1.1. БІР ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ ......................................................................................................................................................224
2.2. 6TH SENSE / GREEN INTELLIGENCE .................................................................................................................................... 224
2.3. ON/STAND BY ........................................................................................................................................................................... 225
2.4. ҚУАТТЫ ӨШІРУ СИГНАЛЫ .....................................................................................................................................................225
2.5. ТЕМПЕРАТУРА ДАБЫЛЫ ........................................................................................................................................................ 225
2.6. АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ ............................................................................................................................................................. 225
2.9. ТЕЗ МҰЗДАТУ* ..........................................................................................................................................................................226
2.10. ECO NIGHT ФУНКЦИЯСЫ (ТҮНГІ УАҚЫТ ТАРИФІ) * .......................................................................................................... 226
2.11. АВТОМАТТЫ ЕРІТУ ................................................................................................................................................................226
2.12. МҰЗ ЖАСАУ ҚАЛЫБЫ* .......................................................................................................................................................... 227
2.13. ЖАРЫҚ ДИОДТЫ ШАМ ЖҮЙЕСІ* ......................................................................................................................................... 227
3-бөлім: ПАЙДАЛАНУ ............................................................................................................................ 227
3.1. МҰЗДАТҚЫШТЫҢ САҚТАУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ..................................................................................227
4-бөлім: ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ............................................................................................. 228
4.1. МҰЗДАТЫЛҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ САҚТАУ УАҚЫТЫ ............................................................................................................... 228
4.2. БАЛҒЫН ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ ЖӘНЕ САҚТАУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР............................................................................ 229
4.3. МҰЗ ПАКЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ* ............................................................................................................................................ 229
4.4. МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМ: САТЫП АЛУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР .......................................................................................... 229
6.1. УАҚЫТША ЖОҚ БОЛУ / ДЕМАЛЫС ....................................................................................................................................... 231
6.2. ОРНЫН АУЫСТЫРУ .................................................................................................................................................................231
9-бөлім: КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ........................................................................... 233
Басқалар:
ЕСІКТІҢ АШЫЛУ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ (1_НҰСҚА) ..................................................................................................................... 234
ЕСІКТІҢ АШЫЛУ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ (2_НҰСҚА) ..................................................................................................................... 238
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл нұсқаулар бірнеше үлгілер үшін қолданылады, сондықтан онда өзгешеліктер болуы мүмкін. Белгілі бір
құрылғыларға ғана қатысты қолданылатын бөлімдер жұлдызшамен (*) көрсетіледі.
Жаңа сатып алынған құрылғы үлгіңізге арналған функцияларды ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН табуға
болады.
223
1. ОРНАТУ
1.1. БІР ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ
50mm
Құрылғының жеткілікті желдетілуі үшін, оның екі жағынан
және үстінен орын қалдырыңыз.
Құрылғының артқы жағы мен құрылғы артындағы қабырға
арасындағы қашықтық 50 мм болуы тиіс.
Осы аралықты азайтсаңыз, өнім қуатты көбірек тұтынады.
2. ФУНКЦИЯЛАР
2.1. SMART DISPLAY (СМАРТ ДИСПЛЕЙ)*
Бұл функцияны қуатты сақтау үшін пайдалануға
болады. Функцияны қосу/өшіру үшін, қысқаша іске қосу
нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз. Smart Display
(Смарт дисплейді) іске қосудан кейін екі секундтан соң
дисплей өшеді. Температураны реттеу немесе басқа
функцияларды пайдалану үшін, дисплейді кез келген
түймешікті басу арқылы белсендіру қажет. 15 секунд
әрекетсіз тұрғаннан кейін, дисплей қайтадан өшеді. Функция
өшірілгеннен кейін, дисплей қалпына келеді. Қуат іркілісінен
кейін Smart Display (Смарт дисплей) автоматты түрде өшеді.
Бұл функция құрылғыны қуат көзінен ажыратпай, тек сыртқы
дисплей тарапынан тұтынылатын қуатты азайтатынын есте
сақтаңыз.
Ескертпе: Мәлімделген құрылғыдағы қуаттың тұтынылуы
Smart Display (Смарт дисплей) функциясының
белсендірілген жұмысына байланысты. Бұл функция тек
есігінде пайдаланушы интерфейсі бар үлгіде қолжетімді.
50mm
2.2. 6TH SENSE
6th Sense / Green Intelligence функциясы келесі жағдайларда
дұрыс температураны сақтауға арналған:
- Есік біраз уақытқа ашылса
Функция есіктің ашылуы ішкі температура тағамдардың
қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ете алмайтын мәндерге
көтерілуін туындатқан жағдайда іске қосылады және
оңтайлы сақтау шарттары қалпына келтірілгенше белсенді
болып қалады.
