WHIRLPOOL AKP 255/JA User Manual [kk]

(Осындағы кепілдік белгісін қолдану)
KZ
Пайдалану жəне күтіп ұстау нұсқаулығы
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
СІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ
Бұл нұсқаулық жəне құралдың өзі барлық уақытта оқылатын жəне қарастырылатын маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді.
Бұл – қауіпсіздікке қатысты, пайдаланушыларға жəне басқаларға ықтимал қауіп-қатер туралы ескертетін қауіптілік белгісі. Барлық қауіпсіздік ескертулері қауіп таңбасының жəне мына жазулардың артында тұрады:
ҚАУІПТІ
ЕСКЕРТУ
Алды алынбаған жағдайда ауыр жарақатқа əкелетін қауіпті жағдайды көрсетеді.
Алды алынбаған жағдайда ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін қауіпті жағдайды көрсетеді.
Барлық қауіпсіздік ескертулері қауіп-қатер мүмкіндігін жəне құрылғыны дұрыс қолданбау себебінен болатын жарақат алу, бұзылулар мен ток соғу мүмкіндіктерін азайту жолдарын көрсетеді. Келесі нұсқауларды мұқият қарастырыңыз:
- Кез келген орнату жұмысын орындау алдында құралды қуат көзінен ажырату қажет.
- Орнатуды жəне күтім көрсетуді өнім жасаушысының нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті
техникалық маман орындауы керек. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса.
- Қуат сымын тек білікті техникалық маман ыстыруы керек. Өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Ереже бойынша құрылғының жерге тұйықталуы талап етіледі.
- Қуат көзінің сымы құралды негізгі қуат көзіне байланыстыру үшін жеткілікті түрде ұзын
болуы қажет.
- Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сəйкес орнату үшін ең аз
байланыс аралығы 3 мм болатын барлық полюсті ажыратып­қосқыш пайдаланылуы қажет.
- Ұзартқыштарды немесе бірнеше көзді розеткаларды пайдаланбаңыз.
- Құрылғының қуат көзінен ажырату үшін қуат кабелін тартпаңыз.
- Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет.
- Құралды дененің су бөлігімен түртпеңіз жəне аяқ киімсіз басқармаңыз.
- Бұл құрылғы тек тұрмыста пайдалануға арналған. Басқа кез
келген пайдалану түріне тыйым салынады (мысалы: бөлмелерді жылыту). Өндіруші дұрыс пайдаланбауға немесе басқару құралдарын дұрыс орнатпауға қатысты барлық жауапкершіліктерден бас тартады.
KZ1
-8 жастан үлкен балалар жəне дене, сезу не ақыл қабілеттері
шектеулі немесе тəжірибесі мен біліктілігі аз адамдар бұл құрылғыны біреудің бақылауында қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқауларды алған жəне ықтимал қатерлерді түсінген жағдайда ғана оны пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Балаларға тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз.
- Бұл
құрылғының қол жетімді бөліктері тамақ пісіру барысында
қатты ыстық болуы мүмкін. Жас балаларды осы құрылғыға жолатпау жəне онымен ойнамауын қадағалау қажет.
- Құрал жəне оның қолжетімді бөліктері пайдалану барысында қызады. Қыздыру элементтеріне тиіп кетуден абай болу керек. 8 жасқа толмаған балаларды үздіксіз бақылаусыз жолатпау керек.
- Қолдану барысында не одан кейін құрылғының қыздыру элементтерін ұстамаңыз. Барлық құрамдастары толығымен суығанша құралдың маталарға немесе басқа жанатын материалдарға тиюіне мүмкіндік бермеңіз.
- Тамақ пісіріп болған соң құрылғының қақпағын ашу кезінде абай болыңыз, пешті ашпас бұрын будың немесе ыстық ауаның жайлап шығып кетуіне жол беріңіз. Құрылғы қақпағы жабылған кезде, ыстық ауа
басқару тақтасының жоғарғы жағындағы саңылаудан шығады. Желдету саңылауларының жабылып қалуына жол бермеңіз.
- Қыздырушы элементтерді түртпей катрөлдерді жəне аксессуарларды алып тастау үшін пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Құрылғының ішіне немесе қасына жанғыш заттарды қоймаңыз: құрылғы дұрыс іске қосылмаса, өрт шығуы мүмкін.
- Құрылғы ішінде тығыздалып жабылған құтыларды немесе ыдыстарды қыздырмаңыз немесе олардың ішінде тамақ пісірмеңіз. Тығыз жабылған ыдыстың ішінде жиналатын қысым ыдысты жарып, құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
- Синтетикалық материалдардан жасалған ыдыстарды пайдаланбаңыз.
