Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы бұйымын
сатып алуға бел байлағаныңыз үшін үлкен
рахмет айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып, сонымен
қатар сапаны қамтамасыз ету жөніндегі
барлық қажетті шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің көңіліңізден
шығуы үшін және оны еш кедергісіз
қолдануыңыз үшін біз қолымыздан келгеннің
барлығын істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты сұрақтар
туындаса, өз дилеріңізге немесе біздің өткізу
компаниямызға жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
1Қолдану нұсқаулығына
1.1Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған суреттердегі
барлық нышандардың анықтамасы, осы
қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген.
Құрылғының түріне және жарақтандыруына
байланысты, құрылғыға келесі суреттер, яғни
нышандар жабыстырыла алады.
Жанармай багы; бензин мен мотор
майының жанармай қоспасы
Қолдан жұмыс атқаратын
жанармай сүзгісін іске қосу
Трансмиссиялық жағармайға
арналған саңылау
Пышаққа арналған тоқтатқыш
Бұрылыс тұтқышы
1.2Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат алудың,
сонымен қатар күрделі материалдық
нұқсанның қаупі жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
1.3Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық машиналарды
және құрылғыларды одан әрі әзірлеумен
ұдайы айналысуда; сондықтан пішін, техника
және жабдықтар бойынша жеткізілімнің
толымдаушыларына барлық өзгерістерді
енгізу құқығын өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Түпнұсқалық қолдану нұсқаулығы
0000008589_005_KZ
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары бар, қағазды қайта өңдеуге
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және суреттеріне
қатысты ешқандай кінәраттар тағыла
алмайды.
2Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Осы мотоқұрылғымен жұмыс
істеген кезде айрықша қауіпсіздік
шараларын қолдану қажет, себебі
өткір қайралған аспаптардың және
пышақтардың жылдамдығы жоғары
болғанда жұмыс жасалады.
Алғаш рет қолданысқа енгізген
кезде, пайдалану нұсқаулығымен
мұқият танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану үшін сенімді
жерге сақтап қойыңыз. Пайдалану
нұсқаулығын сақтамау өмірге қауіп
төндіруі мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты жергілікті
ережелерді, мысалы кәсіподақтардың,
әлеуметтік кассалардың, еңбекті қорғау
жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Қозғалтқыштың агрегатымен бірінші рет
жұмыс істейтін әрбір адам: Агрегатты қалай
қолдану керектігі туралы сатушыдан немесе
басқа маманнан нұсқау алуы керек немесе
арнайы оқу курсынан өтуі қажет.
Қадағалау арқылы оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда, кәмелеттік
жасқа толмағандарға мотоқұрылғымен жұмыс
істеуге рұқсат берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде адамдар
алшақ жерде болуы тиіс.
Егер де қозғалтқыштың агрегаты
қолданылмаса, оны ешкімге кедергі
келтірмейтіндей етіп аулақ қойған жөн.
Қозғалтқыштың агрегатын рұқсатсыз
қолданудан қорғаныңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар үшін
немесе басқа адамдарға немесе олардың
мүлкіне төнетін қауіп үшін жауапты болады.
Қозғалтқыштың агрегатын, оның осы үлгісімен
мұқият танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана беруге
немесе жалға беруге рұқсат етіледі – әрқашан
Пайдалану нұсқаулығын көрсетіңіз.
Қатты шуыл шығаратын қозғалтқыштың
агрегатының қолданылуы, уақыт өте келе
ұлттық және жергілікті нұсқаулармен шектеле
алады.
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс істейтін
адамдар демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша жүктеме
ұсынылмайтын адамдар, қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істей алатындығы туралы
дәрігерден кеңес алуы тиіс.
Имплантацияланған кардиостимуляторы бар
адамдарға ғана: Аталған қозғалтқыштың
агрегатының от алдыру жүйесінен өте аз
ауқымдағы электр магнит өрісі туындайды.
Кардиостимуляторлардың жекелеген
түрлеріне электр магниттік өрістің тигізетін
әсерін толықтай алып тастауға болмайды.
Денсаулыққа төнетін қауіптен сақтану
мақсатында STIHL компаниясы емдеуші
дәрігерге және кардиостимулятордың
дайындаушысына жүгінуге ұсыныс береді.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе есірткіні
тұтынғаннан кейін қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге болмайды.
Мотоқұрылғыны тек ағаш шарбақтарды,
бұтақтарды, бұталарды, ұсақ қопаларды және
соларға ұқсас заттарды кесу үшін ғана
қолданыңыз. Қозғалтқыштың агрегатын басқа
мақсаттар үшін қолдануға болмайды, себебі
жазатайым оқиғаның туындау қаупі төне
алады!
Қозғалтқыштың агрегатын мақсатына сай
қолдану қажет, кері жағдайда, жазатайым
оқиғалардың орын алуы немесе
қозғалтқыштың агрегатының бүлінуі мүмкін.
Өнімнің құрылымына қандай да бір өзгеріс
енгізуге тыйым салынады, себебі осы
жағдайда, жазатайым оқиғалардың орын
алуы немесе мотоқұрылғы бүлінуі мүмкін.
Осындай кескіш пышақты немесе STIHL
компаниясы тарапынан осы мготоқұрылғыға
рұқсат берілген немесе өзінің технологиялық
сипаттамасы жағынан ұқсас болып келетін
құрал-жабдықтарды ғана қолданыңыз. Қандай
да бір сұрақтар туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз. Жоғары сапалы құралсаймандарды немесе керек-жарақтарды ғана
қолданыңыз. Керісінше жағдайда, жазатайым
оқиғаның туындау қаупі немесе
қозғалтқыштың агрегатының бүліну қаупі төне
алады.
0458-253-4921-D3
қазақ2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
STIHL компаниясы STIHL компаниясының
түпнұсқалы құрал-саймандарын және керекжарақтарын қолдануға кеңес береді. Олар
өздерінің сипаты жағынан агрегатпен
оңтайлы түрде келістірілген және
пайдаланушының талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да бір
өзгерістерді енгізбеңіз, бұл жағдайда
қауіптілік төнуі мүмкін. STIHL компаниясы
қолданысқа рұқсат етілмеген аспалы
құрылғыларды қолданудың салдарынан
адамға және мүлікке келтірілген нұқсан үшін
жауапты болмайды.
Құрылғыны тазарту үшін ешқандай жоғары
қысымды жуғыш қолданбаңыз. Судың қатты
ағыны агрегаттың бөлшектерін бүлдіре
алады.
2.1Киімдер мен жарақтар
Белгіленген киім мен жабдықтауды
қолданыңыз.
Киім мақсатқа сай қолданылуы тиіс
және жұмысқа кедергі келтірмеуі
қажет. Денеге тығыз тиіп тұратын
киім кию ұсынылады – комбинезон,
бірақ жұмыс халаты емес.
Ағашқа, қалың бұталыққа немесе құрылғының
қозғалмалы бөлшектеріне іліне алатын киімді
кимеңіз. Сонымен қатар мойынорағыш,
галстук және қандай да бір әшекей тақпаңыз.
Ұзын шашты иықтан жоғары болатындай етіп
ораңыз және бекітіңіз.
Бұдырлы, тайғанамайтын табаны бар мықты
аяқ киім киіңіз.
Сақтандыру
Көзге жарақат келтіру қауіптілігін
төмендету үшін EN 166
стандартына сәйкес қорғаныс
көзілдірігін пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің дұрыс
орнатылғанына назар аударыңыз.
Шуылдан қорғайтын «жеке» құралдарды,
мысалы естуді қорғауға арналған капсуланы
қолданыңыз.
Тозуға төзімді материалдан
(мысалы, теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын киіңіз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныш
құралдарының кең бағдарламасын ұсынады.
2.2Қозғалтқыштың агрегатын
тасымалдау
Моторды әрқашан тоқтатып тұрған жөн.
Пышақтарға әрқашан қорғаныш қаптамасын,
тіпті қысқа қашықтыққа тасымалдаған кезде
де кигізу керек.
Мотоқұрылғыны кескіш пышақтарын артқа
қаратып, тұтқышынан ұстап тасыңыз.
Құрылғының қызып тұрған бөлшектерін,
әсіресе бәсеңдеткіштің беткі қабатын және
редуктор корпусын ұстамаңыз – күйік шалу
қаупі бар!
Автокөліктің ішінде: Қозғалтқыштың агрегатын
төңкерілуден, бүлінуден және жанармайдың
ағып кетуінен қорғаңыз.
2.3Жанармай толтыру
Бензин оңай тұтанатындықтан –
жанып тұрған отқа жақын
қашықтықта жұмыс істемеңіз,
жанармайды ағызбаңыз, темекі
шекпеңіз.
Жанармайды құймас бұрын қозғалтқышты
сөндіріп қойыңыз.
Мотор толығымен суымайынша, оған
жанармайды құймаңыз, себебі жанармай ағып
кете алады, соның салдарынан өрттің
туындау қаупі төне алады!
Артық қысым баяу төмендеуі үшін және
жанармай шашырамауы үшін бактың
қақпағын абайлап ашыңыз.
Жанармайды жақсылап желдетілетін
жерлерде ғана құйыңыз. Егер жанармай
төгіліп кетсе, қозғалтқыштың агрегатын дереу
тазарту керек - жанармайды киімге
тамызбаңыз, керісінше жағдайда киіміңізді
дереу ауыстырыңыз.
Мотоқұрылғылар әртүрлі бак қақпақтарымен
бірге серия бойынша жеткізілуі мүмкін.
Жанармайды құйып болғаннан
кейін, бактың қақпағын нықтап
тартыңыз.
Қайырылатын шағын қамыты бар
бактың қақпағын дұрыс орнатыңыз
(байонет жапқышы), тірекке дейін
бұраңыз және шағын қамытты сарт
еткізіп жабыңыз.
Осының арқасында, бұл қозғалтқыштың
дірілдерінен бактың қақпағының бұралып
қалуын, соның нәтижесінде жанармайдың
ағып кету қаупін азайтады.
40458-253-4921-D
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
Герметикалы емес болса, оған назар
аударыңыз - жанармай ағып кеткен жағдайда,
моторды іске қоспаңыз –күйік шалып, өмірге
қауіп төнуі мүмкін!
2.4Қосудың алдында
Мотоқұрылғының мінсіз жұмыс атқаруын
бақылаңыз және пайдалану нұсқаулығындағы
тиісті бөлімге назар аударыңыз:
Жанармай жүйесінің герметикалылығын,
–
әсіресе көрінетін бөлшектерін, мысалы
бактың қақпағын, шланг байланыстарын,
қолмен атқарылатын жанармай сорғысын
(тек қана қолмен атқарылатын жанармай
сорғысы бар қозғалтқыштың агрегатында)
тексеру керек. Герметикалы емес болса
немесе қандай да бір жерлері бүлінсе
қозғалтқышты іске қоспаңыз – өрттің
туындау қаупі төне алады! Агрегатты
пайдалануға беру алдында, оны күйге
келтіру үшін мамандандырылған дилерге
бергеніңіз жөн
Пышаққа арналған тоқтатқышты (бар
–
болса) енгізіңіз
Құрамдастырылған қайта қосқыш /
–
тоқтатуды ауыстырып-қосқышы STOP
немесе 0 күйіне оңай орнатылуға тиіс
Газ иінтірегінің тежеушісі және газ иінтірегі
–
қозғалмалы болуға тиіс – газ интірегі бос
жүріс күйіне артқа қарай өзінен-өзі
лақтырылуы керек
От алдыру тоқсымындағы түйіспелі
–
ұштықтың берік орналасуын тексеріңіз штекер берік орналаспаған болса ұшқын
шығып, соның салдарынан жанармай-ауа
қоспасы тұтанып кете алады – өрттің
туындау қаупі төне алады!
Кескіш пышақтардың күйі мінсіз (таза, оңай
–
қозғалатын және қалпын өзгертпеген)
күйде, тығыз орналасқан, дұрыс
монтаждалған, қайралған және STIHL
таңбалы шайыр еріткішімен (майлау
құралы) майланған
Тіліктен қорғайтын қорғанышта (бар болса)
–
зақымдардың бар/жоқ екенін тексеріңіз
Басқару элементтеріне немесе қорғаныш
–
тетіктеріне кез-келген өзгеріс енгізуге
тыйым салынады
Қолыңыз майдан және кірден тазартылған,
–
таза әрі құрғақ болуы қажет, онысы
қозғалтқыштың агрегатын сенімді түрде
басқару үшін маңызды шарт болып
табылады
Қозғалтқыштың агрегаты тек қана сенімді
қолданыс күйінде қолданылуы қажет –
жазатайым оқиғаның туындау қаупі төне
алады!
2.5Қозғалтқышты қосу
Жанармай құю орнынан ең кемі 3 метр
қашықтықта жасаңыз - жабық орынжайда
емес.
Тек тегіс қабатта ғана сенімді және тұрақты
күйге орналасып, мотоқұрылғыны нықтап
ұстаңыз - кескіш пышақтар қандай да бір
заттарға немесе жерге тимеуі керек, себебі
олар іске қосылған кезде мотормен бірге
айналуы мүмкін.
Қозғалтқыштың агрегатына тек қана бір
оператор қызмет көрсетеді – жұмыс
аумағында бөгде адамдардың болуына
рұқсат берілмейді – іске қосқан кезде де ешкім
болмауы керек.
Кескіш пышақтарды ұстамаңыз – жарақат алу
қаупі бар!
Қозғалтқышты "қолмен" іске қосуға болмайды
– пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай
іске қосыңыз.
Кескіш пышақтар, газ иінтірегін жібергеннен
кейін тағы біраз уақыт бойы қозғала береді бұл инерция бойынша қозғалыс болып
табылады!
Қозғалтқыш жұмысының мінсіздігін бос
жүрісте тексеріңіз: бос жүрістегі кескіш
пышақтар, газ иінтірегі босатылғаннан кейін
тоқтауға тиіс.
2.6Құрылғыны қалай ұстау және
қалай жүргізу қажет
Мотоқұрылғыны әрқашан екі қолыңызбен
иінтіректен нықтап ұстаңыз. Саптарды бас
бармақпен мықтап ұстаңыз.
2.6.1Оңқай
0458-253-4921-D5
қазақ
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
Оң қолыңыз басқару тұтқышында, ал сол
қолыңыз тұтқыш сабында болады.
2.6.2Солақай
Сол қолыңыз басқару тұтқышында, ал оң
қолыңыз тұтқыш сабында болады.
Орнықты күйде тұрыңыз және мотоқұрылғыны
кескіш пышақтары әрқашан денеден басқа
жаққа қарайтындай етіп бағыттаңыз.
2.7Жұмыс барысында
Қауіп төнетін болса немесе апатты жағдай
орын алса, қозғалтқышды бірден сөндіріңіз –
әмбебап иінтіректі/тоқтатуды ауыстырыпқосқышты 0 немесе STOP күйіне орнатыңыз.
Жұмыс аумағында бөгде адамдардың жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
Биік бұталықты кескен кезде аса сақ болыңыз,
себебі бұтаның астында біреу болуы мүмкін –
алдымен төңіректі қарап шығыңыз.
Газ иінтірегін босатқаннан кейін кескіш пышақ
қозғалып кетпес үшін, бос жүрісте
қозғалыстың мінсіз жұмысына назар
аударыңыз.
