Philips HP6509 User Manual [sl]

Philips HP6509 User Manual

HP6509

1 2 3 4

A

B

 

 

 

 

 

 

C

 

 

 

5

6

7

 

D

 

 

K

 

 

 

 

E

9

10

 

8

 

F

 

 

J

 

 

 

 

G

 

 

 

11

12

13

I

H

 

 

 

14

15

16

 

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Қазақша

Кіріспе

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне тіркеңіз. Жаңа эпилятормен қажетсіз түктерді өте жылдам, жеңіл әрі тиімді түрде жұлып тастай аласыз.Бұл құрал қолтық астындағы және бикини тұсындағы түктерді жұлуға арналған.

Айналатын дискілер тіпті өте қысқа (0,5 мм дейін) түктерді іліп алып,оларды түбірімен жұлады.

Қайта шығатын түктер жұмсақ әрі жіңішке болып өседі. Бұл жаңа құралмен эпиляция жасау теріңізді бірнеше апта бойы түксіз тегіс етеді.

Эпилятордың қосымша бөлшектері (жинаққа кіреді):

Жұмсарту арқылы түкті көтеретін құрал

Бұл құрал теріге жабысып тұрған түктерді,тіпті өте қысқа түктерді де көтереді. Оның жұмсарту мүмкіндігі жұлу әсерін азайтып,түкті жұлғаннан кейін теріні жайлы етеді.

Қыратын құрал басы мен тарағы

Қыратын құрал басы сезімтал жерлерді,әсіресе бикини тұсындағы түктерді қыруға арналған.Онымен теріңізді жайлы әрі жеңіл тегістей аласыз.

Эпиляция жасамас бұрын түктерді алдын ала дайындау үшін қыратын құрал тарағын қолданыңыз.Егер түктер тым ұзын болмаса,эпиляция жасау жайлы болады.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

AЖұмсарту арқылы түкті көтеретін құрал

BҚыратын кұрал тарағы

C Қыратын құрал басын қорғайтын қақпақ

DҚыратын құрал басы

EЭпиляция жасайтын дискілер

FЭпиляция жасайтын құрал басы

GҚосу/өшіру ысырмасы

-O = өшіру

-I = орташа жылдамдық

-II = жоғары жылдамдық (тек эпиляция жасайтын құрал басына пайдаланылады)

Ескертпе:II жылдамдық қыратын құрал басы тіркелген кезде жұмыс істемейді.

HҚұралды тоқпен қосатын,сымға арналған ұя

IКішкене шанышқы

JАдаптор

KТазалайтын щетка

Маңызды

Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да,оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті

-Құралды және адапторды құрғақ сақтаңыз.

-Бұл құралды суы бар бақалшақтың немесе ваннаның жанында қолдануға болмайды. (Cурет 2)

-Бұл құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолдануға болмайды (Cурет 3).

-Егер сіз бұл құралды ваннада қолданып жатсаңыз, ұзартатын тоқ сымын қолданбаңыз (Cурет 4).

Ескерту

-Осы құралға қосымша берілген адаптормен бірге ғана қолданыңыз.

-Егер құрал немесе адаптор зақымдалған болса, оларды қолданбаңыз.

-Егер адаптор зақымдалған болса,қауіпті жағдай туғызбас үшін,оны түпнұсқалық түрімен ғана ауыстырған жөн.

-Адапторда трансформер бар.Адапторды кесіп алып тастап,оның орнына басқа шанышқы қоюға болмайды,себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.

-Бұл құрал физикалық,сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдардың (оның ішінде балалар),тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың қолдануына арналмаған,олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп,құрал қалай қолданылатынын түсіндіруі тиіс.

-Балаларды бақылап,олардың құралмен ойнамауы қадағалынуы керек.

Абайлаңыз

-Бұл құрал тек әйелдер денесіндегі мойыннан төмен орналасқан түктерді тазартуға арналған:

4203.000.4460.1

қолтықтағы, бикини тұстарындағы және аяқтағы. Оны басқа мақсатта қолдануға болмайды.

