HOTPOINT/ARISTON LFTA+ 3214 HX.R User Manual [kk]

Page 1
Пайдалану нұсқаулығы
ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫ
KZ
Қазақша, 1
LFTA+ 3214
Мазмұны
Орнату, 2-3-4
Орнату және түзулеу Су мен токты қосу Бірінші жуу циклына қатысты кеңес Техникалық деректер
Құрылғының сипаттамасы, 5
Тартпаларды жүктеу, 6
Төменгі тартпа Ыдыс-аяқ себеті Жоғарғы тартпа
Іске қосу және пайдалану, 7-8
Ыдыс жуу машинасын іске қосу Жуғыш затты өлшеу Жуу опциялары
Жуу циклдары, 9
Жуу циклдарының кестесі
Шаюға көмекші зат және тазаланған тұз, 10
Шаюға көмекші затты өлшеу Тазаланған тұзды өлшеу
Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету, 11
Су мен токты өшіру Ыдыс жуу машинасын тазалау Жағымсыз иістердің алдын алу Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау Судың кіріс сүзгісін тазалау Сүзгілерді тазалау Машинаны ұзақ уақыт пайдаланбауға қалдыру
Сақтық шаралары, кеңес және көмек, 12
Жалпы қауіпсіздік Қоқысқа тастау Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу Көмек
Ақаулықтарды жою, 13
Page 2
Орнату
KZ
Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып қалмайтындай бір жерге сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса, тегін берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулық машинамен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз, солайша оның жаңа иесі нұсқаулықтың ішіндегі кеңестерді пайдалана алады.
Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның ішінде құрылғыны қауіпсіз түрде орнату, пайдалану және оған қызмет көрсетуге қатысты ақпарат бар.
Құрылғыны жылжыту керек болса, оны тік ұстаңыз; аса қажет болса, оны артқа қарай еңкейтуге болады.
Бұл құрылғы үйде және оған ұқсас жағдайларда қолдануға арналған:
- дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлердің ас бөлмесінде;
- ферма үйлерінде;
- қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және басқа да қонақ күту орындарындағы тұтынушылар тарапынан;
- кіші қонақ үйлері сияқты орындарда.
Орнату және түзулеу
1. Құрылғыны барлық орамасынан босатыңыз және ол тасымалдау кезінде зақымдалмағанын тексеріңіз. Ол зақымдалған болса, сатушыға хабарласыңыз және орнату үдеріс тоқтатыңыз.
2. Ыдыс жуу машинасының жандары немесе артқы панелі жақындағы шкафтармен немесе тіпті қабырғамен тиетіндей қойып, оны тексеріңіз. Бұл құрылғыны тіпті бір үстелдің үстіңгі тақтайының астына да кіргізуге болады (Орнату бойынша нұсқаулық парағын қараңыз).
*
Судың кіріс түтігін жалғау
• Қолайлы суық суды жалғау нүктесіне: түтікті жалғамас бұрын, судағы қалдықтар құрылғыны бітеп тастамауы үшін, су тап-таза болғанша, оны ағызып алыңыз; бұл әрекетті орындағаннан кейін, кіріс түтігін шүмекке ¾ газдық бұранда қосылымымен мықтап бұраңыз.
• Қолайлы ыстық суды жалғау нүктесіне: температурасы 60°C-тан аспаса, ыдыс жуу машинасына желіден ыстық су беруге болады (радиаторлары бар орталық жылыту жүйеңіз болса).
Суық суды қосуда айтылғандай, түтікті шүмекке
бұраңыз.
Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса, мамандырылған дүкенге немесе куәландырылған маманға хабарласыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз).
Судың қысымы Техникалық деректер кестесінде көрсетілген мәндер аралығында болуы тиіс (қасындағы ақпаратты қараңыз).
Түтікті майыстыруға немесе оған қысым салуға болмайды.
Судың шығыс түтігін жалғау
Шығыс түтігін (майыстырмай) диаметрі ең азында 4 см болатын су ағызу түтігіне жалғаңыз.
3. Ыдыс жуу машинасын тегіс әрі қалыпты еденге орналастырыңыз. Еден тегіс болмаса, құрылғының алдыңғы аяқтарын реттеп, оны көлденең қалыпқа жеткізуге болады. Құрылғы дұрыс түзуленсе, ол қалыпты болады және жұмыс істеп тұрған кезде жылжу немесе діріл мен шуыл шығару мүмкіндігі аз болады.
4. Артқы аяқтың биіктігін құрылғының алдыңғы жағынан реттеңіз* ыдыс жуу машинасының төменгі орта бөлігінде 8 мм тесігі бар алты бұрышты гайка кілтін (қызыл түсті) сағат тілі бағытымен бұрсаңыз биіктік артады, ал сағат тіліне қарсы бағытта бұрсаңыз, биіктік азаяды.
Су мен токты қосу
Су мен токты тек білікті маман қосуы тиіс.
Ыдыс жуу машинасы су түтіктерінің немесе ток
сымдарының үстінде тұрмауы керек.
Құрылғыны су жеткізу желісіне жаңа түтіктермен қосу қажет. Ескі түтіктерді қолданбаңыз.
Судың кіріс және шығыс түтіктерін, сондай-ақ, ток сымын ең жақсы орнатуға қол жеткізу үшін құрылғының оң немесе сол жағынан өткізуге болады.
Шығыс түтігі еденнен немесе ыдыс жуу машинасы тұрған беттен 40-80 см аралығында болуы тиіс (А). Судың шығыс түтігін шұңғылшаның ағызу түтігіне қоспас бұрын, пластикалық тығынды алып тастаңыз (В).
* Тек кейбір үлгілерде бар.
2
Page 3
Су алып кетуден қорғау
Су алып кетуіне жол бермеу үшін, ыдыс жуу машинасы:
- қалыпсыз жағдайларда немесе құрылғының ішінен су ағып кеткен кезде су көзін бұғаттайтын арнайы жүйемен жабдықталған.
Конденсациядан қорғайтын лента*
Ыдыс жуу машинасын орнатқаннан кейін, есікті ашып, түзілуі мүмкін конденсациядан қорғау үшін желімді мөлдір лентаны ағаш тартпаның астына жабыстырыңыз.
KZ
Сондай-ақ, кейбір үлгілер New Acqua Stop деп аталатын қосымша қауіпсіздік құралымен жабдықталған, ол тіпті кіріс түтігінің жыртылып кеткенінде де су алып кетуден қорғайды.
