Сəйкестік мəлімдемесі 8
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 8
ЭМӨ талаптарына сəйкестік 8
Сауда белгілері 9
7 Жиі қойылатын сұрақтар 10
KZ 1
1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты
жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын
шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге
орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары
болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа
болады.
Гарнитураны қолданған кезде, мына
нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан
аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын,
дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін
жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда
абайлап қолдану немесе қолдануды
уақытша тоқтату қажет.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс
қысымы кереңдікке себеп болуы
мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі
құлақты да жауып қолданған дұрыс
емес жəне ол кейбір аймақтарда
заңсыз болуы мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
үшін жолда немесе басқа қауіпті
болуы мүмкін орталарда музыкаға
немесе телефон қоңырауларына
назарыңызды бөліп жіберуіне
мүмкіндік бермеңіз.
Зақым келмеуі немесе істен
шығарып алмау үшін
Сақ болыңыз
• Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер
етуіне мүмкіндік беруге болмайды.
• Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.
• Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
• Құлаққапты суға салуға болмайды.
• Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе
абразивті заттар бар тазартқыш заттарды
қолдануға болмайды.
• Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен
немесе сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен
аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
• Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер
етуіне мүмкіндік бермеу керек.
• Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай
батареяны немесе баламасын салыңыз.
Қолдану жəне сақтау температуралары
мен ылғалдығы туралы мəлімет
Температурасы - 0 ºC (32 ºF) жəне
45 ºC (113 ºF) аралығындағы
(салыстырмалы ылғалдық 90%-дан
аспайтын) жерде қолдану керек.
Температурасы - 25 ºC (-13 ºF) жəне
55 ºC (131 ºF) аралығындағы
(салыстырмалы ылғалдық 50%-дан
аспайтын) жерде сақтау керек.
Температура одан жоғары не төмен
болған жағдайда батареяның қызмет
ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
2 KZ
2 Сымсыз
Bluetooth
гарнитурасы
Қысқаша нұсқаулық
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз,
Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips
ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта
тіркеңіз: www.philips.com/welcome.
Осы сымсыз Philips гарнитурасымен
мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
Philips сымсыз Bluetooth бастырма
құлаққабы (TASH402)
USB зарядтау кабелі (тек зарядтауға
арналған)
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне
гарнитурамен үйлесімді мобильді
телефон немесе құрылғы (мысалы,
ноутбук, коммуникатор, Bluetooth
адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.)
(7-беттегі «Техникалық деректер»
бөлімін қараңыз).
Сымсыз Bluetooth
құлаққабын шолу
+ Дыбыс деңгейін басқару түймесі
Қосу/өшіру түймесі
- Дыбыс деңгейін басқару түймесі
Micro USB зарядтау ұясы
ЖШД индикаторы
Микрофон
KZ 3
3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Ескертпе
Гарнитураны алғаш рет қолданудан бұрын,
батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы
болуы үшін батареяны 5 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін түпнұсқалы
USB зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Құлаққапты зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлаққапты зарядтау үшін
жалғаған кезде, ол өшіріледі.
Зарядталып жатқан кезде, құлаққапты əдеттегідей
қолдана беруге болады.
жасасаңыз, олардың ішіндегі ең алғашқы
болып жұптастырылған құрылғы жаңа
құрылғымен алмастырылады.
1 Құлаққап толығымен
зарядталғанына көз жеткізіңіз.
2 Құлаққапты қосу үшін түймесін 2
секунд басып тұрыңыз.
3 Мобильді телефон жəне оның
Bluetooth функциясына қосылғанына
көз жеткізіңіз.
4 Құлаққапты мобильді телефонмен
жұптастырыңыз. Толық ақпарат алу
үшін мобильді телефонның
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Төмендегі мысалда құлаққапты
мобильді телефонмен жұптастыру
жолы көрсетілген.
Бірге берілген USB зарядтау кабелін
мынаған жалғаңыз:
• құлаққаптағы micro USB зарядтау
ұясы жəне;
• зарядтағыш/компьютердің USB
порты.
Зарядтау кезінде ЖШД ақ түспен
жанып тұрады, ал құлаққап
толығымен зарядталған кезде, ол
сөнеді
Ақыл-кеңес
Əдетте толық зарядталуға 2 сағат кетеді.
Құлаққапты мобильді
телефонмен жұптастыру
Құлаққапты мобильді телефонмен алғаш
рет қолданудан бұрын, оны мобильді
телефонмен жұптастырыңыз. Жұптастыру
нəтижелі болғанда, құлаққап пен мобильді
телефон арасында шифрланған бірегей
байланыс орнатылады. Құлаққап соңғы 8
құрылғыны жадында сақтайды. 8-ден көп
құрылғыны жұптастыруға əрекет
1 Мобильді телефонда Bluetooth
функциясын іске қосып, Philips
SH402 құрылғысын таңдаңыз.
2 Сұралған жағдайда «0000» (4 нөл)
гарнитура құпиясөзін енгізіңіз.
Bluetooth 3.0 немесе одан кейінгі
нұсқаны қолдайтын мобильді
телефондарда құпиясөзді енгізу
қажет емес.
Philips SH402
4 KZ
4 Құлаққапты
қолдану
Қоңырауларды жəне
музыканы басқару
Қосу/өшіру
Құлаққапты Bluetooth
құрылғысына жалғау
Мобильді телефонды/
Bluetooth құрылғысын қосыңыз.
Құлаққапты қосу үшін түймесін
3 секунд басып тұрыңыз.
Көк шам жанып тұрады.
Құлаққап ең соңғы жалғанған
мобильді телефонға/Bluetooth
құрылғысына автоматты түрде
қайта жалғанады. Құлаққап 13
секунд ішінде соңғы құрылғыға
жалғанбаса, жұптастыру
режиміне кіріңіз.
Ақыл-кеңес
Алдымен гарнитураны қосып, одан кейін ғана
мобильді телефонды/Bluetooth құрылғысын
қоссаңыз немесе Bluetooth функциясын іске
қоссаңыз, құлаққапты жəне мобильді
телефонды/Bluetooth құрылғысын қолмен қайта
жалғау қажет болады.
Ескертпе
Құлаққап 5 минут ішінде сигнал ауқымындағы
кез келген Bluetooth құрылғысына жалғанбаса,
ол батареяны үнемдеу үшін автоматты түрде
өшеді.
Қызмет
Құлаққапты
қосу.
Құлаққапты
өшіру.
Музыканы басқару
Қызмет
Музыканы
ойнату немесе
кідірту
Дыбыс деңгейін
реттеу.
Алға аттап өту.
Артқа аттап өту.
Қоңырауларды басқару
ҚызметТүймеƏрекет
Тұтқаны
көтеру/қою.
Кіріс қоңырауды
қабылдамау.
Соңғы қоңырауды
қайта теру
Түйме
Түйме
Əрекет
2 секунд
басып тұру.
3 секунд
басып тұру.
Ақ түсті шам
жанып
тұрады да,
біртіндеп
сөнеді.
Əрекет
Бір рет
басу.
Бір рет
басу.
1 секунд
басып тұру.
1 секунд
басып тұру.
Бір рет басу.
1 секунд
басып тұру.
Екі рет басу
KZ 5
Қоңырау кезінде
микрофон
дыбысын
өшіру/қайта қосу
Құлаққап индикаторының басқа күйлері
Екі рет басу
Гарнитураны тағу
Құлаққап имегін басыңызға дəлдеп
реттеңіз.
Құлаққап күйі
Құлаққап Bluetooth
құрылғысына
жалғанып тұр,
құлаққап күту
режимінде немесе
сіз музыка тыңдап
отырсыз
Құлаққап
жұптастыруға
дайын.
Құлаққап қосылып
тұр, бірақ ешқандай
Bluetooth
құрылғысына
жалғанып тұрған
жоқ.
Батарея заряды аз.
Батарея
толығымен
зарядталған.
Индикатор
Көк ЖШД 5 секунд
сайын
жыпылықтайды.
ЖШД көк жəне ақ
түспен кезек-кезек
жыпылықтайды.
ЖШД көк жəне ақ
түспен кезек-кезек
жыпылықтайды,
құлаққап 5 минут
ішінде өшеді.
Ақ түсті ЖШД қуат
таусылғанша 1
минут сайын 3 рет
жыпылықтап
тұрады.
Жарық өшірулі.