-Зақымдану мен жарақаттың алдын алу үшін

қосулы құралды (қосымша бөлшектерімен немесе оларсыз) басыңыздағы шаштан, қастарыңыздан,кірпіктеріңізден, киімдеріңізден, жіптерден, арқаннан,щеткадан және т.б. нәрселерден алшақ ұстаңыз.

-Құралды тітіркенген,варикозы бар,майда бөртіктер бар,безеу бар,қал (шашы бар қалдар) бар терілеріңізге немесе жараланған теріңізге қолданбаңыз немесе қолданар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.Иммунитеті төмен, мәселен жүкті кезіңізде немесе диабетпен,

гемофилия ауыруымен немесе иммунодефицитпен сырқаттанытын адамдар,алдымен дәрігерлерімен кеңескені дұрыс.

-Сіз эпиляторды алғашқы рет қолданған кезіңізде, сіздің теріңіз кішкене қызаруы немесе тітіркенуі мүмкін.Бұл қалыпты жағдай және біраз уақыттан кейін басылады.Құралды көбірек қолданған сайын сіздің теріңіз эпиляторға үйрене бастайды, тері тітіркенуі азайып,қайта өскен түктеріңіз жұқа әрі жұмсақ бола бастайды.Егер үш күн ішінде тері тітіркенгендік кетпесе,дәрігерге көрінгеніңіз жөн.

-Егер эпиляция жасайтын құрал басы,қыратын құрал басы,түкті көтеретін құрал немесе құрал тарағы зақымдалған немесе бұзылған болса, оларды пайдаланбаңыз,себебі жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

-Шу деңгейі:Lc = 72 dB [A]

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді.Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса,онда бұл құрал,бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша,қолдануға қауіпсіз болып келеді.

Құралды қолдану

Ескертпе:Алғаш пайдаланар алдында эпиляция жасайтын құрал басын тазалаңыз.

Эпиляция ұштары

-Құралды алғаш рет қолданған кезіңізде,алдымен жеңіл түктер өскен жерде жасап көріңіз деп кеңес береміз,сонда сіз эпиляция процесіне дағдыланасыз.

-Эпиляцияны ванна немесе душ қабылдаған бойда жасаған оңайға түседі.Эпилятормен түкті жұлуды бастаған кезде теріңіз түгелдей кепкен болуы тиіс.

-Денеңіздің таза,түгелдей кепкен және майлы емес екендігін тексеріңіз. Эпилятормен түкті жұлар алдында ешқандай крем қолданбаңыз.

-Түк ұзындығы 3–4 мм болғанда,эпиляция жасау оңай әрі жайлы болады.Егер түктер өте ұзын болса,алдымен қырынып,1 немесе 2 аптадан кейін қайта шыққан қысқалау түктерді эпилятормен жұлуды немесе түктерді осы қолайлы ұзындыққа дейін қысқарту үшін тарағы бар қыратын құрал басын пайдалануды ұсынамыз.

-Түкті алғаш рет эпилятормен жұлған кезде, оның әсерінен пайда болатын қызарудың түні бойы жоғалуы үшін эпиляторды кешке қолдануға кеңес етеміз.

-Түкті эпилятормен жұлған кезде,теріңізді бос қолыңызбен созыңыз. Бұл түктерді көтереді және жұлу әсерін азайтуға көмектеседі.

-Тиімділікті арттыру үшін құралды қосу/өшіру сырғымасын құралды қозғалтқалы жатқан бағытқа қарай тік бұрышта (90°) қойып,теріге орналастырыңыз.Құралға күш салмай баяу,үздіксіз қимылмен тері бойымен түк өсу бағытына қарсы жалжытыңыз.

-Кейбір жерлерде түк түрлі бағыттарға қарай өсуі мүмкін.Бұл жағдайда,жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін құралды түрлі бағыттарға қарай жылжыту пайдалы болуы мүмкін.

-Теріңізді жайлы ету үшін эпиляторды қолданғаннан кейін теріні ылғалдандыруға арналған кремді жағуды ұсынамыз.