*
ЕСКЕРТУ: ҚАУІПТІ КЕРНЕУ!
Судың кіріс түтігін ешбір жағдайда қиюшы болмаңыз, себебі онда ток өтетін электр бөліктер бар.
Токқа қосу
Айырды розеткаға қоспас бұрын, мына жағдайларға көз жеткізіңіз:
• Розетка жерге тұйықталған және ағымдағы ережелерге сәйкес келеді.
• Розетка құрылғының ең көп қуатына шыдай алады. Бұл мән есіктің ішкі жағында орналасқан деректер тілімшесінде көрсетілген («Құрылғының сипаттамасы» деп аталатын тарауды қараңыз).
• Ток желісінің кернеуі деректер тілімшесінде көрсетілген мәндер ауқымында жатыр.
• Розетка құрылғы айырына сәйкес келеді. Олай болмаса, куәландырылған маманды шақыртып, айырды ауыстырыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз); ұзарту кабельдерін немесе бірнеше розетканы қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылғаннан кейін, ток сымы мен
розеткаға оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
Ток сымы зақымдалса, барлық ықтимал қатерлерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның Техникалық көмек көрсету қызметі ауыстыруы керек. («Көмек» бөлімін қараңыз)
Бұл ережелер орындалмаса, Компания кез келген жағымсыз оқиғаларға жауапты болмайды.
Бірінші жуу циклына қатысты кеңес
Құрылғы орнатылғаннан кейін, бірінші жуу циклын іске қоспас бұрын, тұз диспенсерін сумен толық толтырыңыз да, содан кейін ғана оған шамамен 1 кг тұз қосыңыз («Шаюға көмекші зат және тұз» деп аталатын тарауды қараңыз). Су асып төгілуі мүмкін: бұл қалыпты жағдай және проблема емес. Су қаттылығының мәнін таңдаңыз («Шаюға көмекші зат және тұз» деп аталатын тарауды қараңыз). - Тұз машинаға құйылғаннан кейін, ТҰЗ АЗ индикатор шамы сөнеді.
Тұз контейнері толтырылмаса, нәтижесінде су
жұмсартқышы мен жылыту бөлігі зақымдалуы мүмкін.
*
* Тек кейбір үлгілерде бар.
3
Page 4
KZ
Изделие: Посудомоечная машина
Торговая марка:
Торговый знак изготовителя:
Модель:LFTA+ 3214 HX
Изготовитель: Indesit Company
Страна-изготовитель:POLAND
Загрузка 14 столовых наборов
Размеры ширина 59,5 см
Номинальное значение напряжения электропитания или диапазон напряжения
Условное обозначение рода электрического тока или номинальная частота переменного тока
Давление воды 0,05-1MPa (0,5-10 bar) 7,25-145 psi
Предохранитель См. табличку технических данных на оборудовании
Класс мойки A
Класс сушки A
Класс энергопотребления A
Потребление электроэнергии 0,98 кВт/час
Потребление воды за стандартный цикл мойки 10 л
Класс зашиты от поражения электрическим током Класс защиты I
IPX0
В случае необходимости получения информации по сертификатам соответствия или получения копий сертификатов соответствия на данную технику, Вы можете отправить запрос по электронному адресу cert.rus@indesit.com.
высота 82 см глубина 57 см
220-240 V ~
50 Hz
Оборудование соответствует следующим директивам Европейского Экономического Сообщества:
-2006/95/EC («Низкое напряжение»)
- 2004/108/ЕС («Электромагнитная совмести-мость»)
- 2005/32/EC («Comm. Reg. 1275/2008») (Ecodesign)
- 2002/96/ЕС («Утилизация электрического и электронного)
Дату производства данной техники можно получить из серийного номера, расположенного под штрих- кодом (S/N XXXXXXXXX * XXXXXXXXXXX), следующим образом:
Производитель: Indesit Company S.p.A.
Импортер: ООО “Индезит РУС”
С вопросами (в России) обращаться по адресу: до 01.01.2011: Россия, 129223, Москва, Проспект
4
- 1-ая цифра в S/N соответствует последней цифре года,
- 2-ая и 3-я цифры в S/N - порядковому номеру месяца года,
- 4-ая и 5-ая цифры в S/N - числу определенного месяца и года.
Виале А. Мерлони 47, 60044, Фабриано (АН), Италия
Мира, ВВЦ, пав. 46 с 01.01.2011: Россия, 127018, Москва, ул. Двинцев, дом 12, корп. 1
Page 5
Құрылғының сипаттамасы
Жалпы көрініс
KZ
1. Жоғарғы тартпа
2. Жоғарғы тозаңдатқыш өзекше
3. Қайырмалы бөлімшелер
4. Тартпаның биіктігін реттеу құралы
5. Төменгі тартпа
6. Төменгі тозаңдатқыш өзекше
7. Ыдыс-аяқ себеті
8. Жуу сүзгісі
9. Тұз диспенсері
10. Жуғыш зат пен шаюға көмекші зат диспенсерлері
11. Деректер тілімшесі
12. Басқару панелі***
Басқару панелі
Шаюға көмекші зат аз
индикатор шамы*
Жуу циклын
таңдау түймесі
ҚОСУ/ӨШІРУ индикатор шамы
ҚОСУ/ӨШІРУ/Қайта
орнату түймесі
Тұз аз индикатор
шамы
*
Жуу циклдарының саны индикаторы
Кешіктіріп бастау
индикатор шамдары*
Жоғарғы тартпаны жартылай жүктеу
индикатор шамы*
Төменгі тартпаны жартылай жүктеу
индикатор шамы*
Кешіктіріп бастау түймесі*
Бірнеше функциясы бар таблеткалар индикатор шамы*
Қысқа уақыт опциясы индикатор шамы*
Түңгі режим опциясы индикатор шамы*
Түңгі режим опциясы түймесі*
Опциялық түйме Қысқа уақыт*
Бірнеше функциясы бар таблеткалар түймесі*
Жартылай жүктеу түймесі*
***Тек толығымен ішке салынатын үлгілерде.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар әртүрлі болуы мүмкін.
5
Page 6
Тартпаларды жүктеу
KZ
Тартпаларды жүктемес бұрын, ыдыс-аяқтан барлық тамақ қалдықтарын тазалаңыз және стақандар мен шыныаяқтан сұйықтықтарды төгіңіз.
Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер еркін жылжи алатынын тексеріңіз.
Төменгі тартпа
Төменгі тартпаға Жүктеу мысалдарында көрсетілгендей кастрөлдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді, салат ыдыстарын және т.б. салуға болады. Тәрелкелер мен кең қақпақтарды тартпаның шет жақтарына салып, олар жоғарғы тозаңдатқыш өзекшенің бұрылуына кедергі жасамайтынына көз жеткізу керек. Кейбір ыдыс жуу
машиналары қайырмалы
бөлімшелермен жабдықталады, оларды тәрелкелерді
салған кезде тік қалыпта немесе кастрөлдер мен салат ыдыстарын салған кезде көлденең қалыпта қолдануға болады.
Ыдыс-аяқ себеті
Ыдыс-аяқ себетінің түрі ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты әртүрлі болады: ол модульді, модульді емес немесе сырғыйтын түрде болуы мүмкін. Модульді емес себетті тек төменгі тартпаның алдыңғы жағына қоюға болады. Модульді
себет екі бөлікке бөлінуі мүмкін. Бұл шешімді жартылай жүктеп жуған кезде қолданған жөн (тек
бұл опцияны ұсынатын үлгілерде). Сондай-ақ, бұл себеттің сырғыйтын нұсқасы бар (төменгі тартпада бекітілген немесе қайырмалы салынба заттар арасында сырғыту арқылы кез келген жерге қойылады).
- Нұсқалардың екеуі де жиналмалы сырғыйтын жүйемен жабдықталады, яғни ыдыс-аяқты ең ыңғайлы түрде реттеуге болады.
Өткір жиектері бар пышақтар және басқа құралдар төмен
қаратылып ыдыс-аяқ себетіне салынуы керек немесе оларды жоғарғы тартпадағы қайырмалы бөліктерге көлденең қоюға болады.
Еңкейту A Еңкейту B Еңкейту C
- Қайырмалы бөлікті көтеріңіз, одан кейін оны абайлап сырғытыңыз да, қажетті еңкею бұрышын орнатыңыз.
Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу
Ыдыс-аяқты реттеуді жеңілдету үшін жоғарғы тартпаны жоғары немесе төмен жылжытуға болады. (Сәби циклын ұсынатын үлгілерде, құрылғы жүктеліп жатқан
кезде жоғарғы тартпаны төменгі позициясына қою керек).
*
Жоғарғы тартпаның биіктігі негізінде ТАРТПА БОС
БОЛҒАНДА реттелуі керек.
Тартпаны тек бір жағынан көтеріп немесе төмендетіп қоюшы болмаңыз.
Сол және оң бағыттауыш тірегіштерін ашып, тартпаны суырып алыңыз; оны қажетінше жоғары немесе төмен қарай жылжытыңыз да, алдыңғы дөңгелектер орнына келгенше бағыттауыштар бойымен сырғытып, тірегіштерді жабыңыз (суретті қараңыз).
Тартпа «Қос орын» тұтқаларымен жабдықталған болса (суретті қараңыз), жоғарғы тартпаны тоқтау нүктесіне жеткенше суырыңыз да, тартпаның бүйірлеріндегі тұтқалардан ұстап оны жоғары немесе төмен қарай жылжытыңыз,
одан кейін орнына түскенше ақырындап жіберіңіз.
*
Жоғарғы/төменгі тартпа үшін жүктеу мысалдары
Ыдыс-аяқ себетін орналастыру мысалдары
Жоғарғы тартпа
Бұл тартпаға нәзік және жеңіл ыдыс-аяқты салыңыз: стақандар, шәй мен кофе шыныаяқтары, кіші салат ыдыстары, аса ластанбаған табалар мен кіші табалар. Жүктеу мысалдарын нұсқау ретінде пайдаланыңыз.
• Саптыаяқтар мен шыныаяқтар, ұзын өткір пышақтар және ас құралдар: бұларды қайырмалы бөліктерге салыңыз
Еңкею дәрежесі реттелетін қайырмалы бөліктер
- Еңкею мүмкіндігін жоғарғы тартпадағы орынды көбейту, ұзындығы әртүрлі шарап стақандарын қауіпсіз түрде орналастыру және кептіру өнімділігін арттыру үшін қолдануға болады.
6
**.
Сәбилік Қайырмалы бөлімшелер
Сәби циклы бар ыдыс жуу машинасының модельдерінде, бөтелкелерді, сақиналар мен емізіктерді жууға ыңғайлы қайырмалы
бөліктер болады. (нұсқау парағын қараңыз)
*
Ыдыс жуу машинасында жууға болмайтын заттар
• Ағаш заттар, тұтқалары ағаштан жасалған немесе жабыстырылған бөліктері бар нысандар.
• Алюминий, мыс, жез, қалайы-қорғасын қоспасы немесе қалайыдан жасалған заттар.
• Қызуға шыдамайтын пластикалық материалдан жасалған заттар.
• Көне немесе қолмен боялған фарфор.
• Көне күміс. Дегенмен, көне емес күмісті нәзік жуу циклын қолдана отырып ыдыс жуу машинасында жууға болады,
бірақ ол басқа металдарға тимеуі тиіс.
Ыдыс жуу машинасында жууға болатын ыдыс-аяқты
пайдалануды ұсынамыз.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
** Саны мен орны әртүрлі болуы мүмкін.
Page 7
Іске қосу және пайдалану
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
1. Шүмекті ашыңыз.
2. Есікті ашып, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз: қысқа сигнал естіледі және дисплей мен опция индикатор шамдары жанады.
3. Жуғыш затты өлшеңіз (төменнен қараңыз).
4. Тартпаларды жүктеңіз («Тартпаларды жүктеу» бөлімін қараңыз).
5. «Р» түймесін басу арқылы ыдыс-аяқ түрі мен оның ластану дәрежесіне сәйкес жуу циклын таңдаңыз циклдарының кестесін қараңыз).
6. Жуу опцияларын таңдаңыз (қасындағы ақпаратты қараңыз).
7. Есікті жабу арқылы жуу циклын бастаңыз: жуу циклының басталғанын ұзақ сигнал білдіреді.
8. Екі қысқа және бір ұзақ сигнал жуу циклының аяқталғанын білдіреді, сондай-ақ, дисплейде жуу циклдарының саны жыпылықтайды. Есікті ашып, ҚОСУ/ ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз, одан кейін шүмекті жабыңыз да, құрылғының айырын розеткадан ағытыңыз.
9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен бастап босатыңыз.
- Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы
белгілі бір белсенсіздік кездерінде автоматты түрде өшеді.
АВТО ЖУУ ЦИКЛДАРЫ*: ыдыс жуу машинасының бұл
үлгісі ластану дәрежесін өлшеп, ең тиімді әрі үнемді жуу циклын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін арнайы датчикпен жабдықталған. Датчиктің жұмысына байланысты авто жуу циклдарының ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін.
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу
машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз.
(Жуу
Жуғыш затты өлшеу
Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері қолданылғанына да байланысты болады; белгіленген мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін арттырмайды және қоршаған ортаны көбірек ластауға әкеледі.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
Қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл аяқталғанда құрылғы ішінде көбіктің қалуына әкелуі мүмкін.
Таблеткаларды тек БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде қолданған жөн.
Әрбір жуу және кептіру циклынан ең жақсы нәтиже алу үшін ұнтақ жуғыш зат, шаюға көмекші сұйықтық пен тұз қолданылуы керек.
А бөлігі: Жууға арналған жуғыш зат В бөлігі: Алдын-ала жууға арналған жуғыш зат
1. «С» қақпағын «D» түймесін басу арқылы ашыңыз.
2. Жуу циклдарының кестесін қарағаннан кейін жуғыш затты салыңыз:
• Ұнтақ жуғыш зат үшін А және В бөліктерін қолданыңыз.
• Таблетка түріндегі жуғыш зат үшін:
циклға 1 таблетка қажет кезде, оны А бөлігіне салып қақпақты жабыңыз; 2 таблетка қажет болса, екінші таблетканы құрылғының түбіне салыңыз.
3. Бөліктің шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып, қақпақ «тық» еткенше итеріп жабыңыз.
KZ
Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін: будың шығуына жол бермей есікті ашыңыз да, ҚОСУ/ ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұрыңыз; құрылғы ұзақ сигнал беріп өшеді. Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен қайтадан қосып, жаңа бір жуу циклын және кез келген қажетті опцияларды таңдаңыз; есікті жабу арқылы
циклды бастаңыз.
Қосымша ыдыс-аяқ қосу
Құрылғыны өшірмей-ақ, шыққан буға тимеуге тырысып есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты ыдыс жуу машинасының ішіне қойыңыз. Есікті жабыңыз: цикл тоқтаған жерінен
бастайды.
Кездейсоқ тоқтаулар
Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске
қосылады.
Жуу опциялары
Опция таңдалған жуу циклына сәйкес келмесе (Жуу циклдарының кестесін қараңыз), тиісті жарық диоды 3 рет жылдам жыпылықтайды және 2 қысқа сигнал беріледі.
Кешіктіріп бастау
Циклдың басталу уақытын 3, 6 немесе 9 сағатқа кешіктіруге болады.
1. КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз: ол басылған сайын сигнал беріледі және таңдалған уақыт мерзімі көрсетіледі.
2. Жуу циклын таңдап, есікті жабыңыз: сигнал берілгеннен кейін, таймер артқа санауды бастайды.
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, индикатор шамы өшеді де, жуу циклы басталады. Кешіктіру уақытын реттеу және азырақ уақыт мерзімін таңдау үшін КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз. Оны доғару үшін, таңдалған кешіктіріп бастау индикатор шамы сөнгенше, түймені қайта-қайта басыңыз. Есік жабылар­жабылмас, жуу циклы автоматты түрде басталады.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
7
Page 8
Жоғарғы немесе төменгі тартпаны қолдана
KZ
отырып жартылай жүктеу
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға болады. Жуу циклын таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін қайта-қайта басыңыз: таңдалған жүктеуге сәйкес келетін үшбұрыш жанады және жуу циклы тек жоғарғы немесе төменгі тартпанып қолданып орындалады.
Жартылай жүктеу опциясы Түңгі режим және Қысқа
уақыт опцияларымен сыйысымды емес.
Тек жоғарғы немесе төменгі тартпаны жүктеуді және
тиісті түрде жуғыш зат мөлшерін азайтуды ұмытпаңыз.
*
Бірнеше функциясы бар таблеткалар*
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін оңтайландырады. Бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолданған кезде, БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР түймесін басыңыз. Оған сәйкес индикатор шамы жанады. «Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы жуу циклының
мерзімін ұзартады.
БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР опциясын таңдаудан шығармасаңыз, ол келесі жуу циклдары үшін қосылып тұрады.
Таблеткаларды тек БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде қолданған жөн.
Қысқа уақыт опциясы*
Жуу және кептіру өнімділігінің деңгейін төмендетпей, негізгі жуу циклдарының мерзімін азайту үшін осы опцияны қолдануға болады. Жуу циклын таңдағаннан кейін, Қысқа уақыт опциясы түймесін басыңыз; оның таңдалғанын тиісті индикатордың жануы және қысқа сигнал берілуі білдіреді. Опцияны таңдаудан шығару үшін дәл сол түймені тағы бір рет басыңыз.
Түңгі режим опциясы*
Бұл опция құрылғының шуылын азайтып, жуу циклдарының мерзімін ұзартады. Бұл опция пайдалы, себебі ол пайдаланушыларға түңгі уақытқы қуат құнын қолдануға мүмкіндік береді. Жуу циклын таңдағаннан кейін, Түңгі режим опциясы түймесін басыңыз; оның таңдалғанын тиісті индикатордың жануы және қысқа сигнал берілуі білдіреді. Опцияны таңдаудан шығару үшін дәл сол түймені тағы бір рет басыңыз.
Қысқа уақыт және Түңгі режим опциялары
бір-бірімен сыйысымды емес.
Қысқа уақыт және Түңгі режим опциялары ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ опциясымен сыйысымды емес.
Бірнеше функциясы бар таблеткалардың қолданылуы келтірілмеген жуу циклдарында бұл опцияны қолданбаған жөн (Опциялар кестесін қараңыз).
A B C D E
Опциялар кестесі
1. Авто қарқынды Иә Иә Иә Иә Жоқ
2. Авто қалыпты Иә Иә Иә Иә Иә
3. Күнделікті жуу Иә Иә Иә Жоқ Жоқ
4. Суға салып қою Иә Иә Жоқ Жоқ Жоқ
5. Эко Иә Иә Иә Жоқ Иә
6. Жылдам Иә Жоқ Иә Жоқ Жоқ
7. Кристалл Иә Иә Иә Жоқ Жоқ
8. Авто қос жуу Иә Жоқ Иә Иә Жоқ
Кешіктіріп
бастау
Жартылай
жүктеу
Таблеткалар
Қысқа уақыт
Түңгі
режим
9. Ультра қарқынды Иә Иә Иә Жоқ Жоқ
10. Ерекше қонақ Иә Иә Жоқ Жоқ Жоқ
11. Сәби циклы Иә Жоқ Жоқ Жоқ Жоқ
8
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Page 9
Жуу циклдары
Бар ОПЦИЯЛАРДЫ көру үшін «Іске қосу және пайдалану» бетіндегі Опциялар кестесін қараңыз.
Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар
әртүрлі болуы мүмкін.
Жуу циклын таңдау нұсқаулары Жуу циклы
Қатты ластанған табақтар мен кастрөлдер (нәзік заттар үшін пайдаланылмауы тиіс).
Орташа ластанған кастрөлдер мен табақтар. Стандартты күнделікті жуу циклы.
Күнделікті ластанудың шектеулі мөлшері (4 кісілік жинақтар + 1 кастрөл + 1 таба)
Келесі тамақтан табақтардың жүктелуінің аяқталуын күтіп тұрған кезде ыдыстарды алдын ала жуу 4. Суға салып қою
Кастрөлдер мен табақтарға қолайлы, қуатты тұтыну деңгейлері төмен, экологиялық тұрғыдан зияны аз жуу циклы 5. Эко*
Үнемді және жылдам жуу аз ластанған табақтарға қолданылуы тиіс. (Қолданғаннан кейін циклды дереу іске қосыңыз) (2 тәрелке + 4 ас құралы + 1 кастрөл + 1 кіші таба). 6. Жылдам
Жоғары температура сезімтал нәзік заттарға арналған үнемді және жылдам жуу. (Қолданғаннан кейін циклды дереу іске қосыңыз) (жоғарғы тартпада стақандар + төменгі тартпада нәзік тәрелкелер). 7. Кристалл
1. Авто Қарқынды
2. Авто Қалыпты жуу
3. Күнделікті А 60’
Жуғыш зат (А) = А бөлігі (В) = В бөлігі
Ұнтақ Сұйықтық
35 г (А) 35 мл (А) 1 (А) Иә A–B–C–D 2:25’
29 г (А)
6 г (В)
25 г (А) 25 мл (А) 1 (А) Жоқ A–B–C 1:00’
Жоқ Жоқ Жоқ Жоқ A – B 0:08’
29 г (А)
6 г (В)
25 г (А) 25 мл (А) 1 (А) Жоқ A - C 0:25’
35 г (А) 35 мл (А) 1 (А) Иә A–B–C 1:30’
29 мл (А)
6 мл (В)
29 мл (А)
6 мл (В)
Таблеткалар
1 (А) Иә
1 (А) Иә A–B–C-E 2:55’
Кептіруді
қамтитын
жуу
циклдары
Опциялар
A–B–C-
D–E
KZ
Жуу
циклының
мерзімі (±10%
ауытқу)
Сағ. Мин.
1:50’
Жуу екі тартпада орындалады: жоғарғы тартпада кристалдық заттар мен стақандар үшін нәзік және төменгі тартпада кастрөлдер үшін қуатты режим
Қатты ластанған табалар немесе қалдықтар кеуіп қалған кастрөлдер.
Сирек қолданылатын және тек шаң жұққан табақтар үшін шаю мен кептіру циклы.
Бөтелкелерді, сақиналарды және емізіктерді тәрелкелермен, шыныаяқтармен, стақандармен және ас құралдарымен бірге жуу үшін дезинфекциялау жуу циклы қолайлы. Ыдыс-аяқ жоғарғы тартпаға салынуы керек.
8. Авто Қос жуу
9. Ультра
қарқынды
10. Қонақтар
келгенде жуу
11. Сәби заттарын жуу
35 г (А) 35 мл (А) 1 (А) Иә A–C–D 1:45’
1 (А)
35 г (А)
5 г (В)
Жоқ Жоқ Жоқ Иә A – B 0:32’
20 г (А) 20 мл (А) Жоқ Иә A 1:20’
35 мл (А)
5 мл (В)
1
(құрылғының
төменгі
жағы)
Иә A – B – C 2:35’
Ескертпелер:
«Күнделікті жуу» және «Жылдам жуу» циклдарын қолданған кезде, оңтайлы нәтижеге ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін жуу арқылы қол жеткізуге болады.
Жуғыш затты өлшеуді жеңілдету үшін мына жағдайларды есте сақтаған жөн:
1 ас қасық = 15 г ұнтақ = шамамен 15 мл сұйықтық - 1 шәй қасығы = 5 г ұнтақ = шамамен 5 мл сұйықтық
* Эко жуу циклы EN-50242 ережесіне сай келеді. Дегенмен, басқа жуу циклдарына қарағанда көбірек уақыт қажет етеді, азырақ
қуат жұмсайды және қоршаған ортаға зияны азырақ болады. Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық хат жіберіңіз: ASSISTENZA_EN_LVS@indesitcompany.com
9
Page 10
Шаюға көмекші зат және тазаланған тұз
KZ
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған өнімдерді ғана қолданыңыз. Ас тұзын, өндіріс тұзын немесе қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты пайдаланбаңыз. Орамада берілген нұсқауларды орындаңыз.
Бірнеше функциясы бар өнімді қолданатын болсаңыз, шаюға көмекші затты пайдаланудың қажеті жоқ; дегенмен,
тұз қосқанды жөн санаймыз, әсіресе суы қатты немесе өте қатты жерде тұратын болсаңыз. Орамада берілген
нұсқауларды орындаңыз.
Тұз немесе шаюға көмекші затты қоспасаңыз, ТҰЗ АЗ
* және ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ*
индикатор шамдары жанып тұра береді.
Шаюға көмекші затты өлшеу
Шаюға көмекші зат ыдыс-аяқты кебуін жеңілдетеді, себебі су беттерінен жылдамырақ ағып кетеді және сондықтан сызықтар немесе дақтар қалдырмайды. Шаюға көмекші зат диспенсері мына жағдайларда толтырылуы тиіс:
• ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ панелінде жанған кезде;
3. Қақпақты орнына бұраңыз.
Шаюға көмекші затты құрылғының ішіне тікелей ЕШҚАШАН құюшы болмаңыз.
Шаюға көмекші заттың мөлшерін реттеу
Кептіру нәтижесіне толығымен қанағат болмасаңыз, қолданылатын шаюға көмекші заттың мөлшерін реттеуіңізге болады. Мөлшерлеу реттегішін (F) алдын ала орнатылған 6 позицияның біріне бұрағышпен бұраңыз (әдепкі позиция 4-ке қойылған):
• Ыдыс-аяқта сызықтар бар болса, реттеу құралын
төменірек санға орнатыңыз (1-3).
• Ыдыс-аяқта су тамшылары қалса немесе цикл
аяқталғаннан кейін қақ дақтары бар болса, реттегішті жоғарырақ санға орнатыңыз (4-6).
Судың қаттылығын орнату
Әрбір ыдыс жуу машинасы, дәл осы құрылғы түріне арналған тазаланған тұзды пайдалана отырып ыдыс-аяқты жуу үшін пайдаланылатын қақсыз суды қамтамасыз ететін су жұмсартқышымен жабдықталады.
Бұл ыдыс жуу машинасы қоршаған ортаны ластауды азайтуға көмектесетін параметрді ұсынады және мекеніңіздегі судың қаттылығының деңгейіне сәйкес жуу өнімділігін оңтайландырады. Бұл ақпаратты үйіңізге су жеткізетін мекемеден алуға болады.
- Есікті ашып, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны қосыңыз.
* индикатор шамы басқару
1. Қақпақты (G) сағат тіліне қарсы бағытта бұрау арқылы диспенсерді ашыңыз.
2. Диспенсерден толып ағып кетпеуіне назар аудара отырып, шаюға көмекші затты құйыңыз. Бұл орын алса, төгілген сұйықтықты құрғақ шүберекпен дереу сүртіп алыңыз.
- P түймесін басып, шамамен 5 секунд ұстап тұрыңыз; екі қысқа сигнал естіледі және орнатылған қаттылық саны дисплейде баяу жыпылықтайды (суды жұмсарту жүйесі 3 санына орнатылды).
- Қажетті қаттылық деңгейіне жеткенше P түймесін қайта-қайта басыңыз (1-2-3-4-5* Су қаттылығының кестесін қараңыз).
- Функциядан шығу үшін шамамен бірнеше секунд күтіңіз немесе басқа опция ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз.
Тіпті бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолдансаңыз да, тұз диспенсері толтырылуы тиіс.
°dH °fH ммоль/л деңгей
0 6 0 10 0 1 1 6 11 11 20 1.1 2 2
12 17 21 30 2.1 3 3
17 34 31 60 3.1 6 4 34 50 61 90 6.1 9 5*
0°f мен 10°f аралығындағы мәндер үшін тұзды қолдану ұсынылмайды. * бұл параметр циклдың мерзімін сәл ұзартуы мүмкін.
(°dH = Герман дәрежелерінде өлшенген қаттылық - °f = Франсуз дәрежелерінде өлшенген қаттылық - ммоль/л = бір литрдегі миллимоль)
* түймесін басыңыз, болмаса, ҚОСУ/
Су қаттылығының кестесі
Тазаланған тұзды өлшеу
Жуу циклын қолдануда барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, диспенсер ешқашан бос болмайтынын қамтамасыз етіңіз. Тазаланған тұз суды қақтан тазалайды, осылайды ыдыс-аяқта тұнбалардың пайда болуына жол бермейді. Тұз диспенсері ыдыс жуу машинасының төменгі бөлігінде орналасқан («Сипаттама» бөлімін қараңыз) және мына жағдайларда толтырылуы тиіс:
• Жасыл қалтқы қарағанда көрінбейтін кезде.
• ТҰЗ АЗ
1. Төменгі тартпаны шығарып алып, контейнер қақпағын
бұрап шығарып алыңыз (сағат тіліне қарсы бағытта).
тиіс); біраз судың ағып кетуі қалыпты жағдай.
4. Воронканы алып тастап
сүртіп алыңыз; қақпақты су ағыны астында шайыңыз да, қақпақтың төменгі жағындағы жұлдыз пішініндегі төрт кетіктен су ағып кетуі үшін, бетін төмен қаратып бұраңыз.
(Жасыл қалтқысы бар тұз қақпағы*
Контейнерге тұз қосқан сайын бұл процедураны орындаған жөн.
Жуу циклы барысында контейнерге жуғыш зат кіріп кетпейтіндей қақпақ мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз (әйтпесе, су
жұмсартқышы жөндеуге келмейтіндей бұзылуы мүмкін).
алыңыз, солайша тұз диспенсерінен шыққан кез келген тұз ерітіндісі жойылады.
* индикатор шамы басқару панелінде жанған кезде;
Қажет кезде, жуу циклынан бұрын тұзды өлшеп
* тұз диспенсерінің үстінен жай ғана
2. Мұны бірінші рет орындаған кезде: су ыдысын шетіне дейін толтырыңыз.
3. Воронканы орналастырып қараңыз), тұз контейнерін шетіне дейін толтырыңыз (ол шамамен 1 кг сыйдыруы
* (суретті
*, тесіктен тұз қалдықтарын
*)
* Тек кейбір үлгілерде бар.
10
Page 11
Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету
Су мен токты өшіру
• Су ағып кетпеуі үшін әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін жауып отырыңыз.
• Құрылғыны тазалаған кезде және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Ыдыс жуу машинасын тазалау
• Құрылғының сыртқы беттері мен басқару панелін сумен ылғалданған, абразивті емес шүберекпен тазалауға болады. Еріткіштерді немесе абразивті өнімдерді қолданбаңыз.
• Құрылғының ішіндегі кез келген салтақ іздерді сумен және аздап сіркемен ылғалданған шүберекпен кетіруге болады.
Жағымсыз иістердің алдын алу
• Құрылғының іші дымқылданып кетпеуі үшін оның есігін әрдайым біраз ашып ұстаңыз.
• Есік айналасындағы бекіткіштер мен жуғыш зат диспенсерлерін мерзімді түрде ылғал губкамен тазалап отырыңыз. Мұның нәтижесінде бекіткіштерде тамақ тұрып қалмайды, ал бұл жағдай жағымсыз иістердің пайда болуының негізгі себебі.
Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау
Тамақ қалдықтары тозаңдатқыш өзекшелердің бетіне қатып қалып, су шашатын тесіктерді бітеуі мүмкін. Сондықтан, өзекшелерді мерзімді түрде тексеріп, металсыз щеткамен тазаланып тұрғаны жөн. Екі тозаңдатқыш өзекшені де шығарып алуға болады.
Жоғарғы тозаңдатқыш өзекшені шығарып алу үшін құлыптау сақинасын сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз. Жоғарғы тозаңдатқыш өзекшені тесіктерін жоғары қаратып қайтадан орнына қою керек.
тазалап отырыңыз.
- Су шүмегін жабыңыз.
- Судың кіріс түтігінің шетін босатып алыңыз, одан кейін сүзгіні алып, оны су ағыны астында жақсылап тазалаңыз.
- Сүзгіні орнына қойып, су түтігін орнына бұраңыз.
Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жинағы суды тамақ қалдықтарын тазалайтын және одан кейін суды қайта айналдыратын үш сүзгіден тұрады. Әрбір жууда ең жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, оларды тазалау керек.
Сүзгілерді мерзімді түрде тазалап отырыңыз.
Ыдыс жуу машинасын сүзгісіз немесе сүзгі босап кеткен
кезде пайдалануға болмайды.
• Бірнеше рет жуғаннан кейін, сүзгі жинағын тексеріңіз және қажет болса оны металсыз щеткамен әрі төмендегі нұсқауларды орындай отырып, су ағыны астында жақсылап тазалаңыз:
1. Цилиндрлік C сүзгісін сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз да, суырып алыңыз (1-сурет).
2. Шыныаяқ B сүзгісін жиектері аздап басу арқылы шығарып алыңыз (2-сурет).
3. Тот баспайтын болат тілімше А сүзгісін суырып алыңыз (3-сурет).
4. Тұзақты қарап шығыңыз да, кез келген тамақ қалдықтарынан тазартыңыз. жуу циклының сорғысын
ЕШҚАШАН АЛУШЫ БОЛМАҢЫЗ (4-сурет).
B
1
2
C
KZ
Төменгі тозаңдатқыш өзекшені бүйірлердегі шығыңқы жерлерді басып, оны жоғары қарай тарту арқылы шығарып алуға болады.
Судың кіріс сүзгісін тазалау*
Су түтіктері жаңа немесе ұзақ уақыт бойы қолданылмаған болса, жалғамас бұрын олар арқылы су өткізіп, таза әрі ішінде қалдықтар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сақтық шарасы орындалмаса, судың кіріс бітеліп, ыдыс жуу машинасы зақымдалуы мүмкін.
Шүмек жағындағы судың кіріс сүзгісін мерзімді түрде
3
Сүзгілерді тазалағаннан кейін, сүзгі жинағын орнына қойып, оны дұрыстап бекітіңіз; бұл ыдыс жуу машинасының тиімді жұмысы үшін өте маңызды.
4
Машинаны ұзақ уақыт пайдаланбауға қалдыру
• Құрылғыны токтан ағытып, су шүмегін жабыңыз.
• Құрылғы есігін сәл ашық қалдырыңыз.
• Қайтып келген кезде, ыдыс жуу машинасын бос ұстап жуу циклын іске қосыңыз.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
11
Page 12
Сақтық шаралары, кеңес және көмек
KZ
Бұл құрылғы ағымдағы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай құрылған және өнідірілген. Төмендегі ақпарат қауіпсіздік мақсатында берілген, сондықтан оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыны
қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда, дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде балалармен) қолданылуға арналмаған.
• Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
• Құрылғы үй ішінде қолдануға арналған және коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолдануға арналмаған.
• Құрылғы үйдегі ыдыс-аяқты осы нұсқаулықтағы
нұсқауларға сәйкес жуу үшін ересек адамдармен қолданылуға арналған.
• Құрылғыны далада, тіпті үсті жабылған болса да,
орнатуға болмайды. Құрылғыны жауын мен найзағай астында қалдыру өте қауіпті
• Жалаң аяқ болған кезде құрылғыға тимеңіз.
• Құрылғыны токтан ажыратқан кезде, розеткадан
әрдайым айырынан ұстап тартыңыз, кабелін тартпаңыз.
• Құрылғыны тазаламас немесе кез келген қызмет
көрсету жұмысын орындамас бұрын су шүмегін жабу және айырды розеткадан ағыту керек.
• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз бетіңізбен
жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші болмаңыз.
• Қыздыру бөлігіне ешқашан тиюші болмаңыз.
• Құрылғының ашық есігіне сүйенбеңіз немесе оған
отырмаңыз: бұл құрылғыны аударып түсуі мүмкін.
• Есікті ашық қалдырып кетуге болмайды, себебі ол
қауіпті кедергі болып табылады.
• Жуғыш зат пен шаюға көмекші затты балалардан аулақ
ұстаңыз.
• Орама материалын ойыншық ретінде қолдануға
болмайды.
бөлімін қараңыз).
• Жуу циклдарының кестесін пайдалана отырып, ыдыс­аяқ түріне және ластану дәрежесіне қолайлы жуу циклын таңдаңыз:
- Орташа ластанған ыдыстар үшін Эко жуу циклын пайдаланыңыз, ол қуат пен судың төмен деңгейі қолданылатынын қамтамасыз етеді.
- Жүктеу әдеттегіден азырақ болса, Жартылай жүктеу опциясын бөлімін қараңыз).
• Егер ток жеткізу келісім-шартында токты үнемдеуге арналған уақыт аралықтары болса, төмен баға қолданылатын кезде жуу циклдарын орындаңыз.
Кешіктіріп бастау бөлімін қараңыз) жуу циклдарын тиісті түрде ұйымдастыруға көмектеседі
* қолданыңыз («Іске қосу және пайдалану»
* түймесі («Іске қосу және пайдалану»
Фосфат пен хлорды қамтымайтын, құрамында ферменттері бар жуғыш заттар
• Фосфаттарды немесе хлорды қамтымайтын жуғыш заттарды пайдаланған жөн, себебі бұл өнімдер қоршаған ортаға зиянды.
• Ферменттер 50°C шамасындағы температураларда ең тиімді түрде әрекет етеді, және қалыпты 65°C жуу циклындағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін нәтижесінде ферменттерді қамтитын жуғыш заттарды температурасы төмен жуу циклдары үшін қолданылады.