Кескіш пышақтар әлі де қозғалып жатса,
оларды жөндеу үшін мамандандырылған
дилерге жүгіну керек. Бос жүріс
тәртіптемесінің баптауларын үнемі ретке
келтіріп тұрыңыз және мүмкіндігінше түзетіңіз.
Кескіш пышақтар, газ иінтірегін жібергеннен
кейін тағы біраз уақыт бойы қозғала береді бұл инерция бойынша қозғалыс болып
табылады!
Беріліс қорабы жұмыс кезінде қызады.
Редуктор корпусын ұстамаңыз – күйік шалу
қаупі төнуі мүмкін!
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар басқанда, тау
еңісінде, кедір-бұдыр және тағы басқа
60458-253-4921-D
төңіректерде абайлаңыз –
алады!
Құлаған бұтақтарды, бұталықты және кесілген
материалды алып тастаңыз.
Кедергілерге назар аударыңыз: томарлар,
тамырлар – сүрініп кету қаупі бар!
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз.
2.7.1Биіктікте жұмыс істеу кезінде:
Әрқашан көтергіш жұмыс табанын
–
пайдаланыңыз
ешқашан баспалдақта немесе ағашта
–
тұрып жұмыс атқармаңыз
Ешқашан орнықсыз жерде тұрып жұмыс
–
істемеңіз
Ешқашан бір қолмен ғана жұмыс істемеңіз.
–
Есту мүшелерін қорғайтын құралды
пайдаланған кезде, аса мұқият және сақ
болуыңыз керек, себебі қауіптілік дыбыстарын
сезу қабілеті (айғайлар, дабыл белгілері және
т.б.) шектеледі.
Шаршап, шалдығуды болдырмас үшін, жұмыс
барысында уақытымен үзіліс жасап
тұрғаныңыз жөн – жазатайым оқиғаның
туындау қаупі бар!
Байсалды түрде және ойлап жұмыс істеңіз,
бірақ жарық жақсылап түсіп тұруы керек және
көрініс айқын болуы қажет. Басқа адамдарға
қауіп төндірмей, абайлап жұмыс істеңіз.
Мотор іске қосылғаннан кейін,
мотоқұрылғыдан пайдаланылып
болған улы газдар бірден шыға
бастайды. Бұл газдардың иісі
болмауы және көрінбеуі мүмкін,
сонымен қатар құрамында
көмірсутегілер мен бензол бола
алады. Мотоқұрылғыны, соның
ішінде катализатормен
жабдықталған агрегаттарды ешбір
жағдайда жабық немесе нашар
желдетілетін орынжайларда
қолданбаңыз.
Жыраларда, ойпаттарда немесе тар
шарттарда жұмыс істеген кезде, жеткілікті ауа
алмасуын қамтамасыз ету қажет - уланудың
салдарынан өмірге қауіп төне алады!
Лоқсығанда, бас ауырғанда, көру қабілеті
нашарлағанда (мысалы, көру ауқымының
азаюы), есту қабілетін нашарлағанда, бас
айналғанда, назар аудару қабілеті
төмендегенде жұмысты дереу тоқтатыңыз басқа себептердің арасында, аталған
симптомдар пайдаланылып болған газдардың
тайғанау қаупі төне
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
жоғары дәрежелі шоғырланымынан пайда
бола алады - Жазатайым оқиға қаупі төне
алады!
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс істегенде,
мүмкіндігінше шуылсыз және пайдаланылып
болған газдарды аз шығарып жұмыс істеңіз қозғалтқышты қажет болмағанда қосулы
күйде қалдырмаңыз, газды тек жұмыс кезінде
беріңіз.
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс істегенде
және жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың
агрегатының жанында темекі шекпеңіз –
өрттің туындау қаупі төне алады! Жанармай
жүйесінен жанғыш бензин булары ұшып шыға
алады.
Егер де қозғалтқыштың агрегаты
арналымынан тыс жүктемеге ұшыраған болса
(мысалы, соққы немесе құлау нәтижесіндегі
күштің әсерінен), алдағыда жұмыс істер
алдында агрегаттың қолданыс күйін тексеріп
алыңыз - "Қосудың алдында" бөлімін қараңыз.
Ең алдымен жанармай жүйесінің
герметикалылығын және қорғаныш
құрылғыларының жұмысын тексеріңіз. Мінсіз
қолданыс күйінде болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Қандай да бір күмән туындаса,
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
Газды іске қосу күйінде жұмыс істемеңіз - газ
иінтірегінің мұндай күйінде мотордың
айналым жиілігі реттеле алмайды.
Кескіш пышақтарды зақымдамас үшін
бұталықтар мен жұмыс аумағын қарап
шығыңыз:
Тастарды, металл бөліктерін және қатты
–
заттарды алып тастаңыз.
Мысалы жерге жақын жерде жұмыс істеген
–
кезде, кескіш пышақтардың арасына құм
мен тастар кіріп кетпеуін бақылаңыз.
сыммен қоршалған өсіп тұрған ағаш
–
шарбақты кесу кезінде, кескіш пышақтарды
сымға тигізбеңіз
Ток өткізгіш тоқсымдарға жанаспаңыз –
қандай да бір электр тоқсымын кесіп алмас
үшін абай болыңыз – ток соғу қаупі бар!
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған
кезде кескіш пышақтарды
ұстамаңыз. Кескіш пышақтарды
қандай да бір затпен бұғаттаған
кезде, қозғалтқышты дереу
тоқтатыңыз – тек қана осыдан кейін
затты алып тастаңыз – жарақат алу
қаупі бар!
Кескіш пышақтарды бұғаттау және
жанармайдың берілісін бір мезгілде ұлғайту
шарасы қозғалтқышқа түсетін жүктемені
арттырады және жалпы айналымдар санын
төмендетеді. Бұл, жалғастырғыштың ұзақ
уақыт бойы тайып кетуінен және маңызды
атқарымдық бөлшектердің (мәселен,
жалғастырғыш, корпустың полимерлі
бөлшектері) бүлінуінен және соның
салдарынан, мысалы, кескіш аспап бос
жүрісте айналған кезде қызып кете алады –
жарақат алу қаупі төнуі мүмкін!
Бұталықтар қатты ластанған немесе шаң
басқан жағдайда, қажет болса – кескіш
пышақтарға STIHL шайыр еріткішін бүркіңіз.
Осының арқасында, кескіш пышақтардың
үйкелуі, өсімдік шырындарының агрессиясы
және кір бөлшектерінің бөлінуі айтарлықтай
төмендейді.
Жұмыс кезінде түзілетін шаң денсаулыққа
ауыр зиян келтіруі мүмкін. Шаң түзілген кезде,
шаңға қарсы маска тағыңыз.
Кескіш пышақтарды, қысқа уақыт
аралықтарынан кейін үнемі тексеріп
отырыңыз және көзге білінетін өзгерістер
орын алған кезде дереу тексеріп тұрыңыз:
Моторды тоқтатыңыз
–
кескіш пышақтардың толықтай тоқтауын
–
күтіңіз
Күйін және берік орнатылғанын тексеріңіз,
–
жарықтарға назар аударыңыз
Пышақтардың егелген дәрежесін ескеріңіз
–
Қозғалтқыш пен бәсеңдеткішті ұсақ
қопалардан, жапырақтардан және майлау
құралының артық мөлшерінен әрдайым
тазартып тұрған жөн – өрт туындау қаупі бар!
2.8Жұмысты аяқтағаннан кейін
Мотоқұрылғыны шаң мен кірден тазартыңыз –
майлауға арналған еріткіштерді қолданбаңыз.
Кескіш пышақтарға STIHL шайыр еріткішін
бүркіңіз – спрейді біркелкі тарату үшін
қозғалтқышты тағы да қысқаша уақытқа іске
қосыңыз.
2.9Дірілдер
Мотоқұрылғыны тым ұзақ қолданатын
болсаңыз, дірілдің себебінен қолдағы қан
айналым жүйесі бұзыла алады ("ақ саусақтар"
синдромы).
0458-253-4921-D7
қазақ3 Пайдалану
Құрылғының көпшілік мақұлдаған қолданыс
ұзақтығы анықтала алмайды, себебі оның
көптеген факторлары бар.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы келесі
шаралардың арқасында ұлғаяды:
қол қорғанышы (жылы қолғаптар);
–
жұмыс барысындағы үзіліс.
–
Құрылғының қолданыс ұзақтығы келесі
себептерге орай қысқарады:
жұмысшының қан айналым жүйесі нашар
–
болса (оның белгілері мынадай болады:
саусақтар тона береді, қышып дуылдайды);
сыртқы температуралар төмен болса;
–
мотоқұрылғыны ұстау үшін көп күш-жігер
–
жұмсалса (оны қатты ұстаған кезде, қан
айналымына кедергі келтіріледі).
Мотоқұрылғыны ұдайы, ұзақ қолданған кезде
және тиісті симптомдар қайтадан пайда
болған кезде (мысалы, саусақтардың
дуылдауы) үнемі медициналық байқаудан өтіп
тұрғаныңыз жөн.
2.10Жөндеу және техникалық
қызмет көрсету
Мотоқұрылғыға үнемі техникалық қызмет
көрсетіп отырыңыз. Осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталған техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын ғана
орындау керек. Жұмыстардың барлық бас
түрлерін мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL фирмасы техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
фирмасының сауда-агенті-маманына
тапсыруыңызға ұсыныс береді. STIHL
фирмасының мамандандырылған агенттерімамандары біліктілікті арттыру курстарына
үнемі қатысып тұрады және олардың иелігіне
техникалық ақпарат ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз. Олай болмаған жағдайларда,
жазатайым оқиғалардың орын алу қаупі
немесе құрылғының бұзылу қаупі төне алады.
Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL компаниясының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін қолдануға
ұсыныс береді. Олар өздерінің сипаты
жағынан құрылғымен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жөндеген, техникалық қызмет көрсеткен және
тазартқан кезде моторды әрқашан сөндіріп
отырыңыз – жарақат алу қаупі төнуі мүмкін! –
Айрықша жағдайлар: карбюраторды және бос
жүрістің тәртіптемесін ретке келтіру.
