Пернелер мен бөліктер5
SIM картасы мен батареяны салу5
Жад картасын салу7
Батареяны зарядтау8
Бау тағу9
Телефонды қосу немесе өшіру9
GSM антеннасы10
Негізгі қолданыс10
Қатынас кодтары10
Пернелерді және экранды құлыптау
немесе ашу 11
Сенсорлық экран әрекеттері11
Қолданбаны ашу немесе мүмкіндікті
қосу үшін жанап өту13
Индикаторлар13
Ескі телефондағы контактілерді
немесе хабарларды көшіру13
Қоңыраудың, әннің немесе
бейненің дауыс күшін өзгерту14
Қоңыраулар14
Қоңырау шалу14
Соңғы терілген нөмірге қоңырау
шалу15
Қабылданбаған қоңырауларды
көру15
Контактілер15
Ат пен телефон нөмірін сақтаңыз15
Нөмірді жылдам теруді пайдалану 16
Мәтін жазу16
Мәтін енгізу режимдерін ауыстырып
қосу16
Әдеттегі мәтін енгізу әдісімен жазу 17
Пошта туралы ақпарат30
Пошта жіберу30
Поштаны оқу және оған жауап
беру30
Чат туралы30
Достармен чат арқылы сөйлесу31
Карталар31
Карталар туралы31
Қазіргі орналасқан жерді картадан
көру32
Орынды табу32
Орналасқан жерді немесе орынды
ортақ пайдалану33
Жаяу жүру жолын жасау33
Nokia Ovi қызметтері33
Nokia Ovi қызметтерінің қол
жетімділігі және бағалары33
Nokia Ovi қызметтеріне қол жеткізу 34
Анықтама іздеу34
Қолдау34
Кеңестер мен ұсыныстар қызметіне
жазылыңыз34
Телефонды жаңартып тұру34
Қоршаған ортаны қорғау37
Қуатты үнемдеу37
Қайта өңдеу37
Мазмұны3
Өнім және қауіпсіздік туралы
ақпарат38
Тақырыптар тізімі45
Page 4
4Қауіпсіздік
Қауіпсіздік
Мына жай нұсқауларды оқыңыз. Бұларды қадағаламау қауіпті немесе заңсыз
болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты толық пайдаланушы нұсқаулығынан оқыңыз.
ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ
Мобильді телефонды қолдануға рұқсат берілмегенде немесе ол кедергі
мен қауіп-қатер тудырған жағдайда (мысалы, ұшақта, емханаларда
немесе медициналық жабдықтың, жанармайдың, химиялық заттардың
немесе жарылысқа жақын жерлерде), құрылғыны өшіріңіз. Тыйым
салынған жерлердегі нұсқаулардың барлығын орындаңыз.
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДАУ БОЛУЫ ТИІС
Жергілікті жердің барлық талаптарын орындаңыз. Әрқашан көлік
жүргізу кезінде қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі бірінші
ескеретініңіз жол қауіпсіздігі болуы тиіс.
КЕДЕРГІЛЕР
Барлық сымсыз құрылғылардың жұмысының орындалуына кедергілер
әсер етуі мүмкін.
МАМАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ
Бұл құрылғыны тек маманданған қызметкерлер ғана орнатуы немесе
жөндеуі тиіс.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚҰРҒАҚ САҚТАҢЫЗ
Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Мұны құрғақ күйде сақтаңыз.
ҚҰЛАҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ
Құлақаспапты орташа деңгейде тыңдап, дауыс зорайтқышты
пайдаланғанда құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Page 5
Жұмысты бастау5
Жұмысты бастау
Пернелер мен бөліктер
1 Дисплей
2 Қоңырау пернесі
3 Пернетақта
4 Құлақаспап
5 Қол бауына арналған тесік
6 Дыбыс деңгейін арттыру/жақындату пернесі
7 Дыбыс деңгейін төмендету/кішірейту пернесі
8 Блоктауды ауыстыру пернесі
9 Аяқтау/Қуат пернесі
10 Микрофон
11 Nokia AV коннекторы (3,5 мм)
12 Micro-USB коннекторы
13 Зарядтағыштың коннекторы
14 Камера линзасы. Камераны пайдаланудан бұрын, линзалардан қорғаныш
таспасын алып тастаңыз.
15 Дауыс зорайтқыш
SIM картасы мен батареяны салу
Ескерім: Қақпақтарын шешпестен бұрын құрылғыны өшіріп, зарядтағышты
және басқа да құрылғыларды ажыратыңыз. Қабын ауыстыру кезінде электрондық
Page 6
6Жұмысты бастау
құрам бөліктерді ұстаудан абай болыңыз. Құрылғыны әрқашан қабымен ұстай
отырып қолданыңыз
Маңызды: Шағын UICC SIM картасын (Micro SIM картасы деп те аталады),
адаптерге салынған Micro SIM картасын немесе шағын UICC картасына арналған
ойығы (суретті қараңыз) бар SIM картасын бұл құрылғыда пайдалануға
болмайды. Micro SIM картасы стандартты SIM картасынан кішірек болады. Бұл
құрылғы шағын SIM картасының пайдаланылуына қолдау көрсетпейді, ал
үйлеспейтін SIM картасын қолдану картаны немесе құрылғыны зақымдап, онда
сақталған деректерге нұқсан келтіруі мүмкін.
Маңызды: SIM-картаға зиян келтірудің алдын алу үшін, әрқашан картаны
салудан немесе алудан бұрын батареяны алыңыз.
Бұл телефон келесімен бірге пайдалануға арналған BL-5C батареясымен
пайдалануға арналған. Әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды
пайдаланыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді,
сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
1 Саусауғыңызды телефонның үстіңгі жағында тесікке салып, артқы қақпақты
(1) жайлап көтеріп, алыңыз. Батарея салынған болса, оны көтеріп шығарыңыз
(2).
2 SIM карта ұстауышын ашып (3), SIM картасын салыңыз немесе шығарыңыз
(4 немесе 5). Картаның түйіспе аймағы төмен қаратылғанын тексеріңіз.
Page 7
Жұмысты бастау7
3 Батареяның контактісін және батарея бөлімін дұрыстап түзетіп, батареяны
салыңыз (6). Артқы қақпақты ауыстыру үшін, төменгі құлыптайтын
бекітпелерді слотқа (7) қарай бағыттаңыз және қақпақ орнына (8) түскенге
дейін басыңыз.
Жад картасын салу
Осы құрылғымен тек Nokia мақұлдаған жад карталарын қолданыңыз. Сәйкес
келмейтін карталар құрылғыға және картаға нұқсан келтіреді және ондағы
деректерді жойып жіберуі мүмкін.
Телефон сыйымдылығы келесіге дейінгі жад карталарын қолдайды 32 ГБ.
Page 8
8Жұмысты бастау
1 Телефонды өшіріп, артқы қақпақ пен батареяны алыңыз.
2 Жад картасының ұстауышын босату үшін ұстауышты ұстауыштағы көрсеткі
нұсқаған бағытта сырғытыңыз. Жад картасының ұстауышын (1) көтеріңіз.
3 Үйлесімді жад картасын салыңыз. Картаның контакт беті төмен
қаратылғанына көз жеткізіңіз (2).
4 Жад картасының ұстауышын (3) түсіріңіз.
5 Жад картасының ұстауышын бекіту үшін, ұстауышты бастапқы қалпына (4)
жылжытыңыз.
Жад картасын шығару
1 Телефонды өшіріңіз.
2 Артқы қақпақ пен батареяны алыңыз.
3 Жад картасының ұстауышын босату үшін ұстауышты ұстауыштағы көрсеткі
нұсқаған бағытта сырғытыңыз. Жад картасының ұстауышын көтеріңіз де, жад
картасын алыңыз.
Батареяны зарядтау
Батарея зауытта ішінара зарядталды, бірақ телефонды бірінші рет қосу алдында
оны қайта зарядтау керек. Телефон төмен зарядты көрсетсе, келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1 Зарядтау құрылғысын қабырға розеткасына қосыңыз.
2 Зарядтағышты телефонға қосыңыз.
3 Телефон толық зарядты көрсеткенде, зарядтағышты телефоннан, содан
кейін розеткадан ажыратыңыз.
Батареяны нақты уақыт аралығы бойы зарядтау қажет емес, әрі телефонды
зарядтау кезінде пайдалануға болады.
Егер батарея заряды толығымен таусылған болса, зарядтау көрсеткіші
шыққанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут өтуі мүмкін.
Page 9
Жұмысты бастау9
Ұзақ уақыт пайдаланылмаған болса, батареяны зарядтау үшін зарядтағышты
жалғау, одан кейін ажыратып, қайта жалғау қажет болуы мүмкін.
Бау тағу
Баулар бөлек ұсынылуы мүмкін.
Телефонды қосу немесе өшіру
қуат түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Провайдерден конфигурация параметрлерін алу сұралуы мүмкін. Осы желі
қызметі туралы қосымша ақпаратты желі қызметінің провайдерінен алыңыз.
Page 10
10Негізгі қолданыс
GSM антеннасы
Антенна аймағы белгіленеді.
Антенна пайдаланылып жатқанда, антенна аймағын ұстамаңыз. Антеннаны ұстау
байланыс сапасына әсер етіп, жоғары қуатпен жұмыс істейтіндіктен батареяның
зарядын азайтуы мүмкін.
Негізгі қолданыс
Қатынас кодтары
PIN немесе PIN2
коды
(4-8 сан)
PUK немесе PUK2
коды
(8 сан)
IMEI нөмірі
(15 сан)
Бұл SIM картасын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды
немесе кейбір мүмкіндіктерді пайдалану үшін талап етіледі.
Қосқан кезде құрылғы PIN кодын сұрайтын етіп реттеуге
болады.
Егер кодтар SIM картасымен бірге берілмесе немесе оны
ұмытып қалсаңыз, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Егер кодты үш рет қатар қате енгізсеңіз, кодтың құлпын PUK
немесе PUK2 коды арқылы ашу керек болады.
Бұлар PIN немесе PIN2 кодының құлпын ашу үшін қажет.
SIM картасымен берілмеген болса, қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
Бұл желідегі жарамды құрылғыларды анықтау үшін
қолданылады. Бұл санды (мысалы, ұрланған
құрылғыларды) құлыптау үшін де пайдалануға болады.
Page 11
Негізгі қолданыс11
IMEI нөміріңізді көру үшін, *#06# нөміріне қоңырау
шалыңыз.
