Пернелер мен бөлшектер7
SIM картасы мен батареяны салу7
Жад картасын салу9
Жад картасын шығару9
Батареяны зарядтау10
Білек бауын тағу10
Құрылғыны қосу немесе өшіру10
GSM антеннасы11
Құлақ аспабы11
Негізгі пайдалану12
Пернетақтаны кілттеу12
Қатынас кодтары12
Дыбыс деңгейін реттеу13
Күту күйі 13
Индикаторлар14
Мәзірлер бойынша жылжу14
Жылдам түймешіктер15
Оператор мәзірі15
Құрылғыны SIM картасынсыз
пайдалану15
Мәтін жазу15
Nokia есептік жазбасы және Nokia's
Ovi қызметтері16
Ovi Store туралы17
Контактілер 17
Қоңыраулар18
Қоңырау шалу және қоңырауға
жауап беру18
Дауыс зорайтқыш18
Нөмірді жылдам теру
түймешіктері19
Журнал19
Хабар алмасу19
Мәтіндік және мультимедиа
хабарлары19
Пошта21
Достарыңызбен чат арқылы
хабарласыңыз22
Жедел хабарлар22
Nokia Xpress аудиохабарлары 22
Дауыстық хабарлар22
Хабар параметрлері23
Органайзер23
Қоңыраулы сағат23
Күнтізбе және жұмыстар тізімі24
Веб немесе Интернет 24
Интернет қызметіне байланыс.24
Медиа 25
Камера және бейне25
FM радиосы25
Дыбыс жазу құрылғысы26
Музыка ойнатқышы27
Галерея28
Параметрлер29
Профильдер29
Әуендер29
Дисплей30
Күн мен уақыт30
Синхрондау және сақтық көшірме
жасау30
Қосылу мүмкіндігі30
Қоңырау және телефон32
Зауыт параметрлерін қалпына
келтіру33
Мына жай нұсқауларды оқыңыз. Бұларды қадағаламау қауіпті немесе заңсыз
болуы мүмкін. Қосымша мәлімет үшін пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК САҚТАП ҚОСУ
Сымсыз телефонды қолдануға тыйым салынғанда немесе құрылғыныы
қосу кедергілер мен қауіп-қатер тудырған жағдайда оны қоспаңыз.
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДАУ БОЛУЫ ТИІС
Жергілікті жердің барлық талаптарын орындаңыз. Әрқашан көлік
жүргізу кезінде қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі бірінші
ескеретініңіз жол қауіпсіздігі болуы тиіс.
КЕДЕРГІЛЕР
Барлық сымсыз құрылғылардың жұмысының орындалуына кедергілер
әсер етуі мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ
Кез келген шектеуді сақтаңыз. Құрылғыны ұшақта, медициналық
жабдықтың жанында, жанармай, химикаттар немесе қопарылысқа
бейім ауа кеңістігінде өшіріңіз.
МАМАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ
Бұл құрылғыны тек маманданған қызметкерлер ғана орнатуы немесе
жөндеуі тиіс.
ҚОСЫМША АСПАПТАР МЕН БАТАРЕЯЛАР
Тек мақұлданған қосымша аспаптар мен батареяларды қолданыңыз.
Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.
СҰҒА ТӨЗІМДІЛІГІ
Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Мұны құрғақ күйде сақтаңыз.
Page 5
Қауіпсіздік талаптары5
Құрылғыңыз жайында
Мына нұсқаулықта суреттелген сымсыз құрылғы (E)GSM 850, 900, 1800 және
1900 МГц желілері және UMTS 900//1900/2100 МГц желілері пайдалануға
арналған. Байланыс желісі туралы көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушімен
байланысыңыз.
Құрылғы үшінші тараптың интернет сайттарына бетбелгілер мен сілтемелерді
орнатып, үшінші тараптың сайттарына қатынауға мүмкіндік беруі мүмкін. Олар
Nokia корпорациясының филиалы болып табылмайды, Nokia корпорациясы олар
үшін жауапкершілікті өзіне алмайды және қабылдамайды. Егер сіз осындай
сайттарға қатынасаңыз, қауіпсіздік немесе мазмұн үшін сақтық шараларын
қолданыңыз.
Ескерту
Құрылғының оятқыш сағаттан басқа белгілерін қолданғыңыз келсе, құрылғыны
қосыңыз. Сымсыз құрылғыны қолдану кедергілер мен қауіп тудыратын болса,
құрылғыны қоспаңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқа тараптардың
жергілікті кедендік, құпиялылық және заңды құқықтарын, оның ішінде авторлық
құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық құқықтар кейбір бейнелердің, әуендердің және
басқа құрылымдағы заттардың көшірілуіне, тасымалдануына, өзгертілуіне
кедергі бола алады.
Құрылғыңызға сақталған барлық маңызды ақпараттың сақтық көшірмелерін
жасап немесе жазбаша көшірмесін сақтап қойыңыз.
Кез келген құрылғыны қосу үшін оның тұтынушыға арналған нұсқаулығындағы
қауіпсіздік жөніндегі мәліметтерді оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге
жалғамаңыз.
Бұл нұсқаулықтағы бейне ажыратымдылығы түрлі болып көрінуі мүмкін.
Құрылғыңыз туралы басқа да маңызды ақпарат алу үшін қолданушыға арналған
нұсқауларды қараңыз.
Желі қызметтері
Телефонды қолдану үшін сізде сымсыз қызмет көрсету түрі болуы керек. Кейбір
мүмкіндіктер барлықы желіде қатынаулы болмайды; басқа мүмкіндіктер қызмет
көрсету провайдеріңізбен арнайы реттеулер жасауыңызды талап етеді. Желі
қызметтері берілетін деректерді қамтиды. Өз желінізде және басқа желілерде
болғанда ақы қанша болатыны туралы егжей-тегжейін білу үшін қызмет
көрсетушіңізбен байланысыңыз. Қызмет көрсету провайдеріңіз қандай ақы
қолданылатын түсіндіреді. Кейбір желілерде TCP/IP хаттамаларында іске
Page 6
6Қауіпсіздік талаптары
қосылатын WAP 2.0 хаттамалары (HTTP және SSL) сияқты арналйы
технологиялар қолдауы және тілге тән таңбалар сияқты желі қолдауын талап
ететін осы құрылғының кейбір мүмкіндіктерін пайдалану амалдарына ықпал
ететін шектеулердің болуы мүмкін.
Сіз провайдеріңізден құрылғыңызда бейбелсенді және жұмысқа қабілетсіз
мүмкіндіктерге сұратым жасауыңызға болады. Онда бұл мүмкіндіктер
құрылғыңыздың мәзірінде көрінбейтін болады. Сондай-ақ, құрылғыңызда мәзір
атаулары, мәзір реті және белгішелер сияқты бапталатын элементтердің болуы
мүмкін.
Тым көп қызмет ету барысында мысалы, жылдамдығы жоғары деректер
байланысы, құрылғы қызуы мүмкін. Көп жағдайда бұл қалыпты болып табылады.
Егер сіз құрылғы жұмыс істемейді деп есептесеңіз де, оны жақын жердегі өкілетті
қызмет көрсету орнына жеткізіңіз.
Page 7
Пайдалануды бастау
Пернелер мен бөлшектер
Пайдалануды бастау7
1
2Құлақаспап
3Дисплей
4Таңдау пернелері
5Navi™ перне (жылжыту пернесі)
6Қоңырау шалу пернесі
7Пернетақта
8Зарядтағыш қосқышы
9Құлақаспап қосқышы/Nokia AV
10Камера объективі
11Микро USB коннекторы
12Үндеткіш
13Микрофон
14Жад картасы ұясы
15Қол бауына арналған тесік
SIM картасы мен батареяны салу
Аяқтау/Қосу түймешігі
қосқышы (3,5 мм)
Маңызды: Бұл құрылғыда mini-UICC SIM картасын (micro-SI картасы деп
те аталады), адаптер салынған micro-SIM картасын немесе mini-UICC ұясы бар
(суретті қараңыз) SIM картасын пайдаланбаңыз. Шағын SIM картасы қалыпты
SIM картасынан кішірек болады. Бұл құрылғы шағын SIM картасының
пайдаланылуына қолдау көрсетпейді, ал үйлеспейтін SIM картасын қолдану
картаны немесе құрылғыны зақымдап, онда сақталған деректерге нұқсан келтіруі
мүмкін.
Page 8
8Пайдалануды бастау
SIM картасы мен оның контактілері тырналғанда немесе бүгілгенде оңай бүлінуі
мүмкін, сондықтан картаны ұстау, салу немесе шығарып алу кезінде абайлаңыз.
1 Артқы қақпақты басыңыз да, телефонның төменгі жағына қарай сырғытып,
оны шығарып алыңыз (1).
2 Батареяны (2) шығарып алыңыз.
3 S IM карта ұс тағы шы н ашы п ( 3), S IM карта ны ң қос ыл атын бе тін тө мен қаратып
салыңыз да (4), ұстағышты жабыңыз (5).
4 Батареяны (6) салып, артқы қақпақты (7) жабыңыз.
Page 9
Пайдалануды бастау9
Жад картасын салу
Құрылғыны қолдану үшін Nokia мақұлдаған microSD карталары мәнерлерді ғана
қолданыңыз. Nokiа индустрия стандартын есте сақтау карталарына қолданады,
бірақ кейбір брендтер толығымен бұл құрылғыға сәйкес келмейді. Сәйкес
келмейтін карталар құрылғыға және картаға нұқсан келтіреді және ондағы
деректерді жойып жіберуі мүмкін.
Құрылғы келесі сыйымдылыққа дейінгі microSD жад карталарын қолдайды 16
Гбайт.
Сәйкес келетін жад картасы құрылғымен бірге немесе ішіне салынып беріледі.
Егер жоқ болса, келесіні орындаңыз:
1 Жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
2 Картаның қосылатын бетін жоғары қаратып жад картасы ұясына салыңыз да,
орнына бекігенше басыңыз.
3 Жад картасы ұясының қақпағын жабыңыз.
Жад картасын шығару
Маңызды: Құрылғы істеп тұрғанда карта қатынаулы кезде жад картасын
шығарып алмаңыз. Оны орындамау салдарынан құрылғыға және картаға зиян
келуі мүмкін және картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін.
