
Құлаққап
9000 қатары
TAH9505
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support

Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары 2
Есту қауіпсіздігі 2
Жалпы ақпарат 2
2 Толық өлшемді Bluetooth
құлаққабы 3
Қораптағы заттар 3
Басқа құрылғылар 3
Сымсыз Bluetooth құлаққабын
шолу 4
3 Іске кірісу 5
Батареяны зарядтау 5
Құлаққапты мобильді телефонмен
жұптастыру 5
4 Құлаққапты қолдану 6
Құлаққапты Bluetooth
құрылғысына жалғау 6
Қоңырауларды жəне музыканы
басқару 7
5 Техникалық деректер 8
6 Құлақтандыру 9
Сəйкестік мəлімдемесі 9
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 9
Ішкі батареяны шешіп алу 9
ЭМӨ талаптарына сəйкестік 9
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат 10
Сəйкестік туралы құлақтандыру 10
7 Сауда белгілері 11
8 Жиі қойылатын сұрақтар 12
KZ 1

1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты
жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын
шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге
орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары
болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа
болады.
Құлаққапты қолданған кезде, мына
нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан
аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын,
дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін
жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда
абайлап қолдану немесе қолдануды
уақытша тоқтату қажет.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс
қысымы кереңдікке себеп болуы
мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі
құлақты да жауып қолданған дұрыс
емес жəне ол кейбір аймақтарда
заңсыз болуы мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы
мүмкін орталарда музыкаға немесе
телефон қоңырауларына назарыңызды
бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Зақым келмеуі немесе істен шығарып
алмау үшін:
Сақ болыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды.
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.
Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
Құлаққапты суға салуға болмайды.
Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе
абразивті заттар бар тазартқыш заттарды
қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен
немесе сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен
аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне
мүмкіндік бермеу керек.
Батареяны оның сақтық құралын бұзып өтуі
мүмкін батарея түрімен ауыстыру;
Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау,
мыжу немесе кесу жарылысқа себеп болуы
мүмкін;
Батарея температурасы өте жоғары жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш
сұйықтық не газ шығуы мүмкін;
Батарея ауа қысымы өте төмен жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш
сұйықтық не газ шығуы мүмкін.
Автокөлікті басқарып отырғанда, велосипед
тепкенде, жүгіргенде немесе көлік жүретін
жерлерде жаяу жүргенде құлаққапты
қолданбаңыз. Ол қауіпті жəне көптеген жерде
заңсыз болып есептеледі.
Қолдану жəне сақтау температуралары
мен ылғалдығы туралы мəлімет
• Жұмыс температурасы: 0°C (32°F)
жəне 40°C (104°F) аралығы
• Сақтау температурасы: -10°C (14°F)
жəне 45°C (113°F) аралығы
• Жұмыс ылғалдығы: 8-90% СЫ
(конденсациясыз)
• Сақтау ылғалдығы: 5-90% СЫ
(конденсациясыз)
• Максималды жұмыс биіктігі: 3000 м
• Температура одан жоғары не төмен
болған жағдайда батареяның қызмет
ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
2 KZ

2 Толық
өлшемді
Bluetooth
құлаққабы
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз,
Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips
ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта
тіркеңіз: www.philips.com/support.
Осы толық өлшемді Philips құлаққабымен
мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
• сымсыз хендсфри режимінде
қоңырау шалу жəне қабылдау;
• сымсыз режимде музыка тыңдау
жəне оны басқару;
• қоңыраулар мен музыка арасында
ауысу;
• шуды басу функциясын қолдану.
Қораптағы заттар
Ұшақ адаптері
Алып жүру қабы
Қысқаша нұсқаулық
Халықаралық кепілдік
Philips TAH9505 Bluetooth құлаққабы
USB зарядтау кабелі (тек зарядтауға
арналған)
Аудио кабель
Қауіпсіздік парақшасы
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын
жəне құлаққаппен үйлесімді мобильді
телефон немесе құрылғы (мысалы,
ноутбук, планшет, Bluetooth
адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.)
(8-беттегі «Техникалық деректер»
бөлімін қараңыз).
KZ 3

Сымсыз Bluetooth
құлаққабын шолу
1
ANC режимінің түймесі
2
Дауысты көмекші түймесі
3
Сенсорлық тақта
4
Қуат түймесі
5
ЖШД индикаторы (ақ/көк)
6
USB-C
7
Дауыстық микрофон
8
2,5 мм аудио ұя
1
2
3
4
5
6
7
8
4 KZ