Sony HT-CT380, HT-CT381, HT-CT780 User Manual [kk]

Дыбыс тақтасы
Пайдалану нұсқаулары
HT-CT380/CT381/CT780
ЕСКЕРТУ
Құрылғыны кітап сөресі немесе қабырға шкафы секілді шектеулі орынға қоймаңыз.
Өрт қаупін азайту үшін құрылғының жел кіретін тесігін газетпен, үстел жапқышпен, пердемен, т.б. жаппаңыз. Құрылғыны ашық жалын көздерінің (мысалы, жанып тұрған шам) қасына қоймаңыз.
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін бұл құрылғыға тамшы, шашыранды тигізбеңіз немесе ваза сияқты сұйықтық толы заттарды құрылғыға қоймаңыз.
Айнымалы ток розеткасына қосылғандықтан, құрылғы өздігінен өшіп қалғанның өзінде ток көзінен ажыратылмайды.
Құрылғыны ток көзінен ажырату үшін айыр қолданылатындықтан, құрылғыны оңай қол жетімді айнымалы розеткаға сұғыңыз. Құрылғының дұрыс істемеуін байқасаңыз, бірден айырды айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз.
Батареяларды немесе батареялар салынған құрылғыларды күннің көзі және өрт сияқты ыстық жерлерге шығармаңыз.
Еуропадағы тұтынушылар үшін
Тұтынушыларға ескерту: төмендегі ақпарат ЕО директиваларын қолданатын елдерде ғана сатылатын жабдық үшін қолданылады.
Бұл өнім келесі компаниямен немесе оның атынан жасалған: Sony Corporation,
1-7-1 Konan Minato-ku Токио, 108-0075 Жапония. Еуропалық Одақ
заңнамасына қарай өнімнің сәйкестігіне қатысты сұраулар мына өкілетті өкілдікке жіберілуі керек: Sony Deutschland GmbH, Hedelfinger Strasse 61, 70327 Штутгарт, Германия. Қызмет көрсету немесе кепілдік мәселелері бойынша бөлек қызмет көрсету немесе кепілдік құжаттарында берілген мекенжайларға хабарласыңыз.
Осы құжатпен Sony Corp. бұл жабдықтың маңызды талаптарға және 1999/5/EC директивасының басқа қатысты ережелеріне сәйкес келетінін жариялайды. Мәліметтер үшін келесі
URL мекенжайына кіріңіз: http://www.compliance.sony.de/
Тек ішкі қолданысқа арналған.
Ұсынылған кабельдер
Дұрыс қорғалған және жерге қосылған кабельдер мен коннекторлар басты компьютерлерге және/немесе перифериялық құрылғыларға қосылу үшін қолданылу керек.
Тақта динамигі үшін
Тақта астыңғы жағында орналасқан.
KZ
2
Бұл жабдықтың EMC реттеуінде белгіленген шектерге сәйкестігі 3 метрден қысқа жалғау кабелімен тексеріліп анықталды.
Ескі электрлік және
Тек Еуропа
электрондық жабдықты қоқысқа тастау ( бөлек жинау жүйелері бар Еуропалық Одақта және басқа да еуропалық елдерде қолданылады)
Өнімдегі немесе оның қаптамасындағы бұл таңба осы өнімді тұрмыстық қалдық ретінде тастауға болмайтынын білдіреді. Оның орнына электрлік және электрондық жабдықты кәдеге жарату мақсатымен арнайы жинау орнына тапсыру керек. Бұл өнімнің дұрыс тасталуын қамтамасыз ете отырып, бұл өнімнің қалдық ретінде тиісінше тасталмауынан қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін ықтимал кері әсерлерге жол бермейсіз. Материалдарды кәдеге жарату табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі. Бұл өнімді кәдеге жарату туралы толығырақ ақпарат алу үшін тиісті жергілікті мемлекеттік мекемеге, тұрмыстық қалдық тастау қызметіне немесе өнім сатып алынған дүкенге хабарласыңыз.
Қалдық батареяларды қоқысқа тастау (бөлек жинау жүйелері бар Еуропалық Одақта және басқа да еуропалық елдерде қолданылады)
Батареядағы немесе қаптамасындағы бұл таңба өнімдегі батареяны тұрмыстық қалдық ретінде тастауға болмайтынын білдіреді. Белгілі бір батареяларда бұл таңба химиялық таңбамен бірге пайдаланылуы мүмкін. Батарея құрамында 0,0005% сынап немесе 0,004% қорғасын болса, сынаптың (Hg) немесе қорғасынның (Pb) химиялық таңбалары қосылады. Бұл батареялардың дұрыс тасталуын қамтамасыз ете отырып, батареяның қалдық ретінде тиісінше тасталмауынан қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін ықтимал кері әсерлерге жол бермейсіз. Материалдарды кәдеге жарату табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі. Қауіпсіздік, жұмыс өнімділігі және деректер тұтастығы үшін өнімдерге ішіне орнатылған батареяны үнемі қосып қою қажет етілген жағдайда, бұл батареяны тек білікті қызмет көрсетуші маман ауыстыруы керек. Батареяның дұрыс қолданылғанына көз жеткізу үшін өнімді пайдаланылу мерзімі аяқталғаннан кейін электрлік және электрондық жабдықты кәдеге жарату мақсатымен арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Барлық басқа батареялар үшін батареяны өнімнен қауіпсіз шығару жолдары туралы бөлімнен қараңыз. Қалдық батареяларды кәдеге жарату мақсатымен батареяны арнайы жинау орнына тастаңыз. Бұл өнімді немесе батареяны кәдеге жарату туралы толығырақ ақпарат алу үшін тиісті жергілікті мемлекеттік мекемеге, тұрмыстық қалдық тастау қызметіне немесе өнім сатып алынған дүкенге хабарласыңыз.
KZ
3
Авторлық құқықтар және сауда белгілері
Бұл жүйе Dolby* Digital және DTS** Digital Surround System біріктіреді. * Dolby Laboratories ұйымы берген
лицензия бойынша жасалған. Dolby және қос D таңбасы - Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері.
** DTS патенттерін http://patents.dts.com
сайтынан қараңыз. DTS Licensing Limited берген лицензия бойынша жасалған.
DTS, DTS-HD, Symbol & DTS және Symbol - DTS, Inc. © DTS, Inc. тіркелген
сауда белгілері. Барлық құқықтары қорғалған.
BLUETOOTH® сөз белгісі және логотиптері Bluetooth SIG, Inc. корпорациясына тиесілі сауда белгілері болып табылады және Sony Corporation арқылы бұл белгілерді
лицензия бойынша қолданыңыз.
Бұл жүйе High-Definition Multimedia Interface (HDMI™) технологиясын біріктіреді.
HDMI және HDMI High-Definition Multimedia Interface терминдері және HDMI логотипі - HDMI Licensing LLC
ұйымының сауда белгілері немесе Америка Құрама Штаттары мен басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері.
N белгісі — NFC Forum, Inc. корпорациясының сауда белгісі немесе Америка Құрама Штаттары мен басқа елдердегі тіркелген сауда белгісі.
Apple, Apple логотипі, iPhone, iPod және iPod touch — АҚШ пен басқа елдерде
тіркелген Apple Inc., компаниясының сауда белгілері. App Store - Apple Inc. қызмет
көрсету белгісі “Made for iPod” және “Made for iPhone” хабары электрондық аксессуардың арнайы iPod немесе iPhone құрылғыларына көрсетілген тәртіпте қосылу үшін жасалғанын, Apple жұмыс істеу стандарттарына сәйкес жасаушы арқылы сертификатталғанын білдіреді. Apple компаниясы бұл құрылғының жұмыс істеуі немесе оның қауіпсіздік және нормативтік стандарттарына сәйкестігі үшін жауапты емес. Бұл аксессуарды iPod немесе iPhone құрылғысымен бірге пайдалану сымсыз өнімділікке әсер ететіндігін ескеріңіз.
Үйлесімді iPod/iPhone модельдері
Мыналар iPod/iPhone үлгілерімен үйлесімді. iPod/iPhone құрылғыларын жүйемен бірге қолданбас бұрын соңғы бағдарламалық жасақтама арқылы жаңартыңыз.
BLUETOOTH технологиясы мыналармен жұмыс істейді:
iPhone 6 Plus/iPhone 6/iPhone 5s/ iPhone 5c/iPhone 5/iPhone 4s/ iPhone 4/iPhone 3GS iPod touch (5-буын)/iPod touch (4-буын)
Android™ және Google Play™ — Google Inc. компаниясының сауда белгілері
KZ
4
“BRAVIA” логотипі — Sony Corporation компаниясының сауда белгісі.
“DSEE” — Sony Corporation компаниясының сауда белгісі.
“ClearAudio+” — Sony Corporation компаниясының сауда белгісі.
“x.v.Colour” және “x.v.Colour” логотипі — Sony Corporationкомпаниясының сауда белгілері.
“PlayStation®” — Sony Computer Entertainment Inc компаниясының
тіркелген сауда белгісі.
Басқа сауда белгілері мен атаулары тиісті иелеріне тиесілі.

Бұлар туралы пайдалану нұсқаулары

•Бұл пайдалану нұсқауларындағы нұсқаулар қашықтан басқару құралындағы басқару тармақтарын сипаттайды. Сондай-ақ, қашықтан басқару құралындағыдай бірдей немесе ұқсас атаулары болса, негізгі құрылғыдағы басқару тармақтарын қолдануға болады.
•Кейбір суреттер мағыналы суреттер ретінде ұсынылады, нақты өнімдерден ерекшеленуі мүмкін.
KZ
5
Мазмұны
Қосылу
Бұлар туралы пайдалану
нұсқаулары ................................5
Бастапқы орнату нұсқаулығы (бөлек құжат)
Тыңдау
ТД, Blu-ray Disc™ ойнатқышы,
кабель/спутниктік жәшік,
т.б. дыбысын тыңдау. ...............7
BLUETOOTH құрылғысы
музыкасын тыңдау ...................7
Дыбысты реттеу
Дыбыс әсерлерін қолдану
(спорт режимі, т.б.) ...................9
BLUETOOTH функциялары
Жүйені смартфонмен немесе
планшет құрылғысымен
басқару (SongPal) ....................11
Авторлық құқығы қорғалған 4K мазмұнын көру (тек HT-CT780)
4K TV және 4K құрылғыларын
қосу ......................................13
Параметрлер және реттеулер
Орнату дисплейін пайдалану ... 15
Басқа функциялар
Control for HDMI функциясын
қолдану ................................... 18
“BRAVIA” Sync мүмкіндіктерін
пайдалану ............................... 19
Негізгі құлып функциясын
пайдалану ............................... 20
Күту режимінде қуатты
үнемдеу .................................. 20
Қабырғаға жолақ динамигін
бекіту ...................................... 21
Сабвуферді көлденең орнату
(тек HT-CT380/CT381) ............. 23
Жүйені байланыстыру
(сабвуферге
байланыстыру) ....................... 23
Қосымша ақпарат
Сақтық шаралар ........................... 24
Ақауларды жою ............................ 25
Бөлшектер мен басқару
элементтері туралы
нұсқаулық ............................... 30
Қолдау көрсетілетін
аудио пішімдері ..................... 34
Сипаттамалар ............................... 36
BLUETOOTH байланысында ......... 38
СОҢҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫ
ЛИЦЕНЗИЯСЫ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ ................................... 39
KZ
6

Тыңдау

Тыңдау

ТД, Blu-ray Disc™ ойнатқышы, кабель/ спутниктік жәшік, т.б. дыбысын тыңдау.

INPUT түймесін қайталап басыңыз.
INPUT түймесін бір рет басқан кезде ағымдағы құрылғы алдыңғы дисплейде пайда болып, одан кейін INPUT түймесін басқан сайын құрылғы келесідей өзгереді.
[TV] [HDMI 1] [HDMI 2] [HDMI 3] [ANALOG] [BT]
[TV]
DIGITAL IN (ТД) ұясына қосылған сандық құрылғы немесе HDMI OUT (ARC) ұясына қосылған Audio Return Channel функциясымен үйлесімді ТД
[HDMI 1] [HDMI 2] [HDMI 3]
Blu-ray Disc ойнатқыш, т.б. HDMI IN 1, 2 немесе 3 ұясына қосылған
[ANALOG]
ANALOG IN ұясына қосылған аналогтік құрылғы
[BT]
BLUETOOTH A2DP жүйесіне қолдау көрсететін құрылғы
Кеңес
Егер BLUETOOTH функциялары көрсетілсе, [BT OFF] хабары [BT] орнына пайда болады.

