Nokia C2-00 User's Guide [kk]

Nokia C2-00 Пайдаланушы нұсқаулығы
1.1-басылым
азмұны

Мазмұны

Қауіпсіздік 4
Телефон туралы қысқаша 5
Қос SIM карталы телефон 5 Пернелер мен бөлшектер 5
Пайдалануға дайындық 6
Негізгі қолданыс 12
Қолдау 12 Қатынас кодтары 13 Пайдаланылатын SIM картасын орнату 14 Пернелерді құлыптау 14 Ескі телефондағы контактілерді немесе суреттерді көшіру 14 Телефонды SIM картасынсыз пайдалану 15
Қоңыраулар 15
Қоңырау шалу 15 Қабылданбаған қоңырауларды көру 16 Соңғы терілген нөмірге қоңырау шалу 16 Қоңырауларды дауыстық поштаға немесе басқа телефон нөміріне бұру 16
Контактілер 17
Ат пен телефон нөмірін сақтаңыз 17
Нөмірді жылдам теруді пайдалану 17 Контакт ақпаратын жіберу 18
Мәтін жазу 18
Мәтін енгізу режимдерін ауыстырып қосу 18 Әдеттегі мәтін енгізу әдісімен жазу 19 Мәтінді болжау функциясын пайдалану 19
Хабар алмасу 20
Қосылу мүмкіндігі 23
Bluetooth 23 USB деректер кабелі 25
Сағат 25
Уақыт пен күнді өзгерту 25 Қоңыраулы сағат 26
Суреттер мен бейнелер 26
Суретке түсіру 26 Бейне жазу 27 Суретті немесе бейнені жіберу 27 Файлдарды реттеу 27
Музыка және аудио 28
Медиа плейер 28 FM радиосы 29
Веб 31
Веб-шолғыш туралы 31 Веб-торапты шолу 31 Шолу журналын өшіру 32
Телефонды басқару 32
Телефонды пайдаланып бағдарламалық құралды жаңарту 32 Компьютерді пайдаланып телефонның бағдарламалық құралын жаңарту 33 Бастапқы параметрлерді қалпына келтіру 34 Суреттер мен басқа мазмұнды жад картасына сақтық көшіру 34
Қоршаған ортаны қорғау 34
Қуатты үнемдеу 34 Қайта өңдеу 34
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 35
Мазмұны 3
ауіпсіздік

Қауіпсіздік

Мына жай нұсқауларды оқыңыз. Бұларды қадағаламау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты толық пайдаланушы нұсқаулығынан оқыңыз.

ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ

Мобильді телефонды қолдануға рұқсат берілмегенде немесе ол кедергі мен қауіп-қатер тудырған жағдайда (мысалы, ұшақта, емханаларда немесе медициналық жабдықтың, жанармайдың, химиялық заттардың немесе жарылысқа жақын жерлерде), құрылғыны өшіріңіз. Тыйым салынған жерлердегі нұсқаулардың барлығын орындаңыз.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДАУ БОЛУЫ ТИІС

Жергілікті жердің барлық талаптарын орындаңыз. Әрқашан көлік жүргізу кезінде қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі бірінші ескеретініңіз жол қауіпсіздігі болуы тиіс.

КЕДЕРГІЛЕР

Барлық сымсыз құрылғылардың жұмысының орындалуына кедергілер әсер етуі мүмкін.

МАМАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Бұл құрылғыны тек маманданған қызметкерлер ғана орнатуы немесе жөндеуі тиіс.

БАТАРЕЯЛАР, ЗАРЯДТАҒЫШТАР ЖӘНЕ БАСҚА ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАР

Тек Nokia корпорациясы осы құрылғымен пайдалануға рұқсат еткен батареяларды, зарядтағыштарды және басқа көмекші құралдарды пайдаланыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚҰРҒАҚ САҚТАҢЫЗ

Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Мұны құрғақ күйде сақтаңыз.

ҚҰЛАҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ

Құлақаспапты орташа деңгейде тыңдап, дауыс зорайтқышты пайдаланғанда құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Телефон туралы қысқаша 5

Телефон туралы қысқаша

Қос SIM карталы телефон Құрылғыға екі SIM картасын салуға болады.
Қос SIM карталы телефонның кейбір артықшылықтары
Әр түрлі провайдерлердің қызметін пайдаланып ақша үнемдеуге болады.
Бір телефон нөмірін жеке қоңыраулар үшін, ал екіншісін жұмыс үшін пайдаланыңыз, бірақ бір ғана телефонды алып жүріңіз.
Провайдерлердің арасындағы байланыс аясының айырмашылығын елемеңіз.
Құрылғы пайдаланылмағанда SIM карталарының екеуін де бір уақытта пайдалануға болады, бірақ SIM картасының біреуі істеп тұрғанда (мысалы, қоңырау шалу, хабар жіберу не алу, деректер жүктеу не жүктеп алу барысында) екінші картаны пайдалану мүмкін болмайды.
Тек бір SIM картаңыз болса, оны SIM1 картасының ұстағышына салыңыз. Кейбір мүмкіндіктер мен қызметтерді SIM картасын тек SIM1 картасының ұстағышына салғанда пайдалану мүмкін болады. SIM картасы тек SIM2 картасының ұстағышында болса, тек жедел қоңырау шалуға болады.
GPRS қосылымы өңде ашылмайды. Егер қолданба GPRS қосылымын пайдаланса және сіз басты экранға оралсаңыз немесе басқа қолданбаға, мәзірге не басқа көрініске ауыссаңыз, қосылым автоматты түрде жабылады.

Пернелер мен бөлшектер

1 Құлақаспап коннекторы/Nokia AV коннекторы (3,5 мм) 2 Құлақ аспабы 3 Экран 4 Таңдау пернелері
6 Пайдалануға дайындық
5 Navi™ (жылжыту пернесі) пернесі 6 Қоңырау шалу пернесі 7 Аяқтау/Қосу түймешігі 8 Пернетақта
9 Зарядтағыш қосқышы 10 Шағын USB ұясы 11 SIM картасының ұясы (SIM 2) 12 Үндеткіш 13 Камера объективі 14 Микрофон

Пайдалануға дайындық

SIM картасы мен батареяны салу

Маңызды: Шағын UICC SIM картасын (Micro SIM картасы деп те аталады), адаптерге салынған Micro SIM картасын немесе шағын UICC картасына арналған ойығы (суретті қараңыз) бар SIM картасын бұл құрылғыда пайдалануға болмайды. Micro SIM картасы стандартты SIM картасынан кішірек болады. Бұл құрылғыда micro-SIM карталары қолданылмайды, ал үйлеспейтін SIM картасын қолдану картаны немесе құрылғыны зақымдап, онда сақталған деректерді зақымдауы мүмкін.
Бұл телефон BL-5C батареямен пайдалануға арналған. Әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
Тек бір SIM картасы болса, оны ішкі SIM картасының ұстағышына салыңыз.
1 Саусағыңызды телефонның астыңғы жағындағы ойыққа салыңыз, көтеру
арқылы артқы қақпақты алыңыз (1).
2 Батарея салынған болса, оны көтеріп шығарыңыз (2).
Пайдалануға дайындық 7
3 SIM картасының ұстағышын ашып (3), SIM картасын салыңыз немесе
шығарып алыңыз (4 немесе 5). Картаның түйіспе аймағы төмен қаратылғанын тексеріңіз.
4 Батареяның контактісін және батарея бөлімін дұрыстап түзетіп, батареяны
салыңыз (6). Артқы қақпақты орнына салу үшін, құлыптайтын бекітпелерді олардың саңылауына қарай бағыттаңыз (7) және қақпақ орнына түскенге дейін басыңыз (8).
8 Пайдалануға дайындық
Екінші SIM картасын салу Екінші SIM картасы бар, бірақ басты SIM картасын пайдалануды қалайсыз ба?
Екінші SIM картаны салуды немесе алуды телефонды өшірусіз орындауға болады.
1
белгіленген сыртқы SIM карта ұясының (1, 2) қақпағын ашыңыз.
2 SIM картасының түйіспе аймағы төмен қаратылғанын тексеріп, картаны (3)
салыңыз. Орнына тірелгенше картаны ішке итеріңіз. Қақпақты жабыңыз(4).
Пайдалануға дайындық 9
Екінші SIM картасын шығару
Жад картасын салу Осы құрылғымен тек Nokia мақұлдаған жад карталарын қолданыңыз. Сәйкес
келмейтін карталар құрылғыға және картаға нұқсан келтіреді және ондағы деректерді жойып жіберуі мүмкін.
Телефон сыйымдылығы 32 ГБ дейін болатын жад карталарын қолдайды.
1 Артқы қабын шешіп алыңыз. 2 Картаның түйіспе аймағы төмен қаратылғанын тексеріңіз. Орнына тірелгенше
картаны ішке итеріңіз.
3 Артқы қақпақты жабыңыз.
10 Пайдалануға дайындық
Жад картасын шығару
Маңызды: Бағдарлама жад картасын пайдаланып жатқанда, оны шығарып алмаңыз. Олай істесе, жад картасы немесе құрылғы зақымдануы және картадағы деректер бүлінуі мүмкін.
Жад картасын телефонды өшірместен шығарып алуға немесе орнына салуға болады.
1 Артқы қабын шешіп алыңыз. 2 Бекітпеден шыққанша картаны ішке қарай итеріп, сыртқа қарай шығарыңыз. 3 Артқы қақпақты жабыңыз.
Батареяны зарядтау Батарея зауытта ішінара зарядталды, бірақ телефонды бірінші рет қосу алдында
оны қайта зарядтау керек. Телефон төмен зарядты көрсетсе, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1 Зарядтау құрылғысын қабырға розеткасына қосыңыз. 2 Зарядтағышты телефонға қосыңыз. 3 Телефон толық зарядты көрсеткенде, зарядтағышты телефоннан, содан
кейін розеткадан ажыратыңыз.
Батареяны нақты уақыт аралығы бойы зарядтау қажет емес, әрі телефонды зарядтау кезінде пайдалануға болады.
Пайдалануға дайындық 11
Егер батарея заряды толығымен таусылған болса, зарядтау көрсеткіші шыққанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут өтуі мүмкін.
Ұзақ уақыт пайдаланылмаған болса, батареяны зарядтау үшін зарядтағышты жалғау, одан кейін ажыратып, қайта жалғау қажет болуы мүмкін.

