Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Жұмыс жүйесі 4
Бірінші қолдану 5
Әркүндік қолдану 5
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Күту менен тазалау 8
Не істерсіңіз, егер... 10
Техникалық сиппатама 12
Орнату 12
Қоршаған орта мәселелері 16
7
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, ең алғаш
пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен
құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында,
пайдаланушыға арналған бұл
нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен
ескертулеріне назар салып оқып
шығыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың барлығы,
қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық
апаттардың алдын алу үшін,оны
пайдалану тәсілдерімен және
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы
керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты
сақтап қойыңыз және тоңазытқышты
басқа адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі
аяқталғанға дейін оған қатысты
пайдалану және қауіпсіздік
шараларынан хабардар болуы үшін
нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы
нұсқаулығындағы ескертулерді
орындаңыз, себебі қадағалаудың
жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына
қатысты тәжрибиесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамас үшін
оларды қадағалап отыру қажет.
• Машинаның орауыштары мен
қорабын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі
бар.
• Егер құрылғыны тастасаңыз, оның
ашасын розеткадан суырыңыз да,
қорек сымын қиып(құрылғыға
барынша тақата)балалар ішіне кіріп
қамалып не электр тогының қатерлі
әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып
алып тастаңыз.
• Егер есігі магнитті тығыздағышпен
жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде
не қақпағында серіппелі құлыбы бар
ескі құрылғының орнына қоймақ
болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен
оның серіппелі құлыбын жарамсыз
етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны
бала ішіне қамалып қалатын қауіп
көзіне айналудан сақтайды.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Сақтандыру туралы ескерту!
Желдеткіш саңылауларды еш
бөгетсіз ашық ұстаңыз.
• Құрылғы тағам мен/не сусындарды
осы нұсқаулық кітапшасында
electrolux 3
көрсетілгендегідей қалыпты жағдайда
сақтауға арналған.
• Жібіту үрдісін жылдамдату үшін еш
механикалық құралды не жасанды
затты пайдаланбаңыз.
• Тоңазытқыш құрылғы ішінде (крем
мейкер тәрізді) электр құрылғыларын,
өндірушісі олардың осы мақсатта
пайдалануға жарамдылығын арнайы
көрсетпеген жағдайда
пайдаланбаңыз.
• Салқындатқыш сұйық жүйесіне еш
нұқсан келтірмеңіз.
• Құрылғының салқындатқыш жүйесіне
салқындатқыш изобутан (R600a)
құйылған, бұл қоршаған ортаға аса сай
келетін табиғи, бірақ тұтанғыш газ.
Құрылғыны тасымалдау мен орнату
кезінде оның салқындатқыш жүйесінің
еш элементіне нұқсан келмегеніне көз
жеткізіп алыңыз.
Салқындатқыш жүйеге нұқсан келген
жағдайда:
– ашық от пен тұтанғыш заттарды
аулақ ұстаңыз
– құрылғы орнатылған бөлмені мұқият
желдетіңіз
• Құрылғыға өзгеріс енгізу не оны
қандай да бір жолмен өзгертуге
тырысу қауіпті болып табылады.
Электр сымының зақымдалуы қысқа
тұйықталу мен өрт және/не электрдің
қатерлі әсеріне ұшырауға әкеліп
соқтырады.
Назарыңызда болсын! Электрлік
компоненттердің кез келгенін (қорек
сымы, аша, компрессор) тек уәкілетті
қызмет көрсету маманы не білікті
қызмет көрсету маманы ауыстыруға
тиіс.
1. Қорек сымын ұзартуға болмайды.
2. Электр ашасының құрылғы
артында жаншылып не бүлініп
қалмағанын тексеріңіз. Жаншылып
не бүлініп қалған аша қатты қызып
кетіп, өрт қатерін тудыруы мүмкін.
3. Құрылғы ашасына жете
алатындығыңызға көз жеткізіңіз.
4. Қорек сымын тартпаңыз.
1) Ішкі жарықтама шамының қалпағы
2) Құрылғы ішіне қырау жиналмайды
5. Егер аша сұғылатын розетка босап
тұрса, оған ашаны қоспаңыз.
Электр қатеріне ұшырау не өрт
шығу қаупі бар.
