INDESIT MWI 222.2 X UK User Manual [kk]

www.indesit.com/register
Мазмұны
KZ
Қауіпсіздік нұсқаулары, 3 Қоршаған ортаны қорғау, 5 Сәйкестілік декларациясы, 5 Пешті орнату, 6 Жұмыс істеуі туралы нұсқаулығы, 7 Ақаулықты анықтау, 11 Орнату нұсқаулығы, 12
2

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Болашақта қарау үшін оңай жерге қойыңыз. Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаға ақаулық үшін жауапты болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Енді жүретін сәбилерді (0-3 жас) және жас балаларды (3-8 жас) үздіксіз бақылау болмаса, құрылғыға жолатпаңыз. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балалардың тазалау және жөндеу жұмыстарын орындауына болмайды. ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қосалқы бөліктері пайдалану кезінде ыстық болады, үздіксіз бақылауда болмаса, 8 жастан төмен балаларды жақындатпау керек. ЕСКЕРТУ: Ыстық элементтерін немесе ішкі бетін ұстамаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін. Тағамды құрғату барысында құралды ешқашан кездейсоқ қалдырмаңыз. Құрылғы зонд пайдалану үшін қолайлы болса, осы пеш үшін ұсынылатын зонд температурасын ғана қолданыңыз. ЕСКЕРТУ: Есік немесе есікті тығыздауыштар зақымдалған болса, білікті адам ауыстырмайынша пешті пайдалануға болмайды. ЕСКЕРТУ: Сұйық және басқа тағам түрлерін нығыздап жабылған контейнерлерде ысытпау керек, атылу қаупі бар. Микротолқынды пеш тағамды және сусындарды ысытуға арналған. Тағам
немесе киімді құрғату және жылыту төсемдерін, жылжымалы негіздерді, губкаларды, дымқыл матаны және ұқсас затты қыздыру жарақат, өрт немесе лап ету қаупін тудыруы мүмкін. Тағамды пластикалық немесе қағаз контейнерлерде жылытқан кезде, тұтану қаупі болатындықтан, пешке қарап тұрыңыз. Сусындарды микротколқынды пеште жылытқан кезде, жайлап қайнап бастауы мүмкін, сондықтан контейнерді ұстаған кезде абайлау керек. Тағам беру бөтелкелері мен сәби тағамының ыдыстарындағы тағамды араластырыңыз немесе шайқаңыз және күйіп қалмауы үшін, ішпес бұрын температурасын тексеріңіз. Қабығындағы жұмыртқаны және қатты пісірлген жұмыртқаларды микротолқынды пештерде жылытпаңыз, микротолқынды пеш жылыту процесін аяқтаған соң да, олардың жарылуы мүмкін. Тек шағын толқынды пеште пайдалануға қолайлы құралдарды пайдаланыңыз. Түтін шықса, құрылғыны өшіріңіз немесе токтан ажыратыңыз және жалынды өшіру үшін есіктерді жауып қойыңыз. Шағын толқынды пешті майға тамақ қуыру үшін пайдалануға болмайды, себебі майдың температурасын бақылау мүмкін емес. Барлық бөліктері толығымен суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа жанатын заттарды құрылғыдан әрі ұстаңыз. Шамадан тыс қызған сұйық май және тоң май оңай тұтанады. Майы көп немесе арақ қосылған тағамды пісіргенде аса абай болу қажет (мысалы, ром, коньяк, вино) - өрт қаупі болады. Кастрөлдер мен табаларды алу үшін пеш қолғаптарын пайдаланыңыз, қыздыру элементтеріне тиіп кетпеңіз. Тамақ пісіріп болған соң қақпағын ашқан кезде абай болыңыз, пешті ашпас бұрын жайлап буды немесе ыстық ауаны шығарыңыз. Пештің алдыңғы жағындағы ауа желдеткіштерін бітемеңіз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ САҚТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы
таймермен немесе бөлек қашықтан
KZ
3
басқару жүйесімен пайдаланылуға
KZ
арналмаған. Бұл құрылғы тұрмыстық және сәйкес қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы:
- дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары;
- шаруашылық ғимараттары;
- қонақ үйлердегі, мотельдердегі немесе басқа тұрғылықты орталардағы тұтынушылар арқылы;
- жатын және таңғы ас қызметі түріндегі орталарда. Бұл құрылғы кәсіби емес, тек тұрмыста пайдалануға арналған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз. Құрылғының ішінде не қасында аэрозоль қауашақтары сияқты жарылғыш немесе жанғыш заттарды сақтамаңыз бензинді немесе басқа тұтанғыш заттарды қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз: құрылғы дұрыс іске қосылмаса, өрт шығуы мүмкін. Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы, бөлмелерді жылыту).
Кез келген орнату жұмысының алдында құрал қуат көзінен ажыратылуы қажет. Орнату барысында, құрылғы қуат кабеліне зақым келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз. Орнату аяқталғанда, құрылғының түбі толығымен жабық болуы тиіс. Құрылғыны жиһазға салмас бұрын, барлық шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш қиқымдары мен ұнтақтарын абайлап жойыңыз. Пештің жұмыс бетпейі мен жоғарғы шеті арасындағы кішкентай саңылауды бітемеңіз. Тек орнату кезінде пешті пенополистирол негізінен алыңыз. Бұл құрылғыны декоративті есіктің артына орнатпаңыз – өрт қаупі бар. Құрылғыны қаптамадан шығарған соң, құрылғы есігі дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
ОРНАТ У
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек. Құрылғыны орамынан шығару және орнату үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Бұл құрал кірістіріліп пайдаланылуы керек. Бөлек пайдаланбаңыз. Орнату және жөндеу жұмыстарын өнім жасаушысының нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті техникалық маман орындауы керек. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз. Балалар орнату жұмыстарын жүргізбеуі керек. Орнату кезінде балаларды жақындатпаңыз. Орнату кезінде және одан кейін орам материалдарын (пластик дорба, пенопласт бөлшектері, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Ағымдағы қауіпсіздік реттеулеріне сәйкес орнату үшін минималды байланыс аралығы 3 мм болатын барлық полюсті ажырату қосқышы пайдаланылуы қажет және құрылғыны жерге тұйықтау қажет. Қуат сымына зақым келтірілген болса, бірдей түрімен ауыстырыңыз. Қуат кабелін ауыстыру жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сай, білікті техник орындауы қажет. Қызмет көрсету орталығына хабарласаңыз. Құрылғының ток айырына қолжеткізу мүмкін болған жағдайда оны розеткадан суыру немесе ұлттық қауіпсіздік стандарттарына сай розеткадан жоғары орнатылған қол жеткізуге болатын көп полюсті қосқыш көмегімен, құрылғыны қуат көзінен ажырату мүмкін болуы керек. Пештің алдыңғы шетіндегі деректер тақтасы (есік ашылған кезде көрінеді). Қуат сымын ауыстыратын жағдайда уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Салынған ашасы штепсельді розеткаға сәйкес келмесе, білікті маманға
4
хабарласыңыз. Қуат көзінің сымы корпусына салынған соң, құрылғыны негізгі қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті түрде ұзын болу қажет. Қуат көзі кабелін тартпаңыз. Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз. Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қа ж ет. Құралды дененің су бөлігімен түртпеңіз және аяқ киімсіз басқармаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз. ЕСКЕРТУ: Ток соғу қаупінің алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын құрылғыны міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
Әйнектің сынуына әкелетін беттің сызу салдарын болдырмау үшін пеш есігінің әйнегін тазалау үшін ауыр абразивті тазалау құралдарын немесе үшкір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз. ЕСКЕРТУ: Шағын толқын қуатынан қорғайтын панельдің алынуын қажет ететін техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын білікті маманнан басқа адамдар орындаса, бұл олар үшін қатерлі. Пешті таза жағдайда сақтамау құралдың қызмет мерзіміне жағымсыз әсер ететін және қауіпті жағдайға әкелетін бет нашарлауына әкелуі мүмкін. Пешті жиі тазалауға және кез келген тағам қалдықтарын алып тастаңыз. Тазалау және қызмет көрсету үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Кез келген қызмет көрсету жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. Тазалау немесе техникалық күтім көрсету жұмысын орындамас бұрын құрылғының салқындағанын тексеріңіз.
KZ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Бума материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу таңбасымен белгіленген . Буманың
әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган реттеулеріне толығымен сәйкес және жауапкершілігіне берілуі қажет.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТАСТАУ
Құрылғыны тастаған кезде, қуат сымын кесіп тастау және балалар оңай мінбеуі және қысылып қалмауы үшін есіктері мен сөрелерін (бар болса) алып тастау арқылы оны қажетсіз етіңіз. Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған. Оны жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес тастаңыз.
Электрлік-тұрмыстық құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қоқысқа тастау бойынша қосымша ақпарат алу үшін, құзыретті жергілікті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрал электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық директивасына сай белгіленген. Бұл өнімнің тиісінше қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал теріс әсерлерге жол бере аласыз, бұл әсерлер осы өнімнің дұрыс емес қоқысқа тасталғанынан пайда болуы мүмкін.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген
құжаттамадағы белгісі қоқыс болып есептелмеуі керек және электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.

СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Бұл құрлығы LVD 2014/35/EU, EMC 2014/30/EU және RoHS 2011/65/EU Еуропалық Директиваларына сай жасалған, құрастырылған және таратылған. Тамақ өнімдерімен байланысқа түсетін осы құрылғы n. 1935/2004 Еуропа ережесіне сай келеді.
Құрал EN 60350-1 Еуропалық стандартқа сәйкес Еуропалық реттеулер нөм. 65/2014 және 66/2014 эко дизайны талаптарына сәйкес келеді.
бұл құрылғы тұрмыстық
5
Loading...
+ 9 hidden pages