Electrolux ESL 4650 RO User Manual [ru]

ESL 4650RO
................................................ .............................................
KK ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛАРЫ
RU ПОСУДОМОЕЧНАЯ
МАШИНА
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ
19
UK ПОСУДОМИЙНА МАШИНА ІНСТРУКЦІЯ 37
2
www.electrolux.com
2
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
4. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз. Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Жалпы мағлұматтар менен кеңестер Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 3
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл­есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
1.2 Орнату
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
www.electrolux.com
4
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу
1.3 Қолданылуы
• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
• Өткір ұшты пышақтар мен ас
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу.
розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
аталған жерлерде қолдануға арналған: – Дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде – Фермадағы үйлерде – Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғынды жерлерде – Төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын! Жарақат алу, күйіп қалу, электр немесе өрт қаупі бар.
өзгертпеңіз.
құралдарының ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
соғылып қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
1.4 Ішкі шам
• Бұл құрылғының есікті ашқан кезде қосылып, есік жабылған кезде сөнетін ішкі шамы бар.
•Осы құрылғының ішіндегі шам бөлмені жарықтандыруға жарамайды.
• Шамды ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
1.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
11
ҚАЗАҚ 5
1
2
10
Үстіңгі бүріккіш түтік
1
Астыңғы бүріккіш түтік
2
Сүзгілер
3
Техникалық ақпарат тақтайшасы
4
Тұз сауыты
5
Су кермектігі тетігі
6
2.1 TimeBeam
8
7
9
6
3
4
5
Шайғыш зат үлестіргіші
7
Жуғыш зат үлестіргіші
8
Ас құралдары себеті
9
Астыңғы себет
10
Үстіңгі себет
11
TimeBeam - құрылғы есігінің астыңғы жағындағы еденнен көрінетін бейнебет.
• Бағдарлама басталған кезде бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.
• Бағдарлама аяқталған кезде 0:00 және CLEAN индикаторы жанады.
• Кешіктіріп бастау функциясы басталған кезде кері санақ пен DELAY жанады.
• Құрылғыда ақау пайда болған кезде ескерту коды жанады.
www.electrolux.com
6
3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1
Қосу/өшіру түймешігі
1
Бейнебет
2
Delay сенсорлық түймешігі
3
Program сенсорлық түймешігі
4
MyFavourite сенсорлық түймешігі
5
Индикатор
Сипаттама
шамдар
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде бұл индикатор үнемі сөніп тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде бұл индикатор үнемі сөніп тұрады.
4. БАҒДАРЛАМАЛАР
Бағдарлама Ластану дәрежесі
1)
P1
3)
P2
4)
P3
5)
P4
Кірдің түрі Қалыпты ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдары
Барлығы Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Аралас ластық Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Қатты ластанған Фарфор ыдыс, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
3
2
6
7
8
9
5
4
TimeSaver сенсорлық түймешігі Multitab сенсорлық түймешігі AutoOpen сенсорлық түймешігі Индикатор шамдар
Бағдарлама циклдар
Алғшқы жуу Жуу 50 °C Шаю циклдары Құрғату
Алғшқы жуу Жуу 45 °C градустан 70 °C дейін Шаю циклдары Құрғату
Алғшқы жуу Жуу 50 °C және 65 °C Шаю циклдары Құрғату
Алғшқы жуу Жуу 70 °C Шаю циклдары Құрғату
6 7
9
8
Функциялар
TimeSaver AutoOpen
TimeSaver
TimeSaver
2)
Reset
3 sec
ҚАЗАҚ 7
Бағдарлама Ластану дәрежесі
Кірдің түрі
P5 Қалыпты ластанған
Фарфор ыдыс-аяқ
Бағдарлама циклдар
Жуу 55 °C Шаю циклдары
Функциялар
пен ас құралдары
P6
6)
Жаңа ластанған Фарфор ыдыс-аяқ
Жуу 60 °C Шаю
пен ас құралдары
7)
P7
1)
Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
2)
TimeSaver функциясын AutoOpen қосулы тұрғанда таңдай алмайсыз. TimeSaver функциясын орнатқыңыз келсе, AutoOpen функциясын сөндіріңіз.
3)
Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады. Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу шамасы мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.
4)
Осы бағдарламамен әр түрлі ластанған ыдыстардағы жууға болады. Астыңғы себеттегі жоғары температура мен судың қысымы, қатты ластанған ыдыстарды жууға (мысалы, кәстрөлдер мен табалар) арналған. Үстіңгі себеттегі жоғары температура мен судың қысымы, қалыпты ластанған ыдыстарды жууға (мысалы, шыны ыдыстар) арналған.
5)
Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада шаю циклы бар. Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C градуста тұрады.
6)
Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
7)
Бұл бағдарламаны ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың ыдыстарға жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Барлығы Алғшқы жуу
Пайдалану көлемі
Бағдарлама
1)
Ұзақтық (мин)
Қуат (кВт)
Су (л)
P1 177 0.62 8.1
P2 40 - 150 0.5 - 1.1 6 - 11
P3 130 - 140 1.0 - 1.1 12 - 13
P4 130 - 150 1.1 - 1.2 10 - 11
P5 50 - 60 0.9 - 1.0 7 - 8
P6 30 0.8 7
www.electrolux.com
8
Бағдарлама
1)
P7 14 0.1 3
1)
Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және ыдыс­аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
Сынақ институттарына арналған ақпарат Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз. info.test@dishwasher-production.com Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
Параметрлерді бағдарламаны бастамай тұрып іске қосыңыз немесе сөндіріңіз. Параметрлерді бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше параметрлер орнатылса, тиісті индикаторлардың бағдарламаларды бастамай тұрып қосылғанына көз жеткізіңіз.
5.1 MyFavourite
Осы функцияның көмегімен жиі пайдаланылатын бағдарламаны орнатуға және жадыға сақтауға болады.
Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны ғана сақтауға болады. Жаңа параметр алдыңғы параметрді өшіреді.
Бағдарламаны қалай сақтауға болады
1. Сақтағыңыз келген бағдарламаны орнатыңыз. Бағдарламада пайдалануға болатын функцияларды да орнатуға болады. Delay функциясын сақтау мүмкін емес.
2. MyFavourite түймешігін тиісті индикатордың шамы тұрақты жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
MyFavourite бағдарламасын қалай орнату керек
1. MyFavourite түймешігін басыңыз. MyFavourite бағдарламасына және функцияларына қатысты индикаторлар жанады.
Ұзақтық (мин)
Қуат (кВт)
• Бейнебетте бағдарламаның нөмірі және ұзақтығы көрсетіледі.
Су (л)
5.2 TimeSaver
Бұл функция судың қысымы мен температурасын көбейтеді. Жуу және кептіру циклдары қысқарақ болады. Бағдарламаның жалпы уақыты шамамен 50% пайызға азаяды. Жуу нәтижесі қалыпты уақытты бағдарламаны пайдаланғанмен бірдей. Кептіру нәтижелері төмендейді.
TimeSaver функциясын іске қосу
1. TimeSaver түймешігін басыңыз. Тиісті индикатор жанады. Бейнебетте бағдарлама ұзақтығының мәні жаңартылып көрсетіледі.
• Егер бұл параметр бағдарламада
жұмыс істемесе, тиісті индикатор 3 рет жылдам жыпылықтайды да, содан кейін сөнеді.
5.3 Multitab
Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды қолданғанда ғана іске қосыңыз. Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөніп тұрады. Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
1. Multitab түймешігін басыңыз, тиісті индикатор жанады.
Егер аралас таблетканы қолдануды тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен
ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге қойыңыз.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің толы екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай және ыдыс салмай орындаңыз.
4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.
5.4 Дыбыстық сигналдар
Құрылғыда ақау пайда болған кезде немесе су жұмсартқыштың деңгейін реттеген кезде дыбыстық сигнал естіледі. Бұл дыбыстық сигналдарды өшіріп қоюға болады. Бағдарлама аяқталған кезде де дыбыстық сигнал естіледі. Әдетте бұл дыбыстық сигнал сөніп тұрады, бірақ оны қосуға болады.
Бағдарлама аяқталған кезде естілетін дыбыстық сигналды қалай қосуға болады
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны орнату және бастау" тарауын қараңыз.
2. Program және MyFavourite түймешігін Delay, Program, MyFavourite және
ҚАЗАҚ 9
TimeSaver индикаторлары жыпылықтай бастағанша бірге басып ұстап тұрыңыз.
3. MyFavourite түймешігін басыңыз.
• Delay, Program және TimeSaver индикаторлары сөнеді.
• MyFavourite индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
Дыбыстық сигнал қосулы.
Дыбыстық сигнал сөндірулі.
4. Параметрді өзгерту үшін MyFavourite түймешігін басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіру және параметрді растау үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз.
5.5 AutoOpen
Бұл функция қуатты аз пайдаланып, жақсы кептіру нәтижелеріне қол жеткізуге көмектеседі. Бұл функция P1 бағдарламасын орнатқан кезде автоматты түрде іске қосылады. AutoOpen индикаторы жанады. Бұл функцияны басқа бағдарламаларда орнату мүмкін емес.
• Кептіру циклы жұмыс жасап тұрған кезде, тетік құрылғының есігін ашып, оны ашыңқырап ұстап тұрады.
• Бағдарламаның соңында тетік пен құрылғының есігі тартыла бастайды. Құрылғы автоматты түрде сөнеді.
Сақтандыру туралы ескерту! Тетік құрылғының есігін ашып ұстап тұрған кезде, құрылғының есігін жаппауға тырысыңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Егер AutoOpen функциясын сөндіргіңіз келсе, AutoOpen түймешігін басыңыз. Тиісті индикатор сөнеді. Бұндай жағдайда бағдарлама пайдаланатын қуаттың мөлшері көбейе түседі.
www.electrolux.com
10
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
6.1 Су жұмсартқышты реттеу
Судың кермектігі
Германия
градусы
(°dH)
Франция
градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк
градусы
47 - 50 84 - 90 8.4. - 9.0 58 - 63
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 1 4 11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 1 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 1 2
< 4 < 7 < 0.7 < 5
1)
Зауытта орнатылған параметр.
2)
Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Су жұмсартқышты қолмен және электрондық тәсілмен реттеу қажет.
Су жұмсартқыш
Қолдан Электр
2
2
2
2
2
2
1
реттеу
1)
1)
1)
1)
1)
1)
2)
онды
тәсілме
н
10
9
8
7
6
1)
5
2)
1
Қолмен реттеу
Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-ші орынға бұраңыз.
Электрондық жолмен реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны орнату және бастау" тарауын қараңыз.
2. Program және MyFavourite түймешігін Delay, Program, MyFavourite және TimeSaver индикаторлары жыпылықтай бастағанша бірге басып ұстап тұрыңыз.
3. Delay түймешігін басыңыз.
• Program, MyFavourite және TimeSaver
индикаторлары сөнеді.
6.2 Тұз сауытын толтыру
ҚАЗАҚ 11
• Delay индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Дыбыстық сигнал іске қосылады; бес рет үзік-үзік сигнал естілсе = 5-ші деңгей.
• Бейнебетте су жұмсартқыштың параметрі көрсетіледі, мысалы,
5-ші деңгей.
4. Параметрді өзгерту үшін Delay түймешігін қайта-қайта басыңыз.
5. Құрылғыны сөндіру және параметрді растау үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз.
1.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ашыңыз.
2.
Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз (ең алғаш қолданғанда ғана).
3.
Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
4.
Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды тазалаңыз.
5.
Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің бағытымен бұрап жабыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.
=
www.electrolux.com
12
6.3 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру
1.
A
B
D
(D) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2.
Шайғыш зат үлестіргішін (A) толтырыңыз, 'max' деңгейінен асырмаңыз.
3.
Төгіліп қалған шайғыш зат қатты көпіршімес үшін сіңіргіш шүберекпен тазалаңыз.
4.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
C
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
Үлестіру мөлшерін реттеу тетігін (B) 1 (ең аз мөлшер) және 4 немесе 6 (ең
A
B
A
X
M
2
1
3
4
+
-
көп мөлшер) аралығына қоюға болады.
C
D
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны орнату және бастау" тарауын қараңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса,
шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
• Егер аралас жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, Multitab функциясын қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс орнатыңыз да, іске қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
30
20
M
A
X
1
2
3
4
+
-
2
0
0
3
B
A
D
C
B
A D
C
ҚАЗАҚ 13
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C) ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Егер бағдарламаның алдын ала жуу циклі бар болса, (D) бөлігіне жуғыш заттан аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A) салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына көз жеткізіңіз.
7.2 Бағдарламаны орнату және бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін, құрылғыны келесі жағдайларда бірнеше минуттан кейін автоматты түрде сөндіреді:
• Бағдарламаны бастау үшін есікті жаппасаңыз.
• Бағдарлама аяқталғанда.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарламаны орнатыңыз. Орнатқыңыз келген бағдарламаның нөмірі және уақыты бейнебетте тұрақты көрсетілгенше Program түймешігін қайта-қайта басыңыз. Қаласаңыз, тиісті функцияларды орната аласыз.
Параметрлерді орнату режимі
Құрылғы кей параметрлер үшін параметрді орнату режимінде тұруға тиіс. Құрылғыны қосқаннан кейін бейнебетте P1 бағдарламасы көрсетілсе, құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұрады. Егер басқару панелінен бұны көрмесеңіз, Program және MyFavourite түймешігін бейнебетте P1 бағдарламасы пайда болғанша басып ұстап тұрыңыз.
• Егер MyFavourite бағдарламасын
орнатқыңыз келсе, MyFavourite түймешігін басыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама басталады. Бағдарламаның уақыты 1 минутқа тең қадаммен азая бастайды.
Кешіктіріп бастау функциясы бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
www.electrolux.com
14
2. Delay түймешігін бейнебетте орнатқыңыз
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
Program және MyFavourite түймешіктерін бейнебетте P1 бағдарламасы көрсетілгенше қатар басып ұстап тұрыңыз.
келген кешіктіріп бастау уақыты (1- 24 сағат) көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
• Бейнебетте бағдарламаның нөмірі, оның ұзақтығы және кешіктіріп бастау уақыты үзік-үзік көрсетіледі.
• Delay индикаторы жанады.
басталады.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама басталады.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатқан кезде бағдарлама мен функцияларды қайта орнату керек.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Program және MyFavourite түймешіктерін бейнебетте P1 бағдарламасы көрсетілгенше қатар басып ұстап тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде бейнебетте 0:00 көрсетіледі.
1. Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе Auto Off функциясының құрылғыны автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су
тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс­аяққа қарағанда тез салқындайды.
8. АҚЫЛ-КЕҢЕС
8.1 Су жұмсартқыш
Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі мүмкін минералдар өте көп мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды бейтарап етеді. Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды. Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.
8.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш
затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,
шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат
ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай құрғатуға көмектеседі.
• Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында
жуғыш зат, шайғыш зат және басқа қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің орамындағы нұсқауларды қараңыз.
• Жуғыш таблеткалар қысқа бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып қалмас үшін жуғыш таблеткаларды пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды қолдануды ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың орамындағы нұсқауларды қараңыз.
8.3 Себеттерді толтыру
Себеттерді толтыру мысалдары көрсетілген парақшаны қараңыз.
• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Күйіп жабысып қалған тағамды оңай тазалау үшін кәстрөлдер мен табаларды құрылғыға салмай тұрып, суға салып жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
ҚАЗАҚ 15
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.
8.4 Бағдарламаны бастау алдында
Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып тұрғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде қолданылғанын.
• Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш заттың (егер аралас жуғыш таблетканы қолданбасаңыз) бар екенін.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап жабылғанын.
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
9.1 Сүзгілерді тазалау
B
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді. Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.
1.
Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап алыңыз.
C
A
www.electrolux.com
16
A1
A2
2.
(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және (A2) бөліктерін ажыратыңыз.
3.
(B) сүзгісін алыңыз.
4.
Сүзгілерді сумен жуыңыз.
5.
(B) сүзгісін орнына салар алдында, сорғының ішінде немесе айналасында тағам қалдығының немесе қоқыстың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
6.
(B) сүзгісінің 2 бағыттағыштың астына (C) дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
7.
(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіне салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
9.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.
9.3 Сыртын тазалау
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады. Қызмет көрсету орталығына хабарласпай тұрып, ақаулықты шешуге қатысты ұсыныстарды орындаңыз. Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте ескерту кодтары көрсетіледі:
- Құрылғыға су құйылмай тұр.
Ақаулық Ықтимал шешімі Құрылғыны іске қоса алмасаңыз. Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа
Бағдарлама басталмай тұр. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
9.4 Ішін тазалау
Егер қысқа бағдарламаларды жиі пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май немесе әк жиналып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін ұзақ бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет қосып орындауды ұсынамыз.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Назарыңызда болсын! Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 17
Ақаулық Ықтимал шешімі Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып
тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ
аяқталғанша күтіңіз. Құрылғыға су құйылмай тұр. Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз. Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының
өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл
ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласып алыңыз. Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына
көз жеткізіңіз. Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз. Құрылғыдан су ақпайды. Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз. Тасқынға қарсы құрал қосулы. Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет көрсету
орталығына хаарласыңыз.
Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады. Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бейнебетте басқа ескерту кодтары көрсетілсе, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
10.1 Егер жуу және құрғату нәтижелері қанағаттанарлықтай болмаса
Стакандар мен ыдыстарда ақ жолақтар немесе көк дақтар пайда болған.
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылады. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және кепкен су тамшыларының ізі қалған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Бұл жуғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
Ыдыстар су болып тұр
• Кептіру циклы жоқ немесе төмен температурада кептіру циклы бар бағдарлама таңдалған.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
• Бұл аралас жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен аралас жуғыш таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.
Басқа ықтимал себептерді "АҚЫЛ­КЕҢЕС" тарауынан қараңыз.
10.2 Шайғыш зат үлестіргішін іске
қосу
Multitab функциясы іске қосылған кезде ғана шайғыш зат үлестіргішін қосуға болады.
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз, "Бағдарламаны орнату және бастау" тарауын қараңыз.
2. Program және MyFavourite түймешігін
Delay, Program, MyFavourite және
Loading...
+ 39 hidden pages