Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану
үшін өнімді келесі торапта тіркеңіз: www.philips.com/
welcome.
Басқару элементтері
&
%
#
9
7
8
$
6
5
a ALARM 1, ALARM 2
^
@
!
0
4
3
2
1
• RADIO 1 оятқышы немесе 2 оятқышы үшін радионы
белсендіреді
• BUZ 1 оятқышы немесе 2 оятқышы үшін дыбысты
белсендіреді
• OFF 1 оятқышын немесе 2 оятқышын өшіреді
b Сағатты басқару
• SET TIME : сағат уақытын орнатады
• CLOCK: сағат уақытын іске қосу үшін
• SET AL 1: 1 оятқышы үшін оятқыш уақытын орнатады
• SET AL 2: 2 оятқышы үшін оятқыш уақытын орнатады
c UP / DOWN: сағат және оятқыш уақыты үшін сағатты/
минутты реттейді
d DISPLAY: сағатты/оятқышты және орнату күйін
көрсетеді
e Батарея есігі: сағат жадының сақтық көшірмесі үшін
9 вольттық 6F22 түріндегі батареяны (қамтылмаған)
сақтау үшін ашады
f VOL: дыбыс деңгейін реттейді
g Жиілік көрсеткіші: таңдалған толқын диапазонының
радио жиілігін көрсетеді
h BAND (MW/FM/AUX): MW/FM толқын диапазонын
немесе AUX көзіне қосқышты таңдайды
i TUNING: радио станцияларды қосады
j REPEAT ALARM (SLEEP OFF)
• белсенді оятқышты 6-7 минуттық мерзім үшін
өшіреді
• радио ұйқы функциясын өшіреді
k SLEEP: ұйқы функциясы үшін радионы белсендіреді
• ұйқы мерзімін реттейді
l ALARM RESET: белсенді оятқышты 24 сағат үшін
тоқтатады
m RADIO ON/OFF: радионы қосады/өшіреді
n BRIGHTNESS: дисплей жарығының ашықтығын
көрсетеді
o Қуат сымы: айнымалы ток кернеуін жеткізу үшін
p Әуе кабелі: FM радиосын қабылдауды жақсартады
q AUX: сыртқы аудио көзін қосады.
Орнату
Қуат көзі
1 Құрылғының астыңғы жағындағы типтік кестеде
көрсетілгендей, қуат/кернеудің жергілікті электр тогына
сай келетінін тексеріңіз. Егер сай келмесе, делдалға
немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
2 Қуат сымын қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
3 Жинақты қуат сымынан толығымен ажырату үшін,
электр ашасын розеткадан суырыңыз.
Сағат жадының сақтық көшірмесі
Сағат жадының сақтық көшірмесі ток берілу қатесі сияқты
токтың берілуі ажыратылғанда, бір күнге дейін оятқыш
пен сағат уақыты параметрлерінің сақталуына мүмкіндік
береді. Толық сағат радиосы мен дисплей суреті өшіріледі.
Токтың берілуі қайтарылған уақытта, дисплей дұрыс уақытты
көрсетеді.
1 Сақтық көшірме үшін 9 вольттық 6F22 түрдегі
батареяны (қамтылмаған) салу үшін батарея есігін алып
тастаңыз.
2 Батарея есігін ауыстырыңыз.
Ескертпе: Ешбір сақтық көшірме батареясы орнатылмаса
немесе қуаттың берілуі ұзартылса, сағат пен оятқыш
уақытын қайтадан орнату қажет болады.
Батареяларда химиялық заттар болуы мүмкін, сондықтан
оларды қоқысқа дұрыс тастау керек.
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында орналасқан.
Жарықтың ашықтығы
BRIGHTNESS (ЖАРЫҚТЫҚ) қосқышын HI (ЖОҒАРЫ)
немесе LO (ТӨМЕН) күйіне реттеңіз.
• ашықтықты арттыру үшін – HI
• төмен жарықты таңдау үшін – LO
Радио
Бұл құралды тек қана радио ретінде қолдануға болады!
1 Радионы қосу үшін, RADIO ON/OFF (РАДИОНЫ ҚОСУ/
ӨШІРУ) параметрін ON (ҚОСУЛЫ) күйіне реттеңіз.
2 Толқын диапазонын BAND қосқышын реттеу арқылы
таңдаңыз.
3 Қалаған станцияны қосу үшін TUNING күйін реттеңіз.
4 Дыбыс деңгейін реттеу үшін VOLUME басқару
элементін қосыңыз.
5 Радионы өшіру үшін, RADIO ON/OFF (РАДИОНЫ
ҚОСУ/ӨШІРУ) параметрін OFF (ӨШІРУЛІ) күйіне
реттеңіз.
Қабылдауды жақсарту үшін:
FM: Әуе кабелін оптималды қабылдау үшін тартып,
орнатыңыз.
MW: құралға кірістірілген әуе кабелін қолданады. Құралдың
қалпын реттеу арқылы әуе кабелін бағыттаңыз.
Сағат пен оятқыш уақытын орнату
Уақыт 24-сағаттық күйді қолданып көрсетіледі
МАҢЫЗДЫ! Сағат пен оятқыш уақытын мұқият реттеу
үшін
UP / DOWN пернесін бөлек және бірге басқаныңызды
тексеріңіз.
1 Сағат немесе оятқыш уақытын сәйкесінше орнату үшін
сағатты басқару элементін SET TIME немесе SET AL 1
немесе SET AL 2 күйіне қойыңыз.
2 Сағат пен минутты реттеу үшін UP / DOWN пернесін
қайталап басып, сәйкес түймені ұстап тұрыңыз.
3 Дұрыс параметрге қол жеткізілгенде UP / DOWN
түймесін босатыңыз.
4 Сағат пен уақытты орнатқаннан кейін, сағатты басқару
элементін сағат уақытын іске қосу үшін CLOCK
параметріне қойыңыз.
САҒАТ КҮЙІН ТАҢДАУ
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Оятқышты қолдануды қаласаңыз, алдымен оятқыш уақытын
орнату қажет. Радио немесе дыбыс сияқты екі түрлі оятқыш
режимімен оятуды таңдауға болады.
• Оятқыш режимін AL1 немесе AL2 параметрін RADIO
(РАДИО) немесе BUZ (ЗУММЕР) мәніне реттеу
арқылы таңдаңыз.
» Дыбыстар орнату дыбыс деңгейінде болады
және оны реттеу мүмкін емес. BUZ (ЗУММЕР)
AL1 параметрінде — үні төмен зуммер, ал BUZ
(ЗУММЕР) AL2 параметрінде — жоғары үн.
Оятқышты өшіру
Оятқышты өшірудің үш жолы бар. Оятқышты толығымен
болдырмайынша, 24 сағаттық оятқышты ысыру параметрі
оятқыш алғашқы өшірілгеннен бастап 59 минуттан кейін
автоматты түрде таңдалады.
24 сағаттық оятқышты ысыру
Оятқыш күйінің бірден тоқтатылуын қаласаңыз, бірақ келесі
күн үшін де бірдей оятқыш параметрін алғыңыз келсе:
• Оятқыш қоңырауы кезінде ALARM RESET пернесін
басыңыз.
Оятқышты мүлдем болдырмау
Оятқыш уақытын өшірмес бұрын немесе ояқтыш қоңырауы
кезінде болдырмау үшін:
• AL1 немесе AL2 параметрін OFF (ӨШІРУЛІ) күйіне
реттеңіз.
Оятқышты қайталау
Бұл оятқышты 6-7-минуттық аралықта қайталайды.
Оятқыш қоңырауы кезінде REPEAT ALARM пернесін
басыңыз.
ҰЙҚЫ
Ұйқы туралы
Бұл жинақта орнатылған уақыт мерзімінен кейін радионы
қайта ойнату кезінде құралдың автоматты түрде өшірілуіне
мүмкіндік беретін кірістірілген таймер бар. Бұл сізге қайта
жатуға, тыңдауға және ұйықтауға мүмкіндік береді. Ең көп
ұйқы уақыты 59 минут.
ҰЙҚЫ күйін орнату
1 Сағатты басқару элементінің CLOCK қалпында болуын
және радио өшірілгенін тексеріңіз.
2 Ұйқы функциясын орнату үшін, келесі әрекеттердің бірін
орындаңыз:
• SLEEP пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
» Дисплей 0:59 және 0:00 минут аралығында
есептеуді бастайды.
• 59 минуттан төмен қарай ұйқы уақытын реттеу үшін
SLEEP ұстап тұрып, UP/DOWN пернесін қайталап
басыңыз
МАҢЫЗДЫ!
1 ҰЙҚЫ күйін RADIO ON/OFF пернесін басу арқылы
ҰЙҚЫ күйін болдырмауға әрекет жасасаңыз, радио
өшірілмейді.
2 Өшіру үшін RADIO ON/OFF пернесін және REPEAT
ALARM (SLEEP OFF) пернесін кезек-кезек және
қайталап басыңыз.
Сыртқы құрылғыға қосылу
Қосылған сыртқы құрылғының дыбысын AJ3231 динамиктері
арқылы тыңдауға болады.
1 AUX функциясын таңдау үшін BAND (MW/FM/AUX)
басқару элементін реттеңіз.
2 Құрылғының AUX-IN кабелін AUDIO OUT немесе
сыртқы құрылғыдағы (CD плейер немесе VCR сияқты)
құлаққап ұясына жалғаңыз.
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
• Құрылғыны AТ көзіне және AТ электр ашасына оңай қол
жететін жерге қойыңыз.
• Ажырату құралы ретінде РОЗЕТКАНЫҢ штепсельдік
ұшы қолданылса, ажырату құралы қол жетер жерде
болуы тиіс.
• Жүйе қисаймауы үшін құрылғыны қатты және тегіс
жерге қойыңыз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт бойына қолданбауды
жоспарласаңыз, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз.
Бұған қоса, сағат радиосынан батареяны алып тастау
ұсынылады. Бұл кез келген ағу қаупінің алдын алады
және сағат радиосына зақым келтірмейді.
немесе қыздырғыш жабдықтан немесе тіке күн
сәулесінен болатын қатты ыстыққа шығармаңыз.
• Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы
тиіс.
• Желдету тесіктері мен жан-жағындағы жерлердің
арасындағы кемінде 15 см саңылауы бар жеткілікті
желдету ыстықтың түзілуінің алдын алу үшін қажет.
• Желдету тесіктерін газет, дастарқан, перде, т.б. сияқты
заттармен жауып, желдетуге кедергі келтірмеу керек.
• Ваза сияқты сұйықтық толы заттар құрылғының үстіне
қойылмауы керек.
• Жанып тұрған балауыз сияқты ашық жалын көздері
құрылғыға қойылмауы керек.
• Жинақты тазалау үшін, жұмсақ, аздап дымқылданған
күдері теріні қолданыңыз. Құрамында спирт, аммиак,
бензин немесе абразивті заттары бар тазартқыш
құралдарды қолданбаңыз, себебі олар корпусын
зақымдауы мүмкін.
• Батареяны күн сәулесі, от немесе сол сияқты шамадан
тыс қызудың әсеріне ұшыратуға болмайды.
ЕСКЕРТУ
Осы жердегіден басқа басқару
элементтерін, реттеулерді пайдалану немесе
процедураларды орындау зиянды жұмысты
тудыруы мүмкін.
Бұл құрылғы Еуропа бірлестігінің радио
кедергілеріне қойылатын талаптарға сай.
Ерекшеліктер
Айнымалы ток қуаты220 – 230 В / 50 Гц
Қуатты тұтыну
Белсенді
Енжар
Өлшемдер (е x д x б)140 x 61 x 140 (мм)
Салмағы0,53 кг
5.0 W
< 2.0 W
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Егер ақаулық пайда болса, алдымен құрылғыны жөндетуге
алып бармас бұрын төменде берілген жерлерін тексеріңіз.
Егер бұл кеңестермен мәселені шеше алмасаңыз, делдалға
немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ескертпе: Ешқашан құрылғыны өз бетіңізбен жөндемеңіз,
себебі ол кепілдікті жарамсыз етеді. Электр тогының соғу
қаупі болғандықтан, құрылғыны ашпаңыз.
Проблема
• Ықтимал себеп
• Шешім
Дыбыс/қуат жоқ
• Дыбыс деңгейі реттелмеген
• Дыбыс деңгейін реттеу
FM радиосын тарату кезіндегі кездейсоқ нашар байланыс
шуы
• Әлсіз сигнал
• Әуе сигналының қалпын реттеңіз
MW толқынын тарату кезіндегі үздіксіз байланыс
кедергісі/ысқырық кедергісі
Қағаз бен картон сияқты екі материалға оңай бөлектеу үшін
буманы ең азға дейін азайттық.
Жинақ мамандандырылған компания тарапынан
бөлшектенген жағдайда қайта өңдеуге болатын
материалдардан тұрады. Орауыш материалдар мен ескірген
жабдықты тастау бойынша жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Ескірген өнімді тастау
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары
сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі
көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына
сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтыру жергілікті ережелерімен танысып
алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз. Ескірген өнімді қоқысқа дұрыс
тастау қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсер тию
мүмкіндігінің алдын алуға көмектеседі.
Батареяны тастауға арналған ескертпелер
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген қондырылған
қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны
кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға
болмайды. Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті
ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа
лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.