ELECTROLUX ESL47700 User Manual [ru]

Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
Інструкція
Ыдыс жуғыш машина
Посудомоечная машина
Посудомийна машина
2 electrolux
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2 Бұйым сипаттамасы 5 Басқару панелі 6 Құрылғыны қолдану 7 Су жұмсақтайтын бұйымын салу 8 Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Жуғыш және шайғыш затты қолдану
Мульти таб функциясы 10
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау 11 Жуу программалар 12 Күту менен тазалау 14
9
Не істерсіңіз, егер... 14 Техникалық сиппатама 17
9
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар 17
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
• Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
• Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін.
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты әрқашан онымен бірге қалдырыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш затты ұстауға рұқсат бермеңіз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы қалуы мүмкін.
• Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып қалуға және ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
• Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол бермеу және мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз.
• Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
11
electrolux 3
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.
• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз. Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып жіберуі мүмкін.
• Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
• Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
• Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз.
Электр қатері орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
• Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым келмес үшін қажет.
• Құрылғыны орнату барысында оның ашасының розеткадан ағытылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электрлік бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
• Маңызды!Құрылғымен бірге келген парақтағы нұсқауларды орындаңыз: – Құрылғыны орнату. – Есік панелін құрастыру. – Сумен жабдықтау және су төгу
жүйелеріне қосу.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
• Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Суға қосу
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз да, содан кейін су құятын түтікті жалғаңыз.
4 electrolux
• Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын немесе бүлінбегенін тексеріңіз.
• Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған кезде ғана қысым пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды тоқтатады. – Су құятын түтікті жалғаған кезде
абай болыңыз: – Су құятын түтікті немесе
қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
– Су құятын түтік немесе қауіпсіздік
клапаны бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз.
– Қауіпсіздік клапаны бар түтікті
ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып ажыратыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
• Құрылғыны тек уәкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты жұмыстарды орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін: – Ашаны розеткадан ағытыңыз. – Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл балалар мен үй жануарлары құрылғыға кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
– Құрылғыны жергілікті қоқыс
тастайтын жерге тастаңыз.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
electrolux 5
Назарыңызда болсын! Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті және тоттандыруы мүмкін !
• Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
•Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дәрігерге хабарласыңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
1
2
3
4
• Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және көзіңізді сумен шайыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін ашық қалдырмаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана толтырыңыз.
9
8
7
5
1 Үстіңгі себет 2 Су кермектігі тетігі 3 Тұз сауыты 4 Жуғыш зат үлестіргіші 5 Шайғыш зат үлестіргіші 6 Техникалық ақпарат тақтайшасы 7 Сүзгілер 8 Астыңғы бүріккіш түтік 9 Үстіңгі бүріккіш түтік
Көрінетін сигнал
• Жуу бағдарламасы басталған кезде, құрылғы есігінің астыңғы жағынан
6
қызыл сигнал көрінеді. Қызыл сигнал жуу бағдарламасы аяқталғанша жанып тұрады.
• Жуу бағдарламасы аяқталған кезде, құрылғы есігінің астыңғы жағынан жасыл сигнал көрінеді.
• Құрылғыда ақау пайда болған кезде, құрылғы есігінің астыңғы жағында қызыл сигнал жыпылықтайды.
Құрылғыны ас үй жиһазымен деңгейлестіріп, биіктете орнатқан жағдайда, оптикалық сигнал көрінбейді.
6 electrolux
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Басқару құралдары басқару панелінің үстінде орналасқан. Басқару құралдарымен басқару
үшін құрылғының есігін ашыңқырап ұстаңыз.
6
1
2
4
3
5
7 8
9
1 Қосу/өшіру түймешігі 2 Бейнебет 3 Кешіктіріп бастау түймешігі 4 Бағдарлама түймешігі (төмен) 5 Бағдарлама түймешігі (жоғары) 6 Қуат үнемдеу түймешігі 7 Multitab түймешігі 8 Reset түймешігі 9 Индикатор шамдары
Индикатор шамдары
Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде
1)
1)
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті индикатор шамдары жанбайды.
Қосу/өшіру түймешігі Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
осы түймешікті басыңыз. Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін он минут өткеннен кейін, Auto Off функциясы құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
Бейнебет Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
• Су жұмсартқыштың электрондық
тәсілмен бапталған деңгейі
• Шайғыш зат үлестіргішін қосу және
сөндіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда ғана)
• Жуу бағдарламасының нөмірі
• Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін
қалған уақыт
жанады. Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс әсер етпейді.
Шайғыш зат индикаторы. Бұл индикатор шайғыш зат сауытын толтыру қажет болған кезде жанады.
"Соңы" индикаторы. Бұл индикатор жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады.
• Жуу бағдарламасының аяқталуы (бейнебетте нөл көрсетіледі)
• Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы
• Ескерту кодтары
•Дыбысты сигналдардың қосылуы мен сөндірілуі.
Бағдарлама түймешіктері Жуу бағдарламасын орнату үшін осы
түймешіктердің бірін қайта-қайта басыңыз. Түймешікті әр басқан сайын бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі көрсетіледі. 'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Қуат үнемдеу түймешігі Бұл функция кептіру сатысында
температураны азайтады. Қуатты тұтыну 25% пайызға азаяды.
electrolux 7
Бағдарлама аяқталғаннан кейін құрылғының есігін ашқан кезде ыдыстар су болуы мүмкін. Есікті ашып, ыдыстарды кептіруді ұсынамыз. Функцияны іске қосу үшін осы түймешікті басыңыз. Тиісті индикатор жанады.
Көп қоындылы түймешік Көп қойынды функциясын белсендіру
немесе ажырату үшін осы түймешікті басыңыз. "Көп қойындылы функциясы" бөлімін қараңыз.
Reset түймешігі Орындалып тұрған бағдарламаны
біржола тоқтату үшін осы түймешікті басыңыз
Параметрлерді орнату режимі Мына әрекеттерді орындау үшін
құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс:
• Жуу бағдарламасын орнату және бастау үшін.
• Кешіктіріп бастау бағдарламасын орнату және бастау үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін.
• Шайғыш зат үлестіргішті қосу не өшіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда ғана) үшін.
• Дыбыстық сигналдарды сөндіру немесе қосу үшін.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде тұрады:
• Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы пайда болса.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде тұрмайды.
• Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау циклінің уақыты көрсетіледі.
– Параметрлерді орнату режиміне
қайту үшін жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Дыбыстық сигналдар Дыбыстық сигналдар келесі жағдайда
естіледі:
• Жуу бағдарламасы аяқталғанда.
• Су жұмсартқыштың деңгейі электрондық тәсілмен бапталғанда.
•Құрылғыда ақау бар кезде.
Зауытта орнатылған параметрлер: қосулы.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (4) және (5) түймешігін, (3), (4) және
(5) түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. (4) және (5) түймешігін босатыңыз.
5. (5) түймешігін басыңыз,
• (3) және (4) түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
• (5) түймешігінің индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Бейнебетте дыбыстық сигналдар параметрі көрсетіледі.
Дыбыстық сигналдар қосулы.
Дыбыстық сигналдар сөндірулі.
6. Параметрді өзгерту үшін (5) түймешігін басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Дыбыстық сигналдарды қайта қосу үшін (1) бастап (7) дейінгі қадамдарды орындаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
8 electrolux
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай жуу бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз. Егер құрама жуғыш таблеткаларды
('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз, multitab функциясын қолданыңыз ('Multitab функциясы' тарауын қараңыз).
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді. Бұндай минералдар мен тұздар құрылғыға нұқсан келтіреді. Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай
Судың кермектігі
Неміс градусы
(dH°).
51 - 70 91 - 125 9,1 - 12,5 64 - 88
43 - 50 76 - 90 7,6 - 9,0 53 - 63
37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52
29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45
23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35
19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27
15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4 11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0,7 < 5
1) Зауытта орнатылған параметр.
2) Осы деңгейде тұрса тұзды қолданбаңыз.
Француз
градусы (°TH).
Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен реттеуіңіз қажет.
Қолмен реттеу Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші
орынға (кестеге қараңыз) қойыңыз.
келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласып біліңіз.
Судың кермектігін
ммоль/л Кларк
градусы
қолмен электр
2
2
2
2
2
2
1
реттеу
1)
1)
1)
1)
1)
1)
2)
ондық тәсілм
ен
10
9
8
7
6
1)
5
2)
1
Электрондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
20
30
M
A
X
1
2
3
4
+
-
electrolux 9
3. (4) және (5) түймешігін, (3), (4) және (5) түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. (4) және (5) түймешігін босатыңыз.
5. (3) түймешігін басыңыз,
• (4) және (5) түймешіктерінің
индикаторлары сөнеді.
• (3) түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
• Дыбыстық сигналдар естіледі.
• Бейнебетте су жұмсартқыштың параметрі көрсетіледі (мысалы:
және дыбыстық сигнал
естіледі = 5-ші деңгей).