Телефонды қосу немесе өшіру

қуат түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Провайдерден конфигурация параметрлерін алу сұралуы мүмкін. Осы желі қызметі туралы қосымша ақпаратты желі қызметінің провайдерінен алыңыз.

GSM антенна

Суретте GSM антеннасының аумағы сұр түспен көрсетілген.
Антенна пайдаланылып жатқанда, антенна аймағын ұстамаңыз. Антеннаны ұстау байланыс сапасына әсер етіп, жоғары қуатпен жұмыс істейтіндіктен батареяның зарядын азайтуы мүмкін.

Құлақаспапты қосу

12 Негізгі қолданыс
Құрылғыға сигнал шығаратын өнімдерді жалғамаңыз. Бұл құрылғыны зақымдауы мүмкін. Nokia AV ұясына қандай да бір кернеу көзін қоспаңыз. Осы құрылғымен бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген сыртқы құрылғы немесе құлақаспапты Nokia AV ұясына қоссаңыз, дыбыс деңгейіне баса назар аударыңыз.

Бау тағу

Баулар бөлек алынуы мүмкін.

Негізгі қолданыс

Қолдау Өнімді қалай пайдалану керектігі жөнінде қосымша мәлімет алғыңыз келсе
немесе телефоныңыздың қалай жұмыс істейтінін білмесеңіз, пайдаланушыға арналған нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Егер бұл мәселені шешпесе, төмендегілердің біреуін орындаңыз:
Телефоныңызды қайта қосыңыз. Телефоныңызды өшіріп, батареясын шешіп
алыңыз. Бір минуттай уақыт өткен соң, батареяны салып, телефонды қосыңыз.
Телефоныңыздың бағдарламалық құралын жаңартыңыз
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
Негізгі қолданыс 13
Егер мәселе шешілмей қалса, жөндету үшін, Nokia компаниясына хабарласыңыз. www.nokia.com/repair сайтына кіріңіз. Телефонды жөндетуге жібермес бұрын әрқашан деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.

Қатынас кодтары

Мәзір > Параметрлер > Қаупсіздік > Ену кодтары белгішесін басыңыз.
PIN немесе PIN2 коды
(4-8 сан)
Қауіпсіздік коды
(5-10 сан)
Тыйым салу кілтсөзі
(4 сан)
Бұл код SIM картасын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды немесе кейбір мүмкіндіктерді қолдану үшін қажет болады.
Егер кодтар берілмеген немесе оларды ұмытып қалған болсаңыз, провайдермен хабарласыңыз.
Телефонды қосқан кезде PIN кодын сұрайтын етіп орнатуға болады.
Егер кодты қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, оны PUK немесе PUK2 кодын енгізіп ашу қажет болады.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды қажет болуы мүмкін.
Бұл телефонды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
Телефонды өзіңіз анықтаған қауіпсіздік кодын сұрайтын етіп реттеуге болады. Әдепкі қауіпсіздік коды — 12345.
Кодты құпия және телефоннан бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Кодты ұмытып қалған болсаңыз және телефон құлыптанып қалса, телефонға қызмет көрсету қажет болады. Қосымша ақы алынуы және бүкіл жеке деректеріңіз телефоныңыздан жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care орталығымен немесе телефоныңыз дилерімен байланысыңыз.
Бұл кілтсөз қоңырауға тыйым салу қызметтері үшін қажет.
Көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.
14 Негізгі қолданыс
Пайдаланылатын SIM картасын орнату Шығыс қоңыраулары мен хабарлары үшін пайдаланылатын SIM картасын
орнатуға болады. SIM карталарына атау берген болсаңыз, олардың жұмысқа арналған түрін және жеке пайдалануға арналған түрін жылдам көруге болады.
Мәзір > Параметрлер > SIM менедж-і таңдаңыз.
SIM1 немесе SIM2 опциясын таңдаңыз. Таңдаулы SIM картасы қоңыраулар және
хабарлар сияқты сыртқы байланыс мақсатында пайдаланылады.
Мысалы, қоңырау шалу немесе мәтінді хабар жіберу алдында SIM картасының таңдалуы сұралу үшін, Әркез сұрау пәрменін таңдаңыз.
SIM картасын атауын өзгерту
Парам. > Атын өзгерту белгішесін басыңыз.
Кеңес: SIM менеджерін басты экраннан ашу үшін, * пернесін басып тұрыңыз.
Пернелерді құлыптау Телефон қалтада немесе сөмкеде болғанда кездейсоқ қоңырау соғуды
болдырмау үшін пернелерді құлыптаңыз.
Мәзір тармағын таңдап, * түймесін басыңыз.
Пернелердің құлпын ашу
Ағыту тармағын таңдап, * түймесін басыңыз.
Пернелерді автоматты түрде құлыптанатын етіп орнату 1 Мәзір > Параметрлер және Құрылғы > Автоматты клав-ра қорғауышы > Қосу
тармағын таңдаңыз.
2 Пернелер автоматты түрде құлыпталатын уақыт ұзақтығын анықтаңыз.
Ескі телефондағы контактілерді немесе суреттерді көшіру Алдыңғы үйлесімді Nokia телефонынан мазмұнды көшіріп, жаңа телефонды
жылдам пайдалана бастау керек пе? Мысалы, контактілерді, күнтізбе жазбаларын және суреттерді жаңа телефонға тегін көшіруге болады.
Қоңыраулар 15
1 Телефондардың екеуінде де Bluetooth байланысын іске қосыңыз.
Мәзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Bluetooth және Қосу тармақтарын
таңдаңыз. 2 Мәзір > Параметрлер > Қадам. ж/е сақ. көш-ме опциясын таңдаңыз. 3 Телефон қосқышы > Ішіне көшіру опциясын таңдаңыз. 4 Көшіру керек мазмұнды және Орнд-ы опциясын таңдаңыз. 5 Тізімнен бұрынғы телефонды таңдаңыз. 6 Басқа телефон рұқсат кодын қажет етсе, рұқсат кодын енгізіңіз. Өзіңіз анықтай
алатын рұқсат кодын екі телефонға да енгізу керек. Кейбір телефондарда
рұқсат коды өзгермейді. Мәліметтер алу үшін екінші телефонның
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін жарамды. 7 Нұсқау берілсе, байланыс және көшіру сұрауларына рұқсат етіңіз.
Телефонды SIM картасынсыз пайдалану Балалар телефонмен ойнағысы келеді, алайда олардың байқаусызда қоңырау
шалуын қаламайсыз ба? Ойындар және күнтізбе сияқты телефонның кейбір мүмкіндіктерін SIM картасын салмай-ақ пайдалануға болады. Мәзірдегі сұр түспен көрсетілген мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес.