• Құрылғы салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
• Тоңазытқыш камера ішіндегі заттарды
ылғал/су қолмен алмаңыз да,
қолыңызды да тигізбеңіз, себебі бұл
терінің сыдырылып не аяз/суықтан
қолдың үсіп кетуіне әкеліп соқтырады.
• Құрылғыны тура түсіп тұрған күн
сәулесінің астында ұзақ уақыт
қалдырмаңыз.
Күнделікті пайдалану
• Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі
пластик жерлерге қоймаңыз.
• Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен
сұйықты қоймаңыз, себебі олар
жарылып кетуі мүмкін.
• Тағамды пештің артқы
қабырғасындағы ауа шығатын
саңылауға тура қарама-қарсы жерге
қоймаңыз.
2)
• Мұздатылған тағамды жібітіп алған
соң оны қайта мұздатуға болмайды.
• Алдын ала оралған тағамды
мұздатылған тағам өндірушінің
нұқсауларына сай сақтаңыз.
• Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
• Көмірқышқылдандырылған не
көпіршитін сусындарды тоңазытқыш
камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа
түскен қысым оның жарып,
нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
• Мұздақтарды тоңазытқыштан алған
бетте пайдаланғанда аяз қарып
жіберуі мүмкін.
Күтім және тазалау
• Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас
бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны
электр желісіндегі розеткадан суырып
алыңыз. Егер желідегі розеткаға
4 electrolux
қолыңыз жетпесе, ток желісін өшіріп
қойыңыз.
• Құрылғыны металл заттармен
тазаламаңыз.
• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз. Пластик
қырғышты пайдаланыңыз.
• Еріген суды жинайтын табақшаны
мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
Қажет болса, табақшаны тазалап
отырыңыз. Табақша толып қалған
жағдайда су құрылғының астыңғы
жағына жиналады.
Орнату
Өте маңызды! Электр желісіне қосарда,
арнайы бөлімдерде берілген
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
• Құрылғы орамын ашып, оның еш
жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз.
Құрылғының бір жері бүлініп қалса
қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік
орын алғанда, құрылғыны сатып алған
жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай
жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны қоспас бұрын оның майы
компрессорға ағып құйылу үшін кем
дегенде екі сағат күтіңіз.
• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті
түрде айналуға тиіс, ауа айналымы
жеткіліксіз болса құрылғы қызып
кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін
орнатуға қатысты нұсқауларды
орындаңыз.
• Мүмкін болса, құрылғының жылы
тұратын бөлшектерін (компрессор,
конденсатор) ұстап қалып не оларға
қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін
тоңазытқыштың арт жағын әрқашан
қабырғаға қаратып қойыңыз.
• Құрылғыны радиатор не пештердің
қасына жақын орналастыруға
болмайды.
• Құрылғыны орнатқан соң оның
ашасының қол оңай жететін жерде
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз.
3)
Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті
адам жүзеге асыруға тиіс.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек
уәкілетті қызмет көрсету орындары
жүзеге асыру керек және құрылғының
нағыз өз бөлшектері ғана
пайдаланылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына
зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл
құрылғыны тұрмыстық қалдық пен
қоқыстар тасталатын жерге тастауға
болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар
бар: құрылғыны жергілікті құзырлы
мекемелерден алынатын жарамды
ережелерге сай тастау қажет.
Салқындатқыш құралға, әсіресе
оның қызу алмастырғышқа жақын
артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз.
Құрылғыда пайдаланылған
белгішесімен белгіленген
материалдар қайта өңдеуден
өткізуге жарайды.
Жұмыс жүйесі
Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура түймешесін сағат
бағытымен бұрай отырып орташа
температураға қойыңыз.
Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура
түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
3) Су жүйесіне қосу қарастырылған ба
Температураны баптау
Температура автоматты түрде
қойылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекетті орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура
түймешесін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
electrolux 5
• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату
үшін құрылғының ішіндегі
температураның төмендегі
жағдайларға:
• бөлме температурасына
• есіктің қаншалықты жиі
ашылғандығына
• сақталатын тағамның мөлшеріне
Бірінші қолдану
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын
сәл нейтрал сабын салынған жылы
сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Әркүндік қолдану
Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін орташа
температураны өзгертудің қажеті жоқ.
Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз
келсе, температура түймешесін
максимум суықтыққа қою үшін жоғары
параметрге қойыңыз.
