Zanussi ZFG20110SA User Manual [ru]

KK
Қолдану туралы нұсқаулары
RU
Инструкция по эксплуатации
UK
Інструкція 29
Микротолқынды пеш Микроволновая печь Мікрохвильова піч
2
15
Мазмұны
Қауіпсіздік ақпараты 2 Қауіпсіздік нұсқаулары 5 Бұйым сипаттамасы 6 Бірінші қолданғанға дейін 6 Әркүндік қолдану 6
Керек-жарақтарды қолдану 10 Ақыл-кеңес 10 Күту менен тазалау 12 Ақаулықты түзету 12 Орнату 13
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік ақпараты
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды құрылғының қасына қараусыз қалдыруға болмайды.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны қосу керек.
2 www.zanussi.com
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
Құрылғы мен оның қуат сымын 8 жасқа толмаған
балалардан алыс ұстаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер мен
басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Егер есікке немесе есіктің тығыздағыштарына зақым
келсе, құрылғыны білікті маман жөндегенше іске пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Білікті маман ғана микротолқын қуатынан қорғайтын
қақпақты алуды қажет ететін техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын іске асыруға тиіс.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
Сұйық заттарды және басқа тағамдарды тұмшаланған
сауытта қыздыруға болмайды. Жарылып кетуі мүмкін.
www.zanussi.com 3
Микротолқынды пештерде пайдалануға болатын
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Пластик немесе қағаз сауыттарда тағам қыздырған
кезде, құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз, тұтанып кетуі мүмкін.
Бұл тағамдарды және сусындарды қыздыруға ғана
арналған құрылғы. Тағам немесе киім кептіру және қыздырғышты, жөкелерді, дымқыл шүберекті және сол сияқты затты қыздыру, жарақат алу, тұтану немесе өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
Егер түтін шыққаны байқалса, жалынды тоқтату үшін
құрылғыны сөндіріп немесе розеткасын ағытып, есігін жабық ұстаңыз.
Сусындарды микротолқынмен қыздырған кезде кенет
тасып төгілуі мүмкін. Сауытты абайлап ұстау керек.
Баланы тамақтандыратын шөлмектердің және баланың
тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер алдында араластыру немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін температурасын тексеру керек.
Қабығы аршылмаған жұмыртқаларды немесе бітеулей
пісірілген жұмыртқаларды құрылғыда қыздырмау керек, себебі олар микротолқынмен пісіріп болғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін.
Құрылғыны уақытылы тазалап, тағамның қалдықтарын
алып отыру керек.
Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым келуі
мүмкін және құрылғының қолданыс мерзіміне теріс әсер етуі және қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде оның беткі қабаттарының
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
Жиһаз ішінде арнайы сынақтан өткізілмеген
микротолқынды пешті жиһаз ішіне орналастыруға болмайды.
Құрылғылардың артқы бетін қабырғаға тигізіп қою керек.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
4 www.zanussi.com
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Пешті ас бөлменің ішіндегі кез келген жерге орналастыруға болады. Пешті жазық әрі тегіс бетке орналастырыңыз және пештің астыңғы бетінің желдеткіш саңылауларының (жеткілікті түрде желдетілуі үшін) бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш сыммен жалғанса, сымның жерге тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және электр қатеріне ұшырау не жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны жұмыс бетіне немесе зат сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына тағамның шашырауына немесе тазартқыш зат қалдығының жиналуына жол бермеңіз.
• Құрылғының ішінде қалған май және тағам микротолқын функциясы жұмыс істеген кезде өрт және электр қатерінің пайда болуына әкеледі.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның орамында көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз.
Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
www.zanussi.com 5
Бұйым сипаттамасы
1 2 3 4
9 78 6 5
Жалпы көрінісі
Шам
1
Қауіпсіздік бекітпесінің жүйесі
2
Басқару панелі
3
Қуат параметрінің тетігі
4
Таймер тетігі
5
Есік ашқыш
6
Толқын бағыттағыштың қақпағы
7
Гриль
8
Бұрылмалы табақтың білікшесі
9
Керек-жарақтары
Бұрылмалы табақтың жинағы
Микротолқынды пеште тағам пісіру үшін үнемі бұрылмалы табақ жинағын пайдаланыңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Алғашқы тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Әркүндік қолдану
Шыны пісіру науасы және айналмалы бағыттағыш.
Гриль торы
Пайдаланыңыз:
• тағамнан гриль жасау
• аралас пісіру
• Микротолқынды пештен барлық керек­жарақтарды және қосымша орам материалдарын алыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Құрылғыны пайдалануға қатысты жалпылама ақпарат
• Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды бірнеше минут қоя тұрыңыз.
6 www.zanussi.com
• Алюминий қағаздан жасалған орамды, темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар алдында алыңыз.
Пісіру
• Егер мүмкін болса, тағамды микротолқынға сай келетін материалмен жауып пісіріңіз. Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз келсе, қақпақ жаппай пісіріңіз
• Қуат және уақыт параметрлерін тым жоғары мәнге қойып, тағамды қатты пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп немесе оның кей жерлері жанып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны жұмыртқаны немесе шырышты қабықтарымен пісіру үшін пайдаланбаңыз, себебі жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаны қуыру үшін әуелі сарысын тесіп алыңыз.
• Терісі немесе қабығы бар картоп, қызанақ, шұжық немесе осы сияқты тағамдар жарылып кетпес үшін бірнеше рет шанышқымен тескеннен кейін пісіріңіз.
• Тоңазытылған немесе мұздатылған тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру уақытын орнатыңыз.
• Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра араластыру керек.
• Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ тәрізді тығыз тағамдарды суға салып пісіру керек.
• Үлкен тағам кесектерін пісіргенде, уақыттың жартысы өткенде аударыңыз.
• Егер мүмкін болса, көкөністерді кішкенелеп тураңыз.
• Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
• Фарфор, керамика немесе балшықтан жасалған мысалы, сабында кішкене тесіктері бар не түбі безендірілмеген ыдыстарды пайдаланбаңыз. Осы тесікке енетін ылғал қызған ыдысты жарып жіберуі мүмкін.
• Бұл микротолқынды пештің жұмысы үшін шыны пісіру науасы қажет. Оның үстіне тағам немесе сұйықтықты қойыңыз.
Етті, құстың етін, балықты жібіту
• Мұздатылған, оралмаған тағамды ыдыстың үстіне төңкерілген кішкене табаққа қойыңыз, сонда жібіген сөлі ыдысқа жиналады.
• Тағамды жібіту уақытының жартысы өткенде аударыңыз. Егер мүмкін болса, жіби бастаған бөліктерін бөліңіз де, алып қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін, кваркты жібіту
• Тағамды құрылғының ішінде әбден жібітпеңіз, бөлме температурасында жібітіңіз. Сонда пісіру нәтижесі барынша біркелкі болады. Жібіту алдында темір не алюминий орамдарының барлығын алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту
• Жеміс не көкөністерді сол қалпы қалдыру керек болса, құрылғыда әбден жібітпеңіз. Бөлме температурасында жібітіңіз.
• Жеміс пен көкөністерді жібітпей пісіру үшін әуелі жоғарырақ микротолқын қуатын пайдаланыңыз.
Дайын тағамдар
• Дайын тағамдардың орамдары микротолқынды пеште пайдалануға жараса ғана, құрылғыда дайындауға болады.
• Орам материалында көрсетілген өндіруші нұсқауларын (мысалы, темір қақпақты алу және пластик таспаны тесу) орындаңыз.
Жарамды ыдыстар мен материалдар
Ыдыс-аяқ / Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту ҚыздыруПісіру
Тұмшапешке төзімді шыны және керамика, ешбір бөлігі металл емес, мысалы, пирекс, қызуға төзімді шыны
www.zanussi.com 7
Ыдыс-аяқ / Материалдар Микротолқынды пеш Гриль
жасау
Жібіту ҚыздыруПісіру
Пешке төзімді емес шыны және керамика
1)
X X X
Тұмшапешке/аязға төзімді материалдан (мысалы, аркофлам) жасалған шыны және керамика ыдыс, гриль сөресі
Керамика 2), фарфор
2)
200 °C градусқа дейінгі қызуға төзімді пластик
3)
Картон, қағаз X X X
Таспа X X X
Микротолқынды пеште пайдалануға қауіпсіз материалдан жасалған қуыру
таспасы
Металдан, мысалы. эмаль, құйылған
3)
X X X
шойыннан жасалған, тағам қуыруға арналған ыдыстар
Қара қаптамасы бар немесе кремниймен капталған пісірме қалыптар
3)
X X X
Пісірме табақ X X X
Жұқа табақ немесе кранч табағы тәрізді
X X
браунинг ыдыстары
Орамдағы дайын тағамдар
1) Күміс, алтын, платина немесе металл жалатылмаған / безендірілмеген
2) Кварц немесе металл бөлшектері немесе құрамында металы бар жылтырақсыз
3) Өндірушінің ең үлкен температураға қатысты нұсқауларын орындау керек.
3)
X
X
X
жарамды
X жарамсыз
Микротолқынды пешті іске қосу және сөндіру
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағам салынып тұрмаса, микротолқынды пешті іске
1. Қуат параметрін таңдау үшін қуат
тетігін бұраңыз.
2. Уақытты орнату үшін таймер тетігін
бұраңыз, сонда тұмшапеш автоматты
түрде қосылады. Тұмшапешке қуат деңгейі мен уақыт параметрі орнатылып, есігі жабылғаннан кейін пісіру автоматты түрде басталады. Құрылғыны сөндіру үшін:
қоспаңыз.
8 www.zanussi.com
• таймердің тетігі 0-ге келіп, дыбысты сигнал естіліп, құрылғы автоматты түрде сөнгенше күтіңіз.
• таймердің тетігін 0-ге қойыңыз.
• есікті ашыңыз. Құрылғы автоматты түрде тоқтайды. Пісіруді жалғастыру үшін есікті жабыңыз. Тағамды қарау үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
Салмақ бойынша жібіту функциясын қосу үшін 200 г-нан көп тағам пайдалану керек.
200 гр-нан аз тағамды жібіту үшін, оны бұрылмалы табақтың шетіне қойыңыз.
1. Қуат тетігін Жібіту режиміне қойыңыз.
Жібіту
2 жібіту режимінің біреуін таңдауға болады:
• Салмақ бойынша жібіту
2. Жібіту уақытын не тағам салмағын
орнату үшін таймер тетігін бұраңыз. Бұл микротолқынды автоматты түрде қосады.
• Уақыт бойынша жібіту
Салмақ бойынша жібіту функциясын мұздатқыштан 20 минуттан көп уақыт бұрын алынған немесе қолдануға дайын, мұздатылған тағамдар үшін пайдаланбаңыз.
Қуат параметрін орнату кестесі
Белгі Қуат параметрі Қуат
Төменгі деңгейі 119 Watt
Мұздату 231 Watt
Орташа піскен 385 Watt
Орташа жоғары 539 Watt
Жоғары 700 Watt
Гриль
Гриль 1000 Watt
Аралас пісіру режимі
Аралас пісіру режимі 1 20 % Микротолқын, 80 % Гриль
Аралас пісіру режимі 2 30 % Микротолқын, 70 % Гриль
www.zanussi.com 9
Белгі Қуат параметрі Қуат
Аралас пісіру режимі 3 40 % Микротолқын, 60 % Гриль
Керек-жарақтарды қолдану
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Бұрылмалы табақ жинағын орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағамды бұрылмалы табақ жинағын пайдаланбай пісіруге болмайды. Осы микротолқынды пешпен бірге жеткізілген бұрылмалы табақ жинағын ғана пайдаланыңыз.