6 KZ
5 Техникалық
деректер
Музыка ойнату уақыты: 20 сағат
Сөйлесу уақыты: 20 сағат
Күту режиміндегі уақыт: 800 сағат
Толық зарядталуға кететін əдеттегі уақыт:
2 сағат
Қайта зарядталатын литий-полимер
батареясы (200 мА·сағ)
Bluetooth 5.0 нұсқасын қолдау (хендсфри
профилі - HFP), Bluetooth стерео режимі
(жетілдірілген аудио тарату профилі A2DP; аудио мен бейнені қашықтан
басқару профилі - AVRCP)
Жиілік ауқымы: 2,402–2,480 ГГц
Таратқыш қуаты: < 4 дБм
Жұмыс ауқымы: 10 метрге дейін (33 фут)
Қоңырау анықтығын қамтамасыз ету үшін
цифрлық жаңғырықты жəне шуды азайту
Автоматты түрде өшу
Ескертпе
Сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
KZ 7
6 Хабарландыру
Сəйкестік мəлімдемесі
Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding
Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптарына жəне
басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін
мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына
сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com.
батареяларды дұрыс қоқысқа тастау
арқасында қоршаған орта мен адам
денсаулығына төнетін қауіптердің алдын
алуға көмектесуге болады.
Ішкі батареяны шешіп алу
қажет
Ескертпе
Батареяны шешіп алудан бұрын, құлаққап
USB зарядтау кабелінен ажыратылғанына
көз жеткізіңіз.
Ескі өнімді жəне
батареяны қоқысқа
тастау
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен
құрамдас бөліктерді қолдана отырып
жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта
өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU Еуропа
директивасында қамтылғанын білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа
директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастауға болмайтын ішкі
қайта зарядталатын батарея бар екенін
білдіреді. Қайта зарядталатын батареяны
маман шешіп алуы үшін осы өнімді ресми
жинау пунктіне немесе Philips қызмет
көрсету орталығына апаруға қатаң кеңес
береміз. Электр жəне электрондық өнімдер
мен қайта зарядталатын батареяларды
бөлек жинайтын жергілікті жүйе туралы
мəлімет іздестіріңіз. Жергілікті ережелерді
сақтап, өнімді жəне қайта зарядталатын
батареяларды əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі
өнімдер мен қайта зарядталатын
8 KZ
Еліңізде электрондық өнімдерді жинау/
қайта өңдеу жүйесі болмаса, құлаққапты
қоқысқа тастаудан бұрын, батареяны
шешіп алып, оны қайта өңдеуге тапсыру
арқылы қоршаған ортаны қорғай аласыз.
ЭМӨ талаптарына
сəйкестік
Осы өнім электрмагниттік өрістердің əсер
етуіне қатысты барлық тиісті стандарттар
мен ережелерге сəйкес келеді.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Қажетсіз қаптама материалдарын
қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға
бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон
(қорап), көбікполистирол (аралық қабат)
жəне полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік
материал).
Жүйеңіз мамандырылған компания
бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне
қайта қолдануға болатын материалдардан
тұрады. Қаптама материалдарын,
таусылған батареяларды жəне ескі
жабдықты
қоқысқа тастауға қатысты жергілікті
ережелерді ұстаныңыз.
Сауда белгілері
Bluetooth
Bluetooth® сөз белгісі жəне логотиптері —
Bluetooth SIG, Inc. компаниясының
меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне
MMD Hong Kong Holding Limited
компаниясы мұндай белгілерді кез келген
жерде лицензия бойынша қолданады.
Сəйкестік туралы
хабарландыру
Құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне
сəйкес келеді. Қолдану үшін төмендегі екі
талап орындалуы тиіс:
1. Осы құрылғы зиянды кедергі
жасамауы тиіс жəне
2. Осы құрылғы түскен кез келген
кедергіні, оның ішінде жұмысына
жағымсыз əсер етуі мүмкін
кедергіні қабылдауы тиіс.