Егер де әмбебап иінтірек / тоқтатуды
ауыстырып-қосқыш STOP және0 күйінде
орнатылған болса, от алдыру тоқсымындағы
түйіспелі ұштықты алып тастаңыз немесе от
алдыру білтесін бұрап алыңыз да, Іске қосу
құрылғысының көмегімен моторды іске
қосыңыз – цилиндрдің сыртында ұшқын
болғандықтан өрттің туындау қаупі төне
алады.
Агрегатқа техникалық қызмет көрсетуге және
жанып тұрған оттың дәл жанында сақтауға
тыйым салынады, себебі жанармайдың
тұтануынан, өрттің туындау қаупі төне алады!
Бак қақпағының герметикалылығын үнемі
тексеріп отырыңыз.
STIHL компаниясы тарапынан рұқсат етілген,
жарамды от алдыру білтелерін ғана
қолданыңыз - "Техникалық сипаттамалар"
бөлімін қараңыз.
От алдыру шынжырының кабелін тексеріңіз
(оқшаулағыштың мінсіз болуы, қосылыстың
тығыз болуы).
Бәсеңдеткіштің мінсіз күйін тексеріңіз.
Жарамсыз немесе алынған бәсеңдеткішпен
жұмыс істеуге болмайды – өрттің туындау
қаупі төнуі мүмкін! – есту қабілетіне зиян тию
қаупі төнуі мүмкін!
Ыстық бәсеңдеткішті ұстамаңыз – күйік алу
қаупі төне алады!
Дірілге қарсы элементтердің күйі, діріл кезінде
агрегаттың күйіне әсер етеді - дірілге қарсы
элементтерді үнемі тексеріп тұру қажет.
3Пайдалану
3.1Кесу маусымы
Өсіп тұрған ағаш шарбақты кескен кезде, осы
елге тиісті нұсқауларды, сондай-ақ
коммуналдық нұсқауларды ұстану қажет.
Жалпы қабылдаған демалус уақытында
кеспеңіз.
80458-253-4921-D
4 Жанармайқазақ
3.2Кесу реттілігі
Жуан бұтақтарды немесе шыбықтарды, бұтақ
кесетін бақша қайшысымен немесе
мотоарамен алдын-ала кесіп алып тастаңыз.
Алдымен екі бүйірлік жақ кесілуге тиіс, содан
кейін жоғарғы жақ кесілуі керек.
3.4.2Көлденең күйде кесу
3.3Кәдеге жарату
Кесілген материалды үй қоқысына
лақтырмаңыз – кесілген материал
компостерлене алады.
3.4Жұмыс техникасы
3.4.1Тік күйде кесу
Кескіш пышақтарды 0° және 10° бұрышы
арасында орнатыңыз – бірақ көлденең
бағытта жүргізіңіз.
Кесілген бұтақтар жерге құлауы үшін
мотоқайшыны өсіп тұрған ағаш шарбақтың
шетіне қарай орақ тәрізді бағытта жүргізіңіз.
4Жанармай
Қозғалтқыш бензиннен және мотор майынан
жасалған жанармай қоспасында жұмыс
істеуге тиіс.
Сақтандыру
Мотоқайшыларды доға тәрізді бағытта
төменнен жоғарға қарай жүргізіңіз – төменге
қарай түсіріңіз және алға қарай қозғала беріңіз
– мотоқайшыларды қайтадан доға тәрізді
бағытта жоғарға қарай жүргізіңіз.
Құрылғының бас үстіндегі жұмыс күйлері
шаршатады және қауіпсіздік себебімен қысқа
уақыт бойы қолданылуы керек.
0458-253-4921-D9
Жанармаймен тікелей жанасудан және
жанармай буларын ішкері жұтудан
сақтаныңыз.
4.1STIHL MotoMix
STIHL компаниясы STIHL MotoMix қоспасын
қолдануға ұсыныс береді. Аталған жанармай
қоспасында бензол, тетраэтилқорғасын бар,
октан саны жоғары болып табылады және
дұрыс қоспалар пропорциясын әрдайым
қамтамасыз етеді.
STIHL қозғалтқышының барынша көп қызмет
ету мерзіміне арналған STIHL MotoMix
жанармай қоспасы екі ырғақты
қазақ5 Жанармайды толтырып құю
қозғалтқыштарға арналған HP Ultra мотор
майымен араластырылған.
MotoMix жанармай қоспасы барлық өткізу
нарықтарында тең дәрежеде ұсынылмаған.
4.2Жанармай қоспасын
дайындау
Нұсқау
Жарамсыз жанар-жағармай материалдары
немесе нұсқаулықтарға сай келмейтін
қоспалар пропорциясы жетекке күрделі зиян
келтіре алады. Аса төмен сападағы бензин
немесе мотор майы қозғалтқышты,
нығыздағыш сақиналарды, құбыржолдары
және жанармай багын бұза алады.
4.2.1Бензин
Тек қана құрамында тетраэтилқорғасын
болатын немесе болмайтын ең аз октан саны
90 ROZ құрайтын таңбалы бензинді
қолданыңыз.
Этанолдың құрам үлесі 10%-дан жоғары
болатын бензин, қолдан ретке келтірілетін
карбюратормен жұмыс істейтін
қозғалтқыштардың жұмысын іске шығара
алады, сондықтан осындай қозғалтқыштар
үшін қолданылмауы тиіс.
