Zanussi ZDF 92300 XA User Manual [ru]

GETTING STARTED?
EASY.
User Manual
ZDF92300WA ZDF92300XA
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
RU Инструкция по эксплуатации 17
Посудомоечная машина
UK Інструкція 33
Посудомийна машина

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер мен
басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5 (0.05) / 8
(0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 13 орыннан асырмаңыз.
2
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының ұштарын
төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып қалмас
үшін қараусыз қалдырмаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар болса)
кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОРНАТУ

• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.

ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН! Өрт
шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған. Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар. Қуат ашасындағы сақтандырғышты ауыстыру қажет болса, келесі сақтандырғышты пайдаланыңыз: 13 amp ASTA (BS 1362).

СУҒА ҚОСУ

• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға
3
жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін уәкілітті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ПАЙДАЛАНУ

• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға болмайды.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.

ҚЫЗМЕТ

• Құрылғыны жөндету үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды ұсынамыз.
• Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі: Өнім нөмірі (PNC): Сериялық нөмірі:

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
4

ОҢАЙ БАСТАУ

1 2 3
456
Қосу/өшіру индикаторы
1
Бағдарлама көрсеткіші
2

Индикатор шамдары

3
Бастау түймешігі
4
ИНДИКАТОР ШАМДАРЫ
Аяқтау индикаторы.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп тұрады.
Кешіктіру түймешігі
5
Бағдарлама түймешесі
6
5

БАҒДАРЛАМАЛАР

Пайдалану көлемі
1)
Қуат (кВт)
Су (л)
Бағдарлама
2)
Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Қалыпты кірленген Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары
Бағдарлама
циклдары
• Алдын ала жуу
• Жуу 50 °C
• Шаю циклдары
Ұзақтық
(мин)
195 1.039 11
• Кептіру
3)
Қатты ластанған Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
Қалыпты кірленген Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары
• Алдын ала жуу
• Жуу 70 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
• Алдын ала жуу
• Жуу 65 °C
• Шаю циклдары
140 - 160 1.3 - 1.5 13 - 15
100 - 120 1.2 - 1.5 15 - 17
• Кептіру
4)
Жаңа ластанған Ыдыс-аяқтар мен ас
• 60 °C бастап 65 °C дейін
• Шаю циклдары
30 0.9 9
құралдары
5)
Барлығы • Алдын ала
жуу
14 0.1 4
1) Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
2) Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
3) Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада шаю циклы бар. Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C градуста тұрады.
4) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
5) Бұл тағам қалдықтарының ыдысқа жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шықпас үшін ыдысты жылдам шаюға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
6

СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Сынақ өткізуге қажетті барлық ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға хат жолдаңыз:
info.test@dishwasher-production.com
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.

БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Су жұмсартқыштың ағымдық деңгейінің сумен жабдықтау жүйесіндегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Егер сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машинаға
арналған арнайы тұздан салыңыз.

СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ КЕСТЕСІ

Неміс градусы
(°dH)
47 -50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
<4 <7 <0.7 < 5
1) Зауыттық параметрлер
2) Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
Француз градусы
(°fH)
3. Шайғыш зат үлестіргішіне ыдыс жуғыш
машинаға арналған арнайы шайғыш заттан салыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру барысында
қалуы мүмкін қалдық заттарды тазалау үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
ммоль/л Кларк градусыСужұмсартқыштың
деңгейі
1)
5
2)
1
7

Су жұмсартқышты реттеу

5x
6x
Бағдарлама белгісі қалпына келуі керек.
• Құрылғының бағдарлама таңдау режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
түймешігін басып ұстап тұрып, дәл осы кезде тетікті бағдарламаның белгісі қалпына келгенше, сағат тілінің бағытына қарсы қатар бұраңыз.
тетігін Delay және жыпылықтай бастағанда босатыңыз.
түймешігін басыңыз. , Delay және индикаторлары жыпылықтайды. Ағымдық
параметр жыпылықтау + үзіліс + 5 рет қысқа жыпылықтау = 5-ші деңгей.
• Параметрді өзгерту үшін түймешігін басыңыз. Түймешікті басқан сайын деңгей қосылады. 10-шы деңгейден кейін қайта 1-ші деңгей басталады.
• Параметрді растау үшін тетікті
индикаторының қысқа жыпылықтауы арқылы көрсетіледі: мысалы, 5 рет
қалпына бұраңыз.

ТҰЗ ҚОСУ

Ең алғаш пайдалану алдында тұз сауытына бір литр су қосыңыз. Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай
жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.
8

ШАЙҒЫШ ЗАТ ҚОСУ

2
1
4
3
2
1
2
1
2
0
3
0
A
B
2
1
2
0
3
0
Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай құрғатуға мүмкіндік береді. Бұл ыстық сумен жуу режимінде автоматты түрде қосылады.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс орнатыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса, шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Бағдарламаны бастаңыз.
Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз сауытын толтырыңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ҚОСУ

Егер бағдарламаның алдын ала жуу циклі бар болса, B бөлігіне шамалы жуғыш зат салыңыз.

ЖУҒЫШ ТАБЛЕТКАЛАРДЫ ҚОСУ

9

БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАУ РЕЖИМІ

Бағдарламаны бастау үшін құрылғы Бағдарламаны таңдау режимінде тұруға тиіс. Егер басқару панелінде бұндай жағдай көрсетілмесе Reset функциясын қосыңыз.
Delay және түймешігін құрылғы бағдарламаны таңдау режиміне қойылғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.

RESET

Reset параметрінің көмегімен жұмыс істеп тұрған бағдарламаны немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатуға болады. Құрылғы Бағдарламаны таңдау режиміне қайта оралады.

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

Судың шүмегін ашыңыз, есікті жабыңыз, бағдарламаны таңдаңыз, түймешігін басыңыз.
10

ПАРАМЕТР DELAY

5 min
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны бастау уақытын 3 сағатқа кешіктіруге болады. Бағдарламаны орнатыңыз, Delay түймешігін басыңыз.
Кері санақты бастау үшін
түймешігін басыңыз.
Кері санақтың соңында бағдарлама басталады.

ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КЕЗДЕ ЕСІКТІ АШУ

Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ

индикаторы жанады. Құрылғыны 5 минут ішінде сөндірмесеңіз, барлық индикаторлар
сөнеді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
Тетікті қалпына бұраңыз. Шүмекті жабыңыз.
11

АҚЫЛ-КЕҢЕС

ЖАЛПЫ

Келесі ақыл-кеңестер күнделікті қолдану барысында кептіріп және тазалаған кезде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен шаймаңыз. Егер қажет болса, алдын ала жуу бағдарламасын (егер бар болса) қолданыңыз немесе алдын ала жуу циклі бар бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде, бүріккіштен шыққан судың ыдыстардың барлығына толық жетіп және оларды жуа алатынына көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне тимей немесе бірін бірі далдалап тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш, шайғыш құралды және тұзды бөлек пайдалануға немесе аралас таблеткаларды пайдалануға болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All in 1''). Орамында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
• Бағдарламаны салынған заттар мен олардың ластану деңгейіне қарай орнатыңыз. ECO бағдарламасын пайдаланып қалыпты кірлеген ас үй құралдары және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады.

СУ ЖҰМСАРТҚЫШ

Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне және құрылғыға жағымсыз әсер ететін, судың құрамындағы минералдарды тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары болады. Судың кермектігі балама шкаламен есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың кермектігіне сәйкес бапталуға керек. Аймағыңыздағы судың кермектігі туралы ақпаратты жергілікті су мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу нәтижесіне жету үшін су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнату керек.

ТҰЗ, ШАЙҒЫШ ЗАТ ЖӘНЕ ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ПАЙДАЛАНУ

• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды, шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.
Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Аралас таблеткалар судың кермектігі 21 °dH болатын аймақтар үшін жарамды. Осы шектен асатын аймақтарда шайғыш зат пен тұзды аралас таблеткалармен бірге пайдалану керек. Дегенмен суы кермек және өте кермек аймақтарда жуу және кептіру нәтижесі барынша жақсы болуы үшін жеке жуғыш, (қосымша функциялары жоқ ұнтақты, гельді, таблеткаларды) шайғыш затты және тұзды жеке-жеке пайдаланыңыз.
• Егер аралас таблетканы пайдалансаңыз, Multitab параметрін (егер бар болса) таңдаңыз. Бұл функция аралас таблетканы пайдаланғанда, жуу және кептіру сапасын жақсартады.
• Жуғыш таблеткалар қысқа бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып қалмас үшін жуғыш таблеткаларды пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды қолдануды ұсынамыз.
• Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың орамындағы нұсқауларды қараңыз.

