Zanussi ZWSO6100V User Manual

GETTING STARTED?
EASY.
User Manual
ZWSO 6100 V
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 21

ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балалар мен мүмкіндіктері өте
шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда алыс ұстау керек.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын оған жақындатпаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде
пайдалану керек, мысалы:
дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс
орындарының ас үйлерінде;
2
қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас қонақжайлары
мен басқа резиденциялық жерлерде;
коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын жерлерде.
Ең көбі 4кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама кестесі"
тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың жұмыс
қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) аралығында болуы керек.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем, төсеніш
немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік жинағын
немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/немесе буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Бейтарап
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОРНАТУ

Жергілікті стандарттарға сәйкес етіп орнату керек.
• Барлық орам материалдарын және тасымал болттарын, пластик тығыздағышы бар резеңке төлкесін алыңыз.
• Тасымал болттарын сенімді жерде сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде, ішкі бөліктеріне зақым келмеу үшін барабанды бекіту үшін оларды қайта салу керек.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан
• Құрылғы орнатылатын еден тегіс, орнықты,
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
іске қоспаңыз.
нұсқауларын орындаңыз.
төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
3
• Құрылғы мен еден арасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тұрғылықты орнына қойғаннан кейін, ватерпас арқылы деңгейінің әбден дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз. Деңгейі дұрыс болмаса, тіректерін тиісінше реттеңіз.
• Құрылғыны едендегі су ағатын арықшаның үстіне тура орнатпаңыз.
• Құрылғыға су шашпаңыз және шамадан тыс көп ылғалдың әсер етуіне жол бермеңіз.
• Құрылғыны құрылғының есігі толық ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды құю үшін жабық сауыт қоймаңыз. Қолданылатын керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып біліңіз.

ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ

ЕСКЕРТУ! Өрт және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

СУҒА ҚОСУ

• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт қолданылмаған түтіктерді орнату алдында, жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін
немесе жаңа құралдарды орнатқаннан кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік тым қысқа болса ұзартқыш түтікті қолданбаңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Су төгетін түтіктен судың ағып тұрғанын көруге болады. Бұл құрылғыны зауытта суды пайдаланып сынақтан өткізгенге байланысты.
• Су төгетін түтікті ең көбі 400 cм-ге ұзартуға болады. Басқа су төгетін түтік алу не оны ұзарту үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ПАЙДАЛАНУ

ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың алынғанына көз жеткізіңіз.
• Май немесе басқа да майлы заттар қатты ластаған маталарды жумаңыз. Бұл кір жуғыш машинаның резеңке бөліктерін зақымдауы мүмкін. Мұндай маталарды кір жуғыш машинаға салар алдында, алдын ала қолмен жуыңыз.
• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде шыны есікті ұстамаңыз. Шыны ысып кетуі мүмкін.

СЕРВИС

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ

ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр және сумен жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
4
• Балалар немесе үй жануарлары барабанға
123
5
6
7
4
Температура
31 2
5 467
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
• Құрылғыны Ескірген электр және электроника құрылғыларын тастауға

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

(WEEE) арналған жергілікті ережелерге сәйкес тастаңыз.
Жұмыс тақтасы
1
Жуғыш зат үлестіргіші
2
Басқару панелі
3
Техникалық ақпарат тақтайшасы
4
Есіктің тұтқасы
5
Су төгетін сорғының сүзгісі
6
Құрылғыны деңгейлеуге арналған тіректер
7

БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Бағдарлама түймешесі
1
2
Отложенный старт түймешік Бағдарлама фазасының индикаторлары:
3
• Жуу циклы ( )
• Қосымша шаю циклы ( )
• Циклдың соңы (
)
5
4
Старт/Пауза түймешік
5
Супер Быстрый түймешік
6
Отжим айналдыру опциясы: Автоматты
және шаюды кідірту

