
Мазмұндар кестесі
1 Кіріспе 4
2 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 5
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) 6
Қайта өңдеу 6
3 Жалпы шолу 7
Ата-ана модулі 7
Нәресте модулі 8
4 Жұмысты бастау 9
Ата-ана модулін зарядтау 9
Нәресте модулінің параметрлерін
орнату 10
Нәресте бөлігін қабырғаға бекіту 10
5 Нәресте мониторын пайдалану 12
Қызмет ету аясы 12
6 Мәзір 13
Масштабтау және панорамалау 13
Дыбысты қосу 13
Жарықтықты реттеу 14
Камералар қосу/жою 14
Тілді өзгерту 15
Қалпына келтіру 15
7 Ата-ана модуліндегі батареяның
қызмет мерзімін арттыру 16
8 Кепілдік және қызмет көрсету 17
9 Жиі қойылатын сұрақтар 18
3KK

1 Кіріспе
Осы өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз
және Philips AVENT компаниясына қош
келдіңіз! Philips AVENT ұсынатын қолдауды
толық пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/
AVENT торабында тіркеңіз.
Philips AVENT ата-аналарға өте қажетті
сенім мен қамқорды қамтамасыз ететін
өнімдерді шығаруға бар күшін жұмсайды.
Осы Philips AVENT нәресте мониторы бөтен
дыбыстарсыз балаңызды тәулік бойы анық
есту мүмкіндігін береді.
Нұсқаулар SCD610 және SCD609
құрылғыларының екеуіне де арналған.
• SCD610
Ата-ана модулі
• SCD609
Нәресте модулі
Нәресте модулі
4 KK

2 Маңызды
қауіпсіздік
нұсқаулары
Нәресте мониторын қолданар алдында, осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығып, болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Warning
•
Нәресте қуат сымымен буынып қалмауы үшін,
нәресте модулі мен қуат сымын одан кемінде
1 метр/3,5 фут қашықтықта ұстаңыз. Ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Абайлаңыз. Жарылу, ток соғу, қысқа
тұйықталу немесе батареяның ағып кету
қаупі бар.
• Аппаратқа су тамшыламауы немесе
шашырамауы тиіс және оның үстіне ваза
сияқты сұйықтығы бар заттарды қоюға
болмайды.
• Нәресте мониторын розеткаға қоспас
бұрын, оның адаптерлерінде көрсетілген
кернеу розетканың кернеу шамасына
сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
• Ажырату құралы ретінде РОЗЕТКАНЫҢ
штепсельдік ұшы қолданылса, ажырату
құралы қол жетер жерде болуы тиіс.
• Нәресте құрылғысын розеткаға қосу
үшін жинақпен берілген адаптерді
қолданыңыз.
• Ата аналар бөлігін зарядтау үшін
қосымша берілген адапторды
қолданыңыз.
• Нәресте және ата-ана модульдерінің
батарея бөлімдерінен басқа жерлерін
ашпаңыз. Ток соғуы мүмкін.
• Батареяларды салғанда немесе
ауыстырғанда, қол құрғақ болуы керек.
• Ата-ана құрылғысы үшін тек
нәресте мониторымен берілген
қайта зарядталатын батареяны ғана
пайдаланыңыз. Қайта зарядталатын
батареяны осы пайдаланушы
нұсқаулығында сипатталғандай етіп
зарядтаңыз.
• Жарылыс қаупінің алдын алу үшін,
батареяны дұрыс түрімен ауыстырыңыз.
• Пайдаланылған батареяларды
нұсқауларға сәйкес тастаңыз.
• Нәресте мониторын зақымдап, күйік
және тері мен көздің тітіркенуін
тудыратын батарея жарылысы немесе
ағуы орын алмау үшін:
• қайта зарядталмайтын батареяларды
зарядтамаңыз;
• батареяларды дұрыс қаратып
салыңыз (+/-);
• өнімді 30 күннен артық
пайдаланбайтын болсаңыз,
батареяларды шығарып қойыңыз,
• батареяларды күн сәулесі, от немесе
басқа жылу көздерінен аулақ жерде
сақтаңыз,
• Қызып кетпеуі, улы заттар, сутек немесе
оттек шығармауы үшін, батареяны:
• шамасынан артық зарядтамаңыз;
• қысқа тұйықтамаңыз;
• теріс салып зарядтамаңыз немесе
• зақымдамаңыз.
• Теріңізге зақым тимеу үшін, зақымданған
немесе ағып кеткен батареяларды тек
қолғаппен ұстаңыз.
Ересек адамның қадағалауы
• Бұл нәресте мониторы көмекші құрал
ретінде жасалған. Ол ересек адамның
сенімді және толық қадағалауын
алмастырмайды және құралды ондай
мақсатта пайдалануға болмайды.
• Нәресте модулін еш уақытта нәрестенің
төсегіне немесе ойнайтын манежіне
қоймаңыз.
• Нәресте мониторын орамалмен,
көрпемен немесе басқа заттармен
жаппаңыз. Қатты қызып кетуі мүмкін.
• Нәресте мониторы розеткаға қосылып
тұрғанда, розеткаға қолыңыз оңай жетіп
тұруы керек.
5KK

