ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
КОНФОРКАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША
ҰСЫНЫСТАР
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ МЕН ЖАЛПЫ КЕҢЕС
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
КҮТІМ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ОРНАТУ
49
КОНФОРКАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
•
•
Плитаңыздың жұмысына толығымен
қанағаттану үшін, осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз жəне болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
•
Қаптама материалын (пластикалық қораптар,
полистирол бөлшектер жəне т.б.) балалардан
алшақ ұстаңыз, себебі олар қауіпті болуы мүмкін.
•
Плитаның тасымалдау барысында
зақымдалмағанын тексеріңіз.
Өндірушінің нұсқаулықтарын орындай
отырып жəне ағымдағы жергілікті қауіпсіздік
ережелеріне сəйкес болатындай орнату жəне
электрлік қосылымдар білікті маман
тарапынан орындалғанына көз жеткізіңіз.
•
Құрылғыны алғаш рет пайдалану алдында, тот
баспайтын болаттан жасалған конфорка бетін
сауда тазалағыш бұйымымен міндетті түрде
тазалаңыз. Сондай-ақ, плитаның жоғарғы
жағына жапсырылған кез келген затбелгілерді
алып тастаңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
1. Қаптама
Қаптама материалын толығымен қайта өңдеуге
болады жəне оның қайта өңдеу белгісі бар, ол
жергілікті кəдеге жарату орталықтарына жіберілуі
тиіс материалдың түрін анықтайды.
2. Өнім
Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықты
қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2002/96/EC
Еуропалық директивасына сай белгіленген.
Бұл өнімді тиісті жолмен кəдеге жарату арқылы сіз
қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал
теріс əсерлердің алдын алуға көмектесесіз, бұл
əсерлер осы өнімнің дұрыс емес қоқысқа
тасталғанынан пайда болуы мүмкін.
Өнімдегі немесе өніммен бірге берілетін
құжаттардағы белгісі бұл
қоқыс ретінде өңдеуге болмайтындығын білдіреді.
Оның орнына оны электрлік жəне электрондық
жабдықты қайта өңдеуге арналған қоқыс жинау
пунктіне апару керек.
Қоқысқа тастау əрекеті қоқыстарды тастау бойынша
жергілікті ережелерге сəйкес орындалуы қажет.
Бұл өнімді өңдеу, қалпына келтіру жəне қоқысқа
тастау бойынша толығырақ ақпарат алу үшін,
қалаңыздағы жергілікті кеңсеңізге, тұрмыстық
қоқысты
жинау қызметіне немесе өнім сатып алынған
дүкенге хабарласыңыз.
құрылғының тұрмыстық
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ МЕН ЖАЛПЫ КЕҢЕС
•
Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет
көрсету жұмысының алдында, плитаны негізгі
қуат көзінен ажыратыңыз.
•
Ұзақ уақыт бойы пайдалану жағдайында
қосымша желдету қажет болуы мүмкін (терезені
ашу немесе сору мұржасының күшін арттыру).
•
Балаларды қолданылып жатқан плитадан
алшақ ұстаңыз.
•
Пайдаланғаннан кейін тұтқалардың нөлдік
күйде екендігіне көз жеткізіңіз.
•
Бұл құрылғыны дене, сезу не ақыл қабілеттері
шектеулі немесе тəжірибесі мен біліктілігі аз
адамдар (соның ішінде балалар) олардың
қауіпсіздігіне жауапты адамның бастапқы
бақылауында болмаған немесе құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау алмаған жағдайда
пайдалана алмайды.
•
Кішкентай балалар құрылғыдан шеттетіліп,
онымен ойнамауына көз жеткізу үшін бақылау
астында болуы тиіс.
•
Жеке тұрмыстық мақсаттарда тағам дайындау
үшін арналған. Бұл құрылғыны бөлмені жылыту
үшін жылытқыш ретінде пайдаланбаңыз.
•
Құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесі арқылы басқарылу
үшін арналмаған.
Сəйкестілік бойынша декларация
•
Бұл құрылғы төмендегілерге сəйкес жасақталған,
құрастырылған жəне нарыққа шығарылған:
- «Төмен кернеу» жөніндегі 2006/95/EC
директивасының қауіпсіздік талаптары (73/23/
EEC жəне кейінгі түзетулерді ауыстырады);
- ЕЭҚ-ның «Электромагниттік үйлесімділік»
туралы 2004/108/EC директивасының қорғаныс
талаптары.
•
Бұл құрылғы азық-түлікпен байланысқа түсу үшін
ыңғайлы жəне № 1935/2004 EEC (CE) ережесіне
сəйкес келеді.
50