ЖУҒЫШ ТАБЛЕТКАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ

Жуғыш затты, тұзды және шайғыш заттарды жеке-жеке пайдалану алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары деңгейін
орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат сауыттарының толы
екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа бағдарламаны
бастаңыз. Жуғыш зат қоспаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.

СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ

• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.
12
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас
B
A
C
үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ АЛДЫНДА

Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып тұрғанын.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

• Тұз сауытының қақпағының мықтап жабылғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Кір жуғыш машина тұзы мен шайғыш заттың (егер аралас таблетканы қолданбасаңыз) бар екенін.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде қолданылғанын.

СЕБЕТТЕРДІ БОСАТУ

1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін ғана
құрылғыдан алыңыз. Ыстық заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі заттарды алыңыз.
Бағдарламаның соңында құрылғының қабырғаларындағы және есігіндегі су ыстық болып тұруы мүмкін.

СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытыңыз және ашасын розеткадан суырыңыз.
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді. Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.
13
• Зумпф сорғышының ішінде немесе айналасында ешбір тағам қалдығыңың немесе қоқыстың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалпақ сүзгіні орнына (C) қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың астына дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• (A) және (B) сүзгілерін құрастырыңыз.
• (A) сүзгісін (C) сүзгісіне салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін

БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ

Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

СЫРТЫН ТАЗАЛАУ

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз.
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

ІШІН ТАЗАЛАУ

• Құрылғыны мұқият тазалаңыз, есіктің резеңке тығыздағышын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май немесе қақ жиналып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін ұзақ бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет қосып орындауды ұсынамыз.

АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Егер құрылғы іске қосылмаса немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап қалса, қызмет көрсету орталығына хабарласпай тұрып, мәселені кестедегі ақпараттың көмегімен өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.
Ақау және ескерту коды Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмадыңыз.
Бағдарлама басталмай тұр. • Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
• Бастау түймешігін басыңыз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса,
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта
Кей ақаулықтар пайда болған кезде әр түрлі индикаторлар қысқа және/немесе үздіксіз жыпылықтап, ақауды ескертеді.
келмегеніне көз жеткізіңіз.
оны ажыратыңыз немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл үдерістің ұзақтығы шамамен 5 минут.
14
Ақау және ескерту коды Ықтимал шешімі
Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай тұр.
индикаторы 1 қысқа рет жыпылықтайды.
индикаторы үздіксіз жыпылықтайды.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
индикаторы 2 қысқа рет жыпылықтайды.
индикаторы үздіксіз жыпылықтайды.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
индикаторы 3 қысқа рет жыпылықтайды.
индикаторы үздіксіз жыпылықтайды.
Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін түймешігін басыңыз. Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ЖУУ ЖӘНЕ ҚҰРҒАТУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЕМЕС

• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары пайда болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Стакандарға және ыдыстарда ақ жолақтар немесе көк дақтар түскен.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және кепкен су тамшылары қалған.
Ыдыс-аяқ кеппеген. • Бағдарламаның кептіру циклы жоқ немесе кептіру
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылып тұр. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
циклының температурасы өте төмен.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
15
Басқа ықтимал себептерді "Ақыл-
Mod. ... ... ...
Prod. No. ... ... ...
Ser. No. ...
кеңес" тарауынан қараңыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

Өлшемдері Ені / биіктігі / тереңдігі (мм) 600 / 850 / 625
Электртоғына қосу
Құйылатын судың қысымы Ең аз / ең көп (МПа) 0.5 (0.05) / 8 (0.8)
Сумен жабдықтау
Сыйымдылығы Орын параметрлері 13
Қуат тұтынуы Қосулы режим (Вт) 0.50
Қуат тұтынуы Сөндіру режимі (Вт) 0.50
1) Басқа мәндерді техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз.
2) Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты) алынса, тұтыну
қуатын азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
1)
Кернеу (В) 220 - 240
Жиілік (Гц) 50
2)
Суық су немесе ыстық су
ең көбі 60 °C

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ТАҚТАЙШАСЫ

СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Сынақ өткізуге қажетті барлық ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға хат жолдаңыз:
info.test@dishwasher-production.com
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына
зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
16
Loading...
+ 36 hidden pages