HOTPOINT/ARISTON AQC9 BF7 T (EU) User Manual [kk]

Нұсқаулық кітапшасы
Мазмұны
КЕПТІРГІШ
Орнату, 20
Кептіргіш қойылатын орын Желдету
KZ
Қазақша
AQUALTIS
AQC9 BF7
Токқа жалғау Кептіргішті пайдалануды бастамас бұрын
Ескертулер, 22
Жалпы қауіпсіздік Қуатты үнемдеу жəне қоршаған ортаны құрметтеу
Жөндеу жəне күтім, 24
Токты өшіру Əрбір циклдан кейін сүзгіні тазалау Əрбір циклдан кейін барабанды тексеру Əрбір циклдан су ыдысын босату Конденсорды тазалау Кептіргішті тазалау
Кептіргіш сипаттамасы, 26
Есікті ашу Мүмкіндіктері Басқару тақтасы
www.hotpoint.eu
Бұл таңба осы пайдаланушы
! Қажет болғанда оны қарау үшін осы нұсқаулық кітапшасын
сақтап қойыңыз. Көшкен кезде өзіңіз бірге ала жүріңіз жəне бұл құрылғыны сататын немесе басқа біреуге беретін болсаңыз, осы кітапшаның кептіргішпен бірге берілуін қамтамасыз етіңіз, солайша жаңа иесі кептіргіш жұмысына қатысты ескертулер мен ұсыныстар туралы хабардар болады.
! Бұл нұсқауларды мұқият оқыңыз; төмендегі беттерде
орнатуға қатысты маңызды ақпарат пен құрылғы жұмысына байланысты ұсыныстар қамтылған.
Дисплей, 27 Бастау жəне бағдарламалар, 28-33
Бағдарламаны таңдау Арнайы бағдарламалар Бағдарламалар кестесі Басқару элементтері
Кірлер, 34
Кірлерді сұрыптау Кірлерге күтім көрсету жапсырмалары Кептіру уақыттары
Ақаулықтарды жою, 35 Қызмет көрсету, 36
Қосалқы бөлшектер Қоқысқа тастау
19
1
2
2
1
Less than 1m
Орнату
10 mm
15 mm
15 mm
Кептіргіш орнатылатын орын
KZ
Кептіргіш үстелдің үстіңгі тақтайының астына орнатылатын болса, кептіргіш үстіңгі панелімен одан жоғары орналасқан кез келген нысандар арасында 10 мм аралық жəне құрылғының бүйірлері мен қабырғалар немесе жиһаздар арасында 15 мм аралық болатынын қамтамасыз етіңіз. Бұл тиісті ауа айналымының болуын қамтамасыз етеді. Құрылғыны артын қабырғаға тигізіп орнату керек.
Желдету
Кептіргіш ылғалдылығы жоқ жəне тиісті ауа айналымы бар бөлмеде орнатылғанына көз жеткізіңіз. Кептіру барысында судың конденсациялануына мүмкіндік беру үшін кептіргіш айналасындағы ауа ағыны өте маңызды; кептіргіш жабық жерде немесе шкаф ішінде орнатылса, ол дұрыс жұмыс істемейді. Кептіргіш кіші немесе суық бөлмеде қолданылса, біраз конденсация түзілуі мүмкін.
Су ағызу
Кептіргіш канализация құбырына жақын орнатылса, суды осы құбырға қосуға болады. Бұл су ыдысын босатып отыру қажеттілігін жояды. Кептіргіш кір жуғыш машина үстінде немесе оның жанында орнатылған болса, бір канализация құбырын ортақ пайдалануға болады. Канализация құбырының биіктігі кептіргіштің түбінен 3 дюймнен (1 метрден) аспауы керек. Бар түтікті А суретінде көрсетілген жерден ағытып алыңыз, ұзындығы қолайлы түтікті бекітіп, В суретінде көрсетілген қосыңыз. Кептіргіш тұрақты орнына қойылған кезде түтік қысылып қалмауына немесе онда түйіндер пайда болмауына көз жеткізіңіз.
Кептіргішті шкаф ішіне орнату жөн емес, алайда оны құлыпталатын есік, сырғыйтын есік немесе топсасы кептіргіш есігінің топсасына қарама-қарсы жақта орналасқан есік артына ешқашан орнатуға болмайды.
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын төмендегі жағдайларды тексеріңіз:
Қолыңыз құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Розетка жерге тұйықталған болуы тиіс.
Розетка техникалық деректер
тақтасында көрсетілген құрылғының ең көп қуат шығысына төтеп бере алуы тиіс (Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
Ток желісінің кернеуі техникалық
деректер тақтасында көрсетілген мəндер ауқымында жатуы тиіс (Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
Ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.
Қуат сымынан тартпаңыз. Құрылғы ашамен жабдықталған болса, бірнеше розеткалы тармақтауышты пайдаланбаңыз. Берілген аша өзінің розеткасымен үйлесімді болмаса, білікті маманға хабарласыңыз.
Жабық жер болса да, кептіргішті сыртта орнатпау қажет.
А суреті В суреті
20
Кептіргішті орнату аяқталғаннан кейін ток сымы мен айыры қол жететін жерде болуы керек.
Ток сымын майыстыруға немесе оған қысым түсіруге болмайды.
Ауыстырылатын айыр балқытып орнатылған түрлі болса, оны қауіпсіз түрде тастау керек. Оны розеткаға қосуға болатын жерде қалдырып КЕТПЕҢІЗ, себебі ток соғу қаупі бар.{}
Кабельді жүйелі түрде тексеріп отыру қажет. Ток кабелі зақымдалған болса, оның қызмет көрсету бойынша өкілі ауыстыруы тиіс. (Көмек алу тарауын қараңыз).
Осы нұсқаулар орындалмаса, өндіруші барлық жауапкершіліктен бас тартады.
Жоғарыдағы көрсетілімдер туралы күмəн бар болса, білікті электр маманға хабарласыңыз.
Бастапқы ақпарат
Кептіргіш орнатылғаннан кейін, оны қолданбас бұрын барабанының ішін тазалап, тасымалдау кезінде жиналған кез келген кірді жойыңыз.
Сақтау жəне көлікпен тасымалдау талаптары
• Орамаланған құрғату машинасы табиғи желдетілген кезде үй-жайда 80 %-дан аса ауаның ылғалдығы кезінде сақталуы тиіс.
• Егер құрғату машинасы ұзақ уақыттың ішінде қолданылмаса жəне от жағылмайтын үй-жайда сақталса, онда құрғату машинасынан барлық суды жою қажет.
• Құрғату машинасын көлікпен тасымалдау тік тұрған жағдайда бекітумен, кез келген жабық автокөлікте кез келген зақымдалулардан немесе ішіне құлаудан аулақ болуымен жүргізіледі
• Көлікпен тасымалдау уақытында құрғату машинасын соққыға ұшыратуға тыйым салынады.
, автомобильдің қозғалыс
Ең көп жүк өлшемдері: 9 kg
Техникалық ақпарат
Өнім Кептіргіш Сауда белгісі Өндірушінің сауда
белгісі Модель AQC9 BF7 T (EU) Өндіруші Вирпул ИМЭА С.п.А. Өндіру елі (шыққан
жері) Ең көп жүк 9 кг
Кернеу мен кернеу ауқымының номиналды мəні
Ток немесе ток жиілігінің шартты белгісі
Тұтынылатын қуат 2300-2700 Вт
Қуат тұтыну класы B
Тұтынылатын қуаттың орташа мəні
Ток соғудан қорғау класы
Келесі электрондық пошта мекенжайына өтінім жіберіп, куəландыру туралы ақпарат немесе сəйкестік сертификаттарының көшірмесін алуға болады: cert.rus@
indesit.com.
Өндіру күнін сериялық нөмірден
(С/н XXXXXXXXX * XXXXXXXXXXX) келесі
жолмен табуға болады:
Өндіруші құрылғының өнімділігіне əсер етпейтін дизайн мен өнім параметрлеріне қатысты алдын ала ескертусіз өзгеріс енгізу кейбір параметрлер шамаланып көрсетілген. Өндіруші осы мəндерден сəл ауытқуға жауапты болмайды. Бұл кітапшадағы басып шығару немесе көшіру қателеріне жауапты болмаймыз.
