
Қысқаша нұсқаулық
WHIRLPOOL ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН
РАХМЕТ
Толығырақ көмек алу үшін, құрылғыңызды
www . whirlpool . eu/ register веб-сайтында тіркеңіз
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
АЛҒАШҚЫ РЕТ ПАЙДАЛАНУ
AIR VENT (АУА ЖЕЛДЕТКІШІ)(СОРУ НҰСҚАЛАРЫ ҮШІН)
Сорғы мен қабырғадағы саңылауларды ауа өткізуге арналған
саңылаумен бірдей диаметрді сақтап (байланыстырушы фланец),
байланыстырыңыз .
Өлшемі одан кіші қабырға саңылаулары мен құбырларды пайдалану ауа
сору өнімділігінің төмендеп, шудың күрт көбеюіне алып келеді.
Сондықтан, бұл мәселе жөніндегі кез келген жауапкершілік
қабылданбайды.
! Ауа өткізгішті минималды керекті ұзындығымен пайдаланыңыз.
! Шынтақшалары максималды құбырды пайдаланыңыз (шынтақшаның
максималды бұрышы: 90°).
! Құбырдың көлденең қимасындағы кез келген оқыс өзгерістен сақтаныңыз.
! Аталған ережелер сақталмаған жағдайда, компанияға ешқандай
жауапкершілік жүктелмейді.
СҮЗУ ӘЛДЕ АУАНЫ ҚҰБЫРМЕН ШЫҒАРУ?
! Сіздің сорғыңыз ауа сору нұсқасында қолдануға дайын.
Сорғыны сүзу нұсқасында пайдалану үшін, арнайы ACCESSORY KIT
(Керек-жарақтар жинағы) жинағы орнатылуы қажет.
ACCESSORY KIT (Керек-жарақтар жинағы) бар-жоғын немесе оны бөлек
сатып алу керектігін тексеріңіз.
KZ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын Қауіпсіздік
нұсқаулығын мұқият оқыңыз.
Ескерту: Жинақ құрамында бар болған жағдайда, сорғыға қосымша
белсендірілген көмірмен сүзу жүйесін орнатуға болады. Сорғыны ауа сору
нұсқасынан сүзу нұсқасына алмастыру туралы ақпарат “Safety Instructions &
Installation (Қауіпсіздік және орнату нұсқаулығы)” бөлімінде қамтылған.
АУА СОРУ НҰСҚАСЫ
Бұл жағдайда, сорғыштың үстінде орналасқан біріктіретін сақинаға
қосылған арнайы құбыр арқылы, түтін сыртқа жылжиды.
Назар аударыңыз! Сорып алатын түтікпен жабдықталмаған және оны
бөлек сатып алуыңыз қажет. Сорып алатын түтіктің диаметрі біріктіргіш
сақинамен бірдей болуы тиіс.
Назар аударыңыз! Егер сорғы белсенді көміртегі сүзгісімен
жабдықталған болса, оны ауыстыру қажет.
СҮЗГІ НҰСҚАСЫ
Сорылған ауа бөлмеге қайта жіберілмес бұрын майсыздандырылып,
иіссіздендіріледі.
Бұл нұсқадағы сорғыны пайдалану үшін, сіздің белсендірілген көмірге
негізделген қосымша сүзу жүйесін орнатуыңыз қажет болады.
БАҚЫЛАУ ПАНЕЛІ
АБАЙЛАҢЫЗ!! Бұл сорғының автоматты басқару жүйесі бар
(төменнен қараңыз“T4. 6th sense функциясы (AUTO режимі)
ҚОСУЛЫ/ӨШІРУЛІ.
Сорғы электр желісіне әр қосылған сайын, автоматты түрде калибрлеу
жүріп отырады (мәселен: электр энергиясы өшкеннен кейін бірінші рет
қосқанда). Бұл әрекетті қолмен де орындауға болады (“Датчикті орнату”
тармағын қараңыз). 5 минутқа созылатын калибрлеу барысында, T4
жыпылықтайды да, шамдар қолданылуы мүмкін.
T1. ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ ӨШІРУЛІ/ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АЗАЙТУ
Жылдамдықты азайтып, ауа сору қозғалтқышын өшіру үшін басыңыз.
Тікелей ауа сору қозғалтқышын өшіру үшін, басып ұстап тұрыңыз.
T2. ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ ҚОСУЛЫ/ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ
АРТТЫРУ
Ауа сору қозғалтқышын қосып, жылдамдықты арттыру үшін басыңыз.
Тікелей 3-ші жылдамдықты орнату үшін, басып ұстап тұрыңыз.
T3. “POWER BOOST “ FUNCTION ("ҚУАТТЫ КҮШЕЙТКІШ"
ФУНКЦИЯСЫ)
T3 басып, “POWER BOOST 1 (ҚУАТ КҮШЕЙТКІШ 1)” ауа сорудың
қарқынды жылдамдығын іске қоса аласыз (уақытпен реттеледі).
Ескерту: бес минуттан кейін, сорғы 3-ші жылдамдықта жұмыс істеуге
оралады.
Ауа сору қозғалтқышы “POWER BOOST1 (ҚУАТ КҮШЕЙТКІШ 1)”-та қосулы
тұрғанда, қайтадан T3 басып, ауа сорудың “POWER BOOST 2 (ҚУАТ
КҮШЕЙТКІШ 2)” қосымша қарқынды жылдамдығын іске қоса аласыз
(уақытпен реттеледі).
Ескерту: бес минуттан кейін, сорғы 3-ші жылдамдықта жұмыс істеуге
оралады.
Ескерту: қайтадан T3 бассаңыз, бес минут ішінде сорғы қайтадан
“POWER BOOST 1 (ҚУАТ КҮШЕЙТКІШ 1)” жұмысына оралады
T1. Желдеткіш қозғалтқышы ӨШІРУЛІ/
Жылдамдықты азайту
T2. Желдеткіш қозғалтқышы ҚОСУЛЫ/
Жылдамдықты арттыру
T3. “POWER BOOST “ Function ("ҚУАТТЫ
КҮШЕЙТКІШ" Функциясы)
T4. 6th sense функциясы (AUTO режимі)
ҚОСУЛЫ/ӨШІРУЛІ
T5. "ZEN режимі" операциясы
T6. Май/көмір сүзгісі дабылы/қайта орнату
T7. Негізгі жарық ҚОСУЛЫ/ ӨШІРУЛІ
T4. 6TH SENSE ФУНКЦИЯСЫ (AUTO РЕЖИМІ) ҚОСУЛЫ/ӨШІРУЛІ
Сорғы датчигі қоршаған орта жағдайларының өзгеруін анықтай алса,
сорғы ауа сору жылдамдығын автоматты түрде орнатады.
Ескерту: функцияның дұрыс істеп тұрғандығына көз жеткізу үшін, алдымен
датчикті теңшеңіз (төменнен “Датчикті орнату” тармағын қараңыз).
Ескерту: егер де сіз жылдамдықты басқаратын кез келген басқа
функцияларды өзгертетін болсаңыз, “6th sense” функциясы өшіп қалады.
Датчикті орнату
Бұл әрекетті сорғы ӨШІРУЛІ тұрғанда орындауға болады. Қоршаған орта
жағдайы қалыпты болса T4 батырмасын 5 секунд басыңыз, T4 батырмасы
сорғының датчикті калибрлеп жатқандығын білдіріп, 5 минут жыпылықтайды
да, содан соң калибрлеудің аяқталғандығын көрсетіп, сөнеді.
Плитаны орнату: T1 және T2 батырмаларын бір уақытта қатар басып
ұстап тұрыңыз. Екі батырма жарығы да сорғының плитаның калибрлеу
параметрлерін қабылдауға әзір екендігін көрсетеді.
Газ плитасын таңдау үшін, T1 басыңыз (сорғы параметрлері газ плитасына
сай орнатылғандығын білдіріп, T1 3 секунд жыпылықтайды).
Индукциялық плитаны таңдау үшін, T2 (сорғы параметрлері индукциялық
плитаға сай орнатылғандығын білдіріп, T2 3 секунд жыпылықтайды).
T5. OPERATION “ZEN MODE” ("ZEN РЕЖИМІ" ОПЕРАЦИЯСЫ)
“ZEN” ауа сору режимін іске қосу үшін немесе өшіру үшін басыңыз.
Бұл функция ауа сору жылдамдығын тыныштық күйі мен ауа сору тиімділігі
арасындағы мінсіз үйлесімділікті сақтай отырып іске қосуға мүмкіндік береді.
T6. GREASE/CHARCOAL FILTER ALARM/RESET (МАЙ/КӨМІР СҮЗГІСІ
ДАБЫЛЫ/ҚАЙТА ОРНАТУ)
Белгілі бір уақыт аралығынан кейін, сорғы сүзгіге қызмет көрсету қажет
екендігі туралы белгі бере бастайды.
Ескерту: Индикаторлар сорғы қосылу тұрғанда ғана жұмыс істейді.
T6 жанып тұр: Май сүзгісіне техникалық қызмет көрсетіңіз.
T6 жыпылықтап тұр: көмір сүзгісіне техникалық қызмет көрсетіңіз.

Сүзгінің қанығу индикаторларын қайта орнату:
Ескерту: Бұл әрекетті сорғы қосулы тұрғанда орындау қажет.
T6 басып ұстап тұрыңыз
Ескерту: дабылдың орнатылғандығын көрсету үшін, T6 мен сорғы сөнеді.