Құрылғыны өшірмей, телефонмен жұмыс істеу кезінде жад картасын алып
тастауыңызға немесе ауыстыруыңызға болады, бірақ ешбір бағдарламаның жад
картасын пайдаланбайтынына көз жеткізіңіз.
Page 10
10Пайдалануды бастау
Батареяны зарядтау
Батареяңыз зауытта шамалы зарядталған. Егер құрылғы заряды аз болса,
суырып, содан кейін оны қабырғадағы ток сымынан ажыратыңыз.
Белгілі бір уақыт батареяны зарядтамауға болады және құрылғыны ол
зарядталып жатқанда да қолдануға болады. Егер батареяның заряды толығымен
біткен болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші пайда болғанша немесе қоңырау
шалу үшін бірнеше минут күту керек.
Провайдерден (желілік қызмет) конфигурациялық параметрлерді алу сұралуы
мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін қызмет провайдеріңізбен байланысыңыз.
GSM антеннасы
Сіздің құрылғыңыздың ішкі және сыртқы антеннасы болуы мүмкін. Антенна
сигнал таратып немесе қабылдап тұрғанда антенна аумағына қажетсіз тиіспеңіз.
Антеннаға тиіскеннен байланыс сапасына әсер етіп, жоғары қуат деңгейімен
жұмыс істеуіне себеп болуы мүмкін, тіпті батареяның зарядын азайтуы мүмкін.
Суретте GSM антеннасының аймағы сұр түспен көрсетілген.
Құлақ аспабы
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Page 12
12Негізгі пайдалану
Ескерту
Құлаққапты пайдалану сіздің сыртқы дыбыстарды есту қабілетіңізге әсер етуі
мүмкін. Сіздің қауіпсіздігіңізге қатер төндіретін жағдайда құлаққапты
қолданбаңыз.
Осы құрылғымен бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген
сыртқы құрылғы немесе құлаққапты Nokia AV Connector қосқышына қосу кезінде
дыбыс деңгейіне баса назар аударыңыз.
Құрылғыға зақым келтіретін сигнал шығаратын өнімдерді қоспағаныңыз жөн.
Nokia AV Connector қосқышын кернеу көзіне қоспаңыз.
Негізгі пайдалану
Пернетақтаны кілттеу
Пернелердің кездейсоқ басылуларын болдырмау мақсатында пернетақтаны
кілттеу үшін Мәзір таңдап, 3,5 секунд ішінде * пернесін басыңыз.
Пернетақтаны ашу үшін Ағыту таңда п, 1, 5 сек унд і шінд е * пернесін басыңыз. Егер
перне қауіпсіздігі қосылған болса, сұралған кезде қауіпсіздік кодын енгізіңіз.
Құрылғы белгілі бір уақыт бойы пайдаланылмағанда пернетақтаның автоматты
түрде кілттенуін орнату үшін, Мәзір > Параметрлер > Телефон > Авто. клав.
қорғ-шы > Қосу басыңыз.
Пернетақта кілттеулі күйде тұрғанда қоңырауға жауап беру үшін қоңырау
түймешігін басыңыз. Қоңырауды аяқтағанда немесе оны қабылдамағанда
пернетақта автоматты түрде кілттенеді.
Құрылғы немесе пернетақта құлыптанған кезде, ресми көмек көрсету қызметінен
көмек сұрауға болады.
Қатынас кодтары
Қауіпсіздік коды құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан сақтауға көмектеседі.
Алдымен орнатылған код 12345. Кодты жасау және өзгерту, және құрылғыны
кодты сұрайтын етіп орнату мүмкін. Кодты құпиялы түрде және құрылғыдан бөлек
қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытсаңыз және құрылғы кілттелген болса,
құрылғыға қызмет көрсету қажет. Қосымша тариф қолданылуы мүмкін және
құрылғыдағы барлық жеке деректер жойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу
үшін Nokia Care қызмет көрсету орталығына немесе құрылғыңыз сатушысына
хабарласыңыз.
Page 13
Негізгі пайдалану13
SIM картамен бірге берілетін PIN код картаның рұқсатсыз пайдаланылуынан
қорғайды. SIM карталармен бірге берілетін PIN2 код белгілі бір қызметтерге кіруге
қажет болады. Егер PIN немесе PIN2 кодын үш рет қатар қате енгізсеңіз, сізден
PUK немесе PUK2 коды сұралады. Егер бұл кодтарыңыз болмаса, қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін
модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды
қажет болуы мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу қызметін
пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай
пайдаланатынын анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Қауіпсіздік пәрменін
таңдаңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Қоңырау шалу кезінде және дыбысты файлды немесе FM радиосын тыңдау
кезінде құлақаспап пен дауыс зорайтқыштың дыбысын реттеу үшін жоғары-төмен
жылжыңыз.
Күту күйі
WТелефон пайдалануға дайын болса және сіз ешқандай таңбаларды енгізбеген
болсаңыз, телефон күту күйінде болады.
Желі сигналының қарқындылығы
1
2Батарея зарядының деңгейі
3Желінің аты немесе оператордың логотипі
4Таңдау түймешіктерінің функциялары
Жеке жылдам түймешіктер Өту ті зімін де гі фу нк ци ял ар ды қа ра п ш ығу үш ін со л ж ақ
таңдау түймешігі болып табылады. Тізімді қарап шығу кезінде, бар функцияларды
көру үшін Парам-р > Таңдау опциялары пәрменін таңдаңыз немесе тізіміңіздегі
функцияларды реттеу үшін Парам-р > Реттеу пәрменін таңдаңыз.
Page 14
14Негізгі пайдалану
Телефон көрсеткіші күту режимінде тұрғанда тікелей байланысуға болатын
таңдалған мүмкіндіктер мен ақпарат тізімін көрсетсін десеңіз, Мәзір >
Параметрлер > Дисплей > Өзіндік бейнебеті таңдаңыз.
Индикаторлар
Сізде оқылмаған хабарлар бар.
Сізде жіберілген, тоқтатылған немесе сәтсіз хабарлар бар.
Пернетақта құлыпталған.
Кіріс қоңыраулары мен хабарлары келгенде құрылғының дауысы
шықпайды.
Оятар қоңырау орнатылған.
/ Құрылғы GPRS немесе EGPRS желілерінде тіркелген.
/ GPRS немесе EGPRS байланысы ашық.
/ GPRS немесе EGPRS байланысы кідірілген (ұсталып тұр).
Мәзірлер бойынша жылжу
Құрылғы функциялары мәзірлерге топталған. Мұнда мәзір функцияларының
немесе таңдау элементтерінің бәрі сипатталмаған.
Басты бейнебетте Мәзір пәрменін және қажетті мәзірді және ішкі мәзірді
таңдаңыз.
Мәзірдің ағымдағы деңгейінен шығу
Шығу немесе Артқа таңдаңыз.
Басты бейнебетке қайту
Аяқтау пернесін басыңыз.
Мәзір көрінісін өзгерту
Мәзір > Парам-р > Нег. мәзір көрінісі таңдаңыз.
Құрылғы 3G (UMTS) желісінде тіркелген.
Bluetooth қосулы.
Барлық кіріс қоңыраулары басқа нөмірге бұрылған.
Қоңыраулар жабық пайдаланушылар тобымен шектелген.
Ағымды белсенді профиль белгіленген.
Телефонға құлақаспап қосылған.
Құрылғы басқа құрылғыға USB деректер кабелін пайдаланып
қосылған.
Page 15
Негізгі пайдалану15
Жылдам түймешіктер
Жеке жылдам пернелердің көмегімен телефонның жиі пайдаланылатын
функцияларына жылдам өтуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Сілтемелерім таңдаңыз.
Таңдау пернелеріне телефон функцияларын белгілеу
Оң жақ таңд. түйм-і немесе Сол жақ таңд. түйм-і және тізімнен функцияны
таңдаңыз.
Жылжыту пернесі үшін төте пернелер функциясын таңдау
Жылжу түймесі таңдаңыз. Қажетті бағытта жылжыңыз және Өзгерту немесе
Беру пәрменін және тізімнен функцияны таңдаңыз.
Оператор мәзірі
Желі операторыңыз қамтамасыз ететін қызметтерді пайдалану үшін порталға
кіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін желі операторына хабарласыңыз. Қызметтік
хабармен оператор бұл мәзірді жаңарта алады.
Құрылғыны SIM картасынсыз пайдалану
Құрылғыңыздың кейбір мүмкіндіктерін, мысал ойындарды SIM картасын салмай-
ақ пайдалануға болады. Ұшу профилінде қол жеткімсіз болатын мүмкіндіктерді
мәзірлерден таңдау мүмкін емес.
Мәтін жазу
Мәтіндік күйлер
Мәтінді енгізу үшін (мысалы, хабар жазғанда) әдеттегі немесе болжалды мәтін
енгізу функциясын пайдалануға болады.
Мәтін жазғанда
көрсетілетін болжалды мәтін енгізу әдісі арасында ауысу үшін Парам-р
түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Болжалды мәтін енгізу функциясы тілдердің
бәрінде бола бермейді.
Таңба регистрлері
Таңба регистрін өзгерту үшін # түймешігін басыңыз. Мәтіндік күйден
көрсетілетін сандық күйге ауысу үшін # түймешігін басып, ұстап тұрыңыз да, Сан
режимі пәрменін таңдаңыз. Сандық күйден мәтіндік күйге ауысу үшін # түймешігін
басып тұрыңыз.
Жазу тілін орнату үшін Парам-р > Жазу тілі пәрменін таңдаңыз.
арқылы көрсетілетін әдеттегі мәтін енгізу әдісі мен арқылы
, және арқылы көрсетіледі.
арқылы
Page 16
16Негізгі пайдалану
Әдеттегі мәтін енгізу
Қалаған таңба көрсетілгенше, 2-9 аралығындағы сан пернесін қайталай басыңыз.
Таңбалардың бар-жоғы таңдалған жазу тіліне байланысты болады.
Келесі қалаған таңба алдыңғысымен бір пернеде орналасқан болса, курсор
пайда болғанша күте тұрыңыз және таңбаны енгізіңіз.
Қарапайым пунктуация таңбалары мен арнайы таңбаларды енгізу үшін 1
таңбасын қайта-қайта басыңыз. Арнайы таңбалар тізіміне өту үшін * түймешігін
басыңыз. Бос орын кірістіру үшін, 0 түймешігін басыңыз.