Қоңыраулар

Қоңырау шалу 1 Бастапқы экранда телефон нөмірін енгізіңіз.
Санды өшіру үшін, Өшіру пәрменін таңдаңыз.
Халықаралық қоңырау шалған кезде, + таңбасын (халықаралық кодының
орнына жүреді) теру үшін * пернесін екі рет басыңыз да, мемлекет кодын,
аймақ кодын (қажет болса, алдыңғы 0-ді термеуге де болады) және телефон
нөмірін теріңіз.
16 Қоңыраулар
2 Қоңырау шалу түймесін басыңыз. 3 Сұралған жағдайда, пайдаланылатын SIM картасын таңдаңыз. 4 Қоңырауды аяқтау үшін аяқтау түймесін басыңыз.
Қоңырау алынғанда, қолданыстағы SIM картасы көрсетіледі.
Қабылданбаған қоңырауларды көру Қабылданбаған қоңырау шалушысын көру керек пе?
Басты экранда Көру параметрін таңдаңыз. Контактілер тізімінде сақталған болса, қоңырау шалушының аты көрсетіледі.
Қабылданбаған және қабылданған қоңыраулар желі қолдаса, әрі телефон қосулы және желілік қызмет аймағында болса ғана жұрналға жазылады.
Контактіге немесе нөмірге қайта қоңырау шалу Контактіге немесе нөмірге өтіп, қоңырау шалу пернесін басыңыз.
Қабылданбаған қоңырауларды кейінірек көру
Мәзір > Журнал және Қабылданбаған таңдаңыз.
Соңғы терілген нөмірге қоңырау шалу Біреуге қоңырау шалып жатырсыз, бірақ ол жауап бермей жатыр ма? Оларға
қайтадан қоңырау шалу оңай.
1 Басты экранда қоңырау шалу пернесін басыңыз. 2 Нөмірге өтіп, қоңырау шалу пернесін басыңыз.
Сұралған жағдайда, пайдаланылатын SIM картасын таңдаңыз.
Қоңырауларды дауыстық поштаға немесе басқа телефон нөміріне бұру Қоңырауларға жауап беру мүмкін болмаған кезде, қоңырауларды бұруға болады.
Қоңырауды бұру желі қызметі болып табылады.
1 Мәзір > Параметрлер > Қоңырау > Қоңырауды бұру белгішесін басыңыз. 2 Пайдаланылатын SIM картасын таңдаңыз. 3 Кіріс қоңыраулары бұрылатын жағдайларды таңдаңыз.
Барлық дауыс қоң-н — Барлық кіріс дауыс қоңырауларын бұрады. Бос болмаса — Желі бос болмағанда, дауыс қоңырауларын бұрады. Жауап болмаса — Дауыс қоңырауларын тек жауап берілмегенде бұрады.
Контактілер 17
Желіден тыс болса — Дауыс қоңырауларын телефон өшірулі немесе белгілі
бір уақыт аралығында байланыс аясынан тыс болғанда бұрады.
Байланыс болмаса — Дауыс қоңырауларын жауап берілмегенде, телефон
бос болмағанда, өшірулі немесе байланыс аясынан тыс болғанда бұрады. 4 Қосу > Дау. пош. жәш-не немесе Басқа нөмірге опциясын таңдаңыз. 5Егер Жауап болмаса немесе Байланыс болмаса параметрі таңдалған болса,
қоңырауды қанша уақыттан кейін бұру керектігін белгілеңіз.

Контактілер

Ат пен телефон нөмірін сақтаңыз

Мәзір > Контактілер опциясын таңдаңыз.
Жаңасын қосу пәрменін таңдап, нөмір мен атты енгізіңіз.
Сұралған жағдайда, контакт сақталатын орынды таңдаңыз.
Контактінің мәліметтерін қосу немесе өңдеу 1 Аттар және контактіні таңдаңыз.
2 Парам. > Мәлімет қосу опциясын таңдаңыз.
Кеңес: Контактіге қоңырау үнін немесе сурет қосу үшін, контактіні және Парам. >
Мәлімет қосу > Мультимедиа тармағын таңдаңыз.
Нөмірді жылдам теруді пайдалану Ең көп қоңырау шалынатын телефон нөмірлерін телефонның сандық
пернелеріне тағайындағанда, достарға және жанұяға тез қоңырау шалуға болады.
Телефонда немесе ішкі SIM картасы ұстағышындағы SIM картасында сақталған контактілерге тек жылдам теруді пайдалануға болады.
Мәзір > Контактілер > Қосымша > Жылдам теру жолын таңдаңыз.
Сандық пернеге телефон нөмірін тағайындау 1 Сан пернесіне өтіп, Беру пәрменін таңдаңыз. 1 саны дауыстық поштаға
сақталған. 2 Нөмірді енгізіңіз немесе контактіні тауып алыңыз.
Сандық пернеге тағайындалған телефон нөмірін жою немесе өзгерту Сан пернесіне өтіп, Парам. > Жою тармағын немесе Өзгерту пәрменін таңдаңыз.
18 Мәтін жазу
Қоңырау шалу Басты экранда сан пернесін басып тұрыңыз.
Нөмірді жылдам теруді өшіру
Мәзір > Параметрлер және Қоңырау > Нөмірді тез теру > Сөндіру тармақтарын
таңдаңыз.
Контакт ақпаратын жіберу Телефон нөмірін немесе пошта мекенжайын жаңа кездестірген кісіге жіберу керек
пе? Жеке контакт ақпаратыңызды контактілер тізіміне қосыңыз және адамға мәлімет картасын жіберіңіз.
Мәзір > Контактілер және Аттар тармақтарын таңдаңыз.
1 Сіз туралы ақпарат бар контактілер тізімі жазбасына өтіңіз. 2 Парам. > Қосымша > Визитка тармағын және жіберу түрін таңдаңыз.
Алынған мәлімет картасын сақтау
Көрсету > Сақтау тармағын таңдаңыз.

Мәтін жазу

Мәтін енгізу режимдерін ауыстырып қосу Мәтін жазу барысында әдеттегі пайдалана аласыз.
, мен таңба регистрін көрсетеді. сан режимінің қосылу тұрғанын
көрсетеді.
Болжамды мәтін енгізу режимін қосу немесе өшіру
Парам. > Болжам > Болжауды қосу немесе Болж-ы сөнд-у опциясын таңдаңыз.
Болжалды мәтін енгізу функциясы тілдердің бәрінде бола бермейді.
Таңбалар регистрін ауыстырып қосу # пернесін басыңыз.
Сан режимін қосу # пернесін басып тұрып, Сан режимі таңдаңыз. Мәтіндік режимге қайтіп оралу
үшін # пернесін басып тұрыңыз.
Кеңес: Жеке санды жылдам енгізу үшін, сан пернесін басып тұрыңыз.
немесе болжалды мәтін енгізуді
Мәтін жазу 19
Жазу тілін орнату
Парам. > Жазу тілі опциясын таңдаңыз.
Кеңес: Сан режимін қосу үшін болжалды мәтінді енгізу режимін іске қосыңыз немесе өшіріңіз немесе жазу тілін орнатыңыз, # пернесін де басып тұрып, қажетті параметрді таңдауға болады.
Әдеттегі мәтін енгізу әдісімен жазу 1 Қажетті таңба шыққанша санды пернені (2-9) бірнеше қайталап басыңыз. 2 Келесі таңбаны енгізіңіз. Ол таңба дәл сол пернеде болса, жүгіргі шыққанша
күтіңіз немесе жүгіргіні алға жылжытыңыз.
Қолдануға болатын таңбалар таңдалған жазу тіліне байланысты болады.
Жүгіргіні жылжыту Солға немесе оңға жылжыңыз.
Қарапайым тыныс белгісін енгізу 1 пернесін бірнеше қайталап басыңыз.
Арнайы таңбаны енгізу * пернесін басып, керекті таңбаны таңдаңыз.
Бос орын енгізу 0 пернесін басыңыз.
Мәтінді болжау функциясын пайдалану Мәтінді болжау функциясын пайдаланып жазу
Кірістірілген сөздік санды пернелерді басқан кезде, сөздерді ұсынады.
1 Әр таңба үшін, әр сан пернесін (2–9) бір рет басыңыз. 2 * пернесін қайталап басып, керекті сөзді тізімнен таңдаңыз. 3 Сөзді растау үшін, жүгіргіні алға қарай жылжытыңыз.
Сөздікте жоқ сөзді қосу Егер сөзді мәтінді болжау функциясын пайдаланып енгізгенде ? белгісі
көрсетілсе, бұл сөз сөздікте жоқ. Ол сөзді ішкі сөздікке қосуға болады.
1 Әріптеп белгішесін басыңыз. 2 Сөзді әдеттегі мәтін енгізу әдісімен жазыңыз. 3 Сақтау белгішесін басыңыз.
20 Хабар алмасу
Күрделі сөз жазу 1 Сөздің бірінші бөлігін жазыңыз. Сөзді растау үшін, жүгіргіні алға қарай
жылжытыңыз.
2 Сөздің екінші бөлігін енгізіп, тағы да растаңыз.

