Electrolux ERN 93213 AW User Manual

ERN93213AW
KK Тоңазытқыш Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Холодильник Инструкция по эксплуатации 22 UK Холодильник Інструкція 43
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................6
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ............................................................................................8
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................... 9
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 10
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................12
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 15
10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ............................................................................................ 20
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................21
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
www.electrolux.com4
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғының айналасында ауа айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тоққа қосар алдында кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін қажет.
• Құрылғыны радиаторға немесе пештерге, тұмшапешке немесе пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
• Құрылғының артқы жағы қабырғаға қарап тұруға тиіс.
• Құрылғыны күннің жарығы тура түсетін жерге қоймаңыз.
• Құрылғыны аса дымқыл немесе өте суық, құрылыс алаңдары, гараж немесе шарап жерқоймасы тәрізді жерлерге орнатуға болмайды.
• Құрылғыны жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым келтірмеңіз (мысалы, ашасына, сымына, компрессорға). Электр бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет уәкілетті көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Қорек сымы ашаның деңгейінен төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр тоғының қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасағыш құрылғы) егер өндірушісі арнайы көрсетпесе, құрылғыға салуға болмайды.
• Салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз. Оның құрамында изобутон (R600a),
ҚАЗАҚ 5
қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте жоғары табиғи газ бар. Бұл тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым келсе, бөлмеде ешбір оттың жалыны және тұтануға себеп болатын көздердің болмауын қамтамасыз етіңіз. Бөлмені желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар ыстық.

2.4 Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге күтім көрсету және оны қайта толтыру жұмыстарын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының су төгетін түтіктерін уақытылы тексеріңіз, егер тазалау керек болса тазалаңыз. Су ағатын түтік бітелсе, еріген су құрылғының табанына жиналады.

2.5 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
1 2 3 4 5
A B C D E
F
www.electrolux.com6
• Балалар мен жануарлар құрылғы ішіне қамалып қалмас үшін есікті ағытып алыңыз.
• Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен изоляция материалдарының озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш газ бар. Құрылғыны

3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

3.1 Басқару панелі

қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу алмастырғышқа жақын орналасқан жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.
ON/OFF
1
Mode
2
Дисплей
3
Суығырақ температураға қою тетігі
4
Жылырақ температураға қою тетігі
5
Түймешіктердің алдын ала қойылған сигналдарын Mode және суығырақ

3.2 Дисплей

3.3 Іске қосу

1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлікті
таңдағаннан кейін жандану басталады Температураны таңдағаннан кейін жанданған белгі бірнеше минут жыпылықтайды.
температураға қою түймешіктерін бірнеше секунд бірге басып қатайтуға болады. Осыны қайта өзгертуге болады.
A) Тоңазытқыш температурасының
индикаторы
B) Holiday режимі C) Тоңазытқыштың Eco режимі D) Shopping режимі E) Ескерту индикаторы F) FreeStore режимі
2. Бейнебет сөніп тұрса, құрылғының
ON/OFF түймешігін басыңыз. Температура индикаторлары орнатылған әдепкі температураны көрсетеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.
Егер дисплейде "DEMO" пайда болса, "Ақаулықты түзету" тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 7

3.4 Сөндіру

ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз. Бейнебет сөнеді. Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін ашаны розеткадан суырыңыз.

3.5 Температураны реттеу

Температура тетіктерін басып құрылғының температурасын орнатыңыз. Әдепкі орнатылған температура:
• тоңазытқыш үшін +4°C Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды. Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады.

3.6 Holiday режимі

Бұл функция ұзақ демалысқа кеткен кезде жағымсыз иіс пайда болдырмай, тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға мүмкіндік береді.
Holiday режимі қосылғанда тоңазытқыш бөлік бос тұруға тиіс.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. Holiday индикаторы жанады. Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны көрсетеді.
2. Функцияны сөндіру үшін Mode
тетігін немесе басқа функцияны
таңдау үшін Mode тетігін арнайы
белгілердің ешқайсысы көрінбей
қалғанша басыңыз. Holiday индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде ажыратылады.

3.7 Shopping режимі

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес үшін Shopping функциясын іске қосуды ұсынамыз.
Shopping функциясы шамамен 6 сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше басыңыз.
Shopping индикаторы жанады.
2. Функцияны сөндіру үшін Mode
тетігін немесе басқа функцияны таңдау үшін Mode тетігін арнайы белгілердің ешқайсысы көрінбей қалғанша басыңыз.
Shopping индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде ажыратылады.

3.8 Eco режимі

Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін Eco режимін таңдаңыз.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. Температура индикаторы орнатылған температураны көрсетеді:
• тоңазытқыш: +4°C
2. Функцияны автоматты түрде
сөнбей тұрып сөндіру үшін
процедураны Eco индикаторы
сөнгенше қайталаңыз.
Функция басқа орнатылған температураны таңдаған кезде ажыратылады.

3.9 FreeStore режимі

1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
www.electrolux.com8
FreeStore индикаторы жыпылықтайды.
2. Басқа функцияны таңдау немесе
ешнәрсе таңдамау үшін Режим түймешігін басыңыз.
FreeStore функциясын іске қосқанда қуат көп мөлшерде пайдаланылады. Егер функция автоматты түрде іске қосылса, FreeStore индикаторы көрсетілмейді ("Әркүндік қолдану" тарауын қараңыз).

3.10 “Есік ашық” ескерту сигналы

Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің

4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

ашық тұрғандығы төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
• ескерту шамы жыпылықтайды
• дыбыстық сигнал Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда) дыбыстық сигнал өшеді.
Ескерту сатысында ескерту түймешігін басып ескерту сигналын сөндіруге болады.

4.1 Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдалану алдында, іші мен барлық ішкі керек­жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.

5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Есіктің сөрелерін орналастыру

Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі биіктікке қоюға болады.
1. Сөрені көрсеткі бағытымен
біртіндеп орнынан алынғанша тартыңыз.
2. Қажетінше басқа деңгейге
салыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.

5.2 Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қалауыңызша орналастыруға арналған бірнеше бағыттауыш бар.
Орынды тиімді пайдалану үшін
A
B
алдыңғы жарты сөрелерді (A) артқы сөрелердің астына қоюға болады. (B)
Ауаның дұрыс айналуын қамтамасыз ету үшін, көкөніс салынатын тартпаның бетіндегі шыны сөрені алмаңыз.

5.3 Ылғалдылықты басқару

Шыны сөре көкөніс салынатын сөре(лер)дің ылғалдылығын реттеуге мүмкіндік беретін саңылаулары (сырғыма тетіктің көмегімен реттелетін) бар құралмен жабдықталған.
ҚАЗАҚ 9
жеміс пен көкөніс тартпасына салынған тағамның құрамындағы табиғи ылғалдылық ұзағырақ сақталады.
Желдету саңылаулары ашық тұрған кезде:
ауа көбірек айналып тұрса, жеміс пен көкөніс салынатын бөліктердегі ауаның ылғалдылығы төменірек болады.

5.4 FreeStore

Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам суытып, камера ішіндегі температураны барынша біркелкі ұстауға көмектесетін құралмен жабдықталған.
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен іске қосылады, мысалы есік ашылғаннан кейін немесе бөлме температурасы жоғары болған кезде температураны жылдам қалпына келтіреді.
Желдету саңылаулары жабық тұрған кезде:

6. АҚЫЛ-КЕҢЕС

6.1 Қалыпты жұмыс шуылы

Жұмыс істеп тұрған кезде келесі дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
Қажет болғанда құралды қолмен қосуға болады ("FreeStore режимі" тарауын қараңыз).
FreeStore құралы есік ашық кезде тоқтайды да, есік жабылғаннан кейін дереу іске қосылады.
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және сылдырдың дыбысы естіледі.
www.electrolux.com10
• Қызудың әсерінен пайда болатын дилатацияға (табиғи және қауіпті емес физикалық құбылыс) байланысты құрылғының ішінде кенет пайда болатын сырт-сырт еткен дыбыс.
• Компрессор қосылғанда немесе сөндірілгенде температураны реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі мүмкін.
6.2 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
• Егер аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз.
6.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
• жылы тағамды немесе буы бұрқырап тұрған сұйықтарды тоңазытқышқа қоймаңыз
• әсіресе иісі күшті шығатын тағамдардың бетін жабыңыз немесе орап қойыңыз
• тағамдарды ауа еркін айнала алатын етіп орналастырыңыз
6.4 Тоңазытуға қатысты ақыл­кеңес
Пайдалы кеңес:
• Ет (барлық түрі) : полиэтилен таспаға орып, көкөніс тартпасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
• Сақтық шарасын орындау үшін тағамды осылайша бір немесе ең көбі екі күн ғана сақтаңыз.
• Піскен тағамдар, салқын тағамдар, т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып, кез келген сөреге қоюға болады.
• Жемістер мен көкөністер: бұларды әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға салыңыз.
• Сары май және ірімшік: ауа өткізбейтін арнайы сауыттарға салып немесе ауаны мүмкіндігінше кіргізбеу үшін алюминий жұқалтырға не полиэтилен қалтаға орап салу керек.
• Шөлмектер: оларға қақпақ жауып, есіктің шөлмек сөресіне немесе шөлмек сөресіне (бар болса) сақтау керек.
• Банан, картоп, пияз және сарымсақ оралмаған болса, тоңазытқышта сақтау керек.

7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Жалпы ескертулер

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындау алдында, құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар; жөндеу және оны қайта толтыру жұмыстарын тек уәкілетті маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының керек­жарақтары мен бөлшектерін ыдыс жуғыш машинамен жууға болмайды.

7.2 Мерзімді тазалау

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға, қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.
ҚАЗАҚ 11
шығарылады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы мен компрессорды шөткемен тазалаңыз. Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға көмектеседі.

7.3 Тоңазытқыштың мұзын еріту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде

7.4 Құрылғыны қолданбаған кезде

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Егер құрылғыны қосып қалдыратын болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін, басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.
www.electrolux.com12

8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді.
Қуат ашасы розеткаға
Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр
Құрылғыдан шуыл шығады.
Көрінетін және естілетін сигналдар қосылып тұр.
Температура дисплейінде санның орнына тік төртбұрыш таңба көрсетіліп тұр.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
дұрыс сұғылмаған.
Құрылғы дұрыс орнықпаған.
Құрылғы жақында ғана қосылған немесе температурасы тым жоғары.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.
Есік ашық қалған. Есікті жабыңыз.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.
Температура сенсорына қатысты ақаулық.
тұр.
Ашаны розеткаға дұрыстап сұғыңыз.
құрылғысын қосып көріңіз. Электрші маманға хабарласыңыз.
Құрылғының орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе білікті электршіге хабарласыңыз.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (салқындатқыш жүйе тағамды салқындатуын жалғастырады, бірақ температураны реттеу мүмкін емес).
Есікті жауып, қайта ашыңыз.
ҚАЗАҚ 13
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.
Бір мезгілде тым көп
Температура дұрыс орнатылған жоқ.
тағам қойылған.
"Іске пайдалану" тарауын қараңыз.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан кейін температурасын қайта тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы ауа­райы санатын қараңыз.
Құрылғыға тым жылы
тағамдар қойылған.
Тағамдарды бөлме температурасына дейін салқындатып алғаннан кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Компрессор Shopping тетігін басқаннан кейін немесе температураны
Shopping режимі қосылған.
Бұл қалыпты жағдай, ешқандай ақаулық жоқ.
"Shopping режимі" тарауын қараңыз.
Компрессор біраз уақыттан кейін жұмыс істей
бастайды. өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.
Су еденге ағады. Еріген су ағатын
Су ағатын түтікше бітеліп қалған.
Тағамдар судың коллекторға қарай ағуына бөгет жасайды.
түтікше, компрессордың үстіндегі буландырғыш
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдардың артқы
тақтаға тимейтінін
тексеріңіз.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
науаға қосылмаған.
www.electrolux.com14
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Температура орнатылмайды.
DEMO жыпылықтап көрсетіледі.
Құрылғының ішіндегі температура өте төмен/өте жоғары.
FastFreeze немесе Shopping режимі қосылған.
Құрылғы демо режимде тұр.
Температура тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
Азық-түліктердің температурасы өте жоғары.
Бір мезгілде тым көп тағам сақтауға қойылған.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса
Құрылғының ішінде суық ауа айналымы жоқ.
FastFreeze немесе Shop‐ ping функциясын қолмен сөндіріңіз немесе температураны орнату үшін функцияның өздігінен бастапқы қалпына келуін күтіңіз. "FastFreeze немесе Shopping режимі" тарауын қараңыз.
Mode түймешігін ұзақ сигнал естілгенше және дисплей шамалы сөнгенше шамамен 10 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Жоғарырақ/төменірек температураға қойыңыз.
қараңыз.
Азық-түліктің температурасын бөлме температурасына дейін азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде сақталатын азық-түліктер мөлшерін азайтыңыз.
ғана ашыңыз.
Құрылғы ішінде суық ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
Егер ақыл-кеңес күткен нәтиже бермесе, жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