Болжалды мәтін енгізу
Болжалды мәтін енгізу алдын ала орнатылған сөздікке негізделген және ол
сөздікке жаңа сөздерді қосуға болады.
1 2 мен 9 аралығындағы түймешіктердің көмегімен сөз жазуды бастаңыз. Бір
әріп үшін әрбір түймешікті тек бір рет басыңыз.
2 Сөзді растау үшін, оңға жылжыңыз немесе бос аралық қалдырыңыз.
•Егер сөз дұрыс емес болса, * түймешігін қайталап басып, сөзді тізімнен
таңдаңыз.
•Егер сөзден кейін ? таңбасы көрінсе, бұл жазғыңыз келетін сөздің сөздікте
жоқ екендігін білдіреді. Сөзді сөзкке қосу үшін Әріптеп пәрменін таңдаңыз.
Сөзді әдеттегі мәтін енгізу әдісімен енгізіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.
•Күрделі сөзді жазу үшін сөздің бірінші бөлігін енгізіп, оны растау үшін оңға
жылжыңыз. Сөздің соңғы бөлігін жазып, сөзді растаңыз.
3 Келесі сөзді жазуды бастаңыз.
Nokia есептік жазбасы және Nokia's Ovi қызметтері
Nokia есептік жазбасын компьютерде немесе мобильді құрылғыда жасауыңызға
болады.
Nokia's Ovi қызметтері мен Nokia есептік жазбасымен келесілерді орындауыңызға
болады:
•Тегін Ovi Mail есептік жазбасын алу
•Ovi Store қызметінен ойындар, бағдарламалар, бейнелер және қоңырау
үндерін жүктеңіз
Қол жетімді қызметтер ел немесе аймаққа байланысты әртүрлі болуы мүмкін
және барлық тілдер бірдей қолданылмайды.
Ovi қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін www.ovi.com сайтына өтіңіз.
Page 17
Контактілер17
Кейінірек Nokia есептік жазбасын жасау үшін құрылғыңызды Ovi қызметіне кіру
үшін пайдаланыңыз және сізден есептік жазба жасау сұралады.
Ovi Store туралы
Ovi Store қызметінде құрылғыңызға мобильді ойындарды, қолданбаларды,
бейнелерді, кескіндерді, тақырыптарды және қоңырау үндерін жүктеуге болады.
Кейбір элементтер тегін; кейбіреулері үшін несие картасымен немесе телефон
шотымен төлеу қажет. Төлеу әдістері тұратын еліңізге және желілік қызмет
провайдеріне байланысты болады. Ovi Store мобильді құрылғыңызбен үйлесімді
және талғамыңызға және орныңызға сәйкес келетін мазмұнды ұсынады.
Контактілер
Мәзір > Контактілер таңдаңыз.
Аттар мен телефон нөмірлерін құрылғы жадында немесе SIM картасында
сақтауға болады. Құрылғы жадына нөмірлері мен мәтіндік элементтері бар
контактілерді сақтауға болады. SIM картасының жадына сақталған аттан мен
нөмірлер
Контакт қосу
Жаңасын қосу таңдаңыз.
Контактіге мәліметтер қосу
Қолданыстағы жадтың Телефон немесе Телефон мен SIM екенін қадағалаңыз.
Аттар опциясын таңдап, атына өтіңіз, сосын Деректер > Парам-р > Мәлімет
қосу опциясын таңдаңыз.
Контакті іздеу
Аттар тармағын таңдап, контактілер тізімін айналдырып көріңіз немесе аттың
бірінші әріптерін енгізіңіз.
Контактіні басқа жадқа көшіру
Аттар опциясын таңдап, контактіге өтіңіз, сосын Деректер > Парам-р > Нөмірді
көшіру опциясын таңдаңыз. SIM картасында әрбір ат үшін тек бір телефон нөмірін
сақтауға болады.
Контактілер сақталатын орынды, контактілердің қалай көрсетілетінін және
контактілердің жадты қолдануын таңдау
Параметрлер таңдаңыз.
арқылы көрсетілген.
Page 18
18Қоңыраулар
Іскерлік картаны жіберу
Контактілер тізімінде контактіге өтіп, Деректер > Парам-р > Визитка жіберу
опциясын таңдаңыз. Бизнес карталарын vCard стандартын қолдайтын
құрылғыдан жіберуге және алуға болады.
Қоңыраулар
Қоңырау шалу және қоңырауға жауап беру
Қоңырау соғу
Телефон нөмірін және қажет болса ел коды мен аймақтық кодты енгізіп, қоңырау
соғу пернесін басыңыз. Халықаралық қоңыраулар соққан кезде халықаралық
префиксті (+ таңбасы халықаралық қатынаc кодының орнына жүреді) енгізу үшін
* пернесін екі рет басыңыз да, мемлекет кодын, егер қажет болса, аймақ кодын
алда жүретін 0 санысыз, және телефон нөмірін енгізіңіз.
Кіріс қоңырауға жауап беру
Қоңырау пернесін басыңыз.
Қоңырауды қабылдамау
Аяқтау пернесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау
Байланыс кезінде, жоғары не төмен жылжытыңыз.
Дауыс зорайтқыш
Бар болған жағдайда, қоңырау шалу кезінде телефонның құлақ аспабын немесе
дауыс зорайтқышын пайдалану үшін Динамик немесе Телефон пәрмендерінің
бірін таңдаңыз.
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Page 19
Хабар алмасу19
Нөмірді жылдам теру түймешіктері
Телефон нөмірін нөмір пернесіне белгілеу
Мәзір > Контактілер > Жылдам теру тармағын таңдаңыз, қажетті нөмірге
жылжып (2-9), Беру тармағын таңдаңыз. Қажетті телефон нөмірін енгізіңіз немесе
Іздеу сақталған контактіні таңдаңыз.
Жылдам теруді қосу
Мәзір > Параметрлер > Қоңырау > Нөмірді тез теру > Қосу таңдаңыз.
Жылдам теруді пайдаланып қоңырау соғу
Күту режимінде қажетті пернені басып тұрыңыз.
Журнал
Қоңыраулар туралы ақпаратты, хабарларды, деректерді және синхрондау
оқиғаларын көру үшін Мәзір > Журнал және тиісті параметрді таңдаңыз.
Ескерім: Сіздің қызмет көрсетушіңіздің есебі барлық қоңыраулар мен
қызмет түрлері үшін әртүрлі және есеп, салық т .б. қоса алғанда интернет
мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Хабар алмасу
Мәтіндік, мультимедиалық, дыбыстық және жедел хабарларды жіберуге және
қабылдауға болады. Сондай-ақ, хабарларды жіберуге және қабылдауға болады.
Хабар алмасу қызметтерін желі провайдері немесе қызмет ұсынушы қолдаған
жағдайда ғана пайдалануға болады.
Мәтіндік және мультимедиа хабарлары
Сіз хабарды жасауыңыз және оған, мәселен, суретті тіркеуіңіз мүмкін. Мәтіндік
хабарға файл тіркелгенде, оны телефоныңыз автоматты түрде мультимедиа
хабарына өзгертеді.
Мәтіндік хабарлар
Сіздің құрылғыңыз бір хабарламаға арналған шектеу бойынша мәтін
хабарламаларын қолдайды. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп
хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы
мүмкін. Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл опциялары көбірек
орын алып, бір хабармен жіберілетін таңбалардың санын шектейді.
Қалған таңбалардың жалпы саны және жіберуге қажетті хабарлардың саны
дисплейден көрсетіледі.
Page 20
20Хабар алмасу
Хабар жіберу үшін құрылғыңызда хабарлар орталығының дұрыс нөмірі сақталуы
керек. Әдетте, бұл нөмір SIM картасы арқылы әдепкі мән ретінде орнатылады.
Нөмірді қолмен енгізу үшін мына әрекетті орындаңыз:
1 Мәзір > Хабарлар > Хабар параметрлері > Мәтін хабарлары > Хабар
орталықтары опциясын таңдаңыз.
2 Қызмет провайдері берген атты және нөмірді енгізіңіз.
Мультмедиа хабарлар
Мультимедиалық хабарда мәтін, суреттер, дыбыстық клиптер болуы мүмкін.
Тек сәйкес келетін қызметтері бар құрылғылар ғана мультимедиялық шағын
мәтіндерді алып орната алады. Қабылдаушы құрылғыға байланысты пайда
болатын хабар әртүрлі болуы мүмкін.
Сымсыз интернет MMS шағын мәтіндердің өлшемін шектеуі мүмкін. Егер
салынған сурет бұл шектеуден асып кетсе, құрылғы оны MMS арқылы жіберуге
болатындай етіп кішірейтуі мүмкін.
Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы
зиянды қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер
құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Мультимедиалық хабар алмасу қызметінің (MMS) қолжетімділігін білу және оған
жазылу үшін қызмет провайдеріңізбен хабарласыңыз.
Хабар жасау
1 Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу опциясы мен хабар түрін таңдаңыз.
2 Алушы: өрісінде алушының нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын
(желі қызметі) енгізіңіз. Алушыны таңдау үшін Қосу тармағын таңдаңыз.
Бірден аса алушыға жіберуіңізге болады.
3 Мәтін: өрісінде хабарды жазыңыз.
Арнайы таңба немесе смайл кірістіру үшін Парам-р > Таңба енгізу.
Хабарға мазмұн тіркеу үшін дисплейдің төменгі жағындағы тіркеме жолағына
өтіп, мазмұнның қажетті түрін таңдаңыз. Хабар түрі автоматты түрде
мультимедиалық хабарға айналады.
4 Жіберу таңдаңыз.
Ескерім: Пиктограмма немесе мәтін арқылы берілген хабардың
белгіленген уақыты экранда көрсетілмейді.
Page 21
Хабар алмасу21
Қызмет ұсынушылары талап ететін ақы мөлшері хабардың түріне қарап өзгеріп
отырады. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет ұсынушыға хабарласыңыз.
Пошта
Электрондық пошта орнату
Мәзір > Хабарлар > Электронд. пошта опциясын таңдаңыз.
Егер электрондық пошта есептік жазбаңыз жоқ болса, Ovi Mail қызметі бар Nokia
есептік жазбасын жасауға болады.
1 Ovi поштасына тіркелу опциясын басыңыз.
2 Нұсқауларды орындаңыз.
Электрондық пошта хабарын оқу, жазу және жіберу
Мәзір > Хабарлар > Электронд. пошта опциясын таңдаңыз.
Электрондық пошта хабарын оқу
Электрондық пошта хабарын және Ашу опциясын таңдаңыз.
Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы
зиянды қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер
құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Тіркемелері, мысалы, кескіндері бар электрондық пошта хабарлары қағаз
қыстырғышының белгішесімен көрсетіледі. Кейбір тіркемелер құрылғыңызбен
сыйысымды болмауы мүмкін және құрылғыңызда көрсетілмеуі ықтимал.
Тіркемелерді қарау
Тіркемені және Көру таңдаңыз.
Электрондық пошта жазу
Опция-р > Жаңасын құрас-у опциясын таңдаңыз.
Электрондық хатқа файл қосу
Опция-р > Файл тіркеу опциясын таңдаңыз.
Электрондық хат жіберу
Жіберу опциясын басыңыз.
Электрондық пошта бағдарламасын жабу
Шығу опциясын басыңыз.
Page 22
22Хабар алмасу
Достарыңызбен чат арқылы хабарласыңыз
Құрылғы арқылы қосылған басқа пайдаланушылармен сөйлесуге болады.
Құрылғыңыз қолдайтын IM қауымдастық үшін бұрыннан бар тіркелгіңізді қолдана
аласыз. IM қызметіне тіркелмеген болсаңыз, компьютеріңіз немесе құрылғыңыз
арқылы қолдау көрсетілген IM қызметіне тіркелгі жасай аласыз. IM қызметіне
байланысты мәзірлер әр түрлі болуы мүмкін.
Қызметке қосылу үшін Мәзір > Хабарлар > Лездік хабар-р опциясын таңдап,
экранға көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Жедел хабарлар
Жедел хабарлар – алынған кезде бірден көрінетін мәтіндік хабарлар.
Мәзір > Хабарлар тармағын таңдаңыз.
1 Хабар жазу > Жылдам хабар опциясын таңдаңыз.
2 Алушы: өрісінде алушының нөмірін енгізіңіз. Алушыны таңдау үшін Қосу
тармағын таңдаңыз. Бірден аса алушыға жіберуіңізге болады.
3 Хабар: өрісінде хабарды жазыңыз.
Арнайы таңба немесе күлкі таңбасын енгізу үшін Парам-р > Таңба енгізу
тармағын таңдаңыз.
4 Жіберу опциясын басыңыз.
Nokia Xpress аудиохабарлары
Дыбыстық хабарларды мультимедиа хабарлары ретінде ыңғайлы жолмен
жасаңыз және жіберіңіз.
Мәзір > Хабарлар тармағын таңдаңыз.
1 Хабар жазу > Аудио хабар опциясын таңдаңыз. Дыбыс жазу құрылғысы
ашылады.
2 Хабарды жазу үшін
3 Жазуды тоқтату үшін
4 Алушы: өрісінде алушының нөмірін енгізіңіз. Алушыны таңдау үшін Қосу
тармағын таңдаңыз. Бірден аса алушыға жіберуіңізге болады.
5 Жіберу опциясын басыңыз.
тармағын таңдаңыз.
тармағын таңдаңыз.
Дауыстық хабарлар
Дауыстық пошта жәшігі - жазылуыңыз қажет болуы мүмкін желілік қызмет.
Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Page 23
Органайзер23
Дауыстық пошта жәшігіне қоңырау шалу
1 пернесін басып тұрыңыз.
Дауыстық пошта жәшігін өзгерту
Мәзір > Хабарлар > Дауыс хабар-ры және Дауыс п/ж нөмірі тармақтарын
таңдаңыз.
Хабар параметрлері
Мәзір > Хабарлар және Хабар парамет-рі тармағын таңдаңыз.
Мына жерден таңдаңыз:
Жалпы параметрлер — Қаріп өлшемі хабарларын орнатып, графикалық күлкі
таңбаларын іске қосыңыз.
Мәтін хабарлары — Мәтіндік хабарлар үшін хабар орталықтарын орнатып,
жеткізу есептерін іске қосыңыз.
М-медиа хабарлары — Жеткізілім есептері және мельтимедиалық хабарлар мен
жарнамаларды қабылдауға рұқсат беріңіз және мультимедиалық хабарлаға
қатысты басқа-да таңдаулы параметрлерді орнатыңыз.
Қызметтік хабарлар — Қызметтік хабарларды іске қосу және қызметтік
хабарларға қатысты параметрлерді реттеу.
Органайзер
Қоңыраулы сағат
Оятар қоңырауын керекті уақытта дыбыс шығаратын етіп орнатуыңызға болады.
2 Оятарды қосып, ояту уақытын белгілеңіз.
3 Оятар қоңырауын аптаның таңдалған күндеріне қою үшін Қайталау: >
Қосулы тармағын және күндерді таңдаңыз.
4 Қоңырау үнін таңдаңыз. Егер радионы оятар қоңырауының дыбысы ретінде
таңдасаңыз, телефонға гарнитураны жалғаңыз.
5 Қайта ояту уақытын белгілеп, Сақтау тармағын таңдаңыз.
Оятар қоңырауын өшіру
Тоқтату тармағын таңдаңыз. Егер оятар дыбысы бір минут берілсе немесе
Қайтал. тармағын таңдасаңыз, дабыл кейінге қалдырылған уақыт бойы тоқтап
тұрып, қайтадан жалғасады.
Page 24
24Веб немесе Интернет
Күнтізбе және жұмыстар тізімі
Мәзір > Органайзер > Күнтізбе таңдаңыз. Ағымдағы күн бөлектенеді. Егер күнге
арналған жазбалар болса, сол күн қалың қаріппен беріледі.
Күнтізбе жазбасын қосу
Керекті күнге жылжытыңыз және Парам-р > Ескертпе жазу таңдаңыз.
Жазбаның мәліметтерін көру
Жазбаға жылжытып, Көру тармағын таңдаңыз.
Күнтізбеден барлық жазбаларды өшіру
Парам-р > Ескертпелерді жою > Барлық жазбалар таңдаңыз.
Жасауға қажет тізімін көру
Мәзір > Органайзер > Істер тізімі таңдаңыз.
Жұмыстар тізімі көрсетіледі және басымдылық бойынша іріктеледі. Жазбаны
қосу, жою немесе жіберу үшін, жазбаны орындалды деп белгілеу үшін немесе
жұмыстар тізімін соңғы мерзімі бойынша іріктеу үшін Парам-р пәрменін таңдаңыз.
Веб немесе Интернет
Телефоныңыздың шолғышын пайдаланып, әр түрлі интернет қызметтерін
пайдалана аласыз. Веб-беттердің көрінісі экран өлшеміне байланысты әр түрлі
болуы мүмкін. Сіз веб-беттегі барлық егжей-тегжейлерді көре алмауыңыз мүмкін.
Телефоныңызға байланысты интернет шолғыш функция мәзірде веб немесе
интернет ретінде көрсетілуі мүмкін, оны бұдан былай веб деп атаймыз.
Маңызды: Сенімді қызметтерді пайдаланыңыз және зиянды
бағдарламаларға қарсы қауіпсіздік пен қорғаныш шешімдерін қолданыңыз.
Бұл қызметтердің қатынаулы екендігін, бағасын және нұсқауларын қызмет
ұсынушыдан сұраңыз.
Шолуға қажет болатын конфигурациялық параметрлерді конфигурациялық хабар
ретінде қызмет ұсынушыдан ала аласыз.
Интернет қызметіне байланыс.
Мәзір > Интернет > Үй таңдаңыз. Немесе күту режимінде 0 пернесін басып ұстап
тұрыңыз.
Page 25
Медиа25
Қызметке қосылғаннан кейін оның беттерін шолуды бастауға болады.
Қызметтерге байланысты телефон түймешіктерінің функциялары өзгеруі мүмкін.
Телефон дисплейіндегі мәтіндік нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Медиа
Камера және бейне
Құрылғыңыз 2048x1536 пиксел пиксель ажыратымдылығын қолдайды.
Камера режимі
Сурет функциясын пайдалану
Мәзір > Медиа > Камера тармағын таңдаңыз.
Ұлғайту немесе кішірейту
Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Суретке түсіру
Іліп алу таңдаңыз.
Алдын-ала көру режимі мен уақытты орнату
Парам-р > Параметрлер > Сур-і көріп алу уақ. таңдаңыз.
Авто таймерді қосу
Парам-р > Таймер таңдаңыз.
Бейне режимі
Бейне функциясын пайдалану
Мәзір > Медиа > Бейнекамера тармағын таңдаңыз.
Бейне клип түсіру
Жазу таңдаңыз.
Камера мен бейне режимдерін өзгертіп қосу
Камера немесе бейне режимінде солға немесе оңға жылжытыңыз.
FM радиосы
FM радиосы сымсыз құрылғы антеннасынан басқа антеннаға байланысты. FM
радиосының дұрыс қызмет жасауы үшін құрылғыға сәйкес келетін құлаққапты
немесе қосымша құрылғыны бекіту керек.
Page 26
26Медиа
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Мәзір > Медиа > Радио таңдаңыз.
Көрші радио станцияны іздеу
Жылжыту пернесін солға немесе оңға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Станцияны сақтау
Қажетті станцияны іздеп тауып, Парам-р > Р/арнаны сақтау таңдаңыз.
Сақталған станцияларды өзгертіп қосу
Станцияларды кезек қосу үшін солға немесе оңға жылжытыңыз, немесе қажетті
станция сақталған нөмір пернесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау
Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Музыка ойнатқышты қосалқы күйде ойнату
Аяқтау пернесін басыңыз.
Радионы жабу
Аяқтау пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Дыбыс жазу құрылғысы
Мәзір > Медиа > Диктофон таңдаңыз.
GPRS байланысы немесе мәлімет қоңырауы қызмет үстінде болған жағдайда
дауыс жазушыны қолданбаңыз.
Жазуды бастау
Жазу белгішесін таңдаңыз.
Байланыс кезінде жазуды бастау
Парам-р > Жазу опциясын таңдаңыз. Қоңырауды жазған кезде, телефонды
қалыпты жағдайда құлағыңыздың қасында ұстаңыз. Жазба Галерея ішіндегі
Жазбалар қалтасына сақталады.
Page 27
Медиа27
Ең соңғы жазылғанды тыңдау
Парам-р > Соңғы клипті ойн-у таңдаңыз.
Соңғы жазылғанды мультимедиа хабарламасы арқылы жіберу
Парам-р > Соңғы клипті жіб-у таңдаңыз.