Хабар алмасу

Хабарды жіберіңіз Мәтіндік және мультимедиалық хабарлардың көмегімен жанұяңызбен және
достарыңызбен байланыста болыңыз. Хабарға суреттерді, бейнелерді және мәлімет карталарын тіркеуге болады.
Мәзір > Хабарлар опциясын таңдаңыз.
1 Хабар жазу опциясын таңдаңыз. 2 Хабарды жазыңыз. 3 Қосымшаны қосу үшін Парам. > Нысан енгізу таңдаңыз. 4 Жіберу опциясын таңдаңыз. 5 Телефон нөмірін немесе пошталық мекенжайды қолмен енгізу үшін Нөм. н/е
э. пшт таңдаңыз. Телефон нөмірін енгізіңіз немесе Пошта таңдаңыз және
пошталық мекенжайды енгізіңіз. Алушыны немесе контакт тобын таңдау үшін,
Контактілер немесе Контакт топ-ы опцияларын таңдаңыз.
6 Жіберу опциясын таңдаңыз.
Сұралған жағдайда, пайдаланылатын SIM картасын таңдаңыз.
Кеңес: Арнайы таңба немесе смайл енгізу үшін, Парам. > Таңба енгізу тармағын таңдаңыз.
Қосымшасы бар хабарды жіберу әдеттегі мәтіндік хабарды жіберуге қарағанда қымбатырақ болуы мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін қызмет провайдеріңізбен байланысыңыз.
Таңбалар саны бір хабарға қойылатын шектеуден асатын мәтін хабарларын жіберуіңізге болады. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы мүмкін.
Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл опциялары көбірек орын алып, бір хабарда жіберуге болатын таңбалардың санын шектейді.
Егер мультимедиалық хабарға енгізілген мазмұн желі үшін тым үлкен болса, құрылғы өлшемді автоматты түрде кішірейтуі мүмкін.
Хабар алмасу 21
Мультимедиалық хабарларды тек үйлесімді құрылғылар алып, көрсете алады. Хабарлар әртүрлі құрылғыларға әртүрлі көрінуі мүмкін.
Қосымшаны сақтау Мультимедиадан және пошта хабарларынан телефонға қосымшаларды сақтай
аласыз.
Мәзір > Хабарлар опциясын таңдаңыз.
Қосымшаны сақтау 1 Хабарды ашыңыз.
2 Парам. > Мазмұнда-н к-з опциясын таңдаңыз. 3 Қажетті файлды және Парам. > Сақтау таңдаңыз.
Пошта қосымшасын сақтаңыз 1 Поштаны ашыңыз.
2Қосымшаны таңдаңыз. 3 Сақтау опциясын таңдаңыз.
Суреттер мен бейнелер Галерея ішінде сақталады.
Мультимедиалық хабарды шығарып алу Әдепкі бойынша, үй желісінде болғанда, телефоныңыз мультимедиалық
хабарларды автоматты шығарып алады.
Кеңес: Үй желісінен тыс жерде, мультимедиалық хабарлар жіберу және алу үшін көбірек ақы алынуы мүмкін. Шығындарды азайту үшін телефонның мультимедиалық хабарларды автоматты түрде шығарып алуын тоқтатуға болады. Шығындар туралы қосымша ақпарат алу үшін желілік қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Мультимедиалық хабарды алу параметрлерін өзгерту 1 Мәзір > Хабарлар > Қосымша > Хабар параметрлері > Мультим. хабарл.
белгішесін басыңыз. 2 SIM1 немесе SIM2 опциясын таңдаңыз. 3 MMS қабылдағыш және келесі параметрлерден таңдаңыз:
Автоматты — Мультимедиалық хабарлар әрқашан автоматты түрде
шығарып алынады.
Үйде авт-ы т-е — Үй желісінде болғанда, мультимедиалық хабарлар
автоматты шығарып алынады. Әдепкі бойынша бұл опция қосулы болады.
22 Хабар алмасу
Қолмен — Хабар алмасу орталығында алған мультимедиалық хабарлар туралы хабарландырулар аласыз және мультимедиалық хабарларды қолмен шығарып ала аласыз.
Ажырату — Мультимедиалық хабарды алу өшірілген. Сіз мультимедиалық хабарлар туралы хабарландыруларды алмайсыз.
Егер MMS қабылдағыш > Қолмен тармағына өтсеңіз, мультимедиалық хабарларды қолмен шығарып алуға болады.
Мультимедиалық хабарды қолмен шығарып алу 1 Мәзір > Хабарлар > Кіріс жәшігі белгішесін басыңыз.
2 Мультимедиалық хабарландыру туралы хабарландыруды ашып, Қблдау
пәрменін таңдаңыз. Мультимедиалық хабар телефонға жүктеп алынады.
Дауыстық хабарларды тыңдау Жауап бере алмайтын жағдайда, қоңырауларды дауыс пошта жәшігіне бағыттап,
хабарларды кейін тыңдауға болады.
Дауыс пошта жәшігіне жазылу қажет болуы мүмкін. Осы желі қызметі туралы қосымша ақпаратты провайдерден алыңыз.
Дауыс поштасының жәшігін ішкі SIM картасының ұстағышындағы SIM картасымен ғана пайдалануға болады.
1 Мәзір > Хабарлар > Қосымша > Дауыс хабарлары және Дауыс пошта
жәшігінің нөмірі опцияларын таңдаңыз.
2 Дауыстық пошта жәшігінің нөмірін енгізіңіз және ОК таңдаңыз. 3 Дауыс поштасының жәшігіне қоңырау шалу үшін, 1 пернесін басып тұрыңыз.
Сұралған жағдайда, керекті SIM картасын таңдаңыз.
Аудио хабарын жіберу Мәтіндік хабар жазу үшін уақыт жоқ па? Оның орнына аудио хабарын жазыңыз
және жіберіңіз.
Мәзір > Хабарлар опциясын басыңыз.
1 Қосымша > Басқа хабарлар > Аудио хабар опциясын таңдаңыз. 2 Хабар жазу үшін,
3 Түсіруді тоқтату үшін, 4 Жіберу және контактіні таңдаңыз.
белгішесін басыңыз.
белгішесін басыңыз.
Қосылу мүмкіндігі 23

Қосылу мүмкіндігі

Bluetooth Bluetooth байланыс мүмкіндігі туралы ақпарат
Мәзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Bluetooth опциясын таңдаңыз.
Телефондар, компьютерлер, гарнитуралар және көлік жинақтары сияқты басқа үйлесімді құрылғыларға сымсыз қосылуға болады.
Байланысты телефоннан элементтер жіберу үшін, үйлесімді компьютерден файлдарды көшіру және үйлесімді басып шығару құралынан файлдарды басып шығару үшін пайдалануға болады.
Bluetooth сымсыз технологиялары бар құрылғылар радио толқындарын пайдаланатындықтан, олардың тікелей көрініс аймағында болуы қажет емес. Дегенмен, байланысқа қабырғалар немесе басқа электрондық құрылғылар сияқты кедергілер келтірілуі мүмкін болғанымен, олар бір-бірінен 10 мтер (33 фут) қашықтық шегінде болуы керек..
Телефон құлыпталғанда, тек Растаусыз автоматты байланыс режиміне орнатылған жұпталған құрылғыға ғана қосылуға болады.
Сымсыз гарнитураны қосу Қоңырау кезінде компьютермен жұмысты жалғастыру керек пе? Сымсыз
гарнитураны қолданыңыз. Телефон қолда болмаса да қоңырауға жауап беруге болады.

1 Мәзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Bluetooth және Bluetooth > Қосу

таңдаңыз. 2 Гарнитураны қосыңыз. 3 Телефонды және гарнитураны жұптау үшін, Аудио көмекші құр-а қосылу
опциясын таңдаңыз.
24 Қосылу мүмкіндігі
4 Гарнитураны таңдаңыз. 5 Рұқсат кодын енгізу қажет болуы мүмкін. Мәліметтер алу үшін гарнитураның
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Bluetooth байланысын пайдаланып басқа құрылғыға сурет немесе басқа мазмұн жіберу

Bluetooth байланысын пайдаланып суреттерді, бейнелерді, мәлімет карталарын және өзіңіз жасаған басқа мазмұнды компьютерге немесе досыңыздың үйлесімді телефонына немесе құрылғысына жіберіңіз.
1 Жіберілетін элементті таңдаңыз. 2 Парам. > Жіберу > Bluetooth ар-ы опциясын таңдаңыз. 3 Қосылатын құрылғыны таңдаңыз. Қалаған құрылғы көрсетілмесе, оны іздеу
үшін Жаңа іздеу опциясын таңдаңыз. Ауқымдағы Bluetooth құрылғылар көрсетіледі.
4 Басқа құрылғы рұқсат кодын қажет етсе, рұқсат кодын енгізіңіз. Өзіңіз анықтай
алатын рұқсат кодын екі құрылғыда да енгізу керек. Кейбір құрылғыларда рұқсат коды өзгермейді. Мәліметтер алу үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін жарамды.
Қолдануға болатын опциялар әртүрлі болуы мүмкін.
Жұптастырылған құрылғыға автоматты түрде қосылу Телефонды көлік жинағы, гарнитура немесе компьютер сияқты басқа Bluetooth
құрылғыға тұрақты түрде қосу керек пе? Телефонды автоматты түрде қосылатын етіп орнатуға болады.
Мәзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Bluetooth және Жұпталған құрылғылар
таңдаңыз.
1 Автоматты түрде қосылатын телефонды таңдаңыз. 2 Парам. > Параметрлер > Растаусыз автоматты байланыс > Иә опциясын
таңдаңыз.
Телефонды қорғау Bluetooth функциясын пайдаланғанда телефонды кімнің көре алатынын қауіпсіз
еткіңіз келе ме? Телефонды кім таба алатынын және оған қосыла алатынын бақылауға болады.
Мәзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Bluetooth опциясын таңдаңыз.
Сағат 25
Басқалардың телефонның анықтауын болдырмау
Құрылғымның көрінуі > Жасырын опциясын таңдаңыз.
Телефон жасырын болғанда, басқа құрылғылар оны анықтай алмайды. Бірақ, жұпталған құрылғылар телефонға әлі де қосыла алады.
Bluetooth функциясын өшіру
Bluetooth > Сөндіру опциясын таңдаңыз.
Құрылғыны белгісіз құрылғымен жұптамаңыз немесе одан байланыс сұрауларын қабылдамаңыз. Бұл телефонды зиянды мазмұннан қорғауға көмектеседі.
USB деректер кабелі Телефон мен компьютердің арасында мазмұнды көшіру
Суреттер мен басқа мазмұнды телефон мен үйлесімді компьютер арасында көшіру үшін USB деректер кабелін пайдалануға болады.
1 Телефонды компьютерге қосу үшін үйлесімді USB кабелін пайдаланыңыз. 2 Келесі режимдердің бірін таңдаңыз.
Nokia Ovi Suite — Компьютерде Nokia Ovi Suite бағдарламалық құралы
орнатылған.
Сыйымды жад — Компьютерде Nokia Ovi Suite бағдарламалық құралы
орнатылмаған. Телефон компьютерде тасымалды құрылғы ретінде
көрсетіледі. Егер телефонды үй немесе машина стереосы сияқты басқа
құрылғыларға қосқыңыз келсе, осы режимді пайдаланыңыз. 3 Мазмұнды көшіру үшін, компьютердің файлдар реттегішін пайдаланыңыз.
Контактілерді, музыка файлдарын, бейнелерді немесе суреттерді көшіру
үшін, Nokia Ovi Suite бағдарламалық құралын пайдаланыңыз.
Nokia Ovi Suite бағдарламалық құралын тек ішкі SIM картасының ұстағышында орнатылған SIM картамен пайдалануға болады.