БАҒДАРЛАМАЛАР

БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ

7
Температура түймешік
Бағдарлама
Температура ауқымы
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90°C - (Суық)
Хлопок + Предв. стирка
90°C - (Суық)
Хлопок Eco 60°C - 40°C
Синтетика
60°C - (Суық)
Mикc 20° 20°C
Ең үлкен салмақ
Базалық айналдыру
жылдамдығы
4 кг 1000 мин/айн
4 кг 1000 мин/айн
4 кг 1000 мин/айн
2 кг 1000 мин/айн
3 кг 1000 мин/айн
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Ақ және түрлі-түсті мақта мата.
Қалыпты, қатты немесе аздап кірлеген.
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қатты және қалыпты кірлеген.
Ақ және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу бағдарламасының уақыты ұзарады және жақсы жуу нәтижелерімен қамтамасыз етеді. 4кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Шамалы кірлеген мақта мата, синтетика және аралас матадан жасалған заттарға арналған арнайы бағдарлама. Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін осы бағдарламаны таңдаңыз. Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін жуғыш затты төмен температурада пайдалануға болатынына көз
жеткізіңіз1).
6
Бағдарлама
Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ
Базалық айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Тонкие ткани
40°C - (Суық)
Шерсть/Ручная стирка
40°C - (Суық)
Полоскание Суық
2 кг 700 мин/айн
1.5 кг 1000 мин/айн
4 кг 1000 мин/айн
Баппен жууды қажет ететін акрил, вискоза және аралас маталарға арналған. Қалыпты кірлеген.
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар, машинамен жууға болатын жүн маталар және қолмен жууға
болатын жүн маталар2).
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік матадан басқа. Айналдыру жылдамдығын матаның түріне қарай азайтыңыз.
4 кг Барабандағы суды төгуге арналған.
Слив
Отжим
4 кг 1000 мин/айн
Барлық маталар.
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге арналған. Жүн мата мен
өте нәзік маталардан басқа барлық маталар.
Легкая глажка
60°C - (Суық)
1 кг 900 мин/айн
Баппен жууды қажет ететін синтетикалық заттар. Қалыпты және
шамалы ластанған кір.
3)
900 мин/айн Синтетика және аралас мата заттар.
5 pубашек 30°C
Mини 30 30°C
Джинсы
2 кг 700 мин/айн
4 кг 1000 мин/айн
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет ететін заттар. 5 - 6 жейде.
Синтетика және нәзік мата заттар. Шамалы кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет ететін заттар.
Джинс және джерси заттар. Баран түсті заттарға да арналған.
60°C - (Суық)
1) Судың температурасы 20°C градустан төмен болса, құрылғы қысқа жылыту циклын
орындайды. Құрылғы температура параметрін "суық" етіп көрсетеді
2) Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан мүлдем айналмай
немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл осы бағдарлама үшін қалыпты жағдай
3) Бұл цикл кірдің мыжылуын азайту үшін судың температурасын реттеп, баппен жуу және
айналдыру циклын орындайды. Құрылғы бірнеше шаю циклдарын қосады.
7
Бағдарлама опцияларының үйлесімділігі
1)
2)
Бағдарлама
Отжим
Хлопок
Хлопок + Предв. стирка
Хлопок Eco
Синтетика
Mикc 20°
Тонкие ткани
Шерсть/Ручная стирка
Полоскание
Слив
Отжим
Легкая глажка
5 pубашек
Mини 30
Джинсы
Шаюды кідірту
Супер Быстрый
Доп. полоскание
Отложенный старт
1) Қысқарақ цикл уақытын орнатсаңыз, кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Құрылғыға кірді толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижелері сонша қанағаттанарлық болмайды.
2) Егер Қосымша шаю функциясы орнатылса, құрылғы қосымша шаю циклдарын қосады. Шаю бағдарламасы үшін төмен жылдамдықпен айналдыру циклын орнатсаңыз, құрылғы баппен шаю және қысқа айналдыру циклын орындайды.
8

ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ

Көрсетілген мәндер зертхана жағдайында тиісті стандарттар көмегімен алынған. Деректерді әр түрлі себептер өзгертуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі және қоршаған ортаның температурасы. Судың қысымы, ток кернеуі және берілетін судың температурасы жуу бағдарламасының ұзақтығына әсер етуі мүмкін.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін техникалық параметрлер алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Бағдарламалар
Мақта мата 60°C 4 0.59 34 125
Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы
Мақта мата 40°C 4 0.55 38 117
Синтетика 40°C 2 0.39 41 64
Нәзік мата 40°C 2 0.45 51 47
Жүн мата/Қолмен жуу 30°C 1.5 0.40 61 40
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. 4кг кірді 60 °C градуста жуатын бұл бағдарлама GOST R
IEC 60456:2010 стандартына сәйкес дайындалған қуат жапсырмасындағы деректерге сәйкес келеді.
Жоғарғы кестедегі ақпарат 1015/2010 стандартына сай, ЕО Комиссиясының 2009/125/EC директивасын жүзеге асыру үшін берілген.
1)
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
Салмақ
Қуат тұтыну
(кг)
(кВт/сағ)
4 0.66 46 183
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)

ФУНКЦИЯЛАР

ТЕМПЕРАТУРА

Осы функцияның көмегімен әдепкі температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы жанады.

ОТЖИМ

Осы түймешіктің көмегімен келесі функциялардың бірін орнатуға болады:
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы жанады.
Айналдыруды авт. түрде азайту
Бұл параметрді айналдыру жылдамдығын жартысына дейін азайту үшін орнатыңыз, бірақ 400 мин/айн-нан аз болмауға тиіс. Өте нәзік маталар үшін жарамды.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы параметрді орнатыңыз. Кір мыжылып
9
қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Бағдарлама аяқталған кезде барабан ішінде су қалады. Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін суды төгу керек. Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.