BLUETOOTH құрылғысы музыкасын тыңдау

Жүйені BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру
Жұптастыру - сымсыз байланысқа мүмкіндік беру үшін BLUETOOTH құрылғылары арасында сілтеме жасауға талап етілетін процесс. Жүйемен бастау алдында құрылғыны жүйемен жұптастыру қажет. BLUETOOTH құрылғылары жұптасса, оларды қайта жұптастыру қажет.
1 Жүйеде PAIRING түймесін басыңыз.
BLUETOOTH жұптастыру кезінде BLUETOOTH индикаторы (көк) жыпылықтайды.
2 BLUETOOTH функциясын
BLUETOOTH құрылғысында қосып, құрылғыларды іздеп, осы жүйені таңдаңыз (HT-CT380, HT-CT381 немесе HT-CT780).
Егер қатынасу кілті қажет болса, “0000” кодын енгізіңіз.
3 BLUETOOTH индикаторы (көк)
жанғанын тексеріңіз.
Байланыс орнатылды.
Ескертпе
• Ең көбі 9 BLUETOOTH құрылғысын жұптастыруға болады. Егер 10-шы BLUETOOTH құрылғысы жұптасса, ең бірінші жалғанған құрылғы жаңасымен ауыстырылады.
KZ
7
Кеңес
•BLUETOOTH байланысы орнатылған соң, сіз қосқан жабдыққа сәйкес келетін қолданбаны жүктеуді ұсынатын нұсқау көрсетіледі. Көрсетілген нұсқауларды орындап, осы жүйемен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін “SongPal” атты қолданбаны жүктеуге болады. “Жүйені смартфонмен немесе планшет құрылғысымен басқару (SongPal)” (11-бет) қараңыз.
Тіркелген құрылғы музыкасын тыңдау
1 INPUT түймесін [BT] көрсету үшін
қайталап басыңыз.
BLUETOOTH жұптастыру барысында BLUETOOTH индикаторы (көк) жыпылықтайды.
2 BLUETOOTH құрылғысында осы
жүйені таңдаңыз (HT-CT380, HT-CT381 немесе HT-CT780).
3 BLUETOOTH индикаторы (көк)
жанғанын тексеріңіз.
4 BLUETOOTH құрылғысында
ойнатуды бастаңыз.
BLUETOOTH құрылғысын Бір рет түртілетін функциялар (NFC) арқылы қосу
NFC үйлесімді қашықтан басқару құрылғысын N-белгісіне жақын жүйеде ұстау арқылы жүйе мен қашықтан басқару құрылғысы жұптастыруды аяқтап, BLUETOOTH байланысына автоматты түрде өтеді.
Үйлесімді қашықтағы құрылғылар
Кірістірілген NFC функциясымен қашықтан басқару құрылғылары
(OS: Android 2.3.3 немесе кейінгі нұсқасы, Android 3.x қоспағанда)
1 “NFC Easy Connect” қолданбасын
жүктеп алыңыз, орнатыңыз және іске қосыңыз.
Ескертпе
•Бағдарлама кейбір елдерде/ аймақтарда болмауы мүмкін.
2 Қашықтан басқару құрылғысы
дірілдегенше жүйедегі N-белгісіне жақын қашықтан басқару құрылғысын ұстаңыз.
3 BLUETOOTH индикаторы (көк)
жанғанын тексеріңіз.
Байланыс орнатылды.
Ескертпелер
• Бір уақытта тек бір құрылғыны қосуға болады.
• Смартфонға байланысты NFC функциясын алдына орнату керек болуы мүмкін. Смартфонға қоса берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Кеңес
• Жұптасу мен BLUETOOTH байланысы орнатылмаса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз. – “NFC Easy Connect” қайта қосып, қашықтан
басқару құрылғысы N-белгісі бойынша баяу жылжытыңыз.
– Қашықтағы құрылғыға бөлек сатып
алынған қап кигізілген болса, оны шешіңіз.
KZ
8

Дыбысты реттеу

Дыбысты реттеу

Дыбыс әсерлерін қолдану (спорт режимі, т.б.)

