндеттіміз.
Келесі URL мекенжайына өтіп, лицензия
мазмұнын оқып шығыңыз.
http://rd1.sony.net/help/speaker/sl/16/
GNU GPL/LGPL қолданбалы
бағдарламалық жасақтама
жайындағы ескерту
Бұл өнімде келесі GNU Әмбебап жалпыға қол
жетімді лицензиясына (одан әрі «GPL») немесе
GNU Шектеулі қолданудың стандартты
жалпыға қол жетімді лицензиясына (одан әрі
«LGPL») бағынатын бағдарламалық жасақтама
бар. Бұлар көрсетілген бағдарламалық
жасақтаманың бастапқы кодын бірге берілген
GPL немесе LGPL лицензиясының шарттарына
сәйкес алуға, өзгертуге және таратуға
тұтынушылардың құқықтары бар екенін
анықтайды. Жоғарыда тізімделген
бағдарламалық жасақтамаға арналған
бастапқы код Интернетте қол жетімді.
Жүктеу үшін келесі URL-мекенжайына кіріп,
«SRS-ZR5» модель атауын таңдаңыз.
URL: http://oss.sony.net/Products/Linux/
Sony корпорациясы бастапқы кодтың мазмұны
жайында қандай да бір сұрақтарға жауап бере
алмайтынын ескеріңіз.
Жаңартудың ескертулері
Егер бұл құрылғыны сымды немесе Wi-Fi
желісі арқылы Интернетке қосулы кезінде
пайдалансаңыз, құрылғыны ең соңғы
бағдарламалық жасақтамаға автоматты түрде
жаңартуға болады.
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту арқылы
жаңа мүмкіндіктер қосылады, олар
пайдалануды ыңғайлырақ және тұрақтырақ
етеді.
Егер бағдарламалық жасақтаманы автоматты
түрде жаңартқыңыз келмесе, смартфонға/
iPhone телефонына орнатылған SongPal
мүмкіндігін пайдалану арқылы осы функцияны
ажыратуға болады.
Дегенмен, бұл функцияны ажыратсаңыз да,
тұрақты пайдалану, т.с.с. мақсаттар үшін
бағдарламалық жасақтама автоматты түрле
жаңартылуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл
функцияны ажыратсаңыз, бағдарламалық
жасақтаманы қолмен жаңартуға да болады.
Орнату және пайдалану әдісі туралы
мәліметтер алу үшін көмекші нұсқаулықты
қараңыз.
Жаңарту барысында құрылғыны пайдалану
мүмкін емес.
Үшінші тараптар үсынатын
қызметтерден бас тарту
Үшінші тараптап ұсынатын қызметтер
ескертусіз өзгертілуі, тоқтатылуы немесе
доғарылуы мүмкін. Sony корпорациясы
осындай жағдайлар үшін жауапты емес.
Сипаттамалар
Жалпы
Қуат
Қуат талаптары
220 В–240 В айнымалы ток, 50 Гц/60 Гц
Қуат тұтыну
30 Вт
Қуат тұтыну (күту режимінде)
0,5 Вт аз
Қуат тұтыну (BLUETOOTH/Желі күту
режимінде)
3 Вт аз
Өлшемдері (шығыңқы бөлшектері мен
басқару жүйесін қоса алғанда)
Шамамен 101 мм × 161 мм × 101 мм (е/б/қ)
Салмағы
Шамамен 1,7 кг
Жинақтағы керек-жарақтар
AC қуат сымы (1)
Пайдалану нұсқаулары (осы құжат)
USB портының бөлімі
Осы құрылғымен үйлесімді USB флэш жадын немесе
Walkman® құрылғысын қосуға болады.
Қолдау көрсетілетін пішім*
MP3: 32/44,1/48 кГц, 16 – 320 кбит/с (CBR/VBR)
AAC: 16/22,05/24/32/44,1/48 кГц,
16 – 320 кбит/с (CBR/VBR)
WMA: 32/44,1/48 кГц, 16 – 320 кбит/с (CBR/VBR)
WAV: 16/22,05/24/32/44,1/48/88,2/96/176,4/192 кГц
(16/24 бит)
AIFF: 32/44,1/48/88,2/96/176,4/192 кГц (16/24 бит)
FLAC: 16/22,05/24/32/44,1/48/88,2/96/176,4/192 кГц
(16/24 бит)
ALAC: 16/22,05/24/32/44,1/48/88,2/96/176,4/192 кГц
(16/24 бит)
DSD (DSF/DSDIFF): 2,8/5,6 МГц (1 бит)
Беру жылдамдығы
Жоғары жылдамдық
Қолданылатын USB құрылғысы
Үлкен көлемді жад класы (MSC)
* Барлық кодтау/жазу бағдарламалық құралымен, жазу
құрылғылары мен жазу мультимедиясымен үйлесімділі
болуына кепілдік берілмейді.
Үйлесімді iPhone/iPod модельдері
Bluetooth технологиясы iPhone 6s Plus, iPhone 6s,
iPhone 6 Plus, iPhone 6, iPhone 5s, iPhone 5c,
iPhone 5, iPhone 4s, iPod touch (6-буын), iPod
touch (5-буын) құрылғыларында қолданылады.
Ескертпе
Sony корпорациясы iPhone/iPod құрылғысын
пайдаланған кезде iPhone/iPod құрылғысына
жазылған деректердің жоғалуына немесе
зақымдалуына жауапты болмайды.
Дизайны мен сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі.