Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы бұйымын
сатып алуға бел байлағаныңыз үшін үлкен
рахмет айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып, сонымен
қатар сапаны қамтамасыз ету жөніндегі
барлық қажетті шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің көңіліңізден
шығуы үшін және оны еш кедергісіз
қолдануыңыз үшін біз қолымыздан келгеннің
барлығын істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты сұрақтар
туындаса, өз дилеріңізге немесе біздің өткізу
компаниямызға жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздің
Др. Nikolas Stihl
1Қолдану нұсқаулығына
1.1Графикалық бейнелеулер
Агрегатқа жабыстырылған графикалық
бейнелеудің анықтамасы, осы пайдалану
нұсқаулығында келтірілген.
Агрегаттың түріне және жарақтандыруына
байланысты, құрылғыға келесі графикалық
бейнелеулер, яғни нышандар жабыстырыла
алады.
Жанармай багы; бензин мен мотор
майының жанармай қоспасы
Декомпрессия қақпақшасын
әрекетке келтіру
Қолмен атқарылатын жанармай
сорғысы
Қолмен атқарылатын жанармай
сорғысын іске қосу
Майы бар түтікше
Сіңіретін ауаға арналған
бағыттауыш: Жаз мезгілінде жұмыс
істеуі
Сіңіретін ауаға арналған
бағыттауыш: Қыс мезгілінде жұмыс
істеуі
Тұтқышты жылыту
Түпнұсқалық қолдану нұсқаулығы
0000006783_018_KZ
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары бар, қағазды қайта өңдеуге
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
1.2Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат алудың,
сонымен қатар күрделі материалдық
нұқсанның қаупі жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
1.3Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық машиналарды
және құрылғыларды одан әрі әзірлеумен
ұдайы айналысуда; сондықтан пішін, техника
және жабдықтар бойынша жеткізілімнің
толымдаушыларына барлық өзгерістерді
енгізу құқығын өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және суреттеріне
қатысты ешқандай кінәраттар тағыла
алмайды.
2Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Мотоқұрылғымен жұмыс істеген
кезде айрықша қауіпсіздік
шараларын қолдану қажет, себебі
ол қол орағына қарағанда тезірек
жұмыс істейді және кескіш
аспаптардың айналу жылдамдығы
өте жоғары болады.
Алғаш рет қолданысқа енгізген
кезде, пайдалану нұсқаулығымен
мұқият танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану үшін сенімді
жерге сақтап қойыңыз. Пайдалану
нұсқаулығын сақтамау өмірге қауіп
төндіруі мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты жергілікті
ережелерді, мысалы кәсіподақтардың,
әлеуметтік кассалардың, еңбекті қорғау
жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Қозғалтқыштың агрегатымен бірінші рет
жұмыс істейтін әрбір адам: Агрегатты қалай
қолдану керектігі туралы сатушыдан немесе
басқа маманнан нұсқау алуы керек немесе
арнайы оқу курсынан өтуі қажет.
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа толған
жас адамдарды қоспағанда, кәмелеттік жасқа
толмағандарға мотоқұрылғымен жұмыс
істеуге рұқсат берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде адамдар
алшақ жерде болуы тиіс.
Егер де қозғалтқыштың агрегаты
қолданылмаса, оны ешкімге кедергі
келтірмейтіндей етіп аулақ қойған жөн.
Қозғалтқыштың агрегатын рұқсатсыз
қолданудан қорғаныңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар үшін
немесе басқа адамдарға немесе олардың
мүлкіне төнетін қауіп үшін жауапты болады.
Қозғалтқыштың агрегатын, оның осы үлгісімен
мұқият танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана беруге
немесе жалға беруге рұқсат етіледі – әрқашан
Пайдалану нұсқаулығын көрсетіңіз.
Қатты шуыл шығаратын қозғалтқыштың
агрегатының қолданылуы, уақыт өте келе
ұлттық және жергілікті нұсқаулармен шектеле
алады.
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс істейтін
адамдар демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша жүктеме
ұсынылмайтын адамдар, қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істей алатындығы туралы
дәрігерден кеңес алуы тиіс.
Имплантацияланған кардиостимуляторы бар
адамдарға ғана: Аталған қозғалтқыштың
агрегатының от алдыру жүйесінен өте аз
ауқымдағы электр магнит өрісі туындайды.
Кардиостимуляторлардың жекелеген
түрлеріне электр магниттік өрістің тигізетін
әсерін толықтай алып тастауға болмайды.
Денсаулыққа төнетін қауіптен сақтану
мақсатында STIHL компаниясы емдеуші
дәрігерге және кардиостимулятордың
дайындаушысына жүгінуге ұсыныс береді.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе есірткіні
тұтынғаннан кейін қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге болмайды.
Мотоқұрылғы - қолданылатын кескіш құралсайманға байланысты - тек шөп шабу үшін,
сондай-ақ қаулап өскен өсімдіктерді кесу үшін
немесе осыған ұқсас жолмен қолдану үшін
ғана пайдаланылуы тиіс.
0458-857-4921-B3
234BA001 KN
қазақ2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
Мотоқұрылғыны мақсатына сай қолдану
қажет, кері жағдайда, жазатайым
оқиғалардың орын алуы немесе агрегаттың
бүлінуі мүмкін. Өнімнің құрылымына қандай
да бір өзгеріс енгізуге тыйым салынады,
себебі осы жағдайда, жазатайым
оқиғалардың орын алуы немесе мотоқұрылғы
бүлінуі мүмкін.
Осындай кескіш аспаптарды немесе STIHL
компаниясы тарапынан осы қозғалтқыштың
агрегатына рұқсат берілген немесе өзінің
технологиялық сипаттамасы жағынан ұқсас
болып келетін керек-жарақтарды ғана
қолданыңыз. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған дилерге
жүгініңіз. Жоғары сапалы құрал-саймандарды
немесе керек-жарақтарды ғана қолданыңыз.
Керісінше жағдайда, жазатайым оқиғаның
туындау қаупі немесе қозғалтқыштың
агрегатының бүліну қаупі төне алады.
STIHL компаниясы STIHL компаниясының
түпнұсқалы құрал-саймандарын және керекжарақтарын қолдануға кеңес береді. Олар
өздерінің сипаты жағынан агрегатпен
оңтайлы түрде келістірілген және
пайдаланушының талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да бір
өзгерістерді енгізбеңіз, бұл жағдайда
қауіптілік төнуі мүмкін. STIHL компаниясы
қолданысқа рұқсат етілмеген аспалы
құрылғыларды қолданудың салдарынан
адамға және мүлікке келтірілген нұқсан үшін
жауапты болмайды.
Құрылғыны тазарту үшін ешқандай жоғары
қысымды жуғыш қолданбаңыз. Судың қатты
ағыны агрегаттың бөлшектерін бүлдіре
алады.
Мотоқұрылғының қорғанышы,
пайдаланушыны кескіш аспаптан
лақтырылатын барлық заттардан (тастар,
шыны, сым және т.б.) қорғай алмайды. Бұл
заттар, қандай да бір жерде рикошет жасап
ыршып түсіп, пайдаланушыға тиюі мүмкін.
Бет қорғанысын пайдаланыңыз және оның
дұрыс орнатылғанына назар аударыңыз.
Қорғаныс бетпердесі, көзді жеткілікті
дәрежеде қорғай алатын қорғаныс бұйымы
емес.
Шуылдан қорғайтын «жеке» құралдарды,
мысалы естуді қорғауға арналған капсуланы
қолданыңыз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныш
құралдарының кең бағдарламасын ұсынады.
2.2Қозғалтқыштың агрегатын
Ағашқа, қалың бұталыққа немесе
құрылғының қозғалмалы
бөлшектеріне іліне алатын киімді
кимеңіз. Сонымен қатар
мойынорағыш, галстук және қандай
да бір әшекей тақпаңыз. Ұзын
шашты иықтан жоғары болатындай
етіп ораңыз және бекітіңіз.
Бұдырлы, тайғанамайтын табаны
бар мықты аяқ киім киіңіз.
Сақтандыру
Көзге жарақат келтіру қауіптілігін
төмендету үшін EN 166
стандартына сәйкес қорғаныс
көзілдірігін пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің дұрыс
орнатылғанына назар аударыңыз.
Тозуға төзімді материалдан
(мысалы, теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын киіңіз.
тасымалдау
2.1Киімдер мен жарақтар
Белгіленген киім мен жабдықтауды
қолданыңыз.
Киім мақсатқа сай қолданылуы тиіс
және жұмысқа кедергі келтірмеуі
қажет. Денеге тығыз тиіп тұратын
киім кию ұсынылады – комбинезон,
бірақ жұмыс халаты емес.
Моторды әрқашан тоқтатып тұрған жөн.
Мотоқұрылғыны тасығанда, қарнақтан немесе
айналма саптан ұстау керек.
Автокөліктің ішінде: Қозғалтқыштың агрегатын
төңкерілуден, бүлінуден және жанармайдың
ағып кетуінен қорғаңыз.
40458-857-4921-B
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
2.3Жанармай толтыру
Бензин оңай тұтанатындықтан –
жанып тұрған отқа жақын
қашықтықта жұмыс істемеңіз,
жанармайды ағызбаңыз, темекі
шекпеңіз.
Жанармайды құймас бұрын моторды сөндіріп
қойыңыз.
Мотор толығымен суымайынша, оған
жанармайды құймаңыз, себебі жанармай ағып
кете алады, соның салдарынан өрттің
туындау қаупі төне алады!
Артық қысым баяу төмендеуі үшін және
жанармай шашырамауы үшін бактың
қақпағын абайлап ашыңыз.
Жанармайды жақсылап желдетілетін
жерлерде ғана құйыңыз. Егер жанармай
төгіліп кетсе, қозғалтқыштың агрегатын дереу
тазарту керек - жанармайды киімге
тамызбаңыз, керісінше жағдайда киіміңізді
дереу ауыстырыңыз.
Агрегаттар, әртүрлі типтегі бактың
қақпағымен бірге сериялы түрде
жеткізіле алады.
Осының арқасында, бұл қозғалтқыштың
дірілдерінен бактың қақпағының бұралып
қалуын, соның нәтижесінде жанармайдың
ағып кету қаупін азайтады.
Герметикалы емес болса, оған назар
аударыңыз - жанармай ағып кеткен жағдайда,
моторды іске қоспаңыз –күйік шалып, өмірге
қауіп төнуі мүмкін!
2.4Қосудың алдында
Мотоқұрылғының мінсіз жұмыс атқаруын
бақылаңыз және пайдалану нұсқаулығындағы
тиісті бөлімге назар аударыңыз:
Жанармай жүйесінің герметикалылығын,
–
әсіресе көрінетін бөлшектерін, мысалы
бактың қақпағын, шланг байланыстарын,
қолмен атқарылатын жанармай сорғысын
(тек қана қолмен атқарылатын жанармай
сорғысы бар қозғалтқыштың агрегатында)
тексеру керек. Герметикалы емес болса
немесе қандай да бір жерлері бүлінсе
қозғалтқышты іске қоспаңыз – өрттің
туындау қаупі төне алады! Агрегатты
пайдалануға беру алдында, оны күйге
келтіру үшін мамандандырылған дилерге
бергеніңіз жөн
Кескіш құрал-сайманның, қорғаныc
–
құралының, саптың және аспалы белдіктің
құрамдастырымы қолданысқа рұқсат етілуі
керек және барлық бөлшектер мінсіз түрде
монтаждалуы тиіс. Металдан жасалған
кескіш құрал-саймандарды қолданбаңыз –
жарақат алу қаупі бар!
Құрамдастырылған қайта қосқыш /
–
тоқтатуды ауыстырып-қосқышы STOP
немесе 0 күйіне оңай орнатылуға тиіс
Газ иінтірегінің тежеушісі (бар болса) және
–
газ иінтірегі қозғалмалы болуға тиіс - газ
интірегі бос жүріс күйіне артқа қарай өзіненөзі лақтырылуы керек
От алдыру тоқсымындағы түйіспелі
–
ұштықтың берік орналасуын тексеріңіз штекер берік орналаспаған болса ұшқын
шығып, соның салдарынан жанармай-ауа
қоспасы тұтанып кете алады – өрттің
туындау қаупі төне алады!
Кескіш құрал-сайман: дұрыс монтаждалуы,
–
тығыз отыруы және мінсіз күйі
Қорғаныс құралдарының зақымдалғанын
–
немесе тозғанын тексеріңіз (мысалы, кескіш
құрал-сайманға арналған қорғаныс).
Зақымдалған бөлшектерді ауыстырыңыз.
Қорғанысы зақымдалған құрылғыны
ешқашан қолданбаңыз
Басқару элементтеріне немесе қорғаныш
–
тетіктеріне кез-келген өзгеріс енгізуге
тыйым салынады
Қолыңыз майдан және кірден тазартылған,
–
таза әрі құрғақ болуы қажет, онысы
қозғалтқыштың агрегатын сенімді түрде
басқару үшін маңызды шарт болып
табылады.
Аспалы белдік пен тұтқыш(тар)ды бойына
–
қарай реттеңіз
Қозғалтқыштың агрегаты тек қана сенімді
қолданыс күйінде қолданылуы қажет –
жазатайым оқиғаның туындау қаупі төне
алады!
Апаттық жағдай үшін, аспалы белдікті
қолданған кезде: Агрегатты жерге тез түсіруге
үйрену. Жаттығу кезінде құрылғыны
зақымдамас үшін оны жерге лақтырмаңыз.
2.5Қозғалтқышты қосу
Жанармай құю орнынан ең кемі 3 метр
қашықтықта жасаңыз - жабық орынжайда
емес.
Тегіс қабатта ғана сенімді және тұрақты күйге
орналасып, мотоқұрылғыны нықтап ұстаңыз кескіш аспап қандай да бір заттарға немесе
жерге тимеуі керек, себебі кескіш аспап іске
қосылған кезде айналуы мүмкін.
0458-857-4921-B5
002BA056 KN
15m (50ft)
қазақ
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
Мотоқұрылғыға тек бір ғана адам қызмет
көрсетеді - 15 метрге дейінгі радус
аймағында, сондай-ақ іске қосылған кезде
бөгде адамдардың болуына тыйым
салынады, себебі лақтырылатын заттардың
әсерінен жарақат алу қаупі төне алады!
Кескіш құрал-сайманға жанаспаңыз
– жарақат алу қаупі бар!
Қозғалтқышты "қолмен" іске қосуға болмайды
– пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай
іске қосыңыз.
Кескіш аспап, газ иінтірегін
жібергеннен кейін тағы біраз уақыт
бойы қозғала берсе - бұл инерция
бойынша қозғалыс болып
табылады!
Қозғалтқыштың жұмысының мінсіздігін бос
жүрісте тексеріңіз: Бос жүрістегі кескіш аспап,
газ иінтірегі босатылғаннан кейін тоқтауға
тиіс.
Жеңіл тұтанатын материалдар (мысалы,
жоңқалар, қабықтар, қураған шөп, жанармай)
ыстық күйдегі пайдаланылып болған газдар
ағынынан және ыстық бәсеңдеткіштің
қабатынан алшақ жерде ұстаңыз – өрт
туындау қаупі бар!
2.6Құрылғыны қалай ұстау және
қалай жүргізу қажет
Мотоқұрылғыны әрқашан екі қолыңызбен
иінтіректен нықтап ұстаңыз.
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз.
Сол қолыңыз айналма сапта, ал оң қолыңыз
қарнақтың сабында болуы тиіс – осы ереже
солақайға да қатысты болып келеді.
2.7Жұмыс барысында
Қауіп төнетін болса немесе апатты жағдай
орын алса, моторды бірден сөндіріңіз –
60458-857-4921-B
әмбебап иінтіректі / тоқтатуды ауыстырыпқосқышты STOP немесе 0 күйіне орнатыңыз.
Жұмыс орнынан алшақ жерге лақтырылатын
бөлшектер, жазатайым оқиғаның туындау
қаупін төндіре алады, сол себептен, 15 м
радиуста бөгде адамдар болмауы тиіс. Осы
қашықтық, сондай-ақ заттарға (көлік
құралдары, терезе әйнектері) да қатысты
сақталуға тиіс – материалдық нұқсан келтіру
қаупі төнуі мүмкін! Тіпті 15 м-ден артық
қашықтықта да қауіп төнуі мүмкін.
Газ иінтірегін босатқаннан кейін кескіш аспап
қозғалмас үшін, бос жүрісте қозғалыстың
мінсіз жұмысына назар аударыңыз.
Бос жүріс тәртіптемесінің баптауларын үнемі
ретке келтіріп тұрыңыз және мүмкіндігінше
түзетіңіз. Егер де кескіш аспап әлі де бос
жүрісте қозғалып жатса, оны
мамандандырылған дилерге жөндеуге апару
керек.
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар басқанда, тау
еңісінде, кедір-бұдыр және тағы басқа
төңіректерде абайлаңыз – тайғанау қаупі төне
алады!
Кедергілерге назар аударыңыз: томарлар,
тамырлар – сүрініп кету қаупі бар!
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз.
Тек қана жерде тұрып жұмыс істеңіз, ал
орнықсыз күйде, сүйеп қойылатын
баспалдақта немесе көтерілмелі жұмыс
тұғырнамасында ешқашан жұмыс істемеңіз.
Есту мүшелерін қорғайтын құралды
пайдаланған кезде, аса мұқият және сақ
болуыңыз керек, себебі қауіптілік дыбыстарын
сезу қабілеті (айғайлар, дабыл белгілері және
т.б.) шектеледі.
Шаршап, шалдығуды болдырмас үшін, жұмыс
барысында уақытымен үзіліс жасап
тұрғаныңыз жөн – жазатайым оқиғаның
туындау қаупі бар!
Байсалды түрде және ойлап жұмыс істеңіз,
бірақ жарық жақсылап түсіп тұруы керек және
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
көрініс айқын болуы қажет. Басқа адамдарға
қауіп төндірмей, абайлап жұмыс істеңіз.
Мотор іске қосылғаннан кейін,
мотоқұрылғыдан пайдаланылып
болған улы газдар бірден шыға
бастайды. Бұл газдардың иісі
болмауы және көрінбеуі мүмкін,
сонымен қатар құрамында
көмірсутегілер мен бензол бола
алады. Мотоқұрылғыны, соның
ішінде катализатормен
жабдықталған агрегаттарды ешбір
жағдайда жабық немесе нашар
желдетілетін орынжайларда
қолданбаңыз.
Жыраларда, ойпаттарда немесе тар
жерлерде жұмыс істеген кезде, жеткілікті ауа
алмасуын қамтамасыз ету қажет. Улану
салдарынан өмірге қауіп төне алады!
Лоқсығанда, бас ауырғанда, көру қабілеті
нашарлағанда (мысалы, көру ауқымының
азаюы), есту қабілетін нашарлағанда, бас
айналғанда, назар аудару қабілеті
төмендегенде жұмысты дереу тоқтатыңыз басқа себептердің арасында, аталған
симптомдар пайдаланылып болған газдардың
жоғары дәрежелі шоғырланымынан пайда
бола алады - Жазатайым оқиға төну қаупі тар!
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс істегенде,
мүмкіндігінше шуылсыз және пайдаланылып
болған газдарды аз шығарып жұмыс істеңіз қозғалтқышты қажет болмағанда қосулы
күйде қалдырмаңыз, газды тек жұмыс кезінде
беріңіз.
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс істегенде
және жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың
агрегатының жанында темекі шекпеңіз –
өрттің туындау қаупі төне алады! Жанармай
жүйесінен жанғыш бензин булары ұшып шыға
алады.
Жұмыс барысында түзілетін шаң, бу және
түтін денсаулыққа ауыр зиян келтіруі мүмкін.
Шаң немесе түтін қатты түзілетін болса,
респиратор таққаныңыз жөн.
Егер де қозғалтқыштың агрегаты
арналымынан тыс жүктемеге ұшыраған болса
(мысалы, соққы немесе құлау нәтижесіндегі
күштің әсерінен), алдағыда жұмыс істер
алдында агрегаттың қолданыс күйін тексеріп
алыңыз - "Қосудың алдында" бөлімін қараңыз.
Ең алдымен жанармай жүйесінің
герметикалылығын және қорғаныш
құрылғыларының жұмысын тексеріңіз. Мінсіз
қолданыс күйінде болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Қандай да бір күмән туындаса,
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
Газды іске қосу күйінде жұмыс істемеңіз - газ
иінтірегінің мұндай күйінде мотордың
айналым жиілігі реттеле алмайды.
Құрылғыға және кескіш құралсайманға арналған тиісті қорғаныс
құралдары болмай ешбір жағдайда
жұмыс істемеңіз – лақтырылатын
заттардан жарақат алу қаупі бар!
Төңіректі тексеріңіз: қатты заттар –
тастар, металл бөлшектері және
тағы басқа заттар жұмыс кезінде
тіпті 15 м-лік қашықтыққа да
лақтырылуы мүмкін, сол себептен
жарақат алу қаупі бар! – және
кескіш құрал-сайманды, сондай-ақ
заттарды (мысалы, тұраққа
қойылған автокөліктер, терезелер)
зақымдауы мүмкін (материалдық
нұқсан).
Қиын көрінетін, қалың өскен төңіректе жұмыс
кезінде аса сақ болуыңыз керек.
Қалың бұталықты, бұталардың астын және
бұталы қоршауды шапқан кезде: кескіш құралсайманның жұмыс биіктігі кемінде 15 см
болуы тиіс – жануарларға қауіп төндірмеңіз.
Зақымдалған немесе жарылған кескіш құралсаймандарды қолданбаңыз және жөндемеңіз
– мәселен, дәнекерлеу немесе түзету арқылы
– пішіні өзгереді (теңгерімсіздік).
0458-857-4921-B7
қазақ2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасы
Бөлінген бөлшектер немесе сынықтар үлкен
жылдамдықпен жұмысшыға немесе бөгде
адамдарға тиіп кетуі мүмкін – ауыр жарақат
алу қаупі бар!
Егер айналмалы кескіш аспап тасқа немесе
өзге де қатты затқа тиіп кетсе, ұшқын пайда
болады да, соның салдарынан белгілі бір
жағдайларда жеңіл тұтанатын материалдар
жанып кете алады. Қураған өсімдіктер мен
қалың бұталықтар, әсіресе ыстық, құрғақ күні
жеңіл тұтанады. Өрттің туындау қаупі төнсе,
жеңіл тұтанатын материалдардың, қураған
өсімдіктердің немесе қалың бұталықтың
жанында кескіш аспаптарды қолданбаңыз.
Орман шаруашылығының құзыретті
органдарынан өрттің туындау қаупінің баржоғын міндетті түрде сұрап анықтаңыз.
2.7.1Шапқыш бастиектерді қолданған
Шапқыш жіптер рұқсат етілген ұзындықпен
шектелуі үшін тиісінше монтаждалған пышағы
бар қорғанышты ғана қолданыңыз.
Шапқыш қылды реттеу үшін, шапқыш
бастиектерді қолмен реттеген кезде міндетті
түрде моторды тоқтатыңыз – жарақат алу
қаупі төнуі мүмкін!
Тым ұзын шапқыш жіптері бар құрылғыны
дұрыс емес қолданған жағдайда,
қозғалтқыштың айналу жиілігі төмендейді.
Соның салдарынан, ұзақ уақыт бойы
ажыратқышының тайып кетуінен және
маңызды атқарымдық бөлшектердің
(мәселен, жалғастырғыш, корпустың
полимерлі бөлшектері) бүлінуінен қызып кете
алады - мәселен, кескіш аспап бос жүрісте
айналған кезде - жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін!
жағдайда
2.8Дірілдер
Мотоқұрылғыны тым ұзақ қолданатын
болсаңыз, дірілдің себебінен қолдағы қан
айналым жүйесі бұзыла алады ("ақ саусақтар"
синдромы).
Құрылғының көпшілік мақұлдаған қолданыс
ұзақтығы анықтала алмайды, себебі оның
көптеген факторлары бар.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы келесі
шаралардың арқасында ұлғаяды:
қол қорғанышы (жылы қолғаптар);
–
жұмыс барысындағы үзіліс.
–
Құрылғының қолданыс ұзақтығы келесі
себептерге орай қысқарады:
жұмысшының қан айналым жүйесі нашар
–
болса (оның белгілері мынадай болады:
саусақтар тона береді, қышып дуылдайды);
сыртқы температуралар төмен болса;
–
мотоқұрылғыны ұстау үшін көп күш-жігер
–
жұмсалса (оны қатты ұстаған кезде, қан
айналымына кедергі келтіріледі).
Мотоқұрылғыны ұдайы, ұзақ қолданған кезде
және тиісті симптомдар қайтадан пайда
болған кезде (мысалы, саусақтардың
дуылдауы) үнемі медициналық байқаудан өтіп
тұрғаныңыз жөн.
2.9Жөндеу және техникалық
қызмет көрсету
Мотоқұрылғыға үнемі техникалық қызмет
көрсетіп отырыңыз. Осы қолдану
нұсқаулығында сипатталған техникалық
қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын
ғана орындау керек. Жұмыстардың барлық
бас түрлерін мамандандырылған дилерге
тапсыру қажет.
STIHL фирмасы техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
фирмасының сауда-агенті-маманына
тапсыруыңызға ұсыныс береді. STIHL
фирмасының мамандандырылған агенттерімамандары біліктілікті арттыру курстарына
үнемі қатысып тұрады және олардың иелігіне
техникалық ақпарат ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз. Олай болмаған жағдайларда,
жазатайым оқиғалардың орын алу қаупі
немесе құрылғының бұзылу қаупі төне алады.
Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
STIHL фирмасы STIHL фирмасының
түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін қолдануға
ұсыныс береді. Олар өздерінің сипаты
жағынан құрылғымен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жөндеген, техникалық қызмет көрсеткен және
тазартқан кезде моторды әрқашан сөндіріп
отырыңыз – жарақат алу қаупі төнуі мүмкін! –
Айрықша жағдайлар: Карбюраторды және бос
жүрістің тәртіптемесін ретке келтіру.
Егер де әмбебап иінтірек / тоқтатуды
ауыстырып-қосқыш STOP және0 күйінде
орнатылған болса, от алдыру тоқсымындағы
80458-857-4921-B
000BA019 KN
1
002BA073 KN
2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және жұмыс техникасықазақ
түйіспелі ұштықты алып тастаңыз немесе от
алдыру білтесін бұрап алыңыз да, Іске қосу
құрылғысының көмегімен моторды іске
қосыңыз – цилиндрдің сыртында ұшқын
болғандықтан өрт шалу қаупі төне алады.
Мотоқұрылғыға техникалық қызмет көрсетуге
және жанып тұрған оттың дәл жанында
сақтауға тыйым салынады, себебі
жанармайдың тұтануынан, өрттің туындау
қаупі төне алады!
Бак қақпағының герметикалылығын үнемі
тексеріп отырыңыз.
STIHL компаниясы тарапынан рұқсат етілген,
жарамды от алдыру білтесін ғана қолданыңыз
- "Техникалық сипаттамалар" бөлімін қараңыз.
От алдыру шынжырының кәбілін тексеріңіз
(оқшаулағыштың мінсіз болуы, қосылыстың
тығыз болуы).
Бәсеңдеткіштің мінсіз күйін тексеріңіз.
Жарамсыз немесе алынған бәсеңдеткішпен
жұмыс істеуге болмайды – өрт шалу қаупі
төнуі мүмкін! – есту қабілеті зақымдалуы
мүмкін!
Ыстық бәсеңдеткішті ұстамаңыз – күйік алу
қаупі төне алады!
2.10Кескіш аспаптар мен
қорғаныш айлабұйымдары
Қауіпсіздік себебімен, құрылғының сәйкесінше
қолдану нұсқаулығында рұқсат етілген кескіш
аспаптың, қорғаныш аспабының, иінтіректің
және аспалы қайыстың комбинациялары ғана
монтаждала алады.
Иілген артқы ілмек пен айналмалы тұтқыш
орнатылған мотоорақтарда тек шапқыш
бастиектер ғана қолданыла алады.
2.10.1Қорғаныш айлабұйымдарындағы
нышандар
Сілтеуіш, кескіш аспаптардың айналу бағытын
көрсетеді.
2.11Шапқыш қылдары бар
шапқыш бастиек
Жұмсақ "кесу" үшін - таза кесу, сондай-ақ
ағаштар және дуалға арналған бағандар
айналасындағы жарық қырларды кесу үшін ағаштардың қабығы аз дәрежеде бүлінеді
Сақтандыру
Шапқыш қылдарды болат сымға ешқашан да
ауыстырмаңыз – жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін!
2.12Пластмассалық пышақтары
бар шапқыш бастиек – STIHL
PolyCut 6-3
0458-857-4921-B9
2
002BA074 KN
0000-GXX-0401-A4
1
6
7
5
2
3
4
қазақ
Шалғынның ашық қырын (қадаларсыз,
дуалдарсыз, ағаштарсыз және осыған ұқсас
кедергілерсіз) шабу үшін.
PolyCut шапқыш бастиекке техникалық қызмет
көрсету жөніндегі нұсқауларды міндетті түрде
сақтаңыз!
Жабыстырылған рұқсат етілген тозу
таңбаламаларына назар аударыңыз!
PolyCut шапқыш бастиегінің төменгі жағына
тозу таңбаламалары орнатылған.
3 Кескіш аспаптың, қорғаныштың, тұтқыштың және аспалы қайыстың рұқсат
етілген құрамдастырымдары
Егер дөңгелек тесіктердің бірінде (1; сілтеуіш)
немесе ішкері кірген қырда (2; сілтеуіш) айқын
тозу белгілері бар болса, демек PolyCut 6-3
шапқыш бастиегін енді қолдануға болмайды,
оны шапқыш бастиектің жаңасына
ауыстырыңыз!
Сақтандыру
Тозу таңбаламаларының бірін сақтамаған
жағдайда, кескіш аспап сынып қалатын және
оның жан-жаққа лақтырылатын бөліктері
жарақат келтіретін қауіп төнеді.
Сынған пышақтардың себебінен жазатайым
оқиғаның төну қаупін төмендету үшін
тастарға, металл заттарына немесе осыған
ұқсас заттарға тигізбеңіз!
PolyCut пышағында жарықтардың бар/жоқ
екенін үнемі тексеріп отырыңыз. Егер
пышақтардың бірінде жарық пайда болса,
барлық Polycut пышақтары ауыстырылуға
тиіс!
3Кескіш аспаптың, қорғаныштың, тұтқыштың және аспалы
қайыстың рұқсат етілген құрамдастырымдары
Кескіш құрал-сайманҚорғанысСапАспалы белдік
3.1Рұқсат етілген
құрамдастырымдар
Кескіш құрал-сайманға қарай, кестеден дұрыс
құрамдастырымды таңдаңыз!
Сақтандыру
Басқа құрамдастырымдарға қауіпсіздік
себебінен рұқсат берілмейді – жазатайым
оқиғаның туындау қаупі бар!
3.2Кескіш құрал-саймандар
3.2.1Шапқыш бастиектер
1 STIHL AutoCut C 6-2
2 STIHL DuroCut 5-2
100458-857-4921-B
3 STIHL PolyCut 7-3
4 STIHL PolyCut 6-2
3.3Қорғаныс
5 Шапқыш бастиектерге арналған пышағы
бар қорғаныс
3.4Сап
6 Айналмалы тұтқыш
3.5Аспалы белдік
7 Бір иықты аспалы белдікті қолдануға
болады
50 mm
234BA003 KN
5
1
3
4
A
(2")
2
1
239BA008 KN
234BA023 KN
234BA026 KN
A
4 Айналмалы тұтқышты монтаждауқазақ
4Айналмалы тұтқышты
монтаждау
Айналмалы тұтқыштар, құрылымдық
атқарымына қарай әртүрлі бола алады.
4.1A құрылымдық атқарымы
Айналмалы тұтқышты монтаждау
Айналмалы тұтқышты тегістеу
► Құрамдастырылған кілтпен бұранданы (1)
босатыңқыраңыз
► Тұтқаны сояуыштың айналасымен жоғары
қарай бұраңыз
► Айналмалы тұтқышты (1) басқару тұтқышың
(2) алдында шамамен 15 см-лік (6 дюймдік)
қашықтықта (А) сояуышқа отырғызыңыз
► Сояуышқа қысқышты (3) басыңыз және
айналмалы тұтқышқа кіргізіңіз
► Төрт қырлы сомынды (4) айналмалы
тұтқышқа салыңыз
► Керілмелі бұранданы (5) қарама-қарсы
жақтан кіргізіп, бұрап тастаңыз
Айналмалы тұтқышты аса ыңғайлы күйге
орнатыңыз
► Бұранданы (5) босатыңқыраңыз
► Артқы ілмектегі айналмалы тұтқышты
► Бұранданы (5) бұрап тастаңыз
қалауыңызға қарай жылжытыңыз
4.2В құрылымдық атқарымы
Жаңа құрылғыны жеткізуге дайын болған
кезде, айналмалы тұтқыш сояуышта
әлдеқашан орнатылған, бірақ оны бұрап,
тегістеу керек.
0458-857-4921-B11
Қашықтықты (А) өзгерту арқылы, тұтқыш
пайдалануға және қолдану нұсқасына аса
ыңғайлы болатын күйге орнатылуы мүмкін.
1
2
232BA066 KN
4
232BA067 KN
3
546BA016 KN
232BA033 KN
1
2
3
4
қазақ5 Қорғаныш айлабұйымдарын монтаждау
Ұсыныс: Қашықтық (A) = шамамен 15 см
(6 дюйм)
► Тұтқышты қажетті күйге жылжытыңыз
► Бұранданы, тұтқыш енді сояуыштың
айналасымен бұрала алмайтындай етіп
құрамдастырылған кілттің көмегімен
тірелгенге дейін бұрап тастаңыз
бойынша тірекке дейін білікте (5) бұраңыз
► Білікті бұғаттау
► Шапқыш бастиекті бекітіңіз
Сақтандыру
Босап кеткен сомынды ауыстырыңыз.
Нұсқау
Білікті бұғаттауға арналған құралды қайтадан
алыңыз.
6.7Шапқыш бастиекті
демонтаждаңыз
6.7.1STIHL AutoCut
► Орауыштың корпусын ұстап тұрыңыз
► Қақпақшаны сағат тіліне қарсы бағытпен
бұраңыз
6.7.2STIHL PolyCut
► Білікті бұғаттау
► Шапқыш бастиекті сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз
140458-857-4921-B
7 Жанармайқазақ
7Жанармай
Қозғалтқыш бензиннен және мотор майынан
жасалған жанармай қоспасында жұмыс
істеуге тиіс.
Сақтандыру
Жанармаймен тікелей жанасудан және
жанармай буларын ішкері жұтудан
сақтаныңыз.
7.1STIHL MotoMix
STIHL компаниясы STIHL MotoMix қоспасын
қолдануға ұсыныс береді. Аталған жанармай
қоспасында бензол, тетраэтилқорғасын бар,
октан саны жоғары болып табылады және
дұрыс қоспалар пропорциясын әрдайым
қамтамасыз етеді.
STIHL қозғалтқышының барынша көп қызмет
ету мерзіміне арналған STIHL MotoMix
жанармай қоспасы екі ырғақты
қозғалтқыштарға арналған HP Ultra мотор
майымен араластырылған.
MotoMix жанармай қоспасы барлық өткізу
нарықтарында тең дәрежеде ұсынылмаған.
7.2Жанармай қоспасын
дайындау
Нұсқау
Жарамсыз жанар-жағармай материалдары
немесе нұсқаулықтарға сай келмейтін
қоспалар пропорциясы жетекке күрделі зиян
келтіре алады. Аса төмен сападағы бензин
немесе мотор майы қозғалтқышты,
нығыздағыш сақиналарды, құбыржолдары
және жанармай багын бұза алады.
7.2.1Бензин
Тек қана құрамында тетраэтилқорғасын
болатын немесе болмайтын ең аз октан саны
90 ROZ құрайтын таңбалы бензинді
қолданыңыз.
Этанолдың құрам үлесі 10%-дан жоғары
болатын бензин, қолдан ретке келтірілетін
карбюратормен жұмыс істейтін
қозғалтқыштардың жұмысын іске шығара
алады, сондықтан осындай қозғалтқыштар
үшін қолданылмауы тиіс.
M-Tronic жүйесі бар қозғалтқыштар,
этанолдың құрам үлесі 25%-ға дейін (Е25)
жететін бензинді қолданған кезде, соның
арқасында толық қуат қамтамасыз етіледі.
7.2.2Мотор майы
Егер жанармай өзі араласатын болса, STIHL
екі ырғақты қозғалтқыштарға арналған майын
ғана немесе басқа JASO FB, JASO FC, JASO
FD, ISO-L-EGB, ISO-L-EGC немесе ISO-L-EGD
сыныпты тиімділігі жоғары майды қолдануға
болады.
STIHL компаниясы STIHL HP Ultra екі ырғақты
қозғалтқыштарға арналған майын немесе
қозғалтқыштың барлық қызмет ету мерзімі
ішінде шығарындылардың шекті мәндерін
қамтамасыз ету үшін балама тиімділігі жоғары
мотор майын қолдануды ұсынады.
7.2.3Қоспалар пропорциясы
STIHL екі ырғақты қозғалтқыштарға арналған
майы 1:50; 1:50 = майдың 1 бөлігі + бензиннің
50 бөлігі
алдымен мотор майын, кейін бензинді
құйыңыз және мұқият арастырыңыз
STIHL екі ырғақты
қозғалтқышқа
арналған май 1:50
7.3Жанармай қоспасын сақтау
Жанармайға рұқсат етілген сұйыққоймаларда
қауіпсіз, құрғақ және салқын жерде ғана
сақтаңыз, жарық пен күн сәулесінен қорғаңыз.
Жанармай қоспасы ескірсе – қоспаның
босалқы қорын бірнеше аптаға ғана
дайындаңыз. Жанармай қоспасын 30 күннен
артық сақтамаңыз. Жарықтың, күн сәулесінің,
төмен немесе жоғары температуралардың
әсерінен жанармай қоспасы өзінің қолданыс
сипаттамаларынан тез айырылады.
Алайда STIHL MotoMix еш қиындықсыз
2 жылға дейін сақтала алады.
► Канистрді жанармаймен толтырар алдында,
оны мұқият шайқап алғаныңыз жөн.
0458-857-4921-B15
232BA046 KN
2
232BA080 KN
1
6
7
5
4
3
қазақ8 Жанармайды толтырып құю
Сақтандыру
Канистрдегі қысым көтеріле алады, абайлап
ашыңыз.
► Жанармай багын және канистрді уақыт өте
келе мұқият тазартып отырыңыз
Жанармайдың қалдықтарын және тазарту
үшін қолданылған сұйықтықты нұсқауларға
сай және қоршаған ортаға нұқсан келтірмей
кәдеге жаратыңыз!
8Жанармайды толтырып
құю
► Бакты ластанудан қорғау үшін, жанармай
багының айналасын және ысырмасын
тазартыңыз
► Бактың ысырмасы жоғары қарайтындай
етіп құрылғыны орналастырыңыз
► Бактың ысырмасын ашыңыз
Жанармайды бактың ернеуіне дейін толтырып
құймаңыз және жан-жағына шашыратпаңыз.
STIHL фирмасы өзінің құю жүйесін ұсынады
(арнайы жабдықтар).
Сақтандыру
Жанармайды құйғаннан кейін, қолыңызбен
бактың қақпағын барынша басыңыз.
9Моторды іске қосу /
тоқтату
9.1Басқару элементтері
1 Тоқтатуды ауыстырып-қосқыш
2 Газ иінтірегінің тежеушісі
3 Газ иінтірегі
4 газ иінтірегінің серіппелі тілі
5 Бекіткіш
9.1.1Тоқтатуды ауыстырып-қосқыштың
күйлері
6 I – Жұмыс күйі – мотор жұмыс істейді
немесе іске қосыла алады
7 0 – Тоқтату – мотор тоқтатылған, от алдыру
жүйесі сөндірілген
160458-857-4921-B
233BA047 KN
4
9
8
232BA011 KN
232BA012 KN
9 Моторды іске қосу / тоқтатуқазақ
9.2Іске қосу
► Ауа жапқыштың қақпақшасының
► Тоқтатуды ауыстырып-қосқышты I күйіне
ауыстырыңыз
► Газ иінтірегінің тежеушісіне басыңыз және
ұстап тұрыңыз
► Корпустағы (сілтеуіш) тілдегі (4) бекіткіш
бекітілмейінше, газ иінтірегіне баса беріңіз
► газ иінтірегін, тілді және газ иінтірегінің
тежеушісін кезек-кезек босатыңыз = газды
іске қосатын күй
иінтірегін (8) орнатыңыз
мотор салқын болса
g
мотор қызса, бірақ қызуы әлі жеткіліксіз
e
болса – тіпті мотор жұмыс істеп жатқан
жағдайдың өзінде де
► Қолдан істейтін жанармай сорғысының
сильфонын (9) аз дегенде 5 рет басыңыз,
сонымен қатар, егер де жанармайы
құйылмаған кезде де солай басыңыз
9.2.1Іске қосу
0458-857-4921-B17
232TI013 KN
232BA014 KN
8
232TI015 KN
қазақ
► агрегатты жерге тұрақты күйге қойыңыз:
Мотордағы тірек және кескіш аспапқа
арналған қорғаныш тіректі қалыптастырады
Кескіш аспап жерге де, қандай да бір заттарға
да тимеуі қажет – жазатайым оқиғаның
туындау қаупі төнуі мүмкін!
► тұрақты күйге орналасыңыз – Нұсқалары:
тұрып, иіліп немесе тізерлеп
► Сол қолыңызбен құрылғыны нықтап жерге
басыңыз - бас бармағыңыз желдеткіш
корпусының астында - бұл кезде газ
иінтірегіне де, газ иінтірегінің тежеушісіне
де тимеңіз
Нұсқау
Аяғыңызды штангаға қоймаңыз және оған
тізеңізбен отырмаңыз!
9 Моторды іске қосу / тоқтату
► Іске қосатын арқанды бірінші сезілетін
кедергіге тірелгенге дейін баяулап
тартыңыз, содан кейін жылдам әрі қатты
созыңыз
Нұсқау
Арқанды соңына дейін шығармаңыз – үзілу
қаупі бар!
► Іске қосатын арқанды тез ырғақпен артқа
жібермеңіз - іске қосатын арқан дұрыс
оралуы үшін, созуға қарсы бағытта баяу
апарыңыз
► іске қосуды жалғастыру
9.2.2Бірінші рет от алдырғаннан кейін
► бесінші іске қосатын тұтқыштан
кешіктірмей, ауа жапқыштың
қақпақшасының иінтірегін (8) e күйіне
қойған жөн
► іске қосуды жалғастыру
9.2.3Мотор іске қосылған кезде
► Тіл бекітуден алынбайынша газ иінтірегіне
баса беріңіз - мотор бос жүріс
тәртіптемесіне ауысады
Сақтандыру
Карбюратор дұрыс реттелген кезде, кескен
аспап мотордың бос жүрісінде айналмауға
тиіс!
Агрегат жұмыс істеуге дайы.
9.3Моторды тоқтатыңыз
► Тоқтатуды ауыстырып-қосқышты
ауыстырыңыз
0 күйіне
9.4Егер де мотор іске қосылмаса
Ауа жапқыштың тұтқышы
Егер де мотор бірінші рет от алдырылғаннан
кейін, ауа жапқыштың тұтқышы e күйіне
уақытылы орнатылмаған болса, мотор тоқтап
қалған болса керек.
алыңыз
► оң қолыңызбен іске қосатын арқанды
180458-857-4921-B
232BA017 KN
1
2
10 Қолдану жөніндегі нұсқауларқазақ
►
Ауа жапқыштың тұтқышын e күйіне
орнатыңыз
► Тоқтатуды ауыстырып-қосқышты I күйіне
ауыстырыңыз, тегершік иінтірегін және газ
иінтірегін газды іске қосатын күйіне
орнатыңыз
► Моторды іске қосыңыз – бұл үшін іске
қосатын арқанды күрт тартыңыз – арқанды
10-20 рет тарту қажет болады
Егер мотор әлі де қосылмай жатса
► Тоқтатуды ауыстырып-қосқышты 0 күйіне
орнатыңыз
► От алдыру білтесін алып тастаңыз - "От
алдыру білтесі" бөлімін қараңыз
► От алдыру білтесін кептіріңіз
► Іске қосу құрылғысын бірнеше рет тартыңыз
- жандыру камерасын желдету үшін
► От алдыру білтесін салыңыз - "От алдыру
білтесі" бөлімін қараңыз
► Тоқтатуды ауыстырып-қосқышты I күйіне
ауыстырыңыз
►
Ауа жапқыштың тұтқышы e күйіне
орнатылуы тиіс, сонымен қатар мотор
салқын болған кезде де солай орнатылуы
керек
► Моторды қайтадан іске қосыңыз
9.4.1Жанармай багындағы жанармай
► жанармаймен толтырғаннан кейін, қолдан
► Мотордың температурасына қарай ауа
► Моторды қайтадан іске қосып көріңіз
толықтай таусылса
істейтін жанармай сорғысының сильфонына
аз дегенде 5 рет басыңыз, сонымен қатар,
егер де сильфонның жанармайы толы
болса да солай басыңыз
жапқыштың тұтқышын реттеңіз
10.2Жұмыс барысында
Толық жүктемеде ұзақ уақыт бойы жұмыс
істегеннен кейін, жылудың үлкен бөлігі
салқындатқыш ауаның ағынымен аулақ
әкетілмейінше, моторды біраз уақыт бойы бос
жүрісте жүргізіңіз, соның арқасында жылудың
тоқтап қалуының салдарынан қозғалтқыштың
бөлшектеріне түсірілетін (от алдыру жүйесі,
карбюратор) жүктеме төмендейді.
10.3Жұмысты аяқтағаннан кейін
Жұмыста қысқа мерзім бойы үзіліс жасаған
кезде: Моторды суытыңыз. Жанармай багы
бос құрылғыны келесі рет қолданғанға дейін
құрғақ және тұтану көздерінен алшақ жерде
сақтаңыз. Жұмыс барысында ұзақ уақыт бойы
үзіліс жасаған кезде – "Құрылғыны сақтау"
бөлімін қараңыз.
11Ауа тазалау сүзгісін
тазалау
11.1Егер де қозғалтқыштың қуаты
түссе
10Қолдану жөніндегі
нұсқаулар
10.1Бірінші рет қолданған кезде
Жап-жаңа фабрикалық құрылғыны, жанармай
багын үшінші рет толтырғанға дейін
жүктемесіз жоғары жиілікпен қолданбаңыз,
себебі жаттықтырып жұмыс істеген кезде оған
қосымша жүктемелер түсуі мүмкін.
Жаттықтырып жұмыс істеген кезде,
жылжымалы бөлшектер бір-біріне үйкеленуі
керек - жетек тетігінде үйкеліске қатысты
жоғары дәрежелі кедергі бар. Мотор 5-15 рет
жанармаймен толтырылғаннан кейін ең
жоғарғы қуатына жетеді.
0458-857-4921-B19
►
Ауа жапқыштың тұтқышын g күйіне
орнатыңыз
► Төрткілдешке (1) басып, сүзгі қақпағын (2)
қайырыңыз
► Сүзгінің айналасындағы қабатты қатып
қалған кірден тазартыңыз
232BA018 KN
4
3
L
233BA070 KN
қазақ12 Карбюраторды ретке келтіру
12.3Әртүрлі стандартты күйге
келтіру
Зауытта әртүрлі карбюраторлар орнатылады.
Осындай әрбір карбюратор үшін стандартты
күйге келтіру қажет болады:
12.4FS 38 2-MIX
► Киіз сүзгіні (3) сүзгі корпусынан (4) алып
шығарыңыз және ауыстырыңыз – қажет
болса сілкілеп түсіріңіз немесе үрлеңіз –
Осындай карбюраторды күйге келтіру
жұмысы, барлық қолданыс тәртіптемелерінде
қозғалтқышқа оңтайлы жанармай-ауа қоспасы
жеткізілетіндей етіп орындалған.
► Басты реттегіш бұранданы (H) тірекке дейін
сағат тіліне қарсы бағытпен бұраңыз - ең
көбі 3/4 айналым
► Бос жүрістің реттегіш бұрандасын (L)
тірелгенге дейін сағат тілінің бағыты
бойынша абайлап бұраңыз – содан соң
сағат тіліне қарсы бағыт бойынша 3/4
айналымға бұраңыз
12.2Агрегатты дайындау
► Қозғалтқышты тоқтатыңыз
► Кескіш аспапты монтаждау
► Ауа сүзгісін тексеріңіз – қажет болса
тазартыңыз немесе басқасына
ауыстырыңыз
200458-857-4921-B
Loading...
+ 44 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.