Zanussi ZWSG 7121 VS User Manual [ru]

GETTING STARTED?
EASY.
User Manual
ZWSG7121VS
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Кір жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 20

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 6 кг көрсетілімін орындаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп) 0,5
бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға тиіс.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
2
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОРНАТУ

• Орам материалдарының және тасымал тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз. Құрылғыны қайта көшірген кезде, барабанды бұғаттап қою керек.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерлерге орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс, орнықты, қызуға төзімді және таза болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті орын болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын жерге орнатпаңыз.

ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ

• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған: Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар. Егер қуат ашасының сақтандырғышын ауыстыру қажет болса 13 амперлік ASTA (BS 1362) сақтандырғышын пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
3

СУҒА ҚОСУ

123
4
5
6
7
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.

ПАЙДАЛАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу және өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ

• Кірдегі темір заттардың барлығының алынғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын керек-жарақтың түрін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып біліңіз.
• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны ыстық болуы мүмкін.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
Жұмыс тақтасы
1
Жуғыш зат үлестіргіші
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Су төгетін сорғының сүзгісі
6
Құрылғы деңгейін реттеуге арналған тірек
7
4

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

1200
900
700
3 4
6 578910
1
2
A CB

БАСҚАРУ ПАНЕЛІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Бағдарлама түймешесі
1
Дисплей
2
Кешіктіріп бастау түймешігі (Отложенный
3
старт)
4
Есік құлыптаулы индикаторы
5
Бастау/Үзіліс түймешігі (Старт/Пауза) Қосымша шаю түймешігі (Доп. полоскание)
6

БЕЙНЕБЕТ

Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Өте жылдам цикл түймешігі (Супер
7
Быстрый) Шаюды кідірту түймешігі (Шаюды кідірту)
8
Айналдыру жылд. азайту түймешігі
9
(Отжим)
10
Температура түймешігі (Температура)
A) Кешіктіріп бастау функциясы.
Кешіктіріп бастау түймешігін басқан кезде бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты көрсетіледі.
B) Бала қауіпсіздігі құлпының индикаторы.
Тиісті функция орнатылған кезде бейнебетте индикатор жанады.
C) Осы аумақта көрсетіледі:
• Бағдарлама уақыты.
• Ескерту кодтары. Егер құрылғының ақауы бар болса, бейнебетте ескерту кодтары көрсетіледі. "Ақаулықты түзету" тарауын қараңыз.
• Бейнебетте хабары келесі жағдайларда бірнеше секунд көрсетіледі:
5
– Бағдарламаға сай келмейтін
параметрді орнатсаңыз.

БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ

– Бағдарламаны жұмыс істеп тұрған
кезінде өзгертсеңіз.
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Жуу бағдарламалары
Хлопок
90°C ­(Суық)
Хлопок + Предв. стирка
90°C ­(Суық)
Хлопок Eco 60°C - 40°C
Синтетика
60°C ­(Суық)
Mикc 20° 20°C
Тонкие ткани
40°C ­(Суық)
Шерсть/Ручная стирка
40°C ­(Суық)
Полоскание 6 кг
Слив 6 кг Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық
Ең үлкен салмақ
жылдамдығы
1)
Ең үлкен
айналдыру
6 кг 1200 мин/айн
6 кг 1200 мин/айн
6 кг 1200 мин/айн
3 кг 1200 мин/айн
3 кг 1200 мин/айн
3 кг 700 мин/айн
1 кг 1200 мин/айн
1200 мин/айн
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты және
шамалы ластанған кір.
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қатты және қалыпты кірлеген.
Ақ мақта мата және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Шамалы кірлеген мақта матаға, синтетикаға және аралас маталарға арналған арнайы бағдарлама. Қуат мөлшерін азайту үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін, жуғыш заттың төмен температураға
арналғанын тексеріңіз2).
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді биязы матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар, машинамен жууға болатын жүн маталар және
қолмен жууға болатын жүн маталар.
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық маталар.
маталар.
3)
6
Бағдарлама
Температура
ауқымы
Ең үлкен салмақ
Ең үлкен
айналдыру
жылдамдығы
Бағдарлама сипаттамасы
(Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Отжим 6 кг
1200
Легкая глажка
60°C -
1.5 кг 900 мин/айн
мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге арналған. Барлық маталар.
Баппен жуылатын синтетикалық заттар. Қалыпты және шамалы ластанған кір.
4)
(Суық)
5 pубашек 30°C
900 мин/айн Синтетика және аралас матадан жасалған заттар.
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет ететін заттар. 5 - 6 жейде.
30'@30° 30°C
Джинсы
60°C -
3 кг 700
6 кг 1200
мин/айн
мин/айн
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет ететін заттар.
Джинс және джерсиден жасалған заттар. Баран түсті заттарға да арналған.
(Суық)
1) Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60
ºC градуспен жуатын, 6 салмаққа
арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
2) Егер судың температурасы 20°C градустан төмен болса, құрылғы қысқа жылыту циклын орындайды. Құрылғы судың температурасын "суық" ретінде көрсетеді.
3) Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін қалыпты жағдай.
4) Бұл цикл кірлер мыжылып қалмас үшін судың температурасын реттеп, баппен жуады және сығады. Құрылғы бірнеше шаю циклдарын қосады.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
1)
2)
Бағдарлама
Отжим
Супер Быстрый
Доп. полоскание
Остановка полоскания
Хлопок
Хлопок + Предв. стирка
Отложенный старт
7
Бағдарлама
Отжим
1)
2)
Супер Быстрый
Остановка полоскания
Хлопок Eco
Синтетика
Mикc 20°
Тонкие ткани
Шерсть/Ручная стирка
Полоскание
Слив
Отжим
Легкая глажка
5 pубашек
30'@30°
Джинсы
1) Егер қысқа цикл уақытын орнатсаңыз, кірдің мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Құрылғыға кірді толтыра салуға болады, бірақ жуу нәтижесі төмендейді.
2) Егер Қосымша шаю функциясы орнатылса, құрылғы қосымша шаю циклдарын қосады. Шаю бағдарламасы үшін төмен жылдамдықпен айналдыру циклын орнатсаңыз, құрылғы баппен шаю және қысқа айналдыру циклын орындайды.
Доп. полоскание
Отложенный старт

ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ

Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарламалар
Мақта мата 60 °C 6 1.26 60 183
8
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Бағдарламалар
Салмақ
(кг)
Қуат тұтыну
(кВт/сағ)
Суды
пайдалану
(литр)
Бағдарламаның
болжалды ұзақтығы
(минут)
Мақта мата, үнемді 60 °C бағдарламасы
Мақта мата 40 °C 6 0.83 60 165
Синтетика 40 °C 3 0.63 55 119
Нәзік мата 40 °C 3 0.50 45 49
Жүн мата/Қолмен жуу 30 °C 1 0.45 59 69
1) 6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама.
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру үшін ЕО Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.
1)
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
0,48 0,48
6 0.80 48 204

ФУНКЦИЯЛАР

ТЕМПЕРАТУРА

Осы функцияның көмегімен әдепкі температураны өзгертуге болады.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы жанады.

ОТЖИМ

Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы жанады.

ШАЮДЫ КІДІРТУ

• Кірлер мыжылып қалмас үшін осы параметрді орнатыңыз. Тиісті индикатор жанады.
• Бағдарлама аяқталған кезде барабан ішінде су қалады.
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл­мезгіл айналып тұрады.
• Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін суды төгу керек.

СУПЕР БЫСТРЫЙ

Бағдарламаның уақытын қысқарту үшін осы түймешікті басыңыз.
Осы параметрді шамалы кірлеген немесе жаңартуды қажет ететін кірлерді жуу үшін орнатыңыз.

ДОП. ПОЛОСКАНИЕ

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы бар адамдар үшін және суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.

ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ

Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.
9
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.

ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ ИНДИКАТОРЫ

индикаторы есікті қашан ашуға
болатынын көрсетеді:

ПАРАМЕТРЛЕР

• Индикатор жанады: есікті ашуға болмайды.
• Индикатор жыпылықтайды: есік бірнеше минуттан кейін ашылады.
• Индикаторы сөнеді: есікті ашуға болады.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ

Осы функцияның көмегімен балалар басқару панелімен ойнауға жол бермейсіз.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін Температура және Отжим түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
• Старт/Пауза түймешігін басқаннан кейін: функциялар мен бағдарлама тетігі бұғатталады.
• Старт/Пауза түймешігін баспай тұрып: құрылғы іске қосылмайды.

ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР

Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда қосылады:
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде. Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
Остановка полоскания және Супер Быстрый түймешіктерін 6 секунд қатар
басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау пайда болған кезде қосыла береді.

ЭКСТРА ШАЮ

Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
• Осы функцияны қосу/сөндіру үшін
Остановка полоскания және Доп. полоскание түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.

БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
10

КІРДІ САЛУ

Су құятын шүмекті ашыңыз. Ашаны розеткаға қосыңыз.
1. Құрылғының есігін ашу үшін есіктің
тұтқасын тартыңыз.
2. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
2
1
A
B
жеткізіңіз. "Бағдарлама кестесі" тарауында көрсетілген кірдің мах. салмағын қараңыз.
4. Есікті жабыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Тығыздағыш пен есіктің арасына ешбір кір қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан келуі мүмкін.

ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

1. Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап жабыңыз.
2 Жуу циклына арналған жуғыш зат
бөлігі. Сұйық жуғыш затты қолдансаңыз, оны бағдарламаны бастаудың сәл алдында ғана салыңыз.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал). Жуғыш құралды бағдарламаны бастамай тұрып бөлікке салыңыз.

СҰЙЫҚ НЕМЕСЕ ҰНТАҚ ЖУҒЫШ ЗАТ

Жуғыш зат үлестіргішті тоқтап қалғанша сыртқа қарай тартыңыз. Жуғыш зат бөлгіштің A қалпы ­ұнтақ жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдалану үшін:
1. Жуғыш зат бөлгішті
A қалпынан алыңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТ САЛЫНАТЫН БӨЛІКТЕР

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ! Кір жуғыш машинаға
арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
1 Алдын ала жуу немесе жібіту
бағдарламаларына арналған жуғыш зат салынатын бөліктер (егер бар болса). Алдын ала жуу және жібіту циклдарына арналған жуғыш затты бағдарламаны бастамай тұрып салыңыз.
2. Жуғыш зат бөлгішті B қалпына қойыңыз.
3. Жуғыш зат үлестіргішін абайлап жабыңыз.
Қайта ұнтақ жуғыш затты пайдалану үшін, жуғыш зат бөлгішті қайта A қалпына қойыңыз.
11
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
• Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
• Сұйық жуғыш затты жуғыш заттың бөлгішіндегі көрсетілген межеден асырмаңыз.
• Алдын ала жуу параметрін орнатпаңыз.
• Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.

БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ

1. Бағдарлама орнату және құрылғыны қосу
үшін бағдарлама тетігін бұраңыз:
Старт/Пауза түймешігінің индикаторы
жыпылықтайды.
• Дисплейде бағдарлама ұзақтығы көрсетіледі.
2. Қажет болса, температура мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз немесе қолжетімді параметрлерді қосыңыз. Параметрді қосқан кезде орнатылған параметрдің индикаторы жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз,
бейнебетте көрсетіледі.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

Старт/Пауза түймешігін басыңыз.
• Старт/Пауза түймешігінің индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
• Бағдарлама басталып, есік
құлыпталады да, индикаторы жанады.
• Бағдарламаның уақыты бір минутқа тең қадаммен азаяды.
Су сорғысы жуу циклының басында шамалы уақыт жұмыс істейді.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ПАРАМЕТРІ БАР БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

1. Отложенный старт түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау индикаторы жанады.
2. Старт/Пауза түймешігін басыңыз:
• Есік бұғаттаулы және жанып тұр.
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама автоматты түрде басталады.
Орнатылған Отложенный старт параметр мәнін Старт/Пауза түймешігін баспай тұрып болдырмауға немесе өзгертуге болады. Старт/Пауза түймешігін басқаннан кейін, Отложенный старт параметрін болдырмайтын ғана мүмкіндік бар.
Отложенный старт параметрін болдырмау үшін:
a. Құрылғыны үзіліске қою үшін Старт/
Пауза түймешігін басыңыз. Старт/ Пауза түймешігінің индикаторы жыпылықтайды.
b. Отложенный старт түймешігін
бейнебетте пайда болғанша басыңыз. Бағдарламаны дереу бастау үшін Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.

ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ БОЛДЫРМАУ

1. Бағдарламаны біржола тоқтату және
құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама
тетігін қалпына қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін бағдарлама
тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау алдында құрылғының суы төгіледі. Бұл жағдайда, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ болса қайтадан толтырыңыз.

БАҒДАРЛАМАНЫ КІДІРТУ ЖӘНЕ ПАРАМЕТРЛЕРДІ ӨЗГЕРТУ

Кей функцияларды ғана басталмай тұрып өзгертуге болады.
1. Старт/Пауза түймешігін басыңыз. Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. Старт/Пауза түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.
индикаторы
12
Loading...
+ 28 hidden pages