PHILIPS 40PFL8664H User Manual [kk]

Page 1
Register your product and get support at
www.philips.com/welcome
KK Нұсқаулық
40PFL8664H
Page 2
Contact information
Type nr.
Product nr.
België / Belgique
Danmark
3525 8759 - Lokalt opkald
Deutschland
0800 000 7520 - Kostenlos
France
0805 025 510 - gratuit
Ελλάδα
0 0800 3122 1280 - Κλήση χωρίς
χρέωση
España
900 800 655 - gratuito
Italia
800 088 774 - gratuito
Ireland
01 601 1777 - Free Northern Ireland 0800 055 6882
Luxembourg / Luxemburg
40 6661 5644 - Ortsgespräch
Appel local
Nederland
0800 023 0076 - gratis
Norge
2270 8111 - Lokalsamtale
Österreich
0810 000 205 - € 0.07 / min
Portugal
800 780 903 - gratis
Suisse / Schweiz / Svizzera
0844 800 544 - Ortsgespräch
Appel local Chiamata locale
Sverige
08 5792 9100 - Lokalsamtal
Suomi
09 2311 3415 - paikallispuhelu
United Kingdom
0800 331 6015 - Free
Estonia
6008600 - Local
Lithuania
67228896 - Local
Latvia
527 37691 - Local
Kaзaкcтaн
007 727 250 66 17 - Local
Бълария
+3592 489 99 96 - Местен
разговор
Hrvatska
01 6403 776 - Lokalni poziv
Česká republika
800 142840 - Bezplatný hovor
Polska
022 3491504 - połączenie
lokalne
Magyarország
06 80018 189 Ingyenes hívás
Romānä
0800 894 910 - gratuit
Россия
- Moсква
(495) 961-1111 - Местный звонок
- 8-800-200-0880 - Местный звонок
Србија
+381 114 440 841 - Lokalni poziv
Slovakia
0800 004537 - Bezplatný hovor
Slovenija
0821 611 655 - € 0.,09 / min
Türkiye
0800 261 3302 - Şehiriçi arama
Україна
8-800-500-6970 - Мicцeвий виклик
Page 3
1.1.1Теледидарды тіркеңіз
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз.
Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер, сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы арнайы сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
www.philips.com/welcome торабына өтіңіз.
Page 4
1.1.2Айқындығы жоғары теледидарды пайдалану 1/2
Осы теледидар айқындығы жоғары бағдарламаларды көрсете алады, бірақ айқындығы жоғары теледидарды пайдалану үшін алдымен айқындығы жоғары бағдарламаларды алу қажет. Егер айқындығы жоғары бағдарламаларды көрмесеңіз, бейне сапасы жай теледидардікіндей болады.
Айқындығы жоғары бағдарламаларды мына құрылғылардан алуға болады:
• HD Movie жүйесі бар HDMI кабелі арқылы жалғанатын Blu-ray Disc ойнатқышы
• Кабельдік немесе спутниктік теледидар компаниясына жазылған, HDMI кабелі арқылы жалғанатын айқындығы жоғары телесигналдар қабылдағышы
• Әуе арқылы айқындығы жоғары хабар таратқыш (DVB-T MPEG4)
• DVB-C желісіндегі айқындығы жоғары арна
• Айқындығы жоғары ойын жүйесі бар HDMI кабелі арқылы жалғанатын айқындығы жоғары ойын консолі (Xbox 360 / PlayStation 3).
Page 5
1.1.2Айқындығы жоғары теледидарды пайдалану 2/2
Қосымша ақпарат алу үшін дилерге хабарласыңыз. Еліңіздегі айқындығы жоғары арналардың немесе провайдерлердің тізімі бар жиі қойылатын сұрақтарды табу үшін www.philips.com/support торабына кіріңіз.
Page 6
1.1.3Қауіпсіздік 1/5
Теледидарды пайдаланбас бұрын барлық нұсқауларды міндетті түрде оқып шығып, түсініп алыңыз. Нұсқауларды орындамаудан зақым туындағанда кепілдік күшінен айрылады.
Ток соғу немесе өрт қаупі!
• Ешқашан қашықтан басқару пультін немесе батареяларды жаңбырға, суға немесе шамадан тыс ыстыққа шығармаңыз.
• Теледидардың жанына еш уақытта гүл құмырасы сияқты ыдыстар қоймаңыз. Егер сұйықтықтар теледидардың үстіне немесе ішіне төгілсе, теледидарды дереу қуат көзінен ажыратыңыз. Теледидарды пайдаланардан бұрын тексеру үшін Philips тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Page 7
1.1.3Қауіпсіздік 2/5
• Ешқашан қашықтан басқару пультін немесе батареяларды жалындаған оттың немесе басқа қызу көздеріне жақын, оның ішінде тікелей күн шуағына қоймаңыз.
• Шырағдандарды немесе басқа ашық жалынды әрдайым бұл өнімнен аулақ ұстаңыз.
• Ешқашан теледидардың желдеткіш тесіктеріне немесе басқа ашық жерлеріне зат салмаңыз.
• Қуат ашаларына ауыр күш түспеуін қамтамасыз етіңіз. Босап қалған қуат ашалары электр доғасының пайда болуына себеп болуы және өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
• Ешқашан теледидарды немесе басқа заттарды электр сымының үстіне қоймаңыз.
• Электр сымын ажыратқанда сымнан емес, ашасынан тартып суырыңыз.
...
Page 8
1.1.3Қауіпсіздік 3/5
Теледидарға зақым келу қаупі!
• Салмағы 25 кг-нан асатын теледидарды екі адам көтеру керек.
• Егер теледидарды тұғырға орнатсаңыз, тек жинақпен бірге берілген тұғырды пайдаланыңыз. Тұғырды теледидарға мықтап бекітіңіз. Теледидарды оның салмағын көтере алатын жазық, тегіс бетке қойыңыз.
• Теледидарды қабырғаға орнатқан кезде қабырғаның теледидар салмағына шыдайтынына көз жеткізіңіз. Koninklijke Philips Electronics N.V. компаниясы қате орнатудың нәтижесінде болған жазатайым оқиға, дене зақымы немесе мүліктік залалға жауапты емес.
...
Page 9
1.1.3Қауіпсіздік 4/5
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап, жарақаттауына жол бермеу үшін мына сақтандыру шараларын орындаңыз:
• Теледидарды сырғанап кетуі мүмкін жапқыш немесе басқа материал жабылған жерге қоймаңыз.
• Теледидардың ешқандай бөлігі орнатқан жердің шетінен шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Қабырғаға жиһаз бен теледидарды бекітпей немесе тіреуішсіз теледидарды кітап шкафы сияқты биік жиһазға қоймаңыз.
• Теледидарға қол жеткізу үшін жиһазға міну қауіпті екенін балаларға үйретіңіз.
...
Page 10
1.1.3Қауіпсіздік 5/5
Қатты қызып кету қаупі!
Теледидар желденуі үшін оның айналасында әрдайым кемінде 10 см ашық орын қалдырыңыз. Перделер немесе басқа заттар теледидардың желдету тесіктерін жаппауын қамтамасыз етіңіз.
Найзағай
Найзағай ойнайтын кезде теледидарды қуат көзінен ажыратып, антеннаны суырыңыз. Найзағай ойнаған кезде теледидардың ешбір бөлігіне, қуат сымына немесе антенна кабеліне тимеңіз.
Есту қабілетінің зақымдану қаупі!
Құлақаспаптарды жоғары дыбыс деңгейінде немесе ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Төмен температуралар
Егер теледидар температурасы 5°C-тан төмен орталарда тасымалданса, теледидарды орауышынан шығарып, қуат көзіне қоспас бұрын оның температурасы мен бөлме температурасының сәйкес келуін күтіңіз.
Page 11
1.1.4Теледидарды орналастыру
Теледидарды орналастырмас бұрын сақтық шараларын мұқият оқыңыз.
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге орналастырыңыз.
• Ambilight әсерін жақсарту үшін бөлмедегі жарықты азайтыңыз.
• Ambilight әсерін жақсарту үшін теледидарды қабырғадан 25 см-дей алыс етіп орналастырыңыз.
Page 12
1.1.5Көру қашықтығы
Теледидарды қолайлы көру қашықтығына орналастырыңыз. Айқындығы жоғары теледидар бейнесін немесе кез келген бейнені көзіңізді ауыртпай көріңіз. Теледидарды жақсы және демалып отырып көру үшін теледидардың дәл алдынан «оңтайлы көру нүктесін» тауып алыңыз.
Теледидар көру үшін ең қолайлы қашықтық экран диагоналінің үш есесіне тең. Отырған кезде көздеріңіз экранның ортасымен бір деңгейде болғаны жөн.
Page 13
1.1.6Экран күтімі
• Теледидар экранына зақым келу қаупі бар! Экранға еш уақытта қандай да бір затты тигізбеңіз, онымен итермеңіз, сүйкемеңіз немесе ұрмаңыз.
• Теледидарды тазалар алдында міндетті түрде өшіріңіз.
• Теледидар мен жақтауларын жұмсақ, дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Теледидарға спирт, химиялық заттар немесе тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
• Пішінінің бұзылуын және түсінің оңуын болдырмау үшін мүмкіндігінше су тамшыларын тез сүртіп тұрыңыз.
