Nokia 1200, 1208 User's Guide [kk]

Nokia 1200/1208 Пайдаланушы нұсқаулығы
9202439
3-басылым KK
СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ Осымен NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ осы RH-99/RH-105 өнімі 1999/5/EC нұсқауының маңызды талаптары мен өзгедей қатысты шарттарға сай екендігін мәлімдейді. Сәйкестік декларациясының көшірмесін http://www.nokia.com/phones/ declaration_of_conformity/ сайт бетінен табуға болады.
0434
© 2007 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
Nokia, Nokia Connecting People және Navi - Nokia корпорациясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады. Nokia әуені Nokia корпорациясының дыбыстық белгісі болып табылады. Осы құжатта көрсетілген басқа өнімдер мен компаниялардың атаулары тиісті меншік иелерінің сауда белгілері немесе сауда атаулары болуы мүмкін.
Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз осы құжаттың ішіндегі ақпаратты ішінара немесе толықтай кез келген нысанда көшіріп басуға, үшінші тұлғаларға беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады.
US Patent No 5818437 and other pending patents. T9 text input software Copyright (C) 1997-2007. Tegic Communications, Inc. All rights reserved.
Nokia корпорациясы үздіксіз дамыту саясатын жүргізеді. Nokia корпорациясы осы құжатта көрсетілген кез келген өнімді алдын ала ескертусіз өзгерту мен жетілдіру құқығын өзіне сақтап қалады.
NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ, ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ, ҚАНДАЙ БІР СЕБЕПТЕН ТУЫНДАҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН, ҚАНДАЙ ДА БІР ДЕРЕКТЕР МЕН ТАБЫСТАРДЫҢ ЖОҒАЛҒАНЫ ҮШІН НЕМЕСЕ ҚАСАҚАНА, КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ДА ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙДІ.
ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ “СОЛ ҚАЛПЫНДА” ШАРТТАРЫМЕН БЕРІЛГЕН. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС ТАЛАП ЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ ДӘЛДІГІНЕ, СЕНІМДІЛІГІНЕ НЕМЕСЕ МАЗМҰНЫНА ҚАТЫСТЫ БАСҚА ЕШҚАНДАЙ АЙҚЫН НЕМЕСЕ БОЛЖАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ (БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕСТЕН) КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ МЕН БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА КЕПІЛДІКТЕР БЕРІЛМЕЙДІ. NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ ОСЫ ҚҰЖАТТЫ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУСІЗ ҚАЙТА ҚАРАУ НЕМЕСЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ САҚТАП ҚАЛАДЫ.
Кейбір өнімдер мен қолданбалардың және бұл өнімдер үшін қызметтердің бар болуы аймақтарға қарай әр түрлі болуы мүмкін. Толық ақпарат алу және тіл опцияларының бар­жоғын білу үшін Nokia дилеріне хабарласыңыз.
Экпорт бақылау
Бұл құрылғының ішінде АҚШ және басқа елдердің экспорт заңдары мен ережелеріне бағынышты тауарлар, технология және бағдарламалық құралдары бар. Заңға қайшы өзгерістерге тыйым салынады.
9202439/3-басылым KK
Мазмұны
Қауіпсіздік талаптары ..................................................6
1.Іске қосу ...................................................................12
SIM картасы мен аккумуляторды салыңыз. ..........................12
Аккумуляторды зарядтау .......................................................14
Қосу және сөндіру ...................................................................16
2.Телефоныңыз ..........................................................18
Түймелер мен бөлшектер ......................................................18
Негізгі мүмкіндіктері ................................................................19
Телефон шалу және қоңырауды қабылдау ..........................20
Дауыс зорайтқыш ....................................................................21
Мәтін жазу ...............................................................................21
Хабар .......................................................................................23
Контакттар ...............................................................................24
Шам ..........................................................................................25
Көп тармақты телефон кітапшасы .........................................25
3.Батарея туралы ақпарат ........................................28
Зарядтау және разряттау .......................................................28
Nokia батареясының шынайылығын растау жөніндегі
нұсқаулар.................................................................................31
Күтім және қызмет көрсету ........................................35
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат ........................39
5
6 7
Қауіпсіздік талаптары
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Оларды орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін толық пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығыңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ҚАУІПСІЗ ЖОЛМЕН ҚОСЫҢЫЗ
Сымсыз құрылғыны пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса ол кедергі келтіріп немесе қауіп төндірсе, мүмкіндігінше ұялы телефонды қоспаңыз.
АЛДЫМЕН ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ
Жергілікті барлық заңдардың талаптарын орындаңыз. Көлік жүргізу барысында оны басқару үшін қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезінде алдымен жол жүру қауіпсіздігі туралы ойлаңыз.
КЕДЕРГІ
Барлық сымсыз телефондар жұмысына әсер етуі мүмкін кедергілерді өте сезгіш болады.
АУРУХАНАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Барлық шектеулерді орындаңыз. Медициналық жабдықтың жанында телефонды сөндіріңіз.
ҰШАҚТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Сымсыз құрылғылар ұшақтың ішінде кедергі тудыруы мүмкін.
КӨЛІККЕ МАЙ ҚҰЮ КЕЗІНДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Телефонды май құю бекетінде пайдаланбаңыз. Сонымен қатар жанармай немесе химиялық заттардың жанында да пайдаланбаңыз.
ЖАРЫЛЫСҚА ЖАҚЫН ЖЕРДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Телефонды жарылыс жұмыстары жүріп жатқан жерде пайдаланбаңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ОРНЫМЕН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
Құрылғыны тек өнімнің құжаттамасында түсіндірілгендей жағдайда ғана ұстап пайдаланыңыз. Антеннаға қажетсіз тие бермеңіз.
8 9
БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ
Бұл бұйымды тек білікті қызметкер орнатып, жөндеуі тиіс.
ЖАБДЫҚТАР МЕН БАТАРЕЯЛАР
Тек қана рұқсат етілген жабдықтар мен батареяларды пайдаланыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
СУҒА ТӨЗІМДІЛІК
Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Оны құрғақ күйінде ұстағаныңыз жөн.
ҚОСАЛҚЫ КӨШІРМЕЛЕР
Құрылғыңызда сақтаулы барлық маңызды ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап алуды немесе жазбаша нұсқасын сақтауды ұмытпаңыз.
БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ҚОСУ
Кез келген басқа құрылғыға қосқан кезде қауіпсіздік туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар алу үшін бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқыңыз.
ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТЕЛЕФОН ШАЛУ
Телефонды қосып, жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізіңіз. Дисплейді тазалап, жұмысты бастау экранына оралу үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз. Жедел қызмет көрсету нөмірін енгізіп, шақыру түймесін басыңыз. Қай мекен-жайда тұрғаныңызды хабардар етіңіз. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.
n
Телефон туралы
Осы нұсқаулықта сипатталған сымсыз құрылғы GSM 900 және GSM 1800 желілерінде пайдалану үшін мақұлданған. Желілер туралы қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Осы құрылғының мүмкіндіктерін пайдаланған кезде барлық заңдарды, жергілікті әдет-ғұрыптарды ұстанып, басқалардың жеке өміріне қол сұқпауға қатысты құқықтарды, сондай-ақ авторлық құқықтарды сақтау керек.
10 11
Ескерту: Осы құрылғыдағы қоңыраулы сағаттан басқа қандай да бір мүмкіндіктерді пайдалану үшін құрылғы қосулы болуға тиіс. Сымсыз құрылғыны пайдалану кезінде кедергі немесе қауіп төнуі мүмкін болса, телефонды қоспаңыз.
n
Желі қызметтері
Телефонды пайдалану үшін сымсыз байланыс провайдерінің қызметін пайдалану қажет. Мүмкіншіліктердің көпшілігі арнайы желі мүмкіндіктерінің барлығын талап етеді. Бұл мүмкіндіктер желілердің барлығында бола бермейді; ал басқа желілер сіз желі қызметтерін пайдаланбастан бұрын қызмет ұсынушыңызбен арнайы келісім жасауыңызды талап етеді. Қызмет ұсынушыңыз сізге нұсқаулар беріп, қандай тариф қолданатыныңызды түсіндіруі міндетті. Кейбір желілерде сіздің желі қызметіңізді қалай пайдалануыңызды алдын-ала ескертіп, көмектесетін шектеулер болады. Мысалы, кейбір желілерде барлық тілдерге тән таңбалар мен қызметтер бола бермеуі мүмкін.
Қызмет ұсынушыңыз құрылғыңыздағы кейбір мүмкіндіктердің пайдаланылуын тоқтатып, іске қосылмауын талап етуі мүмкін. Ондай жағдайда бұл мүмкіндіктер құрылғының мәзірінде көрсетілмейді. Сіздің құрылғыңыз мәзір атаулары, мәзір реттілігі мен белгішелердің өзгертілуі тұрғысынан арнайы бапталған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін қызмет орталығына хабарласыңыз.
n
Желідегі Nokia қолдауы
Осы нұсқаулықтың соңғы нұсқасын, Nokia бұйымыңызға қатысты қосымша ақпарат, жүктелімдер және қызметтер алу үшін www.nokia.com/support бетін немесе жергілікті Nokia веб-сайтын қараңыз.
12 13
1. Іске қосу
n
SIM картасы мен аккумуляторды салыңыз
Батареяны шығарып алар алдында әрдайым құрылғыны сөндіріп, қуаттағышты ажыратып алыңыз.
Барлық SIM карталарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
SIM карта қызметінің бар-жоғы туралы және оны пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алу үшін SIM карта сатушысына хабарласыңыз. Бұл қызмет ұсынушы, желі операторы немесе басқа сатушы болуы мүмкін.
Бұл құрылғы BL-5CA аккумуляторымен бірге пайдалануға арналған.
1. Мұны жылжыту үшін артқы қабын сырғытып таста (1). Аккумуляторды көтеріп, шығарып алыңыз (2).
2. Телефонның карта ұстағышынан SIM картасын абайлап саусағыңызбен шығарып алыңыз (3). SIM картасының кетік жағын жоғарғы оң жаққа және жылтыратылған түйіспелі жағын төмен қаратып ұстағышқа салыңыз (4). SIM картасының ұстағышын жауып, орнына бекіту үшін басыңыз (5).
3. Аккумулятор мен артқы қақпағын орнына салыңыз (6, 7).
14 15
Ескерту: Қақпақты ашар алдында әрдайым қуатты сөндіріп, қуаттағыш пен кез келген басқа құрылғыны ажыратыңыз. Қақпақты ауыстырып жатқан кезде электрондық компоненттеріне тиіп кетуден сақ болыңыз. Құрылғыны әрқашан қақпақтары жабылған күйінде сақтап, пайдаланыңыз.
n
Аккумуляторды зарядтау
Ескерту: Тек Nokia пайдалануға рұқсат берген батареяны, қуаттағыштарды және көрсетілген жабдықтарды ғана пайдаланыңыз. Жабдықтардың кез келген басқа түрлерін пайдалану кепілдік күшінен айыруы және қауіпті болуы мүмкін.
Осы құрылғымен бірге қолданар алдында кез келген зарядтағыш моделінің нөмірін тексеріп алыңыз. Бұл құрылғы АС-3 зарядтағышынан қорек алған кезде пайдалануға арналған.
Рұқсат етілген көмекші құралдардың бар-жоғын диллерден сұрап біліңіз. Кез келген көмекші құралды қуат көзінен ажыратқан кезде оны сымынан емес, ашасынан ұстаңыз.
1. Зарядтағышты қабырға
розеткасына қосыңыз.
2. Зарядтағышқа телефонды жалғаңыз. Аккумулятор көрсеткіштері шкаласы жылжи бастайды. Аккумулятор толық зарядталған кезде шкаланың жылжуы тоқтайды.
Кеңес: Қуатты үнемдеу үшін, батарея толық зарядталған кезде зарядтағышты ажыратыңыз.
Егер аккумулятордың заряды толығымен босаған болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші жанғанша, не болмаса қандай да бір қоңыраулар шалу мүмкін болғанша бірнеше минут керек болуы мүмкін.
Loading...
+ 33 hidden pages