Өте маңызды! Бұндай жағдайда,
тоңазытқыш камерадағы температура
0°C градустан төмен түсіп кетуі мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса, температура
түймешесін жылырақ параметрге әкеліп
қойыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі
камераға қойыңыз.
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды мұздатқыш камераға
салмай тұрып құрылғыны жоғары
• құрылғы орнатылған жерге
байланысты екендігін есте ұстау
қажет.
Өте маңызды! Егер бөлме
температурасы жоғары болса не тағам
тоңазытқыш ішіне толтыра салынса
және құрылғы төменгі температурада
тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс жасап
оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін.
Бұндай жағдайда түймешені жоғары
температураға қойып,құрылғы мұзын
қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп
кетуіне мүмкіндік беру қажет.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
параметрлерге қойып кем дегенде 2
сағат қосып алыңыз.
Сақталатын тағамның мөлшері көп
болса, құрылғының ішіндегі суырмалар
мен себеттердің барлығын алыңыз да,
тоңазыту барысында жақсы нәтижеге
жету үшін салқындатқыш сөрелердің
үстіне қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Қойылатын
тағам мөлшерінің үстіңгі бөлік(бар
болса)үшін көрсетілген салмақ
шегінен асып кетпеуін қадағалаңыз.
Өте маңызды! Мысалы, электр қуаты
өшіп қалып құрылғы мұзы кездейсоқ
жібіп кетсе және электр қуаты
техникалық сипаттамалар кестесінің
"температураның жоғарлау уақыты"
бөлімінде көрсетілген шамадан да ұзақ
уақыт жоқ болса, тағамды дереу тауысу
не пісіріп барып қайта тоңазыту
керек(салқындатқан соң).
6 electrolux
Мұздату күнтізбесі
Белгішелер тоңазытылған тағамдардың
әртүрлі түрлерін көрсетеді.
Сандар тоңазытылған тағамдардың
қанша ай сақтауға жарамды екендігін
көрсетеді. Қажетті сақтау уақытының
үлкен не кіші мәнінің жарамдылығы,
тағамның сапасы мен оның тоңазытудан
бұрын дұрыс дайындалғандайындалмағанына байланысты
анықталады.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
бөлме температурасында жылытуға
болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға
арналған бір не одан да көп науалар бар.
Осы науаларға су толтырыңыз да, содан
соң оларды мұздатқыш камераға
салыңыз.
Өте маңызды! Науаларды камерадан
алу үшін металл аспаптарды
пайдаланбаңыз.
Өте маңызды! бұл құрылғы Францияда
сатылады.
Осы елде қолданылатын ережелерге
сәйкес бұл құрылғы мұздатқыштың ең
суық зонасын көрсетіп тұру үшін оның
астыңғы бөлігінде орналастырылған
арнайы құралмен (суретті қараңыз)
жабдықталуға тиіс.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында бірнеше
бағыттағыш жолдар орналасқандықтан
сөрелерді қажетті қатарға орнатуға
болады.
Ішкі кеңістікті тиімді пайдалану үшін
алдыңғы жарты сөрелерді артқы
сөрелердің үстіне қоюға болады.
Есік сөрелерін орналастыру
Үлкендіктері әртүрлі оралған
тағамдарды қою үшін есіктегі сөрелерді
әртүрлі биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі шараларды
орындаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша
орнынан шыққанша ақырын тартыңыз
да, содан соң қажетті орынға қойыңыз.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес
• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті
уақыттан артық уақыт ашып тұрмаңыз.
• Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса және тоңазытқыш
ішіне тамақ толтырылса салынса,
компрессор буландырғыш құралдың
үстіне мұз қатырып, үздіксіз жұмыс
жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, температура регуляторын
құрылғы электр қуатын үнемдей
отырып өздігінен жібу үшін төменгі
көрсеткішке қойыңыз.
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты
ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
• тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
• тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп
орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға
орап көкөніс суырмасының үстіңгі
жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша
тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау
керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген сөреге
қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды
мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу
қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы
ауа өткізбейтін сауыттарға салып не
алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға
орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге
тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке қойылатын
қатарға қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
болмайды.
Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша
тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
маңызды кеңестер берілген:
• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең
көп тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы уақыт аралығында тоңазытылуға
тиіс ешбір қосымша тағамды қосып
салуға болмайды;
• тек аса жоғары сапалы, жаңа және
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
• тағамды жылдам әрі толықтай
мұздатып, қажетті кезде оның тек
electrolux 7
8 electrolux
қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін
кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
• тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап, орамының
ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп
алыңыз;
• жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан
мұздаған тағамға, оның
температурасы көтеріле бастамас
үшін тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады;
тұз тағамның сақталу уақытын
азайтады;
• мұз текшелерін мұздатқыш камерадан
алған бетте тура пайдаланса, аяз
теріні қарып кетуі мүмкін;
• Тағамдарды сақтау уақытының
кестесін жасау үшін, тағамның әрбір
Күту менен тазалау
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
• іші мен керек-жарақтарын аздап
нейтрал сабын салынған жылы сумен
тазалаңыз.
• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп
алып отырыңыз.
• шайып мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі
түтікшелер және/не сымдардың
ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не
бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса
хош иістендірілген тазалағыш заттарды
не балауыз жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар
жеке орамасына оның тоңазытылған
ай-күнін жазып қою ұсынылады;
Тоңазытылған тағамдарды сақтауға
қатысты ақыл-кеңес
Құрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:
• сатылып алынатын тағамдардың
бөлшек сауда орнында тиісті түрде
сақталғанын тексеріп алыңыз;
• мұздатылған тағамдардың тағам
дүкенінен тоңазытқышқа
мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде
жеткізілуін қадағалаңыз;
• есікті жиі-жиі ашып не қажетті уақыттан
артық ашып қалдырмаңыз.
• Тағамды бірден жібітіп алған соң оның
сапасы төмендей бастайды және
қайта тоңазытуға келмейді.
• Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан
артық уақыт сақтамаңыз.
құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда
ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор
(қара гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу
құрылғы жұмысын жақсартып, электр
шығынын азайтады.
Өте маңызды! Салқын датқы ш жүйеге е ш
нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында
осы құрылғы үшін пайдаланылған
пластиктерге зиянды әсер ететін
химикаттар бар. Сондықтан да осы
құрылғы корпусының сыртын, тек
аздаған жуғыш зат салынған жылы
сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы жиналады
да, осы жерде буға айналады.
electrolux 9
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне
ақпас үшін тоңазытқыш ортасындағы
каналдағы еріген суды ағызатын тесікті
мезгіл-мезгіл тазалап отырған дұрыс.
Арнайы берілген тазалағышты
пайдаланыңыз, оны су ағызатын тесіктен
таба аласыз.
Мұздатқыш мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде ылғи қырау жиналып тұрады.
Қырау қабатының қалыңдығы шамамен
3-5 мм жеткен кезде оны ерітіңіз.
Өте маңызды! Жібітуге 12 сағат
қалғанда, құрылғы жұмысын тоқтатуға
жеткілікті суық қорын қалыптастыру үшін
температура регуляторын ең жоғарғы
параметрге қойыңыз.
Қырауды тазарту үшін төмендегі
шараларды жүзеге асырыңыз:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Ішінде сақталып тұрған тағамды
алып, бірнеше қабат газетке ораңыз
да, салқын жерге қойыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Қолыңыз дым болса, мұздаған затқа
тигізбеңіз. Қолыңыз мұздаған затқа
жабысып қалуы мүмкін.
3. Есікті ашық қалдырып, астына еріген
су құйылатын ыдыс қойылған пластик
тақтаны құрылғының астыңғы
жағының ортасындағы тиісті орынға
қойыңыз
Мұзды жылдамырақ еріту үшін жылы
су құйылған ыдысты мұздатқыш
камераның ішіне қойыңыз. Сонымен
қатар, сынып кетуі мүмкін мұз
сынықтарын мұзды еріту жұмысы
аяқталмай тұрып алыңыз.
4. Мұзды ерітіп болған соң құрылғының
ішін мұқият құрғатып сүртіңіз де,
тақтаны кейін пайдалану үшін алып
қойыңыз.
5. Құрылғыны қосыңыз.
6. Екі не үш сағат өткен соң, алдында
алып қойған тағамдарды камераға
салыңыз.
Назарыңызда болсын!