FCC ережелері
Осы жабдық сынақтардан өткізіліп, FCC
ережелерінің 15-бөлімінде көрсетілген В
сыныбындағы цифрлық құрылғыға
қойылатын шектеулерге сəйкес келетіні
анықталған. Осы шектеулер тұрғын
жерлерде зиянды кедергіден қисынды
деңгейдегі қорғанысты қамтамасыз ету
үшін белгіленген. Осы жабдық радиожиілік
қуатты түзеді, қолданады жəне шығаруы
мүмкін, сондықтан нұсқаулыққа сəйкес
орнатылмаған жəне қолданылмаған
жағдайда, радио байланысқа зиянды
кедергі жасауы мүмкін.
Дегенмен белгілі бір жағдайларда кедергі
болмайтынына кепілдік берілмейді. Осы
жабдық қабылданатын радио немесе
теледидар сигналдарына зиянды кедергі
жасаса (оны өнімді өшіріп-қосу арқылы
тексеруге болады), пайдаланушы төмендегі
шаралардың біреуін немесе бірнешесін
қолдану арқылы кедергіні жоюға əрекет
жасағаны жөн:
•
Қабылдағыш антеннаны басқа жерге
қою.
• Жабдық пен қабылдағыш арасындағы
қашықтықты арттыру.
• Жабдықты қабылдағыш жалғанып
тұрған электр тізбектен басқа тізбектегі
розеткаға жалғау.
• Дилерге немесе тəжірибелі
радио/теледидар маманына
хабарласып, көмек сұрау.
АҚШ Федералдық байланыс
комиссиясының (FCC) сəулелену əсеріне
қоятын талаптарына қатысты мəлімдеме:
Осы жабдық FCC ұйымының
бақыланбайтын орталардағы сəулелену
əсеріне қоятын шектеулеріне сəйкес келеді.
Осы таратқышты кез келген басқа
антеннамен немесе таратқышпен бір жерге
орналастыруға немесе бірге жұмыс істетуге
болмайды.
FCC ережелеріне сəйкестік мəлімдемесі:
Сəйкестікке жауапты тарап анық растамаған
өзгертулерді енгізу пайдаланушының
жабдықты қолдану құқығын жоюы мүмкін.
Осы жабдық сынақтардан өткізіліп, FCC
ережелерінің 15-бөлімінде көрсетілген В
сыныбындағы цифрлық құрылғыға
қойылатын шектеулерге сəйкес келетіні
анықталған. Осы шектеулер тұрғын
жерлерде зиянды кедергіден қисынды
деңгейдегі қорғанысты қамтамасыз ету
үшін белгіленген. Осы жабдық радиожиілік
қуатты түзеді, қолданады жəне шығаруы
мүмкін, сондықтан нұсқауларға сəйкес
орнатылмаған жəне қолданылмаған
жағдайда, ол радио байланысқа зиянды
кедергі жасауы мүмкін. Дегенмен белгілі бір
жағдайларда кедергі болмайтынына
кепілдік берілмейді.
KZ 9
Осы жабдық қабылданатын радио немесе
теледидар сигналдарына зиянды кедергі
жасаса (оны өнімді өшіріп-қосу арқылы
тексеруге болады), пайдаланушы
төмендегі шаралардың біреуін немесе
бірнешесін қолдану арқылы кедергіні
жоюға əрекет жасағаны жөн:
-- Қабылдағыш антеннаның бағдарын
өзгерту немесе оны басқа жерге қою.
-- Жабдық пен қабылдағыш арасындағы
қашықтықты арттыру.
-- Жабдықты қабылдағыш жалғанып
тұрған электр тізбектен басқа тізбектегі
розеткаға жалғау.
-- Дилерге немесе тəжірибелі
радио/теледидар маманына
хабарласып, көмек сұрау.
ISED ережелеріне сəйкестік мəлімдемесі:
Осы құрылғыда Канада Инновация,
ғылым жəне экономикалық даму
министрлігінің лицензия талап етілмейтін
RSS стандарттарына сəйкес келетін
лицензия талап етілмейтін
таратқыш(тар)/қабылдағыш(тар) бар.
Қолдану үшін төмендегі екі талап
орындалуы тиіс:
1. Осы құрылғы кедергі жасамауы тиіс.
2. Осы құрылғы кез келген кедергіні,
оның ішінде құрылғы жұмысына
жағымсыз əсер етуі мүмкін кедергіні
қабылдауы тиіс.