• Қауіпсіздік мақсатында балалардың
нәресте мониторымен ойнауына жол
бермеңіз.
Сақтаудың сақтық шаралары
• Нәресте мониторын 10 °C және
35 °C арасындағы температурада
пайдаланыңыз және сақтаңыз. Нәресте
мониторын тікелей күн сәулесі түспейтін
жерге қойыңыз.
Ауыстыру
• Адаптерді ауыстыру қажет болса, осы
пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген
адаптер түрлерін қолданыңыз.
• Батареяны ауыстыру қажет болса,
тұтынушыларға қолдау көрсету
орталығымен хабарласыңыз.
Электромагниттік өрістер
(ЭМӨ)
Бұл Philips AVENT құралы электромагниттік
өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Нұсқаулықта
көрсетілгендей және ұқыпты қолданылған
жағдайда, құралды пайдалану қазіргі ғылыми
дәлелдер негізінде қауіпсіз болып табылады.
Өнімді еш уақытта басқа тұрмыстық
қоқыспен бірге тастамаңыз. Электр және
электрондық өнімдердің бөлек жиналуы
туралы жергілікті ережелермен танысыңыз.
Ескі өнімді қоқысқа дұрыс әдіспен тастау
арқылы қоршаған ортаны және адам
денсаулығын сақтап қалуға болады.
Өнімге Еуропалық 2006/66/ЕС
директивасының талаптарына сәйкес
келетін батареялар салынған. Оларды
кәдімгі тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға
болмайды.
«Pb» химиялық таңбасы бар үсті сызылған
дөңгелекті жәшік батареялардың директивада
көрсетілген талаптарға сәйкес келетінін
білдіреді.
Батареяларды бөлек жинау туралы жергілікті
ережелермен танысыңыз. Батареяларды
қоқысқа дұрыс әдіспен тастау арқылы
қоршаған ортаны және адам денсаулығын
сақтап қалуға болады.
Қайта өңдеу
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімде үсті сызылған дөңгелекті қоқыс
жәшігінің белгісі болса, өнім Еуропалық
2002/96/EC директивасына кіретінін білдіреді.
6 KK

3 Жалпы шолу
Ата-ана модулі
a ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
• Ата-ана модулін қосу немесе өшіру
үшін басып тұрыңыз
b Тұғыр
c Дыбысты қосу түймесі
• Дыбысты қосу немесе ажырату үшін,
басып тұрыңыз
Мәліметтерді 13-беттен қараңыз.
d Берілген тұрақты ток адаптерінің
қосқышы
e Қуатты қосу/ажырату шамы
• Қызыл жыпылықтауда: қайта
зарядталатын батарея қуаты төмен.
• Жасыл жыпылықтауда: қайта
зарядталатын батарея зарядтау
режимінде.
• Тұрақты жасыл: құрылғы жұмыс
істеуде.
f Дыбысты қосу шамы
g Дыбыс деңгейінің шамдары
• Нәресте бөлмесіндегі дыбыс
деңгейін көрсетеді
h Перне
+ [ЖОҒАРЫ]
- [ТӨМЕН]
[СОЛ ЖАҒЫ]
[ОҢ ЖАҒЫ]
i
Мәзір
j Динамик
k Бейне дисплейі
Сигнал күшінің индикаторы
Батарея қуатының индикаторы
Батарея қуатының төмендігін
көрсету шамы
l Антенна
Жинақпен берілген айнымалы/тұрақты ток
адаптерінің қосқышы
• Кіріс: 100-240 В айнымалы ток
• Шығыс: 6 В тұрақты ток, 500 мА
• Үлгі нөмірі: Ұлыбритания үшін — SSW- 1920UK-
2; басқа Еуропа елдері үшін — SSW-1920EU-2
АҚШ және Канада үшін SSW-1920US-2
Австралия және Жаңа Зеландия үшін SSW1920AU-2
Мексика үшін SSW-1920MX-2
7KK