Буландырғыштың астыңғы
жағындағы қырауды ешқашан өткір
металл құралдарды пайдаланып
қырмаңыз, оны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Өндіруші ұсынған тәсілден басқа
механикалық не жасанды жолмен
мұзды жылдам ерітуге
әрекеттенбеңіз.
Құрылғы мұзын еріту барысында
орап қойған тағамдардың
температурасының жоғарылауы,
олардың сақталатын мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын жағдайда мына
сақтық шараларын орындаңыз:
10 electrolux
• құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз
• барлық тағамдарды шығарыңыз
•
егер қажет болса
4)
құрылғы мен оның
керек-жарақтарын тазалаңыз
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын
болса, электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес
үші н б ас қа бі р а дам ны ң а ра сы нд а бі р р ет
бақылап қойып отыруын сұраңыз.
• жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/
есіктерді ашық қалдырыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Назарыңызда болсын! Ақаулық
себебін іздестірмес бұрын ашаны
розеткадан суырып алыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулық түрін тек білікті маман не
білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Құрылғы жұмыс істемей
тұр. Шам жанбай тұр.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
Құрылғыға электр қуаты
Шам жанбайды.Шам күту режимінде тұр.Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамның ақауы бар."Шамды ауыстыру" тарауын
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған.Есікті қажет кезде ғана ашыңыз,
Тағамның температурасы тым
Бөлме температурасы тым
Су тоңазытқыштың артқы
тақтасына қарай ағады.
Су тоңазытқыштың ішіне
ағады.
Тағамдар судың су жинағыш
Құрылғы сөндірулі.Құрылғыны іске қосыңыз.
сұғылмаған.
келмей тұр. Розеткада ток жоқ.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
жоғары.
жоғары.
Мұзды автоматты түрде еріту
барысында еріген су артқы
тақтаға ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
науаға құйылуына кедергі
жасайды.
Өте маңызды! Қалыпты жұмыс кезінде
біраз шуыл (компрессор, салқындатқыш
сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
қараңыз.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
ұзақ ашып қоймаңыз.
Сақтауға қоярдан бұрын
тағамның температурасын
бөлме температурасына дейін
азайтыңыз.
Бөлменің температурасын
азайтыңыз.
Бұл дұрыс.
Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдарды артқы тақтаға
тигізбей орналастырыңыз.
4) жібітіңіз.
electrolux 11
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Су жерге ағады.Еріген су ағатын түтікше
Құрылғының ішіндегі
температура тым төмен.
Құрылғының ішіндегі
температура тым жоғары.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Тағамның температурасы тым
Бір мезгілде тым көп тағам
Тоңазытқыштың ішіндегі
температура тым жоғары.
Мұздатқыштың ішіндегі
температура тым жоғары.
Қырау тым көп қатқан.Тағам дұрыс оралмаған.Тағамды дұрыстап ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Температураны реттеу тетігі
арқылы аққан су
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
ақпайды.
Температураны реттеу тетігі
дұрыс мәнге қойылмаған.
Температураны реттеу тетігі
дұрыс мәнге қойылмаған.
жоғары.
сақтауға қойылған.
Құрылғының ішінде суық ауа
айналымы жоқ.
Тағамдар бір-біріне өте жақын
қойылған.
дұрыс мәнге қойылмаған.
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Төменірек температураға
қойыңыз.
Сақтауға қоярдан бұрын
тағамның температурасын
бөлме температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір мезгілде сақтауға қойылған
тағамның мөлшерін азайтыңыз.
Құрылғы ішінде суық ауаның
айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Тағамдарды суық ауа айнала
алатындай етіп сақтаңыз.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Шамды айырбастау
1. Ашаны розеткадан алыңыз.
2. Шамның қалпағындағы бұранданы
алыңыз.
3. Шамның қалпағын алыңыз(суретке
қараңыз).
4. Қолданылған шамды қуаты дәл
осындай жаңа шамға айырбастаңыз
(шамның қалпағында максимум қуат
деңгейі көрсетілген).
5. Шамның қалпағын орнына қойыңыз.
6. Шамның қалпағын бұрандамен
қатайтыңыз.
7. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
8. Есікті ашыңыз. Шамның жанып
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Есікті жабыңыз
1. Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті лайықтаңыз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, есіктің нұқсан келген
тығыздағыштарын айырбастаңыз.
Loading...
+ 25 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.