РЖ сəулелену əсеріне қатысты
ережелерге сəйкестік мəлімдемесі:
Осы жабдық FCC/IC ұйымдарының
бақыланбайтын орталардағы сəулелену
əсеріне қоятын шектеулеріне сəйкес
келеді. Осы таратқышты кез келген басқа
антеннамен немесе таратқышпен бір
жерге орналастыруға немесе бірге
жұмыс істетуге болмайды.
Сақ болыңыз: Пайдаланушыға
сəйкестікке жауапты тарап анық
растамаған өзгертулерді енгізу
пайдаланушының жабдықты қолдану
құқығын жоюы мүмкін екені туралы
ескертіледі.
10 KZ
7 Жиі
қойылатын
сұрақтар
Bluetooth құлаққабы қосылмайды.
Батарея заряды аз. Құлаққапты
зарядтаңыз.
Bluetooth құлаққабын мобильді
телефонмен жұптастыру мүмкін емес.
Bluetooth функциясы өшірілген.
Мобильді телефонда Bluetooth
функциясын іске қосып, мобильді
телефонды құлаққаптан бұрын қосыңыз.
Жұптастыру жұмыс істемейді.
Құлаққап жұптастыру режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Осы пайдаланушы нұсқаулығында
сипатталған қадамдарды
орындаңыз (4-беттегі «Құлаққапты
мобильді телефонмен жұптастыру»
бөлімін қараңыз).
• ЖШД шамы көк жəне ақ түспен
кезек-кезек жыпылықтап тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Мобильді телефон құлаққапты
таппайды.
• Құлаққап одан бұрын
жұптастырылған құрылғыға
жалғанып тұруы мүмкін. Жалғанған
құрылғыны өшіріңіз немесе сигнал
ауқымынан тыс жерге апарыңыз.
• Жұптастыру бастапқы қалпына
келтірілген болуы мүмкін немесе
құлаққап одан бұрын басқа
құрылғымен жұптастырылған
болуы мүмкін. Құлаққапты мобильді
телефонмен пайдаланушы
нұсқаулығында сипатталғандай
қайта жұптастырыңыз (4-беттегі
«Құлаққапты мобильді телефонмен
жұптастыру» бөлімін қараңыз).
Bluetooth құлаққабы Bluetooth стерео
функциясы қосылған мобильді
телефонға жалғанып тұр, бірақ музыка
тек мобильді телефон динамигі
арқылы ойнатылады.
Мобильді телефонның пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз. Музыканы
құлаққап арқылы тыңдауды таңдаңыз.
Аудио сапасы нашар жəне
шыртылдаған шу естіледі.
Bluetooth құрылғысы сигнал ауқымынан
тыс жерде. Құлаққап пен Bluetooth
құрылғысының арасындағы қашықтықты
азайтыңыз немесе олардың арасындағы
кедергілерді алып тастаңыз.
Мобильді телефоннан ағынмен
таратқан кезде, аудио сапасы нашар
болады немесе аудио ағын мүлде
жұмыс істемейді.
Мобильді телефон (моно) HFP
профилін ғана емес, A2DP профилін де
қолдайтынына көз жеткізіңіз (7-беттегі
«Техникалық деректер» бөлімін
қараңыз).
Bluetooth құрылғысында музыканы
естимін, бірақ оны басқара алмаймын
(мысалы, ойнату/кідірту/алға аттап
өту/артқа аттап өту).
Bluetooth аудио көзі AVRCP профилін
қолдайтынына көз жеткізіңіз (7-беттегі
«Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Қосымша қолдау алу үшін мына сайтқа
кіріңіз: www.philips.com/support.
11 KZ
Este equipamento não tem direito à proteção contra interferência prejudicial e não
pode causar interferência em sistemas devidamente autorizados. Este produto está
homologado pela ANATEL de acordo com os procedimentos regulamentados pela
Resolução 242/2000, e atende aos requisitos técnicas aplicados. Para maiores
infoimaçfies. consulte a site da ANATEL: www.anateLgov.br
Philips жəне Philips қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips
N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері жəне олар
лицензия бойынша қолданылады. Бұл өнімді MMD Hong Kong
Holding Limited немесе оның еншілес компанияларының бірі
өндірген жəне соның жауапкершілігімен сатылады, сондай-ақ
MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнімнің
кепілгері ретінде əрекет етеді.
UM_TASH402_00_KZ_V1.0
WK1921
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.