8.2 Шамды ауыстыру

Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED ішкі жарықтама шамымен жабдықталған.
Жарықтандыру құралын сервис қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

8.3 Есікті жабу

1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

9. ОРНАТУ

5 cm
min. 200 cm
2
min. 200 cm
2
ҚАЗАҚ 15

9.1 Орналастыру

Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген, бөлме температурасы құрылғынының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген температураға сай келетін жерге орнату қажет:
Ауа-
Бөлме температурасы райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Осы ауқымнан тыс пайдаланған кезде кей үлгілерде кейбір функциональдық ақаулар пайда болуы мүмкін. Дұрыс температура ауқымында пайдаланғанда ғана жұмыстың дұрыс болатынына кепілдік беріледі. Құрылғыны орнататын жерді дұрыс анықтай алмасаңыз, сатушыға, сатып алушыға қызмет көрсету немесе жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

9.2 Электртоғына қосу

• Құрылғыны қуат көзіне қосу алдында үйдегі қуат көзінің техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиілікке сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат ашасы контактісімен бірге берілген. Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің розеткасы жерге тұйықталмаса, құрылғыны білікті электршіден кеңес алып, қолданыстағы
ережелерді орындай отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
• Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шаралары орындалмаса, өндіруші ешқандай жауапкершілік алмайды.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
9.3 Желдетуге қойылатын
талаптар
Құрылғының арт жағында ауа жақсы айналып тұруға тиіс.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Орнату және құрастыру нұсқауларын орындаңыз.
9.4 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
1. Үстіңгі білікше мен нығыздағышты
босатыңыз да, алыңыз.
www.electrolux.com16
2. Есікті алыңыз.
3. Астыңғы нығыздағышты алыңыз.
4. Астыңғы білікшені кілтпен
босатыңыз.
5. Қарама-қарсы жақтағы астыңғы
білікшені қатайтыңыз.
6. Аралық шектегішті орнатыңыз.
7. Есікті орнатыңыз.
8. Тығыздағыш пен үстіңгі шегені
қатайтыңыз.
Ең соңында төмендегілерді тексеріңіз:
• Барлық бұрандалардың қатайтып бұралғанын.
• Магнитті тығыздауыштың қаптамаға жабысқанын.
• Есіктің дұрыс ашылып­жабылатынын.
Егер бөлме температурасы салқын болса (мысалы, қыста), тығыздағыш корпусқа дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз. Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз келмесе, жақын жерде орналасқан уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктердің орнын төлемақыға ауыстырып береді.

9.5 Құрылғыны орнату

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Қорек сымын еркін жылжытуға болатынына көз жеткізіңіз.
1. Қажет болса, жабысқақ
тұмшалағыш таспаны кесіп алып, суретте көрсетілгендей құрылғыға жапсырыңыз.
x
x
Ø 2.5 mm
13 mm
1
3
2
1
2
44mm
4mm
ҚАЗАҚ 17
2. Құрылғыны Ø 2,5 мм бұрғысы бар
бұрғымен тесіңіз (тереңдігі ең көбі 10 мм).
3. Құрылғыға төртбұрыш тетіктерді
салыңыз.
6. Құрылғыны көрсеткілердің (2)
бағытымен, ас үй қаптамасының, топсаның қарсы жағында орналасқан жағына қарай итеріңіз.
7. Құрылғыны ұяға келтіріп
орналастырыңыз. Құрылғы мен ас үй қаптамасының алдыңғы жиегінің арасында 44 мм орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Астыңғы топсаның қақпағы (керек­жарақтар қалтасында) құрылғы мен ас үй қаптамасының арасындағы қашықтықтың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді. Құрылғы мен ас үй қаптамасының аралығында 4 мм орын қалуын қамтамасыз етіңіз.
8. Есікті ашыңыз. Астыңғы топсаның
қақпағын орнына қойыңыз.
4. Құрылғыны жиһаз ойығына
орнатыңыз.
5. Құрылғыны көрсеткі (1) бағытымен
үстіңгі саңылаудың қақпағы ас үй қаптамасына тірелгенше итеріңіз.
9. Құрылғыны жиһаз ойығына 4
бұрандамен бекітіңіз.
I
I
E
E
B
D
C
Hb Ha
Hc
Hd
ca. 50 mm
ca. 50 mm
21 mm
90°
90°
21 mm
www.electrolux.com18
10. Топса қақпағының (E) алынуға тиіс
бөлшегін дұрыс тауып алып қойыңыз. Оң жақ топсадан DX бөлшегін, егер сол жақ топса болса SX бөлшегін алуды ұмытпаңыз.
13. Топса қақпақтарын (E) топсаға
орнатыңыз.
14. Құрылғыны ас үй жиһазының
бүйіріне жанастырып қойыңыз.
15. (Ha), (Hb), (Hc) және (Hd)
бөлшектерін ағытыңыз.
16. (Ha) бөлшегін ас үй қаптамасының
ішкі жағына орнатыңыз.
11. Тесіктер мен топса саңылауларын
қақпақтармен (C, D) бітеңіз.
12. Желдеткіш саңылаудың торкөзін
(B) орнатыңыз.
17. (Hc) бөлшегін (Ha) бөлшегінің
үстіне қойып итеріңіз.
Ha
Hc
18. Құрылғының есігі мен ас үй
Ha
Hb
8 mm
Ha
K
8 mm
Hb
Hb
Hd
қаптамасының есігін 90° градус бұрыш жасай отырып ашыңыз.
19. Кішкене текшені (Hb)
бағыттағышқа (Ha) салыңыз.
20. Құрылғы мен ас үй қаптамасының
есіктерін бірге ұстап тұрып, тесіктерін белгілеңіз.
ҚАЗАҚ 19
22. Кішкене текшені бағыттағышқа
қайта орналастырыңыз да, оларды берілген бұрандамен бекітіңіз.
23. Ас үй қаптамасының есігі мен
құрылғының есігін, (Hb) бөлшегін реттеу арқылы дұрыс қалыпқа келтіріңіз.
24. (Hd) бөлшегін (Hb) бөлшегіне
кіріктіре басыңыз.
21. Қапсырмаларды алыңыз да, есіктің
сыртқы қырынан шеге қадалатын жерге (K) дейін 8 мм қалдырыңыз да, белгілеңіз.
Ең соңында төмендегілерді тексеріңіз:
• Барлық бұрандалардың қатайтып бұралғанын.
• Тығыздағыш таспаның қаптамаға мықтап бекігенін.
• Есіктің дұрыс ашылып­жабылатынын.
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRR
R!
OK
CLICK!
CLICK!
SSSRRR!
SSSRRR!
BRRR!
BRRR!
HISSS!
HISSS!
www.electrolux.com20

10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
Loading...
+ 44 hidden pages