Музыка ойнатқышы
Құрылғыда ән немесе басқа MP3 не AAC дыбыс файлдарын тыңдау үшін
музыкалық ойнатқыш бар.
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Мәзір > Медиа > Медиа ойнат-ш таңдаңыз.
Ойнатуды бастау немесе кідірту
Жылжыту пернесін басыңыз.
Ағымдағы әннің басына өту
Солға жылжытыңыз.
Алдыңғы әнге өту
Солға екі рет жылжытыңыз.
Келесі әнге өту
Оңға жылжытыңыз.
Ағымдағы әнді артқа айналдыру
Жылжыту пернесін солға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Ағымдағы әнді жылдам алға айналдыру
Жылжыту пернесін оңға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау
Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Музыка ойнатқыштың дыбысын өшіру немесе қосу
# пернесін басыңыз.
Page 28
28Галерея
Музыка ойнатқышты қосалқы күйде ойнату
Аяқтау пернесін басыңыз.
Музыка ойнатқышты тоқтату
Аяқтау пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Галерея
Сіздің телефоныңыз алынған мазмұнды қорғау үшін сандық құқықтарды басқару
(DRM) жүйесін қолдайды. Мазмұнды алудан бұрын, әрқашан кез келген
мазмұнның жеткізілім шарттары мен белсендіру кілтін тексеріңіз, себебі ол үшін
ақы төлеу қажет болуы мүмкін.
Сандық құқықтарды басқару
Бөлік иелері зияткерлік байлықтарын, оның ішіндегі авторлық құқықтарын қорғау
үшін сандық құқықтарды басқару технологияларының барлық түрін қолдана
алады. Бұл құрылғының СҚБ қорғалған бөлігін алу үшін СҚБ барлық түр ін қолд ан у
керек. Осы құрылғымен WMDRM 10, OMA DRM 1.0, OMA DRM 1.0 жіберуді
құлыптау және OMA DRM 2.0 қорғалған мазмұнға қол жеткізе аласыз. Егер сандық
құқықтарды басқару бағдарламасы бөліктерді қорғай алмаса, бөліктің иелері
сандық құқықтарды басқару бағдарламасының жаңа сандық құқықтарды
басқарудың қорғалған үлесінің төмендеуін алуы жайында сұрауы мүмкін. Күшін
жою сіздің құрылғыңыздағы сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлесінің
қайта жөндеуіне кедергі болуы мүмкін. СҚБ бағдарламаларының күшін жою СҚБ
басқа түрлері немесе СҚБ емес бағдарламалар арқылы қорғалған үлес
қолданысына әсерін тигізбейді.
Сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлестері сіздің өз үлесіңізді қолдану
құқықтарын анықтайтын іске асыру кілтінен тұрады.
Еге р с із ді ң қ ұр ыл ғы ңы зд ың OM A DRM қ ор ға лғ ан ма зм ұн ы б ол са , і ске қосу кілттері
мен мазмұнын көшіру үшін Nokia Ovi Suite сақтық көшірме мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
Басқаша беру әдістері құрылғы жады форматталғаннан кейін OMA DRM
қорғалған мазмұнын пайдалана беру үшін сізге мазмұнмен сақталуға тиісті іске
қосу кілттерін бере алмайды. Сіздің құрылғыңыздағы файлдар бұзылып қалса, сіз
іске қосу кілттерін қайта орнатуыңыз керек.
Егер құрылғыңызда WMDRM арқылы қорғалған мазмұн бар болса,
құрылғыңыздың жадысы пішімделген кезде, белсендіру кілті мен мазмұны
жоғалып кетеді. Егер сіздің құрылғыңыздағы файлдар бұзылған болса, сіз іске
қосу кілті мен үлесті жоғалтып алуыңыз мүмкін. Іске қосу кілтін және үлесті
Page 29
Параметрлер29
жоғалту сіздің құрылғыңызда ұқсас үлесті қолдану қабілетін шектейді. Көбірек
мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.
Галерея мазмұнын көру
Мәзір > Галерея таңдаңыз.
Параметрлер
Профильдер
Қоңырау күтіп тұрсыз, бірақ құрылғыңыз шырылдамай тұр ма? Профильдер деп
аталатын әр түрлі параметр топтары бар, оларды түрлі жағдайлар мен орталарға
арналған қоңырау әуендерімен реттеуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Профильдер таңдаңыз.
Қажетті профильді және оның ішінен келесі параметрлерден таңдаңыз:
Іске қосу — Профильді қосыңыз.
Дербестеу — Профиль параметрлерін өзгертіңіз.
Уақыт белгіленген — Профильді белгілі уақытқа дейін белсенді етіп орнатыңыз.
Профиль үшін орнатылған уақыт аяқталғанда уақыты көрсетілмеген бұрынғы
профиль қосылады.
Қатынаулы параметрлердің өзгеруі мүмкін.
Ескерту
Ұшу режимімен сіз кез келген жерге, оның ішінде жедел қызметтерге қоңырау
шала немесе қабылдай алмайсыз, желі ауқымына қажетті басқа мүмкіндіктерді
пайдалана алмайсыз. Қоңырау шалу үшін алдымен режимді өзгерту арқылы
телефон функциясын іске қосу қажет. Егер құрылғы кілттелген болса, кілттеу
кодын енгізіңіз.
Егер құрылғы құлыптаулы және Ұшу режимінде болған кезде жедел қоңырау
шалу қажет болса, сіз құрылғыңызға бағдарламаланған ресми жедел қызмет
нөмірін кілт кодының жолына енгізіп, "Қоңырау шалу" опциясын таңдауыңызға
болады. Құрылғы жедел қоңырау шалу үшін Ұшу режимінен шықпақ әрекетіңізді
растайды.
Әуендер
Таңдалған белсенді режимнің дыбыс үні параметрлерін өзгертуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Үндер тармағын таңдаңыз. Бірдей параметрлерді
Профильдер мәзірінен табуға болады.
Page 30
30Параметрлер
Дисплей
Мәзір > Параметрлер > Дисплей таңдаңыз.
Тұсқағазды, әріп мөлшерін немесе құрылғы дисплейіне қатысты басқа
мүмкіндіктерді көруге немесе реттеуге болады.
Күн мен уақыт
Мәзір > Параметрлер > Күн мен уақыт пәрменін таңдаңыз.
Күн мен уақытты орнату
Күн мен уақыт прм-і таңдаңыз.
Күн мен уақыт пішімін белгілеу
Күн мен уақыт піш-і таңдаңыз.
Уақытты ағымдағы уақыт белдеуіне сәйкесті түрде автоматты түрде жаңарту
Күн мен уақ. автотүз. (желі қызметі) таңдаңыз.
Синхрондау және сақтық көшірме жасау
Мәзір > Параметрлер > Қад. ж/е с. көш. таңдаңыз.
Мына жерден таңдаңыз:
Тлф қосқышы — Контактілеріңіз, күнтізбе жазбалары, басқа жазбалар немесе
хабарлар сияқты таңдалған деректерді синхрондаңыз немесе көшіріңіз.
Қос. көш. жасау — Таңдалған деректердің сақтық көшірмелерін жалғанған
сыртқы сақтау құрылғысына сақтаңыз.
Қ. көш. қ. келт-у — Ж алға нғ ан сыр тқ ы сақ та у құр ыл ғысы нд ағы са қт ық кө ші рмед ен
деректерді қалпына келтіріңіз. Сақтық көшірме файлы туралы деректерді көру
үшін Парам-р > Мәліметтері опциясын таңдаңыз.
Деректер беру — Таңдалған деректерді телефоныңыз бен желі сервері (желі
қызметі) арасында синхрондаңыз немесе көшіріңіз.
Қосылу мүмкіндігі
Телефоныңызда деректердіберу және алу мақсатында басқа құрылғыларға
қосылудың бірнеше мүмкіндігі бар.
Bluetooth сымсыз технологиясы
Bluetooth технологиясы радио толқындарын пайдаланып телефонды 10 метр (32
фут) ішіндегі сәйкес Bluetooth құрылғысына қосуға мүмкіндік береді.
Page 31
Параметрлер31
Бұл құрылғы 2.1 + EDR Bluetooth сипатына сәйкес келеді және келесі
профильдерді қолдайды: жалпы қол жеткізу, хендсфри, құлақаспап, object push,
файлды тасымалдау, желіге нөмір теріп кіру, тізбекті порт, SIM картасына кіру,
жалпы нысанды айырбастау, жетілдірілген аудио тарату, аудио мен бейнені
қашықтан басқару және жалпы аудио мен бейнені тарату . Bluetooth
технологиясын қолдайтын басқа да құрылғыларымен өзара байланысты
қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған қосымша аспаптарды ғана
пайдаланыңыз. Осы құрылғының басқа құрылғылардың өндірушілерімен бірге
үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды
арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Сымсыз құрылғы қашық SIM режимінде болса, қоңырау шалу немесе қабылдау
үшін сәйкес жалғанған қосымша аспаптарды (автомобиль жинағы сияқты) ғана
қолдануға болады.
Сіздің сымсыз құрылғыңыз жүйеде болса, ешқандай қоңырау қызметтерін
орындамайды. Тек өз құрылғыңызда бағдарламаға салынған шұғыл көмек
көрсету қоңырауларын орындайды.
Қоңырау шалу үшін алдымен қашықтағы SIM режимінен шығу керек. Егер құрылғы
құлыпталынған болса, ашу үшін, біріншіден, құлыптау кодын енгізіңіз.
Bluetooth байланысын ашу
1 Мәзір > Параметрлер > Байл. мүмкіндігі > Bluetooth таңдаңыз.
2 Телефонымның аты пәрменін таңдап, құрылғының атын енгізіңіз.
3 Bluetooth қосылымын іске қосу үшін Bluetooth > Қосу дегенді таңдаңыз.
суреті Bluetooth қосылғанын білдіреді.
4 Құрылғыны аудио қосымша құралына жалғау үшін Аудио көм. құр-а қ-з
пәрменін және қосымша құралды таңдаңыз.
5 Телефонды қосу аясындағы Bluetooth құрылғысымен жұптастырып қосу үшін
Жұпт-н құрылғылар > Жаңа құр-ғы қос. тармағын таңдаңыз.
6 Табылған құрылғыға айналдырып өтіңіз де, Қосу дегенді таңдаңыз.
7 Құрылғыға рұқсат кодын (16 таңбаға дейін) енгізіп, басқа Bluetooth
құрылғысындағы байланысқа мүмкіндік беріңіз.
Құрылғының жасырын күйде жұмыс істеуі зиянды бағдарламалық қамтамасыз
етудің алдын алудағы қауіпсіз жолы болып табылады. Сенімсіз көздерден
Bluetooth байланысын қабылдамаңыз. Не болмаса Bluetooth функциясын
өшіріңіз. Бұл құрылғының басқа функцияларына әсер етпейді.
Page 32
32Параметрлер
Компьютерді интернетке қосу
Bluetooth технологиясын пайдаланып сәйкес компьютерді интернетке қосуға
болады. Құрылғыңыз интернетке (желілік қызмет) қосыла алатын болуы керек
және компьютер Bluetooth технологиясын қолдайтын болуы қажет. Құрылғы
желіге кіру орны (NAP) қызметіне қосылғаннан кейін және компьютермен
жұптасудан кейін құрылғы интернетпен пакеттік деректер қосылымын автоматты
түрде ашады.
Пакеттік деректер
Жалпы пакеттік радио қызметі (GPRS) дегеніміз ұялы телефондарға желі
негізінде интернет протоколы арқылы деректерді жіберуге және алуға мүмкіндік
беретін желі.
Қызметті пайдалану жолын анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Байл.
мүмкіндігі > Пакеттік деректер > Пак. дрк байланысы таңдаңыз және мына
әрекеттерді орындаңыз:
Қажет кезде — Қолданба қажет еткенде пакеттік деректер байланысын
орнатыңыз. Қолданба жабылғанда байланыс жабылады.
Әрдайым желіде — Құрылғыны қосқанда пакеттік деректер желісіне автоматты
түрде қосыңыз.
Құрылғыңызды Bluetooth технологиясы арқылы компьютерге қосып модем
ретінде пайдалануыңызға болады. Мәліметтер үшін Nokia Ovi Suite
құжаттамасын қараңыз.
Қоңырау және телефон
Мәзір > Параметрлер > Қоңырау таңдаңыз.
Кіріс қоңырауларды бұру
Қоңырауды бұру (желі қызметі) таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет
ұсынушыға хабарласыңыз.
Сәтсіз қоңырау соғу әрекетінен кейін автоматты түрде он рет қайта теру
Авто. қайта теру > Қосу таңдаңыз.
Байланыс кезінде кіріс қоңырауы жайындағы ескерту
Қоңыр. күту қызметі > Қосу (желі қызметі) таңдаңыз.
Қоңырау соғып жатқан адамға нөміріңізді көрсету немесе көрсетпеу
М-ң шал-ы ID жіб-у (желі қызметі) таңдаңыз.
Page 33
Қосымша анықтама табу33
Экран тілін орнату
Мәзір > Параметрлер > Телефон > Тіл баптаулары > Телефон тілі таңдаңыз.
Зауыт параметрлерін қалпына келтіру
Құрылғының әдепкі параметрлерін қалпына келтіру үшін Мәзір >
Жеке деректерді жоймай-ақ барлық параметрлерді қалпына келтіру үшін Тек
параметрлерді тармағын таңдаңыз.
Барлық параметрлерд қалпына келтіру және контактілер, хабарлар,
мультимедиалық файлдар және активациялық кілттер сияқты жеке деректердің
барлығын жою үшін Барлығын тармағын таңдаңыз.
Қосымша анықтама табу
Қолдау
Өнімді пайдалану жолдары туралы білгіңіз келсе немесе құрылғының қалай
жұмыс істеуі керектігі туралы білмесеңіз, www.nokia.com/support веб-сайтына
кіріңіз немесе ұялы құрылғыны пайдалана отырып, nokia.mobi/support вебсайтына кіріңіз.
Егер бұл мәселені шешпесе, төмендегілердің біреуін орындаңыз:
•Құрылғыны қайта жүктеңіз. Телефонды өшіріп, батареяны алыңыз. Біраз
секундтан кейін батаряны салыңыз да, телефонды қосыңыз.
•Бастапқы зауыттық параметрлерді қалпына келтіріңіз.
Егер мәселеңіз шешілмей қалса, опцияларды жөндеу үшін Nokia компаниясына
хабарласыңыз. www.nokia.com/repair веб-сайтына кіріңіз. Құрылғыны жөндетуге
жібермес бұрын, әрқашан құрылғыдағы деректердің сақтық көшірмесін жасап
алыңыз.
Құрылғының бағдарламалық жаңартулары туралы
Құрылғының бағдарламалық жасақтамасының жаңартулары арқылы
құрылғыңызға жаңа мүмкіндіктер мен жетілдірілген функциялар ала аласыз.
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту, сондай-ақ, құрылғыңыздың жұмысын
жақсартады.
Құрылғының бағдарламалық жасақтамасын жаңартпас бұрын жеке
деректеріңіздің сақтық көшірмесін жасауға кеңес беріледі.
Page 34
34Қосымша анықтама табу
Ескерту
Егер жаңаланған бағдарламаны орнатсаңыз, онда құрылғыны қолдана
алмайсыз. Құрылымдары толмағанша және құрылғы қайта жұмыс істемейінше
шұғыл қоңырау шала алмайсыз.
Бағдарламалық құралдардың жаңартуларын жүктеу үлкен көлемде берілетін
деректерді қамтуы мүмкін (желі қызметі).
Құрылғыңыздың батареяның жеткілікті мөлшерде зарядталғанына сенімді
болыңыз немесе жаңалауды бастаудың алдында зарядтағыш қосыңыз.
Құрылғы бағдарламалық жасақтама жаңартылғаннан кейін пайдаланушы
нұсқаулығындағы нұсқаулар жаңартылған болуы мүмкін емес.
Құрылғыны пайдаланып құрылғының бағдарламасын жаңарту
Құрылғының өнімділігін жақсарту және бағдарлама жаңартулары мен керемет
жаңа мүмкіндіктер алу керек пе? Құрылғының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін
бағдарламаны тұрақты түрде жаңартыңыз. Сондай-ақ, құрылғыны жаңартуларды
автоматты түрде тексеруге баптауға болады.
Мәзір > Параметрлер опциясын таңдаңыз.
1 Телефон > Телефон жаңарт-ры опциясын таңдаңыз.
2 Ағымдағы бағдарлама нұсқасын көрсету және жаңартудың бар-жоқ екенін
тексеру үшін Ағымд. бағд. мәлім-і опциясын таңдаңыз.
Page 35
Қоршаған ортаны қорғау35
3 Бағдарлама жаңартуын жүктеу және орнату үшін Тлф. бағдар. жүктеу
опциясын таңдаңыз. Нұсқауларды орындаңыз.
4 Жүктеуден кейін орнату болмаса, Бағд. жаңарт. орнату опциясын таңдаңыз.
Бағдарламалық құрал жаңартылуы бірнеше минутты алуы мүмкін. Орнату
барысында қиындыққа тап болсаңыз, провайдеріңізбен хабарласыңыз.
Бағдарлама жаңартуларын автоматты түрде тексеру
Бағ. құрал. авт. жаң. опциясын таңдап, жаңа бағдарлама жаңартуларын
қаншалықты жиі тексеру керектігін анықтаңыз.
Қызмет провайдеріңіз бағдарлама жаңартуларын эфир арқылы тікелей
телефоныңызға жіберуі мүмкін (желілік қызмет).
Құрылғы бағдарламалық жасақтамасын компьютеріңіз арқылы жаңарту
Құрылғының бағдарламалық жасақтамасын жаңарту үшін Ovi Suite PC
бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Үйлесімді дербес компьютер, жоғары
жылдамдықты интернет қосылымы және құрылғыны дербес компьютерге қосу
үшін үйлесімді USB деректер кабелі керек.
Nokia Ovi Suite қолданбасы туралы қосымша ақпарат алу үшін және оны жүктеу
үшін www.ovi.com/suite сайтына кіріңіз.
Қоршаған ортаны қорғау
Қуатты үнемдеу
Келесі әрекеттерді орындасаңыз, батареяны жиі зарядтаудың қажеті жоқ.
•Қолданылмай тұрған бағдарламалар мен деректер қосылымдарын, мысалы,
Bluetooth қосылымын жауып қойыңыз.
•Перне дыбыстары сияқты қажетсіз дыбыстарды өшіріңіз.
Қайта өңдеу
Бұл құрылғы жұмыс істеу мерзімінің соңына жеткенде, оның материалдарының
барлығын материал және энергия ретінде қалпына келтіруге болады. Қоқысқа
дұрыс тастауға және қайта пайдалануға кепілдік беру үшін Nokia корпорациясы
серіктестерімен «Біз қайта өңдейміз» деп аталатын бағдарлама арқылы бірлесіп
жұмыс істейді. Ескі Nokia өнімдерін қайта өңдеу жолдары және жинау сайттарын
қайдан алу керектігі туралы ақпарат алу үшін www.nokia.com/werecycle сайтына
Page 36
36Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
өтіңіз немесе ұялы телефонмен nokia.mobi/werecycle сайтына кіріңіз немесе
Nokia байланыс орталығына хабарласыңыз.
Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын жергілікті қайта өңдеу схемасы бойынша
қайта өңдеңіз.
Өнімдегі, батареядағы, әдебиеттегі немесе қаптамадағы сызылып тасталған
қоқыс шелегі электрлік және электрондық өнімдер, батареялар және
аккумуляторлар қолданыстан шыққан соң бөлек жиналу керектігін білдіреді. Бұл
талаптар Еуропалық Одақ аумағында қойылады. Бұл өнімдерді сұрыпталмаған
тұрмыстық қалдықтар ретінде жоймаңыз. Құрылғыңыздың экологиялық
мәліметтері туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.nokia.com/ecodeclaration
торабын қараңыз.
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Көмекші құралдар
Ескерту
Тек Nokia компаниясы нақ осы құрылғымен пайдалануға рұқсат еткен батареяларды, зарядтағыштарды және көмекші
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану кез келген рұқсаттар мен кепілдіктердің күшін жоюы және
қауіпті болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда рұқсат етілмеген зарядтағыштарды немесе батареяны пайдалану өрттің,
жарылыстың немесе батареяның ағып кетуіне алып келуі немесе басқа қауіп төндіруі мүмкін.
Рұқсат етілген қосымша аспаптарға бар-жоқтығын білу үшін дилеріңізбен хабарласуды сұраймыз. Кез келген қосымша
аспаптың қуат сымын ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап, тартыңыз.
Батарея
Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Құрылғыңыз зарядталатын батареядан қуат алады. BL-5C осы құрылғымен пайдаланатын батарея. Nokia бұл құрылғы
үшін қосымша батарея түрлерін шығаруы мүмкін. Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға
арналған: AC-3 . Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай әр түрлі болады. Аша нұсқасы
төмендегілердің біреуімен анықталады: E, X, AR, U, A, C, K немесе B.
Батарея жүздеген мәрте зарядталып, зарядсыздандырылуына болады, дегенмен, нәтижесінде тозады. Сөйлесу және
күту режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен
рұқсат етілген батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia компаниясымен рұқсат етілген және осы
құрылғыға арналған зарядтағышпен ғана зарядтаңыз.
Батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін
зарядтағышты қосып, ажыратып, қайта қосуды қажет етуі мүмкін. Егер батарея заряды толық біткен болса, дисплейде
зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.
Page 37
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат37
Дұрыстап зарядтау. Пайдаланылмаған жағдайларда зарядтағышты розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз.
Толық зарядталған батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау оның қызмет
мерзімін қысқартады. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Шамадан тыс температураларда қалуына жол бермеңіз. Батареяны дайым 15°C мен 25°C (59°F мен 77°F)
температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін
қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін. Батареяның
қызметі қату температурасынан төмен жағдайда ішінара шектеледі.
Қысқа тұйықтап алмаңыз. Қысқа тұйықталу тиын, қағаз қысытрғыш немесе қаламсап сияқты металл нысан батареяның
оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде кездейсоқ орын алуы мүмкін. (Олар батареядағы металл
жолақшалары сияқты көрінеді). Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосымша батарея болғанда орын
алуы мүмкін. Терминалдардағы қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.
Қоқысқа тастау. Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы
органдардың ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта пайдалануға жаратыңыз. Тұрмыстық
қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.
Батарея сұйықтының ағуы. Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз,
майыстырмаңыз, теспеңіз немесе майдаламаңыз. Батарея ағып кеткен жағдайда, батареяның сұйықтығын теріге
немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай жағдай орын алғанда, тиген жерді бірден сумен жуыңыз немесе медициналық
көмек алыңыз.
Зақымдау. Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе
оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде жарылуы мүмкін.
Дұрыс пайдалану. Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз. Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің,
жарылыстың немесе басқа қауіптің пайда болуына алып келуі мүмкін. Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе,
әсіресе қатты жерге түсіп, сіз батареяның бүлінгеніне сенімді болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз. Ешқашан зақымданған зарядтағышты немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Батареяңызды кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Nokia батареясының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулары
Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз. Nokia шығарған
батареяны алып жатқаныңызға сенімді болу үшін, оны өкілетті Nokia қызмет көрсету орталығынан немесе дилерінен
сатып алыңыз және голограммасын тексеріңіз.
Голограмма шынайылығын растау
1Голограммаға қараңыз. Бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу белгісі, ал екінші
бұрышынан қарағанда «Nokia Original Accessories» логотипі көрінуі тиіс.
Page 38
38Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
2Голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары қисайтыңыз. Әр жағынан тиісінше 1, 2, 3 және 4 нүкте көрінуі тиіс.
Дегенмен, бұл батареяның түпнұсқалығын растауға толық кепілдік бермейді. Егер сіз шынайылығын растай
алмасаңыз немесе Nokia батареясын жапсырмасындағы голограммасымен бірге шынайы Nokia батареясы емес
екеніне сенуге қандай да бір себеп болса, батареяны пайдалануды тоқтатып, оны жергілікті Nokia өкілетті қызмет
көрсету орталығына немесе дилеріне алып бару керек.
Түпнұсқа Nokia батареялары туралы қосымша мәлімет алу үшін, www.nokia.com/battery торабына өтіңіз.
Құрылғы күтімі
Құрылғыны, батареяны, зарядтағышты және көмекші құралдарды ұқыптап ұстаңыз. Төмендегі ұсыныстар
кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
•Құрылғыны құрғақ күйде ұстаңыз. Жауын-шашынның, ылғалдың және барлық сұйықтықтардың құрамында
электрондық тізбектердің тат басуына себеп болатын минералдар болуы мүмкін. Егер құрылғыңыз
дымқылданып кетсе, батареяны шығарып алып, құрылғыны құрғатыңыз.
•Құрылғыны шаң немесе лас жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Қозғалмалы бөліктері мен
электрондық бөлшектері зақымдануы мүмкін.
•Құрылғыны жоғары температурада сақтамаңыз. Жоғары температура құрылғының қызмет мерзімін қысқартып,
батареяларды зақымдауы және пластик бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі мүмкін.
•Құрылғыны суық температурада сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температураға дейін жылығанда, оның ішінде
ылғал пайда болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
•Құрылғы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға болмайды.
•Рұқсат берілмеген өзгерістер құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
•Құрылғыны лақтырмаңыз, соқпаңыз немесе шайқамаңыз. Ұқыпсыз пайдалану себенінен ішкі тізбек тақталары
мен механизмдер зақымдануы мүмкін.
•Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
•Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі
келтіруі мүмкін.
•Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, мезгіл-мезгіл құрылғыны өшіріп, батареяны алып тұрыңыз.
•Құрылғыңызды магниттерден немесе магнит өрістерінен алыс сақтаңыз.
•Маңызды деректерді қауіпсіз сақтау үшін, оны құрылғы, жад картасы немесе компьютер сияқты кемінде екі бөлек
жерде сақтаңыз немесе маңызды ақпаратты қағазға жазып қойыңыз.
Ұзақ жұмыс істеген кезде, құрылғы қызуы мүмкін. Көп жағдайда бұл қалыпты болып табылады. Егер құрылғының дұрыс
жұмыс істемейтінінен күмәнді болсаңыз, оны ең жақын орналасқан өкілетті қызмет көрсету орнына апарыңыз.
Қайта пайдалану
Әрдайым пайдаланылған электрондық бұйымдарды, батареяларды және орауыш материалдарды арнаулы жинау
орнына өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың қараусыз тасталуына жол бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына
Page 39
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат39
көмектесесіз. Өнім туралы қоршаған ортаға қатысты ақпаратты және Nokia өнімдерін қайтадан пайдалану жолдарын
www.nokia.com/werecycle немесе мобильді құрылғы арқылы nokia.mobi/werecycle тораптарынан қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік ақпарат
Бұл құрылғының бетінде никель жоқ.
Кішкентай балалар
Құрылғы мен оның аксессуарлары ойыншық емес. Олардың құрамында кішкентай бөлшектердің болуы мүмкін.
Оларды кішкентай балалардан аулақ ұстаңыз.
Жұмыс істеу ортасы
Бұл құрылғы құлақ тұсында немесе денеден 1.5 сантиметрді (5/8 дюйм) алыс бірқалыпты пайдалану кезінде радио
жиілік нұсқауларын орындайды. Тасымалдау сөмкесінде, белдік қысқышта немесе арқалап алуға арналған ұстағышта
метал болмауы керек және құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген аралықта ұстаңыз.
Деректер файлдары мен хабарларды жіберу үшін желіге сапалы байланыс орнатылуы керек. Сапалы байланыс
қатынаулы болмайынша, деректер файлдарының немесе хабарлардың кешіктірілуі мүмкін. Берілу аяқталғанша,
бөлектеу қашықтығына қатысты нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының бөліктері магнитті болып келеді. Металл заттар құрылғығы тартылуы мүмкін. Несие карточкасы немесе
басқа да магнитті құралдарды жақын ұстамаңыз, себебі ондағы сақталған ақпарат өшірілуі мүмкін.
Медициналық құрылғылар
Радио хабар тарату жабдығының, соның ішінде, сымсыз телефонның жұмысы жеткілікті қорғалмаған медициналық
құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. сыртқы радио жиілік қуатынан жеткілікті қорғалғанын анықтау үшін
физиктен немесе медициналық құрылғыны өндірушіден ақыл-кеңес сұраңыз. Ережелер құрылғыңызды өшіріп қоюға
нұсқау берген жағдайда, солай істеңіз. Ауруханалар немесе денсаулық сақтау мекемелері сыртқы радио жиілік
қуатына сезімтал жабдықты пайдалануы мүмкін.
Алмастырылған медициналық құрылғылар
Медициналық құрылғыға кедергі жасауға жол бермеу үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер сымсыз құрылғы
мен имплантация жасайтын медициналық құрылғылар, мысалы, электрондық жүрек стимуляторы немесе
имплантация жасайтын кардиовертер-дефибриллятор арасындағы қашықтық кемінде 15,3 сантиметрді (6 дюйм)
құрауы тиіс деген кеңес береді. Мұндай құрылғыларға ие адамдар төмендегілерді орындауы тиіс:
•Әрдайым сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм) алыс ұстаңыз.
•Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу керек.
•Сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыға қарама-қарсы жақтағы құлағыңызға ұстаңыз.
•Кедергі барынан күмәнданған жағдайда, сымсыз құрылғыны өшіру керек.
•Имплантация жасайтын медициналық құрылғыға қатысты өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде сұрақтарыңыз болса,
денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.
Есту құралдары
Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейде есту аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін.
Көлік құралдары
Радио жиілік сигналдары көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе жеткілікті қорғалмаған электрондық жүйелерге,
мысалы, электрондық жанармай бүрку жүйесіне, тежеуге қарсы электрондық құлып жүйесіне, электрондық
жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін
көлігіңіздің немесе оның жабдығының өндірушісімен тексеріңіз.
Page 40
40Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Бұл құрылғыға қызмет көрсетуді немесе оны көлікке орнатуды тек маманданған қызметкерлер істеуі тиіс. Дұрыс
орнатпау немесе қызмет көрсетпеу қауіпті және кепілдігіңізді жарамсыз етуі мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз
құрылғылардың дұрыс бекітілгенін және жұмыс істеп тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Оңай тұтанатын
сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосымша
аспаптарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларының қатты күшпен ашылатынын ұмытпаңыз.
Құрылғыңызды немесе аксессуарларын қауіпсіздік жастықшасы ашылатын жерге қоймаңыз.
Ұшаққа көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз. Сымсыз телеқұрылғыларды ұшақтың ішінде пайдалану ұшақтың
жұмысына қауіп келтіруі және заңға қайшы болуы мүмкін.
Жарылу қаупі бар орталар
Ықтималды жарылыс болатын ортада құрылғыны өшіріп қойыңыз. Барлық берілген нұсқауларды орындаңыз. Мұндай
аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе өлімге әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші
болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю
орындарында сөндіріңіз. Жанармай қоймаларында және тарату аумақтарында химиялық зауыттарда немесе жарылыс
жұмыстары болып жатқан жерде шектеулерді орындаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады.
Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Олар көлігіңіздің қозғалтқышын өшіріп қоюға кеңес беретін
аймақтарды, кемелердегі полубалардың астын, химиялық заттарды таситын немесе сақтайтын орындарды және
ауаның құрамында химиялық заттар немесе астық, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты заттар болатын жерлерді
қамтиды. Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану қауіпсіз бе, жоқ па анықтау үшін (пропан немесе бутан
сияқты) мұнай газдарды пайдаланатын көлік өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.
Жедел қызметтерге телефон шалу
Төтенше қоңырау шалу
1Құрылғының қосулы болуын қамтамасыз етіңіз.
2Сигнал күшінің жеткіліктілігін тексеріңіз. Сондай-ақ, төмендегілерді істеуіңіз қажет болуы мүмкін:
•SIM картасын салыңыз.
•Құрылғыға орнатылып қойған қоңырауға тыйым салу, бекітілген нөмір теру немесе жабық абоненттер тобы
сияқты қоңырау шектеулерін алып тастаңыз.
•Құрылғының желіден тыс немесе ұшу режимінде болмауын қамтамасыз етіңіз.
3Дисплейді тазарту үшін аяқтау пернесін қажетінше қайталап баса беріңіз.
4Жергілікті аймақтағы ресми төтенше қызмет нөмірін енгізіңіз. Төтенше қызмет нөмірлері әр жерде әртүрлі
болады.
5Шақыру түймесін басыңыз.
6Қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Рұқсат берілгенге дейін байланысты аяқтамаңыз.
Маңызды: Құрылғы интернет қоңырауларын қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырауларының екеуін
де іске қосыңыз. Құрылғы ұялы желі арқылы да, интернет қоңырауы провайдері арқылы да төтенше қоңырау шалуға
әрекеттенуі мүмкін. Байланыстың барлық жағдайда орнатылатынына кепілдік беру мүмкін емес. Медициналық жәрдем
шақыру сияқты маңызды байланыс орнату үшін тек сымсыз құрылғыға сенім артушы болмаңыз.
Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД)
Құрылғы радио толқындарының әсері нұсқауларына сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады. Ол халықаралық
нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP
тәуелсіз ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және барлық адамдарды жасына және денсаулығына қарамастан қорғауға
кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД
шектеуі дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/килограмм (Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік
Page 41
Авторлық құқық және басқа ескертулер41
белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі
құрылғының ҮСД көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана
қажетті қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты жақын
орналастыруыңызға байланысты өзгереді.
ICNIRP нұсқаулары белгілеген құрылғыны құлаққа қолданудың ҮСД ең жоғарғы мәні - 1,20 Вт/кг .
Құрылғының қосымша аспаптарын қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп
беру және тексеру талаптарына және желі таралымына тәуелді. ҮСД бойынша қосымша мәліметті www.nokia.com
сайтындағы өнім туралы ақпарат ішінен алуыңызға болады.
Авторлық құқық және басқа ескертулер
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Осымен, NOKIA CORPORATION осы RM-721 өнім 1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына және басқа да
қатысты жайттарына сәйкес екендігін мәлімдейді. Сәйкестік жөніндегі көшірмені http://www.nokia.com/phones/
declaration_of_conformity/ сайтынан таба аласыз.
Nokia, Nokia Connecting People, Nokia Messaging және Nokia Original Enhancements логотипі — Nokia корпорациясының
сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Nokia tune Nokia Corporation-ның дыбыстық белгісі болып табылады.
Бұл құжатта басқа да өнімдер және компания атаулары олардың тиісті меншік сауда белгілері немесе сауда атаулары
болуы мүмкін.
Бұл құжат мазмұнының бір бөлігін немесе барлығын Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз қандай
да бір жолмен қайта дайындауға, үшінші тарапқа беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады. Nokia
корпорациясы үздіксіз дамыту саясатын ұстанады. Nokia корпорациясы осы құжатта сипатталған өнімдердің кез
келгенін алдын ала ескертусіз өзгертуге және жетілдіруге құқылы.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol software from RSA Security.
Java and all Java-based marks are trademarks or registered trademarks of Sun Microsystems, Inc.
Бұл өнім, жеке және коммерциялық емес қызметпен айналысатын пайдаланушы MPEG-4 Visual Standard
стандарттарына сәйкес кодтаған ақпаратпен бірге жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалану (i) және
лицензиясы бар бейне провайдері ұсынған MPEG-4 бейнелерін көру үшін (ii) MPEG-4 Visual Patent Portfolio License
патенттер бумасына сай лицензияланған. Басқа мақсаттарда пайдалануға ешқандай тікелей немесе жанама лицензия
берілмейді. Жарнама жасау үшін, жұмыста немесе коммерциялық мақсатта қолдану туралы қосымша ақпаратты
MPEG LA, LLC компаниясынан алуға болады. http://www.mpegla.com. торабын қараңыз.
Page 42
42Авторлық құқық және басқа ескертулер
ЗАҢ БОЙЫНША NOKIА НЕМЕСЕ ОНЫҢ РҰҚСАТ БЕРУШІЛЕРІ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН МӘЛІМЕТТЕР
ЖОЙЫЛУЫНА НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАРҒА, КЕЗ КЕЛГЕН АРНАЙЫ, ҚОСЫМША, СОҢҒЫ НЕМЕСЕ ЖАНАМА
ЖАСАЛЫНҒАН ЗАҚЫМДАРҒА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
БҰЛ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ "СОЛ КҮЙІНДЕ" ҚҰРЫЛҒАН. ЗАҢ БОЙЫНША, КЕПІЛДЕМЕНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІ
ШҰҒЫЛ НЕМЕСЕ НЕГІЗДЕЛГЕН, БІРАҚ ШЕКТЕЛМЕГЕН ТАУАР ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫ Ң КЕПІЛДЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ
БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАБІЛЕТ ДӘЛДІЛІК, СЕНІМДІЛІК Н ЕМЕСЕ ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫМЕН
ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА ЖАСАЛҒАН. NOKIA КОМПАНИЯСЫ ОСЫ ҚҰЖАТТЫ EШБІР А ЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУСІЗ ҚАРАП
ШЫҒУҒА НЕМЕСЕ БҰДАН БАС ТАРТУҒА ҚҰҚЫЛЫ.
Белгілі өнімдерге және сұранымдарға, қызметтерге қол жеткізу аймақтарға байланысты әр түрлі болады. Толық
мәліметтер мен тіл опцияларының бар-жоғын Nokiа дилерінен сұрап алыңыз. Экспорттық бақылау. Бұл құрылғы АҚШ
және басқа елдерден заңдар мен реттеушілерді экспорттайтын, сату тауарларын, технологияны немесе
бағдарламаны қамтамасыз ететін пәннен тұрады. Заңды орындамай ауытқуға тыйым салынған.
Құрылғыңызбен жеткізілетін үшінші тарап әзірлеген бағдарламалар Nokia компаниясымен байланысты немесе
қатысты емес тұлғалар немесе ұйымдармен әзірленіп, солардың иелігі болып табылуы мүмкін. Nokia үшінші
тараптармен әзірленген бағдарламалар бойынша авторлық құқықтар немесе зияткерлік жекеменшік құқықтарын
иеленбейді. Іс жүзінде, Nokia соңғы пайдаланушыны қолдау, бағдарламалардың пайдаланымдылығы немесе сол
бағдарламалар немесе материалдар ақпараттарына жауапты емес. Nokia үшінші тараптардың бағдарламаларына
ешқандай кепілдік бермейді.
БАҒДАРЛАМАНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СІЗ БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОЛ КҮЙІНДЕ, ЕШ ҚАНДАЙ НАҚТЫ НЕМЕСЕ
БОЛЖАМДЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КЕПІЛДІК СІЗ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІН
РАСТАЙСЫЗ. СОНЫМЕН ҚАТАР, СІЗ НЕ NOKIA КОМПАНИЯСЫ, НЕ ОНЫҢ БАЙЛАНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЕШҚАНДАЙ
НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ ТАНЫТУЛАРДЫ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ, СОНЫҢ І ШІНДЕ, БІРАҚ ОЛАРМЕН
ШЕКТЕЛМЕЙ, ІШІНАРА МАҚСАТТАРДАҒЫ АТАУЛАР, САТЫЛУ МҮМКІНДІГІ НЕМ ЕСЕ ПІШІНІ БОЙЫНША, НЕМЕСЕ
СОЛ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ ПАТЕНТТЕРІНЕ , АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫНА,
САУДА БЕЛГІЛЕРІНЕ НЕМЕСЕ БАСҚАДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙТІНДІГІН КЕПІЛДЕНДІРМЕЙТІНІН
РАСТАЙСЫЗ.
FCC/КАНАДА ӨНЕРКӘСІПТІК ЕСКЕРТПЕСІ
Сіздің құрылғыңыз теледидар немесе радио кедергілерін тудыруы мүмкін (мысалы, телефонды қабылдаушыға тым
жақын пайдалану барысында). Осындай кедергілер болғанда, FCC немесе Канада өнеркәсіп ережелері сіздің
телефонды қолдануды тоқтатуыңызды сұрайды. Егер сізге қолдау керек болса, тұрғылықты жеріңіздегі қызмет
орталығымен байланысыңыз. Бұл құрылғы FCC 15 бөліміне сәйкес. Жұмыс жүйесі келесі екі жағдайдың нысаны болып
табылады: (1) бұл құрылғылар зиянды кедергілер тудыруы мүмкін емес және (2) бұл құрылғы қабылданған кедергілерді
немесе жағымсыз жұмыс жүйесін туғызатын кедергілерді тудыруы мүмкін. Nokiа кез келген өзгерістердің немесе
модификациялардың тұтынушылардың жабдықты қолдануына нұқсан келтіретінін анығымен дәлелдемеген.
/1.1-басылым KK
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.