• Мүмкіндігінше қозғалыссыз кескіндерді көп тұрғызбаңыз. Қозғалыссыз кескіндер дегеніміз
- экранда көп уақыт бойы тұратын кескіндер. Қозғалыссыз кескіндерге экран мәзірлері, қара жолақтар, уақыт дисплейлері, т.б. жатады. Егер қозғалыссыз кескіндерді пайдалану керек болса, экран зақымданбау үшін экран контрасты мен жарықтығын азайтыңыз.
Page 14
1.1.7Пайдаланғаннан кейін 1/4
Ескі өнім мен батареяларды тастау
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдармен және бөлшектермен әзірленіп жасалған.
...
Page 15
1.1.7Пайдаланғаннан кейін 2/4
Егер сызып тасталынған дөңгелегі бар қоқыс жәшігі таңбасы өнімге тіркелсе, бұл өнім 2002/96/EC Еуропалық нұсқауы қамтитынын білдіреді.
...
Page 16
1.1.7Пайдаланғаннан кейін 3/4
Жергілікті электр және электронды өнімдерді бөліп жинақтау жүйесі жөнінде ақпаратпен танысыңыз.
Жергілікті тәртіпке сәйкес әрәкет жасауыңызды және ескі өнімдерді кәдімгі тұрмыстық қалдықпен тастамауыңызды өтінеміз. Ескі өнімді дұрыс тастау қоршаған орта мен адам денсаулығына жағымсыз болуы мүмкін салдарының алдын алуға көмектеседі.
...
Page 17
1.1.7Пайдаланғаннан кейін 4/4
Өнімде 2006/66/ЕС Еуропалық нұсқауына сәйкес кәдімгі тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға болмайтын батареялар бар.
Батареяларды бөліп жинақтаудың жергілікті тәртібі жөнінде ақпаратпен танысыңыз, себебі дұрыс тастау қоршаған орта мен адам денсаулығына тиетін кері әсерлердің салдарының алдын алуға көмектеседі.
Page 18
1.1.8ЭКО - Грин 1/4
Теледидардың қуатты тиімді пайдалануға септігін тигізетін мүмкіндіктері бар.
Бұл теледидар өзінің қоршаған ортаны ластауға қарсы қасиеттері үшін Еуропалық Экотаңбасымен марапатталған.
Қуатты тиімді пайдалану мүмкіндіктері
• Сыртқы жарық сенсоры
Қуатты үнемдеу үшін іштей орнатылған Сыртқы жарық сенсоры қараңғы түскенде теледидар экранының айқындығын төмендетеді.
• Стандартты
Теледидардағы стандартты параметр қуатты үнемдейтін бірнеше параметрден тұрады. Орнату мәзіріндегі «Смарт параметрлері» бөлімін қараңыз.
...
Page 19
1.1.8ЭКО - Грин 2/4
• Күту режиміндегі қуатты аз мөлшерде тұтыну
Топ жаратын және жоғары дамыған қуат схемалары теледидардың қуатты тұтыну дәрежесін өте төменге түсіріп, Күту режиміндегі орындалатын үздіксіз қызметтеріне мүлдем шығынданбайды.
Қуатты басқару
Теледидардың алдыңғы қатардағы қуатты басқару мүмкіндігі оның өз қуатын тиімді пайдалануына кепілдік береді. Теледидардағы жеке реттеулеріңіздің, экрандағы суреттер айқындығы және сыртқы жарық жағдайының сәйкес қуат тұтыну көлеміне әсерін тексеруіңізге болады.
Пайдалданушы нұсқаулығын жауып, Көрсетуді басыңыз. Белсенді басқару тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Ағымдағы реттеулер ерекшеленіп тұрады. Сәйкес мөлшерді көру үшін оларды басқа реттеулерге өзгертуіңізге болады.
...
Page 20
1.1.8ЭКО - Грин 3/4
Экотаңба
Philips компаниясы өзінің жаңашыл өнімдерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін төмендетумен үнемі айналысады. Біз қоршаған ортаны қорғау мақсатында өндіріс барысында зиянды заттарды азайту, қуатты пайдалану тиімділігіне, пайдаланудан кейінгі нұсқаулар және өнімді қайта өңдеуге күш саламыз.
Page 21
1.1.8ЭКО - Грин 4/4
Компанияның қоршаған ортаны қорғау жұмысындағы әрекеті үшін бұл теледидар Еуропалық Экотаңба -гүлмен- марапатталды (www.ecolabel.eu).
Осы теледидардың күту режиміндегі энергияны тұтыну, кепілдік міндеттемесі, қосымша бөлшектері және қайта өңдеу жөнінде толық ақпаратты Philips компаниясының мемлекетіңізге арналған www.philips.com веб адресінен таба аласыз.
Пайдаланғаннан кейін
Теледидарды және батареяларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат алу үшін Жұмысқа дайындық> Маңызды > Тұтыну мерзімі біткенде бөлімдерін оқыңыз
Page 22
1.2.1Қосу 1/2
Теледидар қосылу үшін бір-екі секунд кетеді.
Егер күту режимінің қызыл индикаторы өшірулі болса, теледидарды қосу үшін оң жағындағы O түймесін басыңыз.
Өшіру үшін O түймесін қайтадан басыңыз.
...
Page 23
1.2.1Қосу 2/2
Теледидар пайдаланылуға дайын болғанда, жарық шығарушы диоды қосылғанда және толығымен өшкенде жыпылықтайды. Ambilight шамы теледидардың қосулы тұрғанын көрсетеді.
Ақ жарық диодты үнемі қосуға немесе оның жарықтығын реттеуге болады. h> Setup (Реттеу) > Installation (Орнату) > Preferences (Параметрлер) > LightGuide brightness (LightGuide жарықтығы) параметрін таңдаңыз.
Page 24
1.2.2Дыбыс деңгейі V
Теледидардың бүйіріндегі түймелер теледидардың негізгі басқару жүйесі болып табылады.
Теледидардың бүйіріндегі Volume + / - (Дыбыс деңгейі + / -) түймелерімен дыбыс деңгейлерін дұрыстауға болады.
Page 25

1.2.3P Programme (Бағдарлама) түймесі

Теледидардың бүйіріндегі түймелер теледидардың негізгі басқару жүйесі болып табылады.
Теледидардың бүйіріндегі Program + / - (Бағдарлама + / -) түймелерімен телеарналарды ауыстырып қосуға болады.
Page 26
1.2.4Source (Сигнал көздері) түймесі
Теледидардың бүйіріндегі түймелер теледидардың негізгі басқару жүйесі болып табылады.
Жалғанған құрылғыны таңдайтын «Сигнал көздері» тізімін ашу үшін Source (Сигнал көзі) s. түймесін басыңыз. Тізімнен жалғанған құрылғыны таңдау үшін Source (Сигнал көзі) s түймесін қайтадан басыңыз. Бірнеше секундтан кейін теледидар таңдалған құрылғыға қосылады.
Page 27
1.2.5Инфрақызыл сенсоры
Әрқашан қашықтан басқару пультінің теледидар алдындағы қашықтан басқару пультінің инфрақызыл сенсорына бағытталуын қадағалаңыз.
Page 28
1.3.1VESA ақпараты
Теледидар VESA стандартына сай қабырғаға орнатуға дайындалған. VESA қабырға ұстағышы жинаққа кірмейді.
Ұстағышты сатып алу үшін келесі VESA кодын пайдаланыңыз.
VESA MIS-F 300, 300, 6
Теледидарды қабырғаға орнатқанда әрдайым оның артындағы бекіту нүктелерінің барлық 4­ін пайдаланыңыз. Сызбада көрсетілген бұранда ұзындығын пайдаланыңыз.
Page 29
1.3.2Тұғырды бөлшектеу
Теледидарды үстелге қоярдан бұрын оның артындағы 2 бұранданы да бұрап алыңыз
Page 30
1.4.1Full High Definition дисплейі
Бұл теледидар Full High Definition (HD) дисплейімен жабдықталған. Full HD 1920x1080 - HD сигнал көздерінің ең жоғарғы ажыратымдылығы.
Бұл LED дисплейі жарықтығы оңтайлы және түстері керемет тұнық прогрессивтік сканер кескінін ұсынады.
Айқындығы жоғары теледидарды пайдалану үшін алдымен сізге айқындығы жоғары бағдарламалар қажет. Егер айқындығы жоғары бағдарламаларды көрмесеңіз, кескін сапасы жай теледидардікіндей болады.
Жұмысқа дайындық > Маңызды > Айқындығы жоғары теледидарды пайдалану бөлімін оқыңыз
Page 31
1.4.2Ambilight
Ambilight — теледидардың арт жағынан қабырғаға түсетін жарықтандыру технологиясы. Бұл инновациялық технология автоматты түрде жарық түсі мен жарықтығын теледидар кескініне сәйкестендіріп реттейді.
Ол көру қолайлылығын бұрынғыдан бетер жақсартады. Сондай-ақ, жарық көз ауруын азайтып, көру қолайлылығын арттырады.
Ambilight туралы Теледидарды пайдалану бөлімінен оқыңыз.
Page 32
1.4.3DVB-T және DVB-C біріктірілген тюнері
Аналогты телехабарлармен қатар, теледидар сандық жер (DVB-T) және кейбір елдерде сандық кабельді (DVB-C) теле және радиосигналдарды қабылдай алады.