- Шамадан тыс қызған сұйық май жəне
тоң май оңай тұтанады.
Сұйық майы немесе тоң майы көп тамақты пісірген кезде өте сақ болыңыз.
- Тамақты құрғату барысында құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
- Тамақ пісіру барысында алкогольді сусындар (мысалы, ром,
коньяк, шарап) пайдаланылса, алкоголь жоғарғы температураларда буланатынын ескеріңіз. Нəтижесінде алкогольден шыққан бу электрлік қыздыру элементіне тисе тез тұтанатындықтан қауіпті жағдай туындайды.
KZ2
- Бумен тазалау құрылғыларын пайдаланбаңыз.
- Пиролиз циклінде құрылғыны ұстамаңыз. Пиролиз
барысында балаларды құрылғыға жақындатпаңыз (Пиролиз функциясы бар құрылғыларға ғана қатысты).
- Тек осы пеш үшін ұсынылған температура датчигін ғана пайдаланыңыз.
- Пеш есігінің шынысын тазалау үшін қырғыш губкаларды немесе өткір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар шынының бетін сызып, оның шытынауына себеп болуы мүмкін.
- Ток соғу қаупінің алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын құрылғыны міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
- Дайындау ыдысында тағамның бетін жабу үшін алюминий қақтаманы пайдаланбаңыз (тек дайындау ыдысы ұсынылған жағдайда).
- Барлық босату жəне орнату операцияларын орындау үшін қорғаныс қолғаптарын пайдаланыңыз.
Тұрмыстық құрылғыларды тастау
- Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған. Оны жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сəйкес тастаңыз. Тастамас бұрын, қуат кабелін кесіп тастаңыз.
- Электрлік-тұрмыстық құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру жəне қоқысқа тастау бойынша қосымша ақпарат алу үшін, құзыретті жергілікті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз
ОРНАТУ
Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Зақымдаудың алын алу үшін, орнату барысында пештің тек полистирен көбігін ғана алып тастаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ КОРПУСЫН ДАЙЫНДАУ
Пешке тиіп тұратын ас бөлмедегі заттар ыстыққа (мин. 90°C) төзімді болуы керек.
Пешті корпусына салмас бұрын, барлық шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш қиқымдары мен ұнтақтарын абайлап жойыңыз.
Орнатқан соң, пештің түбі қол жетімді болмауы керек.
Өнім дұрыс жұмыс істесін десеңіз, пеш пен құрылғының жоғарғы жағындағы талап етілген минимум аралықты кедергісіз
ЭЛЕКТР СЫМДАРЫН ЖАЛҒАУ
Құрылғының төменгі жағында орналасқан деректер тақтасында көрсетілген кернеу үй желісіндегі кернеумен бірдей болуы керек. Деректер тақтасы пештің алдыңғы жиегінде орналасқан (есік ашылған кезде көрінеді).
Қуат кабелін ауыстыруды (H05 RR-F 3 x түрінде, 1,5 мм қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР Пайдалану алдында:
- Қатырма қағаздан жасалған қорғау бөлшектерін, қорғаныш үлдірін жəне жапсырма белгілерді құрылғыдан алып тастаңыз.
- Пештен қосымша құралдарды алып тастап, Оқшаулау материалдары мен қорғаныш жағармай иістері мен түтіндерін кетіру үшін оны шамамен бір сағат бойы 200° температурада қыздырып қойыңыз.
Пайдалану барысында:
- Есігіне ауыр заттар қоймаңыз, себебі олар оны зақымдауы мүмкін.
- Есікке сүйкенбеңіз немесе оның тұтқасына еш нəрсе ілмеңіз.
- Пештің ішіне алюминий фольга салмаңыз.
- Пеш ыстық кезде оның ішіне су құймаңыз; ол эмаль қабатты зақымдауы мүмкін.
- Кастрөлдерді немесе табаларды духовканың түбімен сырғытпаңыз, себебі эмаль қабаты зақымдануы мүмкін.
- Электр сымдары жəне қыстырылып қалмасын.
- Духовканы атмосфералық əсерлерге ұшыратпаңыз.
қалдыруды ұмытпаңыз.
басқа құрылғылар осы пештің ыстық бөліктеріне тиіп қалмасын немесе есікке
.
2
) білікті электрші орындауы керек. Өкілетті
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Орам материалдарын тастау
Орам материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне оның қайта өңдеу белгісі бар (). Орамның əр түрлі бөліктерін қоршаған ортаға таратылмай, жергілікті ережелерге сай қоқысқа тастау керек.
KZ3
Loading...
+ 9 hidden pages