Тағамды ешқашан шыны пісіру науасына тура салып пісірмеңіз.
1. Бұрылмалы табақ білікшесінің
айналасына айналмалы бағыттағышты салыңыз.
2. Шыны пісірме науаны айналмалы
бағыттағышқа орнатыңыз.
Гриль торын салу
Гриль торын бұрылмалы табақ жинағына орнатыңыз.
Ақыл-кеңес
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
10 www.zanussi.com
Микротолқынға қатысты ақыл-кеңес
Ақаулық Шешімі
Дайындалған тағамның мөлшеріне қатысты мәліметті таба алмадыңыз.
Тағам тым кебір болып кетті. Қысқа пісіру уақытын қолданыңыз немесе төменірек
Уақыт аяқталған кезде тағам жібіген жоқ, ыстық емес немесе піспеді.
Пісіру уақыты аяқталған кезде тағамның шеттері қатты қызып кетеді, бірақ ортасы әлі піскен жоқ.
Жалпақ, кең ыдысты қолдансаңыз, күріш жақсы піседі.
Жібіту
Ұқсас тағамды іздеңіз. Келесі ережеге сүйеніп тағам пісіру уақытын созыңыз немесе азайтыңыз:
Мөлшері екі есе болса = уақытты екі есе көбейтіңіз, Жарты тағамға = уақыттың жартысы қажет
микротолқын қуатын таңдаңыз.
Ұзағырақ пісіру уақытын қолданыңыз немесе жоғары қуатты таңдаңыз. Көп тағамға ұзағырақ уақыт қажет.
Келесі жолы төменірек қуат мәнін және ұзағырақ уақытты таңдаңыз. Сұйық тағамды, мысалы, сорпаны пісіру уақытының ортасына келгенде араластырыңыз.
Қыздыру
Орамдағы дайын тағамдарды қыздырған кезде, әрқашан орамдағы нұсқауларды
орындаңыз. Қуырылатын тағамның майлы жағын үнемі төмен қаратып жібітіңіз.
Етті жауып жібітпеңіз, себебі ет жібімей, пісіп кетуі мүмкін.
Әрқашан бүтін тауықтың төс жағын төмен қаратып жібітіңіз.
Пісіру
Тоңазытылған ет пен құс етін пісірерден кем дегенде 30 минут бұрын алып қойыңыз.
Етті, құс етін, балықты және көкөністерді пісіріп болғаннан кейін қақпақ жауып қойыңыз.
Балықтың үстіне шамалы көкөніс майын немесе еріген сары май жағыңыз.
Барлық көкөністерді толық микротолқын қуатымен пісіру керек.
Әр 250 г көкөніске 30 - 45 мл суық су
Гриль
Жайпақ тағам түрлерін гриль торының
ортасына қойып қуыруға арналған.
Орнатылған уақыттың ортасына келгенде
тағамды аударып, қуыруды
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру режимі
Кей тағамдарды қытырлақ күйде ұстау үшін
Аралас пісіру режимін пайдаланыңыз.
Пісіру уақытының жартысы өткенде
тағамдарды аударып, пісіруді
жалғастырыңыз.
Аралас пісіру функциясына арналған 3
режим бар. Әр режим әр түрлі уақытта
және әр түрлі қуат деңгейлеріне келгенде,
микротолқын және гриль функцияларын
біріктіріп пайдаланады.
қосыңыз. Жас көкөністерді пісірер алдында біркелкі
етіп тураңыз. Көкөністердің барлығын қақпағы бар сауытқа салып пісіріңіз.
www.zanussi.com 11
Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерімдер және кеңестер
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін тазалау
үшін әдетте қолданылатын жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы тазалағыштармен тазалаңыз.
• Барлық керек-жарақтарды уақытылы тазалап, құрғатыңыз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Қатып қалған қоқыстарды жібіту үшін, стакан суды ең жоғары микротолқын қуатымен 2-3 минут қайнатыңыз.
• Иістерді кетіру үшін стакандағы суға 2 шай қасық лимон шырынын құйып, 5 минут ең үлкен микротолқын қуатымен қайнатыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Қоқыс тез жанбайды және оңай тазаланбайды.
Ақаулықты түзету
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді.
Құрылғы жұмыс істемейді.
Құрылғы жұмыс істемейді.
Құрылғы жұмыс істемейді.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстыру керек.
Корпустың ішінен жарқыл көрінеді.
Корпустың ішінен жарқыл көрінеді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғы тоққа қосылмаған. Құрылғыны тоққа қосыңыз.
Сақтандырғыш блогындағы сақтандырғыш жанып кеткен.
Есік дұрыс жабылмаған. Есікке ешнәрсенің кедергі
Темір ыдыстар немесе темір жиекті ыдыстар пайдаланылған.
Ішкі қабырғаларға темір істіктер немесе алюминий жұқалтыр тиіп тұр.
Сақтандырғышты тексеріңіз. Сақтандырғыш бірнеше рет жанып кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
келтірмей тұрғанын тексеріңіз.
Ыдысты құрылғыдан алыңыз.
Темір істіктердің немесе алюминий жұқалтырдың ішкі қабырғаларға тимей тұрғанына көз жеткізіңіз.
12 www.zanussi.com
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бұрылмалы табақ жинағынан егеп немесе сызғылап жатқан дыбыс шығады.
Құрылғы ешбір нақты себепсіз жұмыс істеуін тоқтатты.
Қызмет көрсету дерегі
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Шыны пісіру науасының астында зат немесе қоқыс тұр.
Ақаулық орын алды. Егер осы жағдай қайталанса,
Шыны пісіру науасының астыңғы жағын тазалаңыз.
уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы құрылғыға орналастырылған. Құрылғыдағы техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат техникалық ақпарат
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) ........................................
Өнім нөмірі (PNC) ........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) ........................................
Орнату
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Жалпылама ақпарат
АБАЙЛАҢЫЗ
Ауа саңылауларын бітемеңіз. Егер бітеп қойсаңыз, құрылғы қатты қызып кетеді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны адаптерге немесе ұзартқыш сымдарға қоспаңыз. Жүктемесі артып кетіп, өрт шығуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ең кем дегенде 85 см биіктікке орнату керек.
• Бұл микротолқынды пеш ас үй шкафының үстіне қойып пайдалануға
ғана арналған. Құрылғыны орнықты, тегіс жерге орнату керек.
• Микротолқынды пешті бу, ыстық ауасы бар және су шашырайтын жерден алыс қойыңыз.
• Егер микротолқынды пеш, ТД және радиоға жақын тұрса, қабылданатын сигналға кедергі жасауы мүмкін.
• Микротолқынды пешті суық кезде тасымалдасаңыз, орнатып болғаннан кейін дереу іске қоспаңыз. Бөлме температурасына қоя тұрып, жылу сіңіргенше күтіңіз.
Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны білікті маман ғана электр желісіне қосуға тиіс.
www.zanussi.com 13
Егер "Қауіпсіздік туралы
C
A
B
мағлұматтар" тарауындағы сақтық шараларын орындамасыз, өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл микротолқынды пеш қуат сымымен және қуат ашасымен бірге жеткізіледі.
Қуат сымының жерге тұйықтайтын ашасы мен жерге тұйықтайтын сымы бар. Ашаны дұрыс орнатылған және жерге тұйықталған
Өлшемі мм
1)
A
B 200
C 0
1) Пештің үстіңгі бетінің жоғарғы жағынан сақталуға тиіс ең аз
қашықтық.
розеткаға қосу керек. Жерге тұйықтау электр желісі қысқа тұйықталған кезде электр қатерін азайтады.
Ең аз қашықтық
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
300
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
қоршаған ортаға және адамның
14 www.zanussi.com
Loading...
+ 30 hidden pages