Құлыптау коды
(қауіпсіздік коды)
(ең азы — 4 сан
немесе таңба)
Пернелерді және экранды құлыптау немесе ашу
Телефон қалтада немесе сөмкеде болғанда кездейсоқ қоңырау соғуды
болдырмау үшін телефон пернелерін және экранын құлыптаңыз.
Пернені құлыптау қосқышын сырғытыңыз.
Кеңес: Пернелерді құлыптау қосқышы қолда жоқ болса, пернелер мен экранды
ашу үшін аяқтау пернесін басып, Ағыту пәрменін таңдаңыз.
Сенсорлық экран әрекеттері
Сенсорлық экран пайдаланушылық интерфейсімен өзара әрекеттесуіі үшін
экранды түртіңіз немесе түртіп, басып тұрыңыз.
Қолданбаны немесе басқа экран элементін ашу
Қолданбаны немесе элементті түртіңіз.
Элементтің опцияларына кіру
Элементті түртіп, басып тұрыңыз. Қол жетімді опциялары бар қалқымалы мәзір
ашылады.
Бұл құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға
көмектеседі.
Құрылғыны өзіңіз орнатқан құлыптау кодын сұрайтын етіп
реттеуге болады. Әдепкі құлыптау коды — 12345.
Кодыңызды құпиялы, құрылғыңыздан бөлек жерде
сақтаңыз.
Кодты ұмытып, құрылғыңыз құлыптанса, құрылғыны
жөндеу қажет болады. Сізден қосымша ақы алынуы және
бүкіл жеке деректеріңіз құрылғыңыздан жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін, Nokia Care қызметіне немесе
құрылғының сатушысына хабарласыңыз.
Page 12
12Негізгі қолданыс
Тізімде немесе мәзірде жылжу
Саусақты экранға қойып, оны экранда тез жоғары немесе төмен сырғытыңыз,
содан кейін саусақты көтеріңіз. Экранның мазмұны жіберу сәтінде болған
жылдамдықпен және бағытта жылжытылады. Жылжымалы тізімде элементті
таңдау және қозғалысты тоқтату үшін элементті түртіңіз.
Көлденеңінен беттеу
Саусақты экранға қойып, саусақты бірқалыпты қалаған бағытта сырғытыңыз.
Page 13
Негізгі қолданыс13
Қолданбаны ашу немесе мүмкіндікті қосу үшін жанап өту
Бастапқы экранда солға немесе оңға жанап өткенде, қолданбаларды ашуға
немесе мүмкіндіктерді қосуға болады.
Жанап өту әрекетіне функцияны немесе мүмкіндікті тағайындау
Мәзір > Параметрлер > Сілтемелерім > Жанап өту қимыл. таңдап, жанап өту
бағыты мен қажетті функцияны немесе мүмкіндікті таңдаңыз.
Индикаторлар
Оқылмаған хабарлар бар.
Жіберілген, бас тартылған немесе жіберілмеген хабарлар бар.
Пернетақта құлыптаулы.
Телефон қоңырауы келген қоңырауларға немесе хабарларға
қосылмайды.
немесе Телефон GPRS немесе EGPRS желісінде тіркелген.
немесе GPRS немесе EGPRS байланысы ашық.
немесе GPRS немесе EGPRS байланысы кідірілген (ұсталып тұр).
Оятар дабылы орнатылған.
Bluetooth іске қосылған.
Барлық кіріс қоңыраулары басқа нөмірге бұрылған.
Ағымдағы белсенді профиль белгіленген.
Телефонға құлақаспап қосылған.
Телефон USB деректер кабелін пайдаланып басқа құрылғыға
қосылған.
Ескі телефондағы контактілерді немесе хабарларды көшіру
Алдыңғы үйлесімді Nokia телефонынан мазмұнды көшіріп, жаңа телефонды тез
пайдаланғыңыз келе ме? Сіз, мысалы, контактілерді, күнтізбе жазбаларын және
хабарларды жаңа телефонға тегін көшіре аласыз.
Page 14
14Қоңыраулар
1 Екі телефонда да Bluetooth функциясын белсендіріңіз.
Мәзір > Параметрлер > Байл. мүмкіндігі > Bluetooth таңдаңыз.
2 Мәзір > Параметрлер > Қад. ж/е с. көш. таңдаңыз.
3 Телеф. қосқышы > Ішіне көшіру таңдаңыз.
4 Көшіру керек мазмұнды және Орнд-ы опциясын таңдаңыз.
5 Тізімде алдыңғы телефонды таңдаңыз.
6 Егер екінші телефон кілтсөзді талап етсе, кілтсөзді енгізіңіз. Өзіңіз анықтай
алатын кілтсөзді екі телефонда да енгізу керек. Кейбір телефондардағы
кілтсөз бекітілген. Мәліметтер алу үшін екінші телефонның пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін жарамды.
7 Нұсқау берілсе, байланыс және көшіру сұрауларына рұқсат етіңіз.
Қоңыраудың, әннің немесе бейненің дауыс күшін өзгерту
Дауыс деңгейі түймелерін пайдаланыңыз.
Бекітілген динамик қысқа қашықтықтан телефонды құлақ жанында ұстамай ақ
сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.
Қоңырау кезінде динамикті іске қосу
Динамик опциясын таңдаңыз.
Қоңыраулар
Қоңырау шалу
1 Слайдты ашыңыз.
2 Бастапқы экранда телефон нөмірін енгізіңіз.
Санды өшіру үшін, Өшіру пәрменін таңдаңыз.
Page 15
Контактілер15
Халықаралық қоңырау шалған кезде, + таңбасын (халықаралық кодының
орнына жүреді) теру үшін * пернесін екі рет басыңыз да, мемлекет кодын,
аймақ кодын (қажет болса, алдыңғы 0-ді термеуге де болады) және телефон
Кеңес: Егер слайд жабық болса және
нөмірін енгізу мақсатында виртуалды пернетақтаны пайдалану үшін
таңдаңыз.
Соңғы терілген нөмірге қоңырау шалу
Біреуге қоңырау шалып жатырсыз, бірақ ол жауап бермей жатыр ма? Оларға
қайтадан қоңырау шалу оңай.
1 Басты экранда қоңырау шалу пернесін басыңыз.
2 Нөмірге өтіп, қоңырау шалу пернесін басыңыз.
Қабылданбаған қоңырауларды көру
Қабылданбаған қоңырау шалушысын көру керек пе?
Басты экранда Көру параметрін таңдаңыз. Контактілер тізімінде сақталған болса,
қоңырау шалушының аты көрсетіледі.
Қабылданбаған және қабылданған қоңыраулар желі қолдаса, әрі телефон қосулы
және желілік қызмет аймағында болса ғана жұрналға жазылады.
Контактіге немесе нөмірге қайта қоңырау шалу
Контактіге немесе нөмірге өтіп, қоңырау шалу пернесін басыңыз.
Қабылданбаған қоңырауларды кейінірек көру
Мәзір > Контактілер > Журнал және Қ-баған қоң-р таңдаңыз.
бастапқы экранда көрсетілсе, телефон
оп циясы н
Контактілер
Ат пен телефон нөмірін сақтаңыз
Мәзір > Контактілер опциясын таңдаңыз.
Жаңасын қосу пәрменін таңдап, нөмір мен атты енгізіңіз.
Сұралған жағдайда, контакт сақталатын орынды таңдаңыз.
Page 16
16Мәтін жазу
Контактінің мәліметтерін қосу немесе өңдеу
1 Аттар және контактіні таңдаңыз.
2 Опция-р > Мәлімет қосу опциясын таңдаңыз.
Кеңес: Кон такті ге қоң ырау ү нін нем есе сурет қосу үшін, контактіні және Опция-р >
Мәлімет қосу > Мультимедиа тармағын таңдаңыз.
Нөмірді жылдам теруді пайдалану
Ең көп қоңырау шалынатын телефон нөмірлерін телефонның сандық
пернелеріне тағайындағанда, достарға және жанұяға тез қоңырау шалуға
болады.
Мәзір > Контактілер > Нөмір-ді тез теру жолын таңдаңыз.
Сандық пернеге телефон нөмірін тағайындау
1 Сандық пернені таңдаңыз. 1 саны дауыстық поштаға сақталған.
2 Нөмірді енгізіңіз немесе контактіні тауып алыңыз.
Сандық пернеге тағайындалған телефон нөмірін жою немесе өзгерту
Сандық пернені таңдап, басып тұрыңыз және қалқымалы мәзірде Жою немесе
Өзгерту опциясын таңдаңыз.
Қоңырау шалу
Басты экранда сан пернесін басып тұрыңыз.
Нөмірді жылдам теруді өшіру
Мәзір > Параметрлер және Қоңырау > Нөмірлерді тез теру опцияларын
таңдаңыз.
Мәтін жазу
Мәтін енгізу режимдерін ауыстырып қосу
Мәтін жазу барысында әдеттегі
пайдалана аласыз.
, мен таңба регистрін көрсетеді. сан режимінің қосылу тұрғанын
көрсетеді.
Болжамды мәтін енгізу режимін қосу немесе өшіру
Опция-р > Болжау > Болжауды қосу немесе Болжау. өшіру опциясын таңдаңыз.
Болжалды мәтін енгізу функциясы тілдердің бәрінде бола бермейді.
немесе болжалды мәтін енгізуді
Page 17
Мәтін жазу17
Таңбалар регистрін ауыстырып қосу
# пернесін басыңыз.
Сан режимін қосу
# пернесін басып тұрып, Сан режимі таңдаңыз. Мәтіндік режимге қайтіп оралу
үшін # пернесін басып тұрыңыз.
Кеңес: Жеке санды жылдам енгізу үшін, сан пернесін басып тұрыңыз.
Жазу тілін орнату
Опция-р > Жазу тілі опциясын таңдаңыз.
Кеңес: Сан режимін қосу үшін болжалды мәтінді енгізу режимін іске қосыңыз
немесе өшіріңіз немесе жазу тілін орнатыңыз, # пернесін де басып тұрып, қажетті
параметрді таңдауға болады.
Әдеттегі мәтін енгізу әдісімен жазу
1 Қажетті таңба шыққанша санды пернені (2-9) бірнеше қайталап басыңыз.
2 Келесі таңбаны енгізіңіз. Ол таңба дәл сол пернеде болса, жүгіргі шыққанша
күтіңіз немесе жүгіргіні алға жылжытыңыз.
Қолдануға болатын таңбалар таңдалған жазу тіліне байланысты болады.