M-Tronic жүйесі бар қозғалтқыштар,
этанолдың құрам үлесі 25%-ға дейін (Е25)
жететін бензинді қолданған кезде, соның
арқасында толық қуат қамтамасыз етіледі.
4.2.2Мотор майы
Егер жанармай өзі араласатын болса, STIHL
екі ырғақты қозғалтқыштарға арналған майын
ғана немесе басқа JASO FB, JASO FC, JASO
FD, ISO-L-EGB, ISO-L-EGC немесе ISO-L-EGD
сыныпты тиімділігі жоғары майды қолдануға
болады.
STIHL компаниясы STIHL HP Ultra екі ырғақты
қозғалтқыштарға арналған майын немесе
қозғалтқыштың барлық қызмет ету мерзімі
ішінде шығарындылардың шекті мәндерін
қамтамасыз ету үшін балама тиімділігі жоғары
мотор майын қолдануды ұсынады.
4.2.3Қоспалар пропорциясы
STIHL екі ырғақты қозғалтқыштарға арналған
майы 1:50; 1:50 = майдың 1 бөлігі + бензиннің
50 бөлігі
алдымен мотор майын, кейін бензинді
құйыңыз және мұқият арастырыңыз
STIHL екі ырғақты
қозғалтқышқа
арналған май 1:50
4.3Жанармай қоспасын сақтау
Жанармайға рұқсат етілген сұйыққоймаларда
қауіпсіз, құрғақ және салқын жерде ғана
сақтаңыз, жарық пен күн сәулесінен қорғаңыз.
Жанармай қоспасы ескірсе – қоспаның
босалқы қорын бірнеше аптаға ғана
дайындаңыз. Жанармай қоспасын 30 күннен
артық сақтамаңыз. Жарықтың, күн сәулесінің,
төмен немесе жоғары температуралардың
әсерінен жанармай қоспасы өзінің қолданыс
сипаттамаларынан тез айырылады.
Алайда STIHL MotoMix еш қиындықсыз
2 жылға дейін сақтала алады.
► Канистрді жанармаймен толтырар алдында,
оны мұқият шайқап алғаныңыз жөн.
Сақтандыру
Канистрдегі қысым көтеріле алады, абайлап
ашыңыз.
► Жанармай багын және канистрді уақыт өте
келе мұқият тазартып отырыңыз
Жанармайдың қалдықтарын және тазарту
үшін қолданылған сұйықтықты нұсқауларға
сай және қоршаған ортаға нұқсан келтірмей
кәдеге жаратыңыз!
5Жанармайды толтырып
құю
100458-253-4921-D
253BA001 KN
4
3
2
1
253BA020 KN
5
6
253BA021 KN
253BA022 KN
6 Моторды іске қосу / тоқтатуқазақ
5.1Құрылғыны дайындау
► Бакты ластанудан қорғау үшін, жанармай
багының айналасын және ысырмасын
тазартыңыз
► Бактың тиектеу құрылғысы жоғары
қарайтындай етіп құрылғыны
жайғастырыңыз.
► Бактың тиектеу құрылғысын ашыңыз
5.2Жанармайды толтырып құю
Жанармайды құйған кезде, жанармайды
бактың шетінен асырып және толтырып
құймаңыз.
STIHL фирмасы өзінің жанармайды құю
жүйесін ұсынады (қосалқы жарақтар).
Сақтандыру
► Бекіткіш түймешікке (4) басыңыз
► Тоқтатқыш иінтіректі, газ иінтірегін және
бекіткіш түймешікті босатыңыз = газды іске
қосатын күй
► Ауа жапқыштың қақпақшасының
иінтірегін (5) орнатыңыз
Мотор салқын болған жағдайда
l
мотор қызса, бірақ қызуы әлі жеткіліксіз
j
болса – тіпті мотор жұмыс істеп жатқан
жағдайдың өзінде де
► Қолдан істейтін жанармай сорғысының
сильфонын (6) аз дегенде 5 рет басыңыз,
сонымен қатар, егер де жанармайы
құйылмаған кезде де солай басыңыз
6.1Іске қосу
Жанармайды құйғаннан кейін, қолыңызбен
бактың қақпағын барынша басыңыз.
6Моторды іске қосу /
тоқтату
► Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаңыз
– "Қауіпсіздік техникасы ережелері және
жұмыс техникасы" бөлімін қараңыз
► Тоқтатуды ауыстырып-қосқышты (1) I күйіне
қойыңыз
► Тоқтатқыш иінтірекке (2) және газ
иінтірегіне (3) басыңыз – екі иінтірек басулы
күйде ұсталады
0458-253-4921-D11
► Құрылғыны тұрақты күйде жерге қою қажет
► Пышақ қорғанышын алып тастаңыз – кескіш
пышақтар жерге және қандай да бір
заттарға тимеуі керек
► тұрақты күйге орналасыңыз
► Құрылғыны түтікшелі тұтқышынан сол
қолмен ұстап тұрып, оны жерге нықтап
басыңыз
► іске қосатын арқанды оң қолыңызбен
бірінші сезілетін тірекке дейін баяулап
тартыңыз, содан кейін жылдам әрі қатты
созыңыз
6
253BA023 KN
қазақ6 Моторды іске қосу / тоқтату
Нұсқау
Арқанды соңына дейін шығармаңыз – үзілу
қаупі бар!
