Electrolux ERN91400AW User Manual [ru]

ERN91400AW
ТОҢАЗЫТҚЫШ
KK
ХОЛОДИЛЬНИК
RU
ХОЛОДИЛЬНИК
UK
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ ІНСТРУКЦІЯ
www.electrolux.com
2
МАЗМҰНЫ
2
. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3 4
. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5 6
. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
7 8
. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
9
1
0. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
іздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Б
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
ww.electrolux.com
w
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
ww.electrolux.com/productregistration
w
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
ww.electrolux.com/shop
w
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Жалпы мағлұматтар менен кеңестер Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 3
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.
• Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
• Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
• Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі
құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.
1.2 Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Назарыңызда болсын!
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
• Бұл құрылғы тағамдар мен/немесе сусындарды үйде және сол сияқты басқа жерлерде сақтауға арналған, мысалы:
– дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге арналған ас бөлмелерінде;
– фермадағы үйлерде және қонақ
үйлерде, мотельдер мен басқа да тұрғынды жерлерде;
– төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде;
– қоғамдық тағам және сол сияқты бөлшек
сауда жасамайтын орындарда.
• Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
• Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
• Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
• Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса: – жалын от пен тұтату көздері болмауы
тиіс
www.electrolux.com
4
• Осы өнімді немесе оның сипаттарын
• Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде
• Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен
• Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
1.3 Күнделікті қолдану
• Құрылғының пластик бөліктеріне ыстық
• Тұтанғыш газ бен сұйықтықтарды
• Құрылғы өндірушісінің тағам сақтауға
– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап
желдетіңіз
өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу қаупі төнеді.
Назарыңызда болсын! Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс.
1.
Қуат кабелін ұзартуға болмайды.
2.
Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
3.
Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
4.
Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.
5.
Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
6.
Құрылғыны ішкі жарықтама шамының қақпағы (егер бар болса) жабылмаса іске қосуға болмайды.
абай болу керек.
заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
сәулелерінің астына қоймаңыз.
құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы шамдар (егер бар болса) ғана қолданылған. Олар үйді жарықтандыру үшін қолдануға жарамайды.
кәстрөл қоймаңыз.
тоңазытқышта сақтамаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
қатысты нұсқауларын мұқият орындау қажет. Тиісті нұсқауларды қараңыз.
1.4 Күтім көрсету және тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
• Тоңазытқыштағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса, саңылауды тазалаңыз. Су ағатын саңылау бітелсе, еріген су құрылғының астына жиналады.
1.5 Орнату
Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
• Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.
• Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
• Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
• Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер суға қосу қажет болса).
1.6 Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
1.7 Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға
2. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
ҚАЗАҚ 5
болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда
пайдаланылған белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге жарайды.
белгішесімен
2.1 Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз. Температура түймешесін сағат бағытымен бұрай отырып орташа температураға қойыңыз.
2.2 Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
2.3 Температураны баптау
Температура автоматты түрде қойылады. Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура түймешесін суықтың төменгі деңгейіне қарай бұраңыз.
• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін температура түймешесін суықтың максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
3. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
3.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият құрғатыңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін құрылғының ішіндегі температураның төмендегі жағдайларға:
• бөлме температурасына
• есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
• сақталатын тағамның мөлшеріне
• құрылғы орнатылған жерге байланысты екендігін есте ұстау қажет.
Егер бөлме температурасы жоғары болса не тағам тоңазытқыш ішіне толтыра салынса және құрылғы төменгі температурада тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін. Бұндай жағдайда түймешені жоғары температураға қойып,құрылғы мұзын қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына зиян келтіреді.
www.electrolux.com
6
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
4.1 Жылжымалы сөрелер
4.2 Есіктің сөрелерін орналастыру
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қалауыңызша орналастыруға арналған бірнеше бағыттауыш бар. Орынды тиімді пайдалану үшін алдыңғы жарты сөрелерді артқы сөрелерге жатқызып жинауға болады.
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі биіктікке қоюға болады. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз: сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен тартып шығарыңыз да, қажетті орынға қойыңыз.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
5.1 Қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі мүмкін. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да, компрессордан сырылдаған, сондай-ақ дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл дұрыс.
• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде, кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық феномен емес. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде, температура түймешесінің ақырын "сырт" еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
5.2 Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес
• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
• Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура регуляторын құрылғы электр қуатын үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
5.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
• тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
• тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз
5.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер: Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз. Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек. Піскен тағамдар, салқын тағамдар, т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып, кез келген сөреге қоюға болады.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ҚАЗАҚ 7
Жемістер мен көкөністер: бұларды әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға салыңыз. Тоңазытқышқа лимон шырыны тиіп кетсе, пластик бөліктің өңі кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан, цитрустарды бөлек сауыттарға салып сақтау керек. Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет. Шөлмектер: бұлардың қақпақтарын жауып, есіктегі бөтелке қойғыш торға қою керек. Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
6.1 Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
• іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз.
• шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не бүлдірмеңіз. Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады. Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
www.electrolux.com
8
6.2 Тоңазытқыш мұзын-қырауын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде шығарылады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады. Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі
7. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды. Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су ағатын тесіктен аласыз.
6.3 Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда мына сақтық шараларын орындаңыз:
ұрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
• қ
• барлық тағамдарды шығарыңыз
• мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз
• жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/ есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.
Назарыңызда болсын! Ақаулық себебін іздестірмес бұрын ашаны розеткадан суырып алыңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулық түрін тек білікті маман не білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Құрылғы қалыпты режимде жұмыс жасап тұрғанда біраз шуыл (компрессор, салқындатқыш сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемей
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
тұр. Шам жанбайды.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада тоқ жоқ.
Ашаны розеткаға дұрыстап сұғыңыз.
Розеткаға басқа электр құрылғысын қосып көріңіз. Электрші маманға хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамда ақау бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.
Температура дұрыс орнатылмаған.
Жоғарырақ температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
ҚАЗАҚ 9
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана
ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасы
тым жоғары.
Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз.
Бөлме температурасы тым
жоғары.
Тоңазытқыштың артқы тақтасына су ағады.
Мұзды автоматты түрде еріту барысында еріген су артқы
Бөлменің температурасын азайтыңыз.
Бұл дұрыс.
тақтаға ағады.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.
Тағамдар судың су жинағыш
Су ағатын түтікше бітеліп қалған.
науаға құйылуына кедергі
Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдарды артқы тақтаға тигізбей орналастырыңыз.
жасайды.
Су жерге ағады. Еріген су ағатын түтікше
арқылы аққан су, компрессордың үстіндегі
Еріген су ағатын түтікшені буландырғыш науаға
жалғаңыз. буландырғыш науаға ақпайды.
Құрылғының ішіндегі температура тым төмен.
Құрылғының ішіндегі температура тым
Температура тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
Температура тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Төменірек температураға
қойыңыз.
жоғары.
7.1 Шамды ауыстыру
1.
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2.
Шамның қақпағындағы бұранданы алыңыз.
3.
Шамның қақпағын алыңыз (суретке қараңыз).
4.
Қолданылған шамның орнына қуат параметрі дәл осындай және тұрмыстық құрылғыларға арналған шамды салыңыз. (қуат параметрінің ең үлкен мәні шамның қақпағында көрсетілген).
5.
Шамның қақпағын орнына қойыңыз.
6.
Шамның қақпағын бұрандамен қатайтыңыз.
7.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
8.
Есікті ашыңыз. Шамның жанатындығын тексеріңіз.
www.electrolux.com
10
7.2 Есікті жабыңыз
1.
2.
8. ОРНАТУ
Есік тығыздағыштарын тазалаңыз. Қажет болса, есікті реттеңіз. "Орнату"
тарауын қараңыз.
3.
Қажет болса, зақым келген тығыздағыштарды өзгертіңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.
8.1 Орналастыру
Бұл құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілетін (гараж немесе қойма) тәрізді жабық жерге орнатуға болады, бірақ құрылғының жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны, температурасы құрылғының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген ауа-райы санатына сай келетін жерге орнатыңыз:
Ауа­райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Бөлме температурасы
Осы ауқымнан тыс пайдаланған кезде кей үлгілерде кейбір функциональдық ақаулар пайда болуы мүмкін. Дұрыс температура ауқымында пайдаланғанда ғана жұмыстың дұрыс болатынына кепілдік беріледі. Құрылғыны орнататын жерді дұрыс анықтай алмасаңыз, сатушыға немесе сатып алушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
8.2 Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз. Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз. Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады. Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
9. ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
Ұяның өлшемдері
Биіктігі 873 мм
Ені 540 мм
Тереңдігі 549 мм
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Техникалық ақпарат құрылғының сол жақ ішкі қабырғасындағы техникалық ақпарат
тақтайшасында және электр қуатының жапсырмасында көрсетілген.
10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
SSSRRR!
HISSS!
ҚАЗАҚ 11
CLICK!
BRRR!
OK
CLICK!
BRRR!
CRACK!
BLUBB!
CLICK!
BRRR!
BLUBB!
BLUBB!
Loading...
+ 25 hidden pages