Жүгіргіні жылжыту
немесе белгішесін басыңыз немесе экрандағы жүгіргі қойылатын жерді
түртіңіз.
Қарапайым тыныс белгісін енгізу
1 пернесін бірнеше қайталап басыңыз.
Арнайы таңбаны енгізу
тармағын және керекті таңбаны таңдаңыз.
Бос орын енгізу
0 пернесін басыңыз.
Мәтінді болжау функциясын пайдалану
Мәтінді болжау функциясын пайдаланып жазу
Ішкі сөздік сөздерді сан пернелері басылған кезде ұсынады.
1 Әр таңба үшін, әр сан пернесін (2–9) бір рет басыңыз.
Page 18
18Хабар алмасу
2 Керекті сөзді табу үшін, * пернесін қайталап баса беріңіз.
3 Сөзді растау үшін,
Сөздікте жоқ сөзді қосу
Егер сөзді мәтінді болжау функциясын пайдаланып енгізгенде ? белгісі
көрсетілсе, бұл сөз сөздікте жоқ. Ол сөзді ішкі сөздікке қосуға болады.
1 Әріптеп белгішесін басыңыз.
2 Сөзді әдеттегі мәтін енгізу әдісімен жазыңыз.
3 Сақтау белгішесін басыңыз.
Күрделі сөз жазу
1 Сөздің бірінші бөлігін жазыңыз. Сөзді растау үшін, жүгіргіні алға қарай
жылжытыңыз.
2 Сөздің екінші бөлігін енгізіп, тағы да растаңыз.
тармағын таңдаңыз.
Хабар алмасу
Хабарды жіберіңіз
Мәтіндік және мультимедиалық хабарлардың көмегімен жанұяңызбен және
достарыңызбен байланыста болыңыз. Хабарға суреттерді, бейнелерді және
мәлімет карталарын тіркеуге болады.
Мәзір > Хабарлар опциясын таңдаңыз.
1 Хабар жазу опциясын таңдаңыз.
2 Қосымшаны қосу үшін Опция-р > Нысан енгізу таңдаңыз.
3 Хабарды жазыңыз және Жлғстр таңдаңыз.
4 Телефон нөмірін немесе пошталық мекенжайды қолмен енгізу үшін Нөмір
н/е пошта таңдаңыз. Телефон нөмірін енгізіңіз немесе Пошта таңдаңыз және
пошталық мекенжайды енгізіңіз.
5 Жіберу опциясын таңдаңыз.
Кеңес: Арнайы таңба немесе смайл енгізу үшін, Опция-р > Таңба енгізу тармағын
таңдаңыз.
Қосымшасы бар хабарды жіберу әдеттегі мәтіндік хабарды жіберуге қарағанда
қымбатырақ болуы мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін қызмет провайдеріңізбен
байланысыңыз.
Таңбалар саны бір хабарға қойылатын шектеуден асатын мәтін хабарларын
жіберуіңізге болады. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп
Page 19
Телефоныңызды дербестеңіз19
хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы
мүмкін.
Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл опциялары көбірек орын алып,
бір хабарда жіберуге болатын таңбалардың санын шектейді.
Егер мультимедиалық хабарға енгізілген мазмұн желі үшін тым үлкен болса,
құрылғы өлшемді автоматты түрде кішірейтуі мүмкін.
Мультимедиалық хабарларды тек үйлесімді құрылғылар алып, көрсете алады.
Хабарлар әртүрлі құрылғыларға әртүрлі көрінуі мүмкін.
Дауыстық хабарларды тыңдау
Жауап бере алмайтын жағдайда, қоңырауларды дауыс пошта жәшігіне бағы тта п,
хабарларды кейін тыңдауға болады.
Дауыс пошта жәшігіне жазылу қажет болуы мүмкін. Осы желі қызметі туралы
қосымша ақпаратты провайдерден алыңыз.
1 Мәзір > Хабарлар > Дауыс хабар-ры және Дауыс поштасы № опцияларын
таңдаңыз.
2 Дауыстық пошта жәшігінің нөмірін енгізіңіз және ОК таңдаңыз.
3 Дауыс поштасының жәшігіне қоңырау шалу үшін, 1 пернесін басып тұрыңыз.
Аудио хабарын жіберу
Мәтіндік хабар жазу үшін уақыт жоқ па? Оның орнына аудио хабарын жазыңыз
және жіберіңіз.
Мәзір > Хабарлар опциясын басыңыз.
1 Басқа хабарлар > Аудио хабары опциясын таңдаңыз.
2 Хабар жазу үшін,
3 Түсіруді тоқтату үшін,
4 Жлғстр. және контактіні таңдаңыз.
белгішесін басыңыз.
белгішесін басыңыз.
Телефоныңызды дербестеңіз
Бастапқы экран туралы
Бастапқы экранда орындауға болатын әрекеттер:
•Қабылданбаған қоңыраулар және алынған хабарлар туралы ескертулерді
көру
•Сүйікті қолданбаларды ашу
Page 20
20Телефоныңызды дербестеңіз
•Радио сияқты қолданбаларды бақылау
•Хабар жазу сияқты әр түрлі мүмкіндіктер үшін сілтемелер қосу
•Таңдаулы контактілерді көру және оларға тез қоңырау соғу немесе хабарлар
жіберу
Бастапқы экранды реттеу
Таңдаулы пейзажды немесе жанұяңыздың суреттерін бастапқы экранның
фонында көргіңіз келе ме? Бұл тұсқағазды өзгертуге, бастапқы экрандағы
элементтерді қайта реттеуге және қажетінше реттеуге болады.
Сондай-ақ, телефон камерасымен сурет түсіріп, сол суретті пайдалана
аласыз.
Кеңес: Nokia Store қызметінен қосымша тұсқағаздарды жүктеңіз.
Бағдарлама немесе таңбаша қосу
1 Бастапқы экранды түртіп, ұстап тұрыңыз да, қалқымалы мәзірде Көріністі
дербестеу пәрменін таңдаңыз.
2 Жолақты, тізімдегі элементті, содан кейін Кері пәрменін таңдаңыз.
Таңбашаны өзгерту
1 Өзгерту керек таңбашаны түртіп, ұстап тұрыңыз да, қалқымалы мәзірде
Сілтемені өзг-у пәрменін таңдаңыз.
2 Тізімдегі элементті, содан кейін Кері пәрменін таңдаңыз.
Кеңес: Бастапқы экраннан бағдарламаны немесе таңбаша жолағын жою үшін оны
басқасымен ауыстырыңыз немесе (бос) пәрменін таңдаңыз.
Кеңес: Messaging және Contacts бағдарламаларындағы қаріп өлшемін үлкейту
үшін вебті шолғанда немесе негізгі мәзірде Мәзір > Параметрлер таңдап,
Дисплей > Қаріп өлшемі тармағына өтіңіз.
Телефон үндерін жекелендіру
Әрбір профиль үшін қоңырау үндерін және перне мен ескерту үндерін реттеуге
болады.
Мәзір > Параметрлер және Үндер тармақтарын таңдаңыз.
Қоңырау үнін ауыстыру
Қоңырау үні: және қоңырау үнін таңдаңыз.
Page 21
Уақытты басқару21
Кеңес: Nokia Ovi Store дүкенінен қосымша қоңырау үндерін жүктеңіз. Ovi Store
туралы қосымша мәлімет алу үшін www.ovi.com сайтына өтіңіз.
Қоңырау үнін таңдағаннан кейін, қоңырау үнінің бөлімін белгілеп, бөлімді қоңырау
үні ретінде орнатуға болады. Бастапқы қоңырау үні немесе дыбыстық клип
көшірілмейді немесе өзгертілмейді. Алдын ала орнатылған қоңырау үндері
өзгертілмейді және қоңырау үндерінің барлық форматтары қолдау көрсетілмейді.
Маркер жаңа нүктеге жылжығанда, таңдау ойналады.
4 Таңдауды қолмен ойнату үшін Ойнату таңдаңыз.
5 Орынд-ы опциясын таңдаңыз.
Кеңес: Бөлектеудің бастапқы және соңғы нүктелерін дәл реттеу үшін немесе
басыңыз да, немесе басып тұрыңыз.
Пернетақтаның дыбыс деңгейін өзгерту
Пернетақта үндері: таңдаңыз және дыбыс деңгейі жолағын тартыңыз.
Уақытты басқару
Уақыт пен күнді өзгерту
Мәзір > Параметрлер және Күн мен уақыт тармақтарын таңдаңыз.
Сапар барысында уақыт белдеуін өзгерту
1 Күн мен уақыт прм-і > Уақыт белдеуі: тармағын таңдаңыз.
2 Орныңыздың уақыт белдеуін таңдаңыз.
3 Сақтау белгішесін басыңыз.
Page 22
22Қосылу мүмкіндігі
Уақыт пен күн уақыт белдеуіне сәйкес орнатылады. Бұл телефонның алынған
мәтіндік немесе мультимедиалық хабарлардың дұрыс жіберу уақытын көрсетуін
қамтамасыз етеді.
Мысалы, GMT -5 Нью Йорк (АҚШ) уақыт белдеуін білдіреді, Гринвичтен,
Лондоннан (БК) батысқа қарай 5 сағат.
Оятарды орнату
Телефонды оятар сағат ретінде пайдалануға болады.
Мәзір > Қолданбалар > Оятар опциясын таңдаңыз.
1 Қоңырау соғу уақытын орнатыңыз.
2 Оятарды орнату үшін,
3 Мысалы, қоңырауды әрбір күні бір уақытқа орнату үшін Баптау-р > Сигналды
қайталау > Қосулы тармағын және күндерді таңдаңыз.
Кездесуді қосу
Маңызды кездесулерді күнтізбеге жиналыс жазбалары ретінде сақтаңыз.
Мәзір > Күнтізбе опциясын таңдаңыз.
1 Қалған күнге жылжып Опция-р > Жаңа жазба қосу тармағын таңдаңыз.
2 Жиналыс енгізу түрі жолағын таңдап, жолақтарды толтырыңыз.
белгішесін басыңыз.
Қосылу мүмкіндігі
Bluetooth
Bluetooth байланыс мүмкіндігі туралы ақпарат
Мәзір > Параметрлер > Байл. мүмкіндігі > Bluetooth опциясын таңдаңыз.
Телефондар, компьютерлер, гарнитуралар және көлік жинақтары сияқты басқа
үйлесімді құрылғыларға сымсыз қосылуға болады.
Байланысты телефоннан элементтер жіберу үшін, үйлесімді компьютерден
файлдарды көшіру және үйлесімді басып шығару құралынан файлдарды басып
шығару үшін пайдалануға болады.