Өндіруші: Вирпул ИМЭА С.п.А.
Импорттаушы:
Кез келген сұрақтарыңыз болса, оларды төмендегі мекенжайға хатпен жолдаңыз
құқығын сақтайды. Осы нұсқаулықта берілген
:
Ұлыбританияда жасалған
220-240 В ~
50 Гц
615,8 кВт/жыл
I қорғау класы
- С/н 1-саны өндіру жылының соңғы саны,
- С/н 2- жəне 3-саны өндіру айының реттік нөмірі,
- С/н 4- жəне 5-саны өндіру күнінің
реттік нөмірі.
Карло Писаканэ көшесі н.1, 20016 Пэро (ЭмАй), Италия
ООО "Вирпул РУС"
01.01.2011 бұрын: Ресей, 129223, Мəскеу, Мир даңғылы, ВВЦ, пав. 46; 01.01.2011 кейін: Ресей, 127018, Мəскеу, Двинцев к-сі, 12-1
KZ
21
Ескертулер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
KZ
стандарттарына сай өңделіп шығарылған. Бұл ескертулер қауіпсіздік үшін берілген, сондықтан оларды мұқият орындау қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша кеңес не нұсқау берілген жəне ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар қолдана алады.
• Бұл кептіргіш үйде пайдаланылуға арналған, кəсіби пайдалануға арналмаған.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол­аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны кабелінен емес, айырынан ұстап тарту арқылы розеткадан ағытыңыз.
• Кептіргішті пайдаланғаннан кейін оны өшіріп, розеткадан ағытыңыз. Балалар есікті ойыншық ретінде қолданбауы үшін оны жауып қойыңыз.
• Балалар кептіргішпен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
• Балаларға бақылаусыз құрылғыны тазалауға жəне оған қызмет көрсетуге болмайды.
• Əрдайым бақылап отырмаған жағдайда, 3-ке толмаған балаларды құрылғыдан аулақ ұстау керек.
• Құрылғы дұрыс орнатылуы тиіс жəне оның тиісті вентиляциясы болуы керек. Кептіргіштің алдыңғы жағындағы ауаның кіріс саңылауларын ешқашан жауып қоюға болмайды («Орнату» тарауын қараңыз).
• Кептіргішті кілемге қойып пайдаланушы болмаңыз, себебі кілем кептіргішке ауаның астыңғы жақтан кіруіне кедергі жасайды.
• Кірлерді салмас бұрын кептіргіш бос екенін тексеріңіз.
Кептіргіштің артқы жағы қатты
қызып кетуі мүмкін.
Жұмыс істеп тұрғанда оған тиюші
болмаңыз.
• Сүзгі, су ыдысы жəне конденсатор орындарына мықтап қойылғанша кептіргішті пайдаланбаңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Кептіргішке тым көп кір салмаңыз (Ең көп жүктерді «Кірлер» тарауынан қараңыз).
Суы тамып тұрған заттарды кептіргішке салмаңыз.
Киім жапсырмаларындағы
мұқият тексеріңіз («Кірлер» тарауын қараңыз).
• Үлкен, өте көлемді заттарды кептіргіште кептірмеңіз.
• Акрилат талшықтарын жоғары температураларда кептірмеңіз.
• Кептіргіш ішінде жылы заттар болғанда кептіргішті өшірмеңіз.
• Əрбір қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу» тарауын қараңыз).
• Əрбір қолданудан кейін су ыдысын босатыңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
• Конденсатор бөлігін мерзімді түрде тазалап отырыңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
• Кептіргіш айналасында талшықтардың жиналуына жол бермеңіз.
• Кептіргіштің үстіне шықпаңыз. Ол зақымдалуға əкелуі мүмкін.
• Электр стандарттар мен талаптарды əрдайым орындаңыз («Орнату» тарауын қараңыз).
