Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген не тәжірибесі
аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе, онда қолдануына болады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны қосу керек.
• Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
• 3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды жұмыс
істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
• ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
• Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
оның орнына құрылғыны сөндіріп, жалынды қақпақ
немесе өртке төзімді көрпе, т.б. тәрізді затпен жабыңыз.
• АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз қадағалап
отыру керек.
• ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған пеш
қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі
пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе
құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана
қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды
пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Бұл құрылғыны тек
білікті маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
3
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе
ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан
құлап кетпеу үшін қажет.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін
етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш
панель орнатыңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
ЕСКЕРТУ! Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар
болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет
көрсету орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын
етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Ең алғаш пайдалану алдында барлық орам
материалын, жапсырмасын және қорғау
таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын
"off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе
кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз.
Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ
көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ! Өрт және жарылыс
пайда болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады.
Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген
4
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрт пайда болуға әкелуі
мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық
әйнек бетіне қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап
кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетне
зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке
сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы.
Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру
үшін қолдануға болмайды.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Басқару панелінің
түймелерін, дисклерін немесе
тығыздағыштарын алмаңыз.
Құрылғының ішіне су кіріп кетіп,
зақым келтіруі мүмкін.
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
СЕРВИС
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
5
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
145 mm
180 mm145 mm
180 mm
2
11
11
3
ПІСІРУ АЛАҢДАРЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Пісіру алаңы
1
Басқару тетіктері
2
Қалдық қызу индикаторы
3
БАСҚАРУ ТЕТІГІ
БелгіФункция
0Сөндіру қалпы
1 - 9Қызу параметрлері
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ЫДЫС-АЯҚ
Ыдыстың түбі барынша қалың әрі
мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
ҚАЛДЫҚ ҚЫЗУ ИНДИКАТОРЫ
ЕСКЕРТУ! Қалдық қызуға күйіп
қалу қаупі бар.
Пісіру алаңы ыстық тұрған кезде индикатор
жанады.
ҚЫЗУ ПАРАМЕТРІ
Қызу параметрін өзгерту немесе орнату үшін
тетікті қажетті қыздыру параметріне бұраңыз.
Сөндіру үшін тетікті "off" қалпына бұраңыз.
Эмальмен қапталған темірден
және алюминий немесе мыстан
жасалған ыдыстар шыны керамика
беттің түсін өзгертуі мүмкін.
6
ТАҒАМ ПІСІРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ
ҮЛГІЛЕРІ
Кестедегі деректер жалпылама
нұсқау ретінде ғана берілген.
Қызу параметріПайдалану:
1Піскен тағамды жылы
ұстаңыз.
1 - 2Голланд тұздығы,
балқытылған: сары май,
шоколад, желатин.
1 - 2Қойылту: шайқалған омлет,
піскен жұмыртқалар.
2 - 3Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды баяу қайнату,
дайын тағамдарды жылыту.
3 - 4Буға піскен көкөністер, балық,
ет.
4 - 5Буға піскен картоптар.20 - 60750 г картопқа ең көбі ¼ л су
9Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып
пісіру), фри қуыру үшін.
Уақыт
(мин.)
қажеті
не
орай
5 - 25Ара-тұра араластырыңыз.
10 - 40Қақпағын жауып пісіріңіз.
25 - 50Күрішке кем дегенде, оның
20 - 45Бірнеше ас қасық су қосыңыз.
60 150
қажеті
не
орай
5 - 15Орта тұсында аударыңыз.
Ақыл-кеңес
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
мөлшерінен екі есе артық су
құйыңыз, сүт тағамдарын
арасында араластырыңыз.
пайдаланыңыз.
3 литрге дейін су және
құраластар.
Орта тұсында аударыңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
• Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза
болсын.
• Пештің үстіне түскен сызаттар немесе
қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай
әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
7
• Шыныға арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІН ТАЗАЛАУ
• Дереу тазалаңыз: балқыған пластмасса,
пластик фольга, қант және қант қосылған
тағам. Дереу тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп қалмау үшін
абай болыңыз. Қырғышты шыны бетке
арнайы сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
• Пештің үсті жеткілікті түрде суыған
кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары,
май дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Пештің үстін дымқыл шүберекпен
және жеміргіш емес жуғыш затпен
тазалаңыз. Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Жылтыраған металл дақтарын кетіріңіз:
сірке суы қосылған ерітіндіні пайдаланып,
әйнек бетін дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Сақтандырғыш жанып
Қалдық жылу индикаторы
жанбай тұр.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ ШЕШІМІН ӨЗІҢІЗ
ТАБА АЛМАСАҢЫЗ...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
деректерді беріңіз. Сонымен қоса, шыны
керамиканың үш саннан тұратын нөмірін
(шынының бетіндегі бұрышта) беріңіз.Пешті
Пеш электр тоғына
қосылған жоқ немесе теріс
қосылған.
кеткен.
Алаң ыстық емес, себебі ол
аз уақыт ғана қосылып
тұрған.
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Пештің электр көзіне дұрыс
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Қосылым сызбасын қайта
қараңыз.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта
жанып кетсе, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Егер алаң қызу үшін едәуір
ұзақ жұмыс істесе, уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
дұрыс пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз.
Бұлай істемеген жағдайда, қызмет көрсету
орталығының технигі немесе дилер көрсеткен
қызмет, кепілдік мерзімі кезінде де ақылы
болуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығына
қатысты нұсқаулар мен кепілдік шарттары
кепілдік кітапшасында берілген.
ОРНАТУ АЛДЫНДА
Пешті орнату алдында, техникалық сипаттама
тақтайшасынан келесі деректерді жазыңыз.
8
Loading...
+ 16 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.