► Іске қосатын арқанды тез ырғақпен артқа
жібермеңіз – іске қосатын арқан дұрыс
оралуы үшін, созуға қарсы бағытта артқа
қарай баяу апарыңыз
6.1.1Мотор салқын болған жағдайда (ауа
► Іске қосатын арқанды 5 рет тартыңыз
► ауа жапқыштың қақпақшасының
► мотор от алмайынша, оны қоса беріңіз
Қолайсыз жағдайларда, ауа жапқыштың
қақпақшасының күйі j болған кезде мотор 10
рет талпыныстан кейін әлі де іске қосылмай
жатса:
►
6.1.2Мотор қызған кезде (ауа жапқыштың
► мотор от алмайынша, оны іске қоса беріңіз
жапқыштың қақпақшасының күйі l)
иінтірегін j күйіне қойыңыз
Ауа жапқыштың қақпақшасын l күйіне
қойыңыз, іске қосатын арқанды 5 рет
тартыңыз, ауа жапқыштың қақпақшасын j
күйіне қойыңыз да, одан әрі жалғастыырңыз
қақпақшасының күйі j)
газды іске қосатын күйдегі газ иінтірегі,
тоқтатуды ауыстырып-қосқыштың күйі I)
► Іске қосуды қайталаңыз
Егер мотор әлі де қосылмай жатса
► От алдыру білтесін алып тастау үшін - "От
алдыру білтесі" бөлімін қараңыз
► От алдыру білтесін кептіріңіз
► Газ иінтірегін толықтай босатыңыз
► Жандыру камерасын желдету үшін - іске
қосатын арқанды бірнеше рет тартыңыз
► От алдыру шамын орнатыңыз - "От алдыру
шамы" бөлімін қараңыз
► Тоқтатуды ауыстырып-қосқышты I күйіне
ауыстырыңыз
► Ауа жапқыштың қақпақшасының
иінтірегін j күйіне қойыңыз – мотор салқын
болған кезде де
► Моторды қайтадан іске қосыңыз
6.4.2Бак толығымен босатылып,
жанармай қайтадан құйылған
жағдайда
6.2Мотор жұмыс істемесе
► Газ иінтірегіне басыңыз да, оны бірден
жіберіңіз – мотор бос жүріс тәртіптемесіне
ауысады
6.2.1Егер мотор қызған немесе үдеген
► Іске қосу шарасын қайталаңыз – "Мотор
кезде тоқтап қала берсе
салқын болған жағдайда" бөлімін қараңыз
Сақтандыру
Карбюратор дұрыс реттелген болса, кескіш
пышақтар мотордың бос жүрісінде
айналмауға тиіс.
Агрегат қазір жұмыс істеуге дайын.
6.3Моторды тоқтатыңыз
► Тоқтатуды ауыстырып-қосқышты
6.4Іске қосуға арналған алдағы
6.4.1Мотор іске қосылмаған жағдайда
► барлық баптаулардың дұрыстығын
120458-253-4921-D
O күйіне
ауыстырыңыз
нұсқаулар
тексеріңіз (ауа жапқыштың қақпақшасы,
► Қолдан істейтін жанармай сорғысының
сильфонын (6) аз дегенде 5 рет басыңыз,
сонымен қатар, егер де жанармайы
құйылмаған кезде де солай басыңыз
► қайтадан іске қосып көріңіз
253BA008 KN
1
2
5
2
3
253BA024 KN
4
7 Қолдану жөніндегі нұсқауларқазақ
7Қолдану жөніндегі
нұсқаулар
7.1Бірінші рет қолданған кезде
Жап-жаңа фабрикалық құрылғыны, жанармай
багын үшінші рет толтырғанға дейін
жүктемесіз жоғары жиілікпен қолданбаңыз,
себебі жаттықтырып жұмыс істеген кезде оған
қосымша жүктемелер түсуі мүмкін.
Жаттықтырып жұмыс істеген кезде,
жылжымалы бөлшектер бір-біріне үйкеленуі
керек - жетек тетігінде үйкеліске қатысты
жоғары дәрежелі кедергі бар. Мотор 5-15 рет
жанармаймен толтырылғаннан кейін ең
жоғарғы қуатына жетеді.
7.2Жұмыс барысында
Толық жүктемеде ұзақ уақыт бойы жұмыс
істегеннен кейін, жылудың үлкен бөлігі
салқындатқыш ауаның ағынымен аулақ
әкетілмейінше, моторды біраз уақыт бойы бос
жүрісте жүргізіңіз, соның арқасында жылудың
тоқтап қалуының салдарынан қозғалтқыштың
бөлшектеріне түсірілетін (от алдыру жүйесі,
карбюратор) жүктеме төмендейді.
7.3Жұмысты аяқтағаннан кейін
Жұмыста қысқа мерзім бойы үзіліс жасаған
кезде: Моторды суытыңыз. Жанармай багы
бос құрылғыны келесі рет қолданғанға дейін
құрғақ және тұтану көздерінен алшақ жерде
сақтаңыз. Жұмыс барысында ұзақ уақыт бойы
үзіліс жасаған кезде – "Құрылғыны сақтау"
бөлімін қараңыз.