Philips TAK4206BL/00, TAK4206PK/00 user manual [kz]

Құлаққап
4000 қатары
TAK4206
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары 2
2 Сымсыз Bluetooth құлаққабы 3
құлаққабын шолу 3
3 Іске кірісу 4
телефонмен жұптастыру 4
4 Құлаққапты қолдану 5
Құлаққапты Bluetooth
құрылғысына қайта жалғау 5
Қоңырауларды жəне
музыканы басқару 5 Құлаққапты тағу 6 Ойнату уақытының шегін жəне
дыбыс деңгейінің шегін
Philips құлаққап қолданбасында
орнатуға болады 6
5 Техникалық деректер 8
6 Құлақтандыру 9
Сəйкестік мəлімдемесі 9 Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 9 ЭМӨ талаптарына сəйкестік 9 Қоршаған ортаға қатысты ақпарат Сəйкестік туралы құлақтандыру 10
10
7 Сауда белгілері 12
8 Жиі қойылатын сұрақтар 13
KZ 1
1 Маңызды
қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары
дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады.
Құлаққапты қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз.
Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап қолдану немесе қолдануды уақытша тоқтату қажет.
Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі құлақты да жауып қолданған дұрыс емес жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін орталарда музыкаға немесе телефон қоңырауларына назарыңызды бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Жалпы ақпарат
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау үшін:
Сақ болыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек. Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға
болмайды.
Құлаққапты суға салуға болмайды. Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе абразивті
заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен немесе
сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған ұқсас
шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу керек.
Батареяны оның сақтық құралын бұзып өтуі мүмкін
батарея түрімен ауыстыру;
Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау, мыжу
немесе кесу жарылысқа себеп болуы мүмкін;
Батарея температурасы өте жоғары жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық не газ шығуы мүмкін;
Батарея ауа қысымы өте төмен жерде қалдырылса, ол
жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық не газ шығуы мүмкін.
Автокөлікті басқарып отырғанда, велосипед тепкенде,
жүгіргенде немесе көлік жүретін жерлерде жаяу жүргенде құлаққапты қолданбаңыз. Ол қауіпті жəне көптеген жерде заңсыз болып есептеледі.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен ылғалдығы туралы мəлімет
Жұмыс температурасы: 0°C (32°F) жəне 40°C (104°F) аралығы
Сақтау температурасы: -10°C (14°F) жəне 45°C (113°F) аралығы
Жұмыс ылғалдығы: 8-90% СЫ (конденсациясыз)
Сақтау ылғалдығы: 5-90% СЫ (конденсациясыз)
Максималды жұмыс биіктігі: 3000 м
Температура одан жоғары не төмен болған жағдайда батареяның қызмет ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
2 KZ
2 Сымсыз
Bluetooth
құлаққабы
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз:
www.philips.com/support.
Осы сымсыз Philips гарнитурасымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау;
сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару;
қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Қораптағы заттар
Халықаралық кепілдік
Қауіпсіздік парақшасы
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне гарнитурамен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, коммуникатор, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.) (8-беттегі «Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Сымсыз Bluetooth құлаққабын шолу
Балаларға арналған сымсыз Philips құлаққабы (TAK4206)
USB-C зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
Қысқаша нұсқаулық
Микрофон ЖШД индикаторы USB-C зарядтау ұясы Қосу/өшіру түймесі - Дыбыс деңгейін басқару түймесі Жарық режимін басқару түймесі + Дыбыс деңгейін басқару түймесі
KZ 3
 
3 Іске кірісу
Құлаққапты зарядтау
Ескертпе
Гарнитураны алғаш рет қолданудан бұрын, батарея
көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін батареяны 5 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін түпнұсқалы
USB зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Құлаққапты зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлаққапты зарядтау үшін жалғаған кезде, ол өшіріледі.
Зарядталып жатқан кезде, құлаққапты əдеттегідей
қолдана алмайсыз.
Бірге берілген USB зарядтау кабелін мынаған жалғаңыз:
• Құлаққаптағы USB-C зарядтау ұясы жəне;
• зарядтағыш/компьютердің USB порты. Зарядтау кезінде ЖШД ақ түспен жанып тұрады, ал құлаққап толығымен зарядталған кезде, ол сөнеді
1 Құлаққап толығымен зарядталғанына
көз жеткізіңіз.
2 Құлаққапты қосу үшін түймесін
2 секунд басып тұрыңыз.
3 Мобильді телефон жəне оның Bluetooth
функциясы қосылғанына көз жеткізіңіз.
4 Құлаққапты мобильді телефонмен
жұптастырыңыз. Толық ақпарат алу үшін мобильді телефонның пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз. Төмендегі мысалда құлаққапты мобильді телефонмен жұптастыру жолы көрсетілген.
1 Мобильді телефонда Bluetooth
функциясын іске қосып, Philips TAK4206
құрылғысын таңдаңыз.
2 Сұралған жағдайда «0000» (4 нөл)
гарнитура құпиясөзін енгізіңіз. Bluetooth
3.0 немесе одан кейінгі нұсқаны
қолдайтын мобильді телефондарда
құпиясөзді енгізу қажет емес.
Philips TAK4206
Ақыл-кеңес
Əдетте толық зарядталуға 2 сағат кетеді.
Құлаққапты мобильді телефонмен жұптастыру
Құлаққапты мобильді телефонмен алғаш рет қолданудан бұрын, оны мобильді телефонмен жұптастырыңыз. Жұптастыру нəтижелі болғанда, құлаққап пен мобильді телефон арасында шифрланған бірегей байланыс орнатылады. Құлаққап соңғы 4 құрылғыны жадында сақтайды. 4-тен көп құрылғыны жұптастыруға əрекет жасасаңыз, олардың ішіндегі ең алғашқы болып жұптастырылған құрылғы жаңа құрылғымен алмастырылады.
4 KZ
Loading...
+ 10 hidden pages