• Жуғыш зат ысрап болмауы үшін өнідірушінің кеңестеріне, су қаттылығы мен топырық деңгейі және жуылатын ыдыс-аяқ мөлшеріне байланысты өнімді тиісті мөлшерлерде пайдаланыңыз. Биологиялық түрде ыдырайтын болса да, табиғаттың тепетеңдігіне әсер
етуі мүмкін заттарды қамтиды.
Қоқысқа тастау
• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманы қайта пайдалана алу үшін жергілікті заңдарды орындаңыз.
• Қоқыс электр және электрондық жабдыққа (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропалық директива үй құрылғылары әдеттегі қала қоқысына тасталмауын мәлімдейді. Қайта қолдану мен қайта өңдеудің құнын оңтайландыру және атмосфера мен адам денсаулығына ықтимал зақымды азайту үшін қолданыстан шыққан құрылғылар бөлек жиналуы тиіс. Құрылғы иесіне қоқыстың бөлек жиналуына қатысты міндеттерін еске салу үшін, барлық өнімдерде үсті айқыш сызылған қоқыс себетінің суреті бар.
Үй құрылғыларын тиісті түрде қоқысқа тастау туралы
қосымша ақпарат алу үшін ие адамдар тиісті мекемеге немесе жергілікті құрылғы сатушысына хабарласуы мүмкін.
Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу
Су мен қуатты үнемдеу
• Ыдыс жуу машинасы толған кезде ғана жуу циклын бастаңыз. Ыдыс жуу машинасының толуын күту барысында жағымсыз иістердің алдын алу үшін Суға салып қою циклын қолданыңыз («Жуу циклдары»
Көмек
Көмек қызметіне хабарласпас бұрын:
• Проблеманы Ақаулықтарды жою нұсқаулығын қолдана отырып шешуге болатынын, не болмайтынын тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» бөлімін қараңыз).
• Бағдарламаны қайта іске қосыңыз да, проблема кеткенін тексеріңіз.
• Проблема шешілмесе, Куәландырылған техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз.
Куәландырылмаған мамандарға қызмет
көрсеткізбеңіз.
Қолыңызда мына ақпаратты ұстаңыз:
• Проблеманың түрі
• Құрылғы нөмірі (Mod.).
• Сериялды нөмір
Бұл ақпаратты құрылғының деректер тілімшесінде табуға болатын («Құрылғының сипаттамасы» бөлімін қараңыз).
* Тек кейбір үлгілерде бар.
12
Page 13
Ақаулықтарды жою
Құрылғы жұмыс істемей қалған кезде, Көмек қызметіне телефон соқпас бұрын төмендегі тізімнен шешімді іздеңіз.
Ақаулық: Ықтимал себептері / шешімдері: Ыдыс жуу машинасы іске
қосылмайды немесе оны басқару мүмкін емес
Есік жабылмайды • Құлып босатылған. «Тық» еткен дыбыс естілгенше есікті қатты итеріңіз. Ыдыс жуу машинасынан су
ағызылмайды.
Ыдыс жуу машинасы шамадан тыс шуыл шығарады.
Табақтар мен стақандардың бетінде ақ түсті қабықшамен немесе тат қалдықтарымен қапталған.
Табақтар мен стақандар сызылған немесе реңгі көкшіл.
Ыдыс-аяқ дұрыс кептірілмейді. • Кептіру бағдарламасы жоқ жуу циклы таңдалған.
Табақтар таза емес. • Тартпаларға тым көп ыдыс салынған («Тартпаларға ыдыс салу»
Ыдыс жуу машинасына су кірмейді - Шүмек өшірулі дабылы
(бірнеше қысқа сигнал беріледі) (ҚОСУ/ӨШІРУ индикатор шамы жыпылықтайды да, дисплейде 6 саны көрсетіледі).
Судың кіріс түтігінің дабылы / Судың кіріс сүзгісі бұғатталған
(ҚОСУ/ӨШІРУ индикатор шамы жыпылықтайды да, дисплейде 7 саны көрсетіледі).
• Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы өшіріңіз, одан кейін оны бір шамамен бір минуттан кейін қосып, бағдарламаны қайта орнатыңыз.
• Құрылғы розеткаға дұрыс қосылмаған.
• Ыдыс жуу машинасының есігі дұрыс жабылмаған.
• Ыдыс жуу машинасының циклы әлі аяқталмаған.
• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Ағызу түтігі бұғатталған.
• Сүзгі тамақ қалдықтарымен бітеліп қалған.
• Табақтар бір-біріне немесе тозаңдатқыш өзекшеге тиіп тарсылдайды.
• Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу машиналарында қолдануға қолайлы емес («Іске қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
• Тазаланған тұз мөлшері аз немесе мөлшерлеме параметрі судың қаттылығына дұрыс қойылмаған («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
• Тұз диспенсерінің қақпағы дұрыс жабылмаған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен.
• Шаюға көмекші заттың мөлшерлемесі тым жоғары.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат диспенсерінің параметрі қолайлы емес.
• Ыдыс-аяқ жабыспайтын материалдан немесе пластиктен жасалған.
бөлімін қараңыз).
• Ыдыс-аяқ дұрыс реттелмеген.
• Тозаңдатқыш өзекшелер еркін жылжи алмайды.
• Жуу циклы тым нәзік («Жуу циклдары» бөлімін қараңыз).
• Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу машиналарында қолдануға қолайлы емес («Іске қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат бөлігіндегі қақпақ дұрыс жабылмаған.
• Сүзгі кір немесе бітеліп қалған («Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» бөлімін қараңыз).
• Тазаланған тұз деңгейі төмен («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
• Жүйеде су жоқ.
• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Шүмекті ашыңыз, сонда құрылғы бірнеше минуттан кейін іске қосылады.
• Құрылғының құлпы белсендірілген, себебі сигнал берілгенде ешбір әрекет жасалмаған.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, одан кейін
шүмекті ашыңыз да, дәл сол түймені 20 секундтан кейін басу арқылы құрылғыны қайтадан қосыңыз. Құрылғыны қайта бағдарламалап, жуу циклын қайтадан бастаңыз.
• ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз. Су ағып кету қаупін жою үшін шүмекті жабыңыз және айырды розеткадан суырып алыңыз.
Судың кіріс сүзгісін қалдықтар бітеп тастамағанына көз жеткізіңіз
(«Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
KZ
13
Page 14
KZ
14
Page 15
KZ
15
Page 16
KZ
19509186300
004/2011 - Xerox Fabriano
16
Loading...