СУПЕР БЫСТРЫЙ

Бағдарламаның уақытын қысқарту үшін осы түймешікті басыңыз.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін орнатыңыз.

ПАРАМЕТРЛЕР

ДОП. ПОЛОСКАНИЕ

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы бар адамдар үшін және суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Басқару панелінде тиісті цикл индикаторы жанады.

ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ

Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 9, 6 немесе 3 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.

ҚОСЫМША ШАЮ

Осы функцияны қолдансаңыз, жаңа бағдарлама орнатқанда қосымша шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
• Осы функцияны қосу/сөндіру үшін Отжим және Супер Быстрый түймешіктерін Доп.
полоскание индикаторы жанғанша/
сөнгенше қатар басыңыз.

ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА

1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
4. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
5. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.

КІРДІ САЛУ

Су құятын шүмекті ашыңыз. Ашаны розеткаға қосыңыз.
1. Құрылғының есігін ашу үшін есіктің
тұтқасын тартыңыз.
2. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз жеткізіңіз. "Бағдарлама кестесі" тарауында көрсетілген кірдің мах. салмағын қараңыз.
4. Есікті жабыңыз.
10
АБАЙЛАҢЫЗ Тығыздағыш пен
2
1
A
2 1
A
B
2 1
B
есіктің арасына ешбір кір қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан келуі мүмкін.
Қатты майланған, май дақтары түскен затты жуғанда, кір жуғыш машинаның резеңке бөліктеріне зақым келуі мүмкін.

ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

1. Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты бөліктерге салыңыз.
3. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап жабыңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТ САЛЫНАТЫН БӨЛІКТЕР

АБАЙЛАҢЫЗ Кір жуғыш
машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.

СҰЙЫҚ НЕМЕСЕ ҰНТАҚ ЖУҒЫШ ЗАТ

Жуғыш зат үлестіргішті тоқтап қалғанша сыртқа қарай тартыңыз.
Жуғыш зат бөлгіштің A қалпы - ұнтақ жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты/ қоспаны немесе ағартқышты пайдалану үшін:
Жуғыш зат бөлгішті A қалпынан алыңыз.
Жуғыш зат бөлгішті B қалпына қойыңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
1 Алдын ала жуу немесе жібіту
2 Жуу циклына арналған жуғыш зат
бағдарламаларына арналған жуғыш зат салынатын бөліктер (егер бар болса). Алдын ала жуу және жібіту циклдарына арналған жуғыш затты бағдарламаны бастамай тұрып салыңыз.
бөлігі. Сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, оны бағдарламаны бастаудың сәл алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал). Жуғыш құралды бағдарламаны бастамай тұрып бөлікке салыңыз.
Жуғыш зат бөлгіштің артқы бөліктегі B қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған және алдыңғы бөліктегі сұйық жуғыш/қоспа немесе ағартқышқа арналған.
11
C
Сұйық жуғыш затты
2 1
C
пайдалану үшін:
Жуғыш зат бөлгішті С қалпына қойыңыз.
Жуғыш зат бөлгіштің С қалпы - сұйық жуғыш затқа арналған.
Жуғыш зат үлестіргішін абайлап жабыңыз.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
• Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
• Сұйық жуғыш затты жуғыш заттың бөлгішіндегі көрсетілген межеден асырмаңыз.
• Алдын ала жуу параметрін орнатпаңыз.
• Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.

БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ

1. Бағдарлама орнату және құрылғыны қосу
үшін бағдарлама тетігін бұраңыз:
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы жыпылықтайды.
2. Қажет болса, температура мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз немесе қолжетімді параметрлерді қосыңыз.
Параметрді қосқан кезде орнатылған параметрдің индикаторы жанады.
12
Егер дұрыс параметр орнатылмаса, Старт/Пауза индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

Старт/Пауза түймешігін басыңыз. Тиісті индикатор жыпылықтауын тоқтатады.
Цикл индикаторы тұрақты жанып тұрады. Бағдарлама басталады да, есік құлыпталады.
Су сорғысы жуу циклының басында шамалы уақыт жұмыс істейді.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ПАРАМЕТРІ БАР БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

1. Қажетті кешіктіріп бастау циклын орнату
үшін Отложенный старт түймешігін бірнеше рет басыңыз.
Орнатылған кешіктіріп бастау параметрінің индикаторы жанады.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз:
• Есік құлыпталған.
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама автоматты түрде басталады.
Кешіктіріп бастау параметрін Старт/Пауза түймешігін баспай тұрып өзгертуге немесе болдырмауға болады. Старт/Пауза түймешігін басқаннан кейін, кешіктіруді болдырмайтын ғана мүмкіндік бар.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз. Тиісті индикатор жыпылықтайды.
b. Отложенный старт түймешігін бір рет
ғана басыңыз, орнатылған кешіктіру индикаторы сөнеді. Бағдарламаны дереу бастау үшін Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.

БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ ЖӘНЕ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ӨЗГЕРТУ

Кей функцияларды ғана басталмай тұрып өзгертуге болады.
1. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.

ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ

1. Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін ВКЛ/ВЫКЛ қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау алдында құрылғының суы төгіледі. Бұл жағдайда, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ болса қайтадан толтырыңыз.

ЕСІКТІ АШУ

Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының есігі бекітулі тұрады.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер барабанның ішіндегі температура мен судың деңгейі өте жоғары болса және барабан әлі айналып тұрса, есік ашылмайды.
Циклдың алғашқы минутында немесе кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп тұрғанда есікті ашу үшін:
1. Құрылғыны кідірте тұру үшін Старт/Пауза
түймешігін басыңыз.
2. Есік ашылғанша бірнеше минут күтіңіз.
3. Есікті ашуға болады.
4. Есікті жауып Старт/Пауза түймешігін қайта
басыңыз. Бағдарлама (немесе кешіктіру функциясы) жалғасады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ

• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
сөнеді. Цикл индикаторы тұрақты жанып тұрады.
• Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қалпына бұраңыз.
• Бірнеше минуттан кейін есікті ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін есікті және жуғыш зат үлестіргішті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл­мезгіл айналып тұрады.
индикаторы жанып тұрады.
• Суды төгу керек екенін ескерту үшін Старт/ Пауза индикаторы жыпылықтайды.
• Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу:
1. Суды төгу (Слив) немесе айналдыру
(Отжим) бағдарламасын орнатыңыз.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру кезеңін орындайды.
3. Бағдарлама аяқталған кезде:
• Старт/Пауза индикаторы сөнеді және
цикл индикаторы жанады.
• Бірнеше минуттан кейін есіктің бекітпесі ашылады; енді есікті ашуға болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына бұраңыз.

КҮТУ РЕЖИМІ

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін құрылғыны сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі қосылады. Қуатты үнемдеу режимі құрылғы күту режимінде тұрған кезде пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтады:
• Индикаторлардың жарығы төмендейді.
• Старт/Пауза түймесінің индикаторы баяу жыпылықтайды.
Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін түймелердің бірін басыңыз.

АҚЫЛ-КЕҢЕС

КІР САЛУ

• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-түсті, синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын орындаңыз.
• Ақ киім мен түрлі-түсті заттарды бірге жумаңыз.
13
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып, тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен батырма түймешіктерді салыңыз. Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды ашыңыз.
• Көп қабатты матадан, жүн матадан және сурет салынған киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
• Қатып қалған дақтарды арнайы жуғыш затпен тазалаңыз.
• Қатып қалған дақтары бар заттарды барабанға салу алдында жуыңыз және дағын алдын ала кетіріңіз.
• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін алыңыз да, перделерді кір жуатын торға немесе жастықтың тысына салыңыз.
• Көмкерілмеген немесе кесілген жерлері бар заттарды құрылғыда жумаңыз. Кішкене заттарды жуу үшін (мысалы, сым өткізілген төс тартқыш, белдіктер, колготкилер, т.с.с.) кір жууға арналған торды пайдаланыңыз.
• Кір өте аз салынса, айналдыру циклі кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен таратып, қайта айналдыра бастаңыз.

ОҢАЙ КЕТПЕЙТІН ДАҚТАР

Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұл дақтарды кірді құрылғыға салмай тұрып алдын ала тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ кетіргішті қолданыңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҮСТЕМЕЛЕР

• Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз:
– матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
– нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ жуғыштар,
– матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен температурада жуатын бағдарламаларға (ең көбі 60 °C) арналған сұйық жуғыш заттар.
• Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
• Осы заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Матаның түріне және түсіне, бағдарламаның температурасы мен кірдің деңгейіне сай келетін құралдарды қолданыңыз.
• Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал болмаса, (жуғыш зат өндірушісі қамтамасыз етеді) сұйық жуғыш затты мөлшерлегіш шарикпен қосыңыз.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ

• Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
• Жуу бағдарламасын әрқашан кірді ең көп рұқсат етілетін мөлшерде салғаннан кейін бастаңыз.
• Төмен температурада жуатын бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса дақ кетіргішті қолданыңыз.
• Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың кермектігін тексеріңіз. "Судың кермектігі" тарауын қараңыз.

СУ КЕРМЕКТІГІ

Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп пайдаланыңыз. Бұйымның орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
14

СЫРТЫН ТАЗАЛАУ

Құрылғыны сабын мен жылы сумен ғана тазалаңыз. Барлық беттерін әбден құрғатыңыз.
Loading...
+ 30 hidden pages