Май сүзгісін және Көмір сүзгісін қайта орнату дәл сол кілттің көмегімен
жүзеге асырылады. Егер де екі сүзгінің де дабылдары іске қосулы
болса, қайта орнату әрекеті басымдықты Көмір сүзгісіне бере отырып,
есептеуішті бірінен соң бірі қайта орната бастайды.
Көміртекті сүзгінің қанығу индикаторын іске қосу
Ескерту: Бұл әрекет орындалғанда, ауа сору қозғалтқышы сөндірулі болу
керек .
Әдетте бұл индикатор өшірулі тұрады – функцияны іске қосу үшін, T3 және
T7 басып ұстап тұрыңыз: Индикатордың іске қосылғандығын білдіру үшін,
батырмалардың екеуі де жанады.
Функцияны өшіру үшін, қайтадан дәл сол батырмаларды басып, ұстап
тұрыңыз: Индикатордың өшкенін білдіру үшін, екі батырма да алдымен
жыпылықтайды да, сосын сөнеді.
T7. НЕГІЗГІ ЖАРЫҚ ҚОСУЛЫ/ӨШІРУЛІ
Плитаның жарығын қосу немесе өшіру үшін басыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Биіктігі (см) Ені (см) Тереңдігі (см) сорып алатын түтіктің Ø (см)
62-114 59,8 45,5 15
62-114 89,8 45,5 15
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ТАЗА ЛАУ
• Бумен тазалау жабдықтарын пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны негізгі қуат көзінен ажыратыңыз.
Маңызды: тот басатын немесе түрпілі жуғыш құралдарды
пайдаланбаңыз. Егер дәл осындай құрылғылар байқаусызда құрылғыға
тиіп кететін болса, тез арада құрылғыны дымқыл шүберекпен сүртіп,
тазалаңыз. Спиртті пайдаланбаңыз.
• Беттерін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Егер қатты кірлеген болса,
суға бірнеше тамшы тазалау қоспасын қосыңыз. Ең соңында құрғақ
матамен сүртіңіз.
Маңызды: ысқыш спонждар немесе металл ысқыштарды қолданбаңыз.
Уақыт өте келе олар эмальдің бетін бұзуы мүмкін.
• Арнайы осындай құрылғыны тазалауға арналған жуғыш құралдарды
пайдаланып, өндіруші нұсқаулығын орындаңыз.
Маңызды: май қалдықтарын жою үшін, сүзгілерді айына кем дегенде бір
рет жуып тұрыңыз.
МАЙ СҮЗГІЛЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Сүзгіні айына бір рет (немесе сүзгінің қанықтылық индикациясының жүйесі
қолыңыздағы үлгіде қарастырылған болса, сүзгі тазалауды қажет еткенде)
агрессивті емес жуғыш құралдарды пайдаланып қолмен немесе төменгі
температура және қысқа бағдарламаға қойып, кір жуғыш машинада жуу қажет.
Ыдыс жуғыш машинада жуғаннан кейін май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін,
бірақ сүзу қуаты өзгеріссіз қалады.
Сүзгіні алу үшін, тұтқасын шығарыңыз.
Сүзгіні жуып, кептіруге қойғаннан кейін, сүзгіні қайта орнатуға арналған
жұмыс реті бойынша әрекет етіңіз.
БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІРТЕКТІ СҮЗГІ(ТЕК СҮЗУ ҚОНДЫРҒЫСЫ БАР
ҮЛГІЛЕР ҮШІН)
Көміртекті сүзгіні айына бір рет ыдыс жуғыш машинада, максималды
температураға қойып, ыдыс жуғыш машиналарға арналған жай жуғыш
құралды қосып жуу керек. Сүзгіні өз қолыңызбен жуған жақсы.
Сүзгіні жуып болған соң, оны белсендіру үшін, 100°C-қа қыздырылған
пештің ішіне 10 минутқа салып, кептіріп алу қажет.
Сүзгіні әр 3 жыл сайын алмастырып тұрыңыз.
Көміртекті сүзгіні құрастыру:
1. Май сүзгілерін алыңыз.
2. Тетіктерді 90°-қа бұрай отырып, сүзгінің тірек жақтауын алып тастаңыз.
3. Тірек жақтауының ішінде көміртекті сүзгіні жинаңыз.
Май сүзгісі мен сүзгінің тірек жақтауын алмастыру үшін, жоғарыда
сипатталған әрекеттерді кері бағытта орындаңыз.
ШАМДАРДЫ АЛМАСТЫРУ
Сорғы жарықдиодты жарықтандыру жүйесімен жабдықталған.
Жарықдиодтар өте жақсы жарық береді, жай шамдарға қарағанда 10 есе
ұзақ қызмет етеді, сондай-ақ энергияны 90%-ға дейін үнемдейді.
Ескерту: Жарықдиодты шамдарды алмастыру үшін, Кепілдік бойынша
қызмет көрсету орталығының Техникалық бөліміне хабарласыңыз.
* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді