Nokia 7230 User Manual [bg]

Page 1
Nokia 7230 Пайдаланушы нұсқаулығы
2-басылым
Page 2
азмұны

Мазмұны

Қауіпсіздік 4
Жалпы мәліметтер 5
Құрылғыңыз жайында 5 Желі режимі 5 Желі қызметтері 5 Ортақ жад 6 Қатынас кодтары 6 Бағдарламаларды компьютер арқылы жаңарту 7 Қолдау 7
Жұмысты бастау 8
Пернелер мен бөліктер 8 SIM картасын орнату 8 Жад картасын салу 9 Батареяны салу 10 Батареяны зарядтау 11 Қосу және сөндіру 11 Дисплей 11 Пернетақтаны кілттеу 12 GSM антеннасы 12 Аксессуарлар 13
Қоңыраулар 14
Қоңырау шалу және қоңырауға жауап беру 14 Дауыс зорайтқыш 14 Нөмірді жылдам теру түймешіктері 14
Мәтін жазу 15
Мәтіндік күйлер 15 Әдеттегі мәтін енгізу 15 Болжалды мәтін енгізу 15
Мәзірлер бойынша жылжу 16
Хабар алмасу 16
Мәтіндік және мультимедиалық хабарлар 16 Жедел хабарлар 17
Nokia Xpress аудиохабарлары 18 Nokia Mail 18 Шапшаң хабар алмасу 19 Дауыстық хабарлар 20 Хабар параметрлері 20
Контактілер 20
Қоңырулар тізімі 21
Параметрлер 21
Профильдер 21 Әуендер 22 Дисплей 22 Күн мен уақыт 22 Жылдам түймешіктер 22 Синхрондау және сақтық көшірме жасау 22 Қосылу мүмкіндігі 23 Қоңырау және телефон 24 Көмекші құралдар 25 Конфигурация 25 Зауыт параметрлерін қалпына келтіру 25
Галерея 26
Бағдарламалар 26
Қоңыраулы сағат 26 Күнтізбе және жұмыстар тізімі 26 Қосымша 27 Камера және бейне 27 FM радиосы 28 Дыбыс жазу құрылғысы 29 Медиа плейер 29 Карталар 30
Веб немесе Интернет 33
Интернет қызметіне байланыс. 34
SIM қызметтері 34
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты кеңестер 34
Қуатты үнемдеу 34
Page 3
Қайта өңдеу 34 Қосымша мәліметтер 35
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 35
Тақырыптар тізімі 41
Мазмұны 3
Page 4
ауіпсіздік

Қауіпсіздік

Мына жай нұсқауларды оқыңыз. Бұларды қадағаламау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін. Қосымша мәлімет үшін пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.

ҚАУІПСІЗДІК САҚТАП ҚОСУ

Сымсыз телефонды қолдануға тыйым салынғанда немесе құрылғыныы қосу кедергілер мен қауіп-қатер тудырған жағдайда оны қоспаңыз.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДАУ БОЛУЫ ТИІС

Жергілікті жердің барлық талаптарын орындаңыз. Әрқашан көлік жүргізу кезінде қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі бірінші ескеретініңіз жол қауіпсіздігі болуы тиіс.

КЕДЕРГІЛЕР

Барлық сымсыз құрылғылардың жұмысының орындалуына кедергілер әсер етуі мүмкін.

ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ

Кез келген шектеуді сақтаңыз. Құрылғыны ұшақта, медициналық жабдықтың жанында, жанармай, химикаттар немесе қопарылысқа бейім ауа кеңістігінде өшіріңіз.

МАМАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Бұл құрылғыны тек маманданған қызметкерлер ғана орнатуы немесе жөндеуі тиіс.

ҚОСЫМША АСПАПТАР МЕН БАТАРЕЯЛАР

Тек мақұлданған қосымша аспаптар мен батареяларды қолданыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.

СҰҒА ТӨЗІМДІЛІГІ

Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Мұны құрғақ күйде сақтаңыз.
Page 5
Жалпы мәліметтер 5

Жалпы мәліметтер

Құрылғыңыз жайында Мына нұсқаулықта суреттелген сымсыз құрылғы GSM 850, 900, 1800, 1900 және
WCDMA 900, 1900, және 2100 МГц желілері пайдалануға арналған. Байланыс желісі туралы көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушімен байланысыңыз.
Құрылғы үшінші тараптың интернет сайттарына бетбелгілер мен сілтемелерді орнатып, үшінші тараптың сайттарына қатынауға мүмкіндік беруі мүмкін. Олар Nokia корпорациясының филиалы болып табылмайды, Nokia корпорациясы олар үшін жауапкершілікті өзіне алмайды және қабылдамайды. Егер сіз осындай сайттарға қатынасаңыз, қауіпсіздік немесе мазмұн үшін сақтық шараларын қолданыңыз.
Ескерту Құрылғының оятқыш сағаттан басқа белгілерін қолданғыңыз келсе, құрылғыны қосыңыз. Сымсыз құрылғыны қолдану кедергілер мен қауіп тудыратын болса, құрылғыны қоспаңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқа тараптардың жергілікті кедендік, құпиялылық және заңды құқықтарын, оның ішінде авторлық құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық құқықтар кейбір бейнелердің, әуендердің және басқа құрылымдағы заттардың көшірілуіне, тасымалдануына, өзгертілуіне кедергі бола алады.
Құрылғыңызға сақталған барлық маңызды ақпараттың сақтық көшірмелерін жасап немесе жазбаша көшірмесін сақтап қойыңыз.
Кез келген құрылғыны қосу үшін оның тұтынушыға арналған нұсқаулығындағы қауіпсіздік жөніндегі мәліметтерді оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.
Бұл нұсқаулықтағы бейне ажыратымдылығы түрлі болып көрінуі мүмкін.
Құрылғыңыз туралы басқа да маңызды ақпарат алу үшін қолданушыға арналған нұсқауларды қараңыз.
Желі режимі Пайдаланылатын желі түрін таңдау үшін Мәзір > Параметрлер > Телефон >

Желі режимі тармағын таңдаңыз. Белсенді байланыс кезінде бұл опцияны

қолдана алмайсыз.
Желі қызметтері Телефонды қолдану үшін сізде сымсыз қызмет көрсету түрі болуы керек. Кейбір
мүмкіндіктер барлықы желіде қатынаулы болмайды; басқа мүмкіндіктер қызмет көрсету провайдеріңізбен арнайы реттеулер жасауыңызды талап етеді. Желі қызметтері берілетін деректерді қамтиды. Өз желінізде және басқа желілерде
Page 6
6 Жалпы мәліметтер
болғанда ақы қанша болатыны туралы егжей-тегжейін білу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз. Қызмет көрсету провайдеріңіз қандай ақы қолданылатын түсіндіреді. Кейбір желілерде TCP/IP хаттамаларында іске қосылатын WAP 2.0 хаттамалары (HTTP және SSL) сияқты арналйы технологиялар қолдауы және тілге тән таңбалар сияқты желі қолдауын талап ететін осы құрылғының кейбір мүмкіндіктерін пайдалану амалдарына ықпал ететін шектеулердің болуы мүмкін.
Сіз провайдеріңізден құрылғыңызда бейбелсенді және жұмысқа қабілетсіз мүмкіндіктерге сұратым жасауыңызға болады. Онда бұл мүмкіндіктер құрылғыңыздың мәзірінде көрінбейтін болады. Сондай-ақ, құрылғыңызда мәзір атаулары, мәзір реті және белгішелер сияқты бапталатын элементтердің болуы мүмкін.
Ортақ жад Құрылғының келесі құызметтері жадыны бөлуі мүмкін: мультимедиалық хабар
(MMS), электрондық пошта қолданбасы, шұғыл хабар. Осы мүмкіндіктердің бірнешеуін пайдалану қалған мүмкіндерге қатынаулы жадтың көлемін азайтуы мүмкін. Егер құрылғы жадтың толы екенін білдіретін хабарды көрсетсе, ортақ жадқа сақталған ақпараттың біразын жойыңыз.
Қатынас кодтары Қауіпсіздік коды құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан сақтауға көмектеседі.
Алдымен орнатылған код 12345. Кодты жасау және өзгерту, және құрылғыны кодты сұрайтын етіп орнату мүмкін. Кодты құпиялы түрде және құрылғыдан бөлек қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытсаңыз және құрылғы кілттелген болса, құрылғыға қызмет көрсету қажет. Қосымша тариф қолданылуы мүмкін және құрылғыдағы барлық жеке деректер жойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care қызмет көрсету орталығына немесе құрылғыңыз сатушысына хабарласыңыз.
SIM картамен бірге берілетін PIN код картаның рұқсатсыз пайдаланылуынан қорғайды. SIM карталармен бірге берілетін PIN2 код белгілі бір қызметтерге кіруге қажет болады. Егер PIN немесе PIN2 кодын үш рет қатар қате енгізсеңіз, сізден PUK немесе PUK2 коды сұралады. Егер бұл кодтарыңыз болмаса, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды қажет болуы мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу қызметін пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай пайдаланатынын анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Қауіпсіздік пәрменін таңдаңыз.
Page 7
Жалпы мәліметтер 7
Бағдарламаларды компьютер арқылы жаңарту Nokia Software Updater құрылғының бағдарламасын жаңартуға мүмкіндік беретін
компьютер бағдарламасы болып табылады. Құрылғының бағдарламаларын жаңарту үшін үйлесімді компьютер, кең жолақты Интернетке кіру мүмкіндігі және құрылғыны компьютерге жалғау үшін үйлесімді USB кабелі қажет.
Қосымша ақпарат алу, бағдарламаның соңғы шыққан нұсқасы туралы ескертпелерді тексеру және Nokia Software Updater қолданбасын жүктеп алу үшін, www.nokia.com/softwareupdate немесе жергілікті Nokia веб-торабын қараңыз.
Құрылғының бағдарламасын жаңарту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1 Nokia Software Updater бағдарламасын компьютеріңізге жүктеп алып,
орнатыңыз.
2 Құрылғыны компьютерге USB кабелі арқылы жалғап, PC Suite опциясын
таңдаңыз.
3 Nokia Software Updater қолданбасын ашыңыз. Nokia Software Updater
файлдардың сақтық көшірмесін жасау, бағдарламаларды жаңарту және файлдарды қалпына келтіру бойынша нұсқау береді.
Қолдау Өнімді пайдалану туралы қосымша ақпарат алу немесе құрылғымен жұмыс жасау
жолдарын көру үшін, пайдаланушы нұсқаулығын, www.nokia.com/support веб­торабындағы қолдау веб-беттерін, жергілікті Nokia веб-торабын немесе ұялы құрылғы көмегімен www.nokia.mobi/support веб-торабын қараңыз.
Егер бұл мәселені шешпесе, төмендегілердің біреуін орындаңыз:
Құрылғыны қайта іске қосыңыз: құрылғыны өшіріп, батареяны шығарыңыз. Бір минуттай уақыт өткен соң, батареяны салып, құрылғыны қосыңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей зауыттық параметрлерді қалпына келтіріңіз.
Жақсы жұмыс атқаруы және жаңа мүмкіндіктерді алу үшін, пайдаланушы нұсқаулығында айтылғандай құрылғыңыздағы бағдарламалық құралды уақытылы жаңартып тұрыңыз.
Егер мәселе шешілмей қалса, жөндету үшін, Nokia компаниясына хабарласыңыз. Мына веб-тораптарды қараңыз: www.nokia.com/repair. Құрылғыны жөндетуге жібермес бұрын, әрқашан құрылғыдағы деректердің сақтық көшірмесін жасап алыңыз.
Page 8
8 Жұмысты бастау

Жұмысты бастау

Пернелер мен бөліктер

Дисплей
1
2 Navi™ пернесі (шарлау пернесі)
3 Таңдау пернелері
4 Қоңырау пернесі
5 Пернетақта
6 Құлақаспап
7 Аяқтау/Қуат пернесі
8 Зарядтағыштың
коннекторы
9 USB порты
10 Гарнитура
коннекторы
11 Линза
12 Түсіру пернесі
13 Білек бауының
ілгегі
SIM картасын орнату SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді,
сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
Page 9
Жұмысты бастау 9
1 Баттарея орнатылған болса, оны шығарып алып, содан кейін SIM картасын
ұстағышын сырғытып ашыңыз.
2 Карта ұстағышын ашыңыз. 3 SIM картасын байланыс жағын төмен қаратып ұстағышқа салыңыз. 4 Карта ұстағышын жабыңыз. 5 Карта ұстағышын сырғытып жабыңыз.

Жад картасын салу

Құрылғыны қолдану үшін Nokia мақұлдаған MicroSD карталары мәнерлерді ғана қолданыңыз. Nokiа индустрия стандартын есте сақтау карталарына қолданады, бірақ кейбір брендтер толығымен бұл құрылғыға сәйкес келмейді. Сәйкес келмейтін карталар құрылғыға және картаға нұқсан келтіреді және ондағы деректерді жойып жіберуі мүмкін.
Құрылғы сыйымдылығы 16 Гбайт көлеміне дейінгі болған microSD карталарын қолдайды. Жеке файлдың көлемі 2 Гбайттан аспауы тиіс.
Page 10
10 Жұмысты бастау
Жад картасын салу
1 Баттарея орнатылған болса, оны шығарып алып, содан кейін жад картасын
ұстағышын сырғытып ашыңыз. 2 Карта ұстағышын ашыңыз. 3 Жад картасын байланыс жағын төмен қаратып ұстағышқа салыңыз. 4 Карта ұстағышын жабыңыз. 5 Карта ұстағышын сырғытып жабыңыз.

Батареяны салу

1 Артқы қақпақты шешіп алып, батареяның ұланатын жерін тексеріп, содан
кейін батареяны салыңыз. 2 Артқы қақпақты орнына қойыңыз.
Page 11
Жұмысты бастау 11
Батареяны зарядтау Батарея зауыттан жартылай зарядталып келеді. Егер құрылғы төмен зарядты
көрсетсе, төмендегілерді орындаңыз:
1 Зарядтау құрылғысын қабырға розеткасына қосыңыз.
2 Зарядтау құрылғысын құрылғыға қосыңыз. 3 Құрылғы толық зарядты көрсеткенде, зарядтағышты құрылғыдан, сосын
қабырғадағы қуат көзінен ажыратыңыз.
Сондай-ақ, батареяны USB кабелімен компьютерден келетін қуат арқылы да зарядтауға болады.
1 USB кабелін компьютердің USB портына және құрылғыңызға қосыңыз. 2 Батарея толық зарядталып болғанда, USB кабелін ажыратыңыз.
Батареяны белгілі бір міндетті уақытқа дейін зарядтаудың қажеті жоқ және құрылғыны зарядталып жатқанда да пайдалануға болады. Егер батарея заряды толық біткен болса, дисплейде зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.
Радио тыңдаған уақытта құрылғыны зарядтау қабылдау сапасына әсер етуі мүмкін.
Қосу және сөндіру Қуат пернесін басып ұстап тұрыңыз.

Дисплей

Page 12
12 Жұмысты бастау
1 Ұялы желінің сигнал күші 2 Батарея зарядының күйі 3 Индикаторлар 4 Желінің атауы немесе оператор логотипі 5 Сағат 6 Күн (жетілдірілген бастапқы экран өшірілгенде ғана) 7 Дисплей 8 Сол жақ таңдау пернесінің функциясы 9 Шарлау пернесінің функциясы 10 Оң жақ таңдау пернесінің функциясы
Сол жақ және оң жақ таңдау пернесінің функциясын өзгертуге болады.
” Жылдам түймешіктер” б. 22.

Пернетақтаны кілттеу

Абайсызда телефон түймелерін басып қалмас үшін, телефонды жауып, Құлып-
у таңдап, 5 секундтай ұстап тұрып, телефоныңыздың клавиштерін бекітіңіз.
Клавиш бекітпесін босату үшін, Ағыту > ОК таңдап, басыңыз, немесе телефоныңызды ашыңыз. Егер қауіпсіздік клавиш қорғанысы қосулы болса, сұраныс түскенде, қауіпсіздік кодын теріңіз.
Телефон күту күйінде тұрғанда, белгілі бір уақыт өткеннен кейін пернетақтаның автоматты түрде кілттенуін орнату үшін Мәзір > Параметрлер > Телефон > Авто.
клав. қорғ-шы > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Пернетақта кілттеулі күйде тұрғанда қоңырауға жауап беру үшін қоңырау түймешігін басыңыз. Қоңырауды аяқтағанда немесе оны қабылдамаған кезде пернетақта автоматты түрде кілттенеді.
қараңыз
Құрылғы немесе пернетақта құлыптанған кезде, ресми көмек көрсету қызметінен көмек сұрауға болады.

GSM антеннасы

Сіздің құрылғыңыздың ішкі және сыртқы антеннасы болуы мүмкін. Антенна сигнал таратып немесе қабылдап тұрғанда антенна аумағына қажетсіз тиіспеңіз.
Page 13
Жұмысты бастау 13
Антеннаға тиіскеннен байланыс сапасына әсер етіп, жоғары қуат деңгейімен жұмыс істеуіне себеп болуы мүмкін, тіпті батареяның зарядын азайтуы мүмкін.
Суретте GSM антеннасының аймағы сұр түспен көрсетілген.
Аксессуарлар USB кабелін қосу
USB қосқышыны ашыңып, USB кабелін құрылғыға қосыңыз.

Құлақ аспабы

Ескерту Құлаққапты пайдалану сіздің сыртқы дыбыстарды есту қабілетіңізге әсер етуі мүмкін. Сіздің қауіпсіздігіңізге қатер төндіретін жағдайда құлаққапты қолданбаңыз.
Осы құрылғымен бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген сыртқы құрылғы немесе құлаққапты Nokia AV Connector қосқышына қосу кезінде дыбыс деңгейіне баса назар аударыңыз.
Құрылғыға зақым келтіретін сигнал шығаратын өнімдерді қоспағаныңыз жөн. Nokia AV Connector қосқышын кернеу көзіне қоспаңыз.
Бау
Page 14
14 Қоңыраулар
1 Артқы қақпағын ашыңыз. 2 Бауын тағатын көзден өткізіп, тартыңыз. 3Артқы қақпағын жабыңыз.

Қоңыраулар

Қоңырау шалу және қоңырауға жауап беру

Қоңырау шалу үшін телефон нөмірін, оған қоса, қажет болса, ел коды мен аумақ кодын енгізіп, қоңырау пернесін басыңыз. Телефон қоңырауы кезінде құлақаспаптың немесе гарнитураның дауыс деңгейін дұрыстау үшін жоғары немесе төмен айналдырыңыз.
Кіруші қоңырауға жауап беру үшін қоңырау түймешігін басыңыз. Қоңырауды қабылдамау үшін аяқтау түймешігін басыңыз.
Дауыс зорайтқыш Бар болған жағдайда, қоңырау шалу кезінде телефонның құлақ аспабын немесе
дауыс зорайтқышын пайдалану үшін Динамик немесе Телефон пәрмендерінің бірін таңдаңыз.
Ескерту Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.

Нөмірді жылдам теру түймешіктері

Телефон нөмірін нөмір пернесіне белгілеу
Мәзір > Контактілер > Жылдам теру тармағын таңдаңыз, қажетті нөмірге
жылжып (2-9), Беру тармағын таңдаңыз. Қажетті телефон нөмірін енгізіңіз немесе
Іздеу сақталған контактіні таңдаңыз.
Жылдам теруді қосу
Мәзір > Параметрлер > Қоңырау > Нөмірді тез теру > Қосу таңдаңыз.
Жылдам теруді пайдаланып қоңырау соғу Күту режимінде қажетті пернені басып тұрыңыз.
Page 15
Мәтін жазу 15

Мәтін жазу

Мәтіндік күйлер Мәтінді енгізу үшін (мысалы, хабар жазғанда) әдеттегі немесе болжалды мәтін
енгізу функциясын пайдалануға болады.
Мәтін жазғанда көрсетілетін болжалды мәтін енгізу әдісі арасында ауысу үшін Парам-р
түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Болжалды мәтін енгізу функциясы тілдердің бәрінде бола бермейді.
Таңба регистрлері
Таңба регистрін өзгерту үшін # түймешігін басыңыз. Мәтіндік күйден арқылы көрсетілетін сандық күйге ауысу үшін # түймешігін басып, ұстап тұрыңыз да, Сан
режимі пәрменін таңдаңыз. Сандық күйден мәтіндік күйге ауысу үшін # түймешігін
басып тұрыңыз.
Жазу тілін орнату үшін Парам-р > Жазу тілі пәрменін таңдаңыз.
Әдеттегі мәтін енгізу Қажетті таңба көрінгенше 2 -9 аралығындағы санды түймешікті қайталап
басыңыз. Таңбалардың бар-жоғын таңдалған жазу тіліне байланысты болады.
Егер сізге қажет келесі әріп ағымдағы түймешікте орналасқан болса, жүгіргі пайда болғанша күтіп, әріпті енгізіңіз.
Ең жиі қолданылатын тыныс белгілері мен арнайы таңбаларға қол жеткізу үшін, 1 түймешігін қайталап басыңыз. Ең жиі қолданылатын тыныс белгілері мен арнайы таңбаларға қол жеткізу үшін, * түймешігін басыңыз. Бос орын кірістіру үшін, 0 түймешігін басыңыз.
арқылы көрсетілетін әдеттегі мәтін енгізу әдісі мен арқылы
, және арқылы көрсетіледі.
Болжалды мәтін енгізу Болжалды мәтін енгізу алдын ала орнатылған сөздікке негізделген және ол
сөздікке жаңа сөздерді қосуға болады.
1 2 мен 9 аралығындағы түймешіктердің көмегімен сөз жазуды бастаңыз. Бір
әріп үшін әрбір түймешікті тек бір рет басыңыз.
2 Сөзді растау үшін, оңға жылжыңыз немесе бос аралық қалдырыңыз.
Егер сөз дұрыс емес болса, * түймешігін қайталап басып, сөзді тізімнен таңдаңыз.
Егер сөзден кейін ? таңбасы көрінсе, бұл жазғыңыз келетін сөздің сөздікте жоқ екендігін білдіреді. Сө зді с өз кке қ ос у үшін Әріптеп пәрменін таңдаңыз. Сөзді әдеттегі мәтін енгізу әдісімен енгізіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.
Күрделі сөзді жазу үшін сөздің бірінші бөлігін енгізіп, оны растау үшін оңға жылжыңыз. Сөздің соңғы бөлігін жазып, сөзді растаңыз.
Page 16
16 Мәзірлер бойынша жылжу
3 Келесі сөзді жазуды бастаңыз.

Мәзірлер бойынша жылжу

Құрылғы функциялары мәзірлерге топталған. Мұнда мәзір функцияларының немесе таңдау элементтерінің бәрі сипатталмаған.
Басты бейнебетте Мәзір пәрменін және қажетті мәзірді және ішкі мәзірді таңдаңыз.
Мәзірдің ағымдағы деңгейінен шығу
Шығу немесе Артқа таңдаңыз.
Басты бейнебетке қайту Аяқтау пернесін басыңыз.
Мәзір көрінісін өзгерту
Мәзір > Парам-р > Нег. мәзір көрінісі таңдаңыз.

Хабар алмасу

Мәтіндік және мультимедиалық хабарларды құрылғымен жасаңыз және қабылдаңыз. Хабар алмасу қызметтерін желі провайдері немесе қызмет ұсынушы қолдаған жағдайда ғана пайдалануға болады.
Мәтіндік және мультимедиалық хабарлар Хабар жасап, қажет болса, оған сурет сияқты тіркемені қосуға болады. Файл
тіркелгенде телефоныңыз мәтіндік хабарды мультимедиалық хабарға автоматты түрде өзгертеді.
Мәтіндік хабарлар Сіздің құрылғыңыз бір хабарламаға арналған шектеу бойынша мәтін
хабарламаларын қолдайды. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы мүмкін. Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл опциялары көбірек орын алып, бір хабармен жіберілетін таңбалардың санын шектейді.
Қалған таңбалардың жалпы саны және жіберуге қажетті хабарлардың саны дисплейден көрсетіледі.
Хабар жіберу үшін құрылғыңызда хабарлар орталығының дұрыс нөмірі сақталуы керек. Әдетте, бұл нөмір SIM картасы арқылы әдепкі мән ретінде орнатылады.
Нөмірді қолмен енгізу үшін мына әрекетті орындаңыз:
Page 17
Хабар алмасу 17
1 Мәзір > Хабарлар > Қосымша > Хабар парам-рі > Мәтін хабарлары > Хабар
орталығы таңдаңыз.
2 Қызмет провайдері берген атты және нөмірді енгізіңіз.
Мультмедиа хабарлар Мультимедиалық хабарда мәтін, суреттер, дыбыстық клиптер және
бейнеклиптер болуы мүмкін.
Тек сәйкес келетін қызметтері бар құрылғылар ғана мультимедиялық шағын мәтіндерді алып орната алады. Қабылдаушы құрылғыға байланысты пайда болатын хабар әртүрлі болуы мүмкін.
Сымсыз интернет MMS шағын мәтіндердің өлшемін шектеуі мүмкін. Егер салынған сурет бұл шектеуден асып кетсе, құрылғы оны MMS арқылы жіберуге болатындай етіп кішірейтуі мүмкін.
Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы зиянды қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Мультимедиалық хабар алмасу қызметінің (MMS) қолжетімділігін білу және оған жазылу үшін қызмет провайдеріңізбен хабарласыңыз.
Хабар жасау 1 Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу таңдаңыз. 2 Хабарыңызды жазыңыз.
Ерекше таңбаны немесе смайлды енгізу үшін Парам-р > Таңба енгізу тармағын таңдаңыз.
Хабарға нысан тіркеу үшін Парам-р > Нысан енгізу тармағын таңдаңыз. Хабардың түрі автоматты түрде мультимедиалық хабарға өзгереді.
3 Алушыларды қосу үшін Жіберу және алушы тармағын таңдаңыз.
Телефон нөмірін немесе пошта мекенжайын қолдан енгізу үшін Нөм. н/е эл.
пошта тармағын таңдаңыз. Телефон нөмірін енгізіңіз немесе Эл. пош.
тармағын таңдаңыз және пошта мекенжайын енгізіңіз.
4 Жіберу таңдаңыз.
Мультмедиалық хабарлар экранның жоғарғы жағында белгішемен көрсетіледі.
Провайдер хабарлама түріне байланысты әр түрлі төлетеді. Егжей-тегжейлі мәлімет алу үшін провайдермен хабарласыңыз.
Жедел хабарлар Жедел хабарлар – алынған кезде бірден көрінетін мәтіндік хабарлар.
Мәзір > Хабарлар тармағын таңдаңыз.
Page 18
18 Хабар алмасу
1 Қосымша > Басқа хабарлар > Жылдам хабар тармағын таңдаңыз. 2 Хабарыңызды жазыңыз. 3 Жіберу тармағын және бір контактіні таңдаңыз.
Nokia Xpress аудиохабарлары MMS арқылы қолайлы жолмен аудиохабарлар жасап, жіберіңіз.
Мәзір > Хабарлар тармағын таңдаңыз.
1 Қосымша > Басқа хабарлар > Аудио хабар тармағын таңдаңыз. Диктофон
ашылады.
2 Хабарды жазу үшін 3 Жазуды тоқтату үшін 4 Жіберу тармағын және бір контактіні таңдаңыз.
Nokia Mail Хатты оқу, жазу және жіберу үшін электрондық пошта жазбасына құрылғы арқылы
кіріңіз. Бұл электрондық пошта бағдарламасы – SMS электрондық поштасы функциясынан басқа.
Поштаны пайдаланбастан бұрын, электрондық пошта қызмет провайдерінен электрондық пошта жазбасын алуыңыз керек. Параметрлердің бар-жоғы және олардың дұрыстығы туралы ақпарат алу үшін электрондық пошта провайдерімен хабарласыңыз. Электрондық пошта конфигурациясы параметрлерін конфигурация хабары түрінде алуыңызға болады.
Поштаны орнату шебері Құрылғыда ешқандай пошта параметрлері орнатылмаған болса, поштаны орнату
шебері автоматты түрде ашылады. Қосымша пошта қосу үшін Мәзір >
Хабарлар > Қосымша > Электр-қ пошта және Жаңа есеп. жазба опцияларын
таңдаңыз. Нұсқауларды орындаңыз.
тармағын таңдаңыз.
тармағын таңдаңыз.
Поштаны жазу және жіберу Пошта қызметіне қосылмастан бұрын поштаңызды жаза аласыз.
1 Мәзір > Хабарлар > Қосымша > Электр-қ пошта және Эл. хат жасау
опцияларын таңдаңыз.
2 Алушының пошта мекенжайын, тақырыпты және пошта хабарын енгізіңіз.
Файл тіркеу үшін Парам-р > Кірістіру тармағын таңдаңыз.
3 Егер бірнеше пошта тіркелгісі анықталса, тіркелгіні жібергіңіз келетін
поштадан таңдаңыз.
4 Жіберу таңдаңыз.
Page 19
Хабар алмасу 19
Поштаны оқу және оған жауап беру Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы зиянды
қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Мәзір > Хабарлар > Қосымша > Электр-қ пошта таңдаңыз.
Пошта тақырыптарын қотару Пошта тіркелгіңізді таңдаңыз.
Пошта хабарын және оның тіркемелерін қотару Пошта хабарын және Ашу немесе Қблдау опцияларын таңдаңыз.
Пошта хабарына жауап беру немесе оны қайта жіберу
Парам-р > Жауап қайтару немесе Әрі қарай жіберу таңдаңыз.
Поштадан шығу
Парам-р > Ажырату таңдаңыз. Пошта қосылымы бірәз уақыт әрекетсіз тұрғаннан
кейін автоматты түрде ажыралады.
Жаңа пошта ескертулері Телефон пошта тіркелгісін белгіленген аралықта автоматты түрде тексереді және
жаңа пошта алынғанда ескерту шығарады.
Мәзір > Хабарлар > Қосымша > Электр-қ пошта таңдаңыз.
1 Эл. пошта парам-і > Пошта жәш. жөндеу таңдаңыз. 2 Пошта тіркелгісін, Жүктеу баптаулары және мына опцияларды таңдаңыз:
Жаңарту аралығы — Телефонның жаңа поштаның пошта тіркелгісін тексеру жиілігін белгілеңіз.
Автом. алу — Жаңа поштаны автоматты түрде пошта тіркелгіңізден шығарыңыз.
3 Жаңа пошта ескертуін іске қосу үшін Эл. пошта парам-і > Жаңа эл. хбр ескер-
і тармағын таңдаңыз.
Шапшаң хабар алмасу Шапшаң хабар алмасу функциясы (IM, желілік қызмет) арқылы желіге қосылған
пайдаланушыларына қысқа мәтіндік хабарлар жібере аласыз. Бұл қызметке жазылып, пайдаланғыңыз келетін IM қызметінде тіркелуіңіз қажет. Бұл қызметтің бар-жоғын, бағасын және нұсқауларды қызмет ұсынушыдан сұраңыз. IM провайдеріне байланысты бұл мәзірлер әр түрлі болуы мүмкін.
Қызметке қосылу үшін Мәзір > Хабарлар > Лездік хабар-р пәрменін таңдаңыз және дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Page 20
20 Контактілер
Дауыстық хабарлар Дауыстық пошта жәшігі - жазылуыңыз қажет болуы мүмкін желілік қызмет.
Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Дауыстық пошта жәшігіне қоңырау шалу 1 пернесін басып тұрыңыз.
Дауыстық пошта жәшігін өзгерту
Мәзір > Хабарлар > Қосымша > Дауыс хабар-ры және Дауыс п/ж нөмірі
тармақтарын таңдаңыз.

Хабар параметрлері

Мәзір > Хабарлар және Қосымша > Хабар парам-рі параметрлерін таңдаңыз.
Мына жерден таңдаңыз:
Жалпы параметрлер — Хабардың қаріп өлшемін орнатыңыз және сызбалық күлкі белгілері мен жеткізілім есебін іске қосыңыз.
Мәтін хабарлары — Мәтіндік хабарлар мен SMS поштасы үшін хабар жеткізу орталықтарын орнатыңыз.
М-медиа хабарлары — Жеткізілім есептері және мельтимедиалық хабарлар мен жарнамаларды қабылдауға рұқсат беріңіз және мультимедиалық хабарлаға қатысты басқа-да таңдаулы параметрлерді орнатыңыз.
Қызметтік хабарлар — Қызметтік хабарларды іске қосу және қызметтік хабарларға қатысты параметрлерді реттеу.

Контактілер

Мәзір > Контактілер таңдаңыз.
Аттар мен телефон нөмірлерін құрылғы жадында немесе SIM картасында сақтауға болады. Құрылғы жадына нөмірлері мен мәтіндік элементтері бар контактілерді сақтауға болады. SIM картасының жадына сақталған аттан мен нөмірлер
Контакт қосу
Жаңасын қосу таңдаңыз.
Контактіге мәліметтер қосу Қолданыстағы жадтың Телефон немесе Телефон мен SIM екенін қадағалаңыз.
Аттар пәрменін таңдаңыз, атқа жылжыңыз және Деректер > Парам-р > Мәлімет қосу пәрменін таңдаңыз.
арқылы көрсетілген.
Page 21
Қоңырулар тізімі 21
Контакті іздеу
Аттар тармағын таңдап, контактілер тізімін айналдырып көріңіз немесе аттың
бірінші әріптерін енгізіңіз.
Контактіні басқа жадқа көшіру
Аттар тармағын таңдаңыз, содан кейін контактіге жылжып, Парам-р > Қосымша > Контактіні көшіру тармағын таңдаңыз. SIM картасында әрбір ат үшін
тек бір телефон нөмірін сақтауға болады.
Контактілер сақталатын орынды, контактілердің қалай көрсетілетінін және контактілердің жадты қолдануын таңдау
пәрменін таңдаңыз.Қосымша > Параметрлер.
Іскерлік картаны жіберу Контактілер тізімінде бір контактіге жылжыңыз, содан кейін Парам-р >
Қосымша > Визитка тармағын таңдаңыз. Бизнес карталарын vCard стандартын
қолдайтын құрылғыдан жіберуге және алуға болады.

Қоңырулар тізімі

Қоңырауларыңыз, хабарламаларыңыз, деректеріңіз және синхрондау туралы ақпаратты көру үшін Мәзір > Журнал тармағын және қалаған элементті таңдаңыз.
Ескерім: Сіздің қызмет көрсетушіңіздің есебі барлық қоңыраулар мен қызмет түрлері үшін әртүрлі және есеп, салық т .б. қоса алғанда интернет мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Параметрлер

Профильдер Қоңырау күтіп тұрсыз, бірақ құрылғыңыз қоңырау соқпай тұр ма? Профильдер деп
аталатын түрлі параметр топтары бар, оларды түрлі жағдайлар мен орталарға арналған қоңырау әуендерімен теңшеуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Профильдер таңдаңыз.
Қажетті профильді және оның ішінен келесі параметрлерден таңдаңыз:
Іске қосу — Профильді қосыңыз. Дербестеу — Профиль параметрлерін өзгертіңіз. Уақыт белгіленген — Профильді белгілі уақытқа дейін белсенді етіп орнатыңыз.
Профиль үшін орнатылған уақыт аяқталғанда уақыты көрсетілмеген бұрынғы профиль қосылады.
Page 22
22 Параметрлер
Әуендер Таңдалған белсенді профильдің әуен параметрлерін өзгертуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Үндер пәрменін таңдаңыз. Бірдей параметрлерді Профильдер мәзірінен табуға болады.
Дисплей Тұсқағаз, әріп мөлшерін немесе құрылғы дисплейіне қатысты басқа
мүмкіндіктерді көру немесе өзгерту үшін, Мәзір > Параметрлер > Дисплей таңдаңыз.

Күн мен уақыт

Мәзір > Параметрлер > Күн мен уақыт пәрменін таңдаңыз.
Күн мен уақытты орнату үшін Күн мен уақыт прм-і пәрменін таңдаңыз.
Күн мен уақыт пішімдерін орнату үшін Күн мен уақыт піш-і пәрменін таңдаңыз.
Телефон ағымдағы уақыт белдеуіне сәйкес уақыт пен күнді автоматты түрде жаңартатын күйге қою үшін Күн мен уақ. автотүз. (желілік қызмет) пәрменін таңдаңыз.
Жылдам түймешіктер Жеке жылдам пернелердің көмегімен телефонның жиі пайдаланылатын
функцияларына жылдам өтуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Сілтемелерім таңдаңыз.
Таңдау пернелеріне телефон функцияларын белгілеу
Оң жақ таңд. түйм-і немесе Сол жақ таңд. түйм-і және тізімнен функцияны
таңдаңыз.
Жылжыту пернесі үшін төте пернелер функциясын таңдау
Жылжу түймесі таңдаңыз. Қажетті бағытта жылжыңыз және Өзгерту немесе Беру пәрменін және тізімнен функцияны таңдаңыз.

Синхрондау және сақтық көшірме жасау

Мәзір > Параметрлер > Снх. ж/е қ. көш. таңдаңыз.
Мына жерден таңдаңыз: Тлф қосқышы — Құрылғыңыз бен басқа құрылғы арасында таңдалған деректерді
үндестіріңіз немесе көшіріңіз. Қос. көш. жасау — Таңдалған деректердің сақтық көшірмесін жасыңыз.
Page 23
Параметрлер 23
Қ. көш. қ. келт-у — Деректерді сақтық көшірмеден қалпына келтіріңіз. Сақтық көшірме файлы туралы мәліметтерді көру үшін Парам-р > Мәліметтері опциясын таңдаңыз.
Деректер беру — Құрылғыңыз бен желі сервері (желі қызметі) арасында таңдалған деректерді үндестіріңіз немесе көшіріңіз.
Қосылу мүмкіндігі Телефоныңызда деректердіберу және алу мақсатында басқа құрылғыларға
қосылудың бірнеше мүмкіндігі бар.
Bluetooth сымсыз технологиясы Bluetooth технологиясы радио толқындарын пайдаланып телефонды 10 метр (32
фут) ішіндегі сәйкес Bluetooth құрылғысына қосуға мүмкіндік береді.
Бұл құрылғы Bluetooth Specification 2,1 + EDR мен сай келеді және келесі профайлдарды қолдайды: Телефон байланысы арқылы желіге қосылу профилі (DUN) Файл тасымалдау профилі (FTP) Жалпы қатынас профилі (GAP) Ортақ нысан алмасу профилі (GOEP) Дауысзорайтқышпен сөйлесу профилі (HFP) Тұтқа профилі (HSP) Нысан басу профилі (OPP) Телефон кітапшасына кіру профилі (PBAP) Сериялық порт профилі (SPP) Қызметті анықтау бағдарламалық профилі (SDAP) SIM қатынас профилі (SAP) . Bluetooth технологиясын қолдайтын басқа да құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы құрылғының басқа құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Сымсыз құрылғы қашық SIM режимінде болса, қоңырау шалу немесе қабылдау үшін сәйкес жалғанған қосымша аспаптарды (автомобиль жинағы сияқты) ғана қолдануға болады.
Сіздің сымсыз құрылғыңыз жүйеде болса, ешқандай қоңырау қызметтерін орындамайды. Тек өз құрылғыңызда бағдарламаға салынған шұғыл көмек көрсету қоңырауларын орындайды.
Қоңырау шалу үшін алдымен қашықтағы SIM режимінен шығу керек. Егер құрылғы құлыпталынған болса, ашу үшін, біріншіден, құлыптау кодын енгізіңіз.
Bluetooth байланысын ашу 1 Мәзір > Параметрлер > Байл. мүмкіндігі > Bluetooth таңдаңыз.
2 Телефонымның аты пәрменін таңдап, құрылғының атын енгізіңіз. 3 Bluetooth қосылымын іске қосу үшін Bluetooth > Қосу дегенді таңдаңыз.
суреті Bluetooth қосылғанын білдіреді.
4 Құрылғыны аудио қосымша құралына жалғау үшін Аудио көм. құр-а қ-з
пәрменін және қосымша құралды таңдаңыз.
Page 24
24 Параметрлер
5 Телефонды қосу аясындағы Bluetooth құрылғысымен жұптастырып қосу үшін
Жұпт-н құрылғылар > Жаңа құр-ғы қос. тармағын таңдаңыз.
6 Табылған құрылғыға айналдырып өтіңіз де, Қосу дегенді таңдаңыз. 7 Құрылғыға рұқсат кодын (16 таңбаға дейін) енгізіп, басқа Bluetooth
құрылғысындағы байланысқа мүмкіндік беріңіз.
Құрылғының жасырын күйде жұмыс істеуі зиянды бағдарламалық қамтамасыз етудің алдын алудағы қауіпсіз жолы болып табылады. Сенімсіз көздерден Bluetooth байланысын қабылдамаңыз. Не болмаса Bluetooth функциясын өшіріңіз. Бұл құрылғының басқа функцияларына әсер етпейді.
Компьютерді интернетке қосу Bluetooth технологиясын пайдаланып сәйкес компьютерді интернетке қосуға
болады. Құрылғыңыз интернетке (желілік қызмет) қосыла алатын болуы керек және компьютер Bluetooth технологиясын қолдайтын болуы қажет. Құрылғы желіге кіру орны (NAP) қызметіне қосылғаннан кейін және компьютермен жұптасудан кейін құрылғы интернетпен пакеттік деректер қосылымын автоматты түрде ашады.
Пакеттік деректер Деректердің пакеттік радиоберілімінің жалпы қызметі (GPRS) бұл - желіаралық
протоколға (IP) негізделген желі бойынша ұялы телефондарға деректерді жіберуге және алуға мүмкіндік беретін желілік қызмет.
Бұл қызметті қалай пайдалану керектігін анықтау үшін Мәзір > Параметрлер >
Байл. мүмкіндігі > Пакеттік деректер > Пак. дрк байланысы пәрменін және келесі
параметрлерден таңдаңыз: Қажет кезде — бағдарламаға қажет болғанда пакеттік деректер қосылымын
орнату Бағдарлама тоқтатылғанда қосылым жабылады. Әрдайым желіде — телефон қосылғанда автоматты түрде пакеттік деректер
желісіне қосылу
Bluetooth технологиясы арқылы сыйысымды дербес компьютерге қосып телефоныңызды модем ретінде пайдалануыңызға болады. Қосымша мәліметтер алу үшін Nokia PC Suite құжаттарын қараңыз.

Қоңырау және телефон

Мәзір > Параметрлер > Қоңырау таңдаңыз.
Кіріс қоңырауларды бұру
Қоңырауды бұру (желі қызметі) таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет
ұсынушыға хабарласыңыз.
Сәтсіз қоңырау соғу әрекетінен кейін автоматты түрде он рет қайта теру
Авто. қайта теру > Қосу таңдаңыз.
Page 25
Параметрлер 25
Байланыс кезінде кіріс қоңырауы жайындағы ескерту
Қоңыр. күту қызметі > Қосу (желі қызметі) таңдаңыз.
Қоңырау соғып жатқан адамға нөміріңізді көрсету немесе көрсетпеу
М-ң шал-ы ID жіб-у (желі қызметі) таңдаңыз.
Сырғыманы ашу немесе жабу арқылы қоңырауға жауап беру немесе оны аяқтау
Қңр слайдпен басқ-у таңдаңыз.
Мәзір > Параметрлер > Телефон таңдаңыз.
Экран тілін орнату
Тіл баптаулары > Телефон тілі таңдаңыз.
Көмекші құралдар Бұл мәзір мен оның түрлі таңдаулары тек қана телефон сәйкесті ұтқыр көмекші
құралдарға қосылған болған кезде көрсетіледі.
Мәзір > Параметрлер > Көмекші құра-р таңдаңыз. Көмекші құралды және сол
көмекшіге байланысты таңдауды таңдау.
Конфигурация Құрылғыға кейбір қызметтерге қажет параметрлерді орнату мүмкін. Бұл
параметрлерді сізге қызмет ұсынушы да жібере алады.

Мәзір > Параметрлер және Конфигурация опцияларын таңдаңыз.

Мына жерден таңдаңыз: Стд. конфиг. парам-і — Құрылғыда сақталған қызмет ұсынушыларды көру және
әдепкі қызмет ұсынушыны белгілеу. Бар. қб. ст. прм. қосу — Қолдау көрсетілетін бағдарламалар үшін әдепкі
конфигурациялық параметрлерді қосу Ең тәуір ену нүктесі — Сақталған қатынас нүктелерін көру. Жеке параметрлер — Түрлі қызметтер үшін жаңа жеке жазбаларды қосу және
оларды белсендіру немесе жою. Жаңа жеке жазбаны қосу үшін Қосу немесе
Парам-р > Жаңасын қосу пәрменін таңдаңыз. Қызмет түрін таңдап, қажетті
параметрлерді енгізіңіз. Жеке жазбаны белсендіру үшін оған барыңыз және
Парам-р > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Зауыт параметрлерін қалпына келтіру Телефонды зауыт параметрлеріне қалпына келтіру үшін, Мәзір >
Параметрлер > Зау. пар. қалп. к. опциясын және келесілерден таңдаңыз:
Тек параметрлерді — Барлық таңдалған параметрлерді жеке деректерді жоймай қайта қосу.
Page 26
26 Галерея
Барлығын — Барлық таңдаулы параметрлеріңізді босатып, контактілер, хабарлар, медиа файлдары және активтендіру кілттері сияқты барлық жеке деректерді жою

Галерея

Галереяда суреттерді, бейне клиптерді және музыка файлдарын басқаруыңызға болады.
Галерея мазмұнын көру
Мәзір > Галерея таңдаңыз.
Файлды көріп жатқанда сурет немесе бейне клипты веб негізіндегі қызметке жүктеу
Парам-р > Жіберу > Желіге кері қо-з тармағын және керекті жүктеп салу қызметін
таңдаңыз.

Бағдарламалар

Қоңыраулы сағат Оятар қоңырауын керекті уақытта дыбыс шығаратын етіп орнатуыңызға болады.
Ояту уақытын орнату 1 Мәзір > Қолданбалар > Оятар тармағын таңдаңыз.
2 Оятарды қосып, ояту уақытын белгілеңіз. 3 Оятар қоңырауын аптаның таңдалған күндеріне қою үшін Қайталау: >
Қосулы тармағын және күндерді таңдаңыз.
4 Қоңырау үнін таңдаңыз. Егер радионы оятар қоңырауының дыбысы ретінде
таңдасаңыз, телефонға гарнитураны жалғаңыз. 5 Қайта ояту уақытын белгілеп, Сақтау тармағын таңдаңыз.
Оятар қоңырауын өшіру
Тоқтату тармағын таңдаңыз. Егер оятар дыбысы бір минут берілсе немесе Қайтал. тармағын таңдасаңыз, дабыл кейінге қалдырылған уақыт бойы тоқтап
тұрып, қайтадан жалғасады.

Күнтізбе және жұмыстар тізімі

Мәзір > Күнтізбе таңдаңыз. Ағымдағы күн бөлектенеді. Егер күнге арналған
жазбалар болса, сол күн қалың қаріппен беріледі.
Күнтізбе жазбасын қосу Күнге өтіп, Парам-р > Ескертпе жазу опциясын таңдаңыз.
Page 27
Бағдарламалар 27
Жазбаның мәліметтерін көру Жазбаға жылжытып, Көру тармағын таңдаңыз.
Күнтізбеден барлық жазбаларды өшіру
Парам-р > Ескертпелерді жою > Барлық жазбалар опциясын таңдаңыз.
Жасауға қажет тізімін көру
Мәзір > Қолданбалар > Істер тізімі таңдаңыз.
Жұмыстар тізімі көрсетіледі және басымдылық бойынша іріктеледі. Жазбаны қосу, жою немесе жіберу үшін, жазбаны орындалды деп белгілеу үшін немесе жұм ыс та р т із ім ін со ңғ ы м ер зі мі бо йы нш а і рікте у ү ші н Парам-р пәрменін таңдаңыз.
Қосымша Телефонда арнайы әзірленген ойындар мен Java™ бағдарламалары болуы
мүмкін.
Мәзір > Қолданбалар > Қосымша таңдаңыз.
Ойынды немесе бағдарламаны ашу
Ойындар, Топтама немесе Жад картасы, ойынды немесе бағдарламаны
таңдаңыз.
Ойын және бағдарлама орнатуға болатын жад көлемін көру
Парам-р > Жад деңгейі таңдаңыз.
Ойынды немесе бағдарламаны жүктеу
Парам-р > Кері қотарулар > Ойынды кері қотару немесе Қолданбалар жүктеу
таңдаңыз.
Сіздің телефоныңыз J2ME™ Java бағдарламаларын қолдайды. Бағдарламаны жүктеуден бұрын оның телефонмен сыйысымды екеніне көз жеткізіңіз.
Маңызды: Symbian Signed бағдарламалар сияқты сенімді жерлердің бағдарламалары мен басқа бағдарламалық құралдарын ғана орнатыңыз жән пайдаланыңыз немесе Java Verified™ сынағынан өткізіңіз.
Қотарылған бағдарламаларды сақтау үшін Галерея пайдалануға болады, ал Қолданбалар пайдаланылмайды.
Камера және бейне Құрылғыңыз 2048x1536 пиксель пиксель ажыратымдылығын қолдайды.
Page 28
28 Бағдарламалар
Камера режимі
Камераны ашу Бастапқы экранда түсіру пернесін басып тұрыңыз.
Ұлғайту немесе кішірейту Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Суретке түсіру Түсіру пернесін басыңыз.
Алдын-ала көру режимі мен уақытты орнату
Парам-р > Параметрлер > Сур-і көріп алу уақ. таңдаңыз.
Автотаймерді іске қосу үшін Парам-р түймеші гін және қажетті опцияны таңд аңыз.
Бейне режимі
Бейнекамераны ашу Түсіру пернесін басып тұрып, оңға қарай жылжытыңыз.
Бейне клип түсіру Түсіру пернесін басыңыз.
Камера мен бейне режимдерін өзгертіп қосу Камера немесе бейне режимінде солға немесе оңға жылжытыңыз.
FM радиосы FM радиосы сымсыз құрылғы антеннасынан басқа антеннаға байланысты. FM
радиосының дұрыс қызмет жасауы үшін құрылғыға сәйкес келетін құлаққапты немесе қосымша құрылғыны бекіту керек.
Ескерту Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Мәзір > Қолданбалар > Радио таңдаңыз.
Көрші радио станцияны іздеу Жылжыту пернесін солға немесе оңға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Станцияны сақтау Қажетті станцияны іздеп тауып, Парам-р > Р/арнаны сақтау таңдаңыз.
Page 29
Бағдарламалар 29
Сақталған станцияларды өзгертіп қосу Станцияларды кезек қосу үшін солға немесе оңға жылжытыңыз, немесе қажетті
станция сақталған нөмір пернесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Музыка ойнатқышты қосалқы күйде ойнату Аяқтау пернесін басыңыз.
Радионы жабу Аяқтау пернесін басып ұстап тұрыңыз.

Дыбыс жазу құрылғысы

Мәзір > Қолданбалар > Диктофон таңдаңыз.
Жазуды бастау Жазу белгішесін таңдаңыз.
Байланыс кезінде жазуды бастау
Парам-р > Қосымша > Жазу таңдаңыз. Қоңырауды жазған кезде, телефонды
қалыпты жағдайда құлағыңыздың қасында ұстаңыз. Жазылған нәрсе Жазбалар қалтасындағы Галерея ішіне жазылды.
Ең соңғы жазылғанды тыңдау
Парам-р > Соңғы клипті ойн-у таңдаңыз.
Соңғы жазылғанды мультимедиа хабарламасы арқылы жіберу
Парам-р > Соңғы клипті жіб-у таңдаңыз.
Медиа плейер Құрылғыда ән немесе басқа MP3 немесе AAC дыбыстық файлдардытыңдауға
арналған музыкалық ойнатқыш бар.
Ескерту Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Мәзір > Қолданбалар > Медиа плейер таңдаңыз.
Ойнатуды бастау немесе кідірту Жылжыту пернесін басыңыз.
Page 30
30 Бағдарламалар
Ағымдағы әннің басына өту Солға жылжытыңыз.
Алдыңғы әнге өту Солға екі рет жылжытыңыз.
Келесі әнге өту Оңға жылжытыңыз.
Ағымдағы әнді артқа айналдыру Жылжыту пернесін солға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Ағымдағы әнді жылдам алға айналдыру Жылжыту пернесін оңға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Музыка ойнатқышының дыбысын өшіру немесе қосу # пернесін басыңыз.
Музыка ойнатқышын қосалқы күйде ойнату Аяқтау пернесін басыңыз.
Музыка ойнатқышын тоқтату Аяқтау пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Карталар Maps бағдарламасы арқылы әр түрлі қалалар мен елдердің карталарын
қарауыңызға, мекенжайлар мен қызықты жерлерді іздеуіңізге, бір жерден екінші жерге баратын бағдарларды жоспарлауыңызға, GPS байланысы болған жағдайда картадан ағымдағы тұрған жеріңізді көруіңізге және орындарды сақтап, оларды үйлесімді құрылғыларға жіберуіңізге болады. Дауыспен басқару мүмкіндігі бар жол жүру қызметі үшін лицензия сатып алуыңызға да болады. Бұл қызметті кейбір елдерде немесе аймақтарда пайдалану мүмкін емес.
Maps туралы Егер карталар құрылғыда немесе салынған жад картасында бар болса, оларды
интернетке қосылмастан көруіңізге болады. Құрылғыға жүктеп алынған карталарда қамтылмаған аймақты іздеп жатқанда, аймақ картасы автоматты түрде интернеттен жүктеп алынады. Интернет байланысы арқылы пайдалану мақсатында кіру нүктесін таңдау сұралуы мүмкін.
Карталарды жүктеп алғанда, қызмет провайдеріңіздің желісі арқылы үлкен мөлшерде деректер тасымалдануы мүмкін. Деректер тасымалдау ақысы туралы ақпарат алу үшін қызмет провайдеріңізбен хабарласыңыз.
Page 31
Бағдарламалар 31
Сондай-ақ, құрылғыға карталарды жүктеп алу үшін Nokia Map Loader PC бағдарламалық құралын пайдалануыңызға болады. Nokia Map Loader бағдарламасын үйлесімді компьютерге орнату үшін, www.nokia.com/maps торабын қараңыз.
Мәзір > Қолданбалар > Карталар және келесі опциялардың біреуін таңдаңыз:
Соңғы карта — Соңғы рет көрсетілген картаны ашу. Мекенжай табу — Нақты бір мекенжайды іздеу. Сақталған орн-р — Құрылғыға сақталған орынды табу. Соңғы орындар — Шолған мекенжайларды көру. Ағымдық орын — Егер GPS қосылған болса, ағымдағы орынды көру. Жол жоспары — Бағдарды жоспарлау. Қосымша қыз-р — Жол жүру лицензиясын сатып алу. Параметрлер — Параметрлерді анықтау.
Барлық дерлік сандық картография деректері кейбір жерлерде ақаулы және толық емес болады. Ешқашан осы құрылғыны пайдалану үшін жүктеп алған картография деректеріне өзіне ғана сеніп қалмаңыз.
Nokia Map Loader Компьютерге арналған Nokia Map Loader бағдарламасымен интернеттен
карталар мен дауыспен басқарылатын файлдарды жүктеп алуыңызға болады. Құрылғыға жеткілікті орны бар жад картасы салынуы тиіс. Nokia Map Loader бағдарламасын қолданбастан бұрын кемінде бір рет Maps бағдарламасын пайдаланып, карталарды қарауыңыз керек, себебі Nokia Map Loader бағдарламасы жүктеп алынатын карта нұсқаларын тексеру үшін Maps журналының ақпаратын пайдаланады.
Nokia Map loader бағдарламасын орнату үшін, www.nokia.com/maps торабына кіріп, нұсқауларды орындаңыз.
Nokia Map Loader бағдарламасымен карталар жүктеп алу 1 Құрылғыны үйлесімді USB деректер кабелі немесе Bluetooth байланысы
арқылы компьютерге қосыңыз. Деректер кабелін қолдансаңыз, PC Suite
бағдарламасын USB байланыс әдісі ретінде таңдаңыз. 2 Компьютерде Nokia Map Loader бағдарламасын ашыңыз. 3 Мазмұнды және елді немесе аймақты таңдаңыз. 4 Карталарды немесе қызметтерді таңдап, жүктеп алыңыз да, оларды
құрылғыға орнатыңыз.
Nokia Map Loader бағдарламасының Service tab тармағынан жол жүру және жол туралы ақпарат лицензияларын, саяхат нұсқаулықтарын сатып алуыңызға және карталарды жүктеп алуыңызға болады.
Page 32
32 Бағдарламалар
GPS туралы GPS қабылдағышы Құрылғыда ішкі GPS қабылдағышы жоқ. GPS байланысын қажет ететін
қолданбаны пайдалану үшін үйлесімді сыртқы GPS қабылдағышын (қосымша құрал бөлек сатылады) қолданыңыз.
Сыртқы GPS қабылдағышын пайдаланыңыз 1 Үйлесімді GPS қабылдағышын толығымен зарядтап, іске қосыңыз.
2 Құрылғы мен GPS қабылдағышы арасында Bluetooth байланысын
орнатыңыз. 3 GPS қабылдағышын аспанға қаратып бөгетсіз жерге орналастырыңыз. 4 Maps бағдарламасын ашып, сыртқы GPS қабылдағышын таңдаңыз.
Құрылғыны сыртқы GPS қабылдағышымен жалғаған соң, тұрған орныңызды құрылғыдан көрсетуге бірнеше минут кетуі мүмкін.
GPS қызметін Maps бағдарламасын қолдау мақсатында пайдалануыңызға болады. Орныңызды табыңыз немесе арақашықтықтарды өлшеңіз.
Maps бағдарламасымен карталарды шолу, мекенжайларды және орналасқан жерлерді іздеу, бағдарларды жоспарлау үшін GPS қабылдағышынсыз да қолдануыңызға болады.

Мақсатыңызға қарай жүріңіз

Maps бағдарламасын көлікте және жаяу жүріп бара жатқанда пайдаланылатын толық жол жүру жүйесіне дейін жетілдіруіңізге болады. Толық жол жүру жүйесіне арналған аймақтық лицензия мен үйлесімді GPS қабылдағышы қажет. Көлікпен жол жүру екі және үш өлшемді карта көріністерімен толығымен дауыс арқылы басқарылады. Жаяу жүру 30 км/сағ (18.6 миль/сағ) жылдамдықпен шектеледі және дауыспен басқарылмайды. Жол жүру қызметі кейбір елдер мен аймақтарда ғана қолданылады. Толық ақпарат алу үшін, жергілікті Nokia веб-торабын қараңыз.
Page 33
Веб немесе Интернет 33
Жол жүру лицензиясын сатып алу.
Қосымша қыз-р тармағын таңдаңыз. Лицензия аймаққа байланысты болады және
оны тек таңдалған аймақта пайдалануға болады.
Мақсатыңызға қарай жүріңіз 1 Жол жоспары тармағын таңдап, бір бағдар жасаңыз.
2 Парам-р > Бағдарды көрсету > Парам-р > Шарлауды бастау тармағын
таңдаңыз. 3 Көрсетілген жауапкершіліктен бас тарту құжатын қабылдаңыз. 4 Егер сұралса, дауыспен басқару тілін таңдаңыз.
Егер орнатылған бағдардан ауытқысаңыз, құрылғы автоматты түрде жаңа бағдарды жоспарлайтын болады.
Дауыспен басқаруды қайталау
Қайталау тармағын таңдаңыз.
Дауыспен басқаруды сөндіру
Парам-р > Дыбысты сөндіру тармағын таңдаңыз.
Жылжуды тоқтату
Тоқтату тармағын таңдаңыз.
Жаяу жүру
Параметрлер > Бағдар параметр-рі > Бағдарды таңдау > Жаяу тармағын
таңдаңыз. Бұл жаяу жүруге арнап жасалған бағдарды оңтайландырады.

Веб немесе Интернет

Телефоныңыздың шолғышын пайдаланып, әр түрлі интернет қызметтерін пайдалана аласыз. Веб-беттердің көрінісі экран өлшеміне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сіз веб-беттегі барлық егжей-тегжейлерді көре алмауыңыз мүмкін.
Телефоныңызға байланысты интернет шолғыш функция мәзірде веб немесе интернет ретінде көрсетілуі мүмкін, оны бұдан былай веб деп атаймыз.
Маңызды: Сенімді қызметтерді пайдаланыңыз және зиянды бағдарламаларға қарсы қауіпсіздік пен қорғаныш шешімдерін қолданыңыз.
Бұл қызметтердің қатынаулы екендігін, бағасын және нұсқауларын қызмет ұсынушыдан сұраңыз.
Шолуға қажет болатын конфигурациялық параметрлерді конфигурациялық хабар ретінде қызмет ұсынушыдан ала аласыз.
Page 34
34 SIM қызметтері

Интернет қызметіне байланыс.

Мәзір > Веб > Үй таңдаңыз. Немесе күту режимінде 0 пернесін басып ұстап
тұрыңыз.
Қызметке қосылғаннан кейін оның беттерін шолуды бастауға болады. Қызметтерге байланысты телефон түймешіктерінің функциялары өзгеруі мүмкін. Телефон дисплейіндегі мәтіндік нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.

SIM қызметтері

Сіздің SIM картаңыз қосымша қызметтерді қамтамасыз ете алады. SIM картаңыз қолдаған жағдайда ғана сіз бұл мәзірге қол жеткізе аласыз. Мәзірдің атауы мен мазмұны бар қызметтерге байланысты болады.

Қоршаған ортаны қорғауға қатысты кеңестер

Мұнда қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу бойынша кеңестер беріледі.
Қуатты үнемдеу Батареяны толық зарядтап, зарядтағышты құрылғыдан ажыратқанда,
зарядтағышты қабырға розеткасынан да ажыратыңыз.
Келесі әрекеттерді орындасаңыз, батареяны жиі зарядтаудың қажеті жоқ.
Қолданбаларды, қызметтерді және қосылуларды пайдаланбаған кезде оларды жабыңыз немесе өшіріңіз.
Экранның жарықтығын азайтыңыз.
Егер құрылғыда қуатты үнемдеу режимі бар болса, оны кішкене жұмыссыз тұрғаннан кейін қуатты үнемдеу режиміне өтетіндей етіп қойыңыз.
Пернетақта үні сияқты керексіз дыбыстарды өшіріп тастаңыз.
Қайта өңдеу Nokia телефонындағы заттардың көбі қайта өңдеуге келеді. Nokia өнімдерінің
қайта өңделу жолдарын www.nokia.com/werecycle веб-торабынан, ал ұялы құрылғыныкін www.nokia.mobi/werecycle веб-торабынан қараңыз.
Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын жергілікті қайта өңдеу схемасы бойынша қайта өңдеңіз.
Page 35
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 35
Қосымша мәліметтер Құрылғының қоршаған ортаға қатысты сипаттары туралы қосымша ақпарат алу
үшін www.nokia.com/ecodeclaration торабын қараңыз.

Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат

Керек-жарақтар

Ескерту Тек Nokia компаниясы нақ осы құрылғымен пайдалануға рұқсат еткен батареяларды, зарядтағыштарды және көмекші құралдарды ғана пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану кез келген рұқсаттар мен кепілдіктердің күшін жоюы және қауіпті болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда рұқсат етілмеген зарядтағыштарды немесе батареяны пайдалану өрттің, жарылыстың немесе батареяның ағып кетуіне алып келуі немесе басқа қауіп төндіруі мүмкін.
Рұқсат етілген қосымша аспаптарға бар-жоқтығын білу үшін дилеріңізбен хабарласуды сұраймыз. Кез кел ген қос ымш а аспаптың қуат сымын ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап, тартыңыз.
Батарея Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Құрылғыңыз зарядталатын батареядан қуат алады. BL-4CT осы құрылғымен пайдаланатын батарея. Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея түрлерін шығаруы мүмкін. Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-3. Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай әр түрлі болады. Аша нұсқасы төмендегілердің біреуімен анықталады: E, EB, X, AR, U, A, C, K немесе UB. арасынан болуы мүмкін. арасынан болуы мүмкін. арасынан болуы мүмкін.
Батарея жүздеген мәрте зарядталып, зарядсыздандырылуына болады, дегенмен, нәтижесінде тозады. Сөйлесу және күту режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен рұқсат етілген батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia компаниясымен рұқсат етілген және осы құрылғыға арналған зарядтағышпен ғана зарядтаңыз.
Батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін зарядтағышты қосып, ажыратып, қайта қосуды қажет етуі мүмкін. Егер батарея заряды толық біткен болса, дисплейде зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.
Дұрыстап зарядтау. Пайдаланылмаған жағдайларда зарядтағышты розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау оның қызмет мерзімін қысқартады. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Шамадан тыс температураларда қалуына жол бермеңіз. Батареяны дайым 15°C мен 25°C (59°F мен 77°F) температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін. Батареяның қызметі қату температурасынан төмен жағдайда ішінара шектеледі.
Қысқа тұйықтап алмаңыз. Қысқа тұйықталу тиын, қағаз қысытрғыш немесе қаламсап сияқты металл нысан батареяның оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде кездейсоқ орын алуы мүмкін. (Олар батареядағы металл жолақшалары сияқты көрінеді). Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосымша батарея болғанда орын алуы мүмкін. Терминалдардағы қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.
Қоқысқа тастау. Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы органдардың ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта пайдалануға жаратыңыз. Тұрмыстық қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.
Батарея сұйықтының ағуы. Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз, майыстырмаңыз, теспеңіз немесе майдаламаңыз. Батарея ағып кеткен жағдайда, батареяның сұйықтығын теріге
Page 36
36 Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай жағдай орын алғанда, тиген жерді бірден сумен жуыңыз немесе медициналық көмек алыңыз.
Зақымдау. Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде жарылуы мүмкін.
Дұрыс пайдалану. Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз. Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің, жарылыстың немесе басқа қауіптің пайда болуына алып келуі мүмкін. Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе, әсіресе қатты жерге түсіп, сіз батареяның бүлінгеніне сенімді болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін қызмет көрсету орталығына алып барыңыз. Ешқашан зақымданған зарядтағышты немесе батареяны пайдаланбаңыз. Батареяңызды кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Nokia батареясының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулары Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясы өзі шығарған аккумуляторларды пайдаланыңыз. Фирмалық Nokia батареясын алып жатқаныңызға сенімді болу үшін, оны Nokia компаниясының уәкілетте қызмет көрсету орталығынан немесе дилерінен сатып алыңыз және голографиялық этикетканы келесі қадамдарды жасап тексеріңіз:
Голограмма шынайылығын растау 1 Этикеткадағы голограмманы тексерген кезде оның бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу
белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original Enhancements» логотипін көруге тиіссіз.
2 Сіз голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары қисайтқан кезде әрбір бұрышынан сәйкесінше 1,2,3, және 4
нүктесін көруге тиіссіз.
Осы қадамдарды сәтті аяқталса да, батарея фирмалық екен деп сеніммен айтуға болмайды. Егер сіз шынайылығын растай алмасаңыз немесе Nokia батареясын жапсырмасындағы голограммасымен бірге шынайы Nokia батареясы емес екеніне сенуге қандай да бір себеп болса, оны пайдаланудан тартынып, көмек алу үшін оны жергілікті Nokia өкілетті қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне алып бару керек.
Түпнұсқа Nokia батареялары жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, www.nokia.com/battery торабына барыңыз.
Құрылғыға күтім жасау Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім болып табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек. Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға көмектеседі.
Page 37
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 37
Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Егер сіздің құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны алып, оны орнына салардың алдында құрылғыны әбден құрғатыңыз.
Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз. Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық бөлшектерінің зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны жоғары немесе суық температурада ұстамаңыз. Жоғары температура электрондық құрылғылардың қызмет ету қысқартып, батареяларды зақымдауы және пластикалық бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі мүмкін. Құрылғы суық температурадан қалыпты температураға келгенде, оның ішінде ылғал пайда болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
Құрылғының осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.
Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Өрескел пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен жұқа механизмдердің зақымдануы мүмкін.
Күшті химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын құрылғыны тазалауға пайдаланбаңыз. Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Тек қана жинақпен жеткізілген етілген немесе мақұлданған антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат берілмеген антенналар, түрлендірулер немесе көмекші құралдар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
Зарядтағыштарды бөлмеде пайдаланыңыз.
Контактілер және күнтізбе жазбалары сияқты сақтағыңыз келген деректердің барлығының сақтық көшірмесін жасаңыз.
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін уақытылы мезгіл-мезгіл бастапқы қалпына келтіру мақсатымен оны өшіріп, батареяны алыңыз.
Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға, зарядтағышыңызға немесе кез келген қосымша аспапқа бірдей қолданылады.
Қайта пайдалану Әрдайым пайдаланылған электрондық бұйымдарды, батареяларды және орауыш материалдарды арнаулы жинау
орнына өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың қараусыз тасталуына жол бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына көмектесесіз. Өнім туралы қоршаған ортаға қатысты ақпаратты және Nokia өнімдерін қайтадан қалай пайдалану керектігін www.nokia.com/werecycle немесе nokia.mobi/werecycle сайтынан қарап алыңыз.
Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі, нұсқаулық немесе орауыш барлық электр және электрондық бұйымдардың, батареялардың және аккумулятордың жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналуы керек екенін есіңізге салады. Бұл талап Еуропалық Одақта қолданылады. Бұл бұйымдарды сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз. Қоршаған орта туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/environment сайтынан бұйымның экологиялық декларациясын қараңыз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат Ескерім: Бұл құрылғының беткі қабаттарында никель болмайды. Бұл құрылғының бетінде шірімейтін болат болады.
Кішкентай балалар Құрылғы мен оның аксессуарлары ойыншық емес. Олардың құрамында кішкентай бөлшектердің болуы мүмкін. Оларды кішкентай балалардан аулақ ұстаңыз.
Жұмыс істеу ортасы Бұл құрылғы құлақ тұсында немесе денеден 1,5 сантиметр (5/8 дюйм) алыс бірқалыпты пайдалану кезінде радио жиілік
нұсқауларын орындайды. Тасымалдау сөмкесінде, белдік қысқышта немесе арқалап алуға арналған ұстағышта метал болмауы керек және құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген аралықта ұстаңыз.
Page 38
38 Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Деректер файлдары мен хабарларды жіберу үшін желіге сапалы байланыс орнатылуы керек. Сапалы байланыс қатынаулы болмайынша, деректер файлдарының немесе хабарлардың кешіктірілуі мүмкін. Берілу аяқталғанша, бөлектеу қашықтығына қатысты нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының бөліктері магнитті болып келеді. Металл заттар құрылғығы тартылуы мүмкін. Несие карточкасы немесе басқа да магнитті құралдарды жақын ұстамаңыз, себебі ондағы сақталған ақпарат өшірілуі мүмкін.
Медициналық құрылғылар Радио хабар тарату жабдығының, соның ішінде, сымсыз телефонның жұмысы жеткілікті қорғалмаған медициналық құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. сыртқы радио жиілік қуатынан жеткілікті қорғалғанын анықтау үшін физиктен немесе медициналық құрылғыны өндірушіден ақыл-кеңес сұраңыз. Ережелер құрылғыңызды өшіріп қоюға
нұсқау берген жағдайда, солай істеңіз. Ауруханалар немесе денсаулық сақтау мекемелері сыртқы радио жиілік қуатына сезімтал жабдықты пайдалануы мүмкін.
Алмастырылған медициналық құрылғылар Медициналық құрылғыға кедергі жасауға жол бермеу үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер сымсыз құрылғы мен имплантация жасайтын медициналық құрылғылар, мысалы, электрондық жүрек стимуляторы немесе имплантация жасайтын кардиовертер-дефибриллятор арасындағы қашықтық кемінде 15,3 сантиметрді (6 дюйм)
құрауы тиіс деген кеңес береді. Мұндай құрылғыларға ие адамдар төмендегілерді орындауы тиіс:
Әрдайым сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм) алыс ұстаңыз.
Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу керек.
Сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыға қарама-қарсы жақтағы құлағыңызға ұстаңыз.
Кедергі барынан күмәнданған жағдайда, сымсыз құрылғыны өшіру керек.
Имплантация жасайтын медициналық құрылғыға қатысты өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде сұрақтарыңыз болса, денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.
Есту құралдары Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейде есту аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін.
Көлік құралдары Радио жиілік сигналдары көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе жеткілікті қорғалмаған электрондық жүйелерге,
мысалы, электрондық жанармай бүрку жүйесіне, тежеуге қарсы электрондық құлып жүйесіне, электрондық жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін көлігіңіздің немесе оның жабдығының өндірушісімен тексеріңіз.
Бұл құрылғыға қызмет көрсетуді немесе оны көлікке орнатуды тек маманданған қызметкерлер істеуі тиіс. Дұрыс орнатпау немесе қызмет көрсетпеу қауіпті және кепілдігіңізді жарамсыз етуі мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз құрылғылардың дұрыс бекітілгенін және жұмыс істеп тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Оңай тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосымша аспаптарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларының қатты күшпен ашылатынын ұмытпаңыз. Құрылғыңызды немесе аксессуарларын қауіпсіздік жастықшасы ашылатын жерге қоймаңыз.
Ұшаққа көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз. Сымсыз телеқұрылғыларды ұшақтың ішінде пайдалану ұшақтың жұмысына қауіп келтіруі және заңға қайшы болуы мүмкін.
Жарылу қаупі бар орталар Ықтималды жарылыс болатын ортада құрылғыны өшіріп қойыңыз. Барлық берілген нұсқауларды орындаңыз. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе өлімге әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші
болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю орындарында сөндіріңіз. Жанармай қоймаларында және тарату аумақтарында химиялық зауыттарда немесе жарылыс жұмыстары болып жатқан жерде шектеулерді орындаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Олар көлігіңіздің қозғалтқышын өшіріп қоюға кеңес беретін аймақтарды, кемелердегі полубалардың астын, химиялық заттарды таситын немесе сақтайтын орындарды және ауаның құрамында химиялық заттар немесе астық, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты заттар болатын жерлерді
Page 39
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 39
қамтиды. Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану қауіпсіз бе, жоқ па анықтау үшін (пропан немесе бутан сияқты) мұнай газдарды пайдаланатын көлік өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.
Жедел қызметтерге телефон шалу Маңызды: Бұл құрылғы радио сигналдарды, сымсыз желіні, жердегі байланыс желісі және қолданушы бағдараламаға салынған жетелерді пайдалана қызмет етеді. Егер құрылғыңыз интернет арқылы дауыс қоңырау шалуларды (интернет қоңырау шалуларды) қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырау шалуларының екеуін де іске қосыңыз. Ұялы желілері мен интернетпен қоңырау шалу провайдерінің екеуі де қосылған жағдайда, құрылғы осылардың екеуі арқылы
жедел қызмет көрсету орындарына қоңырау шалуға әрекет жасайды. Байланыстың барлық жағдайда жүзеге асырылатынына кепілдік берілмейді. Медициналық шұғыл жағдайда байланыс орнату үшін тек сымсыз құрылғыға ғана сенуге болмайды.
Жедел телефон шалу үшін:
1 Егер құрылғы өшірулі болса, оны қосыңыз. Сигналдың тиісті күші болуын тексеріңіз. Құрылғыға тәуелді бола
отырып, сіздің төмендегілерді орындауыңыз қажет:
Егер құрылғы жарамды болса, оған SIM-картасын енгізіңіз.
Егер құрылғыңызда белгілі бір қоңырау шалу шектеулері болса, оларды алып тастаңыз.
Режимді Дербес немесе Ұшу режимінен белсенді режимге өзгертіңіз.
2 Дисплейді тазарту үшін аяқтау пернесін басып, құрылғыны қоңырау шалуға дайындаңыз. 3 Жергілікті аймақтағы ресми жедел жәрдем нөмірін енгізіңіз. Жедел жәрдем нөмірлері әр жерде әртүрлі болуы
мүмкін.
4 Шақыру түймесін басыңыз.
Жедел қоңырау шалу кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше мұқият беріңіз. Сіздің сымсыз құрылғыңыз оқиға орнында тек байланыс құралы бола алады. Рұқсат берілгенге дейін қоңырау шалуыңызды аяқтамаңыз.
Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД) Құрылғы радио толқындарының әсері нұсқауларына сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады. Ол халықаралық нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP тәуелсіз ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және барлық адамдарды жасына және денсаулығына қарамастан қорғауға кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД шектеуі дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/килограмм (Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі құрылғының ҮСД көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана қажетті қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты жақын орналастыруыңызға байланысты өзгереді.
ICNIRP нұсқаулары белгілеген құрылғыны құлаққа қолданудың ҮСД ең жоғарғы мәні - 0,97 Вт/кг.
Құрылғының қосымша аспаптарын қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп беру және тексеру талаптарына және желі таралымына тәуелді. ҮСД бойынша қосымша мәліметті www.nokia.com сайтындағы өнім туралы ақпарат ішінен алуыңызға болады.
Page 40
40
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Осымен, NOKIA CORPORATION осы RM-604 өнім 1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына және басқа да қатысты жайттарына сәйкес екендігін мәлімдейді. Сәйкестік жөніндегі көшірмені http:// www.nokia.com/phones/declaration_of_conformity/ сайтынан таба аласыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
Nokia, Nokia Connecting People және Navi - Nokia Corporation ұйымының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Nokia tune - Nokia Corporation ұйымының дыбыстық белгісі. Осы құжатта көрсетілген басқа да өнімдер мен компаниялардың атаулары тиісті меншік иелерінің сауда белгілері немесе тауар атаулары болуы мүмкін.
Бұл құжат мазмұнының бір бөлігін немесе барлығын Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен қайта дайындауға, үшінші тарапқа беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады. Nokia корпорациясы үздіксіз дамыту саясатын ұстанады. Nokia корпорациясы осы құжатта сипатталған өнімдердің кез келгенін алдын ала ескертусіз өзгертуге және жетілдіруге құқылы.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol software from RSA Security.
Java is a trademark of Sun Microsystems, Inc.
Ескеріңіз: Тек бір ғана MРЕG-4 мәтіні. *Бұл өнім MРЕG-4 visual Patent Portfolio License бойынша (і) жеке және коммерциялық емес қызметпен айналысатын тұтынушы MРЕG-4 Visual Standard сәйкес кодталған ақпаратқа байланысты жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалануға (іі) лицензиялы бейне қызмет ұсынушысы ұсынған MРЕG-4 бейнесін пайдалану үшін лицензияландырылған. Кез-келген басқа жолмен пайдалану үшін тікелей және жанама түрде ешбір лицензия берілмейді. Жарнамалық, ішкі және коммерциялық байланыстарды қоса алғанда, қосымша ақпаратты MРЕG LA, LLC компаниясынан алуға болады. http://www.mpegla.com сайтын қараңыз.
ЗАҢ БОЙЫНША NOKIА НЕМЕСЕ ОНЫҢ РҰҚСАТ БЕРУШІЛЕРІ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН МӘЛІМЕТТЕР ЖОЙЫЛУЫНА НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАРҒА, КЕЗ КЕЛГЕН АРНАЙЫ, ҚОСЫМША, СОҢҒЫ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЖАСАЛЫНҒАН ЗАҚЫМДАРҒА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
БҰЛ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ "СОЛ КҮЙІНДЕ" ҚҰРЫЛҒАН. ЗАҢ БОЙЫНША, КЕПІЛДЕМЕНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІ ШҰҒЫЛ НЕМЕСЕ НЕГІЗДЕЛГЕН, БІРАҚ ШЕКТЕЛМЕГЕН ТАУАР ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛДЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАБІЛЕТ ДӘЛДІЛІК, СЕНІМДІЛІК НЕМЕСЕ ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА ЖАСАЛҒАН. NOKIA КОМПАНИЯСЫ ОСЫ ҚҰЖАТТЫ EШБІР АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУСІЗ ҚАРАП ШЫҒУҒА НЕМЕСЕ БҰДАН БАС ТАРТУҒА ҚҰҚЫЛЫ. Белгілі өнімдерге және сұранымдарға, қызметтерге қол жеткізу аймақтарға байланысты әр түрлі болады. Толық мәліметтер мен тіл опцияларының бар-жоғын Nokiа дилерінен сұрап алыңыз. Экспорттық бақылау. Бұл құрылғы АҚШ және басқа елдерден заңдар мен реттеушілерді экспорттайтын, сату тауарларын, технологияны немесе бағдарламаны қамтамасыз ететін пәннен тұрады. Заңды орындамай ауытқуға тыйым салынған. Құрылғыңызбен жеткізілетін үшінші тарап әзірлеген бағдарламалар Nokia компаниясымен байланысты немесе қатысты емес тұлғалар немесе ұйымдармен әзірленіп, солардың иелігі болып табылуы мүмкін. Nokia үшінші тараптармен әзірленген бағдарламалар бойынша авторлық құқықтар немесе зияткерлік жекеменшік құқықтарын иеленбейді. Іс жүзінде, Nokia соңғы пайдаланушыны қолдау, бағдарламалардың пайдаланымдылығы немесе сол бағдарламалар немесе материалдар ақпараттарына жауапты емес. Nokia үшінші тараптардың бағдарламаларына ешқандай кепілдік бермейді. БАҒДАРЛАМАНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СІЗ БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОЛ КҮЙІНДЕ, ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КЕПІЛДІКСІЗ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІН РАСТАЙСЫЗ. СОНЫМЕН ҚАТАР, СІЗ НЕ NOKIA КОМПАНИЯСЫ, НЕ ОНЫҢ БАЙЛАНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ ТАНЫТУЛАРДЫ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ІШІНАРА МАҚСАТТАРДАҒЫ АТАУЛАР, САТЫЛУ МҮМКІНДІГІ НЕМЕСЕ ПІШІНІ БОЙЫНША, НЕМЕСЕ СОЛ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ ПАТЕНТТЕРІНЕ, АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫНА, САУДА БЕЛГІЛЕРІНЕ НЕМЕСЕ БАСҚАДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙТІНДІГІН КЕПІЛДЕНДІРМЕЙТІНІН РАСТАЙСЫЗ.
/2-басылым KK
Page 41
Тақырыптар тізімі 41

Тақырыптар тізімі

Таңбалар/Сандар
GPS (ғаламдық орналасқан жерді табу жүйесі) 32 GSM 5 IM 19 microSD картасы 9 Nokia Map Loader 31 nokia software updater 7 Nokia қолдау ақпараты 7 PIN коды 6 SIM картасы 8 UMTS 5 USB кебілінің қосылуы 13
А
аудиохабарлар 18
Ә
әдеттегі мәтін енгізу 15 әуендер 22
Б
бағдарлама жаңартулары 7 бағдарламалар 26, 27 батарея 11 батарея заряды деңгейінің индикаторы 11 батареяны салу 10 бау 13 бейне режимі 27 болжалды мәтін енгізу 15
В
веб 33
Г
Галерея 26
Д
дауыстық хабарлар 20
деректердің сақтық көшірмесі жасалуда 22 диктофон 29 дисплей параметрлері 22
Ж
жад картасы 9 жаңартулар 7 жедел хабарлар 17 желі параметрлері 5
З
зауыт параметрлері, қалпына келтіру 25
И
интернет 33
К
камера 27 карталар 30, 31, 32 Карталар 30 конфигурация 25 көмекші құралдар 25 күй индикаторлары 11 күнтізбе 26 кілттеу 12
Қ
қатынас кодтары 6 қауіпсіздік коды 6 қолдау ресурстары 7 қоңыраулар 14 қоңырулар тізімі 21 Құлақ аспабы 13 құпия сөздер 6
М
мәзірлер 16 мәтіндік күйлер 15 мәтіндік хабарлар 16 мәтін жазу 15 медиа плейер 29
Page 42
42 Тақырыптар тізімі
Н
нөмірді жылдам теру 14
О
ойындар 27 орындау тізімі 26
П
параметрлер 21 — күн 22 — уақыт 22 параметрлер, дисплей 22 параметрлерді қалпына келтіру 25 Пернетақтаны кілттеу 12 пошта 18, 19 профильдер 21
С
сандық күй 15 сигнал күшйнің индикаторы 11 сурет режимі 27
Т
телефон параметрлері 24 төте пернелер 22 Түймешіктер 8
Ү
үндестіру 22
Х
хабарлар 17 хабар орталығының нөмірі 16 хабар параметрлері 20 хат 18
Ш
шапшаң хабар алмасу 19 шолғыш 33
Э
электрондық пошта 18
Loading...