Түрлі дыбыс көздеріне әкелетін алдын ала бағдарламаланған дыбыс өрістерін оңай пайдалануға болады.
Дыбыс өрісін таңдау
Алдыңғы тақта дисплейінде қажетті дыбыс өрісі пайда болғанша SOUND FIELD түймесін қайталап басыңыз.
[CLEARAUDIO+]
Тиісті дыбыс параметрлері дыбыс көзі үшін автоматты түрде таңдалады.
[STANDARD]
Әрбір дыбыс көзіне сәйкес келеді.
[MOVIE]
Дыбыстар орта әсерлерімен ойнатылады және бейнелерге үйлесімді болу үшін олар шынайы әрі күшті болады.
[SPORTS]
Түсіндірмелер анық, қошаметтер көлемді дыбыс ретінде естіледі және орта-дыбысы шынайы болады.
[GAME]
Дыбыс күшті және шынайы, ойын ойнау үшін сәйкес келеді.
[MUSIC]
Ды
быс музыкалық бағдарламаға, музыкалық Blu-ray Disc немесе DVD сәйкес ойнатылады.
[P.AUDIO (Портативті аудио)]
Дыбыс DSEE* арқылы портативті музыка ойнатқышына сәйкес ойнатылады.
* DSEE - Digital Sound Enhancement Engine,
Sony компаниясы жеке дайындаған жоғары
ауқымды орнын толтыру және тамаша дыбысты жаңғырту технологиясы.
KZ
9
Түн режимін орнату
Дыбыстар дыбыс әсерлерімен және диалог тазалығымен ойнатылады.
NIGHT түймесін [N. ON] ойнату үшін басыңыз.
Түн режимін өшіру үшін NIGHT түймесін [N. OFF] көрсету үшін басыңыз.
Дауыс режимін орнату
Дауыс режимі диалогті анық жасауға көмектеседі.
Қажетті түрін көрсету үшін VOICE түймесін қайталап басыңыз.
[TYPE 1]
Диалог ауқымы тікелей шығарылады.
[TYPE 2]
Диалог ауқымы айрықша көрсетіледі.
[TYPE 3]
Диалог ауқымы белгіленіп, егде жастағылар дауысын төмен дыбыс деңгейімен анықтау үш есе қиындауы болады.
10
KZ

BLUETOOTH функциялары

BLUETOOTH функциялары

Жүйені смартфонмен немесе планшет құрылғысымен басқару (SongPal)

