Philips MCD135/51 User guide [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
MCD135
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
Құлақаспап арқылы тыңдау 16 Автоматты түрде қосу/өшіру 17
1 Қауіпсіздік 2
Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз 2 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2 Есту қауіпсіздігі 3
2 DVD micro жүйеңіз 5
Мүмкіндіктерге кіріспе 5 Қораптың құрамы 5 Негізгі құрылғыны шолу 6
3 Қолданар алдында 8
Ойнатқышты орналастыру 8 Қашықтан басқару құралының
батареясын салу/ауыстыру 8
8 Орнату 18
Реттеу мәзірінің интерфейсі 18 Параметрді өзгерту 18 Жүйе параметрлерін орнату 18 Тілді орнату 19 Дыбысты реттеу 19 Бейнені реттеу 19
9 Өнім туралы ақпарат 20
Ерекшеліктер 20 Қолданылатын дискі пішімдері 21 USB құрылғысының ойнатылатыны
туралы мәліметтер 21
10 Ақаулықтарды жою 22
4 Қосу 9
Динамиктерді қосу 9 ТД жалғау 9 USB құрылғысын жалғау 10 Қуатты қосу 10
11 Ескерту 24
Сәйкестік 24 Қоршаған ортаны күту 24 Өнімде көрсетілген тауар белгісі 25 Авторлық құқық ескертпесі 25
5 Жұмысты бастау 11
Қосу 11 Сағатты орнату 11 Дұрыс бейне кірісі арнасын табу 11 Дұрыс ТД жүйесін таңдау 11 Экрандық дисплейдің тілін таңдау 11
6 Ойнату 12
Негізгі пайдалану 12 Диск ойнату 12 Жазылған файлдарды ойнату 12 Ойнатуды басқару 14 Уақыт немесе тақырып/тарау/трек
нөмірі бойынша іздеу 15
Дыбысты реттеу 15
7 Басқа мүмкіндіктер 16
FM радионы тыңдау 16 Дыбысты сыртқы құрылғыдан ойнату 16
1KK
1 Қауіпсіздік
Мicro music system жүйесін пайдаланудың алдында барлық нұсқауларды оқып түсініңіз. Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Ескерту
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Мына қауіпсіздік таңбаларын біліңіз
Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді. Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін өнім корпусын алып тастамаңыз. «Леп белгісі» жұмыс және техникалық қызмет көрсету проблемаларын болдырмау үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс мүмкіндіктерге назар аударуға шақырады. АБАЙЛАҢЫЗ: от немесе ток соғу қауіптерін азайту үшін осы құрылғы жаңбыр немесе ылғал жерде ашық қалмауы және вазалар сияқты сұйықтықтармен толтырылған заттар оның үстіне қойылмауы тиіс. ЕСКЕРТУ! Ток соғу қаупінің алдын алу үшін штепсельді толығымен кіргізіңіз. (Полярлы штепсельдері бар аймақтар үшін: ток соғу қаупінің алдын алу үшін штепсель мен саңылаудың жалпақ жақтарын сәйкес келтіріңіз.)
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу қаупі бар!
Өнімге немесе оның қосалқы құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді пайдалану алдында тексеріп алу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді және қосалқы құралдарды оттың немесе басқа қызу көздерінің жанына, соның ішінде тікелей күн сәулесіне қоймаңыз.
Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Найзағайлы бораннан бұрын өнімді розеткадан ажыратып қойыңыз.
Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан кабелінен емес, әрдайым ашасынан тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
Өнімді қуат көзіне жалғамай тұрып, электр кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу басқа болса, өнімді розеткаға қосушы болмаңыз.
Қашықтан басқару құралын немесе батареяларды жаңбырға, суға, күн сәулесіне немесе тым көп қызулы жерлерге ешқашан шығармаңыз.
Қуат розеткасына қатты күш салмаңыз. Бос тағылған қуат розеткасы күюге немесе өртке себеп болуы мүмкін.
2 KK
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу қауіпі бар!
Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы тізімде берілген қуат көздерімен қолданыңыз.
Ашық жағдайда көрінетін және көрінбейтін лазерлік сәулелену. Радио сәулелерін шығаруына жол бермеңіз.
Диск бөліктерінің ішінен дискінің оптикалық линзаларына қолыңызды тигізбеңіз.
Өнімді немесе басқа заттарды қуат сымдарының немесе электр жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
Өнім 5 °C градустан төмен температурада тасымалданған болса, оны қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға жалғамай тұрып, бөлме температурасына дейін жылынуын күтіңіз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
Бұл өнімді тар жерде орнатуға болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің айналасында міндетті түрде кемінде 10 сантиметр орын қалдырыңыз.
Өнімдегі желдеткіш тесіктердің перделермен немесе басқа заттармен жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Ластану қаупі!
Батареяның заряды таусылған немесе қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяны шығарыңыз.
Ішінде химиялық заттар бар болғандықтан, батареяларды дұрыс тастау керек.
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
Бұл құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан
қарамаңыз.
Бұл құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат
сымына, штепсельге немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
Есту қауіпсіздігі
Орташа дыбыс деңгейінде тыңдаңыз.
Құлақаспаптарды жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану есту қабілетіңізді нашарлатады. Бұл өнім дыбыстарды бір минуттан аз тыңдаған қалыпты адамның есту қабілетінің жоғалуына себеп болатын децибелдің ауқымда шығарады. Жоғары децибелдік ауқымдар есту қабілеті бұрыннан нашар адамдарға ұсынылады.
Дыбыс алдамшы болуы мүмкін. Уақыт өткен сайын естуге «қолайлы деңгейіңіз» жоғары дыбыс деңгейіне бейімделеді. Ұзақ уақыт тыңдағаннан кейін «қалыпты» дыбыстар қатты естілуі және есту органдарыңызға зиянды болады. Бұдан қорғану үшін есту органыңыз бейімделместен бұрын дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатып, солай қалдырыңыз.
Қауіпсіз дыбыс деңгейін орнату үшін:
Дыбыс деңгейін реттегішті төмен параметрге орнатыңыз.
Дыбысты жақсы және бұрмаланусыз анық естігенге дейін баяулап көбейтіңіз.
Бірқалыпты уақыт аралығында тыңдаңыз:
Дыбысты ұзақ уақыт, тіпті «қауіпсіз» деңгейде тыңдау, есту қабілетінің жоғалуына себеп болады.
Жабдықты бірқалыпты пайдаланыңыз және тиісті үзілістер жасаңыз.
Құлақаспап пайдаланған кезде төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы уақыт аралығында тыңдаңыз.
Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен дыбыс деңгейін реттемеңіз.
Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз, айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
3KK
Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
Ескертпе
Түр тақтасы өнімнің артқы жағында орналасқан.
4 KK
2 DVD micro
жүйеңіз
Аймақтық код
Төмендегі аймақтық кодпен белгіленген DVD дискілерін ойнатуға болады.
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді келесі торапта тіркеңіз: www.philips.com/welcome. Егер тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарлассаңыз, сізден құрылғының үлгі және сериялық нөмірі сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі құрылғының артқы жағында. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________ Сериялық нөмір ___________________________
Мүмкіндіктерге кіріспе
Бұл ойнатқыштың мүмкіндіктері:
дискілерден және USB жад құрылғыларынан бейнелерді, дыбыстарды ойнату және суреттерді көрсету
iPod/iPhone құрылғысынан дыбыстарды ойнату
Қолдау көрсетілетін мультимедиа туралы мәліметтерді «Техникалық сипаттамалар» бөлімінен қараңыз.
DVD аймақтық коды
Елдер
Ресей, Украина, Үндістан
Дыбыс әсері
Бұл ойнатқыш DSC (сандық дыбыс әсері) және DBB (динамикалық басс күшейту) арқылы дыбыс шығаруды қолдайды.
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
Негізгі бөлік
2 динамик
Қашықтан басқару пульті
Дыбыс және бейне кабельдері (ақ, қызыл және сары коннекторлар)
USB кабелі (100 мм)
MP3 link кабелі (3,5 мм ашасы)
Ток сымы
Пайдаланушы нұсқаулығы
Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығы
Мүмкіндіктерді толығымен пайдалану үшін сізге келесі кабельдер қажет.
Компоненттік бейне кабельдері
Бұл қосымша кабельдерді сатып алу үшін жергілікті дүкендерге хабарласыңыз.
5KK
Негізгі құрылғыны шолу
o
n
m l
k
j
i h
a
• Дисксалғышты шығару немесе жабу.
b ИҚ сенсоры c VFD дисплейі d Диск бөлімі e VOLUME
• Дыбыс деңгейін көбейту немесе азайту.
f Ашу үшін тартыңыз g
• USB құрылғысын жалғау.
a
b c
d
e
f
g
h MP3 LINK
• MP3 link кабелін жалау (3,5 мм аша).
i
• Құлақаспапқа арналған ұя.
j
• Ойнатуды бастау, кідірту немесе жалғастыру.
k
/
• Алдыңғы немесе келесі тақырыпқа, тарауға, трекке немесе файлға өту.
• Артқа қарай немесе алға қарай жылдам іздеу.
6 KK
l
• Ойнатуды тоқтату.
m SOURCE
• Мультимедиа көзін (диск, USB жад құрылғысы, FM тюнері немесе MP3 link кабелі арқылы қосылған сыртқы құрылғы) таңдау.
n DBB
• DBB (динамикалық басс күшейту) мүмкіндігін қосу немесе өшіру.
o
• Құрылғыны қосу немесе өшіру.
• Күту режиміне ауысу.
7KK
Loading...
+ 19 hidden pages