Сағат

Уақыт пен күнді өзгерту

Мәзір > Параметрлер және Күн мен уақыт тармақтарын таңдаңыз.
Сапар барысында уақыт белдеуін өзгерту 1 Күн мен уақыт параметрлері > Уақыт белдеуі: тармағын таңдаңыз.
2 Орныңыздағы уақыт белдеуін таңдау үшін, солға немесе оңға жылжыңыз. 3 Сақтау белгішесін басыңыз.
26 Суреттер мен бейнелер
Уақыт пен күн уақыт белдеуіне сәйкес орнатылады. Бұл телефонның алынған мәтіндік немесе мультимедиалық хабарлардың дұрыс жіберу уақытын көрсетуін қамтамасыз етеді.
Мысалы, GMT -5 Нью Йорк (АҚШ) уақыт белдеуін білдіреді, Гринвичтен, Лондоннан (БК) батысқа қарай 5 сағат.
Қоңыраулы сағат Оятар қоңырауын керекті уақытта дыбыс шығаратын етіп орнатуыңызға болады.
Ояту уақытын орнату 1 Мәзір > Қолданбалар > Оятар тармағын таңдаңыз.
2 Дабылды қосу үшін солға немесе оңға жылжытыңыз. 3 Оятар дабылы уақытын енгізу үшін, жоғары жылжу пернесін басыңыз. 4 Дабыл аптаның таңдалған күндерінде қайталануы үшін, Қайталау күндері
тармағына өтіп, аптаның керекті күндерін белгілеңіз.
5 Дабыл үнін орнату үшін, Дабыл үні тармағына өтіп, солға немесе оңға жылжу
пернесін басыңыз. Қоңырау үні ретінде радио таңдалған жағдайда, телефонға шағын гарнитураны жалғаңыз.
6 Кейінге қалдыру уақытының ұзақтығын орнату үшін, Оятардың жұмыссыз
уақыты тармағына өтіп, керекті уақытты енгізіңіз.
7 Сақтау таңдаңыз.
Оятар қоңырауын өшіру
Тоқтат тармағын таңдаңыз. Егер оятар дыбысы бір минут берілсе немесе Қайтал.
тармағын таңдасаңыз, дабыл кейінге қалдырылған уақыт бойы тоқтап тұрып, қайтадан жалғасады.

Суреттер мен бейнелер

Суретке түсіру 1 Мәзір > Cуреттер > Камера опциясын таңдаңыз. 2 Үлкейту немесе кішірейту үшін жоғары немесе төмен жылжытыңыз. 3 Түсіру таңдаңыз.
Суреттер Мәзір > Cуреттер > Суреттерім ішіне сақталады.
Камераны жабу Қоңырауды аяқтау пернесін басыңыз.
Суреттер мен бейнелер 27
Бейне жазу Телефонмен суреттерді түсіруге қоса, ерекше сәттерді бейне ретінде түсіруге де
болады.
Мәзір > Cуреттер > Бейнекамера белгішесін басыңыз.
1 Қажет болған жағдайда сурет режимінен бейне режиміне ауыстырып қосу
үшін Парам. > Бейнекамера опциясын таңдаңыз. 2 Жазуды бастау үшін Жазу опциясын таңдаңыз.
Үлкейту немесе кішірейту үшін жоғары немесе төмен жылжытыңыз. 3 Жазуды тоқтату үшін, Тоқтат пәрменін таңдаңыз.
Бейнелер Мәзір > Cуреттер > Бейнелерім ішінде сақталады.
Камераны жабу Қоңырауды аяқтау түймесін басыңыз.
Суретті немесе бейнені жіберу Суреттерді және бейнелерді достарыңызбен және жанұяңызбен бөліскіңіз келе
ме? Мультимедиа хабарын жіберіңіз немесе Bluetooth арқылы сурет жіберіңіз.
Мәзір > Cуреттер тармағын таңдаңыз.
Сурет жіберу 1 Керекті суретті қамтитын папканы таңдаңыз.
2 Жіберілетін суретті таңдаңыз.
Бірнеше сурет жіберу үшін, Парам. > Белгілеу тармағын таңдап, қажетті
суреттерді белгілеңіз. 3 Парам. > Жіберу немесе Белгі-ді жіберу опциясын және қажетті жіберу әдісін
таңдаңыз.
Бейне жіберу 1 Керекті бейнені қамтитын папканы таңдаңыз.
2 Парам. > Белгілеу тармағын таңдап, бейнені белгілеңіз. Жіберілетін бірнеше
бейнені белгілеуге болады. 3 Парам. > Белгі-ді жіберу тармағын таңдап, керекті жіберу әдісін таңдаңыз.
Файлдарды реттеу Телефон жадында немесе жад картасында жаңа файлдарды және қалталарды
жылжытуға, көшіруге, және жоюға болады. Файлдарды өз қалталарына реттесеңіз, бұл файлдарды болашақта табуға көмектесуі мүмкін.
28 Музыка және аудио
Мәзір > Қолданбалар > Галерея опциясын таңдаңыз.
Жаңа қалтаны жасау Ішкі қалтаны жасау қаже қалтада Парам. > Қалта қосу тармағын таңдаңыз.
Файлды қалтаға көшіру немесе жылжыту Қажетті мазмұн аумағына жылжып барып, Парам. > Көшіру немесе Жылжыту
опциясын және мақсатты қалтаны таңдаңыз.
Кеңес: Сондай-ақ, музыканы немесе бейнелерді ойнатуға, я болмаса Галерея ішінде суреттерді көруге болады.

Музыка және аудио

Медиа плейер Әнді ойнату
Телефон жадында немесе жад картасында сақталған музыканы ойнатыңыз.
Мәзір > Музыка > Музыкам және Барлық әндер опцияларын таңдаңыз.
1Әнді таңдаңыз. 2 Ойнату белгішесін басыңыз. 3 Ойнатуды кідірту немесе жалғастыру үшін, жылжу пернесін басыңыз.
Ағымдағы әннің басына өту Солға жылжытыңыз.
Алдыңғы әнге өту Солға екі рет жылжытыңыз.
Келесі әнге өту Оңға жылжытыңыз.
Алдыға немесе артқа айналдыру Жылжу пернесін оңға немесе солға қарай басып тұрыңыз.
Музыка ойнатқыштың дыбысын өшіру немесе қосу # пернесін басыңыз.
Музыка ойнатқышты тоқтату Қоңырауды аяқтау түймесін басыңыз.
Музыка және аудио 29
Музыка ойнатқышты фондық режимде ойнатуға қою
Парам. > Арт. фонда ойн. белгішесін басыңыз.
Музыка ойнатқышын ол фондық режимде ойнатылып жатқан кезде жабу Аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Бейнені ойнату Телефон жадында немесе жад картасында сақталған бейнені ойнатыңыз.
Мәзір > Музыка > Музыкам және Бейнелер опцияларын таңдаңыз.
1 Бейнені таңдаңыз. 2 Ойнату белгішесін басыңыз. 3 Ойнатуды кідірту немесе жалғастыру үшін, жылжу пернесін басыңыз.
Алдыға немесе артқа айналдыру Жылжу пернесін оңға немесе солға қарай басып тұрыңыз.
Мультимедиалық ойнатқышты жабу Қоңырауды аяқтау түймесін басыңыз.
FM радиосы FM радиосы туралы
Мәзір > Музыка > Радио опциясын таңдаңыз.
Телефонды пайдаланып, FM радиосының станцияларын тыңдауға болады. Ол үшін шағын гарнитураны жалғаңыз және станцияны таңдаңыз!
Радио тыңдау үшін, құрылғыға үйлесімді шағын гарнитура жалғау керек. Құлақаспап антенна қызметін атқарады.
+Bluetooth құлақаспабы арқылы радио тыңдау мүмкін емес.
30 Музыка және аудио
Радио тыңдау Телефонға үйлесімді шағын гарнитура жалғаңыз. Құлақаспап антенна қызметін
атқарады.
Мәзір > Музыка > Радио жолын таңдаңыз.
Дыбыс деңгейін өзгерту Жоғары немесе төмен жылжыңыз.
Радионы жабу Аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Радионы фондық режимде ойнайтын етіп орнату
Парам. > Арт. фонда ойн. белгішесін басыңыз.
Радионы ол фондық режимде ойнатылып жатқан кезде жабу Аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Радио станцияларын табу және сақтау Таңдаулы радио станцияларды іздеңіз және кейін оңай тыңдау үшін, оларды
сақтаңыз.
Мәзір > Музыка > Радио тармағын таңдаңыз.
Тыңдауға болатын келесі станцияны іздеу Жылжу пернесін солға немесе оңға басып тұрыңыз.
Веб 31
Станцияны сақтау
Парам. > Р.арнаны сақтау тармағын таңдаңыз.
Радио станцияларын автоматты түрде іздеу
Парам. > Р/арнаны іздеу белгішесін басыңыз. Жақсы нәтиже беруі үшін, сыртта
немесе терезе жанында іздеңіз.
Сақталған станцияға ауысу Солға немесе оңға жылжыңыз.
Станцияның атын өзгерту 1 Парам. > Радио арналар тармағын таңдаңыз.
2 Станцияны және Парам. > Атын өзгерту тармағын таңдаңыз.
Жақсы қабылдауы бар жиілікке автоматты түрде қосылу 1 Парам. > Параметрлер > РДЖ > Қосу белгішесін басыңыз.
2 Парам. > Параметрлер > Автожиілік > Қосу белгішесін басыңыз.
Кеңес: Сақталған радио станциялар тізімінен тікелей станцияға өту үшін, станцияның нөміріне сәйкес келетін санды пернені басыңыз.
Веб

Веб-шолғыш туралы

Мәзір > Интернет опциясын таңдаңыз.
Интернеттегі веб-беттерді телефондағы веб-шолғышпен көруге болады.
Вебті шолу үшін Интернетке қосылған болуыңыз керек.
Сұралған жағдайда, пайдаланылатын SIM картасын таңдаңыз.
Бұл қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратты, бағаларды және нұсқауларды алу үшін, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Шолу үшін қажетті конфигурация параметрлерін қызмет провайдерінен конфигурация хабары ретінде алуыңыз мүмкін.

Веб-торапты шолу

Мәзір > Интернет опциясын таңдаңыз.
Веб-торапқа өту
Мекенжайға өту опциясын таңдап, мекенжайды енгізіңіз.
32 Телефонды басқару

Шолу журналын өшіру

Мәзір > Интернет опциясын таңдаңыз.
Кэш жады уақытша мәліметті сақтауға арналған есте сақтау орны болып табылады. Егер сіз құпия сөз қажет ететін құпия мәліметті немесе қорғалған қызметті алсаңыз немесе алмақ болсаңыз, әр қолданғаннан кейін кэш жадын босатып отырыңыз.
Кэшті немесе cookie файлдарын өшіру Веб-торапты шарлау кезінде Парам. > Құралдар > Кэшті босату немесе Куки-
файл. таза-у тармағын таңдаңыз.
Кукиді сақтауды болдырмау
Парам. > Параметрлер > Қауіпсіздік > Cookie файлдары > Қабылдамау
таңдаңыз.

Телефонды басқару

Телефонды пайдаланып бағдарламалық құралды жаңарту Телефонның өнімділігін жақсарту және бағдарлама жаңартулары мен керемет
жаңа мүмкіндіктер алу керек пе? Телефонның барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін бағдарламалық құралды тұрақты түрде жаңартыңыз. Сондай-ақ, телефонды жаңартуларды автоматты түрде тексеруге баптауға болады.
Ескерту Егер жаңаланған бағдарламаны орнатсаңыз, онда құрылғыны қолдана алмайсыз. Құрылымдары толмағанша және құрылғы қайта жұмыс істемейінше шұғыл қоңырау шала алмайсыз.
Қызметті қолдану немесе мазмұнды жүктеп алу үлкен мөлшерде деректердің тасымалдануына апаруы мүмкін. Бұның нәтижесінде дерек трафигі үшін ақы алынуы мүмкін.
Бағдарламалық құралды тек ішкі SIM картасы ұстағышындағы SIM картасын пайдаланғанда ғана жаңартуға болады.
Жаңартуды бастамас бұрын, зарядтағышты жалғаңыз немесе құрылғы зарядының жеткілікті екенін тексеріңіз.
Мәзір > Параметрлер опциясын басыңыз.
Телефонды басқару 33
1 Құрылғы > Құр-ғы жңрт-ры опциясын таңдаңыз. 2 Ағымдағы бағдарлама нұсқасын көрсету және жаңартудың бар-жоқ екенін
тексеру үшін Ағымдағы бағдарлама дерек-і опциясын таңдаңыз.
3 Бағдарлама жаңартуын жүктеу және орнату үшін Құр-ғы бағдар. құр. жүктеп
алу опциясын таңдаңыз. Көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
4 Жүктеуден кейін орнату болмаса, Бағдарлама жа-ңарту-н орнату опциясын
таңдаңыз.
Бағдарламалық құрал жаңартылуы бірнеше минутты алуы мүмкін. Орнату барысында қиындыққа тап болсаңыз, желі қызметінің провайдерімен хабарласыңыз.
Бағдарлама жаңартуларын автоматты түрде тексеру
Бғд- құр. авт. жаң. текс. опциясын таңдап, жаңа бағдарлама жаңартуларын
қаншалықты жиі тексеру керектігін анықтаңыз.
Желі қызметінің провайдері бағдарламалық құралдың жаңартуларын эфир арқылы тікелей телефоныңызға жіберуі мүмкін. Осы желі қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін желі қызметінің провайдерімен байланысыңыз.
Компьютерді пайдаланып телефонның бағдарламалық құралын жаңарту Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту үшін Nokia Ovi Suite PC
бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Үйлесімді компьютер, жоғары жылдамдықты интернет байланысы және телефонды компьютерге қосу үшін үйлесімді USB деректер кабелі қажет.
34 Қоршаған ортаны қорғау
Қосымша ақпарат алу және Nokia Ovi Suite қолданбасын жүктеп алу үшін, www.nokia.com/software торабына өтіңіз.
Бастапқы параметрлерді қалпына келтіру Егер телефон дұрыс жұмыс істемесе, кейбір параметрлерді бастапқы мәндерге
қалпына келтіре аласыз.
1 Барлық қоңыраулар мен қосылымдарды аяқтаңыз. 2 Мәзір > Параметрлер және Зауыт прм. қайтару > Тек бап. ор.кел-у т аңдаңы з. 3 Қауіпсіздік кодын енгізіңіз.
Телефонда сақталған құжаттарға немесе файлдарға мұның әсері тимейді.
Бастапқы параметрлерді қалпына келтіргеннен кейін телефон өшеді және қайта қосылады. Бұл әдеттегіден ұзақ уақыт алуы мүмкін.
Суреттер мен басқа мазмұнды жад картасына сақтық көшіру Ешқандай маңызды файлдарды жоғалтпайтыныңызға көз жеткізгіңіз келе ме?
Үйлесімді жад картасына телефон жад картасы мазмұнының сақтық көшірмесін жасауға болады.
Мәзір > Параметрлер > Қадам. ж/е сақ. көш-ме опциясын таңдаңыз.
Қос-ы көшме жасау опциясын таңдаңыз.
Сақтық көшірмені қалпына келтіру
Қос. көш-ен қалп. кел-у опциясын таңдаңыз.

Қоршаған ортаны қорғау

Қуатты үнемдеу Келесі әрекеттерді орындасаңыз, батареяны жиі зарядтаудың қажеті жоқ.
Пайдаланбаған кезде, қолданбаларды және Bluetooth байланысы сияқты
деректік қосылымдарды жабыңыз.
Перне дыбыстары сияқты қажетсіз дыбыстарды өшіріңіз.

Қайта өңдеу

Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 35
Осы телефон жұмыс мерзімінің соңына жеткенде, оның барлық материалдарын материалдар мен энергия ретінде қалпына келтіруге болады. Қоқысқа тастау немесе қайта пайдалану дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, Nokia корпорациясы өз серіктестерімен «We:recycle» («Біз қоқысқа тастаймыз») атты бағдарлама арқылы бірігіп жұмыс істейді. Ескі Nokia өнімдерін қайта пайдалануға өткізу және жинау орындарын табу туралы ақпарат алу үшін www.nokia.com/werecycle тораптарына өтіңіз немесе Nokia хабарласу орталығына қоңырау соғыңыз.
Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын жергілікті қайта өңдеу схемасы бойынша қайта өңдеңіз.
Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі, нұсқаулық немесе орауыш барлық электр және электрондық бұйымдардың, батареялардың және аккумулятордың жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналуы керек екенін есіңізге салады. Бұл талап Еуропалық Одақта қолданылады. Бұл бұйымдарды сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз. Телефонның қоршаған ортаға қатысты сипаттары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/ecoprofile мекенжайына өтіңіз.

Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат

Желі қызметтері мен бағалары Құрылғы EGSM 900 және 1800 мГц желілер пайдалану үшін мақұлданған.
Телефонды қолдану үшін, қызмет провайдерінің қызметтеріне жазылуыңыз қажет.
Желілік қызметтерді қолдану немесе мазмұнды құрылғыға жүктеу үшін желілік байланыс қажет және оның нәтижесінде деректер трафигі үшін ақы алынуы мүмкін. Өнімнің кейбір мүмкіндіктері желі қолдауын қажет етеді және оларға жазылу қажет болуы мүмкін.
Құрылғы күтімі Құрылғыны, батареяны, зарядтағышты және көмекші құралдарды ұқыптап ұстаңыз. Төмендегі ұсыныстар
кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Егер құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны шығарып алып, құрылғыны құрғатыңыз.
Құрылғыны шаң немесе лас жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Қозғалмалы бөліктері мен электрондық бөлшектері зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны жоғары температурада сақтамаңыз. Жоғары температура құрылғының қызмет мерзімін қысқартып, батареяларды зақымдауы және пластик бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі мүмкін.
Құрылғыны суық температурада сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температураға дейін жылығанда, оның ішінде ылғал пайда болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
Құрылғы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға болмайды.
Рұқсат берілмеген өзгерістер құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
36 Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Ұқыпсыз пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен механизмдер зақымдануы мүмкін.
Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, мезгіл-мезгіл құрылғыны өшіріп, батареяны алып тұрыңыз.
Құрылғыңызды магниттерден немесе магнит өрістерінен алыс сақтаңыз.
Маңызды деректерді қауіпсіз сақтау үшін, оны құрылғы, жад картасы немесе компьютер сияқты кемінде екі бөлек жерде сақтаңыз немесе маңызды ақпаратты қағазға жазып қойыңыз.
Қайта пайдалану Әрдайым пайдаланылған электрондық бұйымдарды, батареяларды және орауыш материалдарды арнаулы жинау
орнына өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың қараусыз тасталуына жол бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына көмектесесіз. Nokia өнімдерін қайта өңдеу жолдарын www.nokia.com/recycling тораптарынан қараңыз. .
Сандық құқықтарды басқару туралы Құрылғыны пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқа тараптардың жергілікті кедендік, құпиялылық және
заңды құқықтарын, оның ішінде авторлық құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық құқықтар бейнелерді, әуендерді және басқа мазмұнды көшіруіңізге, өзгертуіңізге немесе тасымалдауыңызға жол бермеуі мүмкін.
Бөлік иелері зияткерлік байлықтарын, оның ішіндегі авторлық құқықтарын қорғау үшін сандық құқықтарды басқару технологияларының барлық түрін қолдана алады. Бұл құрылғының СҚБ қорғалған бөлігін алу үшін СҚБ барлық түрін қолдану керек. Осы құрылғымен OMA DRM 1.0 қорғалған мазмұнға қол жеткізе аласыз. Егер сандық құқықтарды басқару бағдарламасы бөліктерді қорғай алмаса, бөліктің иелері сандық құқықтарды басқару бағдарламасының жаңа сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлесінің төмендеуін алуы жайында сұрауы мүмкін. Күшін жою сіздің құрылғыңыздағы сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлесінің қайта жөндеуіне кедергі болуы мүмкін. СҚБ бағдарламаларының күшін жою СҚБ басқа түрлері немесе СҚБ емес бағдарламалар арқылы қорғалған үлес қолданысына әсерін тигізбейді.
Сандық құқықтарды басқарумен қорғалған мазмұн мазмұнды пайдалану құқықтарыңызды анықтайтын байланысты лицензиямен беріледі.
Құрылғының OMA DRM арқылы қорғалған мазмұны болса, лицензиялар мен мазмұнның сақтық көшірмесін жасау үшін Nokia Ovi Suite сақтық көшірме мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Құрылғы жады пішімделгеннен кейін OMA DRM арқылы қорғалған мазмұнын пайдалануды жалғастыру үшін басқа тасымалдау әдістері мазмұнмен бірге қалпына келуі тиіс лицензияларды тасымалдамауы мүмкін. Сондай-ақ, құрылғыдағы файлдар бүлінген жағдайда, лицензияларды қалпына келтіру керек болуы мүмкін.
Құрылғыда WMDRM арқылы қорғалған мазмұн болса, құрылғы жады пішімделгенде, лицензиялар мен мазмұн жоғалып кетеді. Сондай-ақ, құрылғыдағы файлдар бүлінген жағдайда, лицензиялар мен мазмұн жоғалуы мүмкін. Лицензиялар немесе мазмұнды жоғалту сол мазмұнды құрылғыда пайдалану мүмкіндігін шектейді. Көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.
Кейбір лицензиялар арнайы SIM картасымен байланысты болуы мүмкін, ал қорғалған мазмұнды SIM картасы құрылғыға салынған жағдайда ғана алуға болады.
Батареялар және зарядтағыштар Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат Бұл құрылғы BL-5C зарядталатын батареямен пайдалануға арналған. Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея түрлерін шығаруы мүмкін. Әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 37
Бұл құрылғы төмендегі зарядтағыштардан электр қуатымен қамтамасыз етілгенде пайдаланылуға арналған: AC-3. Нақты Nokia зарядтағыш үлгісінің нөмірі штепсельдің түріне (E, X, AR, U, A, C, K немесе B деп белгіленеді) қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз.
Батарея қауіпсіздігі Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз. Зарядтағышты немесе қосымша аспапты ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап тартыңыз.
Зарядтағыш пайдаланылмаған кезде, оны розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау батареяның қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Батареяны әрдайым 15°C пен 25°C (59°F пен 77°F) температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Қысқа тұйықталу металл зат батареяның металл жолақтарына тигенде, мысалы, қалтаңызға қосалқы батарея салып жүргеніңізде кездейсоқ орын алуы мүмкін. Қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.
Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы органдардың ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта өңдеуге жіберіңіз. Тұрмыстық қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.
Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз, майыстырмаңыз, теспеңіз немесе майдаламаңыз. Батареядан сұйықтық ақса, батареяның сұйықтығын теріге немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай жағдай орын алса, тиген жерді бірден сумен жуыңыз немесе медициналық көмек алыңыз.
Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде жарылуы мүмкін.
Батарея мен зарядтағышты тек олардың арнаулы мақсаттарына сай пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген батареяларды немесе үйлесімсіз зарядтағыштарды пайдалану немесе оларды дұрыс пайдаланбау өрт, жарылыс қаупін немесе басқа қауіп төндіруі және кез келген рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Егер батарея немесе зарядтағыш бүлінген деп ойласаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін қызмет көрсету орталығына алып барыңыз. Зақымдалған батареяны немесе зарядтағышты ешқашан пайдаланбаңыз. Зарядтағышты тек жабық жай ішінде пайдаланыңыз.
Қосымша қауіпсіздік ақпарат Төтенше қоңырау шалу 1 Құрылғының қосулы болуын қамтамасыз етіңіз.
2 Сигнал күшінің жеткіліктілігін тексеріңіз. Сондай-ақ, төмендегілерді істеуіңіз қажет болуы мүмкін:
SIM картасын салыңыз.
Құрылғыға орнатылып қойған қоңырауға тыйым салу, бекітілген нөмір теру немесе жабық абоненттер тобы сияқты қоңырау шектеулерін ажыратыңыз.
Ұшу режимі қосылмағанын тексеріңіз.
3 Аяқтау түймесін басты экран пайда болғанша қайталап басыңыз. 4 Жергілікті аймақтағы ресми төтенше қызмет нөмірін енгізіңіз. Төтенше қызмет нөмірлері әр жерде әртүрлі
болады.
5 Шақыру түймесін басыңыз.
38 Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
6 Қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Рұқсат берілгенге дейін байланысты аяқтамаңыз.
Маңызды: Құрылғы интернет қоңырауларын қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырауларының екеуін де іске қосыңыз. Құрылғы ұялы желі арқылы да, интернет қоңырауы провайдері арқылы да төтенше қоңырау шалуға әрекеттенуі мүмкін. Байланыстың барлық жағдайда орнатылатынына кепілдік беру мүмкін емес. Медициналық жәрдем шақыру сияқты маңызды байланыс орнату үшін тек сымсыз құрылғыға сенім артушы болмаңыз.
Кішкентай балалар Құрылғы мен оның аксессуарлары ойыншық емес. Олардың құрамында кішкентай бөлшектердің болуы мүмкін.
Оларды кішкентай балалардан аулақ ұстаңыз.
Медициналық құрылғылар Радио хабар тарату жабдығының, соның ішінде, сымсыз телефонның жұмысы жеткілікті қорғалмаған медициналық құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Сыртқы радио жиілік қуатынан жеткілікті түрде қорғалғанын анықтау
үшін, физикпен немесе медициналық құрылғының өндірушісімен ақылдасыңыз.
Алмастырылған медициналық құрылғылар Медициналық құрылғыға кедергі жасауға жол бермеу үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер сымсыз құрылғы мен имплантация жасайтын медициналық құрылғылар, мысалы, электрондық жүрек стимуляторы немесе
имплантация жасайтын кардиовертер-дефибриллятор арасындағы қашықтық кемінде 15,3 сантиметрді (6 дюйм) құрауы тиіс деген кеңес береді. Мұндай құрылғыларға ие адамдар төмендегілерді орындауы тиіс:
Әрдайым сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм) алыс ұстаңыз.
Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу керек.
Сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыға қарама-қарсы жақтағы құлағыңызға ұстаңыз.
Кедергі барынан күмәнданған жағдайда, сымсыз құрылғыны өшіру керек.
Имплантация жасайтын медициналық құрылғыға қатысты өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде сұрақтарыңыз болса, денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.

Есту қабілеті

Ескерту Шағын гарнитураны пайдалану сыртқы дыбыстарды есту қабілетіңізге әсер етуі мүмкін. Қауіпсіздігіңізге қатер төндіретін жағдайда шағын гарнитураны пайдаланбаңыз.
Кейбір сымсыз құрылғылар кейбір есту аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін.
Жұмыс істеу ортасы Бұл құрылғы құлақ тұсында немесе денеден кемінде 1.5 сантиметрді (5/8 дюйм) аулақ қалыпты пайдалану кезінде, радио жиілікке шалдығу ережелеріне сәйкес келеді. Тасымалдау сөмкесінде, белдік қысқышта немесе арқалап алуға арналған ұстағышта метал болмауы керек және құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген аралықта ұстаңыз.
Деректер файлдары мен хабарларды жіберу үшін желіге сапалы байланыс орнатылуы керек. Сапалы байланыс қатынаулы болмайынша, деректер файлдарының немесе хабарлардың кешіктірілуі мүмкін. Берілу аяқталғанша, бөлектеу қашықтығына қатысты нұсқауларды орындаңыз.
Авторлық құқық және басқа ескертулер 39
Көлік құралдары Радио сигналдары көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе жеткілікті қорғалмаған электрондық жүйелерге, мысалы,
электрондық жанармай бүрку жүйесіне, тежеуге қарсы электрондық құлып жүйесіне, электрондық жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін көлігіңіздің немесе оның жабдығының өндірушісімен тексеріңіз.
Құрылғыны көлікке тек білікті қызметкерлер орнатуы тиіс. Дұрыс орнатпау немесе қызмет көрсетпеу қауіпті және кепілдігіңізді жарамсыз етуі мүмкін. Көліктегі барлық сымсыз құрылғылардың дұрыс орнатылғанын және жұмыс істеп тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосалқы құралдарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларының қатты күшпен ашылатынын ұмытпаңыз. Құрылғыңызды немесе аксессуарларын қауіпсіздік жастықшасы ашылатын жерге қоймаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар Жарылыс ықтималы бар (мысалы, қызмет көрсету станцияларындағы бензин сорғыларының жанында) кез келген
жерде құрылғыны өшіріңіз. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе өлімге әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші болуы мүмкін. Жанармай құю станцияларында, сақтау және тарату аймақтарында, химиялық зауыттарда немесе жарылыс жұмыстары орындалып жатқан жерлерде шектеулерді қадағалаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Олар көлігіңіздің қозғалтқышын өшіріп қоюға кеңес беретін аймақтарды, кемелердегі палубалардың астын, химиялық заттарды таситын немесе сақтайтын орындарды және ауаның құрамында химиялық заттар немесе астық, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты заттар болатын жерлерді қамтиды. Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану қауіпсіз бе, жоқ па анықтау үшін (пропан немесе бутан сияқты) мұнай газдарды пайдаланатын көлік өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.
Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД) Құрылғы радио толқындарының әсері нұсқауларына сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады. Ол халықаралық нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP тәуелсіз ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және барлық адамдарды жасына және денсаулығына қарамастан қорғауға кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД шектеуі дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/килограмм (Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі құрылғының ҮСД көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана қажетті қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты жақын орналастыруыңызға байланысты өзгереді.
Құрылғыны құлаққа тигізіп пайдалануға арналған ICNIRP ережелері бойынша ең жоғарғы МСК мәні - 0,63 Вт/кг.
Құрылғының қосымша аспаптарын қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп беру және тексеру талаптарына және желі таралымына тәуелді. МСК туралы қосымша мәліметті www.nokia.com веб­торабындағы өнім ақпаратының ішінен табуға болады.

Авторлық құқық және басқа ескертулер

СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ
40 Авторлық құқық және басқа ескертулер
Осымен, NOKIA CORPORATION RM-704 өнімінің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына және басқа да маңызды шарттарына сәйкес екенін мәлімдейді. Сәйкестік жөніндегі көшірмені http://www.nokia.com/phones/ declaration_of_conformity/ сайтынан таба аласыз.
© 2011 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
Nokia, Nokia Connecting People және Navi - Nokia Corporation сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Nokia tune Nokia Corporation-ның дыбыстық белгісі болып табылады. Бұл құжатта басқа да өнімдер және компания атаулары олардың тиісті меншік сауда белгілері немесе сауда атаулары болуы мүмкін.
Бұл құжат мазмұнының бір бөлігін немесе барлығын Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз қандайда бір жолмен қайта дайындауға, үшінші жаққа беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады. Nokia корпорациясы үздіксіз дамыту саясатын ұстанады. Nokia компаниясы осы құжатта бейнеленген кез келген өнімді алдын ала ескертусіз өзгертуге және жақсартуға құқылы.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol software from RSA Security.
Java is a trademark of Sun Microsystems, Inc.
Бұл өнім, жеке және коммерциялық емес қызметпен айналысатын пайдаланушы MPEG-4 Visual Standard стандарттарына сәйкес кодтаған ақпаратпен бірге жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалану (i) және лицензиясы бар бейне провайдері ұсынған MPEG-4 бейнелерін көру үшін (ii) MPEG-4 Visual Patent Portfolio License патенттер бумасына сай лицензияланған. Басқа мақсаттарда пайдалануға ешқандай тікелей немесе жанама лицензия берілмейді. Жарнама жасау үшін, жұмыста немесе коммерциялық мақсатта қолдану туралы қосымша ақпаратты MPEG LA, LLC компаниясынан алуға болады. http://www.mpegla.com. торабын қараңыз.
Қолданыстағы заңмен рұқсат етілген барынша көп дәрежеде Nokia корпорациясы немесе оның лицензия берушілерінің кез келгені ешқандай жағдайда қандай да бір деректердің немесе табыстың жоғалуына немесе қалай болмасын пайда болған арнайы, кездейсоқ, жанама немесе тікелей емес зақымдардың кез келгеніне жапау бермейді.
Бұл құжаттың мазмұны "сол қалпында" берілген. Қолданыстағы заңмен талап етілгеннен басқа жағдайда, кепілдік түрлерінің ешқайсысы, бекітілген немесе заңмен негізделген болмасын, сатуға арналған жарамдылық және белгілі бір мақсатқа сәйкестік туралы заңға негізделген кепілдіктер, олармен шектелместен, осы құжаттың ұқыптылығына, сенімділігіне немесе мазмұнына сәйкес жасалған. Nokia корпорациясы осы құжатты тексеру немесе оны кез келген уақытта алдын ала ескертусіз алу құқығын өзінде қалдырады. Өнімдерді, мүмкіндіктерді, бағдарламаларды және қызметтерді пайдалану мүмкіндігі аймақтарға қарай әртүрлі болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, Nokiа дилеріне немесе қызмет провайдеріне хабарласыңыз. Экспорттық бақылау. Бұл құрылғы АҚШ және басқа елдерден заңдар мен реттеушілерді экспорттайтын, сату тауарларын, технологияны немесе бағдарламаны қамтамасыз ететін пәннен тұрады. Заң талаптарын орындамай ауытқуға тыйым салынады. Nokia корпорациясы құрылғымен бірге берілген үшінші тарап бағдарламаларының жұмыс істейтіндігіне, мазмұнына немесе түпкі пайдаланушыны қолдауына кепілдік бермейді немесе ол үшін жауапты емес. Бағдарламаны қолдану арқылы сіз бағдарламаның сол қалпында берілгенін растайсыз. Nokia корпорациясы құрылғымен бірге берілген үшінші тарап бағдарламаларының жұмыс істейтіндігіне, мазмұнына немесе түпкі пайдаланушыны қолдауына қатысты мәлімдеме жасамайды, кепілдік бермейді немесе ол үшін жауапты емес.
/1.1-басылым KK
Loading...