“SongPal” - жүйені смартфон немесе планшет, т.б. арқылы пайдалануға арналған қолданба. “SongPal” Google Play немесе App Store ішінен қолжетімді. Бұл функция [BT PWR] параметрін [ON] (16-бет) күйіне орнату арқылы қосылады. Әдепкі параметр - [ON].
Android құрылғысын қолданғанда
4 BLUETOOTH байланысының дисплейі
Android құрылғысында пайда болса, PAIRING түймесін басыңыз.
BLUETOOTH жұптастыру кезінде BLUETOOTH индикаторы (көк) жыпылықтайды.
5 Android құрылғысының BLUETOOTH
құрылғылар тізімінен осы жүйені
(HT-CT380, HT-CT381 немесе HT-CT780) таңдаңыз.
Байланыс анықталған кезде BLUETOOTH индикаторы (көк) жанады.
6 Жүйені жалғанған Android
құрылғының дисплейі арқылы басқарыңыз.
Android құрылғысын NFC кірістірілген функциясы
арқылы (NFC) пайдаланып бір рет түртіп байланысу.
1 Қашықтан басқару құралындағы
/ (қосу/күту режимі) түймесін
басыңыз.
Жолақ динамигінің дисплейі жанады.
2 Android құрылғысы арқылы
“SongPal” іздеп, сол қолданбаны жүктеңіз.
3 “SongPal” іске қосыңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кеңес
•NFC байланысының дисплейі пайда болса, ”Android құрылғысын NFC кірістірілген функциясы арқылы (NFC) пайдаланып бір рет түртіп байланысу.” көріңіз.
1 “Android құрылғысын пайдаланған
кезде” ішіндегі 1-3 қадамдарды орындаңыз.
2 Android құрылғысында BLUETOOTH
байланысының дисплейі пайда болғаннан кейін Android құрылғысын жолақ динамигінің N белгісіне тигізіңіз.
Байланыс анықталған кезде BLUETOOTH индикаторы (көк) жанады.
3 Жүйені жалғанған Android
құрылғының дисплейі арқылы пайдаланыңыз.
11
KZ
iPhone/iPod қолданғанда мынаны түртіңіз
1 Қашықтан басқару құралындағы
/ (қосу/күту режимі) түймесін басыңыз.
Жолақ динамигінің дисплейі жанады.
2 PAIRING түймесін басыңыз.
BLUETOOTH жұптастыру кезінде BLUETOOTH индикаторы (көк) жыпылықтайды.
3 iPhone/iPod сенсорын жұптастыру
режиміне орнатып, iPhone/iPod сенсорындағы BLUETOOTH құрылғылар тізімінен осы жүйені
(HT-CT380, HT-CT381 немесе HT-CT780) таңдаңыз.
Байланыс орнатылған соң жолақ динамигінің BLUETOOTH индикторы (көк) жанады.
4 Жалғанған iPhone/iPod touch
құрылғысы арқылы “SongPal” іздеп, сол қолданбаны жүктеңіз.
5 “SongPal” қолданбасын іске қосыңыз,
сосын жүйені iPhone/iPod touch дисплейі арқылы пайдаланыңыз.
12
KZ

Авторлық құқығы қорғалған 4K мазмұнын көру (тек HT-CT780)

Авторлық құқығы қорғалған 4K мазмұнын көру (тек HT-CT780)
HDCP 2.2 үйлесімді HDMI ұясы
Blu-ray Disc ойнатқышы, кабель
жәшігі немесе спутниктік жәшік, тағы басқа.
HDMI кабелі (жоғары жылдамдықты
түрі, жинақта берілмеген)
HDMI кабелі (жоғары жылдамдықты
түрі, жинақта берілмеген)
HDCP 2.2 үйлесімді HDMI ұясы

4K TV және 4K құрылғыларын қосу

Авторлық құқығы қорғалған 4K мазмұнын көру үшін әрбір жақтағы HDCP 2.2 үйлесімді HDMI ұясы арқылы құрылғыларды қосыңыз. Авторлық құқығы қорғалған 4K мазмұнын HDCP 2.2 үйлесімді HDMI ұялары арқылы көруге болады. Теледидардағы HDMI ұясы HDCP 2.2 үйлесімді болған не болмаған жағдайда ТД пайдалану нұсқауларын қараңыз.
ТД HDMI ұясы HDCP 2.2 үйлесімді және ARC белгісімен белгіленген жағдайда
Кеңестер
Жолақ динамигінің HDMI 1 INPUT ұясыHDCP 2.2 жүйесімен үйлесімді.
• ARC (Audio Return Channel) функциясы ТД сандық дыбысын осы жүйеге немесе AV күшейткішіне HDMI кабелімен жеткізеді.
13
KZ
ТД HDMI ұясы HDCP 2.2 үйлесімді және ARC белгісімен
Оптикалық сандық кабель (жинақта берілген)  HDMI кабелі (жоғары жылдамдықты түрі, жинақта берілмеген)  HDMI кабелі (жоғары жылдамдықты түрі, жинақта берілмеген)
HDCP 2.2 үйлесімді HDMI ұясы
Blu-ray Disc ойнатқышы, кабель
жәшігі немесе спутниктік жәшік, тағы басқа.
HDCP 2.2 үйлесімді HDMI ұясы
белгіленбеген жағдайда
Оптикалық сандық кабельді ТД оптикалық шығыс ұясына, HDMI кабелін HDCP 2.2 үйлесімді HDMI кіріс ұясына қосыңыз.
Кеңес
Жолақ динамигінің HDMI 1 INPUT ұясыHDCP 2.2 жүйесімен үйлесімді.
14
KZ
Loading...
+ 30 hidden pages