Қолдану туралы
нұсқаулары2
Инструкция по
эксплуатации15
Інструкція30
Пісіру алаңы
Варочная панель
Варильна поверхня
ZEV56240FA
Мазмұны
Сақтық шаралары2
Қауіпсіздік нұсқаулары3
Бұйым сипаттамасы6
Әркүндік қолдану7
Ақыл-кеңес8
Күту менен тазалау9
Ақаулықты түзету9
Орнату10
Техникалық ақпарат13
Қуат тиімділігі14
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны
дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты
емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі
сақтап қойыңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не
тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз
қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
• Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
• 3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2www.zanussi.com
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен
жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
www.zanussi.com3
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол
жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын
оқшаулағыш панель орнатыңыз.
Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ағытпаны өте
ысытып жіберуі мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін уәкілетті қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және
электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Ең алғаш пайдалану алдында барлық
орам материалын, жапсырмасын және
қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу
тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт және жарылыс пайда болу
қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
4www.zanussi.com
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке
сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
Күту менен тазалау
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны
электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
www.zanussi.com5
Бұйым сипаттамасы
210 mm
145 mm
180 mm
145 mm
1
1
11
2
1234
Пісіру алаңдарының көрінісі
Басқару панелінің көрінісі
Пісіру алаңы
1
Басқару панелі
2
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар
мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Сенс
орлы
қ өріс
1
2
-Қыздыру параметрінің
3
4
/
ҚОСУ / СӨНДІРУПештің үстін қосуға және сөндіруге арналған.
-Пісіру алаңын таңдауға арналған.
бейнебеті
-Қызу параметрін орнатуға арналған.
ФункцияТүсіндірме
Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
6www.zanussi.com
Қызу параметрінің бейнебеттері
ДисплейСипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
-
+ сан
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.
Қалдық қызу индикаторы
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қалдық қызуға күйіп қалу
қаупі бар.
Әркүндік қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
Автоматты түрде сөндіру
Функция пештің үстін келесі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
• барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса,
• пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
• басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса
немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс,
киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық
сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді.
Заттарды алыңыз немесе басқару
панелін тазалаңыз.
• пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы
уақыттан кейін жанады да, пеш
жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт
пен қызу параметрінің арасындағы
байланыс:
Қызу параметріПештің үсті мына
уақыттан кейін
сөнеді:
1 - 26 сағаттан кейін
3 - 45 сағаттан кейін
54 сағаттан кейін
6 - 91,5 сағаттан кейін
Пісіру алаңын таңдау
Пісіру алаңын таңдау үшін тиісті алаңның
сенсорын басыңыз. Бейнебет қызу
параметрін ( ) бөлектеп көрсетеді.
Қызу параметрі
Пісіру алаңын орнатыңыз.
Қызу параметрі мәнін көбейту үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін
азайту үшін белгісін түртіңіз. Пісіру
алаңын сөндіру үшін және белгісін
бір уақытта басыңыз.
www.zanussi.com7
Ақыл-кеңес
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Ыдыс-аяқ
Тағам пісіру бағдарламаларының
үлгілері
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Ыдыстың түбі барынша қалың
әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға
тиіс.
Эмальмен қапталған темірден
және алюминий немесе мыстан
жасалған ыдыстар шыны
керамика беттің түсін өзгертуі
мүмкін.
Қызу
параметрі
1Піскен тағамды жылы ұстаңыз.қажетіне
1 - 2Голланд тұздығы, балқытылған:
сары май, шоколад, желатин.
1 - 2Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
2 - 3Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды жылыту.
3 - 4Буға піскен көкөністер, балық,
ет.
4 - 5Буға піскен картоптар.20 - 60750 г картопқа ең көбі ¼ л су
9Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып пісіру),
фри қуыру үшін.
Пайдалану:Уақыт
(мин.)
орай
5 - 25Ара-тұра араластырыңыз.
10 - 40Қақпағын жауып пісіріңіз.
25 - 50Күрішке кем дегенде, оның
20 - 45Бірнеше ас қасық су қосыңыз.
60 - 1503 литрге дейін су және
қажетіне
орай
5 - 15Орта тұсында аударыңыз.
Ақыл-кеңес
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
мөлшерінен екі есе артық су
құйыңыз, сүт тағамдарын
арасында араластырыңыз.
пайдаланыңыз.
құраластар.
Орта тұсында аударыңыз.
8www.zanussi.com
Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Жалпы ақпарат
• Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан
таза болсын.
• Пештің үстіне түскен сызаттар немесе
қошқыл дақтар оның жұмысына
ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
• Шыныға арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз.
Пештің үстін тазалау
• Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және қант
қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз,
пештің үстін бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Қырғышты шыны бетке арнайы сүйір
бұрыш жасап қойып, жүзін жылжыта
отырып тазалаңыз.
• Пештің үсті жеткілікті түрде суығанкезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары,
май дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Пешті дымқыл шүберекпен,
шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің үстін
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Не істерсіңіз, егер...
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Сақтандырғыш ағытылып
Пешті қайта іске қосыңыз да,
Бір уақытта 2 немесе одан да
Басқару панеліне су немесе
Пеш электр тоғына қосылған
жоқ немесе теріс қосылған.
қалған.
көп сенсорлық өрістерді
басып қойғансыз.
май шашыраған.
Пештің электр көзіне дұрыс
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Қосылым сызбасын қайта
қараңыз.
Ақаулыққа сақтандырғыштың
себеп болғанына көз
жеткізіңіз. Сақтандырғыш
қайта-қайта босап кетсе,
білікті электршіге
хабарласыңыз.
қызу параметрін 10 секундтан
аз уақыт ішінде орнатыңыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
Басқару панелін тазалаңыз.
www.zanussi.com9
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді.
Пеш сөнген кезде дыбыстық
сигнал естіледі.
Пештің үсті сөнеді.
Қалдық қызу индикаторы
жанбайды.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
жанады.
және сан жанады.
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
Сенсорлық өріске бір зат
қойылған.
Алаң ыстық емес, себебі ол аз
уақыт ғана қосылып тұрған.
Тым үлкен ыдыс қолданылған
немесе ыдыстар басқару
құралдарына тым жақын
қойылған.
Автоматты түрде сөндіру
жұмыс істейді.
Пеште ақау бар.Пешті электр желісінен біраз
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
деректерді беріңіз. Сонымен қоса, шыны
керамиканың үш саннан тұратын нөмірін,
(шынының бетіндегі бұрышта) және
Сенсорлық өрістердегі затты
алыңыз.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Егер алаң қызу үшін едәуір
ұзақ жұмыс істесе, уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Үлкен ыдыстарды артқы пісіру
алаңдарына қойыңыз.
Пешті ажыратыңыз да, қайта
қосыңыз.
уақыт ажырата тұрыңыз.
Сақтандырғышты электр
желісінен ағытып қойыңыз.
Қайта қосыңыз. Егер қайта
көрініс берсе, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ақаулық орын алғанда көрсетілген хабарды
беріңіз. Пештің дұрыс қолданылғанына көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік
мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін.
Қызмет көрсету орталығына қатысты
нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық ақпарат
10www.zanussi.com
тақтайшасы пештің астыңғы жағында
орналасқан.
Сериялық нөмірі ...........................
Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін жұмыс
min.
50mm
min.
500mm
R 5mm
min.
55mm
560+1mm
490+1mm
беттеріне құрастырғаннан кейін ғана
пайдаланыңыз.
Қосылым сымы
• Пеш электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
• Зақымданған қуат сымын ауыстыру үшін
келесі сымның түрлерін (немесе
жоғары) қолданыңыз: H05BB-F Tmax
90°C. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тығыздағышты салу
1. Кесілген аумақтың айналасындағы
жұмыс алаңын тазалаңыз.
2. Тұмшалағыш таспаны пештің астыңғы
жиегі мен шыны керамиканың сыртқы
Құрастыру
жиегіне ораңыз. Оны тартпаңыз.
Тұмшалағыш таспаның ұштарының
пештің бір жағының ортасында көз
жеткізіңіз.
3. Тұмшалағыш таспаның ұзындығын
келтіріп қиғанда біраз мм қалдырыңыз.
4. Тұмшалағыш таспаның екі ұшын бірге
басыңыз.
www.zanussi.com11
min.
28 mm
min.
12 mm
min.
20 mm
12www.zanussi.com
Қорғаныс қорабы
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз
(қосымша керек-жарақ), пештің астыңғы
жағына қорғаныш тақтасын орнатудың
қажет жоқ. Керек-жарақ болып есептелетін
қорғаныс қорабы кей елдерде берілмеуі
мүмкін. Жергілікті жабдықтаушыға
хабарласыңыз.
Егер құрылғыны тұмшапештің
үстіне орнатсаңыз, қорғаныс
қорабын пайдалана алмайсыз.
Техникалық ақпарат
Техникалық ақпарат тақтайшасы
Үлгі ZEV56240FAӨнім нөмірі PNC 949 492 092 00
Түрі 58 HAD 54 AO220 - 240 В 50 - 60 Гц
Индукция 6.5Румынияда жасалған
Сер.№. .................6.5 кВт
ZANUSSI
Пісіру алаңдарының сипаттамасы
Пісіру алаңы
Алдыңғы сол жақ2300210
Артқы сол жақ1200145
Алдыңғы оң жақ1200145
Артқы оң жақ1800180
Номинальды қуат (ең жоғары
қызу параметрі) [Вт]
Пісіру алаңының диаметрі [мм]
Жақсы пісіру нәтижелеріне қол жеткізу үшін
пісіру алаңының диаметрінен үлкен емес
ыдыс қолданыңыз.
www.zanussi.com13
Қуат тиімділігі
Өнім ақпараты EU 66/2014 стандартына сай берілген
Үлгінің техникалық параметрлеріZEV56240FA
Пеш үстінің түріКіріктірілген
пеш
Пісіру алаңдарының саны4
Қыздыру технологиясыҚыздырғыш
Дөңгелек пісіру алаңдарының диаметрі (Ø)Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
Әр пісіру алаңының пайдаланатын қуат мөлшері
(Электрмен пісіру)
Пеш үстінің пайдаланатын қуат мөлшері
(Электрмен пісіру)
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
193,0 Вт/сағ / кг
21,0 см
14,5 см
14,5 см
18,0 см
183,0 Вт/сағ / кг
200,0 Вт/сағ / кг
200,0 Вт/сағ / кг
189,0 Вт/сағ / кг
EN 60350-2 - Тұрмыстық тағам пісіретін
электр құрылғылары - 2-ші бөлім: Пештің
үсті - Жұмыс тиімділігін өлшеу тәсілдері
• Шағын пісіру алаңдарына шағын
ыдыстарды қойыңыз.
• Ыдыстарды пісіру алаңының тура
ортасына қойыңыз.
Қуатты үнемдеу
Төмендегі кеңестерді ескерсеңіз, күнделікті
тағам пісіру барысында қуатты үнемдей
аласыз.
• Ыдысты пісіру алаңын іске қоспай тұрып
• Суды тек қажетті мөлшерде ғана
ысытыңыз.
• Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
• Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
қойыңыз.
• Ыдыстың табаны мен пісіру
алаңдарының өлшемі бірдей болуға
тиіс.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта
өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін
тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік
және электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның
денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға
жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді
жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз
немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
14www.zanussi.com
Loading...
+ 30 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.