• Əрдайым түпнұсқалы қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды сатып алыңыз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
нұсқауларды
Кептіргіште өрт шығу қаупін азайту үшін төмендегі шарттарды сақтау қажет:
• Заттар жуғыш затпен жəне сумен жуылған, шайылған жəне сығу циклы арқылы өткізілген болса ғана заттарды кептіргіште кептіріңіз. Сумен ЖУЫЛМАҒАН заттарды кептіру өрт шығу қаупін төндіреді.
• Химиялық өнімдермен өңделген киімдерді кептірмеңіз.
• Май тамған немесе төгілген заттарды кептіргіште кептірмеңіз, себебі олар өрт шығу қаупін төндіреді. Май жұққан заттар, əсіресе кептіргіш сияқты қызу көздерінің əсерінен күтпеген кезде тұтануы мүмкін. Заттар қызып, майдың тотығу реакциясына себеп болады, ал тотығу реакциясы қызу
22
түзеді. Қызу ыдырап кетпесе, заттар тұтану температурасына дейін қызып кетуі мүмкін. Май жұққан заттарды қабаттастыру, үйіп қою немесе сақтау салдарынан қызу ыдырамай, өрт шығу қаупі төнеді. Май тамған маталарды немесе шаш күтіміне арналған өнімдер жұққан маталарды кептіргіште кептіру қажет болса, оларды алдымен қосымша жуғыш зат қосып жуу керек. Сөйтіп, өрт шығу қаупі азаяды, бірақ мүлдем жоғалмайды. Ыстық күйде оларды кептіргіштен шығарып, үйіп не қабаттастырып қоюға болмайды.
• Бензинмен, химиялық тазарту ерітінділерімен я басқа тұтанғыш не жарылғыш заттармен тазаланған, жуылған, олардың ішіне салынып қойған немесе олар тиген заттарды кептіргіште кептіруге болмайды. Тұрмыстық жағдайда қолданылатын өте тұтанғыш заттарға май, ацетон, ішуге жарамайтын спирт, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз жəне балауыз кетіргіштер кіреді. Бұлар жұққан заттарды кептіргішке салмас бұрын көбірек жуғыш зат салып, ыстық суда жуыңыз.
• Поролон (латекс көбігінен жасалған материал деп те аталады) немесе оған ұқсас материалдардан жасалған заттарды кептіргіште кептірмеңіз. Пеноматериалдар қызған кезде өзінен өзі тұтануы мүмкін.
• Статикалық зарядтарды кетіру үшін кептіргіште жұмсартқыш я оған ұқсас өнімдерді, өндірушісі мұндай мақсатта қолдануға болатынын анық көрсетпеген болса, қолданбаңыз.
• Металл заттар салынған ішкі киімдерді, мысалы металл сымдары бар бюстгальтерлерді кептіргіште кептіруге болмайды. Кептіру кезінде металл бөліктер босап кетіп, кептіргішке зақым келуі мүмкін.
• Душ қалпақтары немесе сəбилердің су өткізбейтін жабындары сияқты резеңке немесе пластмассалық заттарды, полиэтилен немесе қағазды кептіргіште кептіруге болмайды.
• Резеңке төселген заттарды, көбік резеңке төсемдері бар киімдерді, жастықтарды, галоштарды жəне резеңкемен қапталған спорттық аяқ киімдерді кептірмеңіз.
• Қалталардан барлық заттарды алып тастаңыз, мысалы шақпақтар немесе сіріңке.
! ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам алынып, қызу шашылып кететіндей таратылмаса, кептіру циклы аяқталмағанша кептіргішті тоқтатушы болмаңыз.
Қуатты үнемдеу жəне қоршаған ортаны құрметтеу
• Кептіруден бұрын артық суды шығару үшін барлық заттарды жақсылап сығыңыз (кір жуғыш машинаны қолдансаңыз, жылдамдығы жоғары сығу циклын таңдаңыз). Мұның нəтижесінде, кептіру барысында уақыт пен қуат үнемделеді.
• Əрдайым толық жүк салып кептіріңіз – бұл қуатты үнемдейді: бір зат немесе аз жүк кебу үшін ұзақ уақытты қажет етуі мүмкін.
• Қуатты тұтыну шығындарын азайту үшін əрбір қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу» тарауын қараңыз).