Bluetooth сымсыз технологиялары бар құрылғылар радио толқындарын
пайдаланатындықтан, олардың тікелей көрініс аймағында болуы қажет емес.
Дегенмен, байланысқа қабырғалар немесе басқа электрондық құрылғылар
сияқты кедергілер келтірілуі мүмкін болғанымен, олар бір-бірінен 10 мтер (33 фут)
қашықтық шегінде болуы керек..
Page 23
Қосылу мүмкіндігі23
Телефон құлыптаулы болғанда, тек рұқсаты бар құрылғыларға қосылу мүмкін
болады.
Кеңес: Бастапқы экраннан Bluetooth параметрлеріне қол жеткізу үшін сілтеме
виджетіне сілтеме қосыңыз.
Bluetooth байланысын пайдаланып басқа құрылғыға сурет немесе басқа мазмұн
жіберу
Bluetooth байланысын пайдаланып суреттерді, бейнелерді, мәлімет карталарын
және өзіңіз жасаған басқа мазмұнды компьютерге немесе досыңыздың үйлесімді
телефонына немесе құрылғысына жіберіңіз.
1 Жіберілетін элементті таңдап тұрып, қалқымалы мәзірден Жіберу > Bluetooth
арқ-ы опциясын таңдаңыз.
2 Қосылатын құрылғыны таңдаңыз. Қалаған құрылғы көрсетілмесе, оны іздеу
үшін Жаңа іздеу опциясын таңдаңыз. Ауқымдағы Bluetooth құрылғылар
көрсетіледі.
3 Басқа құрылғы рұқсат кодын қажет етсе, рұқсат кодын енгізіңіз. Өзіңіз анықтай
алатын рұқсат кодын екі құрылғыда да енгізу керек. Кейбір құрылғыларда
рұқсат коды өзгермейді. Мәліметтер алу үшін құрылғының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін жарамды.
Қолдануға болатын опциялар әртүрлі болуы мүмкін.
USB деректер кабелі
Телефон мен компьютер арасында мазмұнды көшіру
Суреттер мен басқа мазмұнды телефон мен үйлесімді компьютер арасында
көшіру үшін USB деректер кабелін пайдалануға болады.
1 Телефонды компьютерге қосу үшін үйлесімді USB кабелін пайдаланыңыз.
Page 24
24Музыка және аудио
2 Келесі режимдердің бірін таңдаңыз.
Nokia Ovi Suite — Компьютерде Nokia Ovi Suite бағдарламалық құралы
орнатылған.
М-медиа тасым. — Nokia Ovi Suite бумасы компьютерде орнатылмаған.
Телефонды үй ойын-сауық жүйесіне немесе принтерге қосу керек болса, осы
режимде пайдаланыңыз.
Сыйымды жад — Nokia Ovi Suite бумасы компьютерде орнатылмаған.
Телефон компьютерде тасымалы құрылғы ретінде көрсетіледі. Телефонды
үй немесе көлік стереосы сияқты басқа құрылғыларға қосу керек болса, осы
режимді пайдаланыңыз.
3 Мазмұнды көшіру үшін, компьютердің файлдар реттегішін пайдаланыңыз.
Контактілерді, музыка файлдарын, бейнелерді немесе суреттерді көшіру
үшін, Nokia Ovi Suite бағдарламалық құралын пайдаланыңыз.
Музыка және аудио
FM радиосы
FM радиосы туралы
Мәзір > Музыка > Радио опциясын таңдаңыз.
Телефонды пайдаланып, FM радиосының станцияларын тыңдауға болады. Ол
үшін шағын гарнитураны жалғаңыз және станцияны таңдаңыз!
Радио тыңдау үшін, құрылғыға үйлесімді шағын гарнитура жалғау керек. Шағын
гарнитура антенна қызметін атқарады.
Радио тыңдау
Мәзір > Музыка > Радио жолын таңдаңыз.
Дыбыс деңгейін өзгерту
Дауыс деңгейі түймелерін пайдаланыңыз.
Page 25
Музыка және аудио 25
Радионы жабу
Аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Радионы фондық режимде ойнайтын етіп орнату
Опция-р > Арт. фон. ойн-у белгішесін басыңыз.
Радионы ол фондық режимде ойнатылып жатқан кезде жабу
Аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Радио станцияларын табу және сақтау
Таңдаулы радио станцияларды іздеңіз және кейін оңай тыңдау үшін, оларды
сақтаңыз.
Мәзір > Музыка > Радио тармағын таңдаңыз.
Тыңдауға болатын келесі станцияны іздеу
немесе пернесін таңдап, басып тұрыңыз.
Станцияны сақтау
Опция-р > Р/арнаны сақ-у тармағын таңдаңыз.
Радио станцияларын автоматты түрде іздеу
Опция-р > Бар.арна‐ы ізд‐у белгішесін басыңыз. Жақсы нәтиже беруі үшін,
сыртта немесе терезе жанында іздеңіз.
Сақталған станцияға ауысу
немесе белгішесін басыңыз.
Станцияның атын өзгерту
1 Опция-р > Радио арналар тармағын таңдаңыз.
2 Станцияны таңдап, басып тұрыңыз және қалқымалы мәзірден Атын өзгерту
пәрменін таңдаңыз.
Кеңес: Сақталған радио станциялар тізімінен тікелей станцияға өту үшін,
станцияның нөміріне сәйкес келетін санды пернені басыңыз.
Медиа плейер
Әнді ойнату
Телефон жадында немесе жад картасында сақталған музыканы ойнатыңыз.
Мәзір > Музыка > Музыкам және Барлық әндер опцияларын таңдаңыз.
Page 26
26Суреттер мен бейнелер
1Әнді таңдаңыз.
2 Ойнатуды кідірту үшін
Бейнені ойнату
Телефон жадында немесе жад картасында сақталған бейнені ойнатыңыз.
Мәзір > Музыка > Музыкам және Бейнелер опцияларын таңдаңыз.
1 Бейнені таңдаңыз.
2 Ойнатуды кідірту үшін
белгішесін, жалғастыру үшін белгішесін таңдаңыз.
белгішесін, жалғастыру үшін белгішесін таңдаңыз.
Суреттер мен бейнелер
Суретке түсіру
1 Мәзір > Cуреттер > Камера опциясын таңдаңыз.
2 Жақындату немесе кішірейту үшін дыбыс деңгейінің пернелерін
пайдаланыңыз.
белгішесін басыңыз.
3
Суреттер Мәзір > Cуреттер > Суреттерім ішіне сақталады.
Камераны жабу
Қоңырауды аяқтау пернесін басыңыз.
Бейне жазу
Телефонмен суреттер түсіруге қоса, ерекше сәттерде бейнелер ретінде жазуға
да болады.
Мәзір > Cуреттер > Бейнекамера опциясын таңдаңыз.
1 Сурет режимінен бейне режиміне ауысу үшін, қажет болса,
таңдаңыз.
2 Жазуды бастау үшін басыңыз.
Үлкейту немесе кішірейту үшін дыбыс деңгейі түймелерін пайдаланыңыз.
3 Жазуды тоқтату үшін
басыңыз.
> Бейнекам.
Бейнелер Мәзір > Cуреттер > Бейнелерім ішінде сақталады.
Камераны жабу
Қоңырауды аяқтау пернесін басыңыз.
Page 27
Веб27
Суретті немесе бейнені жіберу
Суреттерді және бейнелерді достарыңызбен және жанұяңызбен бөліскіңіз келе
ме? Мультимедиа хабарын жіберіңіз немесе Bluetooth арқылы сурет жіберіңіз.
Мәзір > Қолданбалар > Галерея тармағын таңдаңыз.
Сурет жіберу
1 Керекті суретті қамтитын папканы таңдаңыз.
2 Жіберілетін суретті таңдап, ұстап тұрыңыз.
Бірнеше сурет жіберу үшін, Опция-р > Белгілеу тармағын таңдап, қажетті
суреттерді белгілеңіз.
3 Жіберу немесе Белгіл‐ді жіберу опциясын және қажетті жіберу әдісін
таңдаңыз.
Бейне жіберу
1 Керекті бейнені қамтитын папканы таңдаңыз.
бірнеше бейнені белгілеуге болады.
3 Опция-р > Белгіл‐ді жіберу тармағын таңдап, керекті жіберу әдісін таңдаңыз.
Веб
Веб-шолғыш туралы
Мәзір > Интернет таңдаңыз.
Жаңалықтарды алыңыз және таңдаулы веб-тораптарға кіріңіз. Интернеттегі веббеттерді көру үшін веб-браузерді пайдалануға болады.
Веб-браузер веб-мазмұнды сығып, телефон үшін оңтайландырады, осылайша
вебті тезірек шола және деректерге кететін шығындарды азайта аласыз.
Вебті шолу үшін интернетке қосылған болуыңыз керек.
Бұл қызметтердің бар-жоғын және бағасын білу үшін қызмет көрсету
провайдеріне хабарласыңыз.
Шолуға қажет болатын конфигурациялық параметрлердіконфигурациялық хабар
түрінде қызмет ұсынушыдан ала аласыз.
Вебті шолу
Мәзір > Интернет опциясын таңдаңыз.
Page 28
28Веб
Шолу журналын, көрсетілген сайттарды немесе бетбелгілерді көру
Журнал, Дем.сілт-р және Таңдау-р қойындысының арасында ауысу үшін солға
немесе оңға жанап өтіңіз.
Веб-сайтқа өту
Мекенжай жолағын таңдап, мекенжайды енгізіңіз.
Веб-бетте жылжу
Бетті саусағыңызбен сүйреңіз.
Жақындату
Веб-беттің қажетті бөлігін таңдаңыз.
Кішірейту
Экранды екі рет түртіңіз.
Интернетте іздеу
Іздеу өрісін таңдап, іздеу сөзін енгізіңіз. Сұраған кезде әдепкі іздеу серверін
таңдаңыз.
Бұрын кірген веб-бетке қайта оралу
Журнал қойындысын ашып, веб-бетті таңдаңыз.
Кеңес: Nokia Ovi Store дүкенінен веб қолданбаларын жүктеуге болады. Веб
қолданбасын бірінші рет ашқанда, ол бетбелгі ретінде қосылады. Ovi Store
туралы қосымша мәлімет алу үшін www.ovi.com сайтына өтіңіз.
Веб-бетті телефон дисплейіне қиыстыру
Веб-браузер веб-беттерді телефон дисплейі үшін оңтайландыра алады. Ірілеудің
орнына веб-бет үлкен, оқылатын мәтін мен суреттердің бір бағанына реттеледі.