- Балғын тағамдар мұздатқышта сақталса
Функция балғын тағам мұздатқышқа салынғанда іске
қосылып, қуаттың төмен тұтынылу деңгейінде ең жақсы
мұздату сапасын қамтамасыз ететін, оңтайлы мұздату
жағдайына жеткенше белсенді болып қалады.
Ескертпе: Мұздатқышқа салынған тағамның мөлшерінен
басқа, қоршаған орта температурасы және мұздатқышта
бұрыннан бар тағамның мөлшері 6th Sense / Green
Intelligence функциясының ұзақтығына әсер етеді.
Сондықтан ұзақтықтың айтарлықтай өзгешеленуі қалыпты
болып саналады.
/ GREEN INTELLIGENCE
*Таңдалған үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңізде қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
224
2.3. ON/STAND BY
Бұл функция мұздатқыш бөлімдерінің On/Stand-by
режимін іске қосады. Өнімді күту режиміне қою үшін, On/
Stand-by түймешігін
3 секунд бойы басыңыз. Құрылғы
күту режимінде болғанда, мұздатқыш бөліміндегі шам
жұмыс істемейді. Бұл операция құрылғыны қуат көзінен
ажыратпайтынын есте сақтаңыз. Құрылғыны қайта іске қосу
үшін, On/Stand-By түймешігін
3 секунд басып тұрыңыз.
2.4. ҚУАТТЫ ӨШІРУ СИГНАЛЫ
Қуат өшкеннен кейін, электр тогы қайта қамтамасыз
етілгенде өнім мұздатқыштағы температураны автоматты
түрде бақылайтындай етіп жасақталған. Мұздатқыштағы
температура мұздатқыш деңгейінен жоғары көтерілсе, қуатты
өшіру индикаторы
қосылып, Дабыл индикаторы
жыпылықтайды және қуат қайта берілгенде дыбыстық дабыл
дауысы шығады.
Дабылды қалпына келтіру үшін, Дабылды тоқтату
түймешігін бір рет басыңыз.
Қуатты өшіру дабылы жағдайында, келесі әрекеттерді
орындаған жөн:
• Мұздатқыштағы тағам мұздатылмай, бірақ әлі салқын
болса, мұздатқыштағы барлық тағамды 24 сағаттың
ішінде тұтыну керек.
• Мұздатқыштағы тағам мұздатылған болса, бұл тағамның
еріп, қуат қайта берілгенде мұздатылғанын көрсетеді, ол
өз кезегінде тағамның дәмін, сапасын және құндылығын
нашарлатып, қауіпті болуы мүмкін. Тағамды тұтыну
ұсынылмайды, мұздатқыштың ішін толығымен босатқан
жөн. Қуатты өшіру дабылы электр қуаты өшкенде
мұздатқыштағы тағам сапасы бойынша нұсқауларды
қамтамасыз етуге арналған. Бұл жүйе тағамның
сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік бермейді және
тұтынушылардың мұздатқыш бөліміндегі тағам сапасын
өз бетінше бағалағаны жөн.
2.5. ТЕМПЕРАТУРА ДАБЫЛЫ
Дыбыстық дабыл дауысы шығады және температура
индикаторы (°C) жыпылықтайды. Дабыл келесі жағдайларда
іске қосылады:
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмағаннан кейін қуат
көзіне қосылғанда
• Мұздатқыш бөлімінің температурасы тым жоғары
болғанда
• Мұздатқышқа салынған балғын тағамның мөлшері
техникалық деректер тақтасында көрсетілген мөлшерден
асса
• Мұздатқыш есігі ұзақ уақыт ашық қалса
Дыбыстық сигналды өшіру үшін, Дабылды тоқтату
түймешігін
бір рет басыңыз. Мұздатқыш бөлімі -10°C
төмен температураға жеткенде, орнатылған температура
индикаторы (°C) жыпылықтауды тоқтатқанда және
таңдалған параметрді көрсеткенде Дабыл индикаторы
автоматты түрде өшеді.
2.6. АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ
Дабыл белгішесі
жанып жыпылықтайды және дыбыстық
дабыл дауысы шығады. Есік 2 минуттан артық уақытқа ашық
қалса, дабыл іске қосылады. Есік дабылын өшіру үшін, есікті
жабыңыз немесе дыбыстық дабылды өшіру үшін Дабылды
тоқтату түймешігін
2.7.
ПЕРНЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ
басыңыз.
Бұл функция параметрлерді абайсыздан өзгертуге
немесе құрылғыны өшіруге жол бермейді. Пернелерді
құлыптау үшін, дисплейде Пернені құлыптау индикаторы
көрсетілмегенше және функцияның таңдалуын
растайтын дыбыстық сигнал естілмегенше, Дабылды
тоқтату түймешігін 3 секунд бойы басыңыз. 3 секундтан
кейін индикатор өшеді. Белсендірілгеннен кейін басқа
түймешіктерді (Дабылды тоқтату түймешігінен басқа)
басу дыбыстық сигналды белсендіреді және дисплейде
Пернелерді құлыптау индикаторы көрсетіледі.
Пернелерді құлыптау функциясы белсенді болғанда кез
келген дабыл өшіріле алады. Пернелердің құлыптауын
шешу үшін, дисплейде Пернелерді құлыптау индикаторы
көрсетіліп, дыбыстық сигнал функцияның өшірілуін
растамағанша, дәл осы процедураны орындаңыз.
1 секундтан кейін индикатор өшеді.
2.8. SHOCK FREEZE*
«Shock Freeze» бөлімі 2 кг дейін балғын тағамды өте
жылдам мұздатуға арналған. Өте жылдам «Shock
Freeze» функциясы мұздатқанда тағамның ішінде
мұз кристалдардың қалыптасуын барынша азайтады,
осылайша, тұтыну алдында ерітілгенде, оның сапасы
жоғары болады. «Shock Freeze» функциясы белсенді
болмаған кезде, бөлімді әдеттегі мұздату немесе бұрыннан
мұздатылған тағамдарды сақтау үшін пайдалануға болады.
Ескертпе: Shock Freeze функциясы белсенді болған кезде,
гуілдеген дыбыс естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және
бөлімнің ішінде салқынның оңтайлы таралуына мүмкіндік
беретін ауа ағынынан туындайды.
«Shock Freeze» функциясын іске қосу және өшіру:
1. «Shock Freeze» функциясы соңғы рет белсендірілгеннен
бері 12 сағат өткеніне көз жеткізіңіз (қолданылса).
Функцияны 12 сағатта бір реттен жиі белсендірмеңіз.
2. «Тез мұздату» функциясының белсенді еместігіне
көз жеткізіңіз: «Shock Freeze» және «Тез мұздату»
функцияларын бір уақытта белсендіру мүмкін емес.
3. «Shock Freeze» бөлімін босатыңыз.
4. «Shock Freeze» функциясын басқару панеліндегі
түймешігін тез басу арқылы іске қосыңыз: белгіше
жанады және бөлімнің төменгі жағындағы желдеткіштер
іске қосылып, салқын ауа ағынын арттырып, нәтижесінде
мұздату процесін тездетеді.
5. Мұздатылатын тағамды бөлімнің ішіне, салқын ауа
айналымына мүмкіндік беретіндей етіп, бөлімнің артқы
жағындағы желдеткіштерден бірнеше сантиметр
(мин. 2 см) ары салыңыз.
*Таңдалған үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңізде қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
225
6. Максималды мұздату жылдамдығына қол жеткізу үшін,
есікті ашпай, «Shock Freeze» функциясы автоматты
түрде өшпейінше, өшірмеген жөн.
7. «Shock Freeze» функциясы іске қосылудан кейін
4-5 сағат өткен соң автоматты түрде өшеді. индикатор
арқылы кез келген уақытта өшіруге болады: индикатор
сөніп, желдеткіштер өшеді.
Назар аударыңыз:
• «Тез мұздату» функциясымен cәйкессіздік
Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін, «Shock Freeze»
және «Тез мұздату» функцияларын бір уақытта пайдалану
мүмкін емес. Сондықтан, «Тез мұздату» функциясы
бұрыннан қосылса, «Shock Freeze» функциясын белсендіру
үшін, оны алдымен өшіру қажет (және керісінше).
• IShock Freeze бөлімінің желдеткіштері жұмыс істеуді
бастамаса
«Shock Freeze» функциясы іске қосылғаннан кейін,
индикатор
күтілгендей жанып, бірақ желдеткіштердің
жұмысы басталмауы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және
мұздатқыштың ерітуі орындалуда екенін білдіреді. Еріту
фазасының соңында (максималды ұзақтығы: 1,5 сағат)
желдеткіштер жұмысты автоматты түрде бастайды және
«Shock Freeze» процесі қалыпты режимде басталады.
• Индикатор
жанбаса
түймешігі басылғанда белгішесі жанса: бұл жағдайда
түймешігі тым ұзақ басылды деген сөз. «Shock Freeze»
функциясын іске қосу үшін, алдымен Жылдам мұздату
функциясын өшіріңіз (
содан кейін
түймешігін 1 секундтан асырмай тез
түймешігін 3 секунд ұстап тұрып)
басыңыз.
• «Shock Freeze» функциясымен үйлесімсіздік
Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін, «Shock Freeze»
және «Тез мұздату» функцияларын бір уақытта пайдалану
мүмкін емес. Сондықтан, «Тез мұздату» функциясы
бұрыннан қосылса, «Shock Freeze» функциясын белсендіру
үшін, оны алдымен өшіру қажет (және керісінше).
2.10. ECO NIGHT ФУНКЦИЯСЫ
(ТҮНГІ УАҚЫТ ТАРИФІ) *
Eco Night функциясы электр қуаты қолжетімді болғанда
және құны күндізгіден кем болғанда құрылғыдағы
қуат тұтынымын тарифі кемітілген сағаттарға (түнде)
шоғырландыруға мүмкіндік береді (тек уақытқа негізделген
бірнеше тарифтік жүйені пайдаланатын мемлекеттерде ғана
- электр қуаты тарифтерін электрмен қамтамасыз ететін
компаниядан тексеріңіз).
Функцияны іске қосу үшін,
түймешігін азайтылған
тарифтің басталу уақытында басыңыз (арнайы тарифтер
жоспарына байланысты). Мысалы азайтылған тариф кешкі
сағат 8 басталса,
Night индикаторы
түймешігін сол уақытта басыңыз. Eco
ҚОСУЛЫ болғанда, функция қосулы
болады. Функция іске қосылған кезде, құрылғы қуаттың
тұтынылуын автоматты түрде таңдалған уақытқа сәйкес
бейімдейді, яғни, түнге қарағанда, күндіз азырақ қуат
тұтынады.
МАҢЫЗДЫ: Дұрыс жұмыс жасауы үшін, функция күндіз
және түні бойы қосулы болуы тиіс. Функция өшірілгенше
қосулы болады (немесе қуат іркілісі не құрылғыны өшірген
кезде өшіріледі). Функцияны өшіру үшін,
түймешігін қайта
басыңыз. Eco Night индикаторы ӨШІРУЛІ болған кезде,
функция ӨШІРУЛІ болады.
Ескертпе: Мәлімделген құрылғыдағы қуаттың тұтынылуы
Eco Night функциясының өшірілгендегі жұмысына қатысты.
2.9. ТЕЗ МҰЗДАТУ*
24 сағаттың ішінде мұздатуға болатын балғын тағам
көлемі құрылғының техникалық деректер тақтасында
көрсетілген.
Құрылғының оңтайлы өнімділігі үшін, мұздатқышқа
балғын тағамды салуға дейін 24 сағат бұрын Shock
Freeze/Тез мұздату
индикаторы
түймешігін 3 секунд (Тез мұздату
жанғанша) басыңыз (ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ
НҰСҚАУЛЫҒЫНА СӘЙКЕС). Балғын тағамды мұздатқышқа
салғаннан кейін, Тез мұздату функциясының 24 сағаты
жеткілікті; 50 сағаттан кейін Тез мұздату функциясы
автоматты түрде өшеді.
Назар аударыңыз:
Қуатты үнемдеу мақсатында, тағамның аз мөлшерін мұздату
кезінде тез мұздату функциясын бірнеше сағаттан кейін
2.11. АВТОМАТТЫ ЕРІТУ
Бұл өнім пайдалану жағдайларына және қоршаған орта
ылғалдығына сәйкес автоматты түрде ерітуге арналған.
Еріту мұздатқыштары сақтау аймақтары айналасында
салқындатылған ауа айналымын қамтамасыз етеді және
мұздың қалыптасуын болдырмайды, сондықтан, еріту
мүлдем қажет болмайды.
Мұздатылған заттар қабырғаларға жабыспайды, белгілер
анық, ал сақтау аймағы таза болады.
6th Sense / Green Intelligence функцияларымен бірге ол
сенсорды басқарып қана қоймай, салқындату күшін қажетті
жерге бағыттап, қуат тиімділігін оңтайландырады.
өшіруге болады.
*Таңдалған үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңізде қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
226
2.12. МҰЗ ЖАСАУ ҚАЛЫБЫ*
Мұз кесектерін жасау жолы
Мұз жасау қалыбын толығымен алуға (сол жақтағы
тегістегішті (1) басып ұстап тұрыңыз және оны өзіңізге қарай
басыңыз (2)) немесе мұз кесектеріне аналған қалталарды
(3) өзіңізге тарту арқылы алуға болады.
немесе
Мұз кесектерін алу жолы
1. Мұз науасының астындағы сақтау ұяшығы орнында
екеніне көз жеткізіңіз. Олай болмаса, орнына
сырғытыңыз.
2. Науа сәл бұралғанша, тетіктерді сағат тіліне қарсы
бағытта берік бұраңыз. Мұз кесектері сақтау ұяшығына
түседі.
ЕСКЕРТУ: тек ауыз сумен ғана толтырыңыз
(максималды деңгей = жалпы сыйымдылықтың 2/3 бөлігі)
немесе
Мұз жасау қалыбын орнына қайта қойыңыз немесе мұз
кесектеріне аналған қалталарды мұз жасау қалыбына қайта
енгізіңіз. Суды төгіп алмаңыз.
Мұз кесектері қалыптасқанша күтіңіз (Fast Freeze опциясын
белсендіргенде шамамен 4 сағат күткен жөн).
ЕСКЕРТПЕ: Мұз жасау қалыбын шығарып алуға болады.
Оны көлденең күйде мұздатқыш бөліміндегі кез келген
жерге қоюға болады немесе мұз жасау қажет болмаса,
құрылғыдан шығарып алуға болады.
3. Қажет болса, науаның басқа жартысы үшін 2-қадамды
қайталаңыз.
4. Мұзды алу үшін, сақтау ұяшығын сәл көтеріңіз және
өзіңізге қарай тартыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қаласаңыз, мұз кесектерін ыңғайлы жерде алу
үшін, Мұз жасау қалыбын құрылғыдан түгелдей шығарып
алуға болады (мысалы: үстелдің үстінде).
немесе
2.13. ЖАРЫҚ ДИОДТЫ ШАМ ЖҮЙЕСІ*
Мұздатқыш бөліміндегі жарықтандыру жүйесі жарық диодты
шам жүйесін пайдаланып, жақсы жарықтандыру мен қуаттың
төмен деңгейде тұтынылуына мүмкіндік береді. Жарық
диод шамының жүйесі жұмыс істемесе, оны ауыстыру үшін,
қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
3. ПАЙДАЛАНУ
3.1. МҰЗДАТҚЫШТЫҢ САҚТАУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУ ЖОЛЫ
Мұздатқыш бөліміндегі сақтау сыйымдылығын келесі
арқылы арттыруға болады:
• үлкен өнімдерді сақтау үшін себеттерді / жапқыштарды
алу.
• тағам өнімдерін тікелей мұздатқыш сөрелеріне қою.
• Мұз жасау қалыбын* негізгі блогынан бөлек немесе бірге
(тарту арқылы ) алу.
• бөтелке* ұстағышын алу.
*Таңдалған үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңізде қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
3.2. ЕСКЕРТПЕЛЕР
• Ауа шығару аймағын (өнімнің ішіндегі артқы қабырғада)
тағам өнімдерімен бұғаттамаңыз.
• Мұздатқыш жапқышпен қамтамасыз етілсе, жапқышты
алу арқылы сақтау көлемін барынша арттыруға болады.
• Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып алынатын
себеттерді алуға болады.
• Құрылғының ішкі температураларына қоршаған орта
температурасы, есік ашудың жиілігі және құрылғының
орналасқан орны әсер етуі мүмкін. Температураны
орнату кезінде осы ықпалдарды ескере отыруыңыз
керек.
• Құрылғы керек-жарақтарын, көрсетілмесе, ыдыс жуу
машинасында жууға болмайды.
227
4. ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ
Мұздатқыш мұздатылған тағам, мұз кесектерін жасау және
балғын тағамды мұздатқыш бөлімінде сақтауға арналған
тамаша орын.
24 сағаттық кезеңде сақауға болатын балғын тағамның
килограммдық мөлшері техникалық деректер тақтасында
көрсетілген (…кг/24 сағ).
Мұздатқышта сақталатын азық-түліктің мөлшері аз болса,
мұздатқыш бөлімінің үлгіге байланысты жоғарғы немесе
ортаңғы аймаққа сәйкес ең салқын аймағын пайдаланған
жөн (балғын тағамды мұздатуға арналған аймақты анықтау
үшін өнім сипаттамасын қараңыз).
4.1. МҰЗДАТЫЛҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ САҚТАУ УАҚЫТЫ
Кесте мұздатылған балғын азық-түлікті ұсынылатын сақтау
уақытын көрсетеді.