KZ
23
2
Күтім көрсету жəне техникалық қызмет көрсету
Токты ажырату
KZ
! Пайдаланбаған кезде, оны тазалаған кезде жəне
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарған кезде кептіргішті розеткадан ағытып қойыңыз.
Əрбір циклдан кейін сүзгіні тазалау
Сүзгі – кептіргіштің негізгі құрамдас бөлігі: оның функциясы – кептіру кезінде түзілетін талшықтар мен түйіршіктерді жинау.
Кептіру аяқталғаннан кейін сүзгіні су ағыны астында шаю арқылы немесе шаңсорғышпен тазалаңыз. Сүзгі бітеліп қалса, кептіргіш ішіндегі ауа ағыны өте нашарлайды: кептіру уақыттары
ұзарып, көбірек қуат қолданылады. Оған қоса, кептіргіш зақымдалуы мүмкін. Сүзгі кептіргіштің тығыздағышының алдында орналасады (Суретті қараңыз). Сүзгіні алып тастау:
1. Сүзгінің
пластикалық тұтқасын
жоғары қарай
тартыңыз (Суретті
қараңыз).
2. Сүзгідегі
түйіршіктерді
тазалап, оны орнына
дұрыстап қойыңыз.
Сүзгі кептіргіш тығыздағышымен жабылып, орнына қойылғанына көз жеткізіңіз.
! Сүзгі тұтқышына қайта қойылмаған
болса, кептіргішті пайдаланбаңыз.
Əрбір циклдан кейін барабанды тексеру
Кептіргіш ішінде қалып қою мүмкін кіші заттарды (кіші орамалдар) алу үшін барабанды қолмен айналдырыңыз.
Барабанды тазалау
! Барабанды тазалау үшін абразивті заттарды, болат жүнін немесе тот баспайтын болатты тазартқыш заттарды қолданбаңыз. Тот баспайтын болат барабанда түрлі-түсті үлдір пайда болуы мүмкін: ол су жəне/немесе кондиционер сияқты жуудан қалған тазартқыш заттардың қосылуынан түзілуі мүмкін. Бұл түрлі-түсті үлдір кептіргіштің тиімділігіне əсер етпейді.
Əрбір циклдан кейін су ыдысын босату
Су ыдысын шығарып алып, оны шұңғылшаға немесе басқа канализацияға ағызу жеріне босатыңыз, одан кейін орнына дұрыстап қойыңыз. Жаңа кептіру бағдарламасын бастамас бұрын, əрдайым су ыдысын тексеріп, босатып отырыңыз.
Су ыдысын босатау төмендегі жағдайларға əкелуі мүмкін:
- Кептіргіш қызбайды (сондықтан кептіру циклы аяқталғанда кірлер əлі дымқыл болуы мүмкін).
- Су ыдысы толы екенін білдіру үшін «Су ыдысын босату» жарық диоды жанады.
Су ыдысының толуы
Кептіргіш алғаш рет пайдаланылған кезде су ыдысқа дереу ақпайды, себебі су сорғы арқылы өтуі тиіс. Бұл автоматты түрде орындалады жəне оған бірнеше минут қажет, бұл мерзім барысында кептіру үдерісінің тиімділігіне əсер етілмейді.
Конденсор бөлігін тазалау
• Конденсор бөлігін мерзімді түрде (ай сайын) шығарып алып, конденсордың артқы жағынан суық сумен шаю арқылы, тілімшелерін түйіршік қалдықтарынан тазалап отырыңыз. Конденсорды шығарып алу:
1. Кептіргішті розеткадан ағытып, есікті ашыңыз.
2. Конденсор қақпағын ашыңыз (Суретті қараңыз), сағат тіліне қарама-қарсы бағытта 90°-қа бұру арқылы үш ілмекті босатыңыз, одан кейін конденсорды шығарып алу үшін қысқыштан тартыңыз.
3. Тығыздағыштардың бетін тазалап, ілмектері мықтап жабылғанына көз жеткізіп, көрсеткілерді жоғары қаратып бөлікті орнына салыңыз.
24
Loading...
+ 12 hidden pages