6. Параметрді өзгерту үшін (3) түймешігін қайта-қайта басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Су жұмсартқыш электрондық тәсілмен 1-ші мәнге қойылса, тұз индикаторы сөнген қалпы тұрады.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
Тұз сауытын қалай толтыру керек:
1. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең алғаш рет тұз салғанда) құйыңыз.
3. Тұз сауытына тұз салу үшін құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды тазалаңыз.
5. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытымен бұрап жабыңыз.
Тұз сауытына тұз салған кезде, одан су төгіледі, бұл дұрыс.
ЖУҒЫШ ЖӘНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ
1
2
7
3
4
6
Тазалау бұйымдарын қолдану
Қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш зат өндірушісінің жуғыш заттың орамында көрсеткен нұсқауларын орындаңыз.
Шайғыш зат үлестіргішті қалай толтыру керек:
1.
Жуғыш зат үлестіргіштің ашу үшін
7
түймешікті басыңыз.
2. Жуғыш затты үлестіргішке салыңыз .
5
1
3. Жуу бағдарламасының алдын ала
жуу циклі бар болса, құрылғы есігінің ішкі бетіне жуғыш заттан аз ғана салыңыз.
2
оны босататын
қақпағын
10 electrolux
4. Құрама жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат
үлестіргішіне салыңыз
5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше басыңыз.
Жуғыш таблеткаларды қолданған кезде ұзақ жуу бағдарламаларын қолданыңыз. Себебі қысқа жуу бағдарламалары таблеткаларды толық еріте алмайды және жуу нәтижесін төмендетеді.
Шаю бұйымдары
Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай кептіруге мүмкіндік береді. Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю циклі кезінде шайғыш затты автоматты түрде қосады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1.
Шайғыш зат үлестіргіштің қақпағын ашу үшін 5 босататын
түймешікті басыңыз.
.
1
6
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған. Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да жуғыш заттар болады. Бұл таблеткалардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш құралдардың орамындағы нұсқауларға қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз. Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды. Multitab функциясы тұз бен шайғыш зат индикаторларын сөндіреді. Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз не өшіріңіз. Жуу бағдарламасы жұмыс жасап тұрған кезде, функцияны қосып не өшіре алмайсыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішті затпен толтырыңыз. 'max' таңбаламасы ең үлкен мәнді көрсетеді.
3. Жуу бағдарламасы орындалған кезде, төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалап алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Қақпағын өз орнына түскенше басыңыз.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін белгілеңіз
Зауытта мына мән орнатылған: 3. Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең аз) және 4 (ең көп) мәндерінің біріне қоюға болады.
Шайғыш заттың мөлшерін немесе азайту үшін шайғыш зат тетігін бұраңыз.
Multitab функциясын қосу
• Multitab түймешігін басыңыз, multitab
индикаторы жанады. Функция қосулы. – Multitab функциясын орнатсаңыз,
ол қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке пайдалану үшін
1. Multitab түймешігін басыңыз, multitab индикаторы сөнеді. Функция сөнеді.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Судың кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай орындаңыз.
5. Жуу бағдарламасы аяқталған кезде, су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
шайғыш
3
көбейту
4
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
'Құрылғыны толтыру RealLife тәсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
• Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда, олардың барлық жеріне су тиетініне көз жеткізіңіз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Пластик заттар мен жабысқақ емес қаптамасы бар ыдыстарға су тамшылары тұрып қалуы мүмкін.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Жуу бағдарламасын кешіктіріп бастау функциясынсыз бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
• Бейнебетте бағдарлама нөмірі
жыпылықтайды.
3. Егер қажет болса, қуатты үнемдеу функциясын орнатыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын бастау
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын, қажет болса қуатты үнемдеу функциясын орнатыңыз.
4. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайа-қайта басыңыз.
• Бейнебетте кешіктіріп бастау
уақыты жыпылықтайды.
• Кешіктіру индикаторы қосылады.
5. Құрылғы есігін жапқан кезде кері санақ автоматты түрде басталады.
Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері санақ тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
«Кешіктіріп бастау» функциясын болдырмау
Құрылғы есігі ашық тұрса, кері санақ басталмайды
1. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте сан жыпылықтайды.
2. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Құрылғы есігі жабылса, кері санақ орындалады
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Сан бірнеше секунд жыпылықтап
тұрады да, содан кейін бейнебетте
electrolux 11
12 electrolux
жуу бағдарламасының уақыты көрсетіледі.
3. Құрылғы есігін жабыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.
– Жуу бағдарламасы тоқтайды.
• Құрылғы есігін жабыңыз.
– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен
бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату Егер жуу бағдарламасы басталмаса,
параметрді өзгертуіңізге болады. Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде параметрді өзгерту үшін бағдарламаны біржола тоқтату керек.
• Reset түймешігін бейнебетте екі
көлденең жолақ пайда болғанша басыңыз.
Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
Бағдарлама Ластану
1
1)
2 Қатты
3
2)
4
3)
5 Шамалы
түрі
Барлығы Фарфор
ластанған
Жаңа ластанған
Қалыпты ластанған
ластанған
Ыдыс-аяқтың
түрі
ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Жуу бағдарламасының соңы Жуу бағдарламасы аяқталған кезде,
үзік-үзік дыбысты сигнал естіледі.
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
• "Соңы" индикаторы қосылады
• Бейнебетте нөл көрсетіледі.
2. Құрылғыны сөндіріңіз.
3. Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін құрылғы есігін бірнеше минут ашып қойыңыз.
Себеттердегі ыдыс-аяқтарды алыңыз
•Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан
суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан
кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне
су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез салқындайды.
Бағдарлама
сипаттамасы
Алдын ала жуу Жуу 45 °C не 70 °C Шаю циклдары Құрғату
Алдын ала жуу Жуу 70 °C Шаю циклдары Құрғату
Жуу 60 °C Шаю
Алдын ала жуу Жуу 50 °C Шаю циклдары Құрғату
Жуу 55 °C Шаю циклдары
Қуатты үнемдеу
функциясы
Иә, әсер етеді
Иә, әсер етеді
Иә, әсер етпейді
Иә, әсер етеді
Иә, әсер етпейді
electrolux 13
Бағдарлама Ластану
6 Қалыпты
7 Бұл бағдарламаны
1) Құрылғы себеттердегі заттардағы ластықтың түрі мен мөлшерін анықтай алады. Ол температураны, судың мөлшерін, қуат параметрі мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
2) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
3) Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. Сынақ деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.
түрі
не шамалы ластанған
ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың ыдыстарға жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығаруына жол бермейді. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Ыдыс-аяқтың
түрі
Осал ыдыс­аяқ пен шыны ыдыс
Бағдарлама
сипаттамасы
Жуу 45 °C Шаю циклдары Құрғату
Шаю Иә, әсер етпейді
Қуатты үнемдеу
функциясы
Иә, әсер етеді
Тұтыну мәндері
Бағдарлама Бағдарлама уақыты
(минут)
1 70 - 130 0,7 - 1,3 8 - 16
2 120 - 130 1,1 - 1,2 12 - 13
Қуат (кВт/с) Су (литр)
3 30 0,8 8
4 160 - 170 0,7 - 0,8 8 - 9
5 40 - 50 0,8 - 0,9 9 - 10
6 60 - 70 0,6 - 0,7 10 - 11
7 12 0,01 3
Бұл мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының
ауытқуы және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
14 electrolux
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді алу және тазалау Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нәтижесін
төмендетеді. Бұл сүзгілер көп күтімді талап етпесе де, оларды мезгіл-мезгіл тексеріп, қажет болса, тазалап отыруды ұсынамыз.
1. (A) сүзгісін сағат бағытына қарсы
бұрап, (B) сүзгісінен алыңыз.
B
A
4. (A) сүзгісінің екі бөлігін өзара біріктіріңіз де, үстінен басыңыз. Олардың бір-біріне дұрыс кірігіп орналасқанына көз жеткізіңіз.
5. (B) сүзгісін алыңыз.
6. (B) сүзгісін сумен әбден жуыңыз.
7. (B) сүзгісін әдепкі орнына қойыңыз. Сүзгінің екі бағыттағыштың (C) арасына дұрыс кірігіп орналасқанына көз жеткізіңіз.
C
2. (A) сүзгісі екі бөліктен тұрады. Сүзгіні ағытып алу үшін оларды бір-бірінен ажыратыңыз.
3. Бөліктерін сумен әбден тазалаңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады. Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
8. (A) сүзгісін (B) сүзгісіндегі орнына қойыңыз. (A) сүзгісін сағат бағытымен бекітілгенше бұраңыз.
Бүріккіш түтіктерді тазалау Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
Құрылғының сыртын тазалау Құрылғының сыртын және басқару
панелін дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон) пайдаланбаңыз.
Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте ескерту кодтары көрсетіледі:
- Ыдыс жуғыш машинаға су
құйылмай тұр
- Құрылғының суы төгілмейді
electrolux 15
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын! Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Дұрыс жұмыс істемеу Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Құрылғыға су құйылмай тұр. Су құйылатын шүмек
Судың қысымы тым төмен. Жергілікті сумен жабдықтау
Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті ашыңыз. Су құятын түтіктегі сүзгі
Су құятын түтік дұрыс
Су құятын түтік бүлінген. Су құятын түтіктің еш жерінің
Құрылғыдан су ақпай тұр. Раковинаның түтікшесі
Су төгетін түтік дұрыс
Су төгетін түтік бүлінген. Су төгетін түтіктің еш жерінің
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Жуу бағдарламасы басталмайды.
Қуат ашасы розеткаға
Сақтандырғыш блогындағы
Кешіктіріп бастау функциясы
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады. Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бейнебетте белгісіз ақаулық кодтары пайда болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
бітелген немесе оған қақ тұрған.
бітеліп қалған.
жалғанбаған.
бітеліп қалған.
жалғанбаған.
Судың шүмегін жабыңыз да,
Құрылғының есігі ашық тұр. Құрылғы есігін жабыңыз.
сұғылмаған.
сақтандырғышқа нұқсан келген.
орнатылған.
Мына деректі жазып қойыңыз: –Үлгі
(MOD.) ...................................................
.....
– Құрылғының нөмірі
(PNC) ..........................................
– Сериялық нөмірі
(S.N.) ..............................................
Су құятын шүмекті тазалаңыз.
мекемесіне хабарласыңыз.
Сүзгіні тазалаңыз.
Түтіктің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
бүлінбегенін тексеріңіз. Раковинаның түтікшесін
тазалаңыз. Түтіктің дұрыс жалғанғанын
тексеріңіз.
бүлінбегенін тексеріңіз.
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
• Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатыңыз.
• Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Қызмет көрсету орталығына қажетті деректер техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
16 electrolux
Жуу мен құрғату нәтижелері қанағаттанарлықтай емес.
Ақаулық Ықтимал себебі Ықтимал шешімі
Ыдыс-аяқ таза емес. Жуу бағдарламасы
Себеттерге ыдыс-аяқтар
Бүріккіш түтіктер еркін
Сүзгілер ластанған немесе
Жуғыш зат өте аз салынған
Ыдыс-аяққа әк түйіршіктері тұрып қалған.
Су жұмсартқыштың деңгейі
Тұз сауытының қақпақшасы
Ыдыс-аяқ пен стакандар айғыз-айғыз, оларға ақшыл жолақтар түскен не беті көкшіл тартқан.
Стакандар мен ыдыста кепкен су тамшысының ізі қалған.
Бұның себебі жуғыш
Ыдыс-аяқ кеппеген. Жуу бағдарламасында
Ыдыс-аяқ кеппеген және түсі ашылмаған.
Multitab функциясы қосулы
Шайғыш зат үлестіргішін қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
салынған ыдыс-аяқтың түріне және ластану дәрежесіне сай емес.
дұрыс салынбаған, су олардың барлық жеріне жетпейді.
айнала алмайды. Заттар себеттерге дұрыс салынбаған.
дұрыс құрастырылып, орнатылмаған.
немесе мүлде салынбаған.
Тұз сауыты босап қалған. Тұз сауытына ыдыс жуғыш
дұрыс орнатылмаған.
дұрыс жабылмаған. Шайғыш зат тым көп
мөлшерде қолданылған.
Шайғыш зат тым аз мөлшерде қолданылған.
заттарға байланысты болуы мүмкін.
құрғату циклі болмаған немесе құрғату циклі шамалы орындалған.
Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
(бұл функция шайғыш зат үлестіргішін автоматты түрде ажыратады).
3. (4) және (5) түймешігін, (3), (4) және (5) түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
Салынған ыдыс-аяқтың түріне және ластану дәрежесіне сай жуу бағдарламасын таңдаңыз.
Себеттерге ыдыс-аяқтарды дұрыс салыңыз.
Ыдыс-аяқтар себеттерге дұрыс салынбағандықтан, бүріккіш түтіктердің дұрыс айнала алмай тұрғанын тексеріңіз.
Сүзгілердің таза екеніне, дұрыс құрастырылып, орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Жуғыш заттың жеткілікті мөлшерде салынуын қамтамасыз етіңіз.
машина тұзынан салыңыз. Су жұмсартқышты дұрыс
деңгейге қойыңыз. Тұз сауытының қақпақшасын
дұрыс жабыңыз. Шайғыш зат мөлшерін
азайтыңыз.
Шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.
Басқа фирманың жуғыш затын қолданыңыз.
Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіріңіз.
Loading...
+ 36 hidden pages