DVB — Сандық бейнехабар тарату жүйесі жақсы кескін және жақсы дыбыс сапасымен қамтамасыз етеді.
Кейбір таратушы станцияларында бірнеше аудио (сөйлеу) және/немесе телемәтін тілдері болады.
Теледидар еліңіздегі DVB-T немесе DVB-C сигналдарын қолдайтын-қолдамайтынын тексеріңіз. Теледидардың артындағы "Сандық теледидардың елдердегі үйлесімділігі" жапсырмасын қараңыз.
Page 33
1.4.4Бағдарлама нұсқаулығы
Теледидар нұсқаулығы дегеніміз — жоспарланған теледидар бағдарламалары жөніндегі экрандағы нұсқаулық. Бұл нұсқаулықты сандық хабар таратушылар немесе Net TV желідегі қызметі ұсынады. Бағдарламаның қысқаша сипаттамасын оқуыңызға, бағдарлама басталғанда есіңізге салатын хабарлама орнатуыңызға немесе бағдарламаларды жанр бойынша таңдауыңызға болады.
Қосымша ақпарат > Бағдарлама нұсқаулығы бөлімін оқыңыз.
Page 34
1.4.5Net TV
Теледидарды Net TV қызметімен байланыстыруға болады.
Желілік теледидардың бастапқы беті теледидардың экранына сәйкес келетін фильмдер, суреттер, музыка, ойын-сауық ақпараттық бағдарламаларын, ойындар және көптеген басқа нәрселер ұсынады.
Желілік теледидарды пайдалану үшін теледидарды интернетке қосылған маршрутизаторға жалғау керек.
Желілік теледидар туралы қосымша ақпаратты Теледидарды пайдалану > Желілік теледидар бөлімінен оқыңыз.
Маршрутизаторға жалғау туралы ақпаратты Реттеу > Желі бөлімінен оқыңыз.
Page 35
1.4.6Scenea, USB және компьютер
Scenea
Scenea мүмкіндігімен фотосуретті экранға «түсқағаз» ретінде орнатуыңызға болады. Кез келген фотосуретті таптамаңыздан алып, экранға өзіңіздің жеке суреттеріңізді жасаңыз.
> Scenea мүмкіндігі туралы қосымша мәліметтер тарауын оқыңыз.
USB және компьютер желісіне қосылу
Өз мультимедиалық файлдарыңызды (фотосуреттер, әуен, бейнелер, …) теледидардың жанындағы USB ұясына қосу арқылы көріңіз немесе ойнатыңыз.
Теледидарды үйдегі компьютер желісіне жалғап, компьютеріңізге сақталған мультимедиалық файлдарды көріңіз.
Page 36
1.5.1Экрандағы нұсқаулық
Сіз енгізілген пайдаланушы нұсқаулығын оқып отырсыз.
Бұл нұсқаулықтың ішінде осы теледидарды орнатуға және пайдалануға қажетті барлық ақпарат бар.
Пайдаланушы нұсқаулығын қашықтан басқару пультіндегі сары e түймесімен ашуға немесе жабуға болады.
Нұсқауларды орындамас бұрын нұсқаулықты сары e түймесімен жабыңыз.
Нұсқаулықты қайта ашқанда ол жабылған беттен ашылады.
Page 37
1.5.2Интернетте
Пайдаланушы нұсқаулығының басып шығарылатын нұсқасын интернеттен алуға болады.
www.philips.com/support сайтындағы пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз немесе басып шығарыңыз
Page 38
2.1.1Қашықтан басқару пультін шолу 1/6
1 Standby (Күту режимі) O
Теледидарды қосады немесе қайтадан күту режиміне қайтарады.
2 Home (Негізгі мәзірі) h
Home (Негізгі) мәзірді ашады немесе жабады. 3 Guide (Нұсқаулық мәзірі) g
Бағдарлама нұсқаулығын ашады немесе жабады. Мультимедиалық мазмұнды қарау кезінде мазмұн тізімін ашады немесе жабады.
4 Options (Параматрлер) o
Қолдануға болатын параметрлерді көрсететін Options (Параметрлер) мәзірін ашады немесе жабады.
...
Page 39
2.1.1Қашықтан басқару пультін шолу 2/6
5 Navigation (Жылжу) түймесі
Жоғары, төмен, солға немесе оңға жылжытады.
6 OK түймесі
Арналарды жалпы шолу функциясын ашады.
Таңдалған тармақты іске қосады. 7 Back (Артқа түймесі) b
Кері қайтарады немесе параметрді өзгертпестен мәзірден шығады.
Алдыңғы телеарнаға немесе алдыңғы телемәтін бетіне қайтады.
Желілік теледидардың алдынғы бетіне қайтады. 8 Info (Ақпарат мәзірі) i
Бар болған жағдайда, арна немесе бағдарлама туралы ақпаратты көрсетеді.
...
Page 40
2.1.1Қашықтан басқару пультін шолу 3/6
9 Audio Video keys (Дыбыс бейне түймелері) T, P, Q, S, R
Мультимедиа файлдарын ойнатады.
EasyLink HDMI-CEC-ке қосылған диск ойнатқышты басқарады.
10 Volume (Дыбыс деңгейі) V
Дыбыс деңгейін реттейді. 11 Mute (Дыбысты өшіру параметрі) m
Дыбысты өшіреді немесе қалпына келтіреді.
12 Channel / Programme (Арна / Бағдарлама) жоғары немесе төмен
Арналар кестесіндегі келесі немесе алдыңғы арнаға ауысады.
Келесі немесе алдыңғы телемәтін бетіне ауысады. 13 Format (Формат) f
Сурет форматын таңдайды.
...
Page 41
2.1.1Қашықтан басқару пультін шолу 4/6
14 TV (ТД) түймесі
Қашықтан басқару пультін теледидар режиміне қояды.
15 Subtitle (Субтитр)
Субтитр мәзірін ашады немесе жабады.
16 Teletext / MHEG (Телемәтін / MHEG)
Teletext / MHEG мәзірін ашады немесе жабады.
17 Net TV (Желілік теледидар)
Желілік теледидардың бастапқы бетін ашады немесе жабады.
...
Page 42
2.1.1Қашықтан басқару пультін шолу 5/6
18 Red key / Demo (Қызыл түйме / Демо)
Демо мәзірін ашады немесе жабады.
Телемәтін ішінде керекті бетті оңай таңдайды
19 Green key (Жасыл түйме)
Телемәтін ішінде керекті бетті оңай таңдайды 20 Yellow key / (Сары түйме /) e
Пайдаланушы нұсқаулығын ашады немесе жабады.
Телемәтін ішінде керекті бетті оңай таңдайды
21 Blue key (Көк түйме)
Телемәтін ішінде керекті бетті оңай таңдайды
...
Page 43
2.1.1Қашықтан басқару пультін шолу 6/6
22 Number (Сан) түймелері
Телеарнаны таңдайды немесе сандарды және мәтінді енгізеді.
23 Source (Сигнал көздері) s
Сигнал көздері тізімінен жалғанған құрылғыны таңдайды.
24 Picture (Сурет мәзірі) A
Сурет мәзірін ашады немесе жабады.
25 Ambilight (Ambilight)
Ambilight жарығын қосады немесе өшіреді.
Page 44
2.1.2Батареялар
Жинақтағы 2 батареяны (AAA-LR03 үлгісіндегі 1,5 В) салу үшін қашықтан басқару пультінің артқы қақпағын ашыңыз.
Батареялардың + және - ұштарының дұрыс тұрғанына көз жеткізіңіз (+ және - ішінде белгіленген).
Егер де қашықтан басқару пультін көпке дейін пайдаланбасаңыз, батареяларды алып тастаған жөн.
Батареяларды пайдалану мерзімі біткеннен кейінгі нұсқауларға сәйкес тастаңыз. Жұмысқа дайындық > Маңызды > Пайдаланғаннан кейін бөлімін оқыңыз.
Page 45
2.2.1Арналар кестесі 1/5
Теледидарды көріп отырғанда арналар кестесін ашу үшін OK түймесін басыңыз. Бұл кестеде теледидарға орнатылған теледидар арналары мен радиостанциялар көрсетіледі.
Арнаға немесе станцияға u немесе v, w немесе x түймелерімен жылжып барыңыз. Таңдалған арнаны немесе станцияны көру немесе тыңдау үшін OK түймесін басыңыз.
Арналар кестесінен арнаны өзгертпей шығу үшін Back (Артқа) b түймесін басыңыз.
Page 46
2.2.1Арналар кестесі 2/5
Экрандағы арналар кестесі арқылы төмендегі функцияларды орындау үшін Options (Параметрлер) o түймесін басуға болады:
Тізімді таңдау
Арналар кестесінде қай арналар көрсетілетінін таңдаңыз. Арналар кестесіне сүзгі қойылған болса, теледидар көріп отырған кезде сүзілген кестедегі арналармен жүру үшін P+/- түймесін басыңыз.
Таңдаулы етіп белгілеу
Арналар кестесінде бір арна ерекшеленгенде оны таңдаулы арна етуіңізге болады.
Қосымша... > Таңдаулы арналар бөлімін оқыңыз.
...
Page 47
2.2.1Арналар кестесі 3/5
Reorder (Ретін өзгерту)
Кестедегі арналардың орындарын өзгертуге болады.
1 Арналардың ретін өзгерту үшін Options (Параметрлер) o мәзіріндегі Reorder (Ретін өзгерту) тармағын таңдаңыз.
2 Арнаны ерекшелеп, OK түймесін басыңыз.
...
3 Арнаны қажетті орынға жылжу түймелерінің көмегімен орналастырыңыз.
4 Орнын растау үшін OK түймесін басыңыз.
Басқа бір арнаны ерекшелеп, тура солай жасауға болады.
Ретін өзгертуді тоқтату үшін Options (Параметрлер) o түймесін басып, Exit reorder (Ретін өзгертуден шығу) тармағын таңдаңыз.
...
Page 48
2.2.1Арналар кестесі 4/5
Rename (Атын өзгерту)
Арнаның атын өзгертуге болады.
1 Арналар кестесінде атын өзгерткіңіз келген арнаға өтіңіз.
2 Options (Параметрлер) o мәзірінен Rename (Атын өзгерту) тармағын таңдаңыз.
3 Ерекшелеу белгісін орналастыру үшін жылжу түймелерін пайдаланыңыз. Таңбаны жою үшін Артқа b түймесін басыңыз. Қашықтан басқару пультінің сандар түймелерін SMS/мәтін хабарын жібергенде таңбаларды таңдағандай пайдаланыңыз. Ерекше таңбаны таңдау үшін 0 саны түймесін басыңыз. Бүкіл мәтінді жою үшін Тазарту түймесін таңдаңыз.
4 Атын өзгертуді аяқтау үшін Done (Дайын) параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Арнаны жасыру
Арналар кестесіндегі бір арнаны жасыру үшін осы опцияны таңдаңыз. Арна жасырылған жағдайда, арналар кестесі келесі жолы ашылғанда ол жасырулы болады.
Жасырын арналарды көрсету үшін Options (Параметрлер) o мәзіріндегі Show hidden channels (Жасырын арналарды көрсету) параметрін таңдаңыз.
...
Page 49
2.2.1Арналар кестесі 5/5
Жасырын арналарды көрсету
Барлық арналарды, соның ішінде жасырын арналарды да көрсетуіңізге болады. Арналарды көрсетуге немесе жасыруға болады.
1 Options (Параметрлер) o мәзіріндегі Show hidden channels (Жасырын арналарды көрсету) тармағын таңдаңыз.
2 Арнаға өтіңіз. 3 Options (Параметрлер) o түймесін басып,
Hide (Арналарды жасыру) немесе Unhide channel (Арналарды көрсету) тармағын таңдаңыз.
Басқа арнаға өтіп, тура солай жасауға болады.
Жасырын арналарды көрсету көрінісінен шығу үшін Опциялар мәзіріндегі Exit hidden channels (Жасырын арналардан шығу) тармағын таңдаңыз. Кесте келесі жолы ашылғанда бейімделеді.
Page 50
2.2.2Home (Негізгі мәзірі)h
Home (Негізгі) мәзірінде теледидармен жасауға болатын әрекеттер тізімі беріледі.
Home (Негізгі) мәзірін ашу үшін h түймесін басыңыз.
Бір әрекетті іске қосу үшін жылжу түймелерінің көмегімен керекті тармақты ерекшелеп, OK түймесін басыңыз.
Құрылғымен әрдайым байланысты әрекетті Add your device (Құрылғы қосу) тармағымен қосуға болады.
Home (Негізгі) мәзірінен шығу үшін h түймесін қайтадан басыңыз.
Page 51
2.2.3Құрылғыларды қосу
Теледидарға бір құрылғы жалғанған кезде, ол құрылғыны Басты мәзірге бір тармақ етіп қосыңыз. Басты мәзірдегі осы тармақ арқылы теледидарды осы құрылғыға оңай ауыстырып қосуыңызға болады.
Home (Негізгі) мәзіріндегі Add your devices (Құрылғыларды қосу) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Теледидар құрылғыны және құрылғы жалғанатын жалғағышты таңдауыңызды сұрайды.
Енді құрылғы Home (Негізгі) мәзіріне қосылады.
Home (Негізгі) мәзірінен бір құрылғы тармағын шығару үшін тармақты таңдап, Options (Параметрлер) o түймесін басыңыз да, тізімдегі Remove device (Құрылғыны шығару) тармағын таңдаңыз. OK түймесін басыңыз.
Page 52
2.2.4Орнату
Басты мәзірдегі Реттеу тармағында теледидар параметрлерінің көбісі сақталады.
Реттеу мәзіріндегі мыналарды орындауға болады...
• сурет, дыбыс немесе Ambilight параметрлерін орнату
• кейбір арнайы мүмкіндіктерді орнату
• телеарналарды жаңарту немесе қайта орнату
• желіге қосылу
• теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту
• ...
Home (Негізгі) мәзіріндегі Setup (Реттеу) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Тармақты w немесе x, u немесе v түймелерімен таңдап, OK түймесін басыңыз.
Setup (Реттеу) мәзірінен шығу үшін Back (Артқа) b түймесін басыңыз.
Page 53
2.2.5Options (Параметрлер мәзірі) o
Options (Параметрлер) мәзірінде экрандағы нәрселермен байланысты қолайлы параметрлер беріледі.
Қолдануға болатын параметрлерді көру үшін Options (Параметрлер) o түймесін кез келген кезде басыңыз.
Шығу үшін Options (Параметрлер) o түймесін қайтадан басыңыз.
Page 54
2.2.6Guide (Нұсқаулық) g 1/2
Guide (Нұсқаулық) мәзірінің (тек сандық хабар тарататын арналар үшін) жоспарланған теледидар бағдарламаларының тізімін көруге болады. Сондай­ақ, Guide (Нұсқаулық) түймесін жалғанған компьютер желісіндегі немесе USB жад құрылғысындағы фотосуреттер, музыка немесе бейнелер тізімін көру үшін пайдаланыңыз.
Теледидарды көріп отырғанда, бағдарлама нұсқаулығы туралы ақпарат бар болған жағдайда, оларды ашу үшін Guide (Нұсқаулық) g түймесін басыңыз.
...
Page 55
2.2.6Guide (Нұсқаулық) g 2/2
Компьютер желісін немесе USB жад құрылғысын шолған кезде мазмұнын көрсету үшін Guide (Нұсқаулық) g түймесін басыңыз.
Қосымша ақпарат > Бағдарлама нұсқаулығы немесе Қосымша ақпарат > Мультимедиа бөлімін оқыңыз.
Page 56
2.3.1Арналарды ауыстыру
Телеарналарды ауыстыру үшін қашықтан басқару пультіндегі P + немесе — түймелерін басыңыз. Арна нөмірін білсеңіз, санды түймелерді пайдалануыңызға болады.
Алдыңғы көрілген арнаға қайта ауысу үшін Кері қайту үшін Back (Артқа) b түймесін басыңыз.
Егер сандық хабар таратылса, орнату кезінде сандық радиостанциялар орнатылады. Радиоарнаға телеарналардағыдай ауысыңыз. Радиостанциялар әдетте 400 санды арнадан әрі қарай басталады.
Арналар кестесі
Теледидарды көріп отырғанда, арналар кестесін ашу үшін OK түймесін басыңыз. Арнаны жылжу түймелерімен таңдап, арнаға ауысу үшін OK түймесін басыңыз.
Арналар кестесінен арнаны өзгертпей шығу үшін Back (Артқа) b түймесін басыңыз.
Page 57
2.3.2Бағдарлама туралы ақпарат
Сандық телеарнаны көріп отырғанда, ағымдағы және келесі бағдарлама туралы ақпарат алуға болады.
Теледидарды көріп отырғанда, көріп отырған арнадан бағдарлама туралы ақпаратты ашу үшін Info (Ақпарат) i түймесін басыңыз.
Бағдарлама туралы ақпаратты жабу үшін Info (Ақпарат) i түймесін қайтадан басыңыз.
Options (Параметрлер мәзірі) o
Бағдарлама туралы ақпарат экранға шыққанда, көріп отырған сандық арнаның сапасы туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін Options (Параметрлер) o түймесін басыңыз.
Page 58
2.3.3Күту режиміне ауыстыру
Егер теледидар қосулы болса, күту режиміне шығару үшін қашықтан басқару пультіндегі O түймесін басыңыз.
Күту режимінің қызыл индикаторы қосылады.
Күту режимінде теледидар электр қуатын аз пайдалансада, электр қуаты пайдаланыла береді.
Теледидар ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болғанда, теледидардағы O түймесінің көмегімен теледидарды өшіріп, оның электр сымын қуат көзінен ажыратып қойған жөн.
Егер сіз қашықтан басқару пультін таба алмай, теледидарды күту режиміне шығарғыңыз келсе, теледидардың жанындағы O түймесін басыңыз. Бұл теледидарды өшіреді.
Теледидарды қайтадан қосу үшін O түймесін қайтадан басыңыз.
Page 59
2.3.4Смарт параметрлер
Теледидарды қазір көріп отырған нәрсеге ең қолайлы алдын ала анықталған параметрге қоюға болады. Әрбір параметрде сурет, дыбыс пен Ambilight жарығы қамтылады.
Теледидарды көріп отырғанда Options (Параметрлер) o түймесін басып, Picture and sound (Сурет және дыбыс) параметрін таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
Smart settings (Смарт параметрлер) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Тізімнен бір параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
• Personal (Жеке) — теледидардың параметрлерін Setup (Реттеу) мәзірінің Picture (Сурет), Sound (Дыбыс) және Ambilight мәзірлерінде белгіленген жеке қалауларыңызға қарай қояды.
• Vivid (Жанды) - толық әрі динамикалық параметрлер, күндіз пайдалануға қолайлы.
• Natural (Табиғи) — Табиғат суреттерінің параметрлері
• Cinema (Кинотеатр) — фильмдер көруге ең қолайлы параметрлер.
• Game (Ойын) — ойын ойнауға қолайлы параметрлер.
• Standard(Стандартты) — Зауыт стандарты мен қуат тұтыну параметрлері.
Page 60
2.3.5Picture format (Сурет форматы) 1/2
Егер экранда қара жолақ пайда болса, сурет форматын реттеңіз. Ең дұрысы, сурет форматын экранға сыятын форматқа өзгертіңіз.
Теледидарды көріп отырғанда, Picture format (Сурет форматы) мәзірін қосу үшін Format (Форматы) f түймесін басып, қолдануға болатын сурет форматын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
Егер субтитрлер бағдарламада жасырулы болса, суретті жоғары қарай жылжыту үшін u түймесін басыңыз.
Келесі сурет форматы параметрлерін таңдауыңызға болады …
Автоформат
Суретті автоматты түрде экранға сыятын етіп үлкейтеді. Суреттер аз бұрмаланып, субтитрлер көрініп тұра береді.
PC үшін жарамды емес.
Setup (Реттеу) > Picture (Сурет) > Auto format mode (Автоформаттау режимі) мәзірінен 2 Auto format settings (2 автоформаттау параметрі) тармағын таңдауыңызға болады ...
• Авто толтыру, экранды барынша толтыруға арналған.
• Авто масштабтау, суреттің бастапқы форматын сақтауға арналған,
қара жолақтар көрінуі мүмкін.
...
Page 61
2.3.5Picture format (Сурет форматы) 2/2
Шамадан тыс үлкейту
4:3 форматында таратылатын хабарлардың жанындағы қара жолақтарды жояды. Сурет экранға сыятын етіп реттеледі.
4:3 форматы
Бағдарламаны 4:3 форматында көрсетеді.
Кеңейтілген 16:9
Форматты 16:9 мәніне кеңейтеді.
Кең экран
Форматты 16:9 мәніне ұзартады.
Масштабталмаған
Барынша айқындық. Жиектерде бұрмалану болуы мүмкін. Компьютердегі суреттерде қара жолақтар болуы мүмкін. Тек жоғары айқындық пен компьютерге арналған.
Page 62
2.4.1Ambilight қосулы
Ambilight режимінің көмегімен сіз демалып отырып көріп, жақсартылған сурет сапасын сезінесіз.
Ambilight режимінің ең жақсы әсері үшін бөлмедегі жарықты азайтыңыз.
Ambilight режимін қосу немесе өшіру үшін қашықтан басқару пультіндегі Ambilight түймесін басыңыз.
Абайлаңыз
Инфрақызыл сенсордың қашықтан басқару пультінің сигналын нашар қабылдауына жол бермеу үшін құрылғыларды Ambilight жарығынан тысқары орналастырыңыз.
Динамикалық жылдамдық
Экрандағы суреттерге Ambilight режимінің жауап беретін жылдамдығын реттеу үшін Ambilight түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Динамикалық жылдамдықты экрандағы сырғытпа жолақпен реттеңіз. Relaxed мәні Ambilight жарығын жұмсақ әрі біркелкі етіп орнатады. Dynamic мәні Ambilight жарығын жылдам өзгертеді және тез жауап қайтарады.
Жұмыс істеу жылдамдығын өзгерту үшін Белсенділік режимі нөлден жоғары көрсеткішке қойылу керек. Пайдаланушы нұсқаулығын жауып, h > Реттеу > Ambilight > Белсенділік режимін басыңыз.
Page 63
2.4.2Ambilight параметрлері
Ambilight мәзірінен мына Ambilight параметрлерін орнатуыңызға немесе дұрыстауыңызға болады …
Теледидарды қарап отырған кезде, h> Setup (Реттеу) > Ambilightтармағын басыңыз.
Ambilight
Ambilight режимін қосады немесе өшіреді.
Белсенді режим
Экрандағы кескіндерге Ambilight режимінің жауап беретін жылдамдығын реттеңіз.
Brightness (Жарықтық)
Ambilight жарығының шығуын өзгертеді.
Colour (Түсі)
Ambilight түсін динамикалық тәртіпке (Белсенді режим) немесе алдын ала анықталған Ambilight тұрақты түстерінің біреуіне қояды.
Арнайы параметр тұрақты түсті дәлдеп орнатуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы түсі
Пайдаланушы түсін орнату үшін Түс мәзіріндегі Пайдаланушы тармағын таңдаңыз.
Бөлу
Теледидардың жан-жағындағы жарықтар арасындағы түс деңгейінің айырмашылығын анықтайды.
Бөлу ажыратылғанда, Ambilight режиміне динамикалық әрі бірыңғай түс береді.
Page 64
2.4.3LoungeLight
Теледидар күту режимінде тұрғанда, Ambilight режимін қосып, бөлмеңізде Ambilight LoungeLight әсерін жасауыңызға болады.
Теледидар күту режимінде тұрғанда, Ambilight жарығын қосу үшін қашықтан басқару пультіндегі Ambilight түймесін басыңыз.
LoungeLight түстері параметрлерін өзгерту үшін Ambilight түймесін 3 секунд ұстап тұрыңыз.
Page 65
2.5DVD дискі / BD фильм дискісін көру
Диск ойнатқышын пайдалана отрып, DVD дискісін немесе Blu-ray фильм дискісін көру үшін ойнатқышты қосыңыз да, дискіні ішіне салып, ойнатқыш үстіндегі Play (Ойнату) түймесін басыңыз.DVD дискісінің / BD дискісінің суреті автоматты түрде экранда пайда болады.
Егер DVD дискісі / BD дискісінің суреті көрсетілмесе,қашықтан басқару пультінің h түймесін басып, Негізгі мәзірдің ішінен белгішені таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
DVD / BD дискісінің суреті шыққанша, бірнеше секунд күте тұрыңыз.
Егер де ойнатқыш Негізгі мәзірден әлі көрінбесе, Теледидарды пайдалану > Мәзірлер > Құрылғыларды қосу бөлімін оқыңыз.
Page 66
2.6Теледидарды сандық ресивер арқылы көру
Теледидарды кабельдік немесе спутниктік телекомпанияға жазылған сандық ресивер арқылы көретін кезде, ресиверді жалғап, ресиверді Негізгі мәзірге қосыңыз.
Негізгі мәзірге қабылдағышты қосу үшін Теледидарды пайдалану > Мәзірлер > Құрылғыларды қосу бөлімін оқыңыз.
Қабылдағыш бағдарламасын көру үшін ресиверді қосыңыз. Егер қабылдағыш бағдарламасы автоматты түрде пайда болмаса, h түймесін басып, Негізгі мәзірдегі ресивер тармағын таңдаңыз. OK түймесін басыңыз.
Теледидар арналарын таңдау үшін ресивердің қашықтан басқару пультін пайдаланыңыз.
Page 67
2.7Теледидарды жалғанған құрылғыдан көру
Жалғанған құрылғыны Source (Сигнал көздері) мәзір тармағы етіп қосқанда, оның бағдарламасын көру үшін сол құрылғыны оңай әрі бірден таңдауға болады.
Негізгі мәзірге ққұрылғыны қосу үшін Теледидарды пайдалану > Мәзірлер > Құрылғыларды қосу бөлімін оқыңыз.
Теледидарды жалғанған құрылғыдан көру үшін h түймесін басып, құрылғы тармағын Негізгі мәзірден таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
Егер жалғанған құрылғы Негізгі мәзірде болмаса, құрылғыны Сигнал көздері мәзірінен таңдаңыз.
Сигнал көздері тізімін көрсету үшін қашықтан басқару пультіндегі немесе теледидардың жанындағы s Сигнал көздері түймесін басыңыз.
Құрылғыны немесе оның коннекторын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Page 68
2.8.1Желілік теледидар артықшылықтары
Желілік теледидар теледидарыңызға арналған Интернет қызметтері мен веб адрестерді ұсынады. Теледидардың қашықтан басқару пультін Желілік ТД Интернет беттерін шолу үшін пайдаланыңыз. Сіздің барлығы экранға сәйкестендірілген фильмдерді ойнату, суреттерді көру, музыка тыңдау, ойын-сауық ақпараттық бағдарламаларын көру, ойындар ойнау және көптеген басқа мүмкіндіктеріңіз бар.
Ерекшеліктері
• Желілік ТД онлайн жүйе болғандықтан, уақыт өткен сайын қызметін арттыру мақсатында өзгертілуі мүмкін.
• Кейбір Желілік ТД қызметтері біраз уақыттан кейін қосылып, өзгертілуі немесе мүлде тоқтатылуы мүмкін.
• Желілік ТД беттерді экранды толтырып және бір уақытта тек біреуін көрсетеді.
• Файлдарды жүктеу және сақтау, сонымен қатар жалғанбалы бөлшектерді орнату мүмкін емес.
Page 69
2.8.2Қажетті құралдар
Желілік ТД қызметін пайдалану үшін теледидарды интернетке байланыс жылдамдығы жоғары маршрутизаторға жалғау керек.
Реттеу > Тор бөлімін оқыңыз.
Қосылу орындалғаннан кейін Желілік ТД экрандық реттеулерін жасау үшін Негізгі мәзірінен Желілік ТД­ды таңдаңыз.
Желілік ТД > Алғашқы пайдалану бөлімін оқыңыз.
Page 70
2.8.3Алғашқы пайдалану 1/3
Желілік ТД-ға алғаш қосылғанда теледидар Пайдалану ережелерімен келісуіңізді сұрайды. Келісіміңізді бергеннен кейін Желілік ТД-ға тіркелуіңіз керек. Тіркелуден кейін Ата-ана бақылауы реттеулерін қосуыңызға болады.
Тіркелу артықшылықтары
Желілік ТД-ға тіркелген болсаңыз, таңдаулы немесе құлыпталған деп таңдаған беттер қосымша көшірмес ретінде сақталады. Сонымен қатар, соңғы кіріп­шыққан16 веб адрес (URL) сақталады. Егер басқа Желілік ТД теледидарын сол электрондық пошта адресімен тіркесеңіз, онда дәл осы таңдауларды сол теледидарға бекітуіңізге болады. Тіркелген жағдайда, абайсыздан қайта басталған Желілік ТД-ның Тазартылған Журналға таңдауларды қайта сақтауға мүмкіндігіңіз бар.
Page 71
2.8.3Алғашқы пайдалану 2/3
Тіркелу жолы
Тіркелу үшін электрондық пошта мен Интернетке қосылған компьютер қажет болады. Егер Желілік ТД­ды алғаш рет пайдаланғанда тіркеуден өтпесеңіз, онда Бастапқы беттен кейін де тіркелуге болады.
Желілік ТД-да тіркелуді бастау үшін теледидар экранына электрондық поштаңыздың адресін енгізіңіз. Қашықтан басқару пультіндегі пернетақтаны СМС/мәтін хабарын жібергендегідей адресті енгізу үшін пайдаланыңыз. Тіркелу түймесін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Тіркелу жөніндегі электрондық хаттың Сіздің электрондық адресіңізге жіберілгені жөнінде хабар шығу керек. Компьютерден бұл хатты ашып, тіркелу формасына сілтемені басыңыз. Оны толтырып, растау түймесін басыңыз.
Теледидардан OK түймесін таңдап, Желілік ТД Бастапқы бетін ашу үшін OK түймесін басыңыз.
...
Page 72
2.8.3Алғашқы пайдалану 3/3
Ата-ана бақылау режимінің артықшылықтары
Ата-ана бақылау режимі қосулы кезде...
• қызметтерге және/немесе қызмет түрлеріне құлыптауға және оны алып тастауға болады
• балаларға қажет емес кейбір қызметтер басынан құлыптаулы болады, бірақ оларды алып тастауға болады
Ерекшеліктері
• Желілік ТД қызметтері ғана құлыпталады. Жарнама мен Интернет вебсайттарын құлыптау мүмкін емес.
• Қызметтер бүкіл бір мемлекет үшін құлыпқа салынады. Ал санаттар барлық мемлекеттер үшін құлыпталады.
Ата-ана бақылау режимін қосу
Желілік ТД Бастапқы бетін алғаш рет ашқанда, теледидар Ата-ана бақылау режимін қосуды сұрайды. Сіз оны қосқан жағдайда теледидар жеке құлыпты салу/алу кодын енгізуді сұрайды. 4 саннан құралған кодты Желілік ТД құлпын салу/алу коды ретінде енгізіңіз.. Қашықтан басқару пультін пайдаланыңыз. Сол кодты қайта енгізіп, растаңыз.
Желілік ТД пайдалануға дайын.
Page 73
2.8.4Желілік теледидар шолуы 1/6
Желілік ТД-ны қарау үшін, Пайдаланушы Нұсқаулығын жауып, қашықтан басқару пультіндегі Желілік ТД түймесін басыңыз немесе Негізгі мәзірінен Желілік ТД-ны қарауды таңдап, OK түймесін басыңыз.Теледидар Желілік ТД-ға қосылып, оның Бастапқы бетін ашады.
Желілік ТД-дан шығу үшін Желілік ТД түймесін қайтадан басыңыз немесе h түймесін басып, басқа әрекет таңдаңыз.
...
Page 74
2.8.4Net TV шолуы 2/6
Желілік ТД Бастапқы беті
Желілік ТД Бастапқы беті Сіздің таңдаулы қызметтерді және көруге ұсынылған қызметтерді көрсетеді. Желілік ТД-ны осы беттен ақтарып көруге болады.
Желілік ТД қызметін u немесе v, w немесе x түймелерімен таңдаңыз. Қызметті ашу үшін OK түймесін басыңыз.
Бір бетке кері қайту үшін Back (Артқа) b түймесін басыңыз.
Желілік ТД Бастапқы бетіне қайту үшін Желілік ТД түймесін басыңыз.
Барлығын шолу беті
Барлығын шолу беті барлық қызметтерді қамтиды.
Барлығын шолу бетінде Желілік ТД қызметтерін санаттары бойынша көруге болады. Санатты таңдап OK түймесін басыңыз.
Басқа мемлекетті шолу
Барлығын шолу бетінде Желілік ТД мемлекетін қосуға болады. Басқа мемлекетте өзге қызметтер болуы мүмкін.
Шолу: ... түймесін таңдап, басқа мемлекетті таңдаңыз да OK түймесін басыңыз.
...
Page 75
2.8.4Net TV шолуы 3/6
Таңдаулы қызметтерді белгілеу
12 таңдаулы қызметке дейін белгілеуге болады.
Қызметті таңдаулы деп белгілеу үшін қызмет белгішесін таңдап Options (Параметрлер) o түймесін басыңыз. Таңдаулы қызметті белгілеу тармағын таңдап, OK түймесін басу керек.
Сіздің барлық таңдаулы қызметтеріңіздің тізімі Желілік ТД Бастапқы бетінде көрсетілген. Барлығын шолу бетінде Таңдаулы қызметтер F жұлдызшасымен белгіленген .
Параметрлер мәзірін белгіні алып тастау үшін пайдаланады.
Бірнеше қызметті бірден таңдаулы деп белгілеу үшін Желілік ТД Бастапқы бетінде немесе Барлығын шолу бетінде Таңдаулы қызметтерді белгілеу тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.Енді Сіздің қызметтерді бірінен кейін бірін OK түймесін басу арқылы таңдап белгілеуге мүмкіндігіңіз бар. Қажет болса, Барлығын қарау бетіне көшуге болады. Таңдаулы қызметтерді белгілеу режимін аяқтау үшін Дайын дегенді таңдап,OK түймесін басыңыз.
Желілік ТД қызметтері ғана таңдаулы деп белгіленеді. Жарнама мен Интернет вебсайттарын белгілеу мүмкін емес.
...
Page 76
2.8.4Net TV шолуы 4/6
Интернет вебсайттарын ашу
Желілік ТД көмегімен Интернетке қосылу мүмкіндігіңіз бар. Қалауыңызға сай кез-келген вебсайтты көруіңізге болады, бірақ көптеген сайттардың теледидар экранында көруге бейімделмегенін және кейбір қажетті қосымша құралдардың (мыс. беттер немесе бейнежазбаларды көруге арналған) теледидарда жоқ екенін есте сақтаған жөн.
Ашық Интернетке кіру
Барлығын шолу бетінде Веб адресі бойынша кіру дегенді таңдап, OK түймесін басыңыз. Экрандағы пернетақта көмегімен кез-келген адресті енгізуге болады. Адресті енгізу үшін таңбаны таңдап, OK түймесін басыңыз.
Ашық Интернет бетінде кіруге болатын сілтемеге кіру үшін u немесе v, w немесе x түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін сілтемеге өту үшін OK түймесін басыңыз.
...
Page 77
2.8.4Net TV шолуы 5/6
Ашық Интернет беттерін жоғары-төмен жылжыту
P - және + түймелерін беттерді жоғары немесетөмен жылжыту үшін пайдаланыңыз.
Ашық Интернет беттерінің масштабын өзгерту
Ашық Интернет беттерінің масштабьн азайту немесе үлкейтуіңізге болады. Ол үшін Формат f түймесін басыңыз.
Масштабты азайтып немесе үлкейту үшін жоғары немесе төмен бағыт көрсеткіштерін пайдаланыңыз.
...
Page 78
2.8.4Net TV шолуы 6/6
Журналды тазалау
Net TV жадын босатуыңызға болады.
Ата-ана бақылау режимінің кодын, жасырынды сөздерін, ашылған беттер журналын тазарту үшін h > Реттеу > Орнату > Желілік ТД жадын тазарту тармағын басыңыз.
Koninklijke Philips Electronics N.V. компаниясы мазмұн қызметін ұсынушылар берген мазмұн мен мазмұнның сапасына жауап бермейді.
Page 79
2.8.5Желілік ТД - теледидар анықтамалығы
Желілік ТД-ға қосылған сәттен бастап, Интернеттен ТД бағдарламалары жөнінде анықтамалық ақпарат келе бастайды. Дегенмен, осы ТД бағдарламалары жөнінде анықтамалық ақпаратты сандық хабар таратушыдан алуға болады.
Пайдаланушы нұсқаулығын жауып, h > Реттеу > IОрнату > Таңдауларым > Бағдарлама нұсқаулығы тармағын таңдаңыз да Хабар таратушы түймесін басыңыз.
Бұл екі жағдайда да Philips компаниясы ТД бағдарламалары жөнінде анықтамалық ақпаратты үшін жауапты емес.
Page 80
2.8.6Ата-ана бақылау режимі 1/3
Желілік ТД-дағы Ата-ана бақылау режимі көмегімен Желілік ТД қызметтері мен олардың санаттарын құлыптауға болады. Қызмет құлыптаулы тұрса, оны немесе санатты ашу үшін кодты енгізу керек.
Қызметті құлыпқа жабу үшін Ата-ана бақылау режимі қосылып тұру керек. Ол Желілік ТД арқылы Интернетке шыққанда құлып белгішесі шыққанда қосылады
Ата-ана бақылау режимін қосу
Егер де Ата-ана бақылау режимін әлі қоспаған болсаңыз, мына нұсқаулықты жауып, Желілік ТД түймесін басыңыз. Желілік ТД Бастапқы беті экранға шыққанда Options (Параметрлер) o түймесін басып, Ата-ана бақылау режимін қосуды таңдаңыз. Теледидар құлыпты салу/ашудың жеке кодын сұрайды. 4 санды кодты құлыпты салу/ашу үшін енгізіңіз.Қашықтан басқару пультінің сандар түймелерін пайдаланыңыз. Растау үшін дәл осы кодты қайта енгізіңіз.
...
Page 81
2.8.6Ата-ана бақылау режимі 2/3
Қызмет немесе категорияға құлып салу/ашу
Желілік ТД Бастапқы бетінде немесе Барлығын шолу бетінде кез-келген қызмет немесе санатты таңдаңыз. Options (Параметрлер) o түймесін басыңыз, сосын Қызметті құлыптау тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Қызметтер затбелгісінің жоғарғы жағында құлыптың белгішесі шыққанда бұл қызмет құлыпталады.
Құлыпты ашу
Қызмет немесе санаттың құлпын алу үшін кез­келген қызметті таңдап, Параметрлер o мәзірінен Құлыпты ашу тармағын таңдаңыз..
Ерекшеліктері
• Желілік ТД қызметтері ғана құлыпталады. Жарнама мен Интернет вебсайттарын құлыптау мүмкін емес.
• Қызметтер бүкіл бір мемлекет үшін құлыпқа салынады. Ал санаттар барлық мемлекеттер үшін құлыпталады.
• Желілік ТД-дағы Ата-ана бақылау режиміне қосудың коды мен теледидардағы балалардан қорғау коды бөлек кодтар болып табылады.
• Желілік ТД-ды тіркегеннен кейін Параметрлер мәзірінен Ата-ана бақылау режимін өшіргенде барлық құлыптар сақталынып, сосын оны қайта қосқанда ол құлыптар пайдалануға дайын болады.
...
Page 82
2.8.6Ата-ана бақылау режимі 3/3
Кодыңызды ұмытып қалдыңыз ба?
Ата-ана бақылау режимін қосудың кодын ұмытқан жағдайда Желілік ТД жадысын тазартып жаңа код енгізуіңізге болады.
Теледидарды пайдалану > Желілік ТД > Журналды тазарту тарауын оқыңыз.
Page 83
2.8.7Журналды тазалау
Ескерту
Желілік ТД жадын Журналды тазарту арқылы тазалаған жағдайда Желілік ТД-ға келесі қосылғанда қайта тіркелуден өту керек.Бұдан бұрын тіркелген болсаңыз, алғашқы таңдаулы қызметтер мен сол кездегі құлыптар кодтарын қалпына келтіруге болады.

Журналды тазалау

Net TV жадын босатуыңызға болады.
Ата-ана бақылау режимінің кодын, жасырынды сөздерін, ашылған беттер журналын тазарту үшін h > Реттеу > Орнату > Желілік ТД жадын тазарту тармағын басыңыз.
Page 84
3.1.1Телемәтін бетін таңдау
Көп телеарналар телемәтін арқылы ақпарат таратады.
Теледидарды көріп отырғанда, Teletext түймесін басыңыз.
Телемәтіннен шығу үшін Teletext түймесін қайтадан басыңыз.
Бетті таңдау үшін …
• Бет нөмірін санды түймелермен енгізіңіз.
• Келесі немесе алдыңғы бетті көру үшін P +/- немесе u не v не болмаса b түймесін басыңыз..
• Экранның төменгі жағындағы түспен кодталған тармақты таңдау үшін түрлі түсті түйменің біреуін басыңыз.
Page 85
3.1.2Телемәтін тілін таңдау
Кейбір сандық телехабар таратушыларда бірнеше телемәтін тілдері бар. Бірінші және екінші тілді таңдауыңызға болады.
h> Реттеу > Орнату > Тіл > Негізгі немесе Қосымша телемәтін параметрін басып, қажетті телемәтін тілдерін таңдаңыз.
Page 86
3.1.3Телемәтіннің ішкі беттерін таңдау
Телемәтіннің бет нөмірінде бірнеше ішкі беттер болады.
Беттер негізгі бет нөмірінің жанындағы жолақтан көрсетіледі.
Телемәтін бетінде ішкі беттер болған кезде, оларды таңдау үшін w немесе x түймесін пайдаланыңыз.
Page 87
3.1.4T.O.P. телемәтінін таңдау
Бет нөмірлерін пайдаланбай, T.O.P. телемәтінінің көмегімен бір тақырыптан екіншісіне оңай өтуіңізге болады.
Арналардың барлығы T.O.P. телемәтінін таратпайды.
Телемәтін қосылып тұрғанда, Info (Ақпарат) i түймесін басыңыз..
T.O.P. шолуы шығады.
Тақырыпты таңдап, бетті көру үшін OK түймесін басыңыз.
Page 88

3.1.5Телемәтінді іздеу

Телемәтін режимінде бет нөмірлері қатарымен байланысқан тақырыпқа жылдам өтуіңізге болады. Сондай-ақ, телемәтін беттерінен кейбір сөздерді іздеуіңізге болады.
Телемәтінді қосып, OK түймесін басыңыз. Беттің бірінші беті немесе бірінші индекс нөмірі экранда ерекшеленеді.
Беттегі келесі сөзге немесе санға w немесе x, u немесе v түймесінің көмегімен өтіңіз.
Ерекшеленген сөзі немесе саны бар бетті іздеу үшін OK түймесін басыңыз.
OK түймесі әр басылған сайын, ерекшеленген сөзі немесе саны бар келесі бет көрсетіліп отырады.
Іздеу бөлімінен шығу үшін ешқандай сөз немесе сан ерекшеленбегенге дейін u түймесін басыңыз.
Page 89
3.1.6Телемәтін опциялары 1/2
Телемәтін режимінде жасырын ақпаратты көрсету, ішкі беттерді автоматты түрде айналдыру, таңба параметрін өзгерту, телемәтін бетін қатыру, телеарнаны мен телемәтінді бір экраннан көру немесе телемәтін бетін толық экранда көрсету үшін қашықтан басқару пультіндегі Options (Параметрлер) o түймесін қайтадан басыңыз.
Бетті қатыру
Бет нөмірін дұрыс енгізбегенде немесе бет болмағанда, ішкі беттердің автоматты айналуын тоқтатыңыз немесе бет санауышын тоқтатыңыз.
Қос экран / Толық экран
Сандық мәтін қызметтері бар арналарға қолданылмайды.
Телеарна мен телемәтінді бір экраннан көру үшін Қос экран параметрін таңдаңыз.
Телемәтінді толық экранда қайта көрсету үшін Толық экран параметрін таңдаңыз.
Көрсету
Жұмбақтардың немесе бас қатырғыштардың шешімдері сияқты беттегі жасырын ақпаратты жасырыңыз немесе көрсетіңіз.
...
Page 90
3.1.6Телемәтін опциялары 2/2
Ішкі беттер циклы
Егер таңдалған бетте ішкі беттер болса, ішкі беттерді автоматты түрде айналдыруыңызға болады.
Тіл
Кейбір тілдерде басқаша таңбалар жиыны пайдаланылады. Мәтін дұрыс көріну үшін басқа таңбалар тобына ауысыңыз.
Телемәтін бетін үлкейту
Оқуға қолайлырақ болу үшін телемәтін бетін үлкейтуіңізге болады.
Телемәтін режимінде беттің жоғарғы жағын үлкейту үшін f түймесін және беттің төменгі жағын үлкейтіп көру үшін f түймесін қайтадан басыңыз. u немесе v түймесі арқылы үлкейтілген беттің бойымен жылжуға болады.
Қалыпты бет өлшеміне қайтару үшін f түймесін қайтадан басыңыз.
Page 91
3.1.7Сандық мәтін (тек Ұлыбритания үшін)
Кейбір сандық телехабар таратушылар, мысалы, BBC1, өз арналарында арнаулы сандық мәтін немесе интерактивті қызметтер ұсынады. Бұл қызметтердің ішіне саны бар әдеттегі телемәтін, таңдауға және жылжуға арналған түрлі түсті және жылжу түймелері кіреді.
Теледидарды көріп отырғанда, Teletext түймесін басып, тармақтарды таңдау немесе ерекшелеу үшін жылжыңыз.
Опцияны таңдау үшін түрлі түсті түймелерді пайдаланып, растау немесе іске қосу үшін OK түймесін басыңыз.
Сандық мәтіннен немесе интерактивті қызметтерден бас тарту үшін S түймесін басыңыз.
Субтитрлер станциядан таратылғанда және Мүмкіндіктер мәзірінде Субтитр қосылғанда, сандық мәтін қызметтері кілттеніп қалады.
Субтитрлер және тілдер > Субтитрлер бөлімін оқыңыз.
Page 92
3.1.8Телемәтін 2.5
Телеарна таратқан жағдайда, телемәтін 2.5 көбірек түстер мен жақсартылған графика мүмкіндіктерін ұсынады.
Телемәтін 2.5 стандартты зауыттық параметр ретінде қосылады.
Оны өшіру үшін h > Реттеу > Орнату > Басымдықтар > Телемәтін 2.5 параметрін таңдаңыз.
Page 93
3.2Таңдаулы арналар
Орнатып болған соң, барлық теле және радиоарналар Арналар кестесіне қосылады.
Бұл кестеден арналарды таңдаулы арналар етіп белгілеп, Арналар кестесін сол таңдаулы арналарды ғана көрсететін етіп қоюыңызға болады.
Теледидарды көріп отырған кезде, Арналар кестесін ашу үшін OK түймесін басыңыз. Арна таңдалған кезде, Options (Параметрлер) o түймесін басыңыз. Ерекшеленген арнаны таңдаулы арна етіп белгәлеу үшін Таңдаулы етіп белгілеу параметрін таңдаңыз. Таңдаулы арналар F таңбасымен белгіленеді. Таңдаулы арнаның белгісін Таңдаулы белгісін алу параметрімен алыңыз.
Тізімді таңдау
Channel overview (Арналар кестесі) ішіндегі Select list (Тізімді таңдау) тармағының көмегімен тек таңдаулы арналарыңызды көрсететін кестені орната аласыз.
Теледидарды пайдалану> Мәзірлер > Арналарды шолу тарауын оқыңыз.
Page 94
3.3.1Бағдарлама нұсқаулығы 1/3
Бағдарлама нұсқаулығы дегеніміз - жоспарланған теледидар бағдарламаларының экрандағы нұсқаулығы. Бұл нұсқаулықты хабар таратушылар немесе Net TV қызметі ұсынады. Бір бағдарлама басталғанда есіңізге салатын хабарлама көрсетілу үшін еске салу орнатуыңызға немесе бағдарламаларды жанры бойынша таңдауыңызға болады.
Теледидарды көріп отырған кезде, Бағдарлама нұсқаулығын ашу үшін Guide (Нұсқаулық) g түймесін басыңыз. Егер бар болса, ағымдағы теледидар бағдарламаларының тізімі шығады. Бұл ақпарат жүктелу үшін біраз уақыт кетуі мүмкін.
Бағдарлама нұсқаулығынан шығу үшін Guide (Нұсқаулық) g түймесін басыңыз.
...
Page 95
3.3.1Бағдарлама нұсқаулығы 2/3
Бағдарламаны таңдау үшін тізімнің бойымен жылжыңыз.
Info (Ақпарат) i
Бағдарлама туралы мәліметтерді және қысқаша ақпаратты ашу үшін Info (Ақпарат) i түймесін басыңыз.
Бағдарлама басталғанда экранда хабарлама көрсетілу үшін Еске салуды орнату параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. Бағдарлама © таңбасымен белгіленеді. Хабарламадан бас тарту үшін Еске салуды өшіру параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. Бағдарламаның телеарнасына тікелей ауысу үшін Арнаны көру параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Options (Параметрлер мәзірі) o
Бағдарлама нұсқаулығы тізімінде төмендегілерді таңдау үшін Options (Параметрлер) o түймесін басыңыз …
• Еске салуды орнату
Егер еске салу орнатылса, Жоспарланған еске салулар опциясы барлық еске салулар тізімінде болады.
• Күнді өзгерту
Алдыңғы немесе келесі күнгі бағдарламаларды көріңіз.
• Қосымша ақпарат
Бағдарлама туралы мәліметтер мен қысқаша сипаттамасы бар ақпараттық экранды ашады.
...
Page 96
3.3.1Бағдарлама нұсқаулығы 3/3
• Жанр бойынша іздеу
Барлық бағдарламаларды жанры бойынша көріңіз. Қосымша ақпарат алу немесе еске салу орнатуды үшін бір бағдарламаны таңдап, Info (Ақпарат) i түймесін басыңыз.
• Қажетті бағдарламалардың тізімі
Арналарды Бағдарлама нұсқаулығы тізіміне шығатын етіңіз (ең көп 50 арна).
Ерекшеліктері
Бағдарлама нұсқаулығы туралы ақпаратты хабар таратушысы немесе оператор қамтамасыз ететін болса, арналар кестесінен тыс алғашқы 40 арна Бағдарлама нұсқаулығында көрсетіледі. Тағы 10 арна қосуға болады.
Кейбір хабар таратушылары немесе операторлары алғашқы 170 арнаны көрсетуі мүмкін және тағы 10 арна қосуға болады. Бұндай жағдайда, Бағдарлама нұсқаулығы бүгін және келесі үш күн үшін бағдарламаларды жоспарлайды.
Page 97
3.3.2Орнату
Бағдарлама нұсқаулығы туралы ақпарат түсетін орынды таңдау үшін h > Реттеу > Орнату > Параметрлер > Бағдарлама нұсқаулығы тармағын басыңыз.
Желіден
NetTV қызметіне қосылғанға дейін нұсқаулық туралы ақпарат хабар таратушысынан келеді. Теледидар Net TV қызметіне қосылғанда, Желіден параметрі нұсқаулық туралы ақпарат алу үшін интернетке қосылады.
Хабар таратушысынан
Нұсқаулық туралы ақпарат хабар таратушысынан немесе оператордан келеді.
Page 98
3.4.1Түнгі таймер
Түнгі таймер көмегімен теледидарды арнайы уақытта күту режиміне қосуыңызға болады.
Пайдаланушы нұсқаулығын жауып, h > Setup (Реттеу) > Features (Мүмкіндіктер) > Sleeptimer (Түнгі таймер) параметрін таңдаңыз.
Түнгі таймер жолағымен уақытты 5 мин. қадаммен 180 мин. дейін орнатуға болады.
Нөл минутқа қойылса, түнгі таймер өшеді.
Кері санау кезінде теледидарды ертерек өшіруіңізге немесе уақытты нөлдеуіңізге болады.
Page 99
3.4.2Балалардан қорғау 1/2
Балалардың теледидарды көруіне жол бермеу үшін теледидарды құлыптауыңызға немесе арнайы жасқа арналған бағдарламаларды кілттеп қоюыңызға болады.
Жеке кодты орнату
Теледидарды құлыптау үшін балалардан қорғау параметрін орнатудан немесе жас деңгейін қоюдан бұрын, жеке кодыңызды h > Setup (Реттеу) > Features (Мүмкіндіктер) > Set code (Кодты орнату) параметрі арқылы орнатыңыз.
Төрт таңбалы кодты санды түймелермен енгізіңіз.
Кодты әрқашан қажетінше өзгертуіңізге болады.

Балалардан қорғау

Барлық арналар мен бағдарламаларды құрылғылардан құлыптау үшін балалардан қорғау параметрі ретінде Құлып параметрін таңдаңыз.
Құлып орнатылғанда, сізге теледидарды құлыптан ашу үшін жеке кодыңызды енгізу керек.
Экрандағы мәзірді жапқан немесе теледидарды күту режиміне қойған кезде, құлып іске қосылады.
...
Page 100
3.4.2Балалардан қорғау 2/2
Ата-аналық құлып деңгейі
Ата-ана бақылау режимі деңгейінің жас тізіміне бір жасты белгілеу үшін балалардан қорғау параметрі ретінде Ата-ана бақылау режимі деңгейі тармағын таңдаңыз. Балаңыздың жасын белгілеңіз. Құлып деңгейі сәйкес немесе жоғары бағдарламалар құлыптанады.
Осы тізімнен жас деңгейін қою үшін Қосымша ақпарат > Таймерлер және құлыптар > Жас деңгейі бөлімін оқыңыз.
Кодты ұмыттыңыз ба?
Құлыпты шешу кодын ұмытқан болсаңыз, еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін теледидармен қоса келген құжаттамада немесе «www.philips.com/support» веб-торабынан табуға болады.
Алдымен h > Setup > Features > Change code (> Реттеу > Мүмкіндіктер > Кодты өзгерту) параметрін таңдап, қызмет көрсету орталығынан алған негізгі кодты енгізіңіз. Жеке жаңа кодты енгізіп, растаңыз. Алдыңғы код өшіріліп, жаңа код сақталады.
Loading...