-Қайта өсіп шығатын жіңішке түк тері бетіне дейін өспеуі мүмкін.Арнайы тазалағыш губканы немесе кремді жиі пайдалану (мысалы,сумен шайынған кезде) түк өсуінің алдын алуға көмектеседі,себебі сәл ысқылау әрекеті терінің жоғарғы қабатын жойып, жіңішке түк тері бетіне өте алады.

-Жұмсарту арқылы түкті көтеретін құралды пайдаланған кезде,жұмсарту мүмкіндігі мен түк көтеретін құралдың тарағы әрдайым теріге тиюін тексеріңіз. Жұмсарту мүмкіндігі эпилятормен түкті жұлуды жеңіл әрі жайлы етеді.

Құралды қосу

1Құрал шанышқысын құралға салыңыз (Cурет 5).

2Адапторды қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

Аяққа эпиляция жасау

Егер эпилятормен алғаш рет түкті жұлып жатсаңыз, жұмсарту арқылы түкті көтеретін құралмен бастауға кеңес береміз.Бұл мүмкіндік түкті жақсы көтеріп, теріні жайлы етеді де, түкті жұлу әсерін азайтады.

Егер эпилятормен бұрын түкті жұлған болсаңыз, эпиляция жасайтын құрал басын ешбір қосымша құралсыз пайдалана аласыз.

Аяқтарыңызға тек жұмсарту арқылы түкті көтеретін құралды қолданыңыз.

1Жұмсарту арқылы түкті көтеретін құралды эпиляция жасайтынқұрал басына кигізіңіз (Cурет 6).

2Құралды қосу үшін,қалаған жылдамдықты таңдаңыз (Cурет 7).

IIжылдамдықты пайдаланған жөн.Түгі аз,жетуі қиын жерлерге және тері астында бірден сүйектер орналасқан жерлерге,мысалы,тізеге және өкшеге пайдаланғанда I жылдамдыққа ауысыңыз.

3Түктерді тігінен тұрғызу үшін бос қолыңызбен теріңізді тартыңыз.

4Эпиляторды теріңізге перпендикулярлы етіп ұстап,қосу/өшіру сырғымасын қозғалтқалы

жатқан бағытқа қаратып қойыңыз.

(Cурет 8)

5Құралды жаймен түктің өсу бағытына қарсы етіп теріңіздің үстімен жүргізіңіз.

Құралды теріңізге жаймен басып ұстаңыз.

Қолтық астындағы және бикини тұсындағы түктерді қыру

Қыратын құрал басын бикини тұсы сияқты сезімтал жерлерді қыруға пайдаланыңыз.

Ескертпе:Қыратын құрал басы тек I жылдамдық параметрінде пайдаланыла алынады.

1 Эпиляция жасайтын құрал басын құрал артындағы көрсеткілерге қарай

басып (1),оны құралдан шығарып алыңыз

(2) (Cурет 9).

2Қыратын құрал басын құралға (1) кигізіп,оны түзету үшін құрал (2) артындағы көрсеткілер бағытына қарсы басыңыз. (Cурет 10)

3Құралды қосыңыз. (Cурет 11)

Ескертпе:II жылдамдық қыратын құрал басын кигізген кезде жұмыс істемейді.

4Теріңізді бос қолыңызбен созыңыз.Қолтық астын қырған кезде,теріңізді созу үшін қолыңызды көтеріңіз.

5Эпиляторды теріңізге перпендикулярлы етіп ұстап,қосу/өшіру сырғымасын қозғалтқалы жатқан бағытқа қаратып қойыңыз.

6Құралды түктің өсу бағытына қарсы жылжытыңыз. (Cурет 12)

Ескертпе:Біріктірілген қайшысы бар қыратын фольга теріңізбен толық байланыста болғанын тексеріңіз.

-Бикини тұсын сүретте көрсетілгендей етіп қырыңыз. (Cурет 13)

-Қолтық астын суретте көрсетілгендей қырыңыз. Құралды түрлі бағыттарға жылжытыңыз. (Cурет 14)

7Қырынып болғаннан кейін,құралды өшіріп, қыратын құрал басын тазалаңыз («Тазалау және күтім көрсету» бөлімін қараңыз).

8Құралды сақтар кезде қорғаныс қақпағын қыратын құрал басына кигізіңіз.

2/7

Түкті жұлар алдындағы аяқ түктерін қысқарту

Түктер тым ұзын болмағанда (шамамен 4 мм),ең жайлы жолмен тамаша түкті жұлу нәтижесіне қол жеткізесіз. Егер түктер ұзындау болса,тарағы бар қыратын құрал басын пайдаланып,оны осы ұзындыққа дейін қысқартыңыз.

Ескертпе:Қыратын құрал басы тек I жылдамдық параметрінде пайдаланыла алынады.

1Эпиляция жасайтын құрал басын құрал (1) артындағы көрсеткілерге қарай басыңыз және оны құралдан (2) шығарып алыңыз (Cурет 9).

2Қыратын құрал басын құралға (1) кигізіп,оны түзету үшін құрал (2) артындағы көрсеткілер бағытына қарсы басыңыз (Cурет 10).

3Тарақты қыратын құрал басына орналастырыңыз.

4«Қолтық астын және бикини желісін қыру» бөлімінің 3 пен 6 аралығындағы қадамдарды орындаңыз.

5Қысқартып болғаннан кейін,құралды өшіріңіз және қыратын құрал басын тазалаңыз (‘Тазалау және күту’ бөлімін қараңыз).

6Құралды сақтар кезде қорғаныс қақпағын қыратын құрал басына кигізіңіз.

Тазалау және күтім көрсету

Ескертпе:Құралды тазалауды бастамас бұрын,оның өшірілгенін және тоқтан суырылғанын тексеріңіз.

Қырғыш жөке,қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанар май немесе ацетон тәріздес агрессивті сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.

-Құралды немесе адапторды ағып тұрған су

астында шаймаңыз.

(Cурет 15)

-Құралды және адапторды құрғақ сақтаңыз (Cурет 16).

Қосымша бөлшектерді тазалау.

1Жұмсарту арқылы түкті көтеретін құралды эпиляция жасайтын құрал басынан алыңыз (Cурет 17).

-Тарақты қыратын құрал басынан шығарып алыңыз (Cурет 18).

2Бос жатқан түктерді құралдардан алып тастаңыз.

3Қосымша құралдарды ағын су астында айналдырып отырып шәйіп жіберіңіз.

4Қосымша бөлшектерді қолданар алдында немесе сақтап қояр алдында кептіріп алыңыз.

Эпиляция жасайтын құрал басын тазалау

1Эпиляция жасайтын құрал басын құрал артындағы көрсеткілерге қарай басыңыз (1) және оны шығарып алыңыз (2) (Cурет 9).

2Бос жатқан түктерді тазалағыш щеткамен алып тастаңыз (Cурет 19).

3Эпиляция жасайтын құрал басын ағын судың астында 5-10 секунд бойы айналдырып шайыңыз (Cурет 20).

4Эпиляция жасайтын құрал басын қатты сілкіңіз (Cурет 21).

Эпиляция жасайтын құрал басын сүлгімен құрғатыңыз.

Ескертпе:Эпиляция жасайтын құрал басын қайтадан құралға салар алдында оның толығымен кепкенін тексеріңіз.

Қыратын құрал басын тазалау

1Қыратын құрал басын құрал артындағы көрсеткілерге қарай басыңыз (1) және оны шығарып алыңыз (2). (Cурет 22)

2Қыратын фольганы қыратын құрал басынан шығарып алыңыз. (Cурет 23)

3Қыратын фольганы және қыратын құрал басын ағын судың астында 5-10 секунд бойы айналдырып шайыңыз (Cурет 24).

4Қыратын фольганы және қыратын құрал басын қатты сілкіңіз (Cурет 25).

4203.000.4460.1

Қыратын фольганы және қыратын құрал басын сүлгімен барынша құрғатыңыз.

Ескертпе:Қыратын фольганы сындырып алмас үшін, оған күш салмаңыз.

Ескертпе:Қыратын фольганы және қыратын құрал басын қайтадан құралға кигізбес бұрын,олардың әбден кепкенін тексеріңіз.

5 Қорғаныс қақпағын қыратын құрал басына кигізіңіз.

Кеңес:Жылына екі рет машина майын қыратын фольгаға тамызып отырыңыз.

Алмастыру

Құралдың барлық бөліктерін ауыстыруға болады.Егер төмендегі бөліктердің біреуін немесе бірнешеуін ауыстыруды қажет етсеңіз,Philips дилеріне немесе өкілетті Philips қызмет орталығына хабарласыңыз:

-құралдың өзі

-эпиляция жасайтын құрал басы

-жұмсарту арқылы түкті көтеретін құрал

-қыратын құрал басы

-қыратын тарақ

-тазалайтын щетка

-адаптор

Қоршаған орта

-Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз (Cурет 26).

Кепілдік және қызмет көрсету

Егер сізге ақпарат керек болса,немесе сізде шешілмеген мәселе болса,Philips’тің интернет бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз,немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips’тің Үйге арналған құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV бөліміне арзызданыңыз.

Ақаулықтарды шешу

Бұл тарауда құралда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған.Егер төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз,еліңіздегі Тұтынушы орталығына хабарласыңыз.

Ақаулық

Себебі

Шешімі

 

 

 

Нашар

Құралды теріс

Құралды түктің өсу

эпиляция

бағытта

бағытына қарсы,

нәтижесі

жылжыттыңыз.

қосу/өшіру сырғымасын

 

 

қозғалтқалы жатқан

 

 

бағытқа қаратып

 

 

жылжытыңыз.

 

Эпиляция

Құралды 90°

 

жасайтын құрал

бұрышында теріге

 

басын теріңізге

орналастырғаныңызды

 

дұрыс емес

тексеріңіз («Құралды

 

бұрышпен

пайдалану» бөлімін

 

қойдыңыз.

қараңыз).

 

Сіз (түкті

Денеңіздің таза,

 

жұлатын)

түгелдей кепкен және

 

кремді түкті

майлы емес екендігін

 

жұлар алдында

тексеріңіз.Түкті жұлар

 

қолданған

алдында ешқандай

 

боларсыз.

крем қолданбаңыз.

Ақаулық

Себебі

Шешімі

 

Түктер тым

Кейде түктер тым

 

қысқа.

қысқа болады.Түктерді

 

 

оңай жұлу үшін

 

 

оңтайлы ұзындық

 

 

3-4 мм.Бұл сеанста

 

 

алынбаған түктер

 

 

келесіде эпиляция

 

 

жасаған кезде алынады,

 

 

себебі ұзындығы

 

 

жетеді Әрі құралды

 

 

тері бойымен бірнеше

 

 

рет жылжытып,

 

 

түктерді жұлып көре

 

 

аласыз.

Құрал жұмыс

Құрал қосылған

Розетка дұрыс жұмыс

жасамайды.

розетка жұмыс

жасап тұрғандығына

 

жасамай тұр.

көзіңізді жеткізіңіз.

 

 

Егер сіз ваннадағы

 

 

розетканы қолданып

 

 

тұрған болсаңыз,

 

 

розетканы белсендіру

 

 

үшін ваннадағы светті

 

 

жағуыңыз керек болар.

II жылдамдық

Қыратын құрал

Қыратын құрал басын

параметрін

басы кигізілген.

пайдаланған кезде I

таңдай

Қыратын құрал

жылдамдық параметрін

алмадым.

басы тек I

таңдаңыз.

 

жылдамдық

 

 

параметрінде

 

 

пайдалануға

 

 

болады.

 

Қыратын

Оны тікелей

Эпиляция жасайтын

құрал басын/

шығарып алып

құрал басын/қыратын

эпиляция

көріңіз.

құрал басын құралдан

жасайтын

 

шығарып алмас

құрал басын

 

бұрын,оларды

құралдан

 

құрал артындағы

шығара

 

көрсеткілерге қарай

алмадым.

 

басыңыз («Тазалау

 

 

және күтім көрсету»

 

 

бөлімін қараңыз).

3/7

Loading...
+ 4 hidden pages