Мәзір > Интернет опциясын таңдаңыз.
> Құралдар > Баған көрінісі басыңыз.
Веб-беттің әр түрлі бөлімдеріне жылдам өту үшін төмендегіні таңдаңыз:
/ Веб-беттің келесі немесе алдыңғы бөлігіне өтіңіз.
Веб-бетке кіріңіз.
Веб-беттің негізгі бөлігіне өтіңіз.
Веб-бетті іздеңіз.
RSS арналарын оқыңыз.
Қол жетімді опциялар түрліше болуы мүмкін.
Page 29
Желідегі достарыңызбен байланысты болу29
Бұл көрініс ұялы телефонда пайдалануға арналған веб-тораптар үшін қол жетімді
емес.
Бетбелгі қосу
Егер бір веб-торапқа қайта-қайта кіретін болсаңыз, оңай ашу үшін оларды
бетбелгі ретінде қосыңыз.
Мәзір > Интернет опциясын таңдаңыз.
Шолу кезінде
Бетбелгісі ретінде белгіленген веб-сайтқа өту
Таңдау-р қойындысын ашып, бетбелгіні таңдаңыз.
Шолу журналын өшіру
Мәзір > Интернет опциясын таңдаңыз.
Журнал қойындысын ашып,
Сақталған кукилерді немесе веб пішіндерде сақталған мәтінді өшіру
> Құралдар > Баптаулар > Куки-файлдар. өшіру басыңыз немесе Автотолт-
Бұл Бірлестік арқылы әлеуметтік желіде жұмыс істеу тәжірибесін жақсарта
аласыз. Бұл бағдарлама барлық аймақтарда қол жетімді болмауы мүмкін.
Facebook немесе Twitter сияқты қоғамдық желі қызметтеріне кірген кезде мына
әрекеттерді жасауыңызға болады:
•Досыңыздың күйінің жаңартуларын қараңыз
•Өз күйіңіздің жаңартуларын жариялау
•Камера арқылы түсірген суреттерді дереу ортақ пайдалану
Әлеуметтік желілік қызметтердің қолдауына ие мүмкіндіктер ғана қол жетімді.
Әлеуметтік желілік қызметтерді пайдалану желіні қолдауды қажет етеді. Бұған
үлкен көлемді деректерді жіберу мен тиісті деректер трафигінің құны кіреді.
Деректерді тасымалдау ақысы туралы ақпаратты провайдерден алыңыз.
Page 30
30Пошта және сөйлесу
Әлеуметтік желілік қызметтер үшінші тарап қызметтері болып табылады және
Nokia компаниясы арқылы көрсетілмейді. Үлкен адамдар тобымен ақпарат
алмаса алатындықтан, пайдаланатын әлеуметтік желілік қызметтің құпиялылық
параметрлерін тексеріңіз. Әлеуметтік желілік қызметті пайдалану шарттары осы
қызметте ақпаратты ортақ пайдалануға қолданылады. Бұл қызметті пайдалану
шарттары мен құпиялылық әдістерімен танысыңыз.
Пошта және сөйлесу
Пошта туралы ақпарат
Мәзір > Хабарлар > Пошта опциясын таңдаңыз.
Телефонды түрлі пошта қызметінің провайдерлеріндегі есептік жазбалардан
хаттарды оқу және жіберу үшін пайдалануға болады.
Егер сізде әлі пошта тіркелгісі жоқ болса, Nokia Ovi пошта қызметін қамтитын
Nokia тіркелгісін жасай аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін www.ovi.com сайтына
кіріңіз. Nokia тіркелгісімен барлық Nokia Ovi қызметтеріне қол жеткізе аласыз.
Пошта жіберу
Мәзір > Хабарлар > Пошта және пошта есептік жазбасын таңдаңыз.
1 Опция-р > Жаңасын құрас-у опциясын таңдаңыз.
2 Алушының пошта мекенжайын және тақырыпты енгізіңіз және хабарды
жазыңыз.
3 Файл, мысалы, сурет, тіркеу үшін Опция-р > Тіркеу > Файл тіркеу опциясын
таңдаңыз.
4 Поштаға тіркеу мақсатында суретті түсіру үшін Опция-р > Тіркеу > Жаңа
кескін тіркеу опциясын таңдаңыз.
5 Жіберу опциясын таңдаңыз.
Поштаны оқу және оған жауап беру
Мәзір > Хабарлар > Пошта және пошта тіркелгісін таңдаңыз.
1 Поштаны таңдаңыз.
2 Поштаға жауап беру немесе оны қайта жіберу үшін Опция-р таңдаңыз.
Чат туралы
Мәзір > Хабарлар > Чат опциясын таңдаңыз.
Достарыңызбен жылдам хабар алмаса аласыз. Чат - желілік қызметі.
Page 31
Карталар31
Телефонның басқа мүмкіндіктерін пайдалану кезінде Чат қолданбасын фондық
режимде қалдыруға болады және сонда да жаңа жедел хабарлар туралы
хабарландыру алуға болады.
Қызметті қолдану немесе мазмұнды жүктеп алу үлкен мөлшерде деректердің
тасымалдануына апаруы мүмкін. Бұның нәтижесінде дерек трафигі үшін ақы
алынуы мүмкін.
Достармен чат арқылы сөйлесу
Мәзір > Хабарлар > Чат тармағын таңдаңыз.
Бір уақытта бірнеше қызметке кіруге және сөйлесуге болады. Әрбір қызметке
бөлек кіру керек.
Бір уақытта бірнеше контактімен үздіксіз сөйлесуге болады.
1 Бірнеше чат қызметі бар болса, керекті қызметті таңдаңыз.
2 Қызметке кіріңіз.
3 Контактілер тізімінен сөйлесетін контактіні таңдаңыз.
4 Дисплейдің төменгі жағындағы мәтін терезесіне хабар жазыңыз.
5 Жіберу пәрменін таңдаңыз.
Карталар
Карталар туралы
Телефонда Maps бағдарламасы бар және онда еліңіздің карталары алдын ала
жүктелген жад картасы болуы мүмкін. Maps бағдарламасын пайдалану алдында
жад картасын телефонға салыңыз.
Мәзір > Карталар таңдаңыз.
Елдегі әр түрлі қалалардың карталарын шолуға болады. Сондай-ақ, мына
әрекеттерді орындай аласыз:
•Ағымдағы орынды көру
•Жақындағы жерге маршрутты жоспарлау
•Бір орынды немесе нақты мекенжайды іздеу және сақтау
•Орынды досыңызға мәтіндік хабарда жіберу
Жад картасына жүктелген карталарда қамтылмаған аймаққа өткенде, аймақтың
картасы интернет арқылы автоматты түрде жүктеледі. Карталарды жүктегенде
қызмет жеткізуші желісі арқылы деректердің үлкен мөлшері тасымалдануы
мүмкін. Деректерді тасымалдау ақысы туралы ақпаратты провайдерден алыңыз.
Page 32
32Карталар
Сонымен қатар, карталарды жүктеу үшін Nokia Ovi Suite бағдарламасын
пайдалануға болады. Nokia Ovi Suite қолданбасын үйлесімді компьютерге жүктеп,
орнату үшін, www.ovi.com сайтына өтіңіз.
Ағымдағы орныңызды табу үшін желіге қатынасу қажет болуы мүмкін. Сізге
интернетке кіру орнын таңдау ұсынылады.
Кейбір қызметтер барлық елдерде бірдей болмауы және тек таңдаулы тілдерде
ұсынылуы мүмкін.
Сандық карталардың мазмұны кейде дәл немесе толық болмауы мүмкін. Жедел
жәрдем шақыру сияқты маңызды байланыс орнату керек болғанда, тек мазмұнға
немесе қызметке сенім артпаңыз.
Қазіргі орналасқан жерді картадан көру
Мәзір > Карталар және Орн. жерім тармақтарын таңдаңыз.
Қазіргі орналасқан жерді жаңарту
Опция-р > Орынды жаң-ту опциясын таңдаңыз.
Қазіргі орналасқан жерді сақтау
Опция-р > Таңд. етіп сақтау опциясын таңдаңыз.
Орынды табу
Мәзір > Карталар опциясын таңдаңыз.
1 Іздеу опциясын таңдаңыз.
2 Орын немесе мекенжайдың атауын енгізіңіз.
3 Бастау опциясын таңдаңыз. Ұқсас орындардың немесе мекенжайлардың
тізімі көрсетіледі.
Іздеуді өшіру
1 Күрделі > Жерді табу немесе М-нжайды табу опциясын таңдаңыз.
2 Іздеуде толық мәліметтерді анықтап, нұсқауларды орындаңыз.
Кеңес: Орындардың барлық категорияларынан іздеу үшін, барлық атау өрістерін
бос қалдырыңыз.
Кеңес: Іздеп жатқан орынды таба алмасаңыз, онлайн дерекқорынан іздеуге
тырысыңыз. Желіден іздеу опциясын таңдаңыз. Қосымша төлемдер алынуы
мүмкін. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет ұсынушыға хабарласыңыз.
Page 33
Nokia Ovi қызметтері33
Орналасқан жерді немесе орынды ортақ пайдалану
Картадағы орналасқан жерді немесе орынды мәтін хабары арқылы досыңызға
жіберу мүмкін емес.
Мәзір > Карталар опциясын таңдаңыз.
1 Орн. жерім немесе картадағы орын мен Опция-р > Осы жерді жіб-у таңдаң ыз.
2 Хабар жазыңыз. Орналасқан жердің мекенжайы мен сілтемесе автоматты
түрде қосылады.
3 Алушының телефон нөмірін енгізіңіз немесе Іздеу және контактіні таңдаңыз.
4 Жіберу опциясын таңдаңыз.
Досыңыз мекенжай туралы мәліметтер және сілтеме бар хабарды алғанда, олар
картадағы орынды телефон веб-браузерінде көру үшін сілтемені таңдай алады.
Жаяу жүру жолын жасау
Жақын жерге апаратын жаяу жүру жолын жасаңыз. Өшірместен бұрын, жолды
және барлық бұрылыстарды картадан көруге болады.
Мәзір > Карталар опциясын таңдаңыз.
1 Бағд.жосп-у опциясын таңдаңыз.
2 Бастау жері және сақталған немесе соңғы орналасқан жерді, картадағы
орынды немесе жаяу жүру жолының басы ретінде белгілі бір мекенжайды
таңдаңыз. Ағымдағы орналасқан жерден бастау үшін Орным параметрін
таңдаңыз.
3 Баратын жер және жаяу жүру жолының соңғы нүктесін таңдаңыз.
Бастапқы және соңғы жерлер арасындағы ең үлкен қашықтық – тік сызықпен
өлшегенде 10 километр. Жүру маршруттары үшін өткелдерді және кейбір
арнайы туннельдерді пайдалануға тыйым салынады.
4 Бастау > Бастау опциясын таңдаңыз.
5 Жолдан бас тарту үшін, Опция-р > Бағд-н бас тарту тармағын таңдаңыз.
Nokia Ovi қызметтері
Nokia Ovi қызметтерінің қол жетімділігі және бағалары
Nokia Ovi қызметтерінің қол жетімділігі аймаққа қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Қызметтерді пайдалану немесе мазмұнды жүктеп алу үлкен көлемдегі
деректердің тасымалдануына, соның нәтижесінде деректерді тасымалдау үшін
ақының алынуына әкелуі мүмкін. Деректерді тасымалдау ақылары туралы
қосымша ақпарат алу үшін, желілік қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Ovi туралы қосымша мәліметтерді www.ovi.com сайтынан қараңыз.
Page 34
34Анықтама іздеу
Nokia Ovi қызметтеріне қол жеткізу
Мәзір > Қолданбалар > Қолд-р ж/е ой-р және қажетті Ovi қызметін таңдаңыз.
Анықтама іздеу
Қолдау
Өнімді қалай пайдалану керектігі жөнінде қосымша мәлімет алғыңыз келсе
немесе телефоныңыздың қалай жұмыс істейтінін білмесеңіз, пайдаланушыға
арналған нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Егер бұл мәселені шешпесе, төмендегілердің біреуін орындаңыз:
•Телефоныңызды қайта қосыңыз. Телефоныңызды өшіріп, батареясын шешіп
алыңыз. Бір минуттай уақыт өткен соң, батареяны салып, телефонды
қосыңыз.
•Телефоныңыздың бағдарламалық құралын жаңартыңыз
•Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
Егер мәселе шешілмей қалса, жөндет у үш ін, Noki a ко мпанияс ына хабарласыңыз.
www.nokia.com/repair сайтына кіріңіз. Телефонды жөндетуге жібермес бұрын
әрқашан деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Кеңестер мен ұсыныстар қызметіне жазылыңыз
Кеңестер мен ұсыныстар – телефон мүмкіндіктерін барынша пайдалануға
көмектесетін қолайлы қызмет. Ол сізге кеңес және қолдау хабарлрын, сонымен
бірге, ойындар мен бағдарламалардың жаңартуларын қамтамасыз етеді.
Жазылғанда немесе жазылудан бас тартқанда мәтіндік хабар үшін ақы алынуы
мүмкін. Шарттарды телефонның пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз немесе
www.nokia.com/mynokia мекенжайларына өтіңіз.
Телефонның өнімділігін жақсарту және бағдарлама жаңартулары мен керемет
жаңа мүмкіндіктер алу керек пе? Телефонның барлық мүмкіндіктерін қолдану
үшін бағдарламалық құралды тұрақты түрде жаңартыңыз. Сондай-ақ, телефонды
жаңартуларды автоматты түрде тексеруге баптауға болады.
Page 35
Анықтама іздеу35
Ескерту
Егер жаңаланған бағдарламаны орнатсаңыз, онда құрылғыны қолдана
алмайсыз. Құрылымдары толмағанша және құрылғы қайта жұмыс істемейінше
шұғыл қоңырау шала алмайсыз.
Қызметті қолдану немесе мазмұнды жүктеп алу үлкен мөлшерде деректердің
тасымалдануына апаруы мүмкін. Бұның нәтижесінде дерек трафигі үшін ақы
алынуы мүмкін.
Жаңартуды бастамас бұрын, зарядтағышты жалғаңыз немесе құрылғы
зарядының жеткілікті екенін тексеріңіз.
Мәзір > Параметрлер опциясын басыңыз.
1 Құрылғы > Құрылғы жаңарт-ры опциясын таңдаңыз.
2 Ағымдағы бағдарлама нұсқасын көрсету және жаңартудың бар-жоқ екенін
тексеру үшін Ағым. бағд. мәлім-рі опциясын таңдаңыз.
3 Бағдарлама жаңартуын жүктеу және орнату үшін Құр. бағдарл. жүктеу
опциясын таңдаңыз. Көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
4 Жүктеуден кейін орнату болмаса, Бағд. жаңарт. орнату опциясын таңдаңыз.
Бағдарламалық құрал жаңартылуы бірнеше минутты алуы мүмкін. Орнату
барысында қиындыққа тап болсаңыз, желі қызметінің провайдерімен
хабарласыңыз.
Page 36
36Анықтама іздеу
Бағдарлама жаңартуларын автоматты түрде тексеру
Бағд. құр. авт. жаң-у опциясын таңдап, жаңа бағдарлама жаңартуларын
қаншалықты жиі тексеру керектігін анықтаңыз.
Желі қызметінің провайдері бағдарламалық құралдың жаңартуларын эфир
арқылы тікелей телефоныңызға жіберуі мүмкін. Осы желі қызметі туралы
қосымша ақпарат алу үшін желі қызметінің провайдерімен байланысыңыз.
Компьютерді пайдаланып телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту үшін Nokia Ovi Suite PC
бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Үйлесімді компьютер, жоғары
жылдамдықты интернет байланысы және телефонды компьютерге қосу үшін
үйлесімді USB деректер кабелі қажет.
Nokia Ovi Suite қолданбасы туралы қосымша ақпарат алу үшін және оны жүктеу
үшін www.ovi.com/suite сайтына кіріңіз.
Бастапқы параметрлерді қалпына келтіру
Егер телефон дұрыс жұмыс істемесе, кейбір параметрлерді бастапқы мәндерге
қалпына келтіре аласыз.
1 Барлық қоңыраулар мен қосылымдарды аяқтаңыз.
2 Мәзір > Параметрлер және Зау. пар. қалп. к. > Тек баптау-рды таңдаңыз.
3 Қауіпсіздік кодын енгізіңіз.
Телефонда сақталған құжаттарға немесе файлдарға мұның әсері тимейді.
Бастапқы параметрлерді қалпына келтіргеннен кейін телефон өшеді және қайта
қосылады. Бұл әдеттегіден ұзақ уақыт алуы мүмкін.
Файлдарды реттеу
Телефон жадында немесе жад картасында жаңа файлдарды және қалталарды
жылжытуға, көшіруге, және жоюға болады. Файлдарды өз қалталарына
реттесеңіз, бұл файлдарды болашақта табуға көмектесуі мүмкін.
Мәзір > Қолданбалар > Галерея опциясын таңдаңыз.
Жаңа қалтаны жасау
Ішкі қалтаны жасау қаже қалтада Опция-р > Қалта қосу тармағын таңдаңыз.
Файлды қалтаға көшіру немесе жылжыту
Қалқымалы мәзірде файлды таңдап және ұстап тұрып, тиісті опцияны таңдаңыз.
Page 37
Қоршаған ортаны қорғау37
Кеңес: Сондай-ақ, музыканы немесе бейнелерді ойнатуға, я болмаса Галерея
ішінде суреттерді көруге болады.
Суреттер мен басқа мазмұнды жад картасына сақтық көшіру
Ешқандай маңызды файлдарды жоғалтпайтыныңызға көз жеткізгіңіз келе ме?
Үйлесімді жад картасына телефон жад картасы мазмұнының сақтық көшірмесін
жасауға болады.
Мәзір > Параметрлер > Қад. ж/е с. көш. опциясын таңдаңыз.
Сақ. көш. жасау опциясын таңдаңыз.
Сақтық көшірмені қалпына келтіру
С. көш. қ. келт-у опциясын таңдаңыз.
Қоршаған ортаны қорғау
Қуатты үнемдеу
Келесі әрекеттерді орындасаңыз, батареяны жиі зарядтаудың қажеті жоқ.
•Пайдаланбаған кезде, қолданбаларды және Bluetooth байланысы сияқты
деректік қосылымдарды жабыңыз.
•Сенсорлы экран және перне дыбыстары сияқты қажетсіз дыбыстарды
өшіріңіз.
Қайта өңдеу
Осы телефон жұмыс мерзімінің соңына жеткенде, оның барлық материалдарын
материалдар мен энергия ретінде қалпына келтіруге болады. Қоқысқа тастау
немесе қайта пайдалану дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, Nokia корпорациясы
өз серіктестерімен «We:recycle» («Біз қоқысқа тастаймыз») атты бағдарлама
арқылы бірігіп жұмыс істейді. Ескі Nokia өнімдерін қайта пайдалануға өткізу және
жинау орындарын табу туралы ақпарат алу үшін www.nokia.com/werecycle
тораптарына өтіңіз немесе Nokia хабарласу орталығына қоңырау соғыңыз.
Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын жергілікті қайта өңдеу схемасы бойынша
қайта өңдеңіз.
Page 38
38Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі, нұсқаулық
немесе орауыш барлық электр және электрондық бұйымдардың, батареялардың
және аккумулятордың жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналуы керек екенін
есіңізге салады. Бұл талап Еуропалық Одақта қолданылады. Бұл бұйымдарды
сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз. Телефонның қоршаған ортаға
қатысты сипаттары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/ecoprofile
мекенжайына өтіңіз.
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Желі қызметтері мен бағалары
Құрылғы (E)GSM 900 және 1800 MHz желілері пайдалану үшін мақұлданған.
Телефонды қолдану үшін, қызмет провайдерінің қызметтеріне жазылуыңыз қажет.
Желілік қызметтерді қолдану немесе мазмұнды құрылғыға жүктеу үшін желілік байланыс қажет және оның нәтижесінде
деректер трафигі үшін ақы алынуы мүмкін. Өнімнің кейбір мүмкіндіктері желі қолдауын қажет етеді және оларға жазылу
қажет болуы мүмкін.
Құрылғы күтімі
Құрылғыны, батареяны, зарядтағышты және көмекші құралдарды ұқыптап ұстаңыз. Төмендегі ұсыныстар
кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
•Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің
тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Егер құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны
шығарып алып, құрылғыны құрғатыңыз.
•Құрылғыны суық температурада сақтамаңыз.
•Құрылғы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға болмайды.
•Рұқсат берілмеген өзгерістер құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
•Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз.
•Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
•Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, мезгіл-мезгіл құрылғыны өшіріп, батареяны алып тұрыңыз.
•Құрылғыңызды магниттерден немесе магнит өрістерінен алыс сақтаңыз.
•Маңызды деректерді қауіпсіз сақтау үшін, оны құрылғы, жад картасы немесе компьютер сияқты кемінде екі бөлек
жерде сақтаңыз немесе маңызды ақпаратты қағазға жазып қойыңыз.
Қайта пайдалану
Пайдаланылған электрондық өнімдерді, батареяларды және орауыш материалдарды міндетті түрде арнайы жинау
орнына өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың қараусыз тасталуына жол бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына
көмектесесіз. Өнім туралы экологиялық ақпаратты және Nokia өнімдерін қайта өңдеу жолдарын www.nokia.com/
werecycle торабынан немесе мобильді байланыс құралы арқылы nokia.mobi/werecycle.
Page 39
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат39
Сандық құқықтарды басқару туралы
Құрылғыны пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқа тараптардың жергілікті кедендік, құпиялылық және
заңды құқықтарын, оның ішінде авторлық құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық құқықтар бейнелерді, әуендерді және
басқа мазмұнды көшіруіңізге, өзгертуіңізге немесе тасымалдауыңызға жол бермеуі мүмкін.
Бөлік иелері зияткерлік байлықтарын, оның ішіндегі авторлық құқықтарын қорғау үшін сандық құқықтарды басқару
технологияларының барлық түрін қолдана алады. Бұл құрылғының СҚБ қорғалған бөлігін алу үшін СҚБ барлық түрін
қолдану керек. Осы құрылғымен WMDRM 10 және OMA DRM 1.0 қорғалған мазмұнға қол жеткізе аласыз. Егер сандық
құқықтарды басқару бағдарламасы бөліктерді қорғай алмаса, бөліктің иелері сандық құқықтарды басқару
бағдарламасының жаңа сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлесінің төмендеуін алуы жайында сұрауы мүмкін.
Күшін жою сіздің құрылғыңыздағы сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлесінің қайта жөндеуіне кедергі болуы
мүмкін. СҚБ бағдарламаларының күшін жою СҚБ басқа түрлері немесе СҚБ емес бағдарламалар арқылы қорғалған
үлес қолданысына әсерін тигізбейді.
Сандық құқықтарды басқарумен қорғалған мазмұн мазмұнды пайдалану құқықтарыңызды анықтайтын байланысты
лицензиямен беріледі.
Құрылғының OMA DRM арқылы қорғалған мазмұны болса, лицензиялар мен мазмұнның сақтық көшірмесін жасау
үшін Nokia Ovi Suite сақтық көшірме мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Құрылғы жады пішімделгеннен кейін OMA DRM арқылы қорғалған мазмұнын пайдалануды жалғастыру үшін басқа
тасымалдау әдістері мазмұнмен бірге қалпына келуі тиіс лицензияларды тасымалдамауы мүмкін. Сондай-ақ,
құрылғыдағы файлдар бүлінген жағдайда, лицензияларды қалпына келтіру керек болуы мүмкін.
Құрылғыда WMDRM арқылы қорғалған мазмұн болса, құрылғы жады пішімделгенде, лицензиялар мен мазмұн
жоғалып кетеді. Сондай-ақ, құрылғыдағы файлдар бүлінген жағдайда, лицензиялар мен мазмұн жоғалуы мүмкін.
Лицензиялар немесе мазмұнды жоғалту сол мазмұнды құрылғыда пайдалану мүмкіндігін шектейді. Көбірек мәлімет
алу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.
Кейбір лицензиялар арнайы SIM картасымен байланысты болуы мүмкін, ал қорғалған мазмұнды SIM картасы
құрылғыға салынған жағдайда ғана алуға болады.
Батареялар және зарядтағыштар
Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы BL-5C зарядталатын батареямен пайдалануға арналған. Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея
түрлерін шығаруы мүмкін. Әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-3 . Nokia зарядтағышы үлгісінің дәл
нөмірі қосқыш түріне қарай әр түрлі болады, олар E, X, AR, U, A, C, K немесе B әріптері анықталады.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту
режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз.
Батарея қауіпсіздігі
Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз. Зарядтағышты немесе қосымша
аспапты ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап тартыңыз.
Зарядтағыш пайдаланылмаған кезде, оны розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған
батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау батареяның қызмет мерзімін қысқартуы
мүмкін. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Батареяны әрдайым 15°C пен 25°C (59°F пен 77°F) температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура
батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы
уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Page 40
40Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Қысқа тұйықталу металл зат батареяның металл жолақтарына тигенде, мысалы, қалтаңызға қосалқы батарея салып
жүргеніңізде кездейсоқ орын алуы мүмкін. Қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі
мүмкін.
Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы органдардың
ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта өңдеуге жіберіңіз. Тұрмыстық қалдық түрінде
қоқысқа тастамаңыз.
Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз, майыстырмаңыз, теспеңіз немесе
майдаламаңыз. Батареядан сұйықтық ақса, батареяның сұйықтығын теріге немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай
жағдай орын алса, тиген жерді бірден сумен жуыңыз немесе медициналық көмек алыңыз.
Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе оны суға
немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде жарылуы мүмкін.
Батарея мен зарядтағышты тек олардың арнаулы мақсаттарына сай пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген батареяларды
немесе үйлесімсіз зарядтағыштарды пайдалану немесе оларды дұрыс пайдаланбау өрт, жарылыс қаупін немесе
басқа қауіп төндіруі және кез келген рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Егер батарея немесе
зарядтағыш бүлінген деп ойласаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін қызмет көрсету орталығына алып
барыңыз. Зақымдалған батареяны немесе зарядтағышты ешқашан пайдаланбаңыз. Зарядтағышты тек жабық жай
ішінде пайдаланыңыз.
Қосымша қауіпсіздік ақпарат
Төтенше қоңырау шалу
1Құрылғының қосулы болуын қамтамасыз етіңіз.
2Сигналдың тиісті күші болуын тексеріңіз. Сондай-ақ, төмендегілерді істеуіңіз қажет болуы мүмкін:
•SIM картасын салыңыз.
•Құрылғыға орнатылып қойған қоңырауға тыйым салу, бекітілген нөмір теру немесе жабық абоненттер тобы
сияқты қоңырау шектеулерін ажыратыңыз.
•Ұшу режимі қосылмағанын тексеріңіз.
•Құрылғы экраны мен пернелері құлыптанған болса, құлпын ашыңыз.
3Аяқтау түймесін басты экран пайда болғанша қайталап басыңыз.
4Слайдты ашыңыз.
5Жергілікті аймақтағы ресми жедел жәрдем нөмірін енгізіңіз. Жедел қоңырау шалу нөмірлері әр жерде әртүрлі
болады.
6Қоңырау пернесін басыңыз.
7Қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Рұқсат берілгенге дейін қоңырау шалуыңызды аяқтамаңыз.
Маңызды: Құрылғы интернет қоңырауларын қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырауларының екеуін де
іске қосыңыз. Құрылғы ұялы желі арқылы да, интернет қоңырауы провайдері арқылы да төтенше қоңырау шалуға
әрекеттенуі мүмкін. Байланыстың барлық жағдайда жүзеге асырылатынына кепілдік берілмейді. Медициналық
жәрдем шақыру сияқты маңызды байланыс орнату үшін тек сымсыз құрылғыға сенім артушы болмаңыз.
Кішкентай балалар
Құрылғы мен оның аксессуарлары ойыншық емес. Олардың құрамында кішкентай бөлшектердің болуы мүмкін.
Оларды кішкентай балалардан аулақ ұстаңыз.
Медициналық құрылғылар
Радио хабар тарату жабдығының, соның ішінде, сымсыз телефонның жұмысы жеткілікті қорғалмаған медициналық
құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. сыртқы радио жиілік қуатынан жеткілікті қорғалғанын анықтау үшін
Page 41
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат41
физиктен немесе медициналық құрылғыны өндірушіден ақыл-кеңес сұраңыз. Ережелер құрылғыны өшіріп қоюды
талап еткенде, мысалы емханада, өшіріңіз.
Алмастырылған медициналық құрылғылар
Медициналық құрылғыға кедергі жасауға жол бермеу үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер сымсыз құрылғы
мен имплантация жасайтын медициналық құрылғылар, мысалы, электрондық жүрек стимуляторы немесе
имплантация жасайтын кардиовертер-дефибриллятор арасындағы қашықтық кемінде 15,3 сантиметрді (6 дюйм)
құрауы тиіс деген кеңес береді. Мұндай құрылғыларға ие адамдар төмендегілерді орындауы тиіс:
•Әрдайым сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм) алыс ұстаңыз.
•Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу керек.
•Сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыға қарама-қарсы жақтағы құлағыңызға ұстаңыз.
•Кедергі барынан күмәнданған жағдайда, сымсыз құрылғыны өшіру керек.
•Имплантация жасайтын медициналық құрылғыға қатысты өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде сұрақтарыңыз болса,
денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.
Есту қабілеті
Ескерту
Шағын гарнитураны пайдалану сыртқы дыбыстарды есту қабілетіңізге әсер етуі мүмкін. Қауіпсіздігіңізге қатер
төндіретін жағдайда шағын гарнитураны пайдаланбаңыз.
Кейбір сымсыз құрылғылар кейбір есту аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін.
Никель
Ескерім: Бұл құрылғының беткі қабаттарында никель болмайды. Бұл құрылғының бетінде шірімейтін болат
болады.
Құрылғыны зиянды мазмұннан қорғау
Құрылғыңыз вирус және басқа зиянды мазмұнның шабуылына ұшырауы мүмкін. Төмендегі сақтық шараларын
орындаңыз:
•Хабарларды ашқанда сақ болыңыз. Олардың құрамында зиянды бағдарламалар немесе құрылғыңызды немесе
компьютеріңізді зақымдайтын басқа да зиянды нәрселер болуы мүмкін.
•Байланыс сұрауларын алғанда, интернетті шолғанда немесе мазмұнды жүктеп алғанда сақ болыңыз. Сенімсіз
көздерден Bluetooth байланыстарын қабылдамаңыз.
•Тек сенімді және жеткілікті қауіпсіздік пен қорғау мүмкіндігін ұсынатын көздерден алынған қызметтер мен
бағдарламаларды орнатып, пайдаланыңыз.
•Құрылғыңызға және кез келген қосылған компьютерге вирусқа қарсы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бағдарламаларын орнатыңыз. Бір уақытта тек бір антивирустық қолданбаны пайдаланыңыз. Бірнешеуін қолдану
құрылғының және/немесе компьютердің өнімділігі мен жұмысына әсер етуі мүмкін.
•Егер үшінші тараптардың алдын ала орнатылған бетбелгілері мен сілтемелерін пайдалансаңыз, тиісті сақтық
шараларын қолданыңыз. Nokia мұндай тораптарды мақұлдамайды және олар үшін жауап бермейді.
Жұмыс істеу ортасы
Бұл құрылғы құлақ тұсында немесе денеден 1,5 сантиметр (5/8 дюйм) алыс бірқалыпты пайдалану кезінде радио жиілік
нұсқауларын орындайды. Тасымалдау сөмкесінде, белдік қысқышта немесе арқалап алуға арналған ұстағышта метал
болмауы керек және құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген аралықта ұстаңыз.
Page 42
42Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Деректер файлдары мен хабарларды жіберу үшін желіге сапалы байланыс орнатылуы керек. Сапалы байланыс
қатынаулы болмайынша, деректер файлдарының немесе хабарлардың кешіктірілуі мүмкін. Берілу аяқталғанша,
бөлектеу қашықтығына қатысты нұсқауларды орындаңыз.
Көлік құралдары
Радио сигналдары көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе жеткілікті қорғалмаған электрондық жүйелерге, мысалы,
электрондық жанармай бүрку жүйесіне, тежеуге қарсы электрондық құлып жүйесіне, электрондық жылдамдықты
бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін көлігіңіздің
немесе оның жабдығының өндірушісімен тексеріңіз.
Құрылғыны көлікке тек білікті қызметкерлер орнатуы тиіс. Дұрыс орнатпау немесе қызмет көрсетпеу қауіпті және
кепілдігіңізді жарамсыз етуі мүмкін. Көліктегі барлық сымсыз құрылғылардың дұрыс орнатылғанын және жұмыс істеп
тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды
құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосалқы құралдарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік
жастықшаларының қатты күшпен ашылатынын ұмытпаңыз. Құрылғыңызды немесе аксессуарларын қауіпсіздік
жастықшасы ашылатын жерге қоймаңыз.
Ұшаққа көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз. Сымсыз құрылғыларды ұшақтың ішінде пайдалану ұшақтың
жұмысына қауіп келтіруі және заңға қайшы болуы мүмкін.
Жарылу қаупі бар орталар
Ықтималды жарылыс болатын ортада құрылғыны өшіріп қойыңыз. Барлық берілген нұсқауларды орындаңыз. Мұндай
аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе өлімге әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші
болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю
орындарында сөндіріңіз. Жанармай қоймаларында және тарату аумақтарында химиялық зауыттарда немесе жарылыс
жұмыстары болып жатқан жерде шектеулерді орындаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады.
Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Олар көлігіңіздің қозғалтқышын өшіріп қоюға кеңес беретін
аймақтарды, кемелердегі полубалардың астын, химиялық заттарды таситын немесе сақтайтын орындарды және
ауаның құрамында химиялық заттар немесе астық, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты заттар болатын жерлерді
қамтиды. Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану қауіпсіз бе, жоқ па анықтау үшін (пропан немесе бутан
сияқты) мұнай газдарды пайдаланатын көлік өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.
Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД)
Құрылғы радио толқындарының әсері нұсқауларына сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады. Ол халықаралық
нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP
тәуелсіз ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және барлық адамдарды жасына және денсаулығына қарамастан қорғауға
кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД
шектеуі дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/килограмм (Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік
белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі
құрылғының ҮСД көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана
қажетті қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты жақын
орналастыруыңызға байланысты өзгереді.
ICNIRP нұсқаулары белгілеген құрылғыны құлаққа қолданудың ҮСД ең жоғарғы мәні - 0,60 Вт/кг .
Құрылғының қосымша аспаптарын қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп
беру және тексеру талаптарына және желі таралымына тәуелді. ҮСД бойынша қосымша мәліметті www.nokia.com
сайтындағы өнім туралы ақпарат ішінен алуыңызға болады.
Page 43
Авторлық құқық және басқа ескертулер43
Авторлық құқық және басқа ескертулер
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Осымен, NOKIA CORPORATION RM-692 өнімінің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына және басқа да
маңызды шарттарына сәйкес екенін мәлімдейді. Сәйкестік жөніндегі көшірмені http://www.nokia.com/phones/
declaration_of_conformity/ сайтынан таба аласыз.
Nokia, Nokia Connecting People, Ovi және WE: логотип – Nokia корпорациясының сауда белгілері немесе тіркелген
сауда белгілері. Nokia tune Nokia Corporation компаниясының дыбыстық белгісі болып табылады. Бұл құжатта басқа
да өнімдер және компания атаулары олардың тиісті меншік сауда белгілері немесе сауда атаулары болуы мүмкін.
Бұл құжат мазмұнының бір бөлігін немесе барлығын Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз
қандайда бір жолмен қайта дайындауға, үшінші жаққа беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады. Nokia
корпорациясы үздіксіз дамыту саясатын ұстанады. Nokia компаниясы осы құжатта бейнеленген кез келген өнімді
алдын ала ескертусіз өзгертуге және жақсартуға құқылы.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol software from RSA Security.
Java and all Java-based marks are trademarks or registered trademarks of Sun Microsystems, Inc.
The Bluetooth word mark and logos are owned by the Bluetooth SIG, Inc. and any use of such marks by Nokia is under license.
Бұл өнім, жеке және коммерциялық емес қызметпен айналысатын пайдаланушы MPEG-4 Visual Standard
стандарттарына сәйкес кодтаған ақпаратпен бірге жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалану (i) және
лицензиясы бар бейне провайдері ұсынған MPEG-4 бейнелерін көру үшін (ii) MPEG-4 Visual Patent Portfolio License
патенттер бумасына сай лицензияланған. Басқа мақсаттарда пайдалануға ешқандай тікелей немесе жанама лицензия
берілмейді. Жарнама жасау үшін, жұмыста немесе коммерциялық мақсатта қолдану туралы қосымша ақпаратты
MPEG LA, LLC компаниясынан алуға болады. http://www.mpegla.com. торабын қараңыз.
Қолданыстағы заңмен рұқсат етілген барынша көп дәрежеде Nokia корпорациясы немесе оның лицензия
берушілерінің кез келгені ешқандай жағдайда қандай да бір деректердің немесе табыстың жоғалуына немесе қалай
болмасын пайда болған арнайы, кездейсоқ, жанама немесе тікелей емес зақымдардың кез келгеніне жапау бермейді.
Бұл құжаттың мазмұны "сол қалпында" берілген. Қолданыстағы заңмен талап етілгеннен басқа жағдайда, кепілдік
түрлерінің ешқайсысы, бекітілген немесе заңмен негізделген болмасын, сатуға арналған жарамдылық және белгілі
бір мақсатқа сәйкестік туралы заңға негізделген кепілдіктер, олармен шектелместен, осы құжаттың ұқыптылығына,
сенімділігіне немесе мазмұнына сәйкес жасалған. Nokia корпорациясы осы құжатты тексеру немесе оны кез келген
уақытта алдын ала ескертусіз алу құқығын өзінде қалдырады.
Page 44
44Авторлық құқық және басқа ескертулер
Өнімдерді, мүмкіндіктерді, бағдарламаларды және қызметтерді пайдалану мүмкіндігі аймақтарға қарай әртүрлі болуы
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, Nokiа дилеріне немесе қызмет провайдеріне хабарласыңыз. Экспорттық бақылау.
Бұл құрылғы АҚШ және басқа елдерден заңдар мен реттеушілерді экспорттайтын, сату тауарларын, технологияны
немесе бағдарламаны қамтамасыз ететін пәннен тұрады. Заң талаптарын орындамай ауытқуға тыйым салынады.
Nokia корпорациясы құрылғымен бірге берілген үшінші тарап бағдарламаларының жұмыс істейтіндігіне, мазмұнына
немесе түпкі пайдаланушыны қолдауына кепілдік бермейді немесе ол үшін жауапты емес. Бағдарламаны қолдану
арқылы сіз бағдарламаның сол қалпында берілгенін растайсыз. Nokia корпорациясы құрылғымен бірге берілген үшінші
тарап бағдарламаларының жұмыс істейтіндігіне, мазмұнына немесе түпкі пайдаланушыны қолдауына қатысты
мәлімдеме жасамайды, кепілдік бермейді немесе ол үшін жауапты емес.
Ovi қызметтерінің қолжетімділігі аймаққа қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Кейбір жұмыс жүйелері мен мүмкіндіктер SIM-картаға және/немесе желіге байланысты, MMS-ке байланысты немесе
құрылғылардың үйлесімділігіне және қолданылатын мазмұн форматтарына байланысты. Кейбір қызметтерге бөлек
ақша төленеді.
/1.0-басылым KK
Page 45
Тақырыптар тізімі45
Тақырыптар тізімі
Таңбалар/Сандар
Bluetooth22, 23
FM радиосы24, 25
IM (жылдам хабар алмасу)30
IMEI нөмірі10
MMS (мультимедиалық хабарлар
қызметі)18
Nokia Ovi қызметтері33
Nokia қолдау ақпараты34
Ovi by Nokia33
PIN кодтары10
PUK кодтары10
SIM картасы5
SMS (қысқа хабарлар қызметі)18
USB қосылымы23
Карталар31
— бөлісу33
— жолдарды жасау33
— қазіргі орналасқан жер32
— іздеу32
Кеңестер мен ұсыныстар қызметі34
контактілер
— көшіру13
— қосу15
— сақтау15
көрсеткіштер13
күн мен уақыт21
Күнтізбе22
кілттеу11
кілттеу коды10
Қ
қайта өңдеу37
қатынас кодтары10
қауіпсіздік коды10
қолдау34
қоңыраулар
— жұрнал15
— төтенше40
— шалу14, 15
қоңыраулы сағат22
қоңырау үндері20
Қоршаған ортаны қорғау кеңестері 37
қосу/өшіру9
қуатты қосу/ажырату9
құлыптау
— Түймешіктер11
— экран11
параметрлер
— қалпына келтіру36
параметрлерді қалпына келтіру36
пернелер мен бөліктер5
пошта30
— жасау30
— жіберу30
— оқу және жауап беру30
пошта жәшігі
— дауыс19
профильдер
— реттеу20
Р
радио24, 25
С
сағат21, 22
